Педагогикалық технология негіздері
Жоспары:
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
3. Техникалық идеология негіздері
4. Педагогикалық технология
5. Оқыту мақсатының нақты қойылуы мен оның ғылыми негізделуі
6. Инновация
7. Қорытынды
8. Пайдаланылғн әдебиеттер
Бүгінгі таңда білім беру үдерісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар жоғары мектептерде болып жатқан тың жаңартулар, ауқымды өзгерістер мен ғылыми зерттеулер білім беру қызметіне жаңаша серпінмен қарауды, әрі қол жеткен табыстарды бағалай отырып, болашақ мамандардың шығармашылық қабілетін дамытуды, оқытушы іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды көздейді.
Осыған орай педагогтардың алдына қойылып отырған басты міндеттердің бірі - оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңында Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу деп атап көрсетілген.
Педагогикалық технология - мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы жаңа және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер жиынтығы. Жоғары мектептің әр оқытушысы өз қызметінде қажетті өзгерістерді, түрлі тәжірибелер жөнінде мағлұматтарды, жаңа әдіс-тәсілдерді дер кезінде қабылдап, тиімді пайдалана білуі, әрі үздіксіз жетілдіріп отыруы және жаңа педагогикалық технологияны меңгеруі.
Кез келген педагогикалық технологияның философиялық және педагогикалық-психологиялық әдістемелік негізі болады. Қазіргі кездегі педагогикалық технологиялар негізінен ізгілікті бағытта, қарым-қатынаста тең құқылы позициясы мен жеке тұлғаны жан-жақты қалыптастыруға бағытталады. Педагогикалық технологияға қойылатын негізгі әдіснамалық талаптар мыналар:
Тұжырымдамалық негіздің болуы. Кез келген педагогикалық технологияға белгілі бір ғылыми тұжырымдама тән. Оған білім беру мақсаттарына жетудің философиялық, психологиялық, дидактикалық және әлеуметтік-педагогикалық негіздемесі енеді.
Жүйелілік. Педагогикалық технология жүйеге тән барлық қасиеттерге ие болуы тиіс: үрдістің логикасы, барлық бөліктерінің өзара байланысы, тұтастығы.
Басқарушылық сипаты. Оқу үдерісін жобалау, жоспарлау, диагностикалық мақсаттар қою, нәтижені түзету мақсатында әдіс-тәсілдерді, құралдарды өзгерту.
Тиімділігі. Қазіргі педагогикалық технологиялар бәсекелестік жағдайында өмір сүргендіктен, нәтижесі бойынша тиімді, шығындары бойынша үнемді, оқытудың белгілі білім стандарттарына жетуді қамтамасыз ететіндей болуы тиіс.
Қайта өндірілуі. Педагогикалық технологиялар білім беру орындарында түрлі субъектілердің қолдана алу (қайталау, қайта өндіру) мүмкіндігі.
Қазіргі кезде педагогикалық оқыту технологиялары пайдалану қажеттілігінің жоғарылауына байланысты педагогикалық оқыту технологияларын қанағаттандыруға тиісті талаптар мыналар:
әр мұғалім өзінің бағыты мен қойған мақсатына байланысты мемлекет пен қоғамның сұранысына, ғылым мен техниканың дамуына байланысты технологияларын таңдай білу қажет;
оқыту технологияларының түрлерімен танысу, оған қойылатын талаптарды ескеру, олардың білім парадигмаларына сәйкес келуі, оқыту процесін технологияландыру, осы принциптерге сәйкес бағдарламаларын жасау жұмыстарында қарастырылады.
Оқыту мақсатының нақты қойылуы мен оның ғылыми негізделуі: мақсаттың уақыт талабына сай болуы; технологияның оқытушыға да, білім алушыға да пайдалануға ыңғайлы болуы; технологиялық құралдар мен дидактикалық материалды бірге пайдалану мүмкіндігінің болуы; оқу іс-әрекеті нәтижесінің жоғары сапалы болуы; оқу материалын толық қабылдау мүмкіндігінің болуы; оқу үдерісінде қарым-қатынастың еркін болуы; оқу үдерісін үнемі жетілдіріп, толықтырылып отыру мүмкіндігінің болуымен сипатталады.
Сондықтан жаңашылдық керек, яғни, инновациялық жүйе негізінде студенттердің белсенділігін арттыру, өзіне сенімділігін қалыптастыру, танымдық-шығармашылық қабілетін дамыту олардың белсенділік-сенімділік сапаларын диагностикалық әдіс-тәсілдерімен анықтауға, қоғамда болып жатқан оқиғаларға қатысты көзқарастарының болуына, көрсеткіштерін анықтауға көмегін тигізеді.
Г.В.Селевко педагогикалық технологияның үш жағын белгілейді:
-- ғылымилық: педагогикалық технология - оқытудың мақсатын, мазмұнын және әдіс-тәсілдерін жасайтын, педагогикалық үрдісті жобалайтын, оларды зерттейтін педагогика ғылымының саласы;
-- үрдісті сипаттаушы: үрдісті сипаттау (алгоритмі), оқытудың жоспарланған нәтижесіне жетуде қолданылатын мақсат, мазмұн, әдіс-құралдар жиынтығы;
-- үрдісті іс-әрекеттік: технологиялық (педагогикалық) үрдісті жүзеге асыру, барлық тұлғалық, құралдық және әдіснамалық педагогикалық құралдардың жұмысы.
Білім беру практикасында педагогикалық технология ұғымы үш өзара бағынышты деңгейде қолданылады.
Жалпыпедагогикалық (дидактикалық) деңгей: жалпыпедагогикалық (жалпы дидактикалық, жалпы тәрбиелік). Технология белгілі бір аймақтағы, оқу орындағы, оқытудың білім деңгейіндегі тұтас білім беру үрдісін сипаттайды. Мұнда педагогикалық технология педагогикалық жүйе ұғымымен мағыналас: оған оқытудың мақсаты, мазмұны, құрал, ғылыми әдістер жиынтығы, үрдістің объект, субъектісінің іс-әрекеттік алгоритмі енеді.
Жеке әдістемелік (пәндік) деңгей: бұл жеке әдістеме, яғни бір пән, сынып, шеберхана аясында оқыту ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz