Тест түрлері және оны жүргізу ерекшеліктері


Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Тест туралы түсінік
2. Тест түрлері және оны жүргізу ерекшеліктері
3. Тесттің социокультуралық адаптациясы.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Тест туралы түсінік
Психологияда тест деп психодиагностикалық стандартты әдістемелерін айтады. Бұл әдістемелер зерттелетін қасиеттердің даму дәрежесінің салыстырмалы сапалық және сандық көрсеткіштерді алуға көмектеседі. Барлық кезде бірдей болғандықтан бұл әдістемелерді стандарттық деп айтамыз, зерттелетін адам алатын жағдай мен нұсқаудан бастап, есептеу мен интерпретацияны алатын көрсеткіштермен аяқтайды. Тестпен алынған бағаларды қашан қай жерде алынғанына қарамастан, бір бірімен салыстыруға болады, сондықтан біз оны салыстырмалы дейміз.
Тесттерге қойылатын психодиагностикалық әдістемелердің ішіндегі ең қатаңы деп валидтық нақтылықты және бірегейлікті көздейтін әдістемелерді айтамыз. Бірнеше топтарға бөлінетін тесттердің көп түрлері бар: Тесттелетін қасиетіне қарай, тестте қолданылатын есептердің ерекшеліктеріне қарай, зерттелетін адамға ұсынылатын материалына қарай, бағаланатын объектісіне қарай. Тесттер интеллектуалдық (адамның әртүрлі қызығушылық процестердің даму дәрежесін бағалайтын), тұлғалық және тұлғааралық болып бөлінеді. Қолданылатын есептердің ерекшеліктеріне қарай практикалық, бейнелік және вербальдық тесттер болып бөлінеді. Ұсынылатын тест материалына қарай тесттер бланктық, аппараттық болып бөлінеді. Баға объектісіне - процессуальдық, жетістік тесттер, құбылыстар мен қасиеттер тесттері.
Тест түрлері және оны жүргізу ерекшеліктері
Интеллектуальдық тесттер- адамның интеллектік даму деңгейін бағалауға, жеке когнитивтік процестерін (қабылдау, зейін, жады, сөйлеу) бағалауға арналған.
Тұлғалық тесттер - адамның жеке тұрақты ерекшеліктерінің психодиагностикасымен байланысты: темпераментке, мінезге, мотивация, эмоция, қабілеттерге арналған тесттер. Тесттердің арасында тұлғаның жағдайын немесе оның жеке қасиеттерінің даму дәрежесінің жүйелі бағасын беретіні кездеседі.
Комплекстік (жүйелілік) тесттерге КЕТТЕЛ, ММРІ және т. б. жатады. Жекешеленген тесттерге - адам тұлғасының жеке бір қасиеттерін бағалайтын тесттер жатады.
Тұлғааралық деп- әртүрлі әлеуметтік топтардағы адам қарым - қатынастарын бағалайтын тесттерді айтамыз. Мысалы, социометриялық тест, топтың ұжым ретінде өзін- өзі тексерудің әлеуметтік - психологиялық тесті.
Практикалық тест тапсырмалары- есептер мен жаттығулардан тұрады.
Образдық тапсырмалар- суретті, схемалық, бейнелік тапсырмалардан тұрады.
Вербальдық тесттер- тәсілдік сөздермен тапсырмалардан тұрады. Мысалы, ұғымдарды анықтау, ой қорытындылары, сөздердің көлемі мен мазмұнын салыстыру, әртүрлі логикалық тәсілдердің түсініктерін орындау және т. б. Тестте қолданылатын көп тапсырмалар кешендік болып келеді, яғни практикалық, теориялық, бейнелік, вербальдық іс - әрекеттерден және тапсырмалардан тұрады. Адамға өмірде кездесетін көп есептер кешенді болып келеді, ал тест адамның іс-қимылдарын және мүмкін болатын жетістіктерін лабораториялық жағдайда емес, өмірде болжау үшін өткізіледі.
Бланктік тест деп- зерттелетін адамның алатын тест материалы бланк түрінде (суреттер, схемалар, таблицалар, сұрақ-жауаптар және т. б. ) болады.
Аппаратуралық тесттерде- нәтижелерді өңдеу үшін әртүрлі аудио- видеотехника, электрондық есептеу машиналары қолданылады.
Процессуальдық тесттер- психологиялық және іс- әрекеттік процестерді зерттеп, нәтижесінде нақты сапалық және сандық мінездеме беріледі. Тест жетістіктері тобына- адамның әртүрлі іс әрекеттердегі жетістіктері бағаланатын тесттер жатады. Мысалы, танудың түрлі ортасында: естің (жадының) жетістігі, ойлау логикасы, зейіннің тұрақтылығы, вербальдық ойлаудың даму деңгейі және т. б. Тесттердің жағдайы мен қасиеттері, адамның тұрақты психологиялық қасиеттерінің диагностикасына қатысты болады. Жобалау тесттерін жеке бір топ етіп бөлуге болады. Олар адамның психологиялық сапасын тура емес, жанама бағалауға негізделген. Мұндай бағалау көптеген объектілерді адам қалай қабылдап және интерпретация жасап, талдау нәтижесінде алынады, алынған мазмұнды объектілері: сюжеттік суреттер, формасыз дақтар, бітпеген сөйлемдер және т. б. болуы мүмкін. Бұл тесттерге қатысты, мысалыға, Роршахтың, Апперцептивтік тақырыптық тесттер және т. б. жатады.
Жобалық тесттер деп зерттелетін адамның жасырын немесе еркінен тыс басынан өткізетін психологиялық ерекшеліктердің психодиагностикасын айтамыз. Психодиагностикалық эксперимент әдіс ретінде жеке жағдайларда ғана қолданылады: егер керекті қасиетті басқа әдіспен анықтауға болмайды.
Процессуалдық тесттер зерттелетін адамның психикалық және іс-әрекеттік просцесстердің өту ерекшеліктері зерттеушілерді қызықтырады. Ал жетістіктер тесттер қабілеттер, дағдыларды бағалау есебі шешілген кезде қолданылады.
Жеке топқа интеллект тесттері жатады. Олар адамның интеллектуалдық дамуыныың жалпы деңгейін нақты және сапалық жағынан анықтаған кезде қолданылады.
Тесттерге нақты психодиагностиканың әдістері ретінде ерекше талаптар қойылады.
Тесттің социокультуралық адаптациясы.
Бұл дегеніміз тест тапсырмаларының және тест бағаларының сәйкестігі. Мысалы Еуропада пайда болған интеллект тесті құрылымында сөздік-логикалық емес, образдық-практикалық ойлау басым болатын, интеллекті бар елде қолданылса, ол міндетті түрде әлеуметтік-мәдени түрде адаптациядан өту керек. Кері жағдайда біз сол елдің тұрғындарының ой дамуының деңгейіне сәйкес келмейтін төмен нәтижелерді аламыз.
Және, керісінше, практикалық ойлауға тапсырмалары бар интеллект тесті вербалдық интеллекті басым елде қолданған кезде біз ой дамуының адекваттық емес көрсеткіштерді аламыз.
Егер тест пайда болған жағдайлардан мүлдем басқа жағдайда қолданылатын болса, міндетті түрде ол жаңа жағдайларға бейімделіп, адаптациядан өту керек. Бірінші кезекте бұл нәрсе бланктік тесттерге қатысты, өйткені олар басқа елден алынған және сол елдің тілінде жазылған. Тест тапсырмаларының бір тілден екіншіге аудармасы ешқашан нақты болмайды. Көбінесе сөзбе-сөз емес мағынасына қарай аударылады.
Екінші талап- тұжырымдамалардың қарапйымдылығы және тест тапсырмаларының бір мағыналылығы. Бұл талап бойынша сөздік және басқа тапсырмаларда адамдар әртүрлі мағынада түсініп қалмау керек олар: (сурет, сөздер болуы мүмкін) .
Үшінші талап- тест тапсырмаларын орындау үшін бөлінген уақыт. Психологиялық тест тапсырмаларын орындау үшін бөлінген уақыт 1, 5-2 сағаттан аспау керек, өйткені бұдан ұзақ уақытта адам, өзінің жұмыс істеу қабілетін жоғары деңгейде сақтай алмайды.
Төртінші талап- белгілі тест үшін тест нормалары.
Бұларға репрезентативтік орташа көрсеткіштер жатады, яғни ол бір топ адамдар. Белгілі бір адамның көрсеткіштерін оның психологиялық даму деңгейін бағалап сол адамдармен салыстыруға болады. Тест нормасы зерттелетін адамдардың жасына, жынысына қарай және алынған бағаны жасына, жынысына және басқа релеванттық көрсеткіштердің дифференциамен орталандыру нәтижесінде алынады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz