Технология және педагогикалық технология ұғымы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

Технология және педагогикалық технология ұғымы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында білім беру «Қазақстан-2030» ұзақ мерзімді стратегиясының маңызды басымдықтарының бірі болып танылды. Қазақстандағы білім беру реформаларының жалпы мақсаты білім беру жүйесін жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімдеу болып табылады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енгізу туралы міндет қойған болатын. Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады - деп атап көрсеткен.

Қазіргі таңда сапалы білім беру мәселесі қоғамды толғандырып отыр. Себебі, қарыштап дамып келе жатқан технологиялық прогресс кезеңінде өскелең ұрпақтың білім деңгейі замануи талапқа сай болуы қажет. «Неге оқыту керек?», «қалай оқыту керек?», «не үшін оқыту керек?», нәтижелі қалай оқыту керек?», - деген сұрақтарға жауап іздеген ғалымдар оқыту үдерісін «технологиялық» жолмен жүруге әрекет жасады. Оқытуды нәтижесінде кепілдемесі бар өндірістік технологиялық процеске айналдыру, осыған байланысты педагогикалық технологиялар бағыты пайда болды. Педагогикалық әдебиеттерде «технология» түсінігі әр түрлі сөз тіркестерінде қолданылады: педагогикалық технология, ақпараттық технология, компютерлік технология, білім беру технологиясы, тәрбиелеу технологиясы, біртұтас педагогикалық процесті жүзеге асырудың технологиясы, оқытудың дәстүрлі технологиясы және т. б олардың даму динамикасы сол құбылыстың эволюциясында көрініс табады.

Педагогикалық технология ұғымы ғылымға бірнеше жылдар бойы ене бастады. Технология (гректің techne-«өнер», «шеберлік», «икемділік» және logos-ілім) қандайда бір процестегі іске асырылатын әдістердің жиынтығы болып табылады.

Бастауыш сыныптарда қазақ тілі пәнінің мақсаты оқушылардың қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру және дамыту, яғни тілдік және танымдық біліктілікпен қамтамасыз ету екендігі Қазақстан Республикасының жалпы білім берудің мемлекеттік стандартында көрсетілген. . Тілді оқыту жүйесінде талаптар жалпы білім беру саласындағы жаңа қағидаларға сүйеніп негізделді. Тіл - адам жанының тілмашы ретінде адамды әлеуметтік ортамен байланыстырушы дәнекер әрі баланың жалпы дүниетанымын қалыптастыратын танымдық іс-әрекеттердің ең мағызды құралы. Қазақ тілін оқытып, үйрену - көптеген ізденістерді, жаңа технологияны қолдануды керек етеді.

Педагогикалық технологиялар оқытудың мақсатына жетудің тиімді, нақты жолдарын көрсетеді. М. М. Жанпеисованың модульдік технологиясын таңдап алып, саралап, теориялық негіздерін оқып-үйреніп, қазақ тілі сабағында қолдана бастадым. Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың коммуникативтік қарым-қатынас жасауы төмен сатыда болды, ол сөз қорының аз екендігін көрсетеді. Қазақ тілі сабақтарындағы қиыншылықтар, балалардың еркін сөйлеу, аудару, сөйлем құрастыру деңгейлерінің төмендігі, мені көптеген ұсынылған технологиялардың арасынан М. М. Жанпеисованың модульдік технологиясын таңдап алуға себепкер болды. Осы технологияны таңдап алудың себептері мынандай:

модульдік технология оқушының танымдық, өз бетімен білім алуға деген құштарлығын, жалпы жеке тұлғаның қалыптасуына үлкен әсерін тигізеді.

оқу үрдісінде сөйлеу арқылы қарым-қатынас жасауға бағыттайды.

Оқу пәнінің білім мазмұнында тілдің коммуникативтік қызметі, грамматикалық жүйесі модульмен оқыту арқылы бір-бірімен тығыз байланыстырып меңгерту міндеті айқындалады.

Оқу модулі құрамдас үш бөліктен тұрады.

Олар:

кіріспе бөлім

Сұхбат құру, сөйлеу бөлімі

Қорытынды бөлім.

Оқу модулінің ерекшелігі модуль қанша сағаттан тұрса да, кіріспе мен қорытынды бөлімге 1-2 сағат мөлшерде уақыт бөлінеді. Кіріспе бөлімде оқушылардың осы модуль бойынша алатын негізгі ұғымға, іс-әрекеттерге айрықша мән беріп, негізі ұғымдардың модуль ішінде алатын орнына көңіл бөлулерін сұраймын. Кіріспе бөлім мынандый оқу әрекеттерінен тұрады:

оқу-проблемалық жағдаятын жасау;

оқу мақсатын қалыптастыру;

өзін-өзі бақылау, мүмкіншілігін бағалау арқылы модульдің тақырыптарын меңгеруге дайындау;

модуль бойынша жұмыстарды жоспарлап, бірге талдау;

Бұл технологияның маңызды шарты - оқушылырдың кез келген ғылыми көздерді, оқулықтарды, оқу құралдарын пайдалануға болатындығы, сондай-ақ ұйымдастырушы, көмекші ретінде мұғалімнен жедел кеңес ала алатындығы. Сөйлесу бөлімі сабақтарының ұйымдастырылу формасы бойынша әр оқушы өзінің қалай және немен шұғылдану тиіс, сабақ барысында не істеу керек екенін біледі, өйткені мұғалім балаларды сабақтың құрылысымен және жүру барысымен алдын ала таныстырады.

Негізгі бөлімде әр оқушы бір-біріне мәтінді оқып береді, танысады, негізгі ұғымдарды ажыратады. Әр деңгейге қойылған сұрақтарға жұппен бірге отырып жауап береді. Сонымен осы бөлімде оқушылардың мәтінді қаншалықты түсінгені анықталады. Бірінші, екінші сабақтарда оқушылар жаңа білім алады. Негізгі сұхбат бөлімде модульді әр түрлі бөлімдерге бөліп, саралап, жеңілден күрделіге өту жағы қарастырылады. Оқу материалдарын оқушыларға белгілі бір мөлшерде беріп отырамын. Оқу материалдарын үш деңгейде дайындаймын: жеңіл, орта, жоғары деңгей.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық технологиялардың дамуы
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардың негізгі сипаттамаларын талдау
Бастауыш мектепте білім берудің қазіргі педагогикалық технологиялары
Бастауыш білім беруде қазіргі педагогикалық технологиялар
Совет Рақымбайұлы Әлімқұлов
Әлемдік пеагогикалық тәжірибеде
Педагогикалық технологиялар
Педагогикалық технологиясы туралы
Жалпы білім беретін мектептер тәжірибесінде оқытудың жаңа технологияларын пайдалану жолдары
Жаңа педагогикалық технология ұғымы туралы сипаттама беру. Технологияның мақсаты мен мазмұндық ерекшеліктері туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz