Жасқа байланысты терінің ерекшеліктері



Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
1. Терінің жалпы сипаттамасы
2. Жасқа байланысты терінің ерекшеліктері
3. Терінің физиологиялық ерекшеліктері
4. Тері асты май қабатының ерекшеліктері
5. Атопиялық дерматит
Қорытынды

Тері - адам денесінің сыртқы жабыны. Тері ағзада әр түрлі қызмет атқарады. Ішкі мүшелерді сыртқы ортаның механикалық әсерінен (соғылудан, жарақаттанудан) қорғайды. Тері микробтарды, еріген улы және зиянды заттарды өткізбей қорғаныштық қызмет атқарады. Тері ағзадағы зат алмасу үдерісіне қатысады. Негізінен су мен жылу алмасуда маңызы бар. Сыртқы ортаның температурасы қаншалықты ауытқығанымен, адамның дене температурасы үнемі тұрақты болады. Дене температурасының үнемі тұрақты деңгейде болуын қамтамасыз ететін физиологиялық үдерістерді жылу реттелу дейді.
Тері арқылы сумен бірге түрлі тұздар (хлорлы), сүт қышқылы, азоттық алмасу өнімдері сыртқа шығарылады. Тері қанайналым үдерісінде қан сақталу қоймасының да қызметін атқарады. Ересек адам терісінің қылтамырларында 1 литрдей қан болады. Теріде көптеген жүйке талшықтары, сезгіш жасушалар шоғырланған. Сондықтан тері сезім мүшесінің қызметін де атқарады. Адам тері арқылы бір заттың жанасқандығын, температураны, ауырғанды сезеді.
Терінің витаминдер алмасуына да қатысы бар. Теріде болатын ерекше заттардан күннің ультракүлгін сәулелерінің әсерінен Д витамині түзіледі. Теріде аздаған мөлшерде газ алмасу үдерісі жүреді, яғни оттекті сіңіріп, көмірқышқыл газын бөледі. Адам терісіндегі тер, май және сүт бездері арқылы ыдырау өнімдері бөлінеді. Теріде ағзадағы артық май қор ретінде жиналады.
Тері және оның өсінділері.
Балалар мен жасөспірімдердің тері жамылғысының негізгі ерекшелік-терінің бірі, тері беткейі ересектермен салыстырғанда үлкен болып сана-лады. Неғұрлым бала жас болса, соғұрлым 1 кг. Дене салмағына тері бетінің ауданы үлкен болып келеді. Бала терісінің абсолюттік беті үлкендерге қарағанда кіші, жасына қарай үлкейеді.
Баланың жасына қарай 1кг. Дене салмағына тері бетінің сәйкестіктері: ол нәрестелерде - 704 см, бір жастағы балада-528 см. 6 жасар мектеп жа-сына дейінгі балада-423 см, 15 жасар жасөспірімде - 378 см және ересектерде - 221 см.
Бұл ерекшелік, үлкендерге қарағанда балалар организмінің көп жылу жоғалтатынын көрсетеді. Өмір бойында тер бездерінің саны өзгермейді, бірақ секреторлық қызметі мен олардың көлемдері ұлғайып артады. Өмі-рінің 4-ші аптасында аздап терлеу басталады. Баланың терісі өте жұқа, нәзік барқыт тәріздес болып келеді.
Тері 2 қабаттан тұрады: эпидермис, дерма. Эпидермистің негізгі 3 қа-баты бар-негізгі, түйіршікті, мүйізгекті. Терінің қосалқы мүшелері - шаш, тырнақ, май және тері бездері.
Терінің морфологиялық ерекшеліктері :
1. Терінің негізгі қабатындағы өң беретін пигмент меланиннің жеткілік- сіздігінен және түйіршек, мүйізгек қабаттарының жұқалықтарынан нәрестенің терісі ашық қызғылттау болып келеді.
2. Эпидермиялық жасуша құрылысы жағынан жұмсақтау, бостау болып, олардың сулылығы үлкендердікіне қарағанда көп болады.
3. Эпидермис пен дерманың арасы тегіс емес, оларды бөліп тұратын не-гізгі мембрана нашар дамыған, ауырған кезде эпидермис дермадан тез бөлінеді және күлдіреп шыға келеді.
4. Нәрестенің терісінің РҺ 6,3-5,8 болуы бактерияға қарсы тұру қабілетін төмендетеді, бірақ бір айлық кезінде РҺ 3,8 - ге жетеді. Сөйтіп терінің қорғаныс қабілеттері арта береді.
5. Балаларда дерманың жасушалық құрылысы, ал үлкендерде талшықты құрылысы басым. 6 жаста дерманың құрылысы үлкендердікіне жақындайды. Нәрестеде коллаген талшығы жұқа, ал эластикалық талшығы нашар дамыған.
6. Жіңішке қан тамырларының жақсы дамуына байланысты терінің қан толымы жақсы.
7. Туған кезде нәрестенің терлеу бездері жеткілікті дамығанымен де, шығару түтіктері нашар жетілген.
8. Туғанда баланың терісі май жамылғандай болып тұрады.
9. Терлеуге бейім болады.

Терінің физиологиялық ерекшеліктері:
1. Терінің қорғаныс қызметі төмен, сондықтан оңай жарақаттанады.
2. Тері қабынуға бейім себебі, балалар терісінен микробтар оңай өтеді.
3. Бала терісінің дене температурасын реттеу қызметі жетілмеген, содан да ол тез суықтайды, тез қызады.
4. Мүйізгек қабатының жұқалығы, қан тамырларының жақсы дамуы-терінің сору қызметін күшейтеді, сондықтан теріге жағып емдейтін дәрілерді пайдаланғанда оның зияндылығын және улылығын ұмытпаған жөн.
5. Терінің қанмен толық қамтамасыз етілуі, суының көптілігі, түлеуге бейімділігі әртүрлі аурулардың теріден білінетін белгілерінің өзгеше болуына әсер етеді.
Тері бала организімінде көптеген маңызды қызмет атқарады. Ең біріншісі терінің бактериоцидтік қасиеті. Ол теріден шығатын лизоцимге байланысты. Сондықтан тері баланы инфекциядан сақтайтын қорғаныс қызметін атқарады. Тері арқылы витастерин немесе баланың дене дамуы-на әсер ететін қасиет пайда болады. Сонымен қатар тері тыныс мүшесі бо-лып та саналады, себебі денеде тері арқылы көмір қышқылы шығады. Тері зат алмасуға да, үлкен адамның терісі сияқты жылуды реттеуге де қаты-сады. Бірақ балалар терісінің бұл қызметі толық жетілмеген.

Тері асты май қабатының ерекшеліктері:
1. Балалардың тері асты май қабатының үлкендерге қарағанда, май жасу-шалары майдалау, ядролары бар. Өсе келе май жасушалары өсіп, ядрола-ры кішірейеді.
2. Балалардың тері асты май қабатында қатты май қышқылдарының көп-тігі пальметин және стеарин май қабатының тығыз болуына әсер етеді.
3. Бір жасқа дейінгі балада тері асты май қабатының салыстырмалы сал-мақ үлесі үлкендерге қарағанда басымырақ, сондықтан бала толық, дома-лақ болып көрінеді.
4. Балаларда кеуде іш пердесінің майлары жоқ. Олар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тері физиологиясы және оның организмде шынықтырудағы орны
Сыртқы шығару жүйелерінің жас ерекшеліктері
Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы пәнінің оқұ-әдістемелік кешені
Тері және терлеу функциясы
Сыртқа шығару жүйесі мен терінің жастық ерекшеліктері
Дене температурасын өлшеу әдістері
Баланың аяқ киіміне, жеке басына қойылатын гигиеналық талаптар жайлы мәлімет
Балаларды жыныстық тәрбиелеу
Оқушылар физиологиясы, дене бітімі, құрылысы
Зертханалық диагностикасы
Пәндер