Тарих ғылымын зерттеу мен оқытуда жаңа бағыттар мен ұстанымдарды айқындау



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Тарих ғылымын зерттеу мен оқытуда жаңа бағыттар мен ұстанымдарды айқындау

Еліміздің тәуелсіздік алуы Қазақстан тарихы ғылымын зерттеу мен оқытуда терең бетбұрыстар жасады. Ең алдымен өзгеріс ғылыми-зерттеу жұмыстарының теориялық-методологиялық негіздерін қамтиды. Бұрынғы тар шеңберлі, қасаң таптық позицияға негізделген методологиядан, жалпы адамзаттық құндылықтарды басшылыққа алған және ұлттық мүддеге негізделген методологияға бағыт алынды.
Тәуелсіз Қазақстан тарихшылары өз халқының тарихын ешкімге жалтақтамай ана тілінде жазуға мүмкіндік алды. Қазақ тілінде кандидаттық, докторлық диссертациялар дайындалып, қорғалды және монографиялық зерттеу жұмыстарды дүниеге келді.[1]
Тарихты оқыту-өзара байланыста және үнемі қозғалыста болатын құрауыштардың басын біріктіретін өте күрделі процесс. Ол оқыту мақсаты- оның мазмұны- білім беру және оны игеруге басшылық жасау- оқушылардың оқу әрекеті- оқыту нәтижиесі деген тізбекті құрайды. Оқыту процесіндегі қозғалыс оның ішкі қайшылықтарын жою барысында іске асады. Тарихты оқыту процесінің диалектикалығы сияқты әдістемені оқып-үйрену де үнемі даму үстінде болады. Тарихты оқыту әдістемесі қоғам алдында тұрған жас ұрпақты тәрбиелеудің кешінді міндеттерін іске асыруға қызмет жасайды.
Тарихты оқыту әдістемесі тарих ғылымдарымен бірге философия, әлеуметтану, мәдениеттану, педагогика, психология, дидактика талаптары логика сияқты ғылым салаларымен тығыз байланыста дамиды. Бұл салалардың материалдарын пайдалану шығармашылық сипат алады, өйткені әдістеме пәні оларды тарихты оқыту процесін жетілдіру мақсатында пайдаланады.[2]
Ал тарихты қалай зерттеу керектігін дүниежүзі тарихшылары әлдеқашан анықтап, тарих ғылымының теориялық-методологиялық негіздері мен зерттеу тәсілдерін жасап қойған. Бүгінде өркениетті елдерде тарихты зерттеудің әбден қалыптасып, пісіп-жетілген бірнеше жолдары бар. Біз әлемдік тарих ғылымының оң нәтижелерін негізге ала отырып, соларға сүйене отырып, төл тарихымызды өзінің ерекшеліктеріне сай зерттеуіміз керек. Сондықтан қазақ тарихын зерттеу үшін кәсіпқой тарихшылар алдымен тарих ғылымының озық технологиясын, теориялары мен методологиясын және зерттеу әдістерін меңгерулері керек. Тарихшы үшін әдіс дегеніміз- деректермен жұмыс жасай білу, яғни деректану ғылымын меңгеру деген сөз. Сонда ғана тарихшылар тарихты нәтижелі, сапалы түрде зерттеуге мүмкіндік алады. Әрине, тарихшы нақты дерекке сүйенуі керек. Бірақ ғылым үшін ол жеткіліксіз. Себебі дерек тарих ғылымның шикізаты ғана. Сондықтан оны өңдеуден, яғни деректанулық талдаудан өткізіп, пайдалануға жарамды ету қажет. Бүгінгі Қазақстанның тарих ғылымының ең осал жері де осында. Бұл өте күрделі мәселе. Оны түсіндіру үшін тарих ғылымының ішкі мән-мазмұнына тоқтала кетейік. Жалпы, ғылыми танымда да, ғылыми білімде де екі деңгей бар. Біріншісі - эмпирикалық деңгей, ол - тәжірибе арқылы танып, білу. Ол әдеттегі білім дегенге саяды. Яғни сыртқы ерекшеліктерге көңіл бөлу, суреттеу арқылы жүретін таным деңгейі деген сөз. Біз осы күнге дейін қазақ тарихын осы эмпирикалық деңгейде танып, жазып келдік. Біздің тарихымыз ауызша тарих айту дәстүрі туындыларында: шежірелерде, дастандарда, батырлар жырларында, яғни фольклорда бейнеленген. Тарихта болған оқиға, не құбылыс сол туралы айтылған өлең, жыр-дастандар арқылы ауызба-ауыз тарап, кейінгі ұрпаққа жетіп отырды. Халық сол арқылы өзінің өткенін білуге деген сұранысын қанағаттандырды. Демек, бұл, сөз жоқ, өте үлкен кезең болып табылады және эмпирикалық деңгей өз міндетін жақсы атқарды деп айта аламын. Дегенмен эмпирикалық деңгейде қалып қоюға тағы болмайды. Ол деңгейде қалып қойсақ, өткенімізді тек сыртқы көріністері арқылы ғана танитын боламыз. Эмпирикалық деңгейден жоғары таным деңгейі - теориялық деңгей деп аталады. Эмпирикалық деңгей тарихтың сыртқы көрінісін суреттейді дедік пе, ал теориялық деңгей болса оның ішкі мәнін ашуға мүмкіндік береді.
Зерде категориясы мен шежіре айту дәстүрі ұлттық тарихи білімнің қалыптасуы мен дамуындағы ең басты буын болғанмен, біз жалпы ұлттық тарихи білімнің қалыптасуы мен даму бағытын тұрмыстық,ғылымға дейінгі және ғылыма-теориялық деп 3-ке жіктеп, оның ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі құрылымын 7 дәуір, 5 кезеңге бөлуді жақтаймыз:
1-ші бағыт (тұрмыстық тарихи білім) 2 кезеңнен тұрады:
а) Тарихи білімнің пайда болу кезеңі;
б) Дәстүрлі тарихи білімнің қалыптасу кезеңі.
Бұлардың әрқайсысы жеке-жеке дәуірге бөлінеді. Осы арада тарихта айтылатын тас дәуірі мен алғашқы қауымдық құрылыс аралығында қалыптаса бастаған тарихи білімді түгелімен 1-ші дәуірдің үлесіне кіргіземіз. Осы дәуірдегі тарихи білім нышандары табиғат құпияларын білуге ұмтылу сияқты философиялық ұғым шеңберінде бой көтере бастайды. Ал тарихтағы сақ-үйсін дәуірі мен түркі дәуірі аралығында дами бастаған тарихи білімді 2-ші дәуір үлесіне кіргіземіз. Бұл дәуірдегі тарихи білім нышандары философиялық ұғымдағы зерденің төменгі сатысы-пайымдау арқылы мүмкін болады.
2-ші бағыт (ғылымға дейінгі тарихи білім) үлкен бір кезең барысында қалыптасқанмен, бұл кезең 3 дәуірге бөлінеді (III-IV-V дәуір). 3-ші дәуір қазақ жеріне арабтардың келуінен Ақ Орданың дүниеге келуі аралығын қамтыса, ол философиялық ұғымдағы дін арқылы болжау нәтижесінде болған тарихи білімді дүниеге әкелді. Осы 2-ші бағыт ішіндегі 4-ші дәуір қазақ хандығының қылаптасуынан бастап, Ресейге еріксіз бодан болған тұстағы ұлттық тарихи білімнің пайда болуын философиялық ұғымдағы зерделеудің нәтижесі деп түгінгеніміз жөн. Ал 2-ші бағыт ішіндегі 5-ші дәуірдегі ұлттық тарихи білім, ұлт-азаттық қозғалыстар арқылы бой көтеріп, зар-заман ақындары арқылы қазақ-демократ-ағартушыларының көзқарастарына ұласса, бұл үрдіс философиялық түсініктегі зерделі сын арқылы жүзеге асты.
3-ші бағыт (ғылыми-теориялық тарихи білім) 2 кезең және 2 дәуірге бөлінеді. Мұндағы 1-ші кезең, 6-шы кеңес дәуірі кезінде саясат арқылы жүйелі жолға түсіп, 1935 жылдан бастап идеологиялық жағынан қыспаққа алынған тарихи білім. Ал есеп бойынша, 5-ші соңғы кезендегі ұлттық тарихи білім 7-ші тәуелсіздік дәуірімен бірге келіп, қайта жаңғырып отыр.[3]
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін 1995 жылы дүниеге келген Қазақстан Республикасында тарихи сананы қалыптастырудың тұжырымдамасында Қазақстандағы тарихи білімнің іргелі принциптері айқындалып, негізгі басымдықтары анықталды. Ақыры Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1998 жылдың Отандық тарих жылы деп жариялануының өзі еліміздің динамикалық дамуына, ұлтттық мәдениеті мен руханиятының өсуіне, қазақ халқының сана сезімінің жандануына арқау болып, жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды шығаруға жол ашып берді.
Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің 1998 жылғы 21 тамыздағы № 465 бұйрығымен бекітілген қоғамдық гуманитарлық пәндер циклына арналған Қазақстан Республикасы орта білім мемлекеттік стандартының бірінші кітабында тарихи білімнің сипаты былай түсіндірілген: Қоғам мүшелерін қажетті дәрежеде тарихи білімммен қаруландырмай, оларда тарихи сананы қалыптастырмай, ешбір мемлекет тарихи дамудың жоғарғы сатысына жете алмайды. Бұл стандартта тарихи білім мазмұнын іріктеуде ұлттық деректердің басыңқы болуына көңіл бөлініп, ғылымда ұзақ уақыт бойы үстемдік еткен Европацентрлік ұстаным мен коммунистік идеологияның солақай саясаты сыналды. Бұның өзі Тәуелсіздік жағдайындағы тарихи білімнің құрсаудан шығуына көмектесіп, оның ұлттық белгідегі өрісін кеңейте түсті.[4]
Ал 2002 жылы Қазақстан мектептеріне арналған жаңа стандарт бойынша мектепте Тарих пәнін оқытудың жалпылы мақсаттары ықшамдалып, отандық тарихты оқыту арқылы оқушыларға бүкіл адамзат жасаған құндылықтар мен мәдени-тарихи тәжірибенің нәтижелерін табыстап, меңгертудің барысында олардың санасында жүйелі білім негіздерін қалыптастырудың жолдары қарастырылған.Стандартта діннің тарихтағы қызметін дұрыс түсіне білуге тәрбиелеу міндеттері көрсетіліп, Тарих оқу пәнінің оқытатын нысандары нақтыланумен бірге, оның таяудағы даму болашағы айқындалған. Жаңа тарихи сана қалыптастыру ісіне Елбасы көңіл бөліп, бағыт-бағдардың кең болуын еске салды: Бүгінгі таңда біз, әлеуметтік даму динамикасын ескермесек, өзгелердің даму қарқынына қарап отырмасақ, тарих шеруінің соңында шаң қағып қалуымыз әбден мүмкін.[5]
Н.Ә. Назарбаевтің бұл сөзі қазіргі әлемдік мәдениет дамуының Мәдениет- Білім- Тарих болсын деген ұсынысымен де үндеседі. Қазіргі кезде тарихты оқытудың мақсаттарын айқындау одан әрі жалғасуда. Соған сәйкес мынадай міндеттерді атауға болады:
- ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды құрметтейтін, табиғаттың мәдениеттің және қоршаған ортаның байланыстарын қорғау қажеттілігін сезіне білетін отансүйгіш азамат тәрбиелеу;
- оқушыларды қоғам мен адамзаттың ежелгісімен, бүгінімен таныстырып, оларды өткен бабалардың әлеуметтік, адамгершілік тәлім-тәрбиесін ұғынуға бейімдеу;
- қазіргі қоғамға кіріккен және жетілдіруге ұмтылытын тұлға қалыптастыру;
- тұлғаны ұлттық және әлемдік мәдениетке кіріктіруге бейімдеу;
- тарихи білімдер мен әдістерді қолданып, қоғамдық ойдағы жаңа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан тарихы ғылымы тәуелсіздік жылдарында (1991-2008 жж)
ПЕДАГОГИКАНЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ ҚОРЫ
Компьютерлік қысқарған әрі ұятсыздау естілетін сөздер
Пәнаралық байланыс педагогика ғылымының ең басты мәселелерінің бірі
Мектепте тарихты оқыту әдістемесінің орны мен рөлі
Тарихты оқытудың әдістемесінің зерттелу деңгейі
Әдебиетті оқыту әдістемесі пән ретіндегі мақсаты
Ұлттық тарихи білімнің даму кезеңдері мен бағыттары
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің даму тарихы жайлы
Педагогика ғылымының салалары мен міндеттері
Пәндер