Табиғин дәуіріндегі тәпсір



Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Табиғин дәуіріндегі тәпсір

Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім

1. Табиғин дәуірінде тәпсір ғылымының қалыптасуы
2. Табиғин тәпсірінің ерекшеліктері
3. Тәпсір медреселері мен тәпсірші табиғиндар
4. Табиғин тәпсірінің артықшылығы
5. Исрайлияттың тәпсірге енуі және оның шыққан жері

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Тәпсір - Құранды түсінудегі бұлыңғыр жайттарды шешетін қиын сөз турасында немесе түсініктемені қажет ететін қысқаша баяндалған жайттарға қатысты. Тәпсір құдайшылық нұсқауларды толығымен тануға себеп болады. Құран Кәрімде наным-сенім мәселелері, саяси, әлеуметтік және ахлақтық тақырыптар бойынша қамтылған. Сивәти Құранға түсінік беру қажеттілігі жайында былай деп жазды
Құран аяттарын қысқаша баяндау және оның мән жайын білу мағынасындағы тәпсір Құранға қатысты маңызды исламдық ілімдерге жатады. Сонымен бірге мұсылман ғұламаларың назарын өзіне аударып отырған ең көне ғылыми жұмыстардың бірі болып табылады.
Құран араб сөзінің ең жатық кезінде түсірілді. Құран түсірілген замандағы халық ондағы үкімдер мен оның сыртқы мағынасын ұғатын, бірақ сөзінің астарлы мағынасы олар үшін түсінікті болмайтын. Тек жарықтық пайғамбармен пікірталас өткізіп сұрағаннан кейін оны ұғатын. Осы пікірталас немесе тәпсірдің тарихы Құран түсірілген заманнан басталып, Алла елшісінің пайғамбарлық қызметінің бас кезенен бастау алады. Құранды ерекшеліктері мен халық үшін тәпсірлеп баяндап берген алғашқы кісі Алла елшісінің өзі болды. Ол хазіреттің көзі тірісінде сахабалары мен жора-жолдастары бұл іске килікпейтін. Пайғамбарымыз бақилық болғаннан кейін бір топ сахабалар оның ішінде Ибн Әббас, Әбдолла Ибн Әмро, тағы басқалар осы іспен айналысты. Сол күндері Құран турасындағы пікірталас, аяттардың әдеби сипаты, түсірілуі себебі және азғана дәлелдемеден аспайтұғын. Солардан кейін сахабаларды көзі тірісінде көргендер, басқаша айтқанда Табеғйн, атап айтқанда Мұжаһед, Қетаде, Шуби деген кісілер және қоныс аударудың алғашқы екі ғасырында өмір сүрген тағы басқалар бұл істі сол күйінде жалғастырды. Олар да өздерінен бұрынғы тәпсіршілердің айтқандарына еш нәрсені алып-қосқан жоқ. Тек өз тәпсірлерінде бұрынғылардан көбірек рауаятты пайдаланды. Ең үлкен Құран тәпсіршілері пайғамбардың отбасы мүшелері болады. Олар уәхи мектебінде тәрбиеленіп, содан нәр алғандар. Құран тәпсірінде түрлі әдіс-тәсілдер бар. Солардың бірі-хадистерге иек артып тәпсірлеу. Яғни, аяттың мақсат- мұратын түсінуде имамдардан нақыл етілген рауаяттарға сенім арту. Ендігі бір әдіс - Құранды Құранмен тәпсірлеу, яғни ұқсас аяттарды бір-біріне қатар қойып, ерекше бір саладағы аяттарды қорытындылау аяттың мағынасын мәлім етеді. Кейбір маңызды аяттарға сүйене отырып, Құранды түсінуде өзге аяттардың мақсат - мұратына қол жеткізіледі. Ұлы философ және тәпсірші марқұм Әлламе Табатабай осы топқа кіреді. Оның "Әлмизан" деп аталатын аса бағалы тәпсірі Құранды Құранмен тәпсірлеу әдісімен жазылған. Хадиске сүйенген тәпсірлер арасынан "Бурхан" тәпсірін және "Нұр-Ур-Сәқлийн" тәпсірін атап айтуға болады.

Табиғин дәуірінде тәпсір ғылымының қалыптасуы
Төрт халифаның дәуірінде өзге өлкелерді қарамағына алудың артуы нәтижесінде, Ислам мемлекетінің шекарасы Араб түбегінен асып, қарамағына өзге дін мен мәдениеттері бар халықтарды қосқан болатын. Бұлардың арасында жаңадан мұсылмандықты қабылдағандар мен мұсылман еместер де бар еді. Осы алып мемлекеттің діни, әкімдік басқару мен мәдени негізін қалау үшін қолданылатын ең басты қайнар көз күмәнсіз Құран болатын. Сол себепті, мәдени байлық пен күн өткен сайын артқан қажеттіліктерге қоса тәпсір саласындағы қызмет те біршама артты. Міне, бұл дәуір табиғин дәуірі болатын.
Ислам мемлекетінің шекарасы ұлғайған сайын, түрлі қалаларға таралған сахабалар, барған жерлерінде ғылыми жұмыстарды бастатқан болатын. Олардан ілім алғандардың көпшілігі араб емес (мәуәли) еді. Алдымен Құрайыш тайпасы бастаған арабтар басқару ісімен айналысып, басқа салалармен шұғылдануды төмен санайтын. Арабтардан тыс халықтардың Ислам дінін жақыннан тануға деген қызығушылықтары арта түсті. Сахабалардан ілім алған әрі тәпсірді ғылыми мамандық ретінде жалғастырғандардың көпшілігі араб еместі (мәуәли) . Тәпсірдің негізгі қайнар бұлақтары саналатын Сайд бин Жубәйр (қ. 94713 ж), Икримә (қ. 107725 ж), Хасан Басри (қ. 110728 ж), Ата бин Әби Рабах (қ. 115733 ж) және Нафиъ (қ. 117735 ж) сияқты тұлғалар араб ұлтынан шықпаған.
Мәуәлидің Құран тәпсіріне қосқан үлестері мыналар: Сахабалардан алғандарын кейінгі ұрпаққа жеткізу, ақылмен түсіндірме жасауды (тәфсиир бир-рәй) одан әрі дамыту, сахабалардың кейбір көзқарастарына қосылмау, тәпсірде ижтиһад жасау және тәпсір медреселерін құру. Олар тәпсірлегенде дерек көзі ретінде Құранды, Пайғамбар мен сахабалардың тәпсірлерін қолданды. Сонымен қатар рәймен (ақыл) тәпсірлеу әдісін сахабаларға қарағанда көбірек қолданғандығын байқауға болады. Алайда, кейбірі рәймен тәпсірлегенде бұрынғы діндері мен мәдениеттерінен қалған қалдықтарын және өмір сүрген ортасының көзқарастарын тәпсірге қоспай тұра алмаған. Ал, кейде ұстаздары саналатын сахабалардың көзқарастарына қосылмай, олардан бөлек көзқарастарды алға тартқан. Тіпті, тек сахабалардан ғана айрылып қоймай, өз араларында да түрлі көзқарастар мен түсініктерді алға тартқандар да болатын. Бұл қалыпты жайт. Себебі, уақыт өткен сайын түсінік те, ғылым мен мәдениет те өзгереді. Жаңа мәселелер туындап, тартысты тақырыптар аяттардың төңірегінде жиналған болатын. Осыдан бастап, тәпсірде келіспеушіліктер арта түсті. Аллаһ Тағаланың көрініп-көрінбейтіндігі, тағдыр, имамдық сияқты мәселелер бұлардың кейбірі ғана. Бұлардың бірқатарының саяси жағы да бар еді. Кейде бұл мәселелер жайында сөз қозғағандардың артынан қауесет сөздер жайылып, бидғатшы деп айыпталып, оларға жалған жала жабылатын. Тіпті, кейбіреулері шеттетілуге дейін баратын. Бірақ, ең маңыздысы һижри I. ғасырдың екінші жартысы мен II. ғасырдың бірінші жартысында ақыл-ойға қатысты ғылыми жұмыстармен айналысқан табиғин ғалымдарының Құранға берген түсініктемелері, кейінгі кезеңдердегі діни әрі ақыл-ой дүниесіне үлкен із қалдырды. Аяттар аясындағы тартыстардың кейбірі мәзһабқа қатысты түрлі көзқарастардың негізін құраушы іспеттес. Сондықтан Ислам тарихындағы мәзхабтардың қалыптасуында да олардың ғылыми жұмыстарының үлкен септігі тиген.
Дегенмен, бұл тартыстарға қарамастан табиғин дәуірінде тәпсір, ғылыми бір ерекшелікке ие бола бастады. Бұл деген сөз: Тәпсір, Құранның барлық аяттарын қамтитын жағдайға жетті. Құран аяттары жеке-жеке қарастырылып, олар жайлы ой жүгіртіліп, сонымен қатар ғалымдардың арасында талқыланып, оларға түсіндірмелер беріле бастады. Бұл жайт, тәпсір ғылымының тарихы тұрғысынан өте маңызды. Сондықтан табиғиндардың уақтысын, тәпсір ғылымының қалыптасу дәуірі ретінде қабылдауға болады. Хз. Пайғамбар мен сахабалардың дәуірі тәпсір ғылымының бастамасы іспеттес.

Табиғин тәпсірінің ерекшеліктері
Тәпсір ғылымы қаншалықты табиғин дәуірінде ғылыми бір сала ретінде қалыптасқан болса да, бұл дәуірде әлі тәпсір кітаптары жазылмаған болатын. Яғни, кітап ретінде жинақталмаған еді. Кейбір риуаяттарда қаламға алынған бірқатар кітаптар жайлы айтылса да, қазіргі таңға дейін жетпеген, әрі олардың көп нәрсені қамтымағандығы баяндалған. Мәселен, Сайд бин Жубәйрдің Халифа Абдулмәлик үшін бір тәпсір жазғандығы, Мүжәһидтің де Ибн Аббастан үйренген тәпсір мағлұматтарының барлығын кітап ретінде жинақтағандығы дерек көздерінде айтылған. Жеке тұлғаға тиісті бұл еңбектерді есепке алмайтын болсақ, тәпсір ғылымы бұл дәуірде жалпылама көзқарас әрі риуаят түрінде өзінің болмысын сақтаған. Яғни, тәпсір қызметі мағлұматты бір ғалымнан есту арқылы алу (тәлаққи) әрі оны өзінен кейінгілерге жеткізу (риуаят) түрінде жалғасты. Алайда, тәлаққи мен риуаят түрі Расулуллаһтың әрі сахабалардың дәуіріндегі жалпы ерекшелігін өзгертіп, жекеше мәнге ие болды. Тармақтап айтар болсақ, әр түрлі қалаларда қоныстанған табиғиндар, өздері өмір сүрген қаланың имамынан мағлұматтар алып (тәлаққи), өздерінен кейінгілерге риуаят етті. Атап айтар болсақ, меккеліктер Ибн Аббастан, мәдиналықтар Үбәй бин Кәъбтан, ирақтықтар Ибн Мәсғұдтан тәпсір үйреніп, оларды өздерінен кейінгілерге жеткізді. Төменде де атап өтетініміздей осылайша тәпсір белгілі медреселер арқылы аталатын болды.
Табиғин дәуірі тәпсірінің тағы бір ерекшелігі исрайлият (яһудилерге қатысты мәліметтер) деп аталатын мағлұматтардың тәпсірге ене бастағандығы. Өйткені, бұл дәуірде әсіресе, қиссалардағы құпия жерлерді түсіндіру үшін кітап иелерінің (яһудилер мен христиандар) мәліметтеріне жүгінген. Сол себепті, табиғин дәуірінде тәпсірге көптеген исрайлият (яһудилерге қатысты) әрі насраният (христиандарға қатысты) мәліметтері енгізілді. Исрайлият пен насраният мәліметтерінің тәпсірге енуінің ең маңызды себебі, яһуди мен христиан болған көптеген адамның Ислам дінін қабылдауы. Исрайлият тақырыбы маңызды болғандықтан төменде егжей-тегжейлі қарастырылады.

Тәпсір медреселері мен тәпсірші табиғиндар
Сахаба дәуіріндегі тәпсірді қарастырған кезде, олардың басқаруындағы үш тәпсір медресесі жайлы айтқан болатынбыз. Бұл медреселер әр түрлі адамдар тарапынан басқарылғандықтан әрі шәкірттер қауымы да әр түрлі адамдардан құралғандықтан, бұған қоса әрқайсысы әр түрлі қалаларда орналасқандықтан өздеріне тән кейбір ерекшеліктері бар. Мәселен, Мекке мен Мәдина медреселерінде рәй (ақылдан туындаған көзқарас) мен қияс (салыстыру) көп қолданылмаса, ал Ирак медресесінде рәй мен қиясқа өте көп мән берілгендігі байқалады. Сонда да болса, көзқарастары түйісетін жерлері де бар. Мәселен, исрайлияттың тәпсір ғылымына енуі, шамамен барлық тәпсір медреселерінде ортақ болды. Екіншісі тәпсір, тәлаққи және риуаят әдісі дәл сол қалпында сақталды.
Кейбір табиғин тәпсіршілердің медреселермен байланыстырылып аталуының себебі, тәпсірге қатысты мағлұматтарды көбінесе бұл медреселердің құрушылары саналатын сахабалардан алып әрі олардан риуаят еткендіктен. Бұлар басқа сахабалардан да риуаят етті. Бұл тәпсіршілер көбінесе ұстаздарынан тікелей сабақ алып, олардан риуаят еткені сияқты, бір себеп арқылы тәпсір алғандар да болды. Тәпсір медреселері мыналар:
1. Мекке медресесі: Бұл медресенің алғашқы ұстазы Абдуллаһ бин Аббас (қ. 68687 ж). Осы медреседе ілім алып, тәпсір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тафсир ілімінде әсбабун нузул мәселесі және оның маңыздылығы
Сәләф және сәләфиліктің мағыналары және айырмашылықтары
Ислам ілімдерінің қалыптасуы және дамуы
Әбу Ханифа және мүржия мәселесі
Аср-и сағадат және табиғин дәуірінде сенім (ақаид)
Ұлық имам – Имам Ағзам Әбу Ханифа
«Сәләфизм» ағымы туралы
Қасиетті Құран Кәрімнің түркі тіліндегі алғашқы аудармалары
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ РАДИКАЛДЫ ИСЛАМ АҒЫМДАРЫ
Тәпсір әдістемесі
Пәндер