Тәрбиенің жалпы заңдылықтары
Тәрбиенің жалпы заңдылықтары
Тұтас педагогикалық үрдісте тәрбие үрдісі маңызды орын алады. Ол сырттан ықпал ету арқылы да, оқушының өзінін белсене қатынасуы арқылы да қалыптастырылатын үрдіс.
Тәрбие үрдісінде мазмұндық және әдістемелік жағы бөлініп алынады.
Тәрбиенің мазмұнына алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес оқушьшар меңгеруге тиіс білімдер, сенімдер, дағдылар, сапалар және тұлғаның ерекшеліктері деген ұғымдар енеді. Ақыл-ой, дене, еңбек және политехникалық білім, адамгершілік, эстетикалық тәбие тұтастай педагогикалық үрдіске қосылған жағдайда тәбиенің басты мақсатына жетуге -- тұлғаны жан-жақты және үйлесімді қалыптастыруға мүмкіндік туады.
Ұсынып отырған еңбек тәрбие үрдісінің даму заңдылықтарына негізделе жасалған. Зандылық ретінде біз тәрбие үрдісіндегі тұрақты құылысты қарастырамыз, оны іске асыру кезінде жеке тұлғаның дамуында және қалыптасуында әсерлі нәтижелерге қол жетеді.
Тәрбие процесінің бірнеше ерекшеліктері бар. Олар педагогикалық заңдылық ретінде көрініс береді.
Тәрбиенің педагогикалық заңдылығын объективтік, жеке адамның еркіне бағыныссыз, тәрбие процесінде өзіндік тұрақты қасиеті бар көрініс деп білеміз.
Заңдылықты айқындау дегеніміз педагогикалық процесті (идеалдық) мүлтіксіз жоспарлау, сөйтіп тәрбие ісін бақылап, басқарудың ғылыми жүйесін тәжірибеге енгізуге байланысты атқарылатын іс-әрекет.
Тәрбие жұмысының заңдылықтарына төмендегілер
жатады:
-- тәрбие ісінің қоғамның әлеуметтік-экономикалық Қажетін өтеуге сай келуі, оның демократиялық принципті іске асыруы, адам құқығын қорғау мәселелерімен тығыз байланыстылығы.
Осы заманғы тарихи жағдайларға байланысты халықаралық қауымдастық дүние жүзі тарихында халықаралық стандарт болып табылатын жалпыадамзаттық құндылықтар мен адамның негізгі құқығы, бостандығы ашылып көрсетілген ("БҰҰ адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы", "Бала құқықтарының Конвенциясы") құжаттарды жасады. Олар осы заманғы тәрбиенің теориясы мен методологиясының, тәрбиенің мұраттары мен рухани құндылықтарының үлгісін жасау жаңаша бағыт белгіледі. Қазақстан Республикасыіі "Білім туралы" (1998) Заңына сәйкес бұл құжаттар жетекшілік рөлі біздің еліміздің білім саласында мемлекеттік саясатының негізі болды. Сондықтан тәрбиенің мазмұнында республикада және оның жекелеген аймақтарындағы әлеуметтік-экономикалық даму фактоларының есебін жүргізу басты мәселе болып отыр. Ол тәрбиенің мазмұнынан көрініс тауып, әр халыктың мәдени-тарихи құндылықтарын жалпыәлемдік мәдниеттің жетістіктерімен бірлікте, сабақтастықта жүзге асыруға мүмкіндік берді. Тәрбиенің бұл заңдылығын жүзеге асыруда оқушыларды ана тілінде және ұлтаралық тілдерде оқыту халықаралық маңызға ие болып отыр.
Тәрбие мақсатының тиімділігі оны ұйымдастыру тәрбиеленушіге жақын және түсінікті болғанда ғана асырылады. Осы заманғы тәрбиелік үрдіс мақсат тұтастығымен, оларға қол жеткізуде оқушымен қоян- қолтық жұмыс істеумен ерекшеленеді. Бұл мақсати жетудің құралы -- адамға базалық мәдениет негіздер меңгерту арқылы іске асырылады. Осыдан келіп тәрбиенің мазмұны жеке тұлғаның "базалық мөдениетіне негізделуінің қажеттілігі туындайды. Ол мәдениет ұлтгық экономикалық және еңбек мәдениетінен, саяси демократиялық және құқық мәдениетінен, адамгершілік және экологиялық, көркемдік-эстетикалық, де" мәдениеттерінен құралады. Оның негізі отбасы мәдениеіінен туындайды, яғни ұлттық мәдение-отбасылық тәрбиеден бастау алады.
Бүгінгі нарықтық қатынасқа көшу кезінде рухни құндылықтың жетімсіздігі тәрбие жұмысының мазмұныі жетілдірудің қажеггілігін туғызып отыр. Ол оқушы жастарды құндылық атаулыны бағалай білуге, ұлттык мәдениет пен өркениетгі әлемдік мәдениеттің озық үлгілерін кіріктіре отырып игеруге баулуды талап етеді. Ал мұның өзі жеке тұлғаны жан-жақты жетілдірі қалыптастырудың күшті құралы болып саналады.
Тәрбие үрдісінің диалектикасы. Тәрбие үрдісі өзінііі жаратылысы жағыйан диалектикалық болып келеді. Ол жеке тұлғаның үздіксіз дамуда, өзгерісте, қозғалыс болуына байланысты. Тәрбие үрдісінің негізі өмірдеі кездесетін себептерге байланысты дамып, өзгеріп отырады, сондай-ақ ол баланың жас ерекшеліктеріне де байланыстыі дамуда, өзгерісте, өсуде болады. Тәрбие үрдісінің диалек- тикасы дамудың ішкі және сыртқы қайшылық заңдылық-тарына бағынады. Дамудың ішкі қайшылығының біріі -- жеке тұлғаның даму процесінде білуге құмарлығы мен білмейтін жұмбақ істердің арақатынасынан туындайды. Адамның білмегенді білуге деген талпыныс, іс-әрекеті оның белсенділігін туғызады, білмегенді білу үшін тәжірибе жинақтауға сүйене отырып, белгісізді білуге кимыл, әрекет жасауға икемделеді. Ал сыртқы қарама-қайшылықтарды жеңу ісі де тәрбие үрдісінің қозғаушы күші болып саналады. Мысалы, мектеп пен отбасы арасындағы тәрбие ісіндегі түсініспеушілік, ата-аналардың педагогтардың талабын дұрыс түсінбеуі, т. б. теріс әсерін
тигізеді.
Бұл заңдылық тәрбиенің тұтастығы мен өзара
байланысындағы, тұлғаны оқыту мен дамытудағы диалектика-лық шарттылықтардан көрініс табады. Тұлғаның дамуы тәрбие мен оқытудың сапасына байланысты. Оқыту тұлғаны қалыптастырудың құралы болып табылады. Өз кезегінде тәрбиенің мазмұны, түрі және әдісі тәрбиеленушілердің жалпы даму дәрежесінің деңгейіне байланысты болады. Тәрбие теориясы тұлғаның дамуына әлеуметтік тәжірибені игеруге, қарапайым, білім, білік және дағдыларды жинақтаута көмегін тигізеді. Жеке тұлғаның дамуы өзінің көрінісін ең алдымен адамның психикалық қызметінің сапалық өзгеруінен, онда жаңа сапалардың, мінез-құлық белгілерінің қалыптасуынан табады. Тәрбие үрдісінде оқушылардың іс-әрекетінің мазмұны олардың қажеттілігінің өзгеріп отыруына байланысты көп вариантты болып келеді жөне қажеттіліктің даму өресімен анықталады (О.Н.Козлова, 1994).
Оқушылардың жас және жеке басы ерекшеліктерін ескеру негізіндегі тәрбиенің тұлғалық бағыттылығы. Педагогикалық қамқорлықтың ең жоғарғы мақсаты мен мәні бағдарлама, іс-шаралар, түр мен әдіске қол жеткізу емес, баланың, жас өспірімнің, жас жігіттің өзі болуы керек. Олардың даралығын, өзіндік мінез-құлықтарын, өз бойындағы Қасиеттерді сезінуін биік рухани қажеттіктерге дейін дамыту керек. Нарықтық қатынасқа көшу кезінде баланың өзін-өзі тәрбиелеуіне, өзінің ішкі мүмкіндіктерін сыртқа шығаруына, өзінің қабілетін, іскерлігін танытуына зер салу қажст. Баланың ішкі мүмкіндіктері айналасындағы адамдардың оған деген сүйіспеншілік сезімі мен қарым-қатынас жасауына тікелей байланысты. Баланы тең
адам санап, оған еркіндік бергенде ғана ол өз пікірін ашық айта алады, яғни үлкендердің балаға деген шынайы құрметі, сүйіспеншілігі олардың өзгелерге деген сенімін арттырады.
Жетіліп келе жатқан тұлғаның тәрбиесі оны іс-әреке ендіру үрдісінен, сонымен бірге сол іс-әрекеттің субъектісі екенін- баланың өзінің сезінуінен және оған себеі болатын үлкендермен бірлестікте еңбек етуін туындайды.
Тұлғаны қалыптастырудың тиімді дамуы баланың белсенділігін демеп отырған жағдайда ғана сәтті болады. Тұлғаның құрылымын-дағы әлеуметтік-психологияли жаңа өзгерістер оның өзінің белсенділігін арттыру жолымен іске асырылады. Бірақ белсенді қызмет үрдісінде оның дене және рухани жағынан өзгеріске түсуіне баланың күш-жігер жұмсауын арттыруға мүмкіндік береді. Тәрбиелік үрдіс осы тұрғыдан алғанда жоғары қарай дамитын қозғалыстың тоқтамайтын, әлі де жаңа және үлкен күш-жігерді талап ететін үрдіс болып көрінеді.
Кез келген тәрбиелік міндет белсенділікті арттыру арқылы шешіледі. Мәселен дененің дамуы денешынықтыру жаттығулары арқылы, адамгершіліі тәрбиесі, адамгершілік тәжірибеге тұрақты түрде бағытгалу арқылы жүреді.
Оқушылармен бірлесе отырып, адамгершілік және рухани мәдениетті, оның тамаша үлгілерін іске асыру соның,негізінде жеке басқа тән құндылықтарды жинақтап жасап шығару, сөйтіп тәрбие жүйесінде оқушының жеке басының белсенділігін туғызумен бірге тәрбиеші жұмысының мазмұнын да құрайды.
Тәрбиеиің екі жақты сипаты. Тәрбие ісіне қатысу екі жақты болады: біріншіден, тәрбиешіден тәрбиеленушіге дейінгі тікелей байланыс арқылы іске асырылатын әрекет. Тәрбиешінің қолында кері байланыс арқылы жинақталған хабар неғүрлым көп болса, тәрбиелік ықпал солғүрлым мақсаттылықпен іске асырылады. Бүл зандылық мұғалім мен оқушының өзара әрекеттесуін және төрбиенің нәтижелі болуын қарастырады. Егер тәрбие үрдісіне қатысушылардың өзара байланысы нәтижелі болмаса, тәрбие ісінің тұтастығы да болмайды. Бұл зандылықтың нақты көрінісі оқушының сабақ үстіндегі белсенділігі мен тәрбие нәтижелерінің арасындағы байланыс арқылы көрініс табады: тәрбиелік қызмет неғұрлым қарқынды, саналы түрде жүргізілсе, соғұрлым тәрбиенің сапасы жоғары болады. Ендеше, тәрбие үрдісінде мұғалім мен оқушының екі жақты байланысты қызметін сипаттайтын өзара тұрақты әрекеттестікті жүзеге асыру талап етіледі. Бұл үшін тәрбиешінің өз шәкіртін жақсы көруі және тәрбиеленушінің жеке басын жоғары адамгершілікпен бағалай білуі қажет.
Тәрбиеге еріктілік және шығармашылық көзқарас. Тәрбие үрдісі ізгілікке септігін тигізеді. Тәрбиеленушілердің өзіндік ізгі еркі болмайынша, тәрбиенің негізгі идеяларын: даму идеясын (кедергілерді жеңе білу, өзін көтеру), ынтымақтасу идеясын жүзеге асырудың үлгісі бола алмайды. Тәрбие үрдісі күштеумен жүргізілетін болса, онда балада да, мұғалімде де адамгершшік тәрбиесі күйрейді. Тәрбиеші баланың қызығушылығына, ой-қиялына, азаматтық борыш сезіміне, өз бетінше әрекет етуге тырысушылығына, шығармашылығына сүйенген жағдайда ғана тәрбиеленушінің еркіндігі көрініс табады.
Бұл зандылыққа сөйкес педагог баланың күнделікті басқа адамдармен алуан түрлі қарым-қатынасында өзіндік "менін" саналы түрде түсінуге, қабілетін дамытуға, өзінің жасаған қылықтарын ой елегінен өткізіп, бағалай білуге және олардың себеп-салдарының басқаларға да, "өзінің жеке басына да қалай әсер ететінін көре білуіне, өзінің іс-әрекетін қорғаушы ретінде өзін-өзі бағалай білуіне барынша жәрдем етеді.
Тәрбиеге деген еріктілік пен шығармашылық көзқарас ықпал етудің дәстүрлі әдісі ретінде оқушыларға арнап қатаң бұйрық шығаруды қаламайды, сондай-ақ оқушының үлкендерге санасыз, еріксіз бағынуын жоққа шығарады (өміріне қауіпті жағдайдан басқада), оның орнына "педагог пен оқушының" өзара қарым-қатынас әдебін күшейте түседі, олардың өзара араласу стилі мен түрлерін осы заманғы озық мәдениеттің өркениетті үлгілеріне жақындатады.
Тәрбиенін ұжымдық бағыттылығы. Бұл заңдылық әзірге мектеп өмір сүріп отырған жағдайда өзінің мәнін жоғалтпайды. Мектептің жаңа ұйымдастырушылық құрылымы, оқу-тәрбие үрдісінің мақсаты мен мазмүны, оқушылармен жүргізілетін жекелей, топтық, сонымен Қатар ұжымдық іс-әрекетті сол қалпында сақтауды қажет етеді.
Әрбір адам ұжымда қолайлы жағдайға ие болу үшін және өзінің жеке қабілетін айналасындағыларға көрсете білу үшін аз болсын, көп болсын, өзінің күш-қуатын жұмсауға тырысады. Сонымен бірге, бүл жағдайға бару жұртгың бәрінің қолынан келе бермейді. Оған түрліі субъективті және объективті себептер кедергі болады. Кез келген адам өзінің бойындағы табиғи мүмкіндіктерін табысқа жету үшін пайдалана бермейді, ұялшақтықты жеңе білмейді, ұжыммен құндылық бағдардағы пікір қайшылығына сын көзбен қарай алмайды.
Ұжымдық қарым-қатынастарды орнатудың тиімділігі, ұжымішілік қатынастардың стихиялық түрде болуы баланың көңіл-күйіне ықпал ететін түрлі факторларға байлаңысты. Ондай факторларға мыналар жатады: оқушының ерекшеліктері (дарыңдылығы, әсерленушілігі, көпшілдігі, өмірге сенімділігі, сыртқы түрінің тартымдылығы); оның адамгершілік бейнесін сипаттайтын белгілері (құрбыларына ілтипатпен қарауы, әділдігі), денесі жайындағы мәліметтер (күші, көркі, еркі, батылдығы, ептілігі). Ең бастысы, өмір тәжірибесі көрсетіп отырғандай, нарық, еңбек, өмір жолын (мамандық, еңбекке орналасу және т. б.) тандау кезінде бәсекелестің көп болуы. Ұжымдық-серіктік қарым-қатынастар орнатудың тиімділігі алған білімі мен дағдылардың дәрежесіне, ойдың шығармашылық стиліне, кез келген күтпеген жағдайларда өздігінен қабылдаған шешімінің дұрыстығына байланысты.
Тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мектептің, отбасының және ортаның тәрбиелік ықпалын ұштастырудағы педагогикалық ынтымақтастық. Тұлға өзін өмірде сирек кездесетін дербес ерекше феномен деп қарайды. Бұл зандылық мектеп мүғалімдерінің, отбасының және қоғамның педагогикалық күш-жігерінің бірлігімен қызмет етуін қажет етеді. Бала тәрбиесінде отбасының рөлі көп жағдайда жаңа әлеуметгік-экономикалық қатынастарға байланысты. Ол ата-аналар мен мектептің және қоғамның арасындағы нарықтық еңбек жағдайында қалыптасады. Соңғы-кезде отбасывдағы тәрбиеге көмек ретінде елімізде демеушілер мен қайырымдылық жасаушылар, сондай-ақ әлеуметгік құқық қорғау бөлімдері мен қамқорлық көрсету кеңестерінің жұмысы дамытыла бастады.
Тәрбиелік үрдістің күрделілігі оның сан-алуан жағдайда болуына байланысты. Мәселен, тұлғаның бір мезгілде түрлі сипатта болуы оңды ғана емес, сонымен бірге дер кезінде түзету ендіруді қажет ететін теріс әрекет ықпалында да болуы мүмкін. Бұл жағдай тұлғаны тұтастай қалыптастыру идеясына бағындырылған тәрбие үрдісінің мақсатын, міндетін, мазмүнын, түрі мен өдістерін кешенді түрде ұйымдастыруды қажет етеді. Тұлғаның сапаларын калыптастыру бір мезгілде, кешенді түрде жүргізілетіндікген, педагогикалық ықпал да кешенді сипатқа ие болуы тиіс.
І-ІХ сынып оқушылары тәрбиесінің негізгі ерекшеліктері мен міндеттері. Кітаптың бірінші бөлімінде айтылған тәрбиенің жалпы мақсаттары барлық басқыштағы жаста жүзеге асырылады. Сондықтан бұл бөлімде I -- IV, V -- VI, ҮІІ-ҮІІІ, IX сынып оқушыларын тәрбиелеу олардың жас ерекшеліктеріне сәйкес қарастырылып, жалпы міндетгері нақтыланады, тәрбиелік міндеттерді жүзеге асыруға көмегін тигізетін тәрбиенің үлгілері ұсынылады.
Осы арада жасына қарай жекелеген топтардың арасындағы шек қоюшылық туралы мәселені шешуге белгілі бір ықпал жасайтын кейбір жаңа құбылыстарға назар аударған жөн. Соңғы уақытга барлық жерде балалардың дене және психикалық жағынан барынша ерте даму себебі әлі күнге жеткілікті зерттеліп болмаған акселерация жайы еске алынып отыр. Мұғалім, тәрбиеші үшін жас ерекшеліктеріне байланысты көзқарасты екі түрлі мағынада қарастыруға тура келеді. Ол, біріншіден, әр балаға тән жас ерекшелігі ғана емес, сонымен бірге топ немесе ұжымға тән жас ерекшелігін де ескеруге тура келеді. Сондықтан тәрбиешілерге тек жекелеген окушының жас ерекшелігін біліп қою жеткіліксіз, сонымен бірге, сынып оқушьшарының жас ерекшеліктері туралы мағлұматының да мол болуы қажет. Оны тәрбиелеу мақсатында оқушының жеке басын зерттеп білу кезінде мұғалім, ең алдымен, нені білу керектігін айқындап алуы керек.
Бірқатар себептер бойынша І-ІҮ сынып (7-10 жас) оқушьшары педагогикалық түрғыдан ерекше көңіл бөлуді талап етеді. Біріншіден, педаготтың бұл жастағы баланың тұңғыш рет мектеп табалдырығын аттап, әлеуметгік ортамен жаңа қатынастарға түсіп отырғанын есінде ұстауы тиіс. Бұл төменгі сынып оқушьшарының өмірін жаңа жағдаймен толықтырады. Сөйтіп, жаңа ортамен өзара қарым-қатынас жасау үрдісінде оның мінез-құлқы, еркі, оқуға деген қызығушылығы мен танымдық қабілеті дамиды. Екіншіден, тәрбиешіге бұ л жастағы баланың анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін білу аса қажет. Солардың кейбіреуін атайық: бұл кезенде физиологиялық тұрғыдан алғанда, 7-10 жастағы оқушыларда негізінен бас сүйегі қатаяды, тұтастай алғанда қаңқаның қатаюы жалғаса береді. Ми салмағының артуы, жүйке жүйесінің жетілуі, екінші сигналдық жүйенің (сөйлеу) қарқынды дамуы байқалады, сөздік қор көбейеді, тежелуден қозудың басым болушылығы, ойдың нақты бейнелі түрі және естің болуы, елестетудің айқындығы, білуте құмартушылық, жеңіл-желпі сенушілік, елік-теушілік, ерік үрдісінің дамуы сезіледі, моральдық санасында императивтік (бұйырушылық) элементі, өз құрбыларының мінез-құлқындағы кемшіліктерге қатты әсер ету жөне өзіне сын көзбен қарамауы басым болады.
Психиканың дамуы "жаңа құрылым" деп аталатын қызмет түріндегі жүйелі оқу сияқты жаңа сапалық ерекшеліктердің пайда болуына байланысты: ойын қызметтің шешуші түрлерінің бірі болып қала береді, келесі сынып ұжымына ауысқанда ойын балалардың мінез-құлқында ерекше ізін қалдырады.
Үшіншіден, оқу процесі баланың жеке басына, оның назарьша, есіне, ойлау жүйесіне әсер етіп, тұлғаның психикалық даму деңгейі мен үнемі өсіп отыратын талаптар арасындағы қайшылықтардың тууына себепкер болады.
Мектепке келген алғашқы күннен бастап балалардың өз құрбыларына, педагоггарға, оқуға, табиғи ортаға деген қарым-қатынасы қалыптасады, алғашқы дағдылар мен әдеттер пайда болып, кейін оқушының мінез-құлық стилін және оның мектеп ұжымындағы орны мен бағытын айқындайды.
Төменгі сынып оқушылары көп әсерленгіштігімен, басқаға назар аудара білушілігімен біршама ерекшеленеді. Сондықтан оларды оқыту үрдісімен және сабақтан тыс кездегі бірлестікге өткізілетін тартымды жұмыстармен қызықтыра білудің маңызы зор. Жеті жастағы бала әдетте тәрбиелік ықпалға тез көндігеді. Оның жақсы оқушы болғысы келеді. Бұл жастағы баланың бойында қазірдің өзінде белгілі бір дәрежеде адамгершілік тәжірибесі бар екенін есте ұстау керек.
Мамандар дәлелдегендей, балалардың адамгершілік жайындағы түсінігі бастауыш сыныптарда қалыптаса бастайды. Оқушының іс-әрекетінде белгілі бір ортаға бейімділік байқалады. Қоғамдық ортада болғанда төменгі сынып оқушыларывда моральдық түсінік тез дамиды және бастауыш мектептің соңына қарай оларда адамгершілік туралы- белгілі бір түсінік пайда болады. Мәселен, егер I-II сыныпта оқушының мораль жөніндегі түсінігі тек ата-
аналар мен мұғалімдердің пікірлеріне негізделетін болса, III -- IV сыныпта ол басқа адамдардың іс-әрекетіне талдау жасауға және қорытындылауға тырысады. Сонымсн бірге, олардың бойында өздерінің оқығандары мен көргендерінен тәжірибе жинақталады және ол жеке басының әрекеттерін саналы түрде бағалай білу деңгейіне көтеріледі. Бастауыш сыныптарда оқушының бойында өзіне тән мінез-құлықтың қалыптаса бастайтынын және түрліше қайшылықтардың бой көрсететінін білудің маңызы зор. Оны төмендегі фактілермен тұжырымдауға болады: жүйке жүйесінің әлсіздігіне байланысты төменгі сынып оқушыларында ұялшақтық пен тұйықтық пайда болады; тежеу үрдісінің әлсіздігінен шапшаң қимылдаушылық пен өз әрекетін тежеуге қабілетсіздігі басым болады; психикалық үрдістің әлсіз қозғалуынан оларда баяулық және бір заттан екіншісіне солғын назар аударушылық байқалады. Оқытудың бастауыш басқышында оқушының ойланбай жасалатын қылықтарға бейім тұратынын есте ұстаған жөн. Мәселен, ерік үрдістерінің әлсіздігінен бала тіпті белгіленген мақсаттарды орындай алмауы мүмкін, сонымен бірге оған назарының тұрақсыздығы да тән. Осыған байланысты мұғалімдер мен ата-аналар баланың өзіне деген сенімін әрқашан қолдап отыруы керек.
Бастауыш басқыштың оқушысы үшін мұғалім қашан да еліктейтін үлгі болып табылады. Оқушы барлық істе мұғалімге ұқсағысы келеді. Озат мұғалімдердің тәжірибесі осындай қызығушылықты тәрбиелік жұмысқа пайдалана отырып, үлкен нәтижелерге жетуге болатынын көрсетті. Егер III сыныптың басында оқу-тәрбие жұмысы педагогикалық тұрғыждан сауатты ұйымдастырылған болса, онда оқушылардың бойында еңбексүйгіштік, ұқыптылық, шыдамдылық, жауаптылық, қиындықты жеңе білушілік сияқты ерік сапаларын дамытуға болады. Бастауыш басқыштың оқушысында оқуға деген талап пен қызығушылықтың өте жоғары екені белгілі. Ол бәрін білгісі және бәрінен үйренгісі келеді. Ең алдында ол (I -- II сьшыпта) жекелеген заттар мен құбылыстарды тануға ұмтылады, содан кейін себептерін, заңдылықтарын және құбылыстардың байланысын айқындауға тырысады. Осындай жағдайларға сәйкес оқу үрдісімен қатар, мұғалімнің сабақтан тыс тәрбиелік шаралары танымдық үрдісте оқушылардың қызығушьшығын күшейтуге бағытталуы керек.
V -- VI сыныптарда (11 -- 12 жас) оқитын оқушылар кіші жасөспірімдер деп аталады. Жасөспірімдік жас -- оқушының дамуындағы жаңа кезең. Жасөспірім енді бала емес, бірақ ол өлі үлкен де емес. Баланың бейнесінде балалық көріністерімен қатар, есейе бастаған адамға тән жаңа белгілері және үлкен адам болуға деген белсенді ықылас пайда болады. Сондықтан бұл жастың өтпелі кезең деп аталуы кездейсоқ емес. Жасөспірімнің анатомиялық-физиологиялық дамуында елеулі өзгерістер пайда болады. Ол біркелкі болмағанымен, қарқынды өтеді. Әдетте, оқушылар бұл өзгерістердің бәрін де сезінеді және оларды ауырсынуды жиі бастан өткізеді. Бұл жаста баланың партада отыруына көңіл бөлудің, оның гимнастикамен көбірек шүғылдануына, спорттық секцияларға қатысуына ақыл-кеңес берудің маңызы зор. Сондай-ақ бұл жас олардың рухани жағынан күшті дамуымен сипатталады. Алайда көптеген жағдайда олардың ересек болуға талпынысы дамуының ішкі қайшылықтарымен қақтығысып қалады және бұны тәрбие үрдісінде еске сақтаған жөн.
Бұл кезде кіші жастағы жасөспірімдер кейбір білім, қоғамдық-пайдалы жұмыс тәжірибесін игереді, өзіне деген сенімгс және тәуелсіздікке ие болады. Бұл жастағы балалар маңызды тапсырмаларды орындауға қабілетті. Оларда өздерінің қылықтарына талдау жасай білу, сондай-ақ үлкендер мен құрбыларының іс-әрекетін бағалай білуге бейімділік байқалады. Сол арқылы олардың жеке сапасы көрініс табады. Кіші жастағы жасөспірімдер үшін тәрбиешінің жеке басының және сыныптық, ұжымдық ортаның төтенше маңызы бар. Сөзбен әсер ету, түсіндіру және сендіру әдістерін пайдаланумен бірге бүл әдістердің тиімділік әсері интеллектуалдық және моральдық даму деңгейіне, олардың дұрыс ойлай білу және дәлелді меңгере білу қабілеттеріне байланысты екенін есте ұстау қажет. Бұл жаста тәрбиенің сөздік әдістерінің ықпалы әлсіреуі мүмкін, өйткені жас өспірімдердің бойында дамып келе жатқан сыншылдық қасиет оларды үлкендердің әрекеттері мен дәлелдеріне күдіктене қарауға және үлкендсрдің талаптарына қарсы тұруға мәжбүр етеді. "Мұндай құбылыстарды" елеулі алшақтыққа душар етпеу үшін жасөспірімдерге жасалатын тәрбиелік ықпалдың әдістері мен тәсілдерін іріктеуді жан-жақты ойластыру қажет.
Жасөспірімдердің мінез-құлқын қалыптастыруда тәрбиешілердің жеке бас үлгісінің ерекше маңызға ие болуы одан әрі жалғаса береді. Сонымен бірге, жасөспірім өзін үлкен кісі санаумен үлкендердің қылықтары мен әрекеттеріне саналы түрде ұмтылады. Сондықтан жасөсшрімдер үшін үлкендердің істерінің, қылықтарының, ойларының маңызы зор. Жасөспірімдер өзіне қойылатын талаптардың нақтылығын тез сезінетін болады. Олар үшін үлкендердің талаптарындағы әділдік, ақылдылық, мақсаттылық т.б. ұстанымдар бірлігінің үлкен маңызы бар.
Осы орайда жекелеген педагогикалық талаптарды кейде тікелей емес, оқушының жеке басына жанамалай ықпал етумен тұспалдай қоюға болады.
Ү~ҮІ сыныптарда оқу үрдісінде оқушылардың жеке басын жан-жақты дамыту үшін қабылданған мемлекеттік оқу жоспарына сәйкес пәндерде және оқудан тыс кездегі іске асырылатын тәлім-тәрбие жұмыстарында қоғамдық-білім, біліктер мен дағдылар жүйесін меңгереді.
VII -- VIII сыныптардың оқушылары ересек жасөспірімдер болып табылады. Бұл кезенде олардың ішкі дүниесінде терең өзгерістер болады: санасы дамиды, өмірден өзінің орнын айқындай бастайды, өзінің іс-әрекеттеріне жауаптылығы арта түседі, ізгілік және адамшылық проблемалары жайында ойланады. Оларда өздерінің білімдерін, өзін-өзі тәрбиелеуді жетілдіруге, эстетикалық мәселелерге ұмтылыс пайда болады. Ересектерге, айналасындағы адамдардың адамгершілік қасиетіне ерекше назар аудара бастайды. Сондай-ақ VII-VIII (13 -- 14 жас) сынып оқушыларының анатомиялық-психологиялық дамуында айырмашылық ерекшеліктер кездеседі. Бұл кезенде жасөспірімдерде жыныс бездерінің жетіле бастауына байланысты гипофиз бен қалқанша бездерінің күшеюі әсерінен дененің жедел дамуы байқалады. Ол дене түзілісі мен зат алмасу үрдісін жеделдетеді, сол себепті қарқынды өсуге әкеп (акселерацияға) соғады, сонымен бірге, жас жеткіншектің қаңқасы шеміршектен сүйекке айналады.
Сырт көзге дене түзілісі жақсы қалыптасқан болып көрінгенмен, жеткіншектің әлеуметтік дамуы оның дене дамуына сәйкес келмейді немесе ата-анаға материалдық тәуелділікте болуымен байланысты түсініспеушілік туады. Сайып келгенде, жеткіншектің ақыл-ойының тез дамуына қарамастан, оның жауапкершілік сезімі мен міндетінің баяу дамитыны байқалады.
Жасөспірімдерді түсіну -- күрделі үрдіс. Қоршаған ортаның өзгермелі болуынан жасөспірімдер бір жағдайдың
өзін түрліше бағалауы мүмкін, өйткені бір сыныптағы оқушылар санасының деңгейі түрліше болады.
Тәрбиеде салақтыққа жол беру қиындықтардың бір болып табылады. Бұл үлкендердің өзінің айтқандарын міндетті түрде орындауды талап етуіне байланысты баланың өздігінен әрекет жасауына кедергі келтіру байланысты туындайды. Мұндай жағдайда мұғалім жасөспірімдер әрекетінің ішкі дәлелдеріне үйлес болуы тырысуы керек. Олай болмаған жағдайда тәрбиеліі жұмыстағы мұндай салақтық жасөспірімдердің көңіл күйін төмендетуге әкеп соқтыруы мүмкін. Мәселен, түрлі құбылыстарды түсіну мен бағалаудың арасынді байланыстың әлсіздігінен көп ретте жасөспірімдердің іс- әрекеттерінде келіспеушілік туындайды. Бала бойында еркінің болмауы да осы тұста байқалады. Осындай себептерден жасөспірімдердің мінез-құлкында тұйықтық пайда болады.
Бұл жастағы жасөспірімдердің тәрбиесіндегі тағы бір салғырттық олардың жауапсыздығы болып табылады, сонымен қатар жасөспірімдер өздеріне сенімсіз қарайды өйткені ол өзі енетін әлеуметтік қатынастардың проблемасын ақырына дейін түсінбейді. Сондықтан жасөспірімдердің әлеуметтік әрекеттерін дамытудың оларды қолдаудың және бағалаудың мәні аса зор.
Егер отбасында және ұжымда жасөспірімдер әрекеттерінің оңды жақтары қолдау тауып, бағаланатын болса, онда олар түрлі ортада болғанда өзіне деген сенімге ие болады. Өзіне сенімі жоқ жасөспірімдердің ақыл-ойының даму дәрежесі қаншалықты жоғары болса да, айналадағы дүниені ұғынуда оларда ауытқушылық байқалады.
Жасөспірімдер тәрбиесінде кездесетін кемшіліктердік тағы бір түрі -- қоғамда өзінің толық бағалы еместігін сезінуі. Жасөспірімдердің әлеуметтік санасынык жеткіліксіздігі қоғамдық мінез-құлықты бұзуға әкелетінік тәжірибе көрсетуде, Сондықтан олар оз құрбыларының ішіндегі әлеуметтік топтардың ықпалына тез түседі Ендеше, тәрбиеші топтың қызметіне ерекше көңіл аударуы және олардың іс-әрекеттерінцегі дұрыс және бұрыс сәттерді байқай білуі керек. Психологтар әдетті мұндай топтарда түрліше психологиялық таңқаларлык жайлар -- психикалық индукция, конформизм (айнала дағылардың пікірлеріне бағыныштылық) сенімі, еліктеу байқалатынын, сондықтан жасөспірімдер өмірде "көпті
көргендерге көбірек еліктейтінін және олардың қылықтарын сол қалпында қайталайтынын айтады. Өмірде жасөспірімдерге шағын топтар ауадай қажет. Мұндай ортада олардың міндеттері мен құқығы тең болады, проблеманы түсінбеушілік өзінен-өзі шешіледі. Мұндай топтар жеке бастың сапасын қалыптастыруға және басқалармен өзара қарым-қатынасты анықтауға ықпал етеді. Сол себепті тәрбиеші бұл проблемаларға ерекше көңіл бөлуі керек,
Жасөспірімдердің тәрбиесінде жыныстық дамуға байланысты психологиялық өзгерістер ерекше ескерілуі керек. Жыныстық жетілу кезеңінде ер балалар мен қыздардың дене құрылысында өзгерістер пайда болатыны байқалады. Жыныстық өзгешеліктер себебінен ер балалар мен қыздарда өмір жолы мен мамандық тандауда өмірге түрліше бейімділік пайда болады. Олардың арасындағы қарым-қатынастар нәтижесінде өзіне деген сенімі дамиды. Жыныстық жетілу кезеңінде өзіне-өзі баға беру өзгереді, есейеді, соған сәйкес үлкендерге деген қарым-қатынас өзгереді. Жыныстық даму үрдісінде жасөспірімде құндьшықтарды қайтадан бағалау пайда болады.
Тәрбиедегі қиындықтардың бірі оқушылардың отбасындағы жағдайы мен жай-күйі болып табылады. Кейбір отбасында жасөспірімдерге еркіндік беріліп, үлкен жауаптьшық тапсырылады, кейбір отбасында керісінше, жасөспірімдерге жас балаларға қарағандай қатаң бақылау жасайды, оларды өзіне деген сенімінен айырады. Жасөспірімдер бір-бірімен араласқанда көбінесе отбасындағы жағдайларды салыстырады. Бұлай ету үлкендермен қарым-қатынастардағы түсінбеушілікке әкеп соғады. Қатаң бақылауда болатын жасөспірімдерде әдетте үлкендермен қарсыласу көп болады, өйткені олар өздерін Қазірдің өзінде үлкенбіз деп санайды. Оларға үлкендердің орынсыз қамқорлығы немесе олардың адамгершілігін кемітуі ұнамайды. Мұның бәрі олардың өздерін толық құқылы азаматпыз деп санауынан келіп шығады. Сонымен бірге, үлкендер мен жасөспірімдер арасындағы түсінбеушілік жасөспірімнің өз істерін асыра бағалауынан да пайда болады. Үлкендер балаларды өздерінің меншігі санап, олардың қызығушылықтарымен және қажеттіліктерімен санаспайды. Жасөспірімдер өздеріне қойылған шектеушіліктің себебін білгісі келеді, үлкендер "олса, көп ретте дәлелді жауаптар қайтармайды. Соның салдарынан оларда үлкендердің әділетсіздігі жайында ұғым
қалыптасады. Әдетте, өмірде тәрбие ісінде үлкендердің өздерінің үлкендігін жиі пайдалануы тәрбиенің дұрыс болуына кедергі келтіретіні байқалады. Өзінің әрексттерін жоғары бағалайтын жасөспірімдер түрлі проблемалар бойынша өздерінің пікірлерін толық айтқысы келеді. Егер олардың солай істеуіне мүмкіңцік берілмесе, қарама-қарсылық шиеленісе түседі. Осындай жағдайдың салдарынан кейде жасөспірімдер үйін немесе тәрбиелік мекемелерді тастап кетеді. Тәрбие жүйесінде жасөспірімдер үнемі өзгергіш және дамымалы буын, ал үлкендер қалыптасқан буын деген фактіні ескере отырып, тәрбиеде жіберілген өз қателіктерін мойындауы керек.
Сыртқы ортаның ықпалымен жасөспірімдердің ішкі дүниесіңде терең өзгерістер болып жатады. Сондықтан төрбиешілердің жасөспірімдерді тапқырлыққа жөне тұлғалық тәуір қасиеттерді қалыптастыруға бағыттауы қажет.
VII сынып оқушыларының білімін өздігінен тереңдетуге; ұмтылатыны және білімнің түрлі саласына қызығушылық танытатыны белгілі. Көп жағдайда олардың қызығушылығы кездейсоқ факторларга негізделген. Оның оқыған кітапқа, көрген фильмге немесе пән бойыншаі алған жоғары бағаларына байланысты болуы мүмкін. Егер тәрбиеші оқушылардың қызығушылығын дамытуға үнемі көңіл бөліп отырмаса, онда олар біржақты және шектеулі болып қала береді. Осыған байланысты оларды қоғамдық мәні бар мақсаттарға бағыттаудың маңызы зор.
Ересек жасөспірімдер ой еңбегі мәдениетінің негіздерімен таныс. Олар өздерінің уақытын жоспарлай және тиімді пайдалана біледі.
Күн режимін сақтай білудің де ерікті дамыту мен мінез-құлықты тәрбиелеп жетілдіруде маңызы зор.
Жыныстық дамуға байланысты жасөспірімдердің қарама-қарсы жыныс өкілдеріне қызығушылығы артады. Алғашқы сүйіспеншілік сезімі жасөспірімдердің іс-әрекеттеріне ықпал етеді. Тәрбиеші жас жігіттер мен қыздардың арасындағы өзара қарым-қатынастар туралы, достық және махаббат туралы, жоғары адамгершілік: түсініктер туралы әңгімелер өткізуі керек, санитарлық-гигиеналық білімге көңіл аударуы қажет. Әсіресе, бүгінде сексті кең марапаттауға байланысты түрлі жұқпалы аурулардың неден пайда болатынын, оның адам өміріне, тұқымға зияндылығын түсіндіру керек.
ҮІІ-ҮІП сыныптардың оқушылары, әдетте, спортпен, бимен, түрлі ойындармен, кештермен шұғылданады. Егер
олардьш қызығушылығын дер кезінде керекті арнаға бұрып отырмаса, олардың оқуына бөгет жасауы мүмкін.
Жас жігіттер мен қыздар жалпымектептік іс-шараларға канағат-танғандықпен қатысады, конференцияларға, олимпиадаларға, спартакиадаларға қатысумен өздерінің қабілеттерін дамытуға тырысады.
IX сынып оқушыларының даму ерекшелігі денедегі, психикалық және әлеуметгік өзгерістерге байланысты. IX сыныпта (15-16 жас) оқушылардың жас кезеңін әдетге ерте оянған бозбалалық шақ деп атайды, өйткені бұл кезеңде балалықтан жастық шаққа өту кезеңі туады. Бозбалалық шак жыныстық жетілудің аяқталу кезеңі, сонымен бірге дененің дамуы жағынан көмелетке жетудің алғашқы сатысы болып табылады. Бұл жаста жасөспірімдер денееінің дамуында сәйкессіздік байқалады: аяқ-қол жылдам өседі, кеуде өсуден кенжелейді, сыртгай олар ерсілеу, икемсіз көрінеді. Жүрек тамырының дамуында да біркелкі өсу болмайды, жүрек жылдам өседі. Тамырдың дамуы кенжелейді. Мұндай жағдайда жекелеген мүшелерге қан құйылуының жеткіліксіз болуынан қан қысымы артады, соған байланысты бас ауырады.
IX сынып оқушыларының санасында жаңа әлеуметтік көз-қарастың пайда болуы ең басты нәрсе. Олар сезімнің, сананың, мінез-құлықтың дамуын ғана түсініп қоймастан, өзін-өзі басқаруға ұмтылыстың да ерекше маңызды екенін жақсы.түсінеді.
IX сынып оқушылары "Өмірдің мәні неде?", "Адамның шынайы бақыты деген не?", "Мүмкіндіктер және таланттар қандай болады?" деген сүрақтардың жауабын табуға қызығушылық танытады. Оларды адамның өмірдегі орны, адамшылық қарым-қатынастардың пайда болуы қызықтырады. Алайда, өмір тәжірибесінің жеткіліксіздігі,орнықпаған моральдық ұстанымдар, түрліше өмірлік жағдайлардың сыр-сипатын жете түсінбеушілік кейде оларды шешім қабылдауда қызбалыққа, бір жақты шешім
қабылдауға әкеліп соқтырады. Бұл кезде оқушыларда сүйіспеншілік сезімі пайда болады. Олар достықты,жолдастықты бағалайды және мұғалімдер, ата-аналар,үлкендер тарапынан өздеріне құрметпен қарауды талап етеді. Олар көп жағдайда үлкендерден көмек сұрайтын болса да, өздерін үлкенбіз деп санайды. Алайда үлкендердің оқушылар жөнінде сөздеріндегі, қылықтарындағы,
ақыл-кеңестеріндегі дөрекілігі оларға кері әсер етеді.
Осыған байланысты жоғары сынып оқушыларын тәрбиесі кезінде мұғалімдерге олардың мінез-құлқын: түрліше болатынына көңіл бөлуге тура келеді. Жоғары сынып оқушьшары үшін ұжым қоғамдық тәрбиенің негізі болып қала беретінін де атап өткен жөн, Ұжымның міндеті тұлғаның қабілеттерін және оның жан-жақ тәрбиесін дамыту болып табылады. Жоғары сыныптарда талантты оқушылар анықталады, ұжымда да олар әрқаша ерекшеленіп тұрады. Жоғары сынып оқушыларыны кейбіреулері үлкендер мен құрбылары алдында бедел, болады, қоғамдық жұмыстарды орындайды, ал кейбіреулері нашар оқиды, қоғамдық жұмыспен айналыспайды, сонысымен олар өздерінің тәрбиесіне нұқсан келтіреді. Бұл жаста білімді жалғастыруға және-оның болашақ мамандығының сипатына тәуелс қоғамдық өмірге толық қосылуына қажетті жалпы білімді даярлықтың іргетасы қаланады.
Негізгі мектепті (IX сынып) бітірушілерге орта білі алуды аяқтаудың жолдары мен мерзімдерін таңдауға, сондай-ақ кешкі және сырттан оқу жүйесінде білімі жалғастыру мүмкіндігімен еңбек қызметін бастауға құқы беріледі. Жоғарыдағыларды ескере келіп, мұғалімдердің тәрбиешілердің, ата-аналардың оқушылардың өзін-өзі қалыптастыру, өздігінен даму, өздігінен түжырым жасау сияқты ішкі қажеттіліктерге деген олардың даярлығы және оның дүниежүзілік білім кеңістігінің талаптарын сәйкес толық орта білім алуға мүмкіндік беретінін ест ұстаған жөн.
I -- IV сынып оқушылары тәрбиесінің негізгі ерекшеліктері мен міндеттері. Бастауыш сынып оқушыларына тән қажеттілік. Басты қажеттілік -- оқушы болу. Ол сыртқы пішінімен, оқуда озат болу ниетімен, оқушының мінез құлқымен, "мектеп оқушысын" алдымен мұғалімнің содан соң (үшінші-төртінші сыныптар) құрбыларыны тануымен, сыныптағылармен бірге болуға талаптануме айқындалады.
Оқушы бейнесі осы міндетті өтеудің көрінісі. Бұл жаст баланың бойында өзін оқушы сезінуі, жақсы үлгеруші, қолынан бәрі келетін "екінші" немесе "үшінші" сынып оқушысымын деген мақтаныш сезім билейді.
Қызмет. Танымдық қызметтің қарқынды қалыптасуьн (баланың, "неліктен солай?" дейтін сұрағы сиректеліп
құндьшықты, оқи білуді (бөліктерін оқи, санай, жаза білуден бастап) игеру.
Мұғаліммен өзара әрекет жасаумен ережелер бойынша жасалған қатынастық қызметті, сол секілді бір сыньштағылармен оқу-іскерлік қатынасты дамыту.
Оқудан тыс жердегі қатынас баяу, стихиялы түрде қалыптасады. Ол көп ретте арнаулы педагогикалық камқорлықта, бақылауда бола бермейді.
Бірлесе атқарылатын танымдық және ойындық (рольдік және "қимылдық") қызметтер тартымды болады.
Тұлғааралық қатынастың мазмұны -- аспаптық -- оқиғалық -- жағдайлық. Әдетте, балалар бұл жаста бір-бірімен сөйлесіп пікірлескенде көбінесе "Бүгін не істейсің?", "Не істеп жатырсың?"-нан бастайды. Олар өткендегіге немесе алдағы істелер іске аз көңіл бөледі.
Сыныпта өзара қарым-қатынас біркелкі, біршама қиын емес және мұғалім бағалауының күшті ықпалында болады. Қатынастың белгілі топтары 2 -- 3 адамнан (бұл ойындық және ұйымдық жағдайлар үшін дұрыс емес) тұрады.
Мұғалімнен күтілетін негізгі рольдер -- тергеуші және қорғаушы.
Жеке бас дамуының мүмкіндіктері: Оқудағы талдаулар (саналы білімді, оқу қызметін түсінуді қалыптастыру); қарым-қатынасқа, бірлескен оқу қызметіне саналы түрде бірінші кезең ретінде қарау, қолжеткен табысты нығайту.
Кіші жастағы жасөспірімдер (V -- VIII сынып) негізгі
ерекшеліктері мен міндеттері
Кіші жасөспірімдердің белгілі сипаттамасы. Бұл жаста "болу", "үлкендерге еліктеу" бірінші жоспарда болады. Мәселен, егер кіші жастағы оқушыға "үлкен болу -- оқушы болу" мақсат болса, кіші жасөспірімдер өзіндік әрекетімен, қарым-қатынаста үлкендерге тәуелсіз болуымен, өзінің қызығушылығын өздігінен жүзеге асыруьімен ерекшеленеді.
Мен бейнесі. Мен бейнесінің (дамудағы өзгерулер) -жолдастары үшін, ата-аналары үшін өзін құнды етіп көрсетіп, жақсы көруді өзіне қабылдауы. Егер жоддастық ортада ондай түйсіктер қарқынды орнайтын болса, онда ата-аналар, кейде мұғалімдер арасында жылдамырақ, өзі жөніндегі түсініктің нығаюын күтеді.
"Меннің" қиялдық және шынайылық ерекшелігі айқындалып арақатынаста және әлеуметтік-мәдени үлгілерде, соның ішінде батылдық пен нәзіктіктің мақсат мұраттарына сәйкес келетін ер азаматтық және қыз балаға тән нәзіктік өлшемдердің көрінісі беруі байқалады.
Қызмет. Жеке тұлғаның бойына тән қасиет. Ол оқу оқу, білім алудан басталып, қоғамдық жұмыста көрініс беретін немесе көше қаңғып, қоғамға жат қылықтармен айналысуынан байқалатын қүбылыс. Оның ішкі ерекшелігі қайраткерлік көрсетуге талпынумен байланысты. Егер ол өзіндік "Меніне" -- сын көрсете алса жеңіске жеткені, ал көрсете алмаса іс-әрекеттің нәтижесі; болғаны.
Әсерленушілік пен өзін әр түрлі қырынан көрсетуге тырысу арқылы бала өз бойындағы қабілеті мен ерекшелік қасиетін танытады. Ол жолдастары арасында дами түседі де, жолдастық-ұжымдық мақтаныш сезімге ие болады. Мысалы: "5 "б" -- біздер 5 "а" сынып сияқты емеспіз, ерекшелігімізбен көзге түсеміз" деп мақтанады.
Топтық қатынас саласында -- қатыстық топтың жыныс белгі-леріне қарай бөлінуінің дами түсуі, оқиғалық, әрекеттік мазмұнның ортақтасуын жалғастыру (енді бірлескен қызмет) "қатынасқа тартылған уақытша масштабты кеңейту; мектеп ережелерінің өлшемдерін жұмсарту; қатынастың "бірге болу" -- дан топтағы танымға дейінгі жаңалығын дамыту.
Мүғалімнен, тәрбиешіден күту: әділдік, бұл жаста ненің құнды болатынына таңдандыра білу, істі қызықты етіп ұйымдастыру.
Жеке басты дамыту мүмкіндігі: жасөспірімнің әлеуметтілігі мен даралығын дамыту.
Әлеуметтік жолдастық қатынас орнату, бірлескен қызметті демократиялық тұрғыдан ұйымдастыра білудің қажеттігі.
Дербестік: қызмет пен қатынастың субъектісі ретінде өзінің "Меніне" -- басқалардың қызығуын түғызу, өзінің табысқа жету жөніндегі ойларын және қарым-қатынас пен қызметтегі ерекшелігін дамыту.
Ересек жасөспірімдер тәрбиесінің негізгі ерекшеліктері мен міндеттері. Үлкен болудың қажеттілігі -- үлкендердің мінез-қүлық-тық қызметіндегі қатынасты, үлкен болудың сыртқы "суретін" игеру. Сонымен бірге үлкендер жасөспірім үшін -- үлкендердің бүкіл әлемі емес, ең жақын маңдағы үлкендік: жасөспірімдер мен жастар өзін үлкеннің рөлінде болуға, соның ішінде субъекгивті мәдени жас-өспірімдер топтарына қыр көрсету арқылы қатысуға бейім болады.
Мен бейнесі -- қарама-қарсы және тұрақсыз, балалық Мен мен қалыптасқан үлкеннің "Менінің" ұштасуы. Мұнда бәрі қарама-қарсы: өзінің дене бейнесінің өзгеруін көрсету; өзінің мінез-құлқына, қабілетгеріне сипаттама беру көзқарасы; қатынастың субъектісі (соның ішінде жынысаралық) және қызмет субъектісі ретінде өзіне баға беру.
Қызметті игеру: тандаушылықтың, даралықтың өсуі және оған мүмкіндік жасаушы қызмет түрінің ерекшелігі.
Бірлесе кызмет ету. Егер топтағылармен қарым-қатынас ерекше түрде қалыптасса, ол тартымды болып көрінеді. Яғни үлкендермен жеткіншектер бірлесе, пікірлесе бір мақсатта іс істесе, қарама-қарсы "алыстағы" есеюмен ұштасса, тартымды болады.
Қарым-қатынаста болу. Ересек -- бозбалалықтың мәнерлі үлгісі (сезімді, қарым-қатынасты көрсететін) және оның аспаптық әрекет-терімен (пәндік қызметпен байланысты) негізделген қатынасты дамыту. Әдетге өмірде мәнерлі қарым-қатынас жасөспірімдерде, әсіресе қыздарда, ал аспаптық қарым-қатынас жасөпірім ер балаларда басым болады. Қарым-қатынастықтың осы жақтарының өзара әрекетін дамытуға ұмтылу қажет. Жалпы топтық көңіл күйге әсер сезімге ұмтылыс байқалады. Әдетте қызметтік негізде аралас (жасөспірім қыздар және ер балалар) достық топтар да пайда болады.
Мұғалімнен, тәрбиешіден қызметке басшылық күту. Қызметті біршама ұйымдастыру -- кіші жасөспірім арасында, "ақылшы", ал кіші жеткіншектермен арада, жастар арасында "кеңес беруші" деп аталады.
Тәрбиеші тарапынан (егер ол мәнді, белгілі мәселе жөнінде болса) жетістіктерді және өзінің жасөспірімдік тұжырымын мақұлдатудағы қажеттіліктің өсуі.
Үлгілі көзқарас түрғысынан төрбиеші бағасының тартымдылығы, нәзіктігі, батылдығы.
Даму мүмкіндігі: тұлғалъіқ және дербестік ретінде өзін көрсетуге түрткі болуы. Әлеуметтік жағынан мәнді топтық және жеке бастық тұжырымға келу мүмкіндігімен байланысты қызметтің іс тәжірибесі. Балалықтан үлкендікке, жасөспірімдіктен жастыққа өтудің белгілерін білдіру.
Жоғарыда айтылғандардың бәрі бұл көзқарастың оқушыны тұлға ретінде және сынып тобының, ұжымның мүшесі ретінде зерттеу үшін үлкен тәрбиелік мүмкіндікті ашады деген қорытынды жасауға болады.
Сонымен бірге осылайша ұйымдастырылатын тәрбиелік жүйе, ең алдымен, ашық жүйе болып табылады. Оны дамуына сырттан ықпал ететін фактор ретіңде, сонымен қатар сол жүйені өзгертуші ретінде (табиғатты қорғау балабақшаға қамқорлық, шағын аудандағы жұмыс жәнс т -- б.) орта айтарлықтай роль атқарады.
Бірақ тәрбиелік жүйе ретінде мектепті жеке басты дамытудың басты мақсаты деп қарамау керек. Оның әрекеттілігінің, тиімділігінің негізгі көрсеткіші оқушының жеке басы болып табылады: оның мектептегі көңіл күйі, іс-әрекет пен қарым-қатынасқа түсуі, құнды бағдары оның өз бойындағы қасиетгерді жүзеге ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz