Тіс техникалық материалтану ПӘНІ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 86 бет
Таңдаулыға:   

ОҢТҮСТIК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТIК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ

Техникалық және орта кәсіби білім беру факультеті

ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН ЖЕТІЛДІРУ ФАКУЛЬТЕТІ ЖАНЫНДАҒЫ КОЛЛЕДЖДІҢ СТОМАТОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

«Тіс техникалық материалтану»

ПӘНІ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ

Мамандығы: 0304000 «СТОМАТОЛОГИЯ»

Біліктілігі: 0304023 «Дантист»

Курсы: 2

Семестр: IV

Құрастырушы:

колледж мұғалімі

Сейдуалиев С. К.

Шымкент-2012 ж.

Кафедра мәжілісінде қаралды және бекітілді

«»

№ «» хаттама

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі

Сабақ №1

1. Сабақтың тақырыбы: Тіс техникалық материалдармен жұмыс барысындағы қауіпсіздік ережелері.

2. Сағат саны: 3сағат. 135мин (100%)

3. Сабақтың түрі: теориялық

4. Сабақтың мақсаты:

оқыту: Ортопедиялық стоматологияның тісті протездеу бөлімінде - тіс және тіс қатарындағы аурудың пайда болуын, олардың клиникасын, орнын толтыру мен алдын алуды үйретеді. Стоматологиялық материалдарды қолдану үшін олардың тек қана қасиеттерін біліп қоймай, әрбір материалдың физикалық және химиялық қасиеттерін білу қажет.

тәрбиелік: « Дантист» біліктілігі бойынша базалық құдіреттілікке ие болуы тиіс.

дамыту: Тіс технигінің жұмысына қажет құрал - саймандар, мүсіндеуші шпательдер, гипсті мүсіндеуге арналған пышақ, пинцет, қысқыштар, балғашықтар егеуіштер және т. б. түрлерін білу.

5. Оқыту әдісі: модульді

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: Самсон аппараты, шлиф мотор, ғаныш пышағы, компъютер.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: Фантом, Колба, Шпательдер, Плакаттар және пластмассалар яғни Фторакс, Этакрил Синма-М және эластикалық массалар.

б) оқыту орны: Тіс техникалық бөлмесі

7. Әдебиеттер:

Ескерту: әдебиеттер тізімін жыл сайын жаңартуға болады.

Негізгі:

1. Дойников А. И., Синицын В. Д., «Зуботехническое материаловедение»

(Москва, «Медицина 1981г. »)

2. Гернер М. М., Батовский В. Н., Шарчилев В. И., Нападов М. А., «Основы

материаловедения по стоматологии» (Москва, «Медицина», 1969г. )

3. Рыбаков А. И. «Материаловедение в стоматологии»

( Москва, « Медицина», 1984г. )

Қосымша :

  1. Линков Л. И. «Без зубных протезов» (Санк-Петербург, 1990г. )
  2. Варес Э. Я. «Восстановление полной утраты зубов» (Донецк, 1993г. )

8. Ұйымдастыру кезеңі8 мин(6%)

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 21 мин(16%)

(тест, есептер, жазбаша жауап сұрақтары және т. б. )

1. Тіс техникалық лабораториясынң бөлімдері.

2. Әрбір жұмыс істеуші маманының алаңы

3. Құрал саймандардың түрлері.

10. Жаңа сабақты түсіндіру. 60 мин(44%)

Ортопедиялық стоматологиядағы материалтану мәселесі:

Ғылыми ортопедиялық негізін салушы француз хирургы Николя Андри. Оның 1741 жылы жарық көрген «Ортопедиялық немесе жас балалар денесінің деформациясының түзету және алдын алу» туралы кітабы кеңінен таралған. Ортопедия термині гректің екі сөзінен шығады: «оrtһsо» (тура) және «paideia» - (тәрбиелеу) . Андри бұл терминді енгізгенде жас балалардың тәрбиесін есепке алған. Қазіргі заманда ортопедтер жас балалар мен ересек адамдардыңтірек-қимыл аппараты ауруларын функционалды, аппаратуралаық, хирургиялық протездеу әдістерін қолданып емдейді.

Ортопедиялық стоматология жалпы стоматология саласына жатады. Ортопедиялық стоматологияда негізгі орынды протездеу амалы алады. Оның негізгі мақсаты - тіс қатары және альвеолярлы өсіндінің ақауларының орнын толтыру ғана емес, басқа мүшелердің бұзылуының, аурудың асқынуының қайталануының алдын алу. Демек, протездеу амалын емдеу және алдын алу мақсатында да қолданылады.

Қазіргі уақытта ортопедиялық стоматология: жалпы және жеке курсқа бөлінеді. Жалпы курс, пропедевтикалық, яғни дайындаушы курс. Ал, жеке курс, негізінен үш бөлімге: а) тісті протездеу; б) бет-жақ ортопедиясы; в) ортопедияға бөлінеді.

Ортопедиялық стоматолгия пропедевтикалық курста шайнау аппаратының анатомиясын, физиологиясын қысқаша түсіндіреді. Науқасты тексерудің жалпы және арнайы тексеру әдістері жалпы және арнайы тексеру әдістері клиникалық материалтануды, сондай-ақ лабораториялық техниканы, яғни әртүрлі ортопедиялық аппаратуралармен протез дайындауды үйретеді.

Ортопедиялық стоматологияның тісті протездеу бөлімінде - тіс және тіс қатары ауруының пайда болуын, олардың клиникасын, орнын толтыру мен алдын алуды үйретеді.

Бет-жақ ортопедиясында: бет-жақ жүйесінде әр түрлі жарақаттар аурулар мен ортопедиялар нәтижесіндегі кемістіктердің, деформациялардың клиникасын, протездеу арқылы қызметін (функциясын) орнына келтіруді үйретеді.

Ортодонтия бөлімі тіс және тіс қатарында пайда болатын ауытқулардың алдын алады және емдейді.

Ортопедиялық стоматологияда негізгі саланың бірі болып материалтану ғылымы саналады. Материалтану - стоматологиялық материалдардың шығу тегін және оларды өндіру, клиникалық және лабораториялық жағдайда қолдануын зертттейтін қолданбалы ғылым.

Стоматологиялық материалдарды қолдану үшін олардың теку қана қасиеттерін біліп қана қоймай, сонымен бірге оларды қолданған кезде пайда болатын өзгерістерді де білген дұрыс. Стоматологияда қолданылатын әрбір материалдардың өздеріне ғана тән физикалық және химиялық қасиеттері бар: меншікті салмағы, ғ балқу температурасы, басқа заттармен химиялық әрекеттерге түсу қасиеттері әр түрлі т. б. жалпы, ортопедиялық стоматологияда үш топқа бөлінеді.

  1. Конструкциялық немесе негізгі материалдар, яғни протез дайындалатын материалдар. Оған пластмасса, металл және олардың қорытпалары, керамикажатады.
  2. Көмекші материалдарға протез дайындаудың әр кезеңінде қолданылатын, яғни оларға қалыптық мүсіндеуші, пішіндеуші, ажыратқыш, тез балқитын металл материалдар және т. б. жатады.
  3. Клиникалық материалдар - дәрігер стоматологтың клиникалық қабылдауында қолданылатын материалдар. Олар қалып алатын протезді бекіту үшін қолданылатын цементтер, адгезивтер.

Стоматологиялық материалдарға келесі талаптар қойылады.

  • Уландырғыштық, тітіркендірушілік, уландырғыштық - аллергиялық әсерлері болмауы керек.
  • Гигеналық, яғни ауыз қуысының табиғи тазалығын төмендетпеуі тиіс.
  • Физико - механикалық қасиеттері материалдарың механикалық, төзімділігі жоғарғы сапалы болмауы қажет.
  • Химиялық тотығуға тұрақтылығы мен химиялық ортада құрамын өзгертпеуі шарт.
  • Эстетикалық материалдар ауыз қуысы тіндерін, тістің пішінін, түсін және бет тіндерінің көрінісі толық сәйкестігін талап етеді.
  • технологиялық - материалдарды өңдеу, дайындау жеңілболуы керек.

Ортопедиялық стоматологияда тіс протездерін жасау техникасы ең маңызды қызмет атқарады. Тіс протездерін жасау келесі кезеңдерден тұрады: Дәрігер стоматолог ортопедтің клиникасында және тіс протездері лабораториясында жасалатын бірнеше кезеңдер.

Тіс техникалық лабораториясы

Тіс техникалық лабораториясының барлық бөлмелері екі топқа бөлінеді:

Біріншісі, негізгі - жұмыс жүргізілетін дайындаушы бөлме. Бұл бөлмелерде тіс протездерін жасаудың негізгі жұмыстары атқарылады және тістің техникалық лабораториясындағы ауаны ластайтын жұмыстар атқарылатын арнайы бөлімдері бар. Ол бірнеше бөлімдерге бөлінеді: гипстеуші, жылтыратушы, полимерлеуші, құйма бөлімдері, сондай -ақ бағалы металдармен жұмыс жасау үшін арнай бөлімдер де қажер.

Тіс техникалық лабораториясында салқын және ыстық су құбырлары, канализация, орталық жылу жүйесі болу шарт. Ондағы ауа температурасы 16-18 0 С болу керек. Сондай-ақ, негізгі және арнайы бөлімдердің биіктігі 3, 5 метр, ал әрбір жұмыс істеуші маманның өндірістік алаңы кем дегенде 13м 2 болмау керек.

Негізгі бөлме. Бұл бөлмелерде тіс, бет жақ протездері мен ортодонтиялық аппараттар дайындайды. Бөлмеде тіс технигіне арналған үстел мен орындықтар, сондай-ақ Самсон аппараты, жасанды сауытты штамптауға арналған .

Тіс технигінің жұмысына қажет құрал саймандар, тіс техникалық және мүсіндеуші штательдер, гипсті кесуге арналған пышақ, металды кесуге арналған қайшы, пинцет, әртүрлі пішіндегі және қолдану мақсаты әртүрлі қысқыштар, сонымен бірге тіс технигі қолданылатын металдан, ағаштан, мүйізден жасалған әртүрлі мөлшердегі балғашықтар, егеуіштер, жалтыратқыш және тегістегіш құрал саймандар болуы қажет.

Гипстеуші бөлме. Бұл бөлмеде мүсіндерді құүю, кюветаға гипстеу, мүсіндерді окклюдаторға және артикуляторға гипстеуді жүргізеді. Сондай - ақ, бұл бөлмеде полимерлеуден кейінгі пластмассалы протездерді гипстен босатады, гипстеу бөлмесінде гипсті сақтауға арналған бункерлер, пресс-аппараттар тұрады.

Полимерлеу процесі кезінде жүретін бөлме. Бұл бөлмеде пластмассадан протездер дайындау, яғни пластмассадан пішіндеу, престеу, полимерлеу жұмыстары жүргізіледі.

Жалтыраушы бөлме. Бұл бөлмеде дайын болған тіс протедерін, бет-жақ аппараттар мен ортодонтиялық аппараттарды өңдеу және жылтырату жүргізіледі.

Дәнекерлеуші бөлме. Бұл бөлмеде протездің металл бөліктерін дәнекерлеу жүргізіледі.

Қауіпсіздік техникасы және кәсіби аурулардың алдын - алу

Тіс технигіне адам ағзасына зиянды әсер ететін (қышқылдың, бензиннің, негіздің, металметакрилаттың, сынаптың, қорғасыннң булары және т. б. ) заттармен жұмыс істеуіне тура келеді. Протезді өңдеу процесі кезінде металл және пластмассаның майда түйіршіктері адам ағзасында кері әсерін тигізеді. Бұл жағдайда тіс техникалық құралдарды инструкциясы бойынша қолданылуын, аспаптар мен құралдарды, бұйымды дайындаудың барлық кезеңдерінде қауіпсіздік техника шарттарын, еңбекті дұрыс ұйымдастыруларын және өндірістік зиянкестерден дербес қорғану шараларын КСРО-ның денсаулық сақтау министірлігі бекіткен талаптарға сәйкес орындалуы тиіс. Қышқылдар, негіздер, бензин, метилметакрилат, сынап стандартты тығындарды бар ыдыста, сәйкес аттары жазылған арнайы шкафта сақталады. Бұл заттармен жұмыс тек ауа сорғыш шкафта жүргізілуі тиіс.

Тіс протездеу лабораториясының барлық бөлмелерінде ауа сорғыш шкаф болуы керек. Ауа сорғыш шкафтың өндірісте шығарылған түрі немесе дербес конструкциялары түрі қолданылады.

Өндірістік зиянды заттармен күресуде желдеткіш үлкен роль атқарады - бөлмедегі әртүрлі ауа алмасу, яғни ластанған ауа кетіп оның орнына таза ауа кіреді.

Тіс протездеу лабораториясында сорғыш желдеткіш қолданылады.

Шаңдар таралып кетпес үшін шлифматорға шаңғаққыш орналастырылады. Стол қақпағындағы шаңды алу үшін шлифматордың сәйкес осінің ұшын тесіп тесіктер істейді және оларды тесіктерінің диаметрі 2-3 мм болатын алмалы металды тормен жабады. Жұмыс орнын дұрыс жабдықтау жарақаттарды және шаршаудың алдын алады. Барлық бөлмелер табиғи жабдықпен қамтамасыз етілуі, сонымен бірге негізгі бөлме жергілікті және жалпылама жасанды жарықпен қамтамасыз етілуі тиіс.

Тіс техникалық лабораториясының негізгі бөлмесінің қабырғасы тегіс болуы және ақшыл түске болуы қажет. Қабырға жабындысы шаңдарды, сазды, протез ұшқындарын алуға кедергі келтірмеуі тиіс.

Едені ағаш немесе кафелді болуы керек, тегіс және қуыстары болмау керек. Лабораториядағы терезе мынадай гигеналық талаптарға жауап беру тиіс.

жарықтық коэффициенті бетінің еден алаңында қатынасы.

Жарықты біркелкі тарту үшін терезелер бір біріне ғимарат бұрышына бірдей ара қашықтықта орналасуы тиіс.

Терезенің жоғарғы бұрышы барынша патолокқа жақын орналасуы керек (20-30 см) .

Жарық шоғырымен және көлденең жазықтықпен түзелетін жарық сәулелердің құлау бұрышы, яғни жарық шоғырының горизондқа қисаюы жұмыс орнында 25-27 0 болуы керек.

Жұмыс орнында жарық тіке немес жұмыс істеушінің сол жағынан түсу қажет.

Тіс технигінің жұмыс орнындағы шулмен вибрация деңгейінтөмендету үшін оны шығарылатын механизімнің техникалық жағдайын бақылап отыру керек. Шлифовалды машина жұмысстолына резиналы амортизатормен бекітіледі. Тіс технигіне шуыл, вибрация шығаратын технологиялық операцияларды орындағанда есіту мүшесін қорғаныс құралдарын қолдануға болады. Мысалы: бір рет қолдануға жарамды сыртқы есіту қойылатын Беруши дер аталатын шуылға қарсы телефондар қолданылады.

Тіс техникалық лабораториясында негізгі және қосымша бөлмелерінде ауа температурасының жоғары болуы лабораториясында жылу бөлгіш аппаратының көптігіне және орталық жасанды желдеткіштің істемеуіне байланысты емес. Мысалы: Москваның алты стоматологиялық клиникасының лабораториясының жылдың ыстық және суық уақыттарында санитарлық тексеружүргізгенде жұмыс күннің ортасына таман негізгі және өндірістік бөлмелерде бөлме температурасы 26 0 -28 0 С -да, ылғалдық 20-дан 60%-ға жеткен. Бұл жағдай ағзаның ысуына әкеледі. Нәтижесінде тіс технигі бөлмесін желдетуге мәжбүр болып соңғы суық тию ауруларына әкеледі.

Пластмассалармен, ерітінділермен жұмыс істегенде тыныс алу мүшесін арнайы респиратор немесе маска киіледі. Ал шлифматорда, жылтыратқыш қондырғыда істегенде арнайы маска-көзілдірік киіп өзінің көзін және бетін жарақаттайтын тез ұшатын бөлшектерден сақтану керек.

Тіс технигі әсіресе қышқылдар мен негіздермен жұмыс істегенде аса сақ болу керек. Бұл заттарды үлкен ыдыстан кіші көлемді ыдысқа құйған кезде тіс технигі арнайы киім киюі керек, яғни резина етік, қолғап, фартук, сонымен бірге респиратор немесе приотивогаз киіп тұруы қажет. Бұл заттар сақталатын бөлмеде қышқыл мен негізді нейтралдайтын ерітінділер сақталады. Бұл дәнекерлеуші бөлмеде құм және асбестті халат сақталады.

Әрбір бөлмеде өрт сөндіруші қондырма болады және әрбір тіс технигі оның жұмыс істеу тәртібімен танысып, жұмыс істей алуы тиіс.

Жеке бастың коммуналды гигенасын және еңбек гигенасының талаптарын бұлжытпай орындау - кәсіби аурулардың денсаулығын жақсарту мақсатында оларды өз қамқорлығына алған. Ол үшін мемлекет тіс техникалық лабораториясы бар мекемелердегі тіс техниктерін емдеу, санаторияларға тегін жіберуді және адам ағзасына зиянды әсер ететін көптеген факторларды нейтралдайтын, күніне 0, 5 литр тегін табиғи сүт беруді өз мойнына алған.

11. Жаңа тақырыпты бекіту. 30 мин (22%)

1. Қалып алу

2. Мүсін құю

3. Мүсінді кюветадан шығару

4. Протезді өңдеу, жылтырату, тегістеу.

1 12. Сабақты қорытындылау . 8 мин(6%)

Оқушылардың білім деңгейін бағалау.

Келесі сабақтың тақырыбын хабарлау.

13. Үйге тапсырма беру. 8 мин (6%)

1. Тіс техникалық лабораториясындағы жеке қауіпсіздік ережесі химиялық заттарды сақтау және қолдану.

Сабақ №2

1. Сабақтың тақырыбы: Тіс техникалық материалдарының негізгі қасиеттері.

2. Сағат саны: 3сағат. 135мин (100%)

3. Сабақтың түрі: теориялық

4. Сабақтың мақсаты:

оқыту: Студенттерді олртопедиялық стоматология клиникасындағы қолданылатын материалдар мен тіс протездерімен танысу. Материалдарға қойылатын талаптармен танысу.

тәрбиелік: « Дантист» біліктілігі бойынша базалық құдіреттілікке ие болуы тиіс.

дамыту: Тіс салу кезінде тіс технигінің материалдары мен құрал саймандарының орны ерекше. Сондықтан тіс техникалық лабораториясы оның құрылымдары, гипспен жұмыс істеу ережелерін білу тақырып өзектілігі болып табылады

5. Оқыту әдісі:

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: Самсон аппараты, шлиф мотор, ғаныш пышағы, компъютер.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: Фантом, Колба, Шпательдер, Плакаттар және пластмассалар яғни Фторакс, Этакрил Синма-М және эластикалық массалар.

б) оқыту орны: Тіс техникалық бөлмесі

7. Әдебиеттер:

Ескерту: әдебиеттер тізімін жыл сайын жаңартуға болады.

Негізгі:

1. Дойников А. И., Синицын В. Д., «Зуботехническое материаловедение»

(Москва, «Медицина 1981г. »)

2. Гернер М. М., Батовский В. Н., Шарчилев В. И., Нападов М. А., «Основы

материаловедения по стоматологии» (Москва, «Медицина», 1969г. )

3. Рыбаков А. И. «Материаловедение в стоматологии»

( Москва, « Медицина», 1984г. )

Қосымша :

  1. Линков Л. И. «Без зубных протезов» (Санк-Петербург, 1990г. )
  2. Варес Э. Я. «Восстановление полной утраты зубов» (Донецк, 1993г. )

8. Ұйымдастыру кезеңі 8 мин(6%)

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 21 мин(16%)

(тест, есептер, жазбаша жауап сұрақтары және т. б. )

1. Тіс техникалық лабораториясының құрлысы.

2. Техниктің жұмыс орны, қажеттіжабдықтар.

3. Тіс протездерін жасауға қажет материалдар.

10. Жаңа сабақты түсіндіру. 60 мин(44%)

Ортопедиялық стоматология клиникасында қолданылатын материалдар.

Материалдар
Тиіптік өклдері
Қолданылатын жерлері

Негізгі материалдар

Металл құймалары - темір

Негізгілері тот баспайтын болат х18н9т, ЭЯ-95

Тот баспайтын болат үшін дәнекерлегіш ПСР-37

Қаптама, көпір тәрізді протездер, кламмерлер, ортодонтиялық аппараттар құйма бөлшектер тот баспайтын болаттан жасалған тістер мен қапталатындарды дәнекерлеу.
Металл құймалары - темір: Алтын
Негізгілері тот баспайтын болат х18н9т, ЭЯ-95Тот баспайтын болат үшін дәнекерлегіш ПСР-37:

900 тазалықтағы құйма

750 тазалықтағы құйма дәнекерлегіш

Қаптама, көпір тәрізді протездер, кламмерлер, ортодонтиялық аппараттар құйма бөлшектер тот баспайтын болаттан жасалған тістер мен қапталатындарды дәнекерлеу.:

Қаптама көпір тәрізді протездер доғалы протездер микропротездер

Алтыннан жасалған тістер мен қаптамаларды дәнекерлеу.

Хром және кобальт
Кобальт - хром құймасы

Құйма доғалы протездер, көпір тәрізді

Протездер металлокерамикалық протездер

Хром және кобальт: Күміс және палладий
Кобальт - хром құймасы: Күміс - палладий құймалары
Құйма доғалы протездер, көпір тәріздіПротездер металлокерамикалық протездер: Микропротездер, көпір тәрізді протездер, қаптама
Хром және кобальт:

Пластмассалар

А) акрилаттар негізінде

Б) силикондар негізінде

В) полихлорвинил

Г) хлорвинил және бутилакрилат

Кобальт - хром құймасы:

Этикрил - 02, фторакс, синма - М

Элладент, боксил ортосил

Ортопласт

Эластопласт

Құйма доғалы протездер, көпір тәріздіПротездер металлокерамикалық протездер:

Алмалы салмалы протездердің негізгі, ортодонттық аппараттар, бет-жақ протездерінің, негіздері, жасанды тістер, фасеткалар, пластмассалық қаптамалар

Жұмсақ төсеніш, боксерлік жұмсақ төсеніш (шендеуіш)

Жақ протездері

Боксер шендеуіші

Хром және кобальт: Д) өздігінен қататын акрилаттар
Кобальт - хром құймасы: Карбопласт, редонт-2, редонт-3, редонт, протакрил-М, теодент
Құйма доғалы протездер, көпір тәріздіПротездер металлокерамикалық протездер: Арнаулы қасықтар, тістерге пломба салу, ортодонттық аппараттар, протездердің құрлымын өзгерту, қанқұрт, қанжел ауруларына уақытша шина ретінде
Хром және кобальт: Керамикалық материалдар: фарфор, ситалдар
Кобальт - хром құймасы: Гамма-Мк, «Радуга» фарфор ұнтақтары, сикор
Құйма доғалы протездер, көпір тәріздіПротездер металлокерамикалық протездер: Қаптама, металдық керамикалық протездер
Хром және кобальт:
Кобальт - хром құймасы: Қосалқы материалдар
Құйма доғалы протездер, көпір тәріздіПротездер металлокерамикалық протездер:
Хром және кобальт: Қалып алуға арналған материалдар
Кобальт - хром құймасы: Гипс, мырышоксидэвгенол пласталары, альгинаттық, силикондық, тиоколдық, термопластикалық, гидроколлоидтық
Құйма доғалы протездер, көпір тәріздіПротездер металлокерамикалық протездер: Қалып алуға, мүсін жасауға
Хром және кобальт: Мүсін жасауға арналған материалдар
Кобальт - хром құймасы:

Негіздік балауыз мүсіндік балауыз

Жабысқақ балауыз

Силаур

Құйма доғалы протездер, көпір тәріздіПротездер металлокерамикалық протездер:

Балауыздан негіз жасауға, тіс протездерін және оның бөліктерін жасауға қалыпына келтіруга

Протездердің бөліктерін уақытша қосып жалғастыру үшін

Алтын құймаларын құюға

Хром және кобальт: Қалып құятын және отқа төзімді материалдар
Кобальт - хром құймасы:

Аурит

Формалит

Кристасил

Сиалит

Құйма доғалы протездер, көпір тәріздіПротездер металлокерамикалық протездер:

Алтын құймаларын құюға

Тот баспайтын болаттарды құюға

Кобальт - хром құймаларын құюға

Кобальт - хром құймаларын құюға

Хром және кобальт: Протездерді өңдеп әрлеуге қажет материалдар
Кобальт - хром құймасы: Алмаз, корунд, электрокорунд, жалтырататын сықпалар (ГОИ, крокус), пемза, бор
Құйма доғалы протездер, көпір тәріздіПротездер металлокерамикалық протездер: Металдан, фарфордан, пластмассадан жасалған протездерді өңдеп, әрлеуге.
Хром және кобальт: Тез балқитын металл қоспалары
Кобальт - хром құймасы: Қорғасын, қолайлы, висмут
Құйма доғалы протездер, көпір тәріздіПротездер металлокерамикалық протездер: Қатты металдан жасалған тістерді, қаптамаларды дәнекерлеуге
Хром және кобальт: Қышқылдар
Кобальт - хром құймасы: Тұз қышқылы, күкірт қышқылы, азот қышқылы
Құйма доғалы протездер, көпір тәріздіПротездер металлокерамикалық протездер: Ағарткға арналған ертіндінің құрамына кіреді.
Хром және кобальт: Сілтілер
Кобальт - хром құймасы: Қолайлы гидрооксилді
Құйма доғалы протездер, көпір тәріздіПротездер металлокерамикалық протездер: Құйманы химиялық түрде тазалауға
Хром және кобальт: Ағартқыш
Кобальт - хром құймасы: Изокол, силикодент
Құйма доғалы протездер, көпір тәріздіПротездер металлокерамикалық протездер: Ажыратқыш қабат
Хром және кобальт: Цементтер
Кобальт - хром құймасы: Тіс протездерін ұстауға арналған цемент-фисфат
Құйма доғалы протездер, көпір тәріздіПротездер металлокерамикалық протездер: Тіс протездерін ұстауға, тістің мүсінін алуға
Хром және кобальт: Амальгамалдар
Кобальт - хром құймасы: Мыс және күміс амальгамалдар
Құйма доғалы протездер, көпір тәріздіПротездер металлокерамикалық протездер: Тіс мүсіндерін алуға
Хром және кобальт: Мольдин
Кобальт - хром құймасы: Мольдин
Құйма доғалы протездер, көпір тәріздіПротездер металлокерамикалық протездер: Қаптаманы штамптауға
Хром және кобальт: Спирт 96 0
Кобальт - хром құймасы: Этил спирті
Құйма доғалы протездер, көпір тәріздіПротездер металлокерамикалық протездер: Протездерді тазалауға, майлардан арылтуға, қалып құятын қосындылардың құрамына кіреді
Хром және кобальт: Бензин
Кобальт - хром құймасы: Бензин АИ-92, АИ-76
Құйма доғалы протездер, көпір тәріздіПротездер металлокерамикалық протездер: Қоспаларды ерітуге, протездердің бөлшектерін дәнекерлеуге және металдарды қыздырып өңдеуге

Металл құймаларының физико - механикалық қасиеттері, қолданылуы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Материалтану оқу курсының оқыту әдістемесі
Стоматологиядан дәрістер
Өңделетін материалдардың қасиеттерімен таныстыру
Сәндік қолданбалы өнер бұйымдары
Нанотехнология негіздері факультативті курсын әзірлеу
Болат және болаттан жасалған бұйымдар
Технологиялық процестердің «Технология» пәні бағдарламаларындағы көрінісі
Металдардың қирауы, қаттылығы, тозуы
Болашақ мұғалімдерді этнодизайн өнері арқылы көркемдік білім беруге даярлаудың педагогикалық шарттары
Материалдардың классификациясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz