Тіл біліміндегі зерттеудің әдістері мен тәсілдері



Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Тіл біліміндегі зерттеудің әдістері мен тәсілдері

Жоспар

1 Тіл біліміндегі әдіснама

2 Тіл білімі зерттеулерінің ұстанымдары

3 Тіл біліміндегі зерттеудің әдістері

4 Тілді зерттеу тәсілдері

^ Тіл біліміндегі әдіснама

Кез келген ғылыми зерттеу жұмысының нәтижесі - зерттеушінің ғылыми зерттеу әдіснамасын, зерттеудің әдіс-тәсілін дұрыс қолдана алуына байланысты. Зерттеудің әдіс-тәсілдеріне тоқталмастан бұрын бізәдіснама, әдіс, тәсіл терминдерінің мағыналарын ажыратып, олардың айырмашылықтарын білуіміз керек.

Әдіснама - ол жалпы ғылыми әдіс немесе жеке ғылымдардың әдістері туралы ғылым. Әдіснама зерттеудің жалпы ғылымдық бағыт-бағдарын көрсетеді.

Әдіс - қойылған ғылыми мақсатқа жетудің жоспары. Әр ғылымның тек өзіне тән зерттеу әдістері болады. Әдіс әдіснамаға тәуелді болады, соған бағынады. Өйткені әдіснама зерттеудің жалпы ұстанымдарын белгілейді.

Тәсіл - зерттеушінің зерттеу материалын қарастырудағы нақты іс-әрекеті. Бұл соңғы мақсатқа жету үшін қолданған тәжірибелік амал.

Әдіснама жоғарыда айтылғандай жалпы ғылыми әдіс немесе жеке ғылымдардың әдістері туралы ғылым.

Әдіснаманың екі түрі бар: жалпы (философиялық) және жеке (нақты ғылыми әдіснама).

^ Жалпы немесе философиялық әдіснама - ол адамның қоршаған ортаны танудағы жалпы ережелерінің жиынтығы, ол тірі және өлі табиғаттың ортақ заңдарына негізделген. Бұл әдіснама зерттеушіні табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарымен қаруландырып, оны өз зерттеу проблемасын анықтап түсінуге көмектеседі.

Жалпы әдіснама - бұл таным қағидаларының жиынтығы. Әдіснама ғылымы зерттеп енгізген жалпы ұстанымдарды кез келген ғылымда, оның ішінде тіл білімінде де қолдануға болады.

^ Жеке немесе нақты ғылыми әдіснама - объективті әлемнің белгілі бір саласын зерттеудегі әдіс-тәсілдердің жиынтығы (жалпы ұстанымдардан бастап, нақты фактілермен жұмыс істеу тәсілдеріне шейін). Яғни, зерттеудің нақты бір саласындағы, біздің жағдайда, тіл біліміндегі әдіс-тәсілдердің жиынтығы.

Жеке әдіснама - үш бөлімді тізбектен тұрады: ұстаным -- әдіс

-- тәсіл. Олар лингвистикалық зерттеулердің ұстанымдары, лингвистиканың әдістері және тілді зерттеудің тәсілдері. Енді осы тізбектерді жеке-жеке қарастырайық.

^ Тіл білімі зерттеулерінің ұстанымдары

Тіл білімі зерттеулерінің ұстанымдары - бұл лингвистикалық теориялардың жетістіктерін ескере отырып тілді объективті әлемнің құбылысы ретінде танып білудің амалдары мен тәсілдері. Оның негізгілері мыналар:

1) Синхрониялық-диахрониялық ұстанымдар. Олар тілді қазіргі даму кезеңінде немесе тілдің тарихи дамуындағы өзгерістерді зерттеумен байланысты;

2) Интралингвистикалық-интерлингвистик алық ұстанымдар (гр.intra - ішкі, inter - аралық) жеке алынған бір тілді іштей, басқа тілдермен салыстырмай зерттеумен байланысты, немесе жалпы адам тілі заңдылықтарын зерттеумен байланысты;

3) Микролингвистикалық-макролингвистик алық ұстанымдар. Микролингвистиканың зерттеу негізіне сөйлем, одан шығатын оның бірліктері, оның тіркесім ережелері жатады. Ал макролингвистика - сөзжасамның барлық факторларының өзара әсерін тілдік қарым-қатынаспен байланыста қарастырады;

4) Семасиологиялық - ономасиологиялық (гр. semasia - таңбалау, onoma - ат) ұстанымдар. Семасиология - формадан ұғымға апарады. Мысалы: қоян, келесі мағынаға ие: ұзын құлағы бар жануар; қорқақ (қоян сияқты). Ал ономасиологиялық тәсілде суреттеу ұғымнан формаға бағытталады. Мысалы: ұзын құлақты, кеміргіштер класына жататын үлпілдек жүні бар кішкене аң;

5) Логикалық-эксперименталды әдіс. Логикалық әдісте сөз құбылыстарын бақылау, оларға логика заңдылықтары бойынша (анализ - синтез - салыстыру) талдау жасау. Ал екінші жағдайда тілді, онымен байланысты құбылыстарды әртүрлі арнаулы таным құралдарын (тесттер, анкеталар) қолдана отырып зерттеу. Зерттеу барысында таңдап алынған ұстаным зерттеу әдісіне негіз болады.

^ Тіл біліміндегі зерттеудің әдістері

Әдіс - қойылған ғылыми мақсатқа жетудің жоспары. Ол жоспар зерттеушінің тілдік құбылыстарды зерттеудегі әрекеттерін үйлестіреді, бір жүйеге түсіреді. Кез келген жоспар қойылған мақсатқа жетуде бірнеше кезеңдерден, әрекеттердің бірізділігінен тұрады. Басқаша айтқанда әдіс - зерттеудің, танымның жалпы қағидаларына негізделген бірізді кезеңдердің жиынтығы. Кез келген зерттеу объектісі мен зерттеу әдісі арасында біржақты байланыс бар. Тілді зерттеуде жоғарыда айтылған тілдің барлық қасиеттерінің (субстанционалды, функционалды, прагматикалық) ерекшеліктерін есепке алған жөн.

Әр ғылымның тек өзіне ғана тән арнаулы зерттеу жолы, амалы бар. Мысалы, тіл білімінде салыстырмалы әдіс, салыстырмалы-тарихи әдіс, сипаттамалы әдіс, салғастырмалы әдіс, статистикалық әдіс, құрылымдық әдіс т.с.с. әдістер бар.

Енді осы әдістердің әрқайсысына жеке-жеке тоқталайық.

^ Сипаттамалы әдіс

Сипаттамалы әдіс - тіл білімі әдістерінің ішіндегі ең кең тараған әдістердің бірі. Бұл әдіс зерттеліп отырған нысанның өткендегі тарихын ескермей, оның белгілі бір дәуірдегі қалпын немесе синхрондық күйін ғана сипаттайды. Осы әдіс бойынша жазылған еңбектер аталмыш әдістің атымен аталады. Мысалы, сипаттамалы фонетика, сипаттамалы грамматика т.с.с.

Сипаттамалы әдістің кемшілігі - бұл әдісте тіл тарихы мен басқа тілдердің тілдік материалдары зерттеуден тыс қалады.

^ Салыстырмалы әдіс

Лингвистикалық зерттеулердің алғашқы ғылыми әдістерінің бірі - салыстырмалы-тарихи әдіс болды. Ол әдістің негізін ХІХ ғасырдың басында Ф. Бопп, Р. Раск, Я. Гримм қалады. Бірақ та бұл зерттеулер атомарлы түрде, яғни жүйесіз түрде жүргізілді. Бұл танымдық зерттеулердің әдісі зерттеудің мақсат-міндеттерімен тығыз байланысты болады. Сондықтан танымның әдіс-тәсілдерін зерттеу мақсаттарынан тыс қарастыру мүмкін емес.

Жоғарыда айтылғандай тілдерді салыстыра зерттеу нәтижесінде тілдердегі ерекшеліктер мен ұқсастықтарды анықтауға болады. Салыстыру барысында кейбір дәл нәтижелерге келуге болады.

Біріншіден, салыстырғанда бір тектес заттарды салыстыруға болады. Ал тілдерде әр деңгейдегі бірліктерді, олардың әр тілдердегі қызметін, лексикалық, грамматикалық категорияларды, сөйлем модельдері және олардың сөйлемде қолдану тәсілдерін салыстыруға болады.

Екіншіден, әр тілдегі құбылыстардың ең маңызды және қажетті белгілерін, одан кейін барып қана қосалқы белгілерін зерттеу қажет. Салыстыру әдісінің негізгі мақсаты барлық тілдік деңгейлерге қатысты тілдік құрылымдардың айырмашылықтарын емес, оларға ортақ қасиеттерін табу. Басқаша айтсақ, тілдердің әмбебап қасеиттерін айқындау.

^ Салыстырмалы-тарихи әдістің мақсаты - туыс тілдердің арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды көрсету. Тілдерді салыстыру арқылы олардың бір-біріне қаншалықты жақындығын, даму заңдылықтарын, өзгеруін, ататілге жақындығын т.с.с. айқындауға болады. Бұл әдіс тілдердің генетикалық туыстығына негізделеді.

Мысалы, қазақ тіліндегі ауыз сөзі қырғызша - ооз, татарша - авыз, өзбекше - оғиз, т.с.с. Бұл сөздер мағына жағынан бірдей, ал дыбысталу жағынан айырмашылықтары бар. Соған қарамастан бұл сөздер ұқсас. Ұқсастықтар мен айырмашылықтар дыбыстардың алмасуларынан көрінеді. Мысалы, сөз басында а-одыбысына өзгеруі, сөз ортасында у-в өзгеруі т.с.с. Бұл сияқты дыбыс алмасулар түркі тілдерінің даму заңдарына сай келеді.

^ Тарихи-салыстырмалы әдіс - бір тілдің тарихи қалыптасқан варианттарын салыстырады, яғни бір тілдің кейінгі кездегі тілдік фактілерін сол тілдің өткен кезеңдегі тілдік фактілерімен салыстырып, олардың даму заңдылықтары, өзгерістері анықталады, олардың қазіргі тілдегі фактілерден айырмашылықтары көрсетіледі. Бұл әдіс тілдің өзгеру және даму жолдарын, олардың заңдылықтарын, оған әсер еткен ішкі және сыртқы факторларды айқындайды.

Осы әдісті қолдана отырып тіл тарихын, тілдің деңгейлерін (фонетика, грамматика, лексика) жеке-жеке зерттеуге болады. Осыған орай тіл білімінде тарихи фонетика, тарихи грамматика, тарихи синтаксис т.с.с. бөлімдер бар.

^ Негізгі ұғымдар

Корреспонденция (лат. correspondero - жауап беру, сәйкес келу) - тек қана айтылуы бойынша (нан - жейтін зат, nun - монашка) немесе тек қана мағынасы бойынша сәйкес келу (қаз.нан - bread - ағылшынша нан деген сөз.) немесе айтылуы да, мағынасы да сәйкес келу (қаз. лаборант - орыс. лаборант ).

Изоморфизм (гр. іsos - бірдей, ұқсас, тәрізді) салыстырылып отырған тілдердегі корреспонденттеліп отырған элементтердің ұқсасатығы. Бұл элементтер табиғатына қарай изофон (ұқсас дыбыстар), изоглос(мағынасына қарай ұқсаса сөздер: қаз. зайып, әйел, жар = орыс. жена = ағыл. wife = нем. Weib) жәнеизотаксема (ұқсас синтаксистік конструкция: орыс. я читаю книгу - ағыл. I read a book) болып бөлінеді.

^ Салыстыру әдісінің негізгі кемшіліктері - біріншіден, әлем тілдеріндегі тек қана ұқсастықтарды табу, ал өте маңызды айырмашалықтар көбінесе назардан тыс қалады. Екіншіден, салыстырмалы-тарихи әдіс тілдердің қазіргі күйіне, олардың құрылымдық, жүйелік сипатын айқындауға жете мән бермейді.

^ Салғастырмалы (контрастивті ) әдіс

Салғастырмалы әдіс салыстырмалы әдістің бір түрі. Соңғы кездері бұл әдіс салыстырмалы-салғастырмалы әдіс деп аталып жүр. Аталмыш әдістың негізгі мақсаты - әлемнің әр түрлі тілдеріндегі айырмашылықтарды, ерекшеліктерді зерттеу. Бұл әдіс туыс және туыс емес тілдерді (ана тілі мен шетел тілін) синхрониялық зерттеулерде қолданылады, салғастырылатын тілдердің тарихы мен шығу тегіне көңіл бөлінбейді. Тек қана екі тіл салғастырылатын контрастивті әдістің бұл түрін дәстүрлі неміс лингвистикасында конфронтативті әдіс деп атайды.

Салғастырмалы әдіс арқылы шетел тіліне үйретудің әдіснамалық негіздері және жалпы аударма мен машина арқылы аударудың теориялары зерттелініп, анықталады.

^ Негізгі ұғымдар:

Диаморфизм (гр. dia - әр түрлі + morpe - форма, түр) - зерттеліп отырған екі тілдің корреспонденттеліп отырған элементтері арасындағы айырмашылықтар (изоморфизм сөзіне антоним болып табылады).

Әрбір жеке элемент жүйедегі орнына, тәуелділігіне қарай және сапа ерекшеліктеріне қарай диафон(дыбыстық ерекшелік), диаглосс (лексикалық ерекшелік), диасема (семантикалық ерекшелік) жәнедиатаксема (синтаксистік конструкция құрамындағы айырмашылық) деп аталады.

^ Диалингвалдық қатынастар - айырмашылығы бар екі тілдер жүйесіндегі қатынастар.

Лакуна - зерттеліп отырған тілдерде лексикалық корреспенденциялардың (сәйкестіктердің) жоқ болуы.

Уникалия - зерттеліп отырған тілдердің бірінде ғана бар сөз немесе сөз тіркесі, ал екінші тілде оған лакуна сәйкес келеді. Мысалы, шаңырақ, шапан, қобыз сөздері қазақ тілінің уникалийлері болса, орыс тілінде бұл сөздерге лакуна сәйкес келеді.

Тәсіл - зерттеушінің зерттеу материалын қарастырудағы нақты іс-әрекеті. Бұл соңғы мақсатқа жету үшін қолданған тәжірибелік тәсіл.

^ Салғастыру (контрастивті) әдісінің жетістіктері мен кемшіліктері

Соңғы жылдары ұлттық тіл білімінің дамуында туыс және туыс емес тілдерді салғастыра зерттеу қарқынды дамуда. Әсіресе, синхронды түрде құрылымы әр түрлі тілдердің грамматикалық, лексикалық фразеологиялық жүйесіне талдау жасап, олардың құрылыстарын зерттеуге көп көңіл бөлінуде.

Аталмыш әдіс арқылы кез-келген екі туыс немесе туыс емес тілдердің идиоэтникалық қасиеттеріне толық сипаттама беруге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыртқы лингвистиканың әдістері мен тәсілдері
Қазақ тіл біліміндегі құрмалас сөйлем теориясының дамуы
Қадыр Мырзалиевтің тілдік тұлғасы
Қазақ этнолингвистикасының қалыптасуы
Баяндауыштың мақал - мәтелдерде атқаратын ролі
Балалар әдебиеті кейіпкерлерінің тілдік тұлғасы (Б. Соқпақбаев, М. Гумеров, М. Қабанбаевтың шығармалары бойынша)
Тіл білімі тарихын кезеңдерге бөлу мәселесі
Ежелгі дәуір тіл білімі
Неміс және қазақ тілдерінің құрамында “ақ” және “қара”атаулары бар фразеологиялық бірліктер (салыстырмалы-салғастырмалы тұрғыда)
Қазақ тіліндегі аударматану ұғымындағы терминдердің тілдік табиғатын семасиологиялық, ономасиологиялық және когнитивтік лингвистика тұрғысынан зерттеу
Пәндер