Сыбайлас-жемқорлық деген не, онымен күресу жолдары



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Мадибаева Д.Р.
Сыбайлас-жемқорлық деген не, онымен күрес қағидалары Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының Хабаршысы.-Тараз:ТарМПИ,2012.-№9.-Б .218-221

ӘОЖ 33:34.3439
М 12

"Сыбайлас-жемқорлық" деген түсінік мағнасына этимологиялық қарау мұны "параға сатып алу", "пара" ретінде, "corruptio" деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ "corrumpire" түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда "сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу" деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген.
Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас-жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды. ҚР "Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы" Заңы сыбайлас-жемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол: "...мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ соларға теңелген адамдар, тікелей өзі немесе делдал арқылы өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу".
Сыбайлас-жемқорлықпен күрестің негізгі қағидаларына келесі жатады:
1.Баршаның заң және сот алдында теңдігі.
Бұл қағиданы сақтау және жүзеге асыру сыбайлас-жемқорлықпен күресте өте маңызды. Өкінішке қарай, заңнаманы таңдап қолдану өте жиі кездеседі, ондайда заң біреу үшін бар, басқалар үшін жоқ. Жеке соттар, мемлекеттік қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері сондай-ақ сыбайлас-жемқорлыққа беттелген.Бұл қағиданың сақталуының кепілі азаматтардың өздерінің белсенділігі болып табылады -- сыбайлас-жемқорлық үдерістерді БАҚ-та жариялау, оның ішінде БАҚ, бұқара өкілдерінің сот үдерістерінде болуы; өтініштерді прокуратураға, экономикалық және сыбайлас-жемқорлық қылмыспен күрес жөніндегі Агенттікке және басқа құқық қорғау органдарына беру.
2.Мемлекеттік органдар қызметінің нақты құқықтық тәртібін, заңдылығын және осындай қызметтің жариялылығын, оған мемлекеттік және қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету. Қазіргі таңда ҚР Президентінің 2005 жылғы 23 желтоқсандағы Жарлығымен бекітілген 2006-2010 жылдарға арналған сыбайлас-жемқорлықпен күрес бойынша Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, 2008 жылға дейін мемлекеттік органдар қабылдаған шешімдердің ақпараттық мөлдірлігін қамтамасыз ету, мемлекеттік басқару органдарының рұқсат ету және әкімшілік құзыреттерін оңтайландыру, сондай-ақ мемлекеттік сатып алудың электронды жүйесіне көшу негізінде мемлекеттік сатып алу жүйесін реформалау.
Бағдарламада ерекше орын азаматтық қоғам ұйымдарын сыбайлас-жемқорлыққа қарсы қызметке тартуға, құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бөлінеді. Нормативтік құқықтық актілерді сыбайлас-жемқорлыққа қарсы сараптаудың пәрменді тетігін енгізу, бюджеттік қаражаттың жұмсалуын қоғамдық бақылау жүйесін құру, жеке рұқсат беру міндеттерін азаматтық қоғам институттарына беру, ақшалай қаражаттың қолма-қол айналымын мейлінше көбірек қысқарту бойынша шаралар енгізу, заңға қайшы жолмен ақшалай қаражатты заңдастыруға қарсы іс-әрекет жасау қарастырылған.
ҚР Әділет министрлігі "Мүддес болу туралы" заң жобасын әзірлеп, парламентке ұсынды, онда заң жобаларын мүддестендіру үдерістерін құқықтық реттеу және лауазымды адамдардың өз функционалдық міндеттерін орындаған кезде даудың алдын алу бекітілген.
3.Жеке және заңды тұлғалардың құқығы мен заңды мүдделеріне қатысы бар сұрақтарды шешу процедурасын және кадр жұмысын, мемлекеттік аппарат құрылымын жетілдіру. Мемлекеттік бағдарламамен мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлік субъектілерінің өзара іс-әрекетінің нақты құқықтық тәртіптеу формалары мен механизмдерін жүзеге асыру , сондай-ақ сот шешімдерін қабылдаудың мөлдірлігін және олардың дер кезінде орындалуына ықпал жасау қарастырылған.
Заңға сәйкес аталған қағидалар:
- мемлекеттік функцияларды орындауға өкілетті
- лауазымды, сондай-ақ олардың қатарына жататын басқа адамдардың құқықтарын және еркіндігін ҚР Конституциясының 39 бабы 1 тармағына сәйкес шектеу;
- жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру, сыбайлас-жемқорлық құқық бұзушылықтың зиянды салдарын жою және алдын алу:
- сыбайлас-жемқорлық құқық бұзушылықпен күреске ықпал жасайтын азаматтардың жеке қауіпсіздігін;
- кәсіпкерлік қызметке бақылау жасайтын жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік реттеу өкілеттігін беруді болдырмау.
Сыбайлас-жемқорлық бірталай экономикалық заңдардың іс-әрекетін төмендетеді және әлемдік қауымдастық алдында елдің беделін түсіреді, оған тиімді шетел инвестиция жолында басты кедергі болып табылады.Адал және әлеуметтік бағытталған бизнес нарықтан ысырылады, себебі сыбайлас-жемқорлық мұндай бизнесті тиімсіз етеді. Сыбайлас-жемқорлық әсіресе мемлекеттік билік органдарында қауіпті. Мұндай жағдайда ол биліктің монополиясын, мемлекеттік қызметшілердің шешім қабылдау өкілеттігін күшейтеді және шенеуніктердің қатал құқықтық есеп беруін және бақылауда болуын жою симбиозын көрсетіп-білдіреді. Практика көрсеткендей, сыбайлас-жемқорлық мемлекеттік жүйенің барлығын бұзады, мемлекеттік билік беделінің және мемлекеттік қызмет абыройның құлдырауына ықпал етеді. Сыбайлас-жемқорлық экономиканың дамуына кедергі жасайды және ұйымдастырылған қылмыстың, әсіресе экономика саласында, өсуіне ықпал жасайды.
Сыбайлас-жемқорлық құқық бұзушылықты анықтау, болдырмау, алдын алу және өз құзыреті шеңберінде оларды жасаған адамдарды жауапқа тарту прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, салық, кеден және шекара қызметі, қаржы және әскери полиция органдарымен жүзеге асырылады.
Аталмыш органдардың лауазымды адамдары заңнама белгілеген мерзімде іс, материал, хаттама жіберген адамға немесе органға жазбаша сыбайлас-жемқорлық қылмыс, әкімшілік құқық бұзушылық туралы көрсетіп-білдіру жіберуге , оларды қарағанның нәтижелеру туралы хабарлауға тиіс.
Заңға сәйкес бұл органдар олардың құзырынан шығатын шаралар қабылдауға және жауапты мемлекеттік лауазымда отырған адамдардың жасаған сыбайлас-жемқорлық қылмысын анықтаған әр оқиға туралы құқық статистикасы және ақпарат органдарына дереу мәліметтер жіберуге міндетті.
ҚПК 192 бабына сәйкес т.тг) 176 бап.3 б.,193 бап.3 б., 209 б.1 б., 307 б.,1 б.,308 б.1 б.,310,310 б.1,2 б.,312-315 б.қарастырған қылмыстар туралы алдын ала тергеу қаржы полициясы тергеушілерімен жасалады. ҚП ҚПК 307 бабының 2,3,4 б., 308 бабының 2,3,4 б., 311 бабының 3,4, б. Қарастырған қылмыс туралы қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеу қылмыстық іс қозғаған ұлттық қауіпсіздік немесе қаржы полициясы органымен жасалады.
ҚР ҚПК 380 бабы қарастырған қылмыстар туралы қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеу қылмыстық іс қозғаған ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік немесе қаржы полициясы органымен жасалады.Сыбайлас-жемқорлықпен байланысты қылмысты анықтау, ашу, жібермеу және алдын алу мақсатында жедел-іздестіру және басқа қызмет, сондай-ақ заң белгілеген тәртіпте заңға қайшы табылған мүлікті заңдастыруға жол бермеу мақсатында қаржы бақылауының арнайы шараларын қолдану ҚР 1994 жылғы 15 қыркүйектегі "Жедел-іздестіру қызметі туралы" Заңына сәйкес жүзеге асырылуға тиіс.
Сыбайлас-жемқорлықпен келіскісі келмейтін азаматтардың белсенді іс-әрекеттері өз нәтижелерін беруде. Мысал ретінде нақты болған жағдайды айтуға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыбайлас жемқорлықтың ұғымы мен мәні
Сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрестің тиімділігіН арттыру жолдары
ЖЕМҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ ОНЫМЕН КҮРЕСУ ЖОЛДАРЫ
Сыбайлас жемқорлық қылмыстыққа тосқаулық қоюдың криминологиялық шаралары
Сыбайлас жемқорлықтың жалпы ұғымы мен маңызы туралы
Сыбайлас жемқорлықтың жалпы ұғымы мен маңызы
«СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ: ОНЫҢ ҚОҒАМҒА КЕРІ ӘСЕРІ»
Саяси сыбайлас жемқорлық
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТІҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ
Сыбайлас жемқорлықтың жалпы түсінігі мен сыбайлас жемқорлыққа итермелейтін себептердің негіздері
Пәндер