Төтенше жағдайлардың жіктелуі және пайда болуы
Пән: ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности), Защита труда
Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:
1.Төтенше жағдайлардың жіктелуі және пайда болуы
Төтенше жағдай дегеніміз адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашлық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай. Төтенше жағдай пайда болу себептеріне қарай табиғи сипаттағы және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға бөлінеді.
Табиғи сипаттағы ТЖ - дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғызатын ТЖ-лар.
Техногендік сипаттағы ТЖ - өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған ТЖ.
Ал, өңірлік және жаһандық ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ-ды ҚР Үкіметінің шешімі бойынша құрылатын комиссия тексереді. Авария бұл технологиялық процестің бұзылуы, механизмдердің, жабдықтар мен ғимараттардың бұзылуы. Авариялық ғимараттар бойынша зерттеу жұмыстарын авариялық ғимараттардың техникалық жағдайын зерттейтін тұрақты жұмыс атқару облыстық комиссиясы жүргізеді. Аталған комиссияның зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша шешімді облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия төрағасы қабылдайды. Қауіпті өндірістік объектілердегі авариялардың себептерін тексеру тәртібін Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы ҚР 2002 жылғы 3 сәуіріндегі Заңына сәйкес өнеркәсіптік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мүдделі орталық атқарушы органдармен бірлесіп өздерінің құзыреті шегінде белгілейді.
Зілзала бұл ТЖ-дың пайда болуына әкеліп соғатын жойқын құбылыс.
Дүлей зілзала - ТЖ-дың пайда болуына әкеп соғатын зілзала.
Апат - аймақтық және ірі ауқымды ТЖ пайда болуына әкеліп соғатын жойқын құбылыс.
ТЖ-дың алдын алу - алдын ала жүргізілетін және ТЖ пайда болу қатерін мүмкін болғанынша азайтуға, адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтауға, залал мен материалдық шығын мөлшерін кемітуге арналған шаралар кешені.
2.ҚР-дағы аса қауіпті әлеуметтік мәнді аурулар
Оба - өте жұқпалы індетті ауру. Ертеректе ел ішінде тез тарап, көпшіліктің арты қазаға апарып соқтырғандықтан, халық оны қара өлім деп атаған.
Жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде обаның даладағы жабайы тышқандар, суыр, бөрсық, саршұнақ, тарбаган ауру көзі және аурудың таратушы екені анықталып (1 сур.), оның табиғи ошақтары Үндістан, Пәкістан, Иран, Бангладеш, Қытай, Орта Азия аумағында орналасқаны белгілі болды.
Оба адамға бүрге және басқа қан сорғыштар арқылы жұғады. Обамен ауырған адам айналасындағыларға өте қауіпті. Жұғатын жолдары: ауа-тамшы, шаң-тозан, жанасу, кеміргіштердің терісін өңдегенде, бүрге шаққанда қан арқылы және ластанған су, тамақ арқылы.
Аурудың қоздырғышы - оба таяқшасы, ұсақ және сопақша келеді, қоршаған ортада ұзақ сақталады. Аурудың жасырын кезеңі 1-2 күннен 5-6 күнге дейін созылады. Ауру әлсіздікпен басталып, қалтырауға, бас ауыруына, естен тануға, денесінің қызуына тез алып келеді.
1 сурет - Егеуқұйрық, тышқан, сарышұнақ, бүрге -
оба ауруының көзі мен таратушылары
Ауру үш клиникалық турде өтеді: өкпе обасы, бұршақ тәріздес, терінің іріңдеу обасы. Өкпе обасымен ауырған адамның белгілері: адам денесінің жалпы ауырлануымен бірге кеудесі ауырады, алғашында аздап пайда болған жөтел біртіндеп көп мөлшерде қақырық бөліп шығатын үздіксіз жөтелге айналады. Жөтелген кезде қан аралас қақырық бөлінеді. Дененің ыстығы 39-40 градусқа көтеріледі, ауырған адам тез әлсіреп, есінен айырылады. Жүрегі әлсірейді, демі нашарлайды, алқынады осының бәрі өлімге әкеледі.
Обаның бұршақ тәріздес түрімен ауырғанда науқастың мойын, қолтық, шап бездері ісіп, көлемі тез ұлғая бастайды кейде жарылып ірің ағады. Ісік қол тігізбей қатты ауырады соның салдарынан аяқ-қолын қозғалта алмайды, мойнын бұра да алмайды.
Үшінші обаның түрі - терінің іріңдеп зақымдалуы байқалады. Терінің ашық жеріне қоздырғыш енеді де сол теріні зақымдайды, алғашыда тері қызарады, ісиді, қызғылт түйіншек пайда болады, ол кейіннен ұлғайып, іріңдеп тесіледі де терең іріңді жараға айналады. Қандай түрде оба болсады науқастың халі нашар, дер кезінде емдемесе сырқат мерт болады.
Аурудың алдын алу шаралары: ауырған және ауыруы мүмкін адамдарды алдын ала анықтау, оларды оқшаулау және емдеу қажет. Аурулармен қатынаста болған адамды вакцинамен егеді. Ошақта залалсыздандыру (дезинфекция), қан сорғыштарды жою (дезинсекция), кеміргіштерді құрту (дератизация) шаралары жүргізіледі. Жұмыс жасаған кезде обадан қорғайтын костюм ең сенімді құрал болып табылады (2сур.). Обаға қарсы шаралардың кешенінде табиғи ошақтар мен оған жақын орналысқан жер тұрғындарын санитарлық-ағартушылық жұмыстары маңызды орын алады.
2 сурет - Обадан қорғайтын костюм:
1 - комбинезон, 2 - капюшон, 3 - толық жиындағы
обадан қорғайтын костюм, 4 - мақта-мата таңғышы
Тырысқақ - өте қауіпті жұқпалы ішек ауруы. Ол адамды асқазан-ішек инфекциясының ауыр түріне шалдықтырады, өте тез тарайды, сондықтан бұл ауру өте карантинді індеттердің қатарына жатады.
Қазақстанмен тығыз қарым-қатнастағы Азияның оңтүстік шығыстағы мемекеттер Пәкістан, Үндістан, Түркия, Қытай, Иран, Ауғанистан, Индонезия, Бангладеш және т. б. Елдер тырысқақ жөнінен қолайсыз аймақ болып саналады.
Аурудың қоздырғышы - тырысқақ вибрионы (3 сур.), ұсақ, иілген, суда көп уақыт сақталады. Азиядан келген түрі адамға өте қаупты бізде жеңіл түрі (Эль-Тор) және тағы басқа түрлері кезігеді. Вибриондар кепкенде, күн сәулесі түскенде, қайнатқанда тез өледі.
3 сурет - Тырысқақ вибрионы
Аурудың тарау жолдары: ластанған жерлердегі қоздырғыштар шыбын-шіркейер және өзге де жолдар арқылы суға, азық-түліктерге таралады. Сау адамдарға ластанған су немесе азық-түліктер арқылы жұғады. Кейде кір қол арқылы, қол алып амандасқанда, олар ауру пайдаланған заттарды қолданғанда жұғады.
Аурудың бастапқы инкубациялық, яғни жасырын кезеңі бірнеше сағаттан бес күнге дейін созылады. Вибриондар ауыз арқылы түседі, жартысы асқазанда өледі, қалғандары тоқ ішекке барып өсіп-өнеді де өте улы экзотоксин шығарады бұл у бүкіл ағзаға тарайды, адамды уландырады.
Тырысқақтың белгілері: ішек қызметінің бұзыуы салдарынан жүрегі айныйды ол лоқсып құсады, іші жиі-жиі өтеді, ауыр түрге айналса күніне 20-30 ретке дейін, дәреттің түрі ірімтік-ірімтік, күріштің жұған суы сияқты болады. Осының салдарынан сырқат су және иондар жоғалтады, ауыр түрімен ауырған адамдар 20-30 % дейін салмағын жоғалтады. Аурған адамның халі өте нашар: денесі сүп-сүр, суық тер жауып тұрады, денесінің температурасы 34-35 градусқа дейін төмендейді, көзі үңірейіп ішіне кіріп кетеді, терісі қатпарланып, жиырылады, қалшырайды, тырысады, қан қысымы төмендейді, дауысы әзер шығады, кейде дауысы жоғалады (афония), егер адамды дер кезінде емдемесе ол мерт болады.
Тырысқақтың емдеуі: ауру адам оқшауланады, емханада емделеді - антибиотиктер (левомицетин, стрептомицин, тетрациклин және бактерофагтар, сульфаниламидтер) беріледі. Көк тамырға ертінділер (дисоль, трисоль, Рингер ертіндісі, глюкоза және т. б.) жіберіледі.
Алдын алуы: адамдар егіледі, ошақта залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі, карантин жарияланады. Шет елден келген адамдар, тамақ өнімдері бақлауға алынады.
3. Жарақат алғанда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету
Кенеттен қатты ауырғанда, мертігіп, жарақаттанғанда және адамның денсаулығы мен өміріне қатер төнетін басқа да жағдайда дәрігер келгенше, не ауру (жарақаттанған) адамды емдеу мекемелерге жеткізгенше алғашқы қарапайым жәрдем шаралары жасалуға тиіс. Ауырған не жарақаттанған адамдар кейде өзіне-өзі жәрдем жасай алады. Мәселен, егер адамның стенокардия (жүрек демікпесі) ауруы ұстаса, онда ол кенет тоқтай қалып, тілінің астына валидол не нитроглицерин таблеткасын салады, егер уланса ас қазанын шаяды (1 литрдей суды ішіп, көмекейіне саусағын жүгіртіп, бірнеше қайтара құсалы); жарақат түскен жерін жуып, оған дәрі жарады т. б. (Улану, Тағамнан улану, Жарақат мақалаларын қараңыз).
Адам көлденең кездейсоқ жағдайға ұшырағанда, жарақаттанғанда, қан кеткенде, кенеттен есінен тайраңда оған жедел жәрдем көрсетуге тура келеді. Мұндағы ең басты мақсат -- жарақаттану зардабын одан әрі өршітпеу: күн өткен адамды (Күн өту мақаласын қара) көлеңкеге апару, ал газдан иіс тигенде -- таза ауаға шығару, суға батқанды құтқару (Суга бату мақаласын қараңыз); токқа түскенді одан ажырату (Заңымдану мақаласын қараңыз); өртке шалдыққан адамның киіміндегі отты өшіру т. б. Екінші міндет -- қарапайым медициналық дәрідәрмектер мен құр ал-жабдықтарды пайдалана отырып, оқиға болған жерде алғашқы дәрігерлік жәрдем көрсету. Үшінші міндет -- дереу жедел көрсететін дәрігерді шақыру, не жарақаттанған адамды жақын арадағы медициналық мекемелерге жеткізуді ұйымдастыру. Жарақаттанған не ауырған адамды, осы мақсатқа арналмаған транспортпен тасыраңда, оның қорабына қалың етіп шөп, сабан төсеп, зембілді соған жайғастырған жөн. Жәрдем көрсетілетін адамды екі кісі қолын айқастыра ұстап көтеруге де, қолма-қол жасалған зембілге жайғастырыл жеткізуге де болады. Алғашқы дәрігерлік жәрдемнің және одан кейінгі емдеу шараларының ойдағыдай болуының, тіпті әл үстіндегі адамның өмірін сақтауда ең алғашқы көмектің дер кезінде, әрі мұқият атқарылуының айрықліа маңызы бар. Алғашқы жәрдем амалдарын қолданғанда, аурудың немесе жарақаттың жалпы сипаты ескеріледі. Жарақаттанған жағдайда аққан қанды тоқталу шаралары жасалады. Ол үшін қан шыққан жердің жоғарғы жағынан тамырлы, жарақаттың ауыр-жеңілдігіне қарай қысып таңады да, жарақаттың үстіне таза бинт,мақта, дәке немесе шүберек қойып бастайды. Содан кейін ол адамды міндетті түрде таяу маңдағы дәрігерлік мекемелерге жеткізеді. Онда жарақаттанған жер дәріленеді, тігіл еді, сіреспе не құтыру ауруына қарсы егіледі. Буыны шыққанда, сүйегі сынғанда, сіңірі үзілгенде не созылғанда адамды қозғалтпай жатқызу керек. Ол үшін мертіккен жерге жұқа тақтай, ағаш қабығын,картон т. б. затты қойып, оны бинтпен, орамалмен, белбеумен, шүберекпел орап тастайды. Егер сүйегі аман болып, сіңірі созылған, үзілген, буыны шыққан жағдайда тек айқастыра таңыл тастаса да болады. Осылайша жәрдем көрсетілген адамды тез арада жарақат емдейтін пунктке не басқа да дәрігерлік мекемеге жеткізеді. Онда жарақат рентгенмен тексеріліп, алғашқы дәрігерлік жәрдем көрсетіледі. Денені химиялық заттар күйдіргенде және үсікке шалдыққан жағдайда, зақымданған жерді таңар алдында, теріні сутегінің асқын тотығымен, қайнаған таза сумен жуалы, ал күйікті спиртке (араққа) малынған дәкемен таңады. Көзге шөп-шалам түскенде, әсіресе көз жарақаттанғанда кір қолмен, бет орамалмен сүртіл, инфекция жұқтырып алмау керек, бүл жағдайдағы алғашқы жәрдем туралы Көру мақаласынан оқуға болады). Ауру адам кенеттен есінен танғанда, оны бір қырынан не шалқасынан жатқызып, басын бір жағына бұрып қояды (бұлай етпеген жағдайда, ол лоқси қалса, құсығы тыныс ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz