Деректанудың ғылым ретінде пайда болуының алғышарттары



Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Деректану теориясы пәні, мақсаты мен міндеті.
2.Деректанудың ғылым ретінде пайда болуының алғышарттары және ортақ
заңдылықтары.
3. Деректанудың қалыптасу және дамуының негізгі кезеңдері.
4.Деректану проблемалары мен методологиясы.
5.Тарихи деректерді сыныптау.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Деректану, тарихнамамен қатар тарихшыларды теориялық методологиялық дайындауда негізгі фундаментальдық пәндердің қатарына жатады. Деректанудың фундаментальдығы тарих ғылымының тарих обьектісіндегі-өткен қоғам ретіндегі тарихшыға тікелей берілген емес, ол тарихи деректерді таным арқылы тану арқылы тарих ғылымының субьектісі ретінде қаралады.
Деректану тарихи зерттеудің практикалығынан туындаған. Алғашқы кезде жазба деректер зерттеліп, деректанудың қолданбалы фактілік жағы ескерірілді, ол деректерді тануда нақты тарихи фактілерге жүгінді.
Жаңа деректердің ғылыми айналымға түсуіне байланысты, тарихи деректер және сол тарихи деректердің оқиғалары, процестері әр деректе, әр қырынан көрсетіледі. Деректің оқиғаларды қалай баяндауына байланысты, эмперикалық және апробиралық практикалық жолмен алынған деректер жазба деректерді әдістемелік зерттеу нақты фактілік матиралдарды алуда зерттеу обьектісіне айналды. Жазба деректер заттай деректерден тармақталып бөліне бастады (археологиялық).
Деректердің тарих ғылымындағы табиғатын зерттеу, белгілі әлеуметтік жағдайдағы оның туындау себептерін, осы жағдайдағы деректердің гносологиялық табиғатын тарихи танымның зерттеу обьектісіне айналдыру.
Деректерді таңдау, сыни анализ жасау және зерттеу жұмыстарын жүргізу.
Тарихи зерттеуде деректілік-ақпараттық базалық негізін жасау.
Тарихи зерттеуде терминалогиялық аппаратты негіздеу.
Деректерде анализ жасауда әдістеме жүйесін білу және оның тәжірибеде қолдану мүмкіндігі.
Аймақтық тарихи деректерді зерттеумен танысу. Дерктану пәні архивпен және қосалқы тарихи пәнімен тығыз байланысты.

2.Деректанулық ұғымдар мен терминдер туралы.
Дерек термині бүгінгі күні екі мағынада қолданылып жүр. Біріншісі: Дерек-хабар-ошар, мәлімет, мағлұмат сөздерінің сининимі ретінде. Екіншісі дерек көзі шежірк, жылнама, ретінде жиі қолданып жүр. Тарихи деректер өзінің саны, көлеміжағынан аса көп, мазмұны, түрі жағынан әр алуан.
Демек, деректану түсінік ретінде нақты уақиғалар туралы зерттеушіге жеткен деректерді,(хабар, мағлұмат, мәліметтерді), немесе сол деректерді жеткізген дерек көздерін (шежіре, жылнама)зерттеу, талдау мағынасын білдіреді.
Өткен ғасырдың басында дерек бір ғана мағынада - хабар, мағлұмат, мағынасында пайданылған. Дерек түсінігі трансформацияланып, қосымша мәнге ие болған.

Деректану теориясы

1. Деректану проблемалары мен методологиясы.
Қазіргі таңда тарихи деректердің саны, көлемі, түрі жағынан әртүрлі. Сондықтан тарихшыға оларды бір-бірінен ажырату үшін не оларды жіктеп, не топтау керек. Осыларды топтау, жіктеуде әркім әр түрлі пікір айтады.
Жіктеу - обьективті зарттеуші өлшемдерге негіхделуі керек. Олар обьективті деректердің өзінен шығуы керек. Онда деректерде шындықтың орын алуы, бейнелену заңдары орын алуы тиіс.
Сондықтан жіктеу тек таза техникалық емес, әдіснамалық мәселе. Ол зерттеу тәсілі қызметтерін атқарады. Жалпы, Кеңес үкіметіне дейін ғалымдар тарихи деректерді зерттегенде олардың әлеуметтік тарихын ескермеді. Көбінесе 2 топқа бөлді.
Мысалы, француз Шарль Сеньобус: Өткеннің ізі тікелей, өткеннің қосымша ізі дейді. Лапо-Данилевский: Мәдениеттің қалдығы дейді. Сонымен қатар, фактілерді суреттеу, айту дейді. Кеңес дәуіріндегі жіктеуді ұсынамыз. Кеңес үкметінің алғашқы жылдарында өткен бұрынғы деректанушылардың пікірін қолдады. 1925-40 жж. Тарихшылар мемлекет, идеология, қоғамдық қозғалыс тарихи тақырыптар бойынша жіктеді. 40-50 жж. Академик Тихомиров деректерді 5 топқа бөлді: заттай, лингвистикалық, этнографиялық, ауызша, жазбаша. Тихомиров жазба деректерді 2-ге бөлді. Яғни, құжаттық және баяндаушы деп. Ол деректерді шығу тегіне қарай бөлді. ХХ съезден кейін деректерді типологиялық жіктеу қалыптасады.
Типтік жіктелу - деректердің мазмұны мен формасының сәйкестік принципіне негізделген. Ақпаратты алу, сақтау тәсілдерімен ерекшеленеді.
Типтік жіктелудің 7 түрі бар. Олар: жазба, лингвистикалық, заттай фото-кино құжаттар, этнографиялық - фоно құжаттар, фольклорлық.
Жоғарыда айтқан жіктеу пайда болу мазмұны, формасы ескеріледі. Бұл жіктеу барысында нақты жіктеу жоқ.
Ковальченконың деректану оқулығында мынадай типтерге бөледі: заттай, көркемсурет, графикалық тип, жазба, фото құжат.
Деректерді пайда болу тегі, сыртқы ерекшелігі қарай үлкен немесе шағын топтарға бөледі.
oo заттай деректер археологиялық ескерткіштерінен бастап қазіргі дамыған техника-машиналарға дейін;
oo көркемсурет сурет өнерінің барлық саласы;
oo сөздік деректер күнделікті сөйлеу мәдениетінен бастап, халықтың шығармашылық ескерткіштері;
oo жазба деректер тұрмыста, мінез-құлықта қалыптасқан дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар;
Жалпы, көптеген тарихи деректер бір типке жатпайды., бұлар аралас типтерді құрайды.
Мысалы, бір деректер бірнеше типтерге жатуы да мүмкін. Жазба деректер өте көп мөлшерде кездесетіндіктен, оларды әр түрге бөледі. Бұндағы негізгі принцип оның формасы мен мазмұнының мақсаты бірлігі осындай жағдайды ескергенде Н.У.Пушкарев жазба деректерді екіге бөледі:
Құжаттық:
oo картографтық
oo статистикалық
oo актілік
oo концелярлық
Баяндаушы:
oo жеке (хаттар, күнделік, заманхат);
oo көркем (очерк, роман, лирика, проза);
oo тарихи (повесть, жылнамалар, әдебиеттер);
oo ғылыми (тарихи, философиялық, әлеуметтік еңбектер).
Жоғарыда айтылған дерек түрлері ең соңғысы емес.


Деректану методы

1. Деректанулық сын.
Деректерде бейнеленген тарихи оқиғаларды қалпына келтіретін тәсілдерді деректанулық сын дейді
Ресей тарихы бойынша тарихи деректер бірінші болып сыннан өткізген В.Н.Татишев . Ол қажетті дүниені қажетсізден айыра білу Мықты тарихшылардың Еңбектерін өзіне сын көзбен қарауды ұсынады.
oo Автор өзі айтып отырған оқиғаға қатысқан ба?
oo Егер қатысса сол кезде өмір сүрді ме?
oo Автор неге сүйеніп жазды?
oo Көп жыл өткен соң сол іске қатысқандығын жазып алды ма?
oo Авторы кім? өз отаны кім? әлде шетелдік пе?
Л Шлецер 1735-1809 жылдары тарихи сынды үш топқа бөлу арқылы жіктеген:
1.Кіші сын (сөзді сынау) түпнұсқаны анықтау.
2.Грамматикалық және тарихи талдау. Автордың қандай сөзді пайдаланғанын және не айтпақ болғанын анықтау. Жоғарғы сын. (дерек автордың пікірі дұрыс па, рас өтірік пе, көз жеткізу. Бұнда автордың оқиғаны қаншалықты білетіндігін анықтау. В.О. Ключевский ғылыми талдауды екіге бөледі: Философиалық сын (ежелгі қол жазбаны дұрыс оқи білу). Фактілі сын жазудың көзқарасын анықтау дейді.
Жазба дерктерді ғылыми сынның негізгі ережелері белгілі деректанушы А.С. Лапо-Данилевскийдің еңбектерінде жан-жақты көрсетілген. Ол екі кезеңнен тұрады. І-кезең-сыртқы сын және ІІ-кезең ішкі сын.
Тарихи деректерге мұндай көзқарас алдыңғы парагровта айтылған белгілі француз ғалымдары Ш.Лангуа мен Ш.Сеньбосқа да тән болды. Олардың Москвадан 1889 жылғы шыққан Ведение в изучение истории деген еңбегінде шынайылықта айқындау автордың көңіл күүйін анықтау арқылы жүреді-дейді.
2. Деректанулық талдау методикасы мен принцптері.
Ғылыми еңбектерде, деректану бойынша жүргізілген кәзіргі зерттеулерде деректанулық талдау жүйелі теориялық негіздемеге ие болды. Методика нақты зерттеу тәсілі деген ұғым болса, метод жалпы зерттеу деген ұғымды білдіреді. Сондықтан методтың ауқымы кең, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шежіренің деректік маңызы, орның ерекшелігі
Деректану теориясының әлеуметтік табиғатын ашу
Деректердің тарих ғылымындағы табиғатын зерттеу
Көне және жаңа замандағы тарихи - философиялық ойлар. ХХ ғасырдағы тарих философиясы
Ежелгі дәуір әдебиетінің қазақ әдебиетінде алатын орнын анықтау
Шайбанилық Әбілқайыр хан
Халық Ағарту Комиссариаты қоры құжаттарының Қазақстанның мәдени даму тарихындағы деректік маңызы
Деректанудың даму тарихы
Тарихи деректерді жіктеу
Қазақстанның орталық және жергілікті мұрағаттар қорлары құжаттары саяси репрессиялар тарихының дерек көзі
Пәндер