ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДА ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Пән: ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности), Защита труда
Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДА ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету ұйымдастырудың негіздері
Тіршілікті қамтамасыз етуіндегі азаматтық қорғаныстың (АҚ) ролі және негізгі міндеттері. АҚ құрылымы
Азаматтық қорғанысты (АҚ) ұйымдастыру және жүргізу - мемлекеттің ең маңызды міндеттерінің бірі, қорғаныс шараларының құрамдас бөлігі. АҚ-ты ұйымдастыру және жүргізу тәртібі "Азаматтық қорғаныс туралы" 1997 жылғы 7 мамырдағы ҚР-ның Заңымен белгілінген.
Азаматтық қорғаныс (АҚ) - басқару органдарының мемлекеттік жүйесі мен бейбіт және соғыс уақытында халықты, шаруашылық нысандары мен аумағын осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдағыш (қиратқыш) факторларының әсерінен, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында жүргізілетін жалпы мемлекеттік шаралардың жиынтығы.
АҚ-тың ең басты міндеті халықты (адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтау), аумақтарды және шаруашылық жүргізетін нысандарды қорғау болып табылады.
АҚ міндеттері маңыздылық сипатына қарай шартты түрде 3 топқа бөлінеді:
І) Осы заманғы зақымдау құралдары мен бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлардан халыктың қауіпсіздігін қамтамасыз ету: (дер кезінде хабарлау, байланыс жүйелерін тұрақты дайындықта ұстау; АҚ күштерін құру және тұрақты дайындықта ұстау; радиациялық, химиялық және биологиялық ахуалды қадағалау; қорғаныс ғимараттар мен жеке қорғаныс құралдарының қорын әзірлікте ұстау);
ІІ) Ұйымдардың тұрақты жұмыс істеуін арттыру үшін кешенді шаралар жүргізу (ұйымдастырушылық және инженерлік-техникалық шараларды талдап жасау);
ІІІ) Құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарын (ҚжБШЖ) жүргізу.
АҚ-ты ұйымдастырудың жалпы принциптері. АҚ күштері
АҚ бүкіл республика аумағында аумақтық-өндірістік принцип бойынша ұйымдастырылады.
АҚ-қа жалпы басшылықты ҚР-ның Премьер-министрі жасайды, ол ҚР АҚ-ның Бастығы болып табылады. Оның орынбасары ҚР-ның ТЖ жөніндегі министрілігінің төрағасы болып табылады және республика АҚ-сына тікелей басшылық жасайды.
Орталық және жергілікті атқарушы органдардағы, ұйымдардағы АҚ-қа олардың бірінші басшылары жетекшілік етеді. Олар лауызымы бойынша АҚ-тың басшылары болып табылады.
АҚ шараларын орындауды қамтамасыз ету үшін мынадай органдар құрылады:
1) ҚР ТЖ жөніндегі министрілігі және олардың құрылымдық аумақтық органдары;
2) Орталық және жергілікті атқарушы органдарда АҚ-тың басқармалары, бөлімдері;
3) Ұйымдарда ? АҚ штабы немесе ұйымдағы АҚ бастығына тікелей бағынатын АҚ және ТЖ жөніндегі босалқы мамандар.
АҚ күштері бейбіт және соғыс уақыттарында халықты, аумақты және ұйымдарды қорғау, химиялық, радиациялық, бактериологиялық (биологиялық) зақымдану ошақтарында, ТЖ аумағында ҚжБШЖ жүргізу жөніндегі АҚ-тың міндеттерін орындау үшін құрылады. АҚ күштері әскери және әскери емес құрамаларынан құрылады.
АҚ күштерінің негізін әскери емес құрамалары құрайды. Олар бейбіт және соғыс уақытында ТЖ қауіпі туындаған кезде ҚжБШЖ-ды жүргізеді. АҚ құрамаларының құрамына жұмылдыру қағазы бар әскери міндеттілерден, І, ІІ және ІІІ топтағы мүгедектерден, жүкті әйелдерден, 8 жасқа дейінгі баласы бар әйелдерден басқа еңбекке қабілетті жастағы ерлер мен әйелдер алынады. АҚ құрамалары аумақтық-өндірістік принциптері бойынша облыстарда, қалаларда, аудандарда және меншік түріне қарамастан ұйымдарда, тұрған жері бойынша құрылады.
АҚ құрамаларының жіктелуі:
Бағыну принципіне қарай:
1. Аумақтық құрамалар
2. Нысандық құрамалар.
Белгіленген міндеттер бойынша:
1. Негізгі құрамалар
2. Қамсыздандырушы құрамалар
Аумақтық құрамалары облыс, қала, аудан әкімдерінің шешімдерімен, ал нысандық құрамалар ұйымдардың АҚ басшыларының бұйықтарымен құрылады. Аумақтық құрамалары маңызды нысандарда, аймақтың аумақтарында өз бетінше немесе нысандық құрамалармен өзара әрекеттесе отырып ерекше міндеттер мен жұмыстар жүргізу үшін тағайындалған. Нысандық құрамалары тікелеі нысандардың өзінде жұмыс жүргізу үшін арналған, бірақ нысаннан тыс жерлерде де ҚжБШЖ жүргізу үшін пайдаланылуы мүмкін.
Негізгі құрамаларға, ҚжБШЖ жүргізуге тікелей қатысушы (барлау, құтқару, медициналық, инженерлік, өрттен қорғау, авариялық-техникалық, радиациялық және химиялық қорғану) құрамалар, алқамсыздандырушыларға ҚжБШЖ-ды жүргізуді қамтамасыз етуші қалған барлық (байланыс, қоғамдық тәртіпті сақтау, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, көлік, хайуанаттар мен өсімдіктерді қорғау және басқалары) құрамалар жатады.
АҚ құрамаларының құрамы мен саны соғыс және бейбіт уақытындағы ТЖ-да халықты, аумақ пен ұйымды сенімді қорғауды қамтамасыз ететін жеткілікті қажеттілікті ескере отыра алдағы авариялық-құтқару жұмыстарының көлемі мен болжамдар негізінде анықталады.
Жер сілкінісіне ұшыраған ҚР аймақтары үшін АҚ құрамалары кемінде 10 адамға бір құтқарушыны, ал су тасқынына, өртке және басқа апатқа ұшыраған өнеркәсіп аймағы үшін 15-20 адам үшін бір құтқарушыны есептей отырып даярланады. АҚ құрамалары құралатын ұйымдардың басшылары кәсіби даярлық, қәзіргі техникамен, қондырғымен, жарақпен, өзге материалдық құралдармен жабдықтау және оларды іс-әрекетке даярлықта ұстау үшін жеке жауап береді.
Азаматтық қорғаныс күштері мыналардан:
- АҚ-тың әскери бөлімдерінен;
- АҚ-тың аумақтық және нысандық құрамаларынан;
- АҚ және ТЖ қызметтерінің құрамаларынан;
- Республикалық (РЖҚО), аумақтық жедел-құтқару (ЖҚО) және аэромобильді отрядтарынан тұрады.
АҚ және ТЖ қызметтерінің құрамалары - халықтың тіршілігін қамсыздандыру, авариялық-құтқару және шұғыл қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, құтқару құрамаларын күшейту мен олардың іс-әрекеттерін жан-жақты қамсыздандыру үшін құрылады және медициналық, байланыс, өрттен қорғау, авариялық-техникалық, материалдық қамсыздандыру, көлік, хайуанаттар мен өсімдіктерді қорғау болып табылады.
РЖҚО баруы қиын аудандарда өте күрделі нысандарда іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу және зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсету үшін құрылады. Отряд ҚР Үкіметінің шешімімен құрылады. Облыстық және қалалық ЖҚО іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу және зардап шеккендерге алғашқы дәрігірлік көмек көрсету үшін құрылады. Жергілікті бюджет есебінен ұсталады.
Бейбіт уақытта табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін бар АҚ құрамаларының санынан және штаттық мамандырылған құрылымдадардан қашанда дайын болатын шұғыл қимылдайтын отрядтар құрылады, олардың жалпы саны:
облыстық - 150 адамнан кем емес; қалалық - 100 адамнан кем емес; аудандық - 50 адамнан кем емес.
Шұғыл қимылдайтын отрядтар АҚ-тың аумақтық құрамалары санатына жатады.
АҚ құрамаларының дайындалуына берілетін уақыт:
2 сағаттан аспау керек - шұғыл қимылдайтын отрядтар үшін;
4 сағаттан аспау керек - негізгі құтқару құрамалар үшін;
6 сағаттан аспау керек - қалған барлық құрамалары үшін.
Азаматтық қорғаныс күштері мынадай құрамаларға бөлінеді:
- "Дайындығы жоғары" АҚ-тың толық құрылымындағы әскери бөлімдер, республикалық және аумақтық жедел-құтқару отрядтары;
- "Тұрақты дайын тұратын" резервтегі әскери бөлімдер және АҚ бөлімшелері, АҚ аумақтық және нысандық құрамалары, АҚ және ТЖ қызметтерінің құрамалары.
Халықаралық нормаларға сәйкес АҚ-тың дайындығы жоғары күштері, көлемі ірі төтенше жағдайларды жою жөніндегі күш пен құралдар құрамына кіретін АҚ құрамалары төтенше жағдай аударында және зақымдану ошақтарында 14 тәулік бойы құтқару және басқа да шұғыл жұмыстар жүргізуге дайын болуы керек.
Халықаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес Азаматтық қорғаныс күштеріне енетін, жекелеген құрамалар Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде құтқару жұмыстарын жүргізу үшін тартылады, халықаралық Азаматтық қорғаныс күштерінінің құрамына кіреді. Азаматтық қорғаныс күштерінін елімізден тыс пайдаланудың тәртібін халықаралық шарттар мен келісімдердің негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайды.
АҚ құрылымы. Шаруашылық нысандарында АҚ ұйымдастыру
Нысанның бірінші басшысы АҚ-қа жетекшілік етеді. Оған көмекке АҚ штабы құрылады.
АҚ шараларын ұйымдастыру және жүргізу үшін АҚ және ТЖ қызметтерінің құрамалары құрылады:
1) хабарландыру және байланыс (байланыс негізінде құрылады, хабарлау, байланысты жүзеге асыру, авариялар мен зақымдарды жою),
2) қоғамдық тәртіпті сақтау (ведомстволық күзет бөлімдерінің негізінде құрылады, тәртіпті, қозғалысты реттеу),
3) өрттен қорғау (өртті ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz