Телекоммуникация желілері және электрлі байланыс жүйелері


Телекоммуникация желілері және электрлі байланыс жүйелері Дәрістің мақсаты: Телекоммуникация желілері және электрлі байланыс жүйелерінің ерекшеліктерімен танысу. Мазмұны : 1) Дискретті ақпаратты тарату жүйелері. 2) Ақпаратты тарату және бөлу жүйелері. (Электрлі байланыс желілері) . 3) Ашық жүйелердегі өзара ашық эталондық моделі. 2. 1 Дискретті ақпаратты тарату жүйелері Дискретті ақпаратты тарату жүйелерінің құрылымдық сызбасы 2. 1. суретте көрсетілген. Ақпарат көзі және алушы ақпаратты сигналға түрлендіргішпен бірге ДАТ жүйесінің құрамына кірмейді. а € А символы дискретті ақпарат көзінен кодалық комбинация түрінде түседі, олар бірлік элементтерінен тұрады. Кодалық комбинация кодтың негіздемесімен т және кодалық комбинацияны құрайтын (n-код ұзақтығы) бірлік элементтердің санымен сипатталады. Олар таратылатын символды аί бейнелейді. Кодтың негіздемесі ақпарат көзінен түсетін сигналдың айырымды белгіленген позиция санын сипаттайды. ДАТ техникасында ең көп тартылған негіздемесі 2 кодтар. Мұндай кодтар екілік немесе бинарлық деп аталады. Екілік кодтың негізгі ширек таратылу себебі - қарапайым іске асырылуы, логикалық екілік элементтердің сенімділігі, сыртқы бөгеттердің әсерлеріне аз сезімталдығы және т. б. Сондықтан әрі қарай барлық жағдайда тек екілік кодтар қарастырылады. Хабар көзінен түсетін ақпарат кейбір жағдайда артықшылықты құрайды. Мұның себебі, хабар құрамына кіретін символдар а € А өзара статикалық байланысқан болуы мүмкін. Бұл жағдай хабардың бөлімшігін таратпай-ақ, қабылдау пунктінде белгілі статикалық байланыс арқылы қалпына келтіруге болады. Тура осылай телеграмма жіберген кезде жасалады, өйткені текстен одақты, көмекші сөзді, белгілерді таратудан тысқа шығарады, себебі қабылдап оқыған кезде олар сөз және сөйлем құрудың белгілі ережесі бойынша қайта қалпына келтіріледі. Әрине телеграмманың артықшылығы бұрмаланған сөздердің бөлімдерін оңай түзеуге мүмкіндік береді. Бірақ артықшылық берілген уақытта аз хабар таратылады, сондықтан дискретті ақпаратты таратқан кезде арна тиімсіз пайдаланылатын болады. Сондықтан бұл кезде артықшылық кодер арқылы жүзеге асырылады. Дискретті ақпаратты тарату синхронды және асинхронды болады. Дискретті сигналды синхронды таратқан кезде оның ЗГ басқа таратылған сигналдың бастапқы моментімен керекті тұрақты қатынаста тұрады. Дискретті сигналды асинхронды таратқан кезде оның ЗГ басқа таратылған сигналдың бастапқы моментімен кез келген қатынаста тұрады. 2. 1 Сурет - ПДС көзінің құрылымдық сызбасы Құрылымды сызбаға сәйкес (сурет 2. 1) қабылдау жағында УПС-те алдымен элементтің түрі (0 немесе 1), әрі қарай элементтерден кодалық қиыстыру құрастырылады, әрі қарай декодалау берілген символдың түрін анықтауға мүмкіндік береді. Мұндай қабылдау әдісі дискреттік ақпаратты тарату әдісінде әр элементтік деген ат алды. Кодалық комбинация элементарлық екілік сигналдан тұратын құрамалы сигналдан құрастырылады. Бұл құрамалы сигналды қабылданған құрамалы сигналды эталонмен салыстырып толық өңдеуге болады. Бірақ бұл жағдайда эталондар саны өте көп болып кетеді. Оның саны мүмкіндік кодалық комбинацияның санына тең. Оған қарамастан қабылдау негізінде үлкен дұрыстылығы қамтамасыз етеді, бірақ іске асырудың қиындығының нәтижесінде сирек пайдаланылады. Таратылған сигналды дұрыс қабылдау үшін дискретті сигналды тарату техникасында синхронизация әртүрлі есебін шешуге тура келеді. Синхронизация екі немесе бірнеше процестердің арасындағы анықталған уақытша қатынасты орнату және қамтамасыз ету процесі қызметін атқарады. Мысалы байланыс техникасында қабылдау және тарату жағындағы анықталған фазалық қатынасты орнату және қолдау есебін шешуге тура келеді. 2. 2 Ақпаратты тарату және бөлу жүйелері. (Электрлі байланыс желілері) Жоғарыда қарастырылған СПДС хабар жіберушіден қабылдаушыға хабар тарату бір бағытта жүзеге асырылады, немесе «бір нүктеден екінші нүктеге». Сол үшін екі нүктелі бір бағытты байланыс арнасы қолданылады. Егер хабар көзі және алушы кезек бойынша орын ауыстырса, сигналмен өзара ауысу үшін кезек бойынша екі бағытқа тарату мүмкіндігі бар екі бағытты байланыс арнасын пайдалану керек (жартылай дуплесті режим) . Хабармен бір уақытта өзара ауысу үшін екі бағытты байланыс арнасы көп мүмкіндік береді, олар ақпаратты бір уақытта қарама-қарсы бағытта тарату мүмкіндігін береді (дуплексті режим) . Көп жіберушілер мен және қабылдаушылар арасындағы ауысу керек болғанда абоненттер мен пайдаланушылар деп аталатын саны көп байланыс арналы хабар тарату жүйесін орнату керек. Бұл хабарды тарату және бөлу консепциясын құруға келтіреді, үлкен байланыс жүйесін орнату. СПРС мысалы ретінде көп нүктелі қосылуды көрсетуге болады. (2. 2 суретті қараңыз), бұл жерде ақырғы пункттер (ОП) байланыс сызығы арқылы қосылған және толық байланысқан желі, ақырғы пункттер қайда болса да бір-бірімен «әрқайсысы-әрқайсысымен» принципі бойынша қосылған. Желілердің бұл түрі коммутацияланбайтын болып табылады, ал абоненттер арасындағы байланыс тұрақты бекітілген арна (коммутацияланбайтын) арқылы жүзеге асырылады. Мұндай желілердегі ақпаратты бөліп тарату арнайы қатынас әдістерімен қамтамасыз етіледі немесе ақпаратты таратуды басқару процедурасымен, ол кезде қызметкерлер қандай абоненттер хабармен өзара ауысатыны туралы хабарламаны ескертеді. Көп нүктелі желіде абоненттер саны қөбейген сайын ақпарат таратудың кідірісі едәуір көбейеді, ал толық байланысқан желілерде байланыс сызықтарының саны және аппаратура көлемі елеулі көбейеді. Бұл проблемаларды шешу коммутацияланатын СПРС желісін пайдаланумен байланысты, ол жерде абоненттер тікелей байланыспайды, ол бір немесе бірнеше коммутациялық түйін (УК) арқылы байланысады. Сондықтан, коммутацияланатын СПРС-өзіне ақырғы пункттер (ОП), коммутация түйіндерін және оларды қосатын байланыс сызықтарының жиынтығы болып табылады. 2. 2 Сурет - Көп нүктелі қосылу 2. 3 Сурет - Хабардың толық байланысқан желісі Қазіргі замандағы СПРС негізгі қызметі- пайдаланушыларды кең топтарын әртүрлі ақпараттық қызметтермен қамтамасыз ету, оның санына бірінші кезеңде бір пункттен екінші пунктке хабарды жылдамдық талабын, дұрыстығын, кідіріс уақытын, сенімділігін және құнын қанағаттандыратын нәтижелі жеткізу. 2. 3 Ашық жүйелердің өзара байланысты эталондық моделі Байланыс - өзіне желілердің және электрлі байланыс қызметінің жиынтығын құрастырады (2. 3 суретті қараңыз) . Электрлі байланыс қыз-меті - пайдаланушыларға қызмет беруді қамтамасыз ететін құралдар комплексі. Екіншілік желілер электрлі байланыс қызметтерінде сигналдарды тасу және коммутациялауды қамтамасыз етеді, біріншілік желілер екіншілік желіні арнамен қамтамасыз етеді. Сәйкес қызметтің негізгі құрамдық бөлімі ақырғы құрал болып табылады, олар пайдаланушыларда орнатылады. Қызметтің мысалы ретінде телефондық қызметті алуға болады. Ол пайдала-нушыларға телефондық байланыс, мәлімет тарату және т. б. қызметтерді ұсынады. Қызмет және қызмет көрсету деген түсінік техникалық әдебиетте көп мағыналы түсіндіріледі. Телефон желісінде мәлімет тарату телефон арнасымен мәлімет тарату қызметі ретінде қарастырылады. Сондықтан телефон иесі телефон желісіне модем арқылы компъютерді қосқан кезде ғана қызмет көрсету қызметі пайда болады. Логика бойынша келесі анықтама дұрыс болуы керек. Мәлімет тарату қызметі ретінде біз мәлімет тарату үшін арнайы құрылған байланыс жүйесін түсінеміз немесе аппараттық программалық құралдардың, өңдеу әдістерінің, бөлу және мәлімет тарату процестерінің жиынтығы. Сол бір уақытта мәлімет тарату қызметі телефондық байланыс қызметін көрсету мүмкіндігін береді. Ол документтік электрлі байланыс қызметінің (ДЭС) құрамына кіріп, әртүрлі телефонды емес ақпараттармен ауысу (тарату) мүмкіндігін қамтамасыз етеді. ДЭС қызметінің құрамына телеграф, газет тарату және телематикалық қызметтер кіреді. Әрбір қызметтер көп жағдайда пайдалануы мүмкін, пайдаланушылардың талабына сәйкес қызметтердің түрі ретінде жіктеледі. 2. 4 Сурет - Байланыс архитектурасы 1978 жылы Халық аралық стандартизациялау ұйымында SC16 подкомитеті құрылған, оның мақсаты өзара байланысты ашық жүйенің халықаралық стандартын өңдеу болып табылады. Олар өзара байланысты ашық жүйенің (ВОС) эталондық моделіне сәйкес болған кезде ғана ашық бола алады. Өзара байланысты ашық жүйенің (ВОС) эталондық моделі- стандарт құрудың ең жалпы құрылымын суреттеу болады. Ол әртүрлі стандарттар арасындағы өзара байланысу принципін және ВОс- керек көптүрлі стандарттарды паралелді өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін негізі болып табылады. Бірақ ВОС стандарты тек қана эталондық моделді анықтау үшін емес, эталондық моделді қанағаттандыратын нақты қызметтер жиынтығын және тағы қызметтерді қанағаттандыратын сол үшін іске асырылған хаттамалар жиын-тығы болады. Бұл кезде хаттама деп процедураны анықтайтын және бір- бірімен бір деңгейде жұмыс істейтін жүйелердің өзара қарым-қатынасын анықтайтын құжат. №3 дәріс. Телекоммуникациялық желілердің құрылуының жалпы принциптері Дәрістің мақсаты: Телекоммуникация желілерінің коммутациялау әдістері мен өзара байланысқан желілерді құру принциптерін оқу. Мазмұны: 3. 1 Электр байланыс желілерінің тағайындалуы және жіктелуі. 3. 2 Электр байланыс желілеріндегі коммутациялау әдістері. 3. 4 Өзара байланысқан желілерді құру принциптері. 3. 1 Электр байланыс желілердің қолданылуы және жіктелуі Электр байланыс желілерінің негізгі компоненттері мыналар: - желілік түйіндер және желілік станциялар, мұнда арна құрушы аппаратура орнатылады және арналардың немесе арна топтарының және желілік жолдардың қосылуы орындалады: - Коммутация түйіндері, хабарларды мекен-жайға сәйкес үлестіреді; - Ақырғы пункттер (АП), абонент хабарының кіріс шығысын қамтамасыз етеді. АП абонентте орналасса, абоненттік пункт деп аталады (АП) ; - Концентраторлар және мультиплексорлар, байланыс арналарын нығыздау арқылы өткізу қабілетін жақсартуды қамтамасыз етеді. Арналар магистральды және абоненттік болуы мүмкін; - Көп деңгейлі басқару жүйесі желілік ресурстардың эффектифті қолданылуын қамтамасыз етеді. Электробайланыс желілерінің классификациясы. Классификация келесі белгілерге негізделген; 1. Берілетін хабарлар түріне байланысты: телефондық желі, телег-рафтық, деректерді беру желісі, факсимильді желі, газеттер беру, дыбыстық хабар тарату желілері, интегралдық қызмет көрсетудің цифрлық желілері. 2. Пайдаланушылар категориялары бойынша: жалпыға арналған желілер, ведомствалық, корпоративті желілер. 3. Хабарды беру жылдамдықтары бойынша: төмен, жоғарғы, орта жылдамдықты желілер. 4. Көлемі бойынша (қайту дәрежесі) жергілікті желілер, аймақтық желілер, аумақты (локальды) желілер. 5. Коммутациялау тәсілі бойынша: ұзақ уақыттық (кросстық) коммутациялау, жедел коммутациялаушы желілер, пакеттерді коммутация-лауды (ПК) қамтитын желілер, каналдарды коммутациялауды (КК) қамтитын желілер, хабарларды коммутациялауды (ХҚ) қамтитын желілер, аралас коммутациялауды (АК) қамтитын желілер, адаптивті коммутациялауды қамтитын желілер. 6. Қолданылатын байланыс арналарының түрлері бойынша: сымды байланысты желілер, радио желілер, оптикалық желілер. 7. Желіні басқару тәсілі бойынша: орталықтандырылған басқару, орта-лықтандырылмаған басқару, аралас статикалық, квазистатикалық және дина-микалық басқару. 3. 2 Электр байланыс желілерінде коммутациялау әдістері Каналдар коммутациясының құндылығы келесі: абоненттер байланысы ұйымдасқаннан кейін кез келген уақытта басқа абоненттер жүктеуіне тәуелсіз абоненттер тапсырыс беруге болады; Кемшіліктері: желі ресурстарын дұрыс қолданбауда, егер өзара қызмет етуші абоненттер активті болмаса, тапсырыс (жіберулер) ұзақ үзіліс (пауза) түрінде болады. Жинақтаушы жүйенің 2 түрі бар: - хабарды коммутациялау жүйесі, - пакеттерді коммутациялау жүйесі (ПК) ПК-ң ХК-дан айырмашылығы, хабар толығымен емес, пакеттерге бөлініп жіберіледі. ПК үлкен емес пакеттер ұзындығынан (1000бит) ХК-ға қарағанда алушыға хабарды жеткізу уақытын азайтады және диалогты тарату режимін ұйымдастырады. ПК желілерінде беру мен коммутациялаудың екі режимі бар: виртуальды (ПК-В) және датаграммалық (ПК-Д) режимдер. 3. 2 Өзара байланысқан желілерді құру принциптері Электр байланыстың біріншілік торабы 3. 1 Сурет - Бастапқы желінің құрылымы Бірінші (бастапқы) желі дегеніміз - берілістің типтік каналдар торабын және желілік трафиктерді түзетін беріліс сызықтарының, желілік түйіндердің және желілік станциялардың жиынтығы. 3. 1 суретте бастапқы желіні ұйымдастыру принципіне түсінік беріледі. Территориялық принципі бойынша бастапқы желі мыналарға бөлінеді: магистральды, зона ішілік және бастапқы жергілікті желі. Магистральды бастапқы желі барлық облыстық және республикалық орталықтарды каналдармен байланыстырады. Зона ішілік бастапқы желі, негізінен, бір облыстың аудандарын бір-бірімен және облыс орталығымен түрлі каналдардың көмегімен байланыстырады. Жергілікті бастапқы желі қала территориясымен немесе ауылдық аудан территориясымен шектелген. Олар осы желінің станциялары немесе түйіндері арасында, сондай-ақ абоненттер арасында каналдар (немесе сымдардың физикалық жұбын) ұйымдастыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Зона ішілік желіні және жергілікті бастапқы желіні зоналық бастапқы желі деп атау әдетке айналып кеткен. Алғашқы екі класс желілік түйіндерінің ішінде ең ірісі территориялық желілік түйіндер болып табылады, олар бірнеше өте қуатты кабельдік, радиорелейлі және басқа да желілер қиылысында орналасады. . Желілік станциялар (магистральды, зонаішілік, жергілікті) желінің шеткі нүктелері болып табылады, сәйкес желілік құрылғыдан жырақта орналасады, бұл кезде соңғы байланыс сызығымен байланыстырылады, болмаса желілік түйіндермен біріктіріп орналастырылады. Келісім барлық деңгейлер үшін қабылдану керек: ең төменгі деңгейден - бірлік элементтерді беру деңгейінен, торап қолданушылары үшін қызмет көрсететін ең жоғарғы деңгейге дейін. Ашық жүйеге Internet халықаралық торабы мысал бола алады. 3. 2 - суретте А және В (модель ВОС немесе OSI) ашық жүйелерінің өзара әрекеттесуіне байланысты жалпылама модель ұсынылған. Өзара әрекеттесу жабдықтары жеті деңгейге жіктеледі: қолданбалы, өкілдік, сеанстық, транспорттық, тораптық, каналдық және физикалық. Әр деңгейдің қызметтерін қарастыралық. 1 деңгей - физикалық (Physical layer) электр сигналдарын бірлік элемен-ттер (биттер) түрінде беру үшін физикалық каналдарды орнатуды, біріктіруді, жұмысын қолдауды және ажыратуды қамтамасыз етеді. 3. 2 Сурет - ВОС (ISO/OSI) ашық жүйелерінің өзара әрекеттесу моделі Физикалық каналдарға мыналар мысал бола алады: коаксиальді кәбіл, ширамалы жұп, оптоталшықты кәбіл немесе цифрлық канал. 2 деңгей - каналдық (Data Link layer) міндеттерінің бірі - беріліс ортасына қол жеткізу мүмкіндігін беруді тексеру. Басқа сөзбен айтқанда, бұл деңгейдің функцияларының бірі деректерді беру каналымен байланыс орнату, оның жұмысы қолдау, онымен ажырату болып табылады. 3 деңгей - тораптық (Network layer) каналдық деңгейдің түрлі хаттама-ларын қолданатын бірнеше торапты біріктіруші біртұтас транспорттық жүйе құруға арналған. Біздің жағдайымыздағы торап дегеніміз - топологиялардың біріне біріктірілген және каналдық хаттамалардың бірінен деректерді беруде қолданылатын түйіндер немесе станциялар жиынтығы. Тораптық хаттамалар (routed protocols) - торап арқылы пакеттердің жылжуын жүзеге асырады. Хаттаманың келесі түрі маршруттау хаттамасы (routing protocols) деп аталады. Осы хаттамалардың көмегімен маршрутиза-торда торапаралық байланыстар топологиясы туралы ақпарат жинақталады. 4 деңгей - транспорттық (Transport layer) жоғарғы деңгейлерге (қолданбалы және сеанстық) олардың талабына сай сенімділік дәрежесінде деректерді беруді қамтамасыз етеді. OSI моделі транспорттық деңгей ұсынатын қызметтің бес класын анықтайды. Бұл деңгей қызметінің класын таңдау жоғарғы деңгей хаттамаларымен (траспорттық деңгеймен салыстыр-ғанда жоғары) қамтамасыз етілетін сенімділік дәрежесі ретінде, сондай-ақ төменгі деңгейдегі (транспорттық деңгеймен салыстырғанда төменде орныласқан деңгей) торапта деректерді жіберу сенімділігімен анықталады. 5 деңгей - сеанстық (Session layer) сұхбатты басқаруды қамтамасыз етеді: сеансқа қатысқан жақтардың қайсысы сол сәтте активті екенін тиянақтайды, синхрондау жабдығын ұсынады. Бұл жабдықтар ұзақ хабарларға бақылау нүктелерін қоюға мүмкіндік береді, бұл қабыл алмау жағдайы туындағанда артқа, соңғы бақылау нүктесіне қайтып оралу үшін керек. Тәжірибе жүзінде сеанстық деңгей жекелеген хаттамалар түрінде сирек жүзеге асырылады. 6 деңгей -өкілдік (Presentation layer) берілетін ақпаратты оның мазмұнын өзгертусіз көрсету формасымен жұмысты қамтиды. Осы деңгейдің арқасында бір жүйенің қолданбалы деңгейімен берілетін ақпарат басқа жүйенің қолданбалы деңгейіне үнемі түсінікті болады. Осы деңгей жабдықтарының көмегімен қолданбалы деңгей хаттамалары деректерді көрсетудегі синтаксистік айырмашылықтарды немесе символдар кодтарындағы айырмашылықтарды елемейтін болады. 7 деңгей - қолданбалы (Application layer) - түрлі хаттамалар жиынтығы олардың көмегімен торап қолданушылары файл, принтерлер, гипермәтіндік Web-парақтар сияқты ресурстарға қатынас құру мүмкіндігін алып, сонымен қатар өзінің біріккен жұмысын ұйымдастыра алады, мысалы электронды почта хаттамасының көмегімен. Қолданбалы деңгей деректер бірлігі ретінде хабарды (message) пайдаланады. №4 дәріс. Екіншілік телекоммуникациялық желілердің құрылу ерекшеліктері Дәрістің мақсаты: Екіншілік телекоммуникациялық желілерінің (телефон және телеграф) құрылу ерекшеліктерін оқу. Мазмұны: 4. 1 Телефон байланыс желілерін құрамы және тағайындалуы. 4. 2 Телеграф желілерінің құрамы және тағайындалуы. Жалпы қолданыстағы қосымша торап - автоматты телефондық станциялар (АТС), автоматты коммутация түйіндері (АКТ), абоненттік аппараттар мен желілер, сондай-ақ бастапқы (бірінші) тораптан алынған беріліс каналдарының жиынтығы. Телефондық байланыс жүйесі халықтың және өнеркәсіптердің ел көлемінде хабар алмасуға деген талаптарын, халықаралық телефондық торапқа шығу талаптарын қанағаттандыруға арналған және мынадай қызмет түрлерін ұсынады: 1) хабарды жеткізу қызметі: ақпараттық, сөздік, факсимильдік, электронды почта, деректер. Бұл мүмкіндіктерді тораптың физикалық ресурстарын пайдаланатын техникалық қызмет ұсынады. 2) арнайы қызметтер - сервис қызметімен автоматты түрде ұсынылатын немесе оператор көмегімен көрсетілетін ақпараттық-анықтамалық, тапсырыстық және қосымша қызмет түрлері. Оған мыналар жатады: • жергілікті телефондық торап анықтамасы; • дәл уақыт анықтамасы; • тапсырыстық қала аралық телефон торабы (ҚТТ) ; • қала аралық және халықаралық торап анықтамасы; • телефон бойынша телеграмма қабылдау; • телефондық торапты жөндеуге тапсырыс; • таксофондарды жөндеуге тапсырыс. 3. 1 Жалпы қолдануға арналған қосымша цифрлық тораптар құрылымы Цифрлық торап дегеніміз абоненттік пункттер (АП) арасында ақпарат тек цифрлық формада берілетін торап. Цифрлық торап құрылымы аналогты қосымша телефондық торап құрылымынан әлдеқайда қарапайым, оның себебі мынада: 1) КЦЖ - ң максимальды сыйымдылығын (порттар саны - абоненттік және байланыс желілері) қатаң шектеу (бұл аналогты шеткі станциялар мен түйіндер үшін бар) жоқ. Сондықтан берілген сыйымдылықта цифрлық торап құру үшін станциялардың аналогты торап құруға қарағанда аз саны талап етіледі. 2) ИКМ - мен беріліс жүйесін қолданудың арқасында станциялар мен түйіндер арасындағы ара қашықтыққа шектеудің жоқтығы. Бұл ерекшеліктер цифрлық қосымша торапты бір деңгейлік түрде, яғни түйінсіз құруға мүмкіндік береді. Мұндай тораптың станциялары бір-бірімен «әрқайсысы әрқайсысымен» тәсілі бойынша ИКМ-ді желімен байланысуы мүмкін және шеткі немесе біріктірілген түрде де (шеткі және транзитті) қолданыла береді. Осындай қасиеттерге ие торап көптеген қызмет түрлерін қолдай алады: телефондық, деректер мен көріністерді беру және оны интегралды қызмет көрсетудің цифрлық торабы (ИҚЦТ) деп атау қабылданған, цифрлық торап станциялары шеткі және транзитті функцияларды жүзеге асырып, 60 мыңға дейін және одан да көп порттарды қамти алады. Цифрлық торапта бір жерге шоғырланған шеткі станциялар жабдықтары қолданылады. Бұл абоненттік торап шығындарын азайтуға мүмкіндік береді. Станция аралық байланыста сигналдық хабарлармен алмасуда коммутация пакетімен сигналдық желі құрылады. Бұл желі асты ОКС -мен байланыстыратын сигнализация пункттерімен құрылады. 3. 1 Сурет - Өтпелі периодтағы аналогты екіншілік желілердің құрылымы 4. 2 Телеграфтық тораптардың құрамы және тағайындалуы Түйіндер арасындағы телеграфтық каналдар электробайланыстың бастапқы тораптарындағы беріліс каналдарының негізінде құрылады. Телеграфтық торап дамудың ұзақ жолынан өтті және дискретті хабарларды төменгі жылдамдықпен берудің тармақталған торабы болып табылады. Ол аралас принцип бойынша құрылған: жоғары категориялы түйіндер «әрқайсысы әрқайсысымен» принципі бойынша, ал категориялары төменіректері - радиалды-түйіндік принцип бойынша байланысады. Жалпы қолдануға арналған телеграфтық торап (ЖҚТлг) елде қалалық (ҚБ), аудандық (АБ), ауылдық (СБ) жерлерде байланыс бөлімшелерін ұйымдастыруды қарастырады, онда жіберушілер телеграммалар өткізеді, ал байланыс бөлімшесі алушыға телеграмманы жеткізуді қамтамасыз етеді. Дамудың әртүрлі кезеңдерінде ЖҚТлг ХК, КК принциптеріне және олардың үйлесімді қолданылу принциптеріне негізделген. Алдағы уақтытта торапта тек ХК және ПК тәсілдері қолданылатын болады. Аралас тораптар коммутацияның қандай тәсілінің басты роль атқаратынына байланысты КК+ХК-ды қамтитын немесе ХК+КК-ды қамтитын торап деп аталады. Бұл тәсіл кешегі күнге дейін ЖҚ Тлг-да кеңінен қолданылып келді. Ол байланыстың қандай да бір бөлімшесіне КК түйіндері арқылы басқа байланыс бөлімшелерімен уақытша тікелей байланысу мүмкіндігін ұсынады. Абоненттік телеграфтау торабы. Жалпы қолдануға арналған телеграфтық
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz