Тірі ағзаларға электромагниттік сәуленің биологиялық әсерінің физикалық негізі



Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Библиографическое описание: Махмутов Б. Б. Тірі ағзаларға электромагниттік сәуленің биологиялық әсерінің физикалық негізі [Текст] Б. Б. Махмутов, Б. Убайда Молодой ученый. -- 2014. -- №1.2. -- С. 3-4.

Пожалуйста, не забудьте правильно оформить цитату:
Махмутов Б. Б. Тірі ағзаларға электромагниттік сәуленің биологиялық әсерінің физикалық негізі [Текст] Б. Б. Махмутов, Б. Убайда Молодой ученый. -- 2014. -- №1.2. -- С. 3-4.

Кез-келген организмнің қызметтік-динамикалық қасиеттері оның өмір сүру жағдайының шарттарына қабілеттілігіне тәуелді болады. Ағзаның қалыпты тіршілік әрекеті үшін қажетті факторлардың біріне табиғи электромагниттік өріс жатады. Табиғи электромагниттік сәуленің тапшы немесе жоқ болуы зиянды әсерлерге, тіпті тірі ағза үшін қайтымсыз зардаптарға әкелуі мүмкін.
Қазіргі кезде жер бетінде жаңа экологиялық жағдайлардың қалыптасуына байланысты қоршаған ортаның электромагниттік тұрғыдан кірленіп, тірі ағзалардың зардап шегуі үлкен алаңдаушылық туғызатын мәселеге айналып отыр. Сондықтан да электромагниттік сәуленің биологиялық әсерін зерттеу жұмыстары өзінің алдына әлеуметтік мәні зор экологиялық міндеттер жүктейді және қазіргі уақыттағы физика, экология, биология ғылымдарының ең өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.
Тірі ағзаларға электромагниттік сәуленің әсер ету механизмі бүгінгі күнге дейін түбегейлі шешімін тапқан жоқ. Электромагниттік өрістің биологиялық әсерін түсіндіретін бірнеше болжамдар бар. Олар ұлпаларда тоқтың туындауына және өрістің тікелей жасушалық деңгейде әсер етуіне, бірінші кезекте мембраналық құрылымға әсерімен негізделеді. Электромагниттік өріс әсерімен биологиялық мембраналар арқылы диффузия жылдамдығы, биологиялық макромолекулалардың бағыты мен конформациясы, сондай-ақ еркін радикалдардың электрондық құрылымының күйі өзгеруі мүмкін. Негізінен электромагниттік өрістің биологиялық әсер ету механизмі арнайы емес сипатқа ие және ағзаның реттеуші жүйесінің белсенді өзгерісімен байланысты болады.
Тірі ағзалар биоколлоидтық және физикалық-химиялық реакцияларда жетекші роль атқаратын күрделі гетерогенді жүйелерден тұрады. Көптеген жылдар бойы ғалымдардың үздіксіз зерттеулерінің нәтижелері негізінде анықталғанындай, коллоидтық жүйелердегі реакциялардың жылдамдығы күн сәулесінің белсенділігіне байланысты және геомагнитті полюстердің орналасуына қатысты болады. Мұның негізгі себебі - электромагниттік өріс әсерімен су қасиеттерінің, ондағы физика-химиялық процестердің өзгеруі, жанды және жансыз обьектілерде жүретін реакциялардың жалпы құрылымының өзгерісі болып табылады. Бірінші кезекте кез-келген өзгеріске бейім келетін плазмалық және жасуша ішіндегі мембраналар, әр түрлі органелдер мен жасуша ішіндегі құрылымдарды шектейтін мембраналар екендігі анықталған. Жасушалық мембрананың түрлі физика-химиялық әсерлерге, оның ішінде сәулеленуге сезімталдығы жоғары болып келеді. Мембрананың морфологиялық және қызметтік өзгеріске ұшырауы практикалық тұрғыда өте аз сәулеленуден кейін және өте аз дозада жүретіндігі дәлелденген. Сонымен қатар электромагниттік сәуленің биологиялық мембрана өтімділігіне және натрий катиондарының тасымалдануының активті үдеуіне әсер етіп өзгеріс тудырғанда, бұл жағдайда қанықпаған май қышқылдарының қайта қышқылдануының белсенділігі және митохондрияда қышқылдану процестерінің бірігуі және фосфорлануы жүреді.
Жасушалық деңгейдегі мұндай өзгерістер келесі себептерден туындауы мүмкін деп есептеледі:
1. Электромагниттік сәуле зарядталған бөлшектерге және тоқтарға әсер етеді, осының нәтижесінде өріс энергиясы жасушалық деңгейде энергияның басқа түрлеріне түрленеді.
2. Атомдар мен молекулалар электр өрісінде полярланады, полярланған молекулалар магнит өрісі таралуының бағытымен бағытталады.
3. Электролиттер болып табылатын ұлпаларды құрайтын сұйықтарда, сыртқы өрістің әсерінен кейін иондық тоқтар пайда болады.
4. Айнымалы электр өрісі диэлектриктің айнымалы поляризациясы есебінен жүретіндей, өткізгіштік тоғының пайда болуы есебінен тірі ағзалардың ұлпаларын қыздырады. Жылулық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Лазерлер
Радиожиілігінің ЭМӨ аумағы, олардың қоршаған ортаға әсері және қорғау әдістері
Биологиялық ұлпаларға жоғары интенсивті сәуле әсері
Лазер және оның түрлері мен медицинада қолданылуы
Зиянды сәулелену және одан қорғану жолдары
Иондаушы сәулелердің жасушаға және көп жасушалы ағзаға әсері
Адам ағзасына әсер ететін фаторлар
ЭЛЕКТРОМАГНИТТІК ТОЛҚЫНДАРДЫ ТАЛДАУ
Сұйықтың физикалық қасиеттерін халық шаруашылығы техникаларын жетілдіруде пайдалану
Қоршаған ортаның радиациялық және радиоактивті ластануы
Пәндер