Тарихты зерттеудің көлемдік тәсілі



Пән: Мұрағат ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Тарихты зерттеудің көлемдік тәсілі
Жиырмасыншы ғасырдың ортасында батысевропалық тарихнамамен АҚШ-тың тарихнамасында тарихи зерттеудің көлемдік тәсілі кең тарала бастады. Бұл жаңа деректердің жаппай табылуына байланысты еді. Осымен қатар бұрынғы белгілі тәсілдерді қайта ойластыру қажет болды. Бұл жаңалықтар бірінші кезекте экономикалық және әлеуметтік тарихты қамтыды, бірақ жекелеген салалардың біреуі бұл өзгерістерден тыс қалған жоқ. Жиырмасыншы ғасырда тарих ғылымының өзінде назар басым түрде атақты адамдар, жеклеген индивидтерден әлеуметтік көпшілік жаққа қарай ауды. Тарих бұл жерде экономика мен социологияға жақындасты және не олардың тәсілдерін пайдалану немесе олардың жарамдылығын тексеру қажет болды. Сонымен қатар алпысыншы жылдары батыс әлемде компьютерлер арзандап және қолға түсімді бола бастады, сәйкесінше олармен өңделетін ақпараттың спектрі кеңейіп, орындалатын операциялардың көлемі ұлғайды.
Көлемдік тәсілдер кейбір жағдайларда мәселені шешуде анағұрлым нақты ақпарат бере алды. Ал бұрын олар туралы тек жалпылама бағалау талдаулары жүргізілетін. Мысалы: жаңа заманда бақылаушылардың айтуынша адамдардың бойының өсу тенденциясы көрсетілді, себебі сол кезде жанұядағы ұлдар мен қыздардың бойлары ата- аналарымен салыстырғанда жоғары болды. Британдық тарихшылар бұл мәселені шешу үшін әскерге алу туралы құжаттар мен қайырымдылық ұйымдардың материалдарын апйдалаеа отырып бұл тенденцияның нақты іске асуын көрсетті. Олар осы құбылыс он тоғызыншы ғкасырдың ортасында атлған құбылыс тоқтап , тіпті әлеуметтікң төменгі қабаттарда керісінше жүргенін айқындады. Сонымен қатар аристократия мен кедейлердің бой мөлшері арасында үлкен айырмашылық болғанын айшықтады. Жуық уақытқа дейін Жаңа әлемге әкелінген африкалықтардың саны шамамен он бес он тоғызыншы ғасырлар арлығында он бес жиырма миллион деп саналды. Және бұл көрсеткішщ негізінде тек болжамдар бойынша айтылды.. Содан кейін Филипп Куртин Атлантическая работорговля: перепись (1969) атты зерттеуінде әртүрлі кезең мен аудандар туралы деректерді пайдалана отырып 8 - 10, 5 млн құлдар болғанын анықтады. Бұл мәселе төңірегінде дискуссия жалғасуда, бірақ енді аталғакн санның төңірегінде. Тек көлемдік анализ сонымен бірге әртүрлі құбылыстар бойынша бақылаушылардың келтірген деректерін тексеруге мүмкіндік жасады. Мысалы: жиырмасыншы ғасырдың басында көптеген британдық жұмысшылардың көбі сауатты болды немесе ағылшын әйелдері тұрмысқа кеш шығатыны туралы мәліметтерді тексеру сияқты. Көлемдік тәсілдің сапалық белгілері туралы талқылаулар модификация мен нақтылауға ұшырады. Бұл тек жалпы тенденцияларды ғана емес, сонымен бірге вариациялар мен қосымшаларды анықтауға мүмкіндік жасады.. Көлемдік тәсілдер негізінде көптеген ірі қоғамдығ үрдістер мәселесін шешуге мүмкіндік туды. Мысалы он сегізінші ғасырда қандай факторлар дың әсерінен Англияда халық санынң өсуі жүрді және бұл үрдістің сандық көрсеткіші қандай. Зерттеушілер атаулы мәселерді шешуде тар арнаулы статистикалық тәсілдерге сүйене бастады және көптеген баспа органдарындағы басылымдар, атап айтсақ Economic History Review, Journal of Economic History сияқты зерттеулер арнайы дайындықсыз қолға түсімсіз болды. Бірақ жалпы тарихшылар осы тәсілдердің пайдасы туралы өзіндік түсініктерін қалыптастырды. Көлемдік тәсілдер аса қажет және анағұрлым нәтиже берген тарихи демография мен онымен байланысты демография саласының мәселелерін шешу көлемдік мәліметтерсіз мүлдем мүмкін емес және кейбір кезеңдер үшін қарапайым халықтың саны анықтау аса қиындық тудырады, сонымен қатар қоғамдық өмірді түсіну үшін халықтың жас ерекшелігі, жынысы, шаруашылық көлемі, жұмысшылар туралы мәліметтердің маңызы зор. Және туу көлемі , өлім, неке саны туралы зерттеулердің маңызы да зор. Өмірдің негізгі тіршілік көзі өмірлік әрекет болған индустрия алды кезеңінде демографиялық процесстер әлеуметтік және экономикалық өмірдің басты индикаторы болды.. Тарихи демография негізінде Аналдар мектебінің тотальды тарих концепцияларын іске асыру әорекеті жасалды. Әсіресе Эммануэл Ле Руа Ладюридің еңбектерінде.Тарихи демография деректердің негізгі екі түрін пайдаланады: 1. нақты уақыт аралығындағы бүкіл елдің немесе жеке ауданның халқының саны туралы мәліметтер және 2.белгілі аудандағы өмір мен демографиялық көрсеткіштер туралы жазба мәліметтер. Қазіргі таңдағы анағұрлым анық деректер беретін тарихи - демографиялық зерттеулер алғаш рет он сегізінші ғасыр ортасында скандинав елдерінде жүргізіле бастады. Алғашқы халық санағы 1801 жылы Британияда жүргізілді, одан соң ол он жылда бір рет өткізілетін болды. 1841 жылдан кейін санақтан өткен әр адамның . фамилиясы көрсетілді. Ерте кезеңдік зерттеулер үшін қажетті салық ведомостьтары, шіркеудің кітаптық жазбалары жетті, бірақ олар бүкіл халықты қамтымады. Деректердің екінші түрі бойынша Европада приходтық кітаптардың маңызы зор. Мысалы олар Англияда 1538 жылдан жүргізілді. Бұл жүйе Англияда 1837 жылға дейін азаматтық тіркеу енгізілгенге дейін жұмыс жасады. Приходь кітаптарының негізінде туудың бүкіл ұлттық деңгейін, өлім мен неке санын есептелінеді. Осылайша халық санының өзін есептеуге болады. Бұл агрегативті анализдің мысалы болады. Осы ақпараттар негізінде оның өсуі мен азаюы белгілі болғанда номиналды анализ- жанұя өмірі динамикасының реконструкциясын жасау мүмкіндігі бар..
Көлемдік тәсілдер сонымен қоса қоғамның әлеуметтік құрылымын зерттеуге жәрдемдесті. Бұның да дереккөздері тарихи демографиянікімен бірдей, себебі бүкіл халықтың саны оны әлеуметтік тұрғыдан топтарға бөлудің потенцалды мүмкіндігіне ие. Осының негізінде үй шаруашылығының құрылымы мен көлемін зерттеу мүмкіндігі бар. Қазіргі британ тарихшылары соңғы зерттеулерімен индустрия алды кезеңдегі батыс европалықтарға шаруашылықтың жанұялық типтегі үлкен жанұялар деп аталатын түрі тән болды деген тұжырымды орнынан тайдырды. XIX ортасынан бастап санақ анкетасына тіркелетін тізімнің саны ұлғайды және әлеуметтік-демографиялық үрдістерді одан да терңірек зерттеуге мүмкіндік беретін жұмыстың методологиялық негіздері жасалды. Көлемдік тәсіл өз қолдануын саяси тарих саласынан да тапты. Әсіресе олар британ саяси ғылымында псефология днп аталатын саладағы электораттың тіршілігін зерртеуде пайдаланылды. Британияда . 1872 жылы сайлау туралы заң енгізілгенге дейін сайлау ашық түрде өтті, яғни әр дауыс жеке тіркелді.Сайлаушылардың табыстарын қоса есепке ала отырып, олардығ діни және әлеуметтік жағдайларын талдау арқылы он тоғызыншы ғасырдағы Британия партияларының әлеуметтік базасы туралы қорытынды жасалынады. Көлемдік тәсілдер сонымен бірге саяси элитаны зерттеуде қолданылады, өйткені бірнеше биография шеңберінде ғана жасалған ол туралы бейне сонда да толық болмайды. Аталған мәселені шешудің жолы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Палеография және оның проблеммалары
Палеография ғылыми саласы
Ежелгі Шығыс тарихы
Деректану және тарихнаманың теориялық-методологиялық мәселелері. Дәрістер кешені
Қайта өрлеу және ағартушылық кезең тарихнамасына лекция мәтіндері
Тарихты оқытуда әңгімелеу және бейнелеу тәсілдері
Мектепте тарихты оқыту әдістемесі пәні
Гидродинамикалық модель құруға арналған негізгі кіріс деректер
Интерактивті тарихи мұражайды жобалау
Мектепте тарихты оқытудың әдістемесі – педагогикалық пән
Пәндер