Ақша рыногының теориялық негіздері


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

І - тарау. Ақша рыногының теориялық негіздері

1. 1. Ақша массасы, ақша агрегаттары . . . 5

1. 2. Ақша рыногының мәні, қалыптасуы . . . 8

1. 3. Ақшаның XXI ғасырдағы эволюциясы . . . 10

ІІ тарау. Валюталық қаржыларды реттеу.

2. 1. Валюталық жүйе және оның түрлері . . . 15

2. 2. Валюталық қатынастарды реттеу, валюталық саясат . . . 18

2. 3. Валюталық нарық . . . 23

ІІІ - тарау. Қазақстан Республикасының валюта биржаларының қызметтерін жетілдіру . . . 28

Қорытынды . . . 33

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 34

Кіріспе

Маған берілген тақырып ақша Бұл тақырып өте маңызды мен үшін және күрделі.

Қайта құру жолындағы Республикамыздың, экономикалық дағдарыстан өте қиыншылық жолмен шыққанын өзіміз көріп отырмыз. Еліміздің халқымыздың әл-ауқаты қазір дұрысталып кележатыр. Бұл дағдарысты жоюға дағдарыспен күресуге банктеріміздің қосқан үлесі өте көп. Сол себептен орталық банктердің ақша-несие саясаты жайлы осы кіріспе сөзімде айта кетейін.

Орталық банктердің ақша және оның айналымынан аққша-массасын, несие көлемін пайыздық мөлшер деңгейі мен ақша айналымындағы және қарыз капитал нарығындағы басқа көрсеткіштерді өзгертуге бағытталған іс-шаралардың жиынтығын айтады. Ол саясаттың мақсаты ақша-несие саясаты несиеге және ақша эмиссиясына жағдай жасауға, ия оларды іркеуге және шектеуге (несиелік) бағытталады. Өндірістің дағдарысы және жұмыссыздықтың күшеюі жағдайында орталық банк несие беруді кеңейту және пайыз мөлшерін азайту арқылы өндірістің жандануына себемші болды. Керісінше экономикалық өрлеу кезінде кездесетін алыптастаушылық, бағаның өсуі үйлесімсіздіктің өрлеуі сияқты келеңсіз жағдайларды болдырмау мақсатында орталық банк несиеге мен қою, пайыздық төлемді жоғарлату, төлем құралдарын шығаруды тежеу сол сияқты әрекеттермен шұғылданады.

Ел экономикасының жағдайы ақша-несие жүйесіне тығыз байланысты. Несие институттарының санына, несие ресурстары мен жүргізілетін операцияларының көлеміне қарай кез-келген мемлекеттің ақша-несие жүйесінің негізгі комерциялық банктер болып саналады. Оған дәлел, көптеген мемлекеттерде ақша-массасының 75%-бен 90%-ға дейінгісі банктік депозиттер, ал тек 25-10%-зы орталық банктің банкноталары. Сондықтан мемлекеттің ақша-несие аясын мемлекеттік реттеу қызметі тек орталық банк арқылы комерциялық банктердің масштабы мен олардың түрлеріне ықпал жасаумен ғана табысты бола алады.

Орталық банктің ақша-несие саясатының әдістері сан алуан, олардың ең көп тарағандары төмендігідей;

  • комерциялық банктерге берілетін несие пайыздық төлем

мөлшерін өзгерту;

  • банктердің міндетті қорларының мөлшерін өзгерту;
  • ашық нарықтағы операциялар, яғни векселдерді мемлекеттік

облегацияларды және басқа бағалы қағаздарды сатып алу-сату операциялар;

  • валюта курсының саясаты, немесе курстық саясат.

Бұл айтылған ақша-несиелік реттеу әдістері барлық комерциялық банктердің операцияларына және толық қарыз капиталының нарығына әсер ететіндіктен жалпы реттеу әдісі деп аталады.

Іріктен тексеру әдістеріне мыналыр жатады.

  • кейбір банктерден банктік несиенің мөлшерін немесе қарызды тікелей шектеу;
  • несиенің белгілі бір түрінің берілуіне тәртіп белгілеу, атап айтқанда, маржа мөлшерін белгілеу, депозиттер мөлшері мен несие мөлшерінің арасындағы айырма.

Реттеудің дәстүрлі әдісіне орталық банктің проценттік мөлшерін өзгерту жатады. Проценттің ресми мөлшерін өсіру комерциялық банктердің өз резервтерін толтыру үшін несие алатын мүмкіншілігін азайтады, ол өз кезегінде комерциялық банктердің алған қарызын қысқартады, демек ол ақша-массасы мен нарықтық процент мөлшерін өсіреді де, орталық банк процент мөлшерін жоғарлатып, несиені шектеу саясатын яғни несиелік рестрикция жүргізеді.

І - тарау. Ақша рыногының теориялық негіздері

1. 1. Ақша массасы, ақша агрегаттары.

Ақша айналысының маңызды сандық көрсеткiштерiнiң бiрiне ақша массасы жатады.

Ақша массасы - жеке тұлғаларға, кәсiпорындарға және мемлекетке тиiстi және шаруашылық айналымына қызмет ететiн сатып алу және төлем құралдарының жиынтық көлемiн бiлдiредi.

Белгiлi бiр күндегi және белгiлi бiр кезеңдегi ақша айналысының сандық өзгерiсiн талдау үшiн, сондай - ақ ақша массасының өсуi мен көлемiн реттеуге байланысты шараларды жасау үшiн әр түрлi көрсеткiштер пайдаланылады. Ондай көрсеткiштердi ақша агрегаттары деп атайды.

Өнеркәсiбi жағынан дамыған елдердiң қаржылық статистикалық ақша массасын анықтау барысында келесiдей негiзгi ақша агрегаттары қолданылады.

М1 агрегаты, яғни ол айналыстағы нақты ақшаларды (банкноттар мен монеталарды) және банктегi ағымдық шоттардағы қаражаттарды қамтиды;

  1. М2 агрегаты, ол М1 агрегаты қосылған коммерциялық банктердегi мерзiмдi және жинақ салымдарынан (төрт жылға дейiнгi) тұрады;

М3 агрегаты, ол М2 агрегаты қосылған арнайы несиелiк мекемелердегi жинақ салымдарын құрайды;

М4 агрегаты, ол М3 агрегаты қослыған iрi коммерциялық банк -тердегi депозиттiк сертификаттардан тұрады.

АҚШ - та ақша массасы анықтауда төрт ақша агрегаттары, Жапония мен Германия - үш, Англия мен Францияда - екеу, Ресейде - үш ақша агрегаттары пайдаланылады.

Қазақстан Республикасында Ұлттық Банктiң 12. 01. 1995 ж. Директорлар кеңесiмен № 2 хаттамасымен бекiтiлген “Ақша массасын, ақша базасын анықтау әдiсi және iшкi және сыртқы активтердi анықтау барысында баланстық шоттарды жiктеу туралы ережесiне” сәйкес ақша базасы мен ақша массасы есептеледi.

Аталған ережеге сәйкес, ақша базасы ( МВ ) - бұл мiндеттемелерге жататын резервтiк және бастапқы ақшаларды бiлдiредi. Ол мынадай формулада есептеледi:

МВ = СIC + RR + DCB

мұнда,

CIC - айналыстағы нақты ақшалар;

RR - мiндеттi резервтер;

DCB - екiншi деңгейдегi банктердiң Ұлттық банктегi корршоттағы қаражаттары.

CIC = L ( H + C )

мұнда,

H - айналысқа шығарылған банктiк және қазыналық билеттер;

C - айналысқа шығарылған монеталар.

Қазақстандағы ақша агрегаттарының жағдайы туралы 1 кесте соңғы жылдарға арналып жасалған.

1998 жылдан кейiн Қазақстан халқаралық валюта қорының Қазақстан қаржы секторының Халқаралық клосификацияға өткiзу жайлы мәлiмдемесiден соң Қазақстандағы банктiң қаржы мекемелерiнiң баланс шоттары халқаралық стандарттарға сәйкес қайтадан өзгертiлдi. Ендi ақша көлемi есептеу төртiншi көрсеткiш М3 қосылды. М3 алрегаты М2 көлемiнiң үстiне заңды түлғаларның шет ел валютасында түрған салымдары қосылады.

Мысалы: Қазақстанда қазiргi кездегi ақша көрсеткiштерi мыналар:

10. 2005ж.

(нақты қолма - қол ақшалар)

М0 - 402 млрд теңге.

(ақша базасы)

М1 - 642, 3 млрт теңге.

(ақша массасы)

М2 - 1881, 3 млрт теңге.

Бұл диаграммада ҚҰБ - нiң 2004 жыл мен 2005 жылдар ақша агрегаттарының көрсеткiштерiнi салыстыру арқалы, оның дамығандығын көрсек болады. Мысалы 2004. 09 мен 2005. 09 - нiң М3 көрсеткiштерiн салыстыратын болсақ, онда 2005 жылда бұл ақша массасы 2004 жылға қарағанда 1 329 156 дан 2 015 827 млн теңгеге жоғарлаған, яғни 152 % - ке.

Қазақстандағы негiзгi ақша агрегаттарына, қазiргi кезде ақша - несие статистикасын жасау және талауда қолданылып жүрген, ақша базасы мен белгiленуi М3 - ақша массасы жатады. Бұл көрсеткiш осыған М2 түрiнде белгiленген болатын. Бұл белгiленудiң өзгеруi Халықаралық валюталық қордың миссиясының ұсыныстары бойынша ақша - несие және қаржы статистикасы жөнiндегi нұсқауға сәйкес баланс шоттарын жiктеуге енгiзiлген соңғы өзгерiстердi есепке ала отырып, монетарлық көрсеткiштердi қайта есептеуге байланысты болды.

Қазақстандағы ақша массасы Ұлттық банк пен екiншi деңгейдегi банктердiң баланс шоттарын шоғырландыру негiзiнде анықталады және келесiдей құрамнан тұрады:

  • М0(айналыстағы қолма - қол ақша, немесе банк жүйесiнен тыс ақша) ;
  • М1 = М0+ банктiк емес заңды тұлғалар мен халықтың теңгедегi аудармалы депозиттерi;
  • М2 = М1+ теңгедегi басқа да депозиттер және банктiк емес заңды тұлғалар мен халықтың шетел валютасындағы аудармалы депозиттерi;
  • М3( ақша массасы ) =М2+ банктiк емес заңды тұлғалар мен халықтың шетел валютасындағы басқа да депозитерi. Сонымен, елiмiздегi ақша массасының құрамына мыналар кiредi:
  • Ұлттық банктiң және екiншi деңгейдегi банктердiң кассасында жатқан қолма - қол ақшаны қоспағандағы Ұлттық банктiң айналысқа шығарған қолма - қол ақшасы;
  • Банк емес қаржылық ұйымдардың, қаржылық емес ұйымдардың, үй шаруашылықтарына қызмет көрсететiн коммерциялық емес ұйымдардан шоттарындағы ақша қалдықтарын және үй шаруашылықтарындағы ақшаны қоса алғандағы депозиттер.

1. 2. Ақша рыногының мәні, қалыптасуы

Ақша реформаларын қарастырмас бұрын, сол ақшаның не екенiн және оның шығу тегiн қарастырып алайық. Күнделiктi өмiрiмiзде кездесетiн, үнемi қолданыста болып жүрген ақшаға тұсiнiк бер десе, “жәй ғана қағаз ақша, монета” деп айта салатын едiк. Ақша- бұл қатысуымен қоғамдық қатынастар туындап пайда болатын экономикалық категория; ақша дербес формада құн өлшемi, айналыс төлем және жинақ құралы бола алады. Ақша ежелгi заманда пайда болды. Олар тауар өндiрiсiнiң дамуындағы бiрден-бiр шарт және өнiм болып табылады. Тауа р- бұл сату мен айырбастау ұшiн жасалынған еңбек өiнiмi. Адам еңбегiнiң өнiмi (зат), оны өндiрушiлердiң белгiлi қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар фирмасын қабылдайды. Бiрақ кез-келген зат тауар бола алмайды. Егер тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойныдалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттыңң рәсуә болғаны, мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткенi оның қоғамға қажетi шамалы. Сондықтанда әрбiр тауар қажеттi тұтыну құнын алу құралы бола отырып, өзiнiң өндiрушiсiне қатынасы бойынша айырбас құны ретiнде көрiнедi. Алғашқы қауымдық құрылыс, кезiнде бiр тауардың басқа бiр тауарға кезейсоқ айырбасталынуы барысында, айырбас құнының жай немесе кездейсоқ формалары қолданылады (1 балта=5 құмыра, 1 қыт=1 қап бидай және т. б. ) . Тауар өндiрiсiнiң өсуiне байланысты неғұрлым жиi айрбасталатын, тауар-барлық басқа тауарлардың бiр-бiрiмен өзара айырбасталу құралы бола бастады. Осыдан келiп, құнның толық немесе кең көлемдегi формасынан жалпы құндық формасына жасырын тұрде өту басталды. Бiрақ оның ролi тауарға нық бекiтiлмеген едi. Бiртiндеп жалпы құндық эквивалент ролiн белгiлi бiл тауарлар көптеп атқара бастады және осы тауарлар ақша деп аталынды. Құнның жалпы құндық формасы ақша формасына айналды. Тауар айналысының тарихи эволюциялық даму процесiнде жалпы құндық эквивалент немесе рәсiмделiнбеген ақша формасын әртүрлi тауарлар қабылдады. Әрбiр тауарлы-шаруашылық уклад өз эквивалентiн алға тартады. Бiр халықтың өзiнде әртүрлi уақыттарда және әртүрлi халықтарда бiр мезгiлде әртүрлi эквиваленттер болды. Сонымен, бiрiншi iрi еңбек бөлiнiсiнiң нәтижесiнде мал бағушылардың бөлiнiп шығуымен мал айырбас құралына айналды. Олардың белгiлi-бiр түрлерi табиғи климаттық жағдайларда нақты сол отарда айырбас құралы болды. Шалғынды аудандарда жылқы, сиыр және қой; ал шөл және шөлейiт аудандарда-тұйе; тундрада-бұғы жалпы құндық эквивалент қызметiн атқарды. Малды жалпы эквивалент ретiнде пайдаланғаны туралы нақты дәлелдер әртүрлi қолжазбаларда, қазба жұмыстарының нәтижелерiнде табылған заттарда кездеседi. Гомердiң көне Троя батырлары туралы поэмасында өгiздi құн өлшемi ретiнде пайдаланғаны жайлы айтылады. Осы уақыттарда металдан жасалынған ақшаларда “өгiз” деген атау ойып өрнектелiп жазылып жүрдi. Латынның сөзi ”пекуние” (ақша) ”пекус” (мал) сөзiнен шыққан. “Рупа” (мал) сөзi үндiлердiң ақша бiрлiгiнiң атауы ”рупия” негiзiнде жатыр. Ежелгi Русьтарда да ақша металл ақшаларға ауысқаннан кейiн де ”мал” деген атауға ие болды. Ярослав Мудрый 1018 былай деген: “бiздiң жинаған малдарымыз: ерлерден 4 кун, старостылардан-10 гривен және боярлардан 18 гривеннен тұрады”. Осы кездегi қазынашы “малшы”, қазына, қазына жинау орны-мал ұстайтын орын деп аталынды. “Капитал” сөзiнiң шығуы да малменен байланысты, өйткенi ескi герман тiлiнде бұл сөз мал басы санының көптiгiн бiлдiре отырып, меншiк иесiнiң байлығын көрсеттi. Солтүстiк халықтары ең бiрiншi тауар ретiнде айырбас үшiн, жүндi пайдаланды. Ежелгi скандинавтар көлемi бойынша әртүлi тауарлар сатып алу барысында құстардың, аңдардың жүндерiн пайдаланды (ұкi және т. б. ) . Құс жүндерi Солтүстiк Сiбiр халықтарында, ал аң жүндерi Солтүстiк Америка халықтарында жалпы құндық эквивалент ретiнде пайдаланылды. Жүн ақшалар Моңғолияда, Тибетте және Памир аудандарында кеңiнен таралды. Ежелгi Русьтардың арабтармен, хазарлармен, Византиямен сауда саттық жасауы барысында жүн ең басты құралдардың бiрi болды. Ежелгi Русь елiнде жұн ақша жүйесiнiң бүгiнi болып саналды. 1610 жылы жаулап алынған орыстардың әскери кассасында 5450 руб. күмiс пен 7000 руб жүн табылған. Жылы теңiздердiң жағасын мекендеген тайпалар айналыс құралы ретiнде бақалшақ (раковиндi) ақшаларды пайдаланды. Тарихта бақалшақ ақшалардың келесi атаулары сақталынды бұлар: чангос, цимбис, бонгес, хайкве және т. б. Көлемi түймедей ақшыл-қызғылт бақалшақ Кари көптеп таралды. Безендiрулер түрiнде жiпке тiзiлгендерi Ежелгi Үндi елiнде, Қытайда, Үндiқытайда Африканың Шығыс жағалауларында, Цейлонда және Филиппин аралдарына алғашқы ақшалар қызметiн атқарды. Американдық үндiлердiң белдiктерiнде бақалшақ ақшалар құстардың, жыртқыш аңдар келбет-кескiнiн өрнектеп, былғары белдiктерге көрiк бердi. Бақалшақтарды Солтүстiк Американың Тынық мұхит жағалауларында, Полинезияда, Каролин және Соломон аралдарында аиырбас құралы ретiнде пайдаланылды. Кейiн келе металдардың арасында басты роль алтын мен күмiске өте бастады, өйткенi олар жалпы эквивалент үшiн аса қажеттi сапаға ие. Әрине металдар бұған дейiнгi ақша формаларын бiрден ығыстырып шығарып тастаған жоқ. ұзақ уақыт бойы металл ақшалар тауар формасын сақтап келдi. Темiр ақшалар күрес, таға, шеге, шынжыр және т. б. формаларды ұзақ уақыт бойына сақталынды. Грек ақшасының атауы “драхма” “бiр уыс шеге” деген мағынаны бiлдiредi. Мыс ақшалар қазандық құмыра қалқан түрлерiнде айналыста болды. Күмiс және алтын ақшалар жүзiп, сырға, бiлезiк түрiнде де пайдаланылды. Бiрақ б. э. дейiн ХIII ғасырда салмағы көрсетiлген құймалар пайда бола бастаған. Осындай себепке байланысты көптеген ақша бiрлiктерi фунт стерлинг, ливр (жарты фунт), марка (жарты фунт) салмақ бiрлiктерi атауымен аталады. Алғашқыдағы белгiлi массасы бар формасың металл ақшаларды кейiн келе әр түрлi массадағы бiркелкi формасы бар металл ақшалар ауыстыра бастады. Монеталардың пайда болуы - ақшаның құрылуындағы соңғы кезең болып табылады. “Ақша-зат емес, ол-қоғамдық қатынас”. Олар шындығында қоғамдық қатынастарды тудырушылар болып келедi. Бұл дегенiмiз қоғамнан бөлiнген адамдар үшiн ақша керек еместiгiн бiлдiредi. Робинзон Крузоға олар керек болмаған. Батып бара жатқан кемеден құтқарылып алынған заттар оған адам алғы баспайтын аралда қажет болған.

Ақша-өндiру мен бөлу процестерiнде адамдар арасындағы белгiлi бiр экономикалық қарым-қатынастарды көрсететiн, тарихи даму үстiндегi экономикалық категория болып табылады. Экономикалық категория ретiнде ақшаның, мәнi оның үш қажетiнiң бiрiгуiмен көрiнiс табады.

  • алпыға тiкелей айырбасталу;
  • айырбас құнының жеке формасы;
  • еңбектiң сыртқы заттық өлшемi.

Жалпыға тiкелей айырбасталу формасында ақшаның айырбастау мүмкiншiлiгiнiң бар екенiн көрсетедi. Социализм жағдайында бұл мүмкiндiк елеулi қысқарды және тiк қоғамдық жиынтық өнiмдi пайдалану және бөлумен ғана шектелдi. Кәсiпорындар, жер, орман, жер асты байлықтары сатылмады және сатып алынбады. Қазiргi кезде тiкелей айырбастау формасында ақшаның пайдаланудың көлемi едәуiр кеңiдi.

Ақшаның айырбас құнының дербес формасы ретiнде пайдалану тауарларды тiкелей өткiзумен байланысты емес. Ақшаны бұл формада қолдану жағдайлары олар несие беру, бюджеттiң кiрiсiн қалыптастыру, өндiрiстiк және өндiрiстiк емес шығындарды басқа банктерге сатуы және т. б.

1. 3. Ақшаның XXI ғасырдағы эволюциясы

Ақша эволюциясының осы заманғы кезеңiне электронды ақшалар жүйесi сай келедi. Олардың көмегiмен ақша операциялары жүргiзiледi:

  1. 4 - кесте.
Электрондық ақшалар жүйесi мен жүргiзiлетiн перациялар тiзбегi: Электрондық ақшалар жүйесi мен жүргiзiлетiн перациялар тiзбегi
Банк есебiнен ақша алу;:
  • Банк есебiнен ақша алу;
:
:
Банк есебiнен ақша алу;:
:
  • Салымдарды қабылдау;
Төлемдер;:
  • Төлемдер;
:
:
Төлемдер;:
:
  • Чектiк кiтапшалар беру;
Дебет - карточкалар;:
  • Дебет - карточкалар;

Электронды техниканың жетiстiктерiнiң, банк операцияларын автоматтандыруды мен жетiлдiрудiң нәтижесiеде XX ғасырдың 70-жылдарының екiншi жартысында электрондық төлем жүйесi қолдануға мүмкiндiк тудi.

Электронды төлем жұйесiнiң қызметтерi және түрлерi.

Электронды төлем жүйесi - ол қағазсыз тасымалдаушы, электронды сигнал жiберу арқылы ақша сомасын аудару, банктiк шоттардың жағдайын бақылау, несиелiк және есеп айырысу операцияларын жүргiзу үшiн қолданылады.

Банк клиеттерiне қызмет көрсететiн электрондық төлем жүйесiне:

  1. Автоматтандырылған есеп айырысу палатасы;
  2. Банктiк автоматтар;
  3. Сауда ұйымдарындағы терминалдар;
  4. Үйде банктiк көрсетулер жатады.

Автоматтандырылған есептесу палатасы (АЕП) - қолма - қол ақшасыз есеп айырысуды автоматтандырылған тәртiппен жүргiзедi және төлемдер жөнiнде барлық хабарлар электронды есептегiш машиналарға енгiзу үшiн магниттiк лентаға немесе терминалдық құрылғыға түсiретiн формада болады. Алғашқыда автоматтандырылған есептесу палатасы (АЕП) 1972 ж. АҚШ - та жұмыс iстей бастаса, қазiргi кезде оны Жапония, Ұлыбритания және Батыстың өнеркәсiбi дамыған мемлекеттерi қолдануда.

Банктiк автоматтар (БА) - ол клиетке банк қызметкерлерiнсiз банктiк электронды есептегiш машиналарға қосылып, өз бетiмен операциялар жүргiзуге мүмкiндiк беретiн құрылғы. Алғашқыда Банктiк автоматтар банк ғимаратында орналастырылып, тек қолма - қол ақша беруге қолданылды. Бiртiндеп Банктiк автоматтар қолдану масштабы өзгерiп, ол жүргiзетiн операциялардың шеңберң кеңiдi. Қазiр олар халыққа үнемi және көп қызмет көрсететiн жерлерде орнатылуда:

  • Қонақ үйлерде;
  • Вокзалдарда;
  • Аэропорттарда және т. б.

5 - кесте.

Банктiк автоматтар жүргiзетiн операциялар:
  1. Банктiк автоматтар жүргiзетiн операциялар
Ақша беру;:
  1. Ақша беру;
Ақшаны бiр шоттан басқасына аудару;:
  1. Ақшаны бiр шоттан басқасына аудару;
Лимит шегiнде борыш беру;:
  1. Лимит шегiнде борыш беру;
4. Шетел валютасын ұлттық валютаға айырбастау;: 4. Шетел валютасын ұлттық валютаға айырбастау;
5. Хабар - анықтама беру;: 5. Хабар - анықтама беру;
  1. Банктiк автоматтартың тетiгi -пластикалық дебеттiк карточка. Ол - банктiк шот иесiнiң мағлұматтары (реквизиты) және жүргiзетiн операциялар түрi жазылған арнаулы магниттi жолақ (полоса) . Терминалдар -сауда орындарында, ресторанда және т. б. сауда ұйымдарындағы есеп айыратын қызметкерлер банк жүйесiне төлем операциялары туралы хабар беруге және оны сол жүйеге қосуға, сонымен қатар сатып алушының төлем қабiлеттiлiгi туралы хабарды керi алуға мүмкiндiк беретiн құрылғы. Терминалдарды енгiзудiң мақсаты - қолма - қол ақша айналысын қысқарту.

Үйде банктiк қызмет көрсету - ол электронды есептегiш техниканы пайдалану негiзiнде халыққа банктiк қызмет көрсету, яғни телефон аппараттары мен жеке компьютердiң қазiргi үлгiсiн пайдаланумен жүзеге асады. Оның ең жай түрi - телефонмен тiкелей байланысу арқылы - жеке клиенттерге:

  • шот ашуға,
  • несие алуға,
  • есеп айырысуға мүмкiндiк бередi.

Ал жеке компьютердi немесе монитордың (теледидардың) экранын пайдаланып:

  • Клиент банктiң компьютерiне қосылыға;
  • Кең коммерциялық хбар алуға;
  • Өзiнiң аымдағы шотын;
  1. Салымын басқаруға;
  • Ағымдағы күнге шотына түскен және одан төленген соманы бiлуге;
  • Банк жұмысы туралы ереже және нұсқаулармен танысуға;
  • Бағалы қағаздармен операция жүргiзуге;
  • Салық төлеуге және с. с. операцияларды жүргiзуге мүмкiндiгi бар.

Қазақстанда электронды ақшалар жүйесi қалыптасу сатысында.

Бiрiншi пластикалық “ақшалар“ шектелген көлемде 1989 ж. Сыртқы Экономбанктан шығарылды. Қазiргi кезде оларды елдiң iрi банктерi шығара бастады Бiрiншi пластикалық “ақшалар“ шектелген көлемде 1989 ж. Сыртқы Экономбанктан шығарылды. Қазiргi кезде оларды елдiң iрi банктерi шығара бастады.

II тарау. Валютлық қаржыларды реттеу.

2. 1 Валюталық жүйе және оның түрлерi

Халықаралық валюталық қатынастар - ұлттық шаруашылықтарының қызметтерiнiң нәтижесiнен өзара қызмет ететiн және әлемдiк шаруашылықтағы валюталардың қызмет ету барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы.

Валюталық қатынастардың жекелеген элементтерi ерте Грецияда және ертедегi Римде вексель түрiнде пайда болған. Келесi даму кезеңiне Леондағы және батыс европа елдерiнiң басқа да сауда орталықтарында ортағасырлық вексель жәрмеңкелерi жатады. Мұнда аудармалы вексель (тратта) бойынша есеп айырысулар жүргiзiлген. Феодализм қарсаңында және өндiрiстiң капиталистiк тәсiлiнiң құрылуымен байланысты банктер арқылы халықаралық есеп айырысулар жүйелерi дами түстi.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ЭКОНОМИКА НЕГІЗДЕРІ ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Сақтандыру рыногының теориялық негіздері
Нақты жалақы
Қазақстанда қор биржасының дамуы
Коммерциялық банктердің факторингтік қызметін талдау
Сақтандыру рыногінің құрылымы
Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығының қалыптасуы мен дамуы
Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы
Ақшаға сұраныс пен ұсыныс
Өмірді сақтандыру саласының құқықтық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz