Жоғары оқу орындағы тәрбие мен оқытудың теориясы



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары

Кіріспе
Негізгі бөлім

1.Жоғары оқу орындағы тәрбие мен оқытудың теориясы
2. ЖОО-дағы лекция
3.ЖОО-дағы семинар және практикалық сабақтар
4.Тәрбие мен оқытудың психоаналитикамен қарым қатынасы

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Білім - қоғамның дамуы мен болашақтағы жағдайын анықтаушы болып табылады. Кез келген елдің экономикалық және саяси тәуелсіздік жағдайы халықтың жалпы білімі мен кәсіптік деңгейіне байланысты.
Осы ретте Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында атты 2005 жылғы 18-ақпандағы халыққа жолдауында: ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біздің болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымда ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз - деді.
Халықтық мәдени құндылықтар мен салт-дәстүрлер, рухани-өнегелік сапаларды жас ұрпақтың бойына сіңіру, патриотизмге тәрбиелеу, ұлттық ар-намыс, абыройды сезіндіру білімсіз дами қоймайды. Сондықтан да қандай қоғам болмасын саяси жүйесінің тұрақты болуы үшін білім мен тәрбие жүйесін мемлекеттік талаптарға сәйкестендіре отырып құруға мүдделі.
Ендеше, мемлекетіміздің өз бағытын айқындаудың стратегиялық мақсат-міндеттерінің қатарына жас ұрпақтың білімі мен тәжірибесін алға шығаруы - заңды құбылыс. Ел Президентінің 2012 жылғы халыққа жолдауында: Ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады... - деп атап көрсетті.
Жоғары оқу орнының оқытушысы кәсіби ақпаратты жеткізудің көзі ғана емес, болашақ мамандардың кәсіби мәдениетін қалыптасуына оң ықпал жасайтын тұлға. Университет оқытушысының кәсіби, азаматтық және патриоттық міндеті - тәрбие беру және тәлімгер ұстаз құндылықтарын сақтау болып табылады. Сондықтан оқытушылардың педагогика және психология саласындағы кәсіби деңгейін жоғарылатуды жүзеге асыру университет, факультет басшылары мен кафедра меңгерушілерінің маңызды міндеті саналады.
Білім жеке тұлғаның әлеуметтік-саяси көзқарасын дамытып, дүниетанымының аясын кеңейтетін маңызды факторлардың бірі. Ол жеке тұлғаның әлеуметтік мәртебесін айқындауда, сондай-ақ қоғамда саяси келісім мен ішкі тұрақтылықты орнықтырып, саяси құрылымды дамытуда үлкен рөл атқарады.
Студенттік өзін-өзі басқару органдары студенттік ортада іскерлік жағдай, плюрализм, азаматтық белсенділік, толеранттылық, қоғам өміріне белсенді қатысу қабілетінің қалыптасуына ықпал етеді. Оқу жылы бойында Студенттік Парламент университет ректорымен проблемалық-тақырыптық кездесулерін ұйымдастырады.

1. Жоғары оқу орындағы тәрбие мен оқытудың теориясы

Тәрбие теориясы ғылыми қауымдастық арасында бүгінгі күнде үлкен қызығушылық танытып отыр, десек те, Кеңес одағы ыдырағаннан кейін тәрбиені ғылыми тұрғыдан зерттеу сыналып, ақырында ұғымды сол коммунистік биліктің мұрасы ретінде қарастырғандар кездесті. Өйткені, бүгінгі таңдағы қарама-қайшылығы мол заманның қоғамдық санасына қажетті тәрбие мұратын табу қиынға соғады. Сондықтан, тәрбие - тұлғаны қоғамдық және мәдени өмірдің социомәдени нормативтер модельдеріне сәйкес дайындау мен қалыптастыру жүйесі. Көптеген ғалымдар пікірлері мен анықтамалары бойынша тәрбие популяцияның тарихын сақтауды қамтамасыз ететін механизм болып саналады. Ал, адам тәрбиесі педагогиканың ғылым ретіндегі пәнін құрайды.
Ғылыми еңбектерді саралай отырып, тәрбие мақсаты - арнайы дайындалған, жоспарлы жүргізілетін тәрбие акциялары мен қимылдарының ықпалымен жүзеге асырылатын және адамдағы күтілетін нәтижелі өзгеріс болып табылады.
Тәрбие көмегі арқылы қоғамға қажетті адами құндылықтар қалыптасады. Біріншіден, адамның сөйлеу мүмкіндігі; екіншіден, қоршаған ортаның өзгерісіне бағытталған мінез-құлық белсенділігі; үшіншіден, өндіріс құралдары арқылы қоршаған орта элементтері өзгерістерінің байланыс қызметі.
Студенттер тәрбиесі - бүкіл педагогикалық ұжымның ісі екені белгілі. Болашақ университеті [1, 2] әрдайым студент-жастар тәрбиесі, олардың келешек кәсіби қызметінің моральды-психологиялық дайындығына ерекше назар аударады. Бүгінгі таңда жаңа тарихи шарттарда және қазақстандық қоғамның күрделі тарихи кезеңдерінде өскен жастар білім алуда. Сондықтан тәрбие қатынастарының жаңа парадигмалары негізінде студенттерді тәрбиелеудің жаңа моделі қалыптасу үстінде. Оның дамуына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы туралы ҚР Президентінің 1999 жылғы 28 тамыздағы №73 Өкімі, ҚР Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы №521 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасының маңыздылығы жоғары. Әсіресе, тәрбие тұжырымдамасында айқындалған барлық мәселелер мен әдіснамалық негіздері талданып, тәрбие жұмысының басым бағыттары бойынша шаралар кешені ұйымдастырылған.
Тәрбие қызметін басқарудағы негізгі рөлді тәрбие жұмысының мазмұндық құрылымын ұйымдастыруды қамтамасыз ететін университеттің Ғылыми кеңесі атқарады. Болашақ университетіндегі тәрбие жұмысын тәрбие жұмысы және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор басшылығымен жүзеге асырылады және факультет декандары мен Студенттік Парламентке тапсырмалар беру арқылы үйлестіріледі. Аталмыш құрылымдық бөлімдер өз жұмыстарын тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес жүзеге асырады.
Болашақ университеті бірлескен мәдениетінің ажырамас бөлігі студенттік өзін-өзі басқарудың дамуы болып табылады. Студенттік өзін-өзі басқарудың басты ұйымы Студенттік Парламент және студенттік деканат болып табылады. Жастарға Студенттік Парламент пен факультет студенттер кеңесі өкілдік етеді. Студенттік кеңестің негізгі мақсаттары қатарына жоғары оқу орны басшылығымен қатынас жасауда студенттер мүдделеріне өкілдік ету, оқу мен Студенттер үйінде тұру жағдайлары оңтайлануына белсенді қатысу, студенттердің идеялары мен жобаларының жүзеге асырылуына ықпал ету, студенттердің шығармашылық-ұйымдастырушылық және ғылыми потенциалының жүзеге асырылуына көмектесу, жоғары оқу орнының қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысатын студенттердің моральды және материалды қызығушылығының жүзеге асырылу жүйесін жасау жатады.
Университет оқытушылары мен студенттері ұйымдастыратын көптеген іс-шаралар дәстүрге айналып, олар ПОҚ және студенттер үшін етене жақын болып кеткен.
Оның ішінде мыналарды атауға болады:
- жоғары оқу орны, университет әкімшілігімен танысып, корпоративтік рухты қалыптастыруға бағытталған Білім күніне арналған салтанатты жиын;
- бірінші курс студенттерін салтанатты түрде студент қатарына қабылдау;
- Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні мерекесіне арналған іс-шаралар;
- Ұстаздар күніне арналған мерекелік концерттік бағдарлама;
- қалалық, облыстық, республикалық деңгейдегі пікір-сайыс турнирлері;
- Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күнін атап өтуге арналған салтанатты шаралар;
- студенттер мен оқытушыларға арналған жаңа жылдық кештер және қызметкерлердің балаларына арналған ертеңгіліктер;
- Болашақ университеті КТК командаларының фестивалі;
- 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік кеш;
- Қазақстанда тұратын халықтардың дәстүрі көрсетілетін концерттік бағдарламамен Наурыз мерекесін тойлауды ұйымдастыру;
- Болашақ аруы конкурсы;
- дәстүрлі Бозбала мен бойжеткен конкурсы;
- ақындар мүшәйрасы, суретшілер көрмесі, салауатты өмір-салтын қалыптастыруға бағытталған спорттық шаралар;
- салтанатты түрде диплом тапсыру.
Десек те, алдын ала жоспарланған немесе арнайы ұйымдастырылған тәрбие тиімді болмайтынын ұмытпауымыз қажет. Тұлға ізденісіне еркіндік және жеке таңдау құқығы берілгенде ғана тәрбие дамиды. Тәрбиені стандарттау тұлғаның даму мүмкіндіктерін шектейді. Бұл, әсіресе, өзінің құндылық ориентацияларын қалыптастырған студент жастарға қатысты. Сондықтан, оқытушылардың басты назарында оқу-тәрбие процесінен бұрын студенттің тұлғалық белгісі тұруы тиіс. Студенттердің рухани белсенділігі мен стандартты емес ойлау қабілетін марапаттап отыру қажет.

2. ЖОО-дағы лекция
Лекцияны бiрнеше типтерге бөлуге болады:
-жалпы мақсатына қарай: үгiттеушiлiк, насхихаттаушылық, тәрбиелеушiлiк, дамытушылық;
-мазмұнына қарай: академиялық және көпшiлiктiк (популярный);
-дидактикалық мiндетiне қарай: еркiн, қорытынды, жалпылай шолу, мәселелiк, лекция - диалог, баспасөз конференцияны, лекция - толғау, лекция - iскерлiк ойындар, т.б.;
-әсер етуiне қарай: эмоция деңгейiнде, түсiндiру деңгейiнде, сендiру деңгейiнде.
Әрбiр лекцияны тыңдаушыларға нақты, сенiмдi сезiне алатындай жеткiзе бiлу - оқытушының мiндетi.
Оқыту үрдiсiн интенсификациялау тұжырымдамасына негiзделiп, дәстүрлi дәстүрмен қатар инновациялық түрлерi де жоғары мектеп тәжiрбиесiнде кең орын алады.Оған лекцияның мына түрлерi кең қолданылады:
-хабарлау лекциясы;
-мәселелi;
-лекция - диалог;
-алдын ала жоспарланған қателерден тұратын лекция;
-лекция - баспасөз-конференция;
-лекция - толғау;
-лекция - iскерлiк ойындар,т.б.
Оқытушы лекцияның әр түрiн пайдалануда өз пәнiнiң, оқыту әдiстемесiнiң ерекшелiктерiн ескеруi тиiс.
Әрбiр лекция конспектiсiнде мынадай шарттар орындалуы қажет:
-тақырыбы (дәл анық);
-мақсаты мен мiндетi;
-әдебиеттер тiзiмi (мiндеттi және қосымша);
-мәтiн мазмұны (негiзгiсi жанамасынан бөлiнген);
-өз бетiндiк жұмысқа тапсырма.
Ал лекцияға дайындалу кезеңдерi мыналардан тұрады:
-бағдарламаны және оқулықтарды оқу;
-әдебиеттер тiзiмiн құрастыру;
-әдебиеттердi оқу, мазмұнын iрiктеу;
-көрнекi құралдарды таңдау (кесте, сурет, бейнелеу және музыкалық өнер шығармалары, көркем әдебиеттерден үзiндi, фото, открытка және техникалық құралдар (киноаппарат), магнитофон, компьютер және т.б.).
Дауыстың дұрыс қойылуы, сөйлеу техникасын меңгеру, мимика және жест лекцияның берiлу формасына жатады.
Лекцияны оқу барысында мынадай ережелер сақталуы тиiс:
-жоспар бойынша оқу;
-оқулықта толық берiлмеген материалды нақты, толық жазғызу;
-әрбiр сұрақта ең бастысын жанамасынан, қызықтысын қызықсызын, күрделiсiн бөлектеп айтып беру
-ойлау операцияларын: анализ, синтез салыстыру, жалпылау, жүйелеу және ой қорытындыларын индуктивтiк, дедуктивтiк, аналогиялық лекция барысында пайдалану;
- лекция барысында жалықтырмай зейiндi аударып, шоғырландырып, тұрақтататындай әртүрлi реприкаларды қолдану;
- дәстүрлi педагогиканың әдiстемелiк тәсiлдерiн оқытудың жаңа әдiстерiмен (диалог, пiкiрталас, шағын әңгiме және т.б.); ұтымды үйлестiру;
-терминдердi анық және шешiп тақтаға жазу;
-сөйлеу техникасын меңгеру, сөздердi, буындарды, дыбыстарды анық, ашық, дұрыс айту;
-аудитория реакциясын сезiну және түсiну;
Оқытудың белсендi әдiстерiн қолдануды ұйымдастырудың имитациялық және имитациялық емес түрлерi болатындығы белгiлi. Бiз имитациялық емес әдiстердiң, яғни лекциялардың сипаттамасына қарастырып көрелiк.
Ол лекция оқытуды ұйымдастырудың дәстүрлi емес түрiне жатады, себебi, дәстүрлi емес сабақтар қатаң құрылымы және қалыптасқан жұмыс кестесi бар күнделiктi оқу жұмыстарына қарағанда ұйымдастыру, өткiзу тәсiлдерi ерекше. Дәстүрлi емес сабақтардың бiрнеше түрлерiн оқыту барысында орындауға болады.
Мәселелiк лекция материалды түсiндiрер алдында дiлгiрлiк сұрақтар қою, мәселе туғызу арқылы жүзеге асырылады. Яғни, сұрақ қою, мәселе туғызу арқылы жүзеге асырылады. Яғни, сұрақ қою немесе мәселе тудыру арқылы жасырын тұрған мәселенiң бiр емес бiрнеше жауаптарын қарастыру арқылы түсiндiргелi отырған тақырыптың шешiмiн табуға болады. Мәселелiк лекциялардың көмегiмен негiзгi үш мақсатын қамтамасыз етуге болады:
-студенттердiң теориялық бiлiмдердi меңгеруi;
-теориялық ойлауды дамыту;
-оқу пәнi мен болашақ маманның кәсiби мотивациясының мазмұнына танымдық қызығушылық.
Мәселелiк лекциялар мақсаттарының орындалу жетiстiктерi оқытушы мен студенттердiң өзара байланыстары арқылы қамтамасыз етiледi. Оқытушының негiзгi мiндетi - тек қана ақпарат беру емес, сонымен қатар студенттердi ғылыми бiлiмнiң даму қарама-қайшылықтарының нысаны мен оларды шешу тәсiлдерiне баулу. Бұл студенттердiң ойлау қабiлеттерiн дамытады,танымдық белсендiлiктерiн тудырады. Студент оқытушымен бiрiккен iс-әрекет жасай отырып, жаңа бiлiмдердi меңгередi, өз мамандықтарының теориялық ерекшелiктерiн түсiнедi.
Педагог лекция оқу кезiнде қарым-қатынас жасаудың неғұрлым тиiмдi құрылымын пайдалану бiлуi керек. Сонда ғана оқытуды оңтайлы ұйымдастыру нәтижеге жетелеп, педагог кәсiби маман ретiнде қалыптасады.
Мәселелiк лекцияда оқытушы мен студенттiң бiрiккен iс-әрекетiнiң негiзiнде маман тұлғасының жалпы және кәсiби дамуы мақсатына жетедi. Белгiлi материалды дайын күйiнде студенттердiң бойына сiңiретiн ақпараттық лекцияға қарағанда студентер үшiн жаңа бiлiм белгiсiз күйiнде қабылданатын мәселелiк лекцияның маңызы ерекше. Өйткенi, қабылданған ақпарат студент үшiн өзi ашқан жаңалық түрiнде меңгерiледi.
Мәселелiк лекцияның құрылымы - iзденушi, зерттеушi iс-әрекеттердi студенттiң тануы. Бұл жерде студенттiң меңгерiлетiн материалға тұлғалық қарым-қатынасы ескерiледi.
Лекцияның басқа да түрлерi кездеседi: визуалды лекция, бiрге жүргiзiлетiн лекция, алдын-ала қателерi бар лекция, баспасөз-конференция, т.б.
Визуалдау лекциясы (лекция-визуализация) көрнекiлiк ұстанымының жаңа пайдалану нәтижесi болып табылады. Осы ұстанымның мазмұны психологиялық-педагогикалық ғылымдардың, белсендi оқытудың түрлерi мен әдiстерiнiң әсерiмен өзгерiп отырады.
Визуалды лекциялар студеттердi ауызша, жазбаша ақпараттарды визуалды түрге ауыстыра алуға үйретедi, ал бұл студенттердiң кәсiби ойлау жүйесiнде қалыптастырылады. Визуалдықтың бұл ұстанымы әр ақпараттардың түрлерiн көрнекi бейне ретiнде көрсетедi.
Визуалды лекциялардың негiзгi қиыншылықтары көрнекi құралдардың жүйесiн таңдау мен даярлауда, студенттердiң психологиялық-физиологиялық ерекшелiктерi мен бiлiм деңгейлерiнде, дидактикалық негiзделген даярлық үрдiсiнде қалыптасады.
Бiрге жүргiзiлетiн лекцияда (лекция вдвоем) мәселелiк ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Гигиеналық дене шынықтыру
Ұлттық білім беру жүйесінің міндеттері мен бағыттары
ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ БАҒЫТТАРЫ
Мұғалім мәдениетінің мәні
Жоғары мектепте оқытудың қазіргі кездегі теориялары және концепциялары
Жоғары мектеп педагогикасының зерттеу әдістері
Бастауыш сынып математикасын оқыту барысында ақпараттық технологияларды қолдану
Бастауыш мектепте еңбекке баулуды оқыту практикумы
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы. Білім беру мақсаттары
Болашақ мұғалімдердің педагогикалық мәдениетін дамытудың өзекті мәселелері
Пәндер