Бетон қоспасын дайындауға арналған машиналар



Пән: Құрылыс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Бетон қоспасын дайындауға арналған машиналар
Жоспар:
1. Бетон қоспасын дайындау технологиясы
2. Қоспа дайындауда қолданылатын қондырғылар мен жабдықтар.
3. Араластырғыштың жұмыс технологиясы
4. Бетон араластырғыш

Бетон қоспасын дайындау технологиясы жергілікті және орталық қондарғыларда, зауыттарда қолда бар құралдармен , сонымен қоса бетон қоспасының құрамымен және басқада факторлар бойынша белгілі технологиялық сүлбелер арқылы жүзеге асырылады. Алайда, бетон қоспасының сапасы технологиялық процесс сүлбесінен тәуелсіз жобалау тапсырмасының талаптарына сәйкес келуі керек. Бетон қоспасының сапасына әсер ететін негізгі фактор болып мыналар табылады: барабанның айналу жылдамдығы, барабанның жүктеме дәрежесі және араластыру ұзақтығы.
Бетон қоспасысын дайындаудың негізгі технологиялық операциясы болып бастапқы материалдарды мөлшерлеу және оларды араластыру болып табылады. Бетон қоспасын берілген құрылым көрсеткіштерімен дайындаудың ең маңызды шарты болып бетонның жұмыс құрамын құрайтын мөлшерлеудің дәлдігі болып саналады. Материалдарды периодты немесе үздіксіз әрекет мөлшерлегішпен мөлшерлейді. Біріншісі қолды, автоматты және жартылай автоматты басқаруға ие болады.
Зауытта және iрi қондырғыларда бетон қоспасын дайындау технологиясы келесi негiзгi операциялардан тұрады: жүк түсiру және материалдарын жинауы және бункерде олардың беруi; материалдарды мөлшерлеу; дозаланған материалдарды араластыру және көлiк қаржыларында даяр бетон қоспасының беруi.
Қатты және өте қатты бетон қоспасын дайындау үшін виброараластырғыштар ойлап табылған, онда құраушы материалдарды араластыру вибрация арқылы жүзеге асрылады.

Цементке арналған автоматтық мөлшерлегіш
1 -- автоматтық таразы; 2 · -- цемент бункері; 3 -- тұтастырғышты беру үшін арналған шнектер.
Қоспа дайындауда қолданылатын қондырғылар мен жабдықтар. Қоспаны дайындау процесі тізбекпен орындалатын төмендегі операциялардан тұрады: араластырғыш машинаға дәлмөлшерленген құраушыларды тұтқырландырғыш, толтырғыш, су тиеу, құраушыларды араластыру және дайын қоспаны түсіру. Араластыру сипатына қарай машиналарды еркінше құлаған материалды гравитациялық араластырғыштар және мәжбүрлі араластырғыштар деп ажыратады.
Қызмет көрсету аумағында жұмыс істеу мерзіміне қарай бетон заводтары тұрақты, жартылай тұрақты және жылжымалы деп ажыратылады. Тұрақты бетон заводтары дайын бетон қоспасын, құрғақ қоспаны және бетон, темірбетон бұйымдарын жасайды. Олар тәулік бойы жұмыс істейтін қондырғылармен жабдықталады. Жартылай тұрақты заводтар негізінен белгілі бір құрылыс объектісіне қызмет етуге арналады да, құрылыс жұмысы ол объектіде аяқталғанда, келесі жерге көшіріледі. Жылжымалы бетон заводтары, әдетте, бір жерде бір құрылыс маусымы бойы қызмет атқарады. Олар аз уақытта аз шығынмен жедел бөлектеніп-жинақталатын және жылжымалы, мобильді қондырғылармен жабдықталады.
Негізгі жабдықтарының типіне қарай бетон заводтары циклді және үздіксіз әсерлі болады. Циклді әсерлі заводтарда тиеу, араластыру, түсіру (арылу) сияқты жұмыс циклдері қайталанатын құрылыс машиналары қолданылады. Үздіксіз әсерлі заводтарда аталған жұмыс түрлері бір уақытта және үздіксіз атқарылады.
Негізгі жабдықтарының үйлестірілуіне қарай заводтар екі түрлі болады: (1) мұнара типті, онда қоспа құрамындағы зат-тар жоғарыда орналасқан (мұнарада) таратқыш құрылғыдарда көтеріледі де, олар темен орналасқан жабдықтарға өз салмақ күшімен гравитация әсерімен беріледі; 2) партер типті, онда жабдықтар екі-үш сатылы сұлбамен орналасады, қоспа құрамындағы заттар екі, үш рет көтеріліп-түскенде мөлшерленіп, араластырылып, соңында көлік құралдарына тиеледі. Құрғақ қоспаны беру үшін бетонның барлық құраушылары баламалаушы мөлшерлегішке, одан кейін автобетонарь ластырғышқа тиеледі. Дайындалған қоспаны беру үшін кұраушылар таратқыштан үздіксіз әсерлі араластырғышқа беріледі. Сол уақытта қатарлас араластырғышқа суқоймасына: сорғы-мөлшерлегіш арқылы үшжүрісті шүмектен су ағылады. Дайын қоспа араластырғыштан автокөлікке тиеледі.

Гравитациялық араластырғыш - горизон-таль немесе көлбеу осьте (еңгіштік бұрышы 15° дейін) айналатын, ішкі беткейіне қалақ орналасқан . Қалақтар қоспа құраушыларын үздіксіз іліп алып, белгілі бір биіктікке кетереді сол биіктіктен құраушылар ағыны салмақ күшінің әсерінен еркінше құлайды, құлаушы құраушылар ағынының соқтығысуынан олар араласады. Қоспаның атанақ ішінде еркінше айналуына кедергі болатын центрден тепкіш ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Топырақ шығарудың жабық әдістері
Жол-құрылысында пайдаланылатын жерді дайындау машиналары
Құрылыста пайдаланылатын көлік құралдары
Қонақ үй ғимаратының іргетасы
Бір қабатты өндіріс ғимаратының қаңқасын жинақтап тұрғызуға арналған технологиялық картаны жасау
Топырақты тығыздауға арналған құрылыс машиналары
Тік кен қазбалары туралы
Бетон қоспасын тығыздауға арналған машиналар мен жабдықтардың классификациясы және оларға жалпы сипаттама
Тас жол салуға қолданылатын бетондар
Газды бетон бұйымдарының түрлері
Пәндер