Кәмелетке толмағандарды жұмысқа қабылдау ерекшеліктері



Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Кәмелетке толмағандарды жұмысқа қабылдау ерекшеліктері
Жасы 18-ге жетпеген адамдар кәмелетке толмағандар болып есептеледі. Заң кәмелетке толмағандардың еңбек құқығын айрықша қорғайды, өйткені олар дене күші жағынан да, рухани жағынан да толық өсіп-жетілмеген. Заң, сонымен қатар кәмелетке толмағандарды өздерінің материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында түрлі қоғамдық қатыныстарға қатысушылар деп те таниды.
Кәмелетке толмағандар құқық субъектілері ретінде өздерінің кәсіби қызметтің қайсыбір түріне қабілеттілігін байқатуға өздерін жеке тұлға ретінде көрсетуге мүмкіндік беретін еңбек қатынастарын ерекше бөліп көрсету керек. Кәмелетке толмағандардың еңбек құқығы субъектілері ретіндегі жалпы және арнаулы құқыктың мәртебесі сипатына байланысты ажыратылады.
Республика аумағында тұратын жас азаматтарға: кәсіби-бағдарлық қызметті, кәсіби даярлықтан және қайта даярлықтан өтуді; бос жұмыс орындары туралы ақпараттарды; қолайлы жұмыс таңдау және жұмысқа орналасуды өкілетті органдардың делдалдық көмегін пайдалануда жұмысқа қабылдаудан орынсыз бас тарту және жұмыстан негізсіз шығарудан қорғау жөнінде тегін көмек алуға кепілдік беріледі.
Жас азаматтармен жеке еңбек шартын жасасқан кезде олардың білім алу, кәсіби, мәдени және басқа да әлеуметтік мүдделері ескерілуі керек.
Жұмыс берушілер тарапынан жастардың құқықтары мен бостандықтары бұзылған жағдайда жас азаматтардың олардың іс-әрекеттері жөнінде сотқа щағымдануға құқығы бар.
Кәмелетке толмағандар еңбектік жасқа толуына байланысты еңбек қатынасына кірісе алады. Еңбекке қабілетті деп төменгі және жоғарғы шегі еңбек заңында анықталатын жас танылады. Адамды жұмысқа қабылдауға болатын ең төменгі жас он алты жас болып белгіленген. Он бес жасқа толған адамдар орта білім алған не жалпы білім беретін оқу орнын тастап кеткен жағдайда, ата-аналарының немесе қорганышы-қамқорлығының келісімімен жеке еңбек шартын жасаса алады. Кейбір жағдайларда 14-ке толған оқушыларды олардың денсаулығына және оқуына зиян келтірмейтін, оқудан бос уақытында атқаратын жұмыска ата- аналарының біреуінің (қорғаншы, қамқоршы) келісімімен ғана алуға рұксат етіледі. Бұл жағдайда ата-анасы (қорғаншы, камқоршысы) жеке еңбек шартына кәмелетке толмағандармен бірге қол қояды.
Жүйке ауруынан және ақыл-есінің кемістігінен сот тәртібімен іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған адам, еңбек құқығының субъектісі бола алмайды.
Кәмелетке толмағандарды жұмыска қабылдағанда мемлекеттік, коғамдық органдардың келісімінің қажеті жоқ.
Жасы он сегізге толмаған адамдарды дене еңбегін қажет ететін ауыр жұмыстарға және еңбек жағдайы зиянды, ірі қауіпті жұмыстарға қабылдауға рұқсат етілмейді. Ауыр дене еңбегі дегеніміз -- қызметкердің ауыр заттарды көтеруіне және оларды қол күшімен басқа жерге орналастыруына немесе 300 ккалсағат энергия шығындауына байланысты болатын жұмыстар.
Қазір қолданылып жүрген "Еңбек туралы" заңдарда барлық еңбекке қабілетті азаматтарға кәсіп, қызмет және жұмыс түрін таңдауда тең мүмкіндіктер белгіленген. Жұмысқа қабылдау кезінде жынысына, нәсіліне, ұлтына және дінге көзқарасына байланысты оның құқығын қандай да бір тікелей немесе жанама шектеуге, тікелей не жанама артықшылықтар белгілеуге жол берілмейді.
18 жасқа толмаған қызметкерлер жалпы ереже бойынша еңбектік-құқықтық қатынастарында кәмелетке толғандармен теңестіріледі, ал еңбекті қорғау, жұмыс уақыты, еңбек демалысы және өзге де еңбек жағдайлары саласында еңбек заңында белгіленген жеңілдіктерді пайдаланады.
Кәмелетке толмағандар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәмелетке толмағандарды жазалаудың тиімділігі
Кәмелетке толмағандардың жас және психологиялық ерекшеліктері
Кәмелетке толмағандар қылмыстылығының себептері мен жағдайлары
Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстылықты талдау
Кәмелеттік жасқа толмағандарды әлеуметтік қорғауда атқарушы органдардың қызметі
Кәмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздықпен күресудегі ІІО-ның қызметі
Кәмелетке толмағандарды қылмыстық іске тарту
Кәмелетке толмағандар саудасына қарсы қылмыстық құқықтық күрес
Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық құқықбұзушылық іске тарту
Кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігі туралы
Пәндер