Татар ұлтының материалдық және рухани мәдениеті



Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Татар ұлтының материалдық және рухани мәдениеті

Уикипедия жобасынан алынған мәлімет

Мында өту: шарлау, іздеу

Мазмұны

1 Татар тілі
2 Діни сенімдері
3 Дәстүрлі кәсіптері
4 Татардың дәстүрлі киімдері
5 Татарлардың дәстүрлі тағамдары
6 Ұлттық мейрамдар

Татар тілі

Қазіргі татар тілі алтай тобы құрамындағы түркі тілдерінің куман тобының қыпшақ топшасына жатады. Еділ бойы татарларының тілі түрлі түрік компоненттері нығаюының нәтижесінде қалыптасты және ежелгі түркі тілінің мұрагері болып табылады. Сонымен бірге оған угрофиндік, славян, араб және парсы тілдерінің тигізген әсерін де мойындау керек. Түркі әдеби тілі негізінде 15 ғ. қазандықтар, астрахандықтар, приокск қыпшақтары (мишарлар), башқұрттар, сібір татарлар, қазақтар мен қырғыздар қарым-қатынас құралы болған ежелгі татарлардың әдеби тілі қалыптасты. 19 ғ. халықтық сөйлеу тілі мен ежелгі татар әдеби тілінің байлығын игерген қазіргі татар тілінің қалыптасуы жүрді.

Ислам дінін жаппай қабылдағаннан бастап араб графикасына өтіп, 20 ғ. ол латын, кейін кириллицаға ауыстырылды.

Діни сенімдері
Діни сенімдері - ислам, сунит ағымы. Татарлардың аз бөлігі праволовиелік бағыттағы христиан дінін ұстанады. Қазіргі татарларды антропологтар моңғол нәсілінің аз белгілері (14%-ға дейін) бар жерорта теңізі нәсіліне жатқызады. Татар этнонимі Байкал көлінен оңтүстік-шығысқа қарай қоныстанған тайпалар арасында 6-9 ғғ. пайда болды. Бұл атау 13-14 ғғ. Алтын Орданың кейбір халықтарына таралды. 16-19 ғғ. Ресейдің шеткі аймақтарында өмір сүрген көптеген түркі тілді халықтарды татарлар деп атаған. Олардың кейбіреулері үшін татар атауы өзіндік атау (өзінше атауы) болып қалды.

Дәстүрлі кәсіптері

Дәстүрлі кәсіптері -- жер өңдеу және мал шаруашылығы. Ежелден қолөнердің алуан түрі: сүйектен ойып бұйымдар жасау, металлургиялық өндіріс, мыс өңдеу, құмыра жасау, зергерлік өнер дамыды. Асыл металдардан, оларға көгілдір ақық, сердолик, топаз және інжу-маржан сияқты қымбат тастарды т.б орнатып зергерлік әшекейлер жасаған. Бұлғар-татарлардың шеберлері чеканка мен оймалауды, құю және қарайту, сонымен қатар күрделілік жағынан түрлі таспаны пайдаланған. Көркемдік жағынан безендендірілген мерекелік теріден жасалған етіктер, сонымен қатар күнделікті киетін өкшесі жоқ жұмсақ етіктер халық арасында үлкен сұранысқа ие болды.

Татардың дәстүрлі киімдері

Жағасында тігінен ойығы бар жейделер ерлердің күнделікті киім болып табылады. Жейделердің етегі ұзын, қарттар мен балалардың жейдесінің ұзындығы тізеге дейін жететін болған. Жейделер ашық түсті: ақшыл-қызғылт, сұрғылт маталардан тіккен. Ерлердің шалбарлары кең адым жасауға арнап жасалған. Шалбарлар қарт ер адамдар үшін ерекше кең түрде жасалады. Шалбардың жоғарғы бөлігі қысқа және тоқыма бау орнатылған. Жейденің сыртынан камзол киген, олардың астары бар және қара түсті материалдан тігіледі. Камзол белді толығымен қамтып, төмен жағы кең болып келеді. Түрлі бір түсті маталардан ерлердің ұзын сыртқы киімі жилэн (джилян) тігілген. Ол камзол немес казакиннің сыртынан киіледі. Қара түсті майда матадан тігілген джилян чикмэн (чикмень) деп аталады. Чикменді қалың матадан қайырма жаға салып тігеді. Джилян мен чикмень түркілердің кең тараған киім түрі - шапанның татарлық нұсқасы болып табылады. Мақтадан жасалған ұзын казакин - бишмэтті қысқы тонға көшер алдында киетін болған. Бишметті тігуге сонымен қатар аң терісін қой, түлік терілерін пайдаланған. Бұл киімдердің барлық түрлері белбеумен белденген. Белбеулер ұзындығы бес метрге дейін жететін түрлі түсті матадан тұрады, ұштары шашақпен безендендірілген.

Татар әйелдерінің кең тараған киім - етек жағы ұзын көйлек. Көйлек шашақтармен, шілтермен, кестелермен өрнектеліп тігіледі. Көйлектің сыртынан камзол киген. Әйелдердің камзолы ерлердікінен түрлі кестелермен ерекшеленеді. Әйелдердің камзолының жағасына, өңірлеріне, етегіне әдетте ұзын түрлі түсті мата, позументпен, аң терісі тігіледі. Әйелдердің камзолы жеңсіз болады. Әйелдер сонымен қатар тондар, бишметтер, джилян киеді, олар ерлердікінен сәнділігімен ерекшеленеді.

Ерлердің бас киімі тақия болып табылады. Тақиялар барқыттан, ши барқыт, парча, жібек және т.б. маталардан тігіліп, әшекейленеді, әсіресе балалардың тақиясы. Тақияның сыртынан киізден жасалған жазғы шляпа, аң терісінен салынған жұрыны бар құлақшын, мұнара түрінде жасалған қысқа бас киім және т.б ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Татардың дәстүрлі киімдері
«Оңтүстік Қазақстандағы татарлардың арасындағы этнотілдік үрдістер»
Шетелдегі түрік диаспорасының қалыптасу тарихы
Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы
Алаш қозғалысы және оның Қазақ халқының ұлт-азаттық күресіндегі рөлі жайлы
«Түркі халықтарының тарихы» пәнінен оқу-әдістемелік кешен
Қытай халық құрамындағы түркі тілдес халықтар
ҚАЗАҚСТАНДА ТҰРАТЫН ӨЗГЕ ҰЛТТАР МЕН ЭТНОСТЫҚ ТОПТАР
Моңғолстан
Ұлт тілі тарихының деректері
Пәндер