ХХ ғасырдағы өнердің жаңа бағыттары



Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: ХХ ғасырдағы өнердің жаңа бағыттары

Қазақ бейнелеу өнері өзіндік тарихы бар - дүниені көру, түсіну бақылау, байқау негізінде бейнелейтін көркем бейнесін жасайтын халық өнерінің бір саласы. Бейнелеу өнерінің тарихы адамзат тарихымен қатар басталған. Қазақ халқының бейнелеу өнері ертеден белгілі. Бұл күнде кәсіби дәрежеге жеткен қазақ бейнелеу өнерінің кескіндеме мен графика, мүсін, халықтық қолданбалы өнер түрлері дамудың сара жолына түскен. Оның барлық түрлері мен жанрлары өркен жайған.
Қазақ халқының бейнелеу өнері шығармаларының көркемдік ерекшіліктері туралы Г.Сарықұлова, М.Ғабитова, Н.Нұрмұханбетов, Ө.Көпбасынова, И.Рыбакова, А.Вандаровская, К.Ли, Ш.Тұяқбаева сынды өнер зерттеуші ғалымдар қазақ бейнелеу өнерінің даңықты шеберлері Ә.Қастеев, А.Ғалымбаева, Қ.Телжанов, М.Кенбаев, С.Мәмбеев, Х.Наурызбаев, Г.Исмайлова, Е.Сидоркин, Н.Нұрмұханбетов, С.Романов шығармаларына көркемдік тұрғыда талдау жасаған, ұлттық бейнелеу өнерін графика, кескіндеме, мүсін, сәндік қолданбалы өнер түрлеріне бөліп жіктеген. Осы аталған бейнелеу өнері түрлерін тарихи, тұрмыстық, портрет, пейзаж, анималистік жанрларға бөліп қарастырған. Қазақ бейнелеу өнерін бұлай етіп түрлерге, жанрларға бөліп жіктеу, еліміздің бейнелеу шығармаларын танып білуге қолайлы мүмкіндік туғызады.
Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнеріне кіретін бұйымдардың көркемдік ерекшеліктері туралы Ә.Марғұланның, Ә.Тәжімұратовтың, С.Қасимановтың, Х.Арғынбаевтың, Ш.Тоқтабаеваның, М.Мұхановтың, С.Төленбаевтың, Ө.Жәнібековтың, Т.Бәсеновтың, Қ.Әмірғазиннің еңбектерінде бағалы мәліметтер берілген. Ол шығармаларда көркем бұйымдардың формалары мен тұрмыстағы қолданылуына баса назар аударылған. Сонымен қатар қолөнер бұйымдарын сәндік, безендіру, интерьерге көрік беру, сыйлық ретінде ұсынудың мәні көрсетілген. Бұйымдардың жасалуы, формасы, ою өрнектері, түр-түстерінің үйлесімділігі сан ғасырлар бойы ұрақтан-ұрпаққа жалғасып, белгілі бір дәуірден, келесі бір дәуірге жалғасып отырған. Сондықтан қолөнердегі дәстүр сабақтастығын қолөнер бұйымдарындағы көркемдік көрсеткіштердің бірі ретінде танылған.
Қазақстан бейнелеу өнері Тәуелсіз Қазақстан тұсында ұлттық мәдениеттің бір бөлігі ретінде халықтың рухани тәрбиесіне, эстетикалық сұранысына қызмет етіп келеді. Тәуелсіз Қазақстан кезіндегі бейнелеу өнері еліміздің қоғамдық даму кезеңдерімен тығыз байланысты өсіп, бейнелеу мазмұны толығып, формасы өзгеріп отырды, қазіргі кезеңде егеменді ел өмірін бейнелейтін өнер ретінде қалыптасу мен даму үстінде.
Еліміздің тәуелсіздігі кезеңіндегі бейнелеу өнерін зерттеу нәтижелері оның мынандай көркемдік дәстүр жалғастығы мен бағыттарын анықтауға мүмкіндік туғызды:
Бірінші бағыт. Мемлекеттік рәзімдер мен ұлттық валютаның өмірге келуі, олардың қоғамдық өмірдегі кең түрдегі қолданысы. Мемлекеттік рәміздер болып табылатын жалау мен гербтің көркемдік шешімін табуға Ш.Ниязбеков, Ш.Уәлихановтар шығармашылық ізденістер жасады. Мемлекеттік рәзімдерде ұлттық құндылықтарды бейнелеуге назар аударатын суретші Т.Дүзелханов ұлттық валютаның безендіру суреттерін салды. Мемлекеттік рәзімдер мен ұлттық валютаның өмірге келуі, қазақ бейнелеу өнерінің дамуына тәуелсіздік тұсында қосылған ерекше үлес болды.
Екінші бағыт. Ел бірлігі, халықтар достығы тақырыптарына арналған қала көшелерін безендіруге бағытталған монументалдық дизайнерлік графикалық шығармалардың кең көлемде дамуы. Қазақстан бейнелеу өнерінің дамуында безендірудің бір саласы болып табылатын көлемді дизайнерлік саяси плакаттармен қала көшелері мен елді мекендерді безендіру жұмыстары қарқынды дамыды. Елбасының саясатын, Егеменді Қазақстанның өркендеуін, болашақ мұраттарын халыққа паш ететін монументтік саяси көркем туындылар жасауға суретшілер ерекше назар аударуда.
Үшінші бағыт, ұлттық салт-дәстүрлер көріністерін бейнелеу шығармашылығының жалғасуы. Ұлттық салт-дәстүрлерді бейнелейтін халық суретшілері Ә.Қастеев, А.Ғалымбаева, Қ.Телжанов, М.Кенбаев бастаған реалистік көркемдік бейнелеу тәуелсіздік тұсында қалыптасып дами түсті. Бұл бағытта суретшілер Қ.Закиров, Е.Төлепбай, Б.Түлкеев, Қ.Нұрбековтер аға буын суретшілердің салт-дәстүр көріністерін бейнелеушілік дәстүрін жаңашылдық мазмұнмен жалғастырып көрнекті туындыларды өмірге әкелді.
Төртінші бағыт даңықты мүсіншілер бастаған мүсін өнеріндегі портрет жанры мен көлемді мүсін жасаудағы өнер сабақтастығын кейінгі ұрпақ мүсіншілерінің жалғастыруы болды. Мүсіншілер Х.Наурызбаев, Т.Досмағанбетов, Е.Мергенов, Р.Ахметов бастаған мүсін өнерін Е.Сергебаев, А.Әйнеков, А.Тұрсыновтар жалғастырып ел тұлғаларының көркем мүсіндерін жасады. Олар халық батырлары Райымбек, Қапал, Ақпан, Бөгенбай, Наурызбайлардың, Абылай мен Тәуке хандардың Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің монументалдық көркемдік мүсіндерін өмірге әкелді. Қазақ елінің бірлігі мен тұтастығын сақтап қалған халық батырларының, ел билерінің ескерткіштері мен көлемді мүсіндерін жасау тәуелсіз Қазақстан тұсындағы қазақ бейнелеу өнеріндегі өзіндік дара бағыт болып қалыптасуда.
Бесінші бағыт. Зергерлік бұйымдардың көлемді мүсіндерімен қалалардағы гүлзарлар мен алаңдардың безендірілуі. Ұлттық қолөнердің басым саласының бірі болып табылатын зергерлік өнер бұйымдары сырға, сақина, білезік, шашбаудың көлемді мүсін түріндегі формаларымен безендіру жұмыстары Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды қалаларында қарқынды дамып келеді. Олар қала көркіне ерекше сән беріп, оның ұлттық сипатын айқындауға қызмет етуде. Мұндай қолөнер бұйымдарының ортақ ерекшелігі бұйым бойынан барлық түс пен бояу табылатындығы, көк, қызыл, сары, ақ, түстердің бәрі де, сол ортадағы сәулет өнерімен өзара үйлесіп тұратындығы, бір де біреуі орынсыз қолданылмайтындығы. Қазіргі кезде мұндай көркемдік безендіру мен дизайндық шешімі табылған қымыз торсық, ожау, тегене сияқты ұлттық ыдыс аяқтардың, түрлі қыш бұйымдардың көлемді мүсіндік шешімдері қала көркіне сән беруі, ұлттық бейнелеу өнеріндегі жаңа бір бағыт ретінде анықталады.
Алтыншы бағыт киіз басу, кесте тігу, батик жазу мен гобелен тоқуда жаңа технологиялардың кең көлемде қолданылу арқылы кескіндеме мен графикаға ұқсас жазықтық бетіндегі орындалатын көркем шығармашылық еңбек жасау дәстүрінің пайда болуы. Қолданбалы өнердің халық шеберлері мен кәсіби шеберлері кесте тігу, гобелен тоқу, батик жазумен қатар киіз басу технологияларын қолдана отырып, кескіндеме мен графикаға жақын көркем шығармашылық еңбек жасау қалыптаса бастады. Жас суретшілер С.Рүстемова, Е.Әбішовалар жартастағы таңбалар, балбал тастардың бейнесінен құралған композициясын киіз бетіне ою арқылы түсіруі өнердегі бір жаңашылдық технология ретінде назар аударады. Бұл жерде қазақ бейнелеу өнеріндегі соңғы кездегі қарқында дамып келе батик техникасынының дамуына үлес қосып келе жатқан К.Жапалова шығармашылығы бейнелеудегі өзіндік қолтаңбаны танытады. Суретшінің Сыңғырлаған сырғалар, Махаббат әуені, Туған өлке, Жердің бата беруі, Жұмақ, Өмір діңгегі, Шаңырақ, Егеменді ел шығармалары кескіндеме мен графика шығармаларынан кем түспейтін айқын құрылымды, композициялық бейнелі, түрлі түстердің үйлесімділігі табылған мата бетіне жазылған көркем шығарма ретінде қабылданады.
Кесте қазақ өнерінің ерекше бір саласы. Халқымыздың қолөнерінде орамал, беторамал, перде жастық тысы, дастархан, алжапқыш жиектерін және киім кешек жағасы мен етек жеңін ою-өрнекпен кестелеп жатады. Осы аталмыш өнерді бүгінгі күнмен ұштастырып, көркемсурет саласына жүйелеп, оны әлемдік деңгейдегі өнердің жаңа үлкен бір бағытына айналдырған суретші Зейнелхан Мұхамеджан. Халқымыздың ою-өрнекпен әшекейлейтін кесте өнері өз миссиясын орындап болғандықтан , оны жаңа сапаға , үлкен өнер деңгейіне көтеру үшін, суретші өте көп ізденген. Бүгінде аталмыш өнердің нақты жүйесін тапқан суретші ұлы даланы - қазақ даласын көркем бейнелеуді негізгі парызым деп біледі. Суреткер көшпенділер философиясын өзек қыла жүріп, ұлттық салт-дәстүрімізді әспеттейді. Ол халық ауыз әдебиетті мен ақын өлеңдерінде, роман, повесть, хикаяттарда шебер жазылған мөлдір дүниелер тақырыбына композиция құрастыруға машықтанған. Мысалы, оның Күнді айналу деген еңбегі бар. Бір қарағанда, жай ғана үш атты күн көзін айналып шауып бара жатқан сияқты. Бірақ суретші бұл еңбегімен біріншіден, күннің адам өмірі үшін аса маңыздылығын бейнелесе, екіншіден, жердің оны айналуы, қозғалыс бар жерде ғана өмір бар екендігін сан қырлы бояулар арқылы кестелеген. Қазіргі кезде суретші З.Мұхамеджанның көркемдік дәстүрін кестешілер А.Мұқанжанов, С.Бажиров, С.Ырысбековтер жалғастыруда.
Жетінші бағыт, қолөнер саласынан ұлттық салт-дәстүрге, халықтың көркем мәдениетіне бірігетін тақырыптарды қозғаған, саналуан көркемдік сыйлық бұйымдардың дамуы мен қалыптасуы. Бұл бағытта кәсіби қолөнер шебері Ғ.Иляевтің, Қ.Тыныбековтың, Ф.Зауырбекованың көркемдік өнер дәстүрін жалғастырған М.Бекеновтің, Б.Рабатовтың, М.Қасымбековтың, Т.Мұхаттың, С.Смағұловтың шығармалары назар аударады.
Сегізінші бағыт, кескіндеме мен графика шығармаларындағы бейнелеу тұспалы, кейіпкерлердің ішкі жан дүниесін ашып, заттар мен құбылыс сипатын әлемдік кеңістік пен уақыт өлшемдері тұрғысынан көрсету, пәлсафалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХХ ғасырдағы әлемдік әдебиеттің негізгі бағыттары мен ерекшеліктері
ӘДЕБИЕТТАНУДЫҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ
Әдебиеттану мәселелері
Мәдениет және өркениет: өзара байланысы мен ерекшелігі
Тау бөктерінде
Жаңа заман мәдениетіндегі ағартушылық
Орта мектеп оқушыларына бейнелеу өнері пәнінде пейзаж жанры туралы және оның салу тәсілдерін үйрету
Қазақстанда көркемөнердің дамуы
Бейнелеу өнерінің әмбебап тақырыбы, идеясы, мазмұны мен қыр-сыры туралы
КӨРКЕМ ЕҢБЕК ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ПРАКТИКАСЫ пәнінен лекциялар жинағы
Пәндер