Тәрбие тәсілдерінің психологиялық мәні



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
1. Тәрбие психологиясы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Ғылымсыз білім сыңар жақ: ғылым білімді ұлғайтады; ғылымсыз білім тым құрғақ, білімді орнына жұмсау керек. Білімді орнына жұмсайтын не? Ол - тәрбие. Білімнің адамзат игілігіне жұмсалуы, жұмсалмауы тәрбиеге байланысты. Тәрбиесіз білімді адам сол білімнің адамзаттың игілігіне де, сорына да оңды-солды жұмсай беруі мүмкін. Тәрбиелі адам, яғни иманды адам, толық адам ондайға бармақ емес, ол білімін өз орнына, игілікке, адамзаттың гүлденуіне жұмсайды.
Тәрбие сөзі тәрбиә араб-парсы тілдерінен енген, қазақ тіліне аударғанда негіз деген мағынаны білдіреді. Тәрбие деп үлкендердің кішілерге азаматтық қасиетін қалыптастыруға тигізетін әсерін айтады.Тәрбиенің өзі неше түрлі саладан, моральдық, интеллектуалдық, эстетикалық және еңбекке үйретуден, дене шынықтырудан құрастырылады. Тәрбиенің осы түрлері ерте дәуірден басталып келеді. Аталған салалардың жас өспірімдердің есеюіне тигізетін әсері күшті болғанымен, тәрбие деген терминді түсінуде ғалымдар арасында түрлі пікірлер кездеседі: бірінші пікір бойынша, баланың басы таза тақта (tabula raba).
Сондықтан оның көкейіне не жазам десең, соны жазуға болады. Баланың келешекте кім болатынын түгелдей тәрбиеші шешеді. Тәрбиеші баладан келешекте қандай адам жасап шығарғысы келсе, бәрі қолынан келеді.
Екінші пікір бойынша, баланың көкейіне не болса, соның бәрін жазуға болмайды. Біреуді біреу тәрбиелей алмайды, әркім өзін-өзі тәрбиелеп, азамат қатарына жете алады. Соңғы пікір мына сияқты дәлелге сүйеді: ешкім баланың басына өсиеттерді енгізіп, оның рұқсатынсыз ісін, қылығын сол өсиеттерге бағындыра алмайды. Бала үлкендерді тыңдағысы келсе, тыңдайды, тыңдағысы келмесе, тыңдамайды, - өз еркі. Дәлелдің бұл түрі орынды сияқты. Бірақ бірінші пікірді жоққа шығаруға болмайды.

1. Тәрбие психологиясы
Тәрбие психологиясы оқушылардың тәрбие ықпалы жағдайындағы психикалық іс-әрекеттері заңдылықтарын шәкірттердің өзін-өзі тәрбиелеуінің психологиялық негізін аша отырып, осы механизмдердің жеке адам қасиетін қалыптастырудағы ықпалын зерттейді. Тәрбие психологиясы кейбір психологиялық өзгешеліктердің тежелуі және қайта құрылуларын, жаңадан пайда болуын және даму процестерін қарастырады. Міне сондықтан да ол баланың жаңа психологиялық мүмкіндіктерін жасауға бағытталуы тиіс.
Психологиялық білімнің негізгі саласы ретінде тәрбие психологиясының басты ұйымдастыру кезеңі - жеке адамды онтегезде белсенді мақсатты түрде қалптастыру мүмкіндіктері туралы қағида. Бұл қазіргі психология ғылымының қоғамдық рөлі мен өскелең адамның жеке басын қалыптастырудағы генотиптік, яғни жеке қалыптасуындағы әлеуметтік, жеке биологиялық арақатынас проблемаларының орнын бағалау көзқарасымен анықталады. Жеке адамның қалыптасу шарттары жөніндегі биологиялық және әлеуметтік арақатынасы туралы мәселе - жеке адамды түсінудегі шешуші мәселе.
Баланың психикасының даму заңдылықтарын іс-әрекеттің жетекші типінің өзіндік ерекшелігін, олардың мектеп оқушылары іс-әрекетінің басқа түрлері мен қарым-қатынасының өзара байланысын есепке алу тәрбие процесін анағұрлым оңтайлы ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Жоғары интеллектуалды және шығармашылық мүмкіндіктері бар, белсенді, өзіндік іс-әрекеті бар жеке адамды қалыптастырудағы талап педагог-тәрбиешілердің алдына оқу-тәрбие жұмысының мазмұнын, әдістерін және оны ұйымдастыруды психологиядан алынған мәліметтер негізінде құру мақсатын қояды. Іс-әрекеттің жетекші типін арнайы ұйымдастыру баланың жеке басына мақсатты ықпал жасап, осы істің процесінде онда талғам мен мотивтің қажетті иерархиясын қалыптастыруға бағытталған негізгі жағдай ретінде көрінеді. Бір жас кезеңінен келесі неғұрлым ересек кезеңге көшкен кезде балалардың ересек адамдармен қарым-қатынасының жағдайы мен жүйесі өзгеріп отыруы керек. Өзінің ажырамас бірлігін сақтай отырып, мектеп ұйымдастыру формалары мен оқыту әдістеріне, оқушылардың құқықтары мен міндеттерінің сипатына, мұғалімдер мен балалардың арасындағы қарым-қатынастарға қарай жіктеліп, буындарға айқын бөлінуі тиіс. Барлық буындарда оқыту мен тәрбиелеу мазмұны біртұтас болған кезде әрбір буын оқушылардың интеллектуалдық және әлеуметтік ересектенуінің сатысын айқын көрсетуге тиіс: тәрбие және оқу жұмысының негізгі элементтерінде, өз бетімен ұйымдастыру формаларында, өзін-өзі басқару сипатында және балалардың жалпы мектептің істерін жоспарлауға қатысуында, тіпті киім киісінде айқын көріну тиіс.
Ұйымдасқан тәрбие процесінің нәтижесінде өсіп келе жатқан адамда кейінгі белсенді өндірістік және азаматтық қызмет үшін қажетті және оның дүниетанымы мен адамгершілігінің психологиялық негізі болып табылатын қажетті түрлі сапалар пайда болып, тұрақтайды. Бұл сапалар тиісті қажеттіліктер мен қабілеттіліктерден, ең алдымен өз еңбегін дұрыс ұйымдастырып, қажеттілігінше жетілдіре отырып, еңбекке деген қажеттіліктер мен қабілеттіліктерден көрініп отырады. Мұндай дамыған нормалар мен мұраттардың негізінде ұжымдағы қатынасты құру, өмірлік проблемаларды ақылдылықпен, істі бірлікпен шешудегі қажеттілік және қабілеттілік болады. Қажеттілік жоғарыда айтылғандай, іс-әрекетте ғана іске асады, сондықтан да тәрбие жүйесін мақсатты түрде құру жеке адамдарды қалыптастыруда неғұрлым ықпал жасайтын іс-әрекеттің жетекші типін ұйымдастыруды талап етеді.
Тәрбие тәсілдерінің психологиялық мәні, алдымен, тәрбиешінің алға қойған міндеттерін орындауға жұмыла отырып, баланың тек ықпал жасау объектісі ғана емес, субъектісі де екенін, көп салалы қарым-қатынастардың белсенді қатысушысы екенін түсінуінен туындап жатуы тиіс. Бұл, біріншіден, түрлі жастағы балалар дамуындағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәстүрлі мәдениеттегі кикілжіңді шешу тәсілдерінің оқу үдерісінде қолданудың психологиялық ерекшеліктері
Педагогикалық технологиялар жүйесі
Қазіргі бастауыш мектеп педагогикасындағы тәрбие әдістері мен формалары
Тұтас педагогиканың процестегі тәрбие әдістерінің формасы мен құрлымдардың жүйесі
Педагогикалық әдістер
Тәрбие мен оқыту бірлігінің маңыздылығы
Тәрбие жұмысының негізгі бағыттары
Қазіргі педагогикадағы тәрбие әдістері, құралдары
Тәрбие әдістері, оның мәні мен қызметі
Педагогикалық техника педагогикалық шеберлігінің элементі
Пәндер