Тоқыма өнерінің Қазақстанда дамуы


Тоқыма өнері
Мұхамед Д. Д.
ҚР Мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы
өнер мұражайының қолданбалы өнерін зерттеу орталығының сектор меңгерушісі
Қазақстан жерінде жүннен әртүрлі бұйымдар тоқу ерте заманнан белгілі болған. Алтай жеріндегі археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған тоқыма бұйымдар осыны дәлелдейді. Белгілі ғалымдар М. П. Грязнов пен С. В. Киселев сол заттардың сыртына салынған өрнектер қазіргі алтайлықтар мен қазақтардың, тяньшандық қырғыздардың оюларына өте жақындығын атап көрсеткен.
Коллекция тоқыма өнерінің Қазақстанда дамуы мен қалыптасуын, жер-жерге таралу аймағын толығынан көрсетіп, жасалу уақытының ХIХ ғасырдың соңы мен 1980-шы жылдар аралығы екенін айғақтап отыр.
Қазақ халқы түкті кілемді жоғары бағалаған. Экспонаттар жинау мақсатымен жүргізілген экспедиция кезіндегі ғылыми жұмыстардың нәтижесінде мұражай қызметкерлеріне Қазақстанның барлық жерінде түкті кілем тоқу ХХ ғасырдың 30-шы жылдарына дейін сақталып келгені мәлім болды. Қазақтың белгілі ғалымы Әлкей Марғұланның «Қазақтың халық қолөнері» атты кітабында бұрынғы кездегі түкті кілемнің бірнеше түрінің болғандығын айтады. Олар: орта ғасырлардан бері ақсүйектердің еншісі болып келген - орда кілем, көлемі өте үлкен - қалы кілем, тығыз тоқылған - масаты кілем, сүттей аппақ - ақ кілемдер мен қоңырқай түсті немесе сұрғылт түсті кілемдердің болғанын баяндайды. Түкті кілемдер тігінен қойылған өрмектерде тоқылады. Астыңғы арқау жіп үстіңгі арқау жіппен қоса қабат шалынып отырып тоқылады да, екі рет өткерме жіп жүргізіледі. Кілем түгі 4-7 см болады. Кілем тоқитын жүнді алдын-ала әртүрлі өсімдіктердің тамырынан, жапырығынан алып дайындалған табиғи түсті бояулармен бояп, реңі қанық, түсі тұнық түрлермен кілем бетін құбылтып, үндестік шешімінің көркемдік сұлулығын аша білген.
Музей қорында сақталған түкті кілемдер қорының көпшілігін Оңтүстік Қазақстан шеберлерінің туындылары құрайды. Әсіресе, жаппай кілем тоқу оңтүстік өңірінде ХХ ғасырдың 60-шы жылдарында тіпті халықтық сипат ала бастады. Кілем тоқуда өрнектік құрылымдар жаңаша өзгеріске ұшырады. Солардың бірі ел арасына кең тараған, орталық бөлігіне бір немесе екі қатар етіп қара иә болмаса қара көк, қою жасыл түсті жұлдыз өрнегін орналастыру тәсілі болды (483-тқ) . Мұндай кілемдердің оюлары ірі әрі көрер көзге тартымды болып келеді.
Мұражай қорына сүйене отырып, түкті кілемдерді өрнектеудің үш түрінің кең тарағанын байқауға болады. Біріншісіне жұлдызды кілемдерді жатқызсақ, екінші түріндегі кілемдердің орталық бөлігіне төртбұрышты немесе қиықша шаршылардың екеу-үшеуі қатар қойылады да, әртүрлі өрнектік құрылымдармен толықтырылады. Үшінші топқа баспалдақтанып келген немесе көркемдік құрылымы толық көпбұрышты шаршылы кілемдер жатады. Қазақ кілемдері Орталық Азия елдерінің түкті кілемдерінен оюларының ірілігімен және көзге бірден түсетін бір, көбінесе екі қатар жиек жолақтарын түсірілуімен ерекшеленеді, сонымен қатар 7-8 түрлі түстің үйлесіммен қайталануы бір реттілікпен тепе-теңдікті сақтап отырады.
Әсіресе, ХХ ғасырдың соңына қарай түкті кілемдердің көркемдік шешімінде еркін орын алған жаңа ою түрлері пайда болды. Олар: бидай, (517-тқ), шемішкегүл (506-тқ), жебе (508-тқ) және жиек оюларының жеке құрылымы Әсия шет (531-тқ) оңтүстіктің кілемдерінің жеке тұрпатын сараландырып, көркемдік құнын арттыра түсті. Заманның ыңғайы мен халықтың сұранысына қарай дәстүрлі ою-өрнек қатарына гүлдердің, ақ тиіннің, құстардың, аққудың, халық аузына іліккен кинофильмдердің сүйікті кейіпкерлері, басқа елдердің қолөнер туындыларының көшірмесі орын ала бастады ( 529-тқ) . Бұл сұранысқа сәйкес өтімді сәнділіктің белең алғаны және тоқымашының жекелеген өнерпаздыққа бой ұрғанын анық байқауға болады. Өтпелі кезең белгісі ретінде мұндай кілем түрлерінің музей қорында бірнеше түрі сақталуда.
Музей қорындағы Батыс өңірінен әкелінген өзінің көркемдік құндылығы жағынан баға жетпес кілем түрі - өресі биік өнер шеберінің нағыз шығармашылық шарықтауының жемісі болып есептелінеді (681-тқ) . Кілем өрнегі жіңішкеленіп түскен. Негізгі түстері қызыл, сары және сұрғылт көкшіл. Кілемнің тығыздығы, аз ғана түстің өзара үйлесімі оның тоқылған уақытының ХІХ ғасырдың аяғы екенін дәлелдейді. Алқызыл кілем бетіне түскен байыпты геометриялық ою жолдарынан тиянақты ой толғауы биік шебердің өзіндік талғамын сезгендей боласыз.
1960-1970-ші жылдары халық арасында кілемге деген үлкен сұраныс тоқымашылық өнердің Қазақстанның басқа жерлерінде кеңінен тарауына әсер етті. Әсіресе орталық, солтүстік аймақтарда тақыр кілемдер тоқу өріс алды. Жекелеген халық шеберлерін біріктерген тоқыма орталықтары ұйымдастырылып, артельдер құрыла бастады. Жаппай кілем тоқу барысында ұлттық дәстүрді қатаң сақтау ғана емес, өзекті талғамын игеру арқылы биік өнерге қол жетері анық еді. Бұл жерлерде кең тараған орама тоқуымен халық арасында үлкен сұранысқа ие болған - а лтыауыл, қараман, торғай, арабы, баднас кілем түрлері көп тоқылды.
Қазақстанның оңтүстік және батыс өңірлерінде арнайы құрылған орталықтар болмағанмен, бірнеше шебер бірігіп әртүрлі тақыр кілемдер тоқып, халық сұранысын өтеуге ұмтылды. Бұл жерлерде үлкен сұранысқа ие болған арабы кілем мен бескесте кілемі еді. Арабы кілем өзінің жолақ-жолақ болып келген көркемдік құрылымымен ерекшеленіп, алабас, омыртқа өрнегі кілемнің өзгермейтін танымал белгілерінің бірі болды.
Тоқыма түрінің атауымен аталған бескесте кілемі орталық бөлігінің ою-өрнегінің бедерленіп түсуімен көз тартса, қошқар мүйіз, кілт мүйіз өрнегінен тұратын ірі торкөздер қатары байыпты тиянақтылықты білдіреді (465-тқ) . Өрнек салуға қатысқан жіптер кілемнің теріс жағында кесте жіптері сияқты кесіліп бос қалады.
Орталық бөліктен және бірнеше жиек оюларынан тұратын үлкен кілемдер ішінен өзінің нәзік көркемдік шешімімен келген алашалар - өздерінше ерекше бір дүниелер. Олар тұрмыстық қажеттілікте кеңінен қолданылады. Алашаны ұзын жалпақ жолақтармен тоқиды да, оларды кесіп, бір ұзындықта біріктіріп тігіп, жерге төсейтін немесе керегеге ілетін кілемше ретінде де ұсталынады. Алаша жасауда тоқудың бірнеше түрлерін пайдалану арқылы шебер бұйымның ою-өрнегін түрлендіру арқылы құлпырта түседі. Алаша тоқудың негізгі заңдылығы ою-өрнектің тек жолақтарға түсуі, тоқу әдісінің сырына бағынышты болса керек. Жергілікті жердің шеберлерінің қолданатын тоқу әдісіне, өрнекті жолақтарды реттеп орналастыруына қарап алашалардың қай жерлерде тоқылғанын ажыратуға болады. Мысалға, оңтүстік елдерінде алаша тоқуда кежім теруді жиі қолданады. Кежім теруде оюдың беті тегіс болып түседі де, оюға түспеген жіптер теріс жағында бос қалып отырады. Қос мүйіз, сыңар мүйіз, сырға оюларының жалғасынан тұратын өрнек тізбектері көңіл көтеретін әуен жолдарындай ерекше сезімге жетелейді. Халық шебері Жайлауованың алашасының реттілік құрылымында қара-ала өрнектердің тепе-теңдікті ұстаудағы ұтымдылығы көркемділіктің тұтастығына ие етіп тұр (419-тқ) .
Ал, Шығыс Қазақстан жерінің алашаларының термелеп тоқыған өрнекті жолақтары араларына жүргізілген ені әр түрлі, бірі жіңішке, бірі жалпақ болып келген тықыр жолақтары бытыраңқы орналасады (420-тқ) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz