Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу әдістері



Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
Негізгі бөлім
1.Сыбайлас жемқорлық: теориялық негіздері, даму тарихы және түрлері
2. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу
3. АҚШ пен Канададағы сыбайлас жемқорлық мәселелері және оған қарсы күрес әдістері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазіргі заман кезеңінде адамзаттың дамуына жоғары деңгейде назар аударылғандықтан,көптеген мәселелер туындалды. Сондықтан оларды шешуге тиімді талаптар қойылды.
ҚР-ның Президенті Қазақстан халқына Қазақстан- 2030 Жолдауындағы жеті негізгі принциптерінің бірі- сыбайлас жемқорлықпен күрес болғандықтан, жемқорлыққа қарсы әрекеттер жасау мәселелері ең бастыларының біреуі болып табылады.
Сыбайлас жемқорлық, яғни коррупция күрделі, көп қырлы құбылыс және оның тарихи адамзаттың өркениетті ежелгі заманның тарихынан кем қалмайды. Оның пайда болуы бірнеше таптағы қоғамымен мемлекеттердің қалыптасу уақытына жатады. Сыбайлас жемқорлық күрделі әлеуметтік- саяси құбылыс болғандықтан, ол ежелгі заманда пайда болса да, осы күнге дейін өзгерілген нысан көріністері бар.
Сыбайлас жемқорлықтың пайда болуы мүмкіндігі- қоғам мен шаруашылықтың оқшауланған функциясын басқару. Өйткені, бұл жағдайда лауазымды адамдардың өзінің жеке пайдакүнемдік ниетіне байланысты белгілі бір шешім қабылдау мүмкіндіктері пайда болды.
Сыбайлас жемқорлықты түсіндіретін әр түрлі әдіснамалық тәсілдеме феномдері бар. Ол, сыбайлас жемқорлықты әр түрлі әлеуметтік, саяси криминалогиялық, құқықтық бағытта қарайды. Оның тарихи анықтамасы біріншіден құқықтық анықтамаға жатады.
Халықаралық құқықтық деректер бойынша сыбайлас жемқорлықтың түсінігі және оның құқық бұзушылық субъектілердің түсінігі кең түрде берілген. Ғалымдар мен тәжірибе қызметкерлерінің пікірінше инвестициялау, бюджеттік қаражатты пайдалану мемлекеттік емес зейнетақы қорлар, жекешелендіру, мемлекеттік материалдық ресурстары мұнай- газ өңдеу объектілері, астық кешені, кредиттік- қаржылық және банк сияқты салалары сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылықтармен зақымданған.
Құқықтық тәжірибенің талдауы пара берудің қылмыстық жауапкершілігін күшейту керек екендігін көрсетеді.
Қазіргі уақытта тәжірибеде қолданылып жүрген кейбір жаза түрлері пара берушілердің жауапкершілігін толық қамтамасыз етпейді. Осыған орай, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 312-бабының 1- 2- бөлімдерінің санкцияларындағы негізгі шара түрлерін қысқарту жолымен күшейту керек деп санаймыз.
Қазір сыбайлас жемқорлықпен күресудің халықаралық құқықтық базасы дамуда. Біздің мемлекетімізде де сыбайлас жемқорлықпен күресуде құқықтық негіз құрылған және ол қазіргі уақытта жетілдірілуде.

1. Сыбайлас жемқорлық: теориялық негіздері, даму тарихы және түрлері
Сыбайлас жемқорлықтың даму тарихы ежелгі кезеңнен бастау алады. Атақты француз философы Шарль Луи Монтескье: Көптеген ғасырлар тәжірибесі көрсеткендей, қолында билігі бар адам, қылмыс жасауға бейім тұрады және де тиісті шекке жетпейінше, сол бағытта әрекет жасай береді, - деп айтқан. Сыбайлас жемқорлық құбылысын халықаралық заманауи тұрғысынан түсіну және оған қарсы күрес шараларын іске асыру жолдары қылмыстың алдын алу және құқық бұзушылармен жұмыс жүргізу жөніндегі БҰҰ-дың Сегізінші Конгресінің хатшылығы әзірлеген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша практикалық шаралар атты нұсқаулықта көрініс тапты (Гавана, 1990 жылғы тамыз-қыркүйек). Осы құжатты талқылау нәтижесінде әлемдік қауымдастыққа сыбайлас жемқорлықтың мынадай ерекшеліктері ұсынылды:
1. Осы ұғымның мағынасынының сипатына қарай сыбайлас жемқорлыққа жататын барлық құқық бұзушылықтар енгізілуі тиіс, олар: этикалық, тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық-құқықтық бұзушылықтар, бұл сыбайлас жемқорлық жолына түскен субъектінің қызметтік бабын өз басының пайдасына асыра пайдаланып, заңды бұзғандығынан көрінеді.
2. Мемлекеттік қызметтегі тұлғаларды сыбайлас жемқорлық жолына итермелейтін субъектілердің қызмет шеңберін шектеу. Бұған шенеуніктердің артықшылықтарды заңсыз пайдаланғанын жатқызуға болады, осындай қызмет көрсететін субъектілердің шеңберін жеке және заңды тұлғалар толықтырылып отырады.
3. Өз қызмет жағдайын жемқорлық құқық бұзушылықтың субъектісі ретінде заңға қайшы сипатта пайдалану.
4. Жемқорлықтың көрініс табуының ең қауіпті екі түрі:
- мемлекеттік немесе қоғамдық мүліктерді жемқорлық жолмен ұрлау;
- мемлекеттік қызметкерлердің әрекетінде ұрлық белгілері байқалмаса да, олардың қандай да бір артықшылықтарды заңсыз жолмен алу мақсатында өз қызметтік жағдайын теріс пайдалануы.
1979 жылы БҰҰ-дың Бас Ассамблеясы және сыбайлас жемқорлық мәселелері жөніндегі аймақаралық семинар (Гавана 1990 ж.) мынадай анықтаманы ұсынды: Сыбайлас жемқорлық - бұл жеке адамның немесе бір топ адамдардың қызмет жағдайын өз басының мүддесіне қарай пайдалануы және мемлекеттік қызметкерлердің қызмет бабын заңсыз пайда алуға бағыттауы.
Енді бір анықтама 1999 жылғы Сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы атты Еуропа Кеңесінің Конвенциясында берілген, онда: Сыбайлас жемқорлыққа - мемлекеттік, муниципалдық немесе өзге де қоғамдық қызметшілердің немесе коммерциялық не өзге де ұйымдардың қызметшілерінің өз мәртебесін кез келген мүлікті заңсыз алуы, оны иемденуге құқықты болуы, қызметті немесе жеңілдікті пайдалануы, сондай-ақ аталған тұлғалардың осындай мүлікті, оны иемдену құқығын басқа тұлғаға беру, қызмет көрсету және жеңілдіктер ұсыну жатады.
Кейбір ғалымдардың пікірінше осы анықтама толық емес, себебі сыбайлас жемқорлық құбылысы құқық ұғымының шеңберінен әлдеқайда кең.
М.О. Нәукенов: Сыбайлас жемқорлық және ұйымдасқан қылмыс ұғымдарын бір-бірімен байланыстыра қарауды ұсынады. Оның пікірінше, сыбайлас жемқорлықты ұйымдасқан қылмыс өкілдері мемлекеттік органдар жұмысын бақылау құралы ретінде пайдаланады, бұндай жағдайда қылмысты әлеуметтік тұрғыдан бақылау бейтараптанады, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыс өкілдері билік органдарын өз мақсатына жету үшін пайдаланады және саяси шешімдер қабылдауда ықпал жасайды.
А.С. Қалмұрзаев сыбайлас жемқорлықты: кез келген қызметкердің қызмет жағдайын пайдакүнемдік мақсатында пайдалануы, - деп сипаттайды.
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Заңының 2-бабына сәйкес: Мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттілігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып, не мүліктік пайда алу үшін олардың өз өкілеттіктерін өзгеше пайдалануы, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев атап өткендей: Сыбайлас жемқорлық - бұл ғаламдық мәселе, одан әлемнің бірде-бір мемлекеті, бірде-бір саяси жүйе, бірде-бір саяси тәртіп қорғалған емес.
Қазіргі отандық әдебиеттерде: Сыбайлас жемқорлық - (латын тілінен соrruptio - пара беріп сатып алу, құқық бұзу, құлдырау деген мағынаны білдіреді) деп қоғамдық және саяси қызметкерлердің, лауазымды тұлғалардың сатқындығын, оларды сатып алуды, яғни саяси, экономикалық, әскери және тағы басқа да салалардағы қызметкерлердің қолындағы билігінің мүмкіндіктерін және қызмет бабын жеке басын байыту мақсатында пайдалануын айтады.
А.Н. Ағыбаевтың пікірінше: Сыбайлас жемқорлық - бұл кез-келген лауазымды тұлғаның өзіне және тағы басқаларға заңсыз жолмен пайда әкелу мақсатында жасаған қылмысы.
Жоғарыда келтірілген анықтамаларды талдай келе, мынадай қорытынды жасауға болады:
- сыбайлас жемқорлық құбылысының өзіне тән белгілері бар;
- сыбайлас жемқорлық - бұл, ең алдымен, әлеуметтік құбылыс;
- халықаралық құжаттарда жемқорлықтың нақты анықтамасы жоқ;
- әрбір мемлекет қазіргі құқықтық дәстүрлер негізінде өздерінің жемқорлыққа қарсы құралдар жиынтығын анықтайды;
- жемқорлық ұғымы қазіргі қоғамдағы жемқорлықтың құқықтық анықтамасына негізделмеген.
Сөйтіп, айтылғандарды қорыта келе, сыбайлас жемқорлық - бұл екі жақ арасындағы мәміле деп тұжырымдауға болады, оның бірі - өз лауазымдық өкілеттігін заңға қарсы пайдаланатын мемлекттік немесе жеке қызметте жұмыс істейтін тұлға, екіншісі - мемлекеттік немесе жеке құрылымды өз басының пайдасы, яғни материалдық жағдайын көтеру, артықшылық алу, заңда көзделген жауапкершіліктен таю тағы үшін пайдаланатын адам. Осындай құбылыс екі жолмен жүзеге асырылуы мүмкін:
1. Мемлекеттік қызметшінің өзі алдына келген адамды пара, сыйақы беруге мәжбүрлейді.
2. Белгілі бір адам, бұл ұйымдасқан қылмыс өкілі болуы мүмкін, мемлекеттік қызметшіге көп жағдайда психологиялық қысым көрсетіп, оны сатып алу мақсатында пара, сыйақы алуға итермелейді.

2. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу

Заңсыз алынған мүлікті немесе заңсыз көрсетілген қызмет құнын өндіріп алу.
1.Мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілеттік берілген адамдар немесе соларға теңестірілген адамдар сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық нәтижесінде негізсіз байыған жағдайларын бәрінде заңсыз алынған мүлік мемлекет кірісіне жатқызылуға, ал заңсыз көрсетілген қызмет құны мемлекет кірісіне өндіріліп алынуға тиісті.
2.Заңсыз алынған мүлікті өз еркімен тапсырудан немесе мемлекеттік оның құнын немесе заңсыз көрсетілген қызмет құнын төлеудан бас тартылған жағдайда прокурордың, салық қызметінің не оған заңмен уәкілеттік берілген басқа да мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың талабы бойынша соттың шешімі мен мемлекеттің кірісіне өндіріп алу жүзеге асырылады. Аталған органдар құқық бұзушыға тиесілі мүлікке сот шешім шығарғанға дейінгі тыйым салады.
3.Егер мемлекеттік міндеттерді атқаратын адам немесе оған теңестірілген адам жасалған сыбайлыс жемқорлықпен құқық бұзушылығы үшін қызметінен босатылған, тиісті міндеттерді атқарудан өзгедей босатылғанан кейін осы баптың 1- тармағында көзделген тараптарды орындаудан бас тартса, мұндай босату туралы шешім қабылданған лауазымды адам немесе орган кінәлі адамның тұрғылықты жері бойынша салық органына заңсыз алынған кірістер туралы хабарлама жіберіледі.
Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық жасауға байланысты жасаған мәмілелерді сот заңда белгіленген тәртіппен жарамсыз деп таниды. Тиісті актілерді қабылдауға немесе тоқтатуға уәкілеттік берілген органдар немесе лауазымды адамдар немесе мүдделі жеке немесе заңды тұлғалардың немесе прокурордың талап етуі бойынша сот сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар нәтижесінде жасалған актілердің, іс- әрекеттің күшін жою мүмкін.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықпен және ол үшін жауаптылық.
Мемлекеттік міндеттерді атқаруға үміткер адамдарға қойылатын арнайы талап:
1.Мемлекеттік міндеттерлі атқаруға не осындай міндеттерді атқаруға уәкілеттік берілген органдар мен ұйымдарда мемлекеттік лауазым атқаруға үмітке адамдар өздерінің мәртебесін және соған негізделген беделін жеке, топтық және өзге де қызметтік емес мүдделерге пайдалануға әкеп соғуы мүмкін іс- әрекеттерге жол бермеу мақсатында осы Заңмен және өзге де заңдармен белгіленген шектеулерді қабылдайды, бұл ретте аталған адамдар мұндай іс- әрекеттердің құқықтық салдары туралы хабардар етеді.
2.Аталған адамдардың шектеулерді қабылдауға келісім жазбаша түрде тиісті ұйымдардың кадр қызметіне белгілейді. Шектеулерді қабылдамау ол адамды мемлекеттік не соларға теңестірілген міндеттерді атқаруға шақырудан бас тартуға не жұмысынан босатуға немесе заңдарда көзделген тәртіппен аталған міндеттерді атқарудан өзгелей босатуға әкеп соғады.

2. АҚШ пен Канададағы сыбайлас жемқорлық мәселелері және оған қарсы күрес әдістері

АҚШ-тың ғылымдары берген анықтама бойынша: сыбайлас жемқорлық - бұл саяси қайраткерлердің, мемлекеттік аппарат қызметкерлерінің, жеке кәсіпкерлердің, өзге де тұлғалардың жеке басының, отбасының пайдасы үшін, әлеуметтік мәртебесін арттыру және материалдық жағдайын байыту мақсатында өздерінің ресми міндеттемелерін және мемлекеттік қызметтерін заңға қарсы пайдаланушылық.
АҚШ заңнамасында лауазымды тұлғалардың жемқорлығы ұғымы жеткілікті кең. Оған Заң жинағындағы 18 тарауының 4 бөлімінде қарастырылған құқыққа қайшы бірсыпыра әрекет кіреді: 1) Парақорлық - жария лауазымды тұлғалардың арам табыстары және өзінің қызмет бабын теріс пайдалану; 2) Лауазымды тұлғалар және жалдамалы қызметшілер; 3) Қорқытып алушылық және қатерлер; Сайлау және саяси іс-әрекет.
Парақорлық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндіріс орындарындағы сыбайлас жемқорлықтың ерекшеліктері
Кәсіпорындардағы сыбайлас жемқорлық
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимылдың шетелдік тәжірибесі
Сыбайлас жемқорлық типологиясының өлшемдері
Сыбайлас жемқорлықпен күрестегі әлемдік тәжірибе туралы ақпарат
Парақорлық - сыбайлас жемқорлықтың жаһандық түрі
Сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайлар
Саяси сыбайлас жемқорлық
Сыбайлас жемқорлықтың даму тарихы және түрлері
Ғаламдық мәселелер
Пәндер