Психодрамма



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Тренингтік сабақтарды тиімді ұйымдастыру әдістері
2. Психодрамма
3. Психологиялық тренинг -- танымдық белсенділікті дамыту құралы ретінде
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
ТРЕНИНГТІК САБАҚТАРДЫ ТИІМДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕРІ

Тренинг - бұл өзін-өзі қалыптастыру мүмкіндіктері және қоғам өміріне енуге қатысты ақпарат ақпаратты беру және алуда жасалатын топтық әдеттегіден тыс әрекет.
Адам бойындағы мінез құлықтың айтарлықтай өзгеріске ұшырауы көп жағыдайда жеке түрде емес топтық әрекеттерде айқын көрінеді, сондықтан да мінез құлықта болып жатқан өзгерістерді уақытында анықтап, өзгерту үшін, жаңа мінез қалыптастыру үшін, адам өзін басқалар сыртынан қалай көретіндігін көре алатын болуы керек.
Бүгінгі күні бұл әдіс балалармен, ата- аналармен жұмыс істеуде белсенді қолданыста жүр.
Әлеуметтік- психологиялық тренингтің негізгі мақсаты:
- қарым- қатынастағы құзыреттілікті арттыру (арнайы құрылған түрлі формадағы тапсырмалармен нақтылануы мүмкін),
Мектеп жасына дейінгі балалардың жалпы психикалық дамуы, әлеуметтік ортаға бейімделу мүмкіндіктері, мектептегі оқуға психологиялық тұрғыдан даяр болуы қарым-қатынас генезисі бойынша жасына лайық қарым-қатынас формасының қалыптасуымен тікелей байланысты. Алайда психолог ғалым Х.Т. Шерьязданова зерттеулері 5-6 жастағы балалардың бірқатарында М.И. Лисина тағайндаған жағдайдан тыс жеке бастық қарым-қатынас формасының кейбір параметрлерінің толық қалыптасып қоймайтындығын көрсетеді. Ол 3-5 жастағы балалардың қарым-қатынас формасында ересектер мен және басқа балалармен өзара әрекеттестік және ақпарат алмасатындығын айтады. Осы арнадағы және өз зерттеу тәжірибемізде баланың жасына лайықты қарым-қатынас формасының қалыптасуына отбасы, балабақша мектеп жасына дейінгі даярлықтың әсер ету мүмкіндігі ерекше болатыны белгілі болды.
Сондықтан 5-6 жастағы балалардың ересек адаммен, басқа балалармен қарым-қатынас формасының жасына сәйкес параметрлерінің қалыптасып, дамуы мақсат-бағдарлы, жедел ұйымдастырылатын коррекциялық-дамытушы әдіс-құралдардың жүйесін қолдануды қажет етеді.
Тренингтік сабақтарды ұйымдастырып өткізудің жалпы шарттарын сақтаумен қатар, жас ерекшелік идеологиялық, әлеуметтік және ұлттық ғылымдарының мәселеге қатысты негіздерімен өз тәжірибемізді саралай отырып, 5-6 жастағы қазақ балаларының қарым-қатынасын жетілдіруге арналған тренингтік сабақтарды тиімді ұйымдастырудың жағдайлары құрастырылды.
Тренинг сабақтардың басты принциптері:
- сабақтар балалардың үйреншікті іс-әрекет аймағында жүргізілуі тиіс;
- сабақты тиімді өткізу үшін бөлмедегі заттарды ыңғайластыру;
Тренингтік сабақтарды аптасына екі рет өткізу ең қолайлы вариант болып табылады. Біріншіден, балалардың жаңа формада ұйымдастырылатын іс-әрекетке деген қызығушылықтарын ұзақ мерзімге сақтауға, жаңалыққа тойынып қалу феноменімен, шаршаудан, қажудан сақтайды. Екіншіден, балаларға біртіндеп тренигтік әсер болады да, оларды жаңалықтық эффектісіне бар мәліметтердің негізінде абдырап, еңжарлыққа бой ұрып қалмауға мүмкіндік береді. Ең соңында, балалардың тренинг жүргізушіде бауыр басып қалып, өздерінің бұрынғы тренингтен тыс болатын іс-әрекетттерінен, педагогтарынан аулақтап кетуден сақтайды.
Біз де қазақ балаларының ежелден ойнайтын ойыны. Балалардың ақыл ой лабильдігін, яғни үйренуге дағдылануға қабілетін зерттеудегі экспрессивті-диагностикалық құрал болды.
Зерттеу балалар тобымен жүргізіледі. Эксперимент жүргізуші балаларға қарсы қарап отырып бір әңгіме бастайды. Әңгіме желісі бойынша балалар қосылатын кез болса, олар біз де деп қол көтереді.
Балалардың қосылуы ыңғайсыз сәтке дәл келіп қалса, олардың біз де деп қалуы қате болып саналады. Бұл ойыннан үзінді. Ойынға 30 минут бөлінеді. Сол аралықта үзінді әрбір баланың жіберілген қате жауаптары ескеріліп, жағары лабильділік үйренуге, дағдылануға өте қабілеттілік, орта лабильділік, төменгі лабильділік үйренуге , дағдылануға ниет қоймаушылық, қандай іс-әрекетте де болымсыз ғана жетістікке ие болу деңгейлері тағайындалады.
Тренинг сабақтарды жалпы топтағы балалардың психологиялық ерекшеліктерін және олардың арасындағы жиі кездесетін қақтығысуларды зерттеп болғаннан кейін жалпы жұмыс жоспарын құруға болады. Жұмыс жоспарын кезеңдерге бөліп қарастырған ыңғайлы.
1. Диагностикалық - түзету кезеңі.
2. Диагностикалық-аналитикалық кезеңі.
Бұл әдістеменің негізінде тренингтік сабақтарды өткізу жолдары мен мазмұнына даралау, саралау элементтерін енгізуге және сабақтардың тиімділігін білуге мүмкіндік туады.
Тренингтік сабақтардың мазмұндық аспектісін қарастыралық.Бұл тренинг бағдарламасын анықтау болып табылады.Біз ұйымдастырған тренингтік сабақтар 5-6 жастағы балалардың қарым-қатынас дағдылары мен біліктерін жетілдіруге арналған дағдылар тренингі болып табылады.Бұл психотерапия да, сензитивті тренинг те емес құрылымдық бағдарлама болды. Тренингтік бағдарлама өзара байланысты екі тақырыптық блоктардан құралған.
1. Блок. Балалардың коммуникативтілік дағдылары мен біліктерін дамытуға,өзара әрекеттесу мен қатынасудағы жіберілетін қателіктерді талдауға негізделген. Бұл блок бойынша балалардың вербалды және вербалды емес коммуникациясы қарастырылады. Блок бойынша қойылған мақсатқа жету үшін балалармен сергіту, рөлдік ойындар қолданылады.Ойындар вербалды және вербалды емес құралдарды белсендендіруге бағытталған.
Сергіту ойындарын басқаша қыздыру жаттығулары деп те атайды. Бұл ойындар балаларды топтық іс-әрекетке эмоционалды түрде келтіретін, баптайтын мақсатқа бағытталды.Сергіту ойындары әр сабақтың алдында және соңында 13-15 минуттан өткізіледі.балалардың ойынын ғана қыздырып қоймай вербалды белсенділіктерін арттыруға мүмкіндік беретін жаттығу түрлері- жаңылтпаштар. Сонымен қатар, сергіту эффектісі үшін қазақтыың ұлттық ойындары: Тауқырайдан, Бұғнай, сыйқырлы таяқ, Жаңылма, Тақыл-тұқыл, Мысық пен тышқан , Қас-қағым, Сұрақ- жауаптар, Қостаймын, қарсымын, толықтырамын қолданылады.
Ойындардың өту барысы: Тауқырайдан - балалар бірінің қолы, бірінің басына жетерліктей мөлшерде дөңгеленіп отырады. Тренинг жүргізушіден басқасы жалаң бас болуы керек.Тренинг ждүргізуші:
Тауқырайдан, тауқырайдан- деп , айта түседі де өз басындағы тақияны оң жағындағы көршісінң басына кигізе қояды. Көрші де сол сөзді қайталап оң жағындағы көршісіне кигізеді. Осылай жалғасып кете береді. Бір мезетте тренинг жүргізуші көзін жұмып отырады да : Тау-тау-деп басын өз қолымен баса қояды. Әркім тақияны өз басында қалдырмауға тырысуы керек.Ойын барлық бала басына тақия киіліп өткенінше жалғасады. Ойын аяқталған соң, балалардықң талқылауы үшін мына сұрақтар беріледі:
-тақия басыңа киілгенде не ойлай қалдың?
- тақияны басқаның басына кигізген соң өзің не ойладың?
Бұғнай- тренинг жүргізуші ер балаларды малдасын құрғысып , қыздарды бір тізерлеп отырғызады да, өзі барлық балалардан 1-ші бұғнай, 2-ші бұғнай, 3-ші бұғнай т.с.с. санап шығады да , кенеттен пәленше бұғнай деп шақыра қалады.Аты аталған бұғнай орныныан атып тұрады да бірден келесі біреуін шақырады.Әдетте кейбір балалар тұра алмай, ал сақ отырған балалар аты аталмай тұрып кететін жағдайлар болады. Ойын әрбір бұғнай шақырылғанша ойналады. Бұл ойынның қыздыру эффектісімен қоса диагностикалық, социометриялық мәні бар. Тренинг жүргізуші, біздің жұмыста ассистент рөліндегі студент, аты аталынған, аталынбай қалған , бірнеше рет аталған балаларды тіркеп отырады. Содан кейін балалар өздері де ойын барысында қандай ой, сезім болғанын ортаға салып талдайды.
Сыйқырлы таяқ-балалар қол ұстасып, дөңгелене тұрады.Тренинг жүргізуші қолына таяқ ұстап шеңбердің ортасына шығады да, ойынның тәртібін түсіндіреді. Балалар бір балаладан бастап тізбектеле қатардағы санын айтады. Тренинг жүргізуші таяқты тігінен жерге қадап ұстап, кез келген қатардағы санды айтады да таяқты қоя біледі. Аты аталған қатардағы бала өз санын ести сала жүгіріп барып, таяқты құлатпай ұстап үлгеруі керек. Таяқты құлатпай ұстаған бала ойынды жүргізіп, жалғастыра береді. Алдыңғы ойын сияқты мұның да социометриялық мәні бар. Хаттамаға ойын жағдайы тіркеліп отырады. Ойын аяқталғаннан кейін балалар ойын барысындағы өздерінің ой-сезімдерімен бөліседі.
Рөлдік- сюжеттік ойындар тренингтік сабақтардың өзегі іспетті.Мұндай ойындар біздің зерттеуде коррекциялау (түзету) мақсатын көздемейді.біз гуманистік бағыттағы ғалымдар көзқарасына сәйкес, психологиялық ойындар арқылы баланың өзіндік дамуына көмек беруді мақсат еттік.
Рөлдік-сюжеттік ойындардың психологиялық әсері мен балада:
- өз-өзіне деген сенімінің бекуі;
- этикалық және адамгершілік негізінде мінез-құлық жүріс-тұрыстың меңгерілуі;
- қарым-қатынас дағдылары мен біліктерінің дамуы болатындай түрлері жинақталып, іріктеледі.

Рөлдік ойындар міндетті түрде топтық талдаумен аяқталады. Талдау екі бағытта жүргізіледі:
1) Қарым-қатынас жағыдайының құрамын балалардың толық та, адекватты түсінуін қамтамасыз ету;
2) Коммуникативті іс-әрекет механизмдерін біліп, түсінуге, дағдылануға мүмкіндік беру.

Біз рөлдік ойындардың екі түрін - импровизациялық және сюжеттік түрлерін қолдандық.Импровизациялық ойындардың мазмұны балалардың өздерінің үйреншікті жағдайларынан, қарым-қатынас сферасынан алынып отырады. Мұнда тек алдын ала рөлдер мен позициялар бөлініп беріледі. Импровизацияланатын ситуациялардың ең қарапайымы таңдалынды. Ал басты назар әрбәр баланың импровизациялауға қабілетін яғни спонтанды түрде оның кез келген рөлді ойнап, сол рөл тұрғыдан диалог құра алуы мен вербалды емес коммуникацияны қабылдап, меңгеруі талданып, зерттеледі. Импровизациялық ойындардың арасынан ұзақ даярлықты қажет етпейтін, тренинг барысында өрістейтін түрлері қолданылды. Бірақ мұндағы басты талап ойын мазмұны балалардың қарым-қатынас саласындағы мәселелерге бағытталынуы. Алдыңғы диагностикалық ойындар нәтижесінде импровизациялық ойын мазмұны құрастырылады. Біз Айжан бүгін балабақшаға ең әдемі қуыршағын алып келеген екен, Анасы мен Болат дүкенге келді, Гүлнәр мен Эльвира ойнап жүріп ренжісіп қалды т.с.с. балалардың жас ерекшеліктеріне қарым-қатынас қажеттіліктеріне және тренинг мақсатына орай тақырыптар бойынша спонтанды түрде бір оқиғалар ойналып отырды.
Айжан бүгін балабақшаға ең әдемі қуыршағын алып келеген екен ойынның мазмұнын алып көрсетелік. Тренинг жүргізуші алдын ала Айжанның өзіне ғана, кім сұраса да қалай сұраса да қуыршағын ешкімге бермеуін тапсырды. Ол үшін Айжан балалардың әрқайсысының өтінішіне нақты, тура жауап беру керек. Ал балаларға жүргізуші бар мүмкіндіктерін пайдаланып қуыршақты сұрап алып, ойнауларына бағдар береді. Бұл ойын барысында балалар бірін-бірі түсінуге,тыңдауға, қарсы жауап таба алуға, сендіруге, иландыруға, сыйлауға, өтініш айтуға, сөзін өткізе алуға үйренеді.
Рөлдік-импровизациялық ойндардың әсерін талдау кілттері
1) Қарым-қатынас құралдарының қолданылуы, сөздік қор, ым-ишара, (арақашықтық) дистанция, интонация;
2) Қарым-қатынас біліктері мен дағдылары, өзара келісімге келу, қысым жасау, манипуляцияның көрінісі;
3) Өзара әрекеттестік, өзара қатынас позициялары тепе-теңдік, жоғарыдан қарау, төменнен қарау болды.
Ал сюжеттік ойындардың алдын ала даярлаған сценариі қажет. Онда ойынға қатынасушылардың өзара әрекеттесу, өзара қатынас жасау позицияларының толық сипаттамасымен нұсқаулары құрастырылды.
Сюжеттік ойын тренинг мақсатының негізінде алдын-ала ойластырылып, бүкіл сабақтың жоспарын құруда ескерілді. Сюжеттік ойын типтік коммуникативтіситуацияларды яғни балалардың баршасына дерлік тән жағдайлары талдауға бағытталды. Мұндай ойындарда күрделі коммуникативті ситуациялар моделденді. Әдетте имровизациялық ойынға қарағанда сюжеттік ойынға уақыт көп кетеді. Рөлдік-сюжеттік ойын барысында тренинг жүргізушінің көп кірісе бермеуі тиімді; ойын өздігінен ұйымдасатын болуы керек. Рөлдік ойындар тренингтік жұмыстың сөңғы кездесулерінде ойналады. Себебі балалардың топ ішіндегі қарым-қатынасы интенсивті болып, өздері қарым-қатынас кезінде әр түрлі позициялар, стратегиялар, инициатива коммуникация ережелерін біліп, ситуацияларға талдау жасай алатын кезде ғана ойын тиімді болды. 5-6 жастағы балалардың тренингтік тобында ойналатын сюжеттік ойынға 1-1,5 сағат уақыт керек.
Мүмкіндік болса сюжеттік ойынды тұтастай бейнетаспаға түсірген жөн. Мұндай таспалар талдау жасағанда кейбір ойын сәттеріне қатысты туындайтын даулы жағдайларды қарастыруда аса қолайлы.
Рөлдік-сюжеттік ойындарды сипаттағанда импровизация элементтерінің болмай қалуы мүмкін емес.
Сюжеттік-рөлдік ойындар өзара байланысты позициялардың негізінде жинақталды. Мынындай ойындардың желісі құралды:
Ойыншықтар сөйлейді, Аңдардың әңгімесі, Әжесінің еркесі, Қызғаншақ бала.
1. Ойыншықтар сөйлейді бұл ойында әрбір бала топтағы ойыншықтардан бір-біреуден қолдарына алып, соның рөлінде, сонын атынан өзінің ренжігенде, қуанғанда, өкінгенде, ашуланғанда, өтініш білдіргенде, ұялғанда не дейтінін, нені армандайтынын ортаға салады.
2. Аңдардың әңгімесі әрбір бала бір-бір ойыншық аңның рөлінде қу түлкі, ашулы арыстан, қорқан қоян, кекшіл кірпі т.т. бірігіп өздері куә болған бір-бір қызықты оқиға айтады.
Біздің бұл қарастырғанымыз тренингтік бағдарламаның бірінші блогына қатысты болған.
Енді тренингтік сабақтарға балалардың жаңа қарым-қатынас дағдыларын біліктерін бекітуге арналған кезеңге енгіземіз.
Бұл кезеңде әрбір баланың өзіндік ішкі потенциалы, коммуникативті іс-әрекетке деген ішкі ресурсы анықталды. Тренингтік бағдарламаның бұл бөлігі екінші блогты құрайды. Бұл блог балаларға тренингтің жасаған әсерін, яғни балалар топтарының жоғары ұйымдасушылық көрсетуін, әрбір баланың коммуникативтілік деңгейін ғана анықтап қоймайды. Сонымен қатар ол өзіндік бір диагностикалық тәсіл болады. Әрбір баланың қарым-қатысының жетілуі , белгілі бір коммуникативтіә дағдылар мен біліктердің қалыптасып, дамуы белгілі болды.
2-ші блоктың 5-6 жастағы балаларға арналған тапсырмалары шығармашылық негізінде болады. Онда балаларға қойылым қою, ертегі құрастыру сияқты драматизациялау тапсырмалары берілді.сонымен қатар, ойын-пікірталас та осы блоктың құрамында.
Таңертең, Түстен кейін атты тақырыппен балаларға үнсіз қойылым қою ұсынылды. Оны- балалардың балабақшаға кіргеннен бастап сәскеге дейінгі және одан кешке дейінгі және ситуациялық қарым-қатынасты вербалды емес жолмен көрсетіліп отыратын сюжеттік ойынның бір түрі деп санауға болады. Бұл ойындар тренингтік сабақтардың бас кезінде бірі, соңында бірі ойналады.екі ойынға да 20 минуттан уақыт бөлінеді; Таңертең, Түстен кейін . қойылым салыстыра отырып, балалардың вербалды емес қарым-қатынас жасау техникаларының жетістігін бағалалуға болады.
Үнсіз спектакльді екі шағын топ балалары ойнайды. Бірінші шағын топ балалар біріне бірі қарамай, әрқайсысы басқа да бір топтағы құрбысының рөлінде ойнай береді.Екінші шағын топ балалары олардан өздерінің бейнесін тауып алуы қажет.10 минуттан соң екінші кіші топ осы тапсырманы орындайды. Бұл ойын бойынша талдау көрсеткіштері:
1 Қимыл-қозғалыс-өзінен басқаларға бағытталса-балаланың теріс, жағымсыз деп санайтын ситуациялары, адам бойындағы қылықтары.
2. Қимыл-қозғалыс өзіненқарай бағытталса, балаланың ұнататын оңды ситуациялары, адам бойындағы қылықтары.
3. Ашықтықты, тұйықтықты бейнелейтін қимыл-қозғалыстар болады (Л.А.Петровская).
И. Плотникстің ертегі құрастыру әдістемесінің негізінде қазақ ертегілерінің бірі жаңаша құрастырылды.мұны түсіндіреміз: тренинг жүргізуші ертегі бастайды: баяғыда бір А мен Б болыпты. Оларда С болмапты. Бірде Д жағдайы болыпты.т.с.с.Бұл ертегінің желісінің басталуы.Балалар бұл ертегіні өңдеп, яғни кейіпкерлерді нақтылап алады да қатарынан бір-бір сөйлем қосып, аяқталған ертегіні шығарады.
Ертегі тапсырма бойынша балалардың:
1. Ертегі кейіпкерлерінің қарым-қатынастарының анықталынуы;
2. Қарым-қатынас құралын қолдана алуы;
3. Пауза, интонацияларды тиімді қолдана алулары;
4. Мазмұндағы эмпатиялық, идентификациялық қарым-қатынас жүйелерін актуализациялауы.
5. Ертегінің позитивті немесе неготивті аяқталуы.
6. Бірін-бірі тыңдап ертегі мазмұнын біртұтас етіп беруі
7. Театрландырылған элементтер енгізуі талданады.
Балалардың қарым - қатынасын жетілдіруге арналған тренингтік сабақтардың базалық әдісі - ойын пікірталас болды. Оның негізінде тренинг жүргізушінің балаларымен, балалардың өзара қарым - қатынасы жатады.
Сондықтан пікірталас контекстінен тісқары қарым - қатынасқа дағдылану мүмкін емес. Балалардың жа ерекшелігі ескеріліп пікірталас ойын формасында өтеді. Басқаша айтқанда пікіталас барысы қарым - қатынасқа ойын арқылы оқытумен сипатталады. Ойын пікірталасының құндылығы оның әрбір баланың өзін өзі көрсетуін талап ете отырып, бір - бірін, ересектерді тыңдауға, әңгіме мазмұнына назар аудару біліктерін дамытып, әңгімені толықтыруға, пікір айтуға, сұрақ қоюға, суырып салушылыққа дағдылануға мүмкіндік беретіндігінде.
Ойын - пікірталасты ұйымдастырудың қажетті шарты - топтың жұмысына психологиялық, эмоциялық қолайлы жағдай жасау. Ойын - пікірталас кезінде балалардың дөңгелене отыруы тиімді әсер береді. Ұялу қасиеттері бар балалардың да топтық пікірталасқа қатынасуы үшін сөз кезекпен дөңгелек бойынша беріледі. Жасқаншақ балалрды да ойын пікірталасқа тарту үшін, асықтырмай, ойлануға уақыт бөлінеді.
Ойын - пікірталасты ұйымдастырып, жүргізу алгоритмі төмендегідей болады:
1. Пікірталас тақырыбы мен мақсатын тұжырымдау.
2. Тақырып бойынша мәлімет жинау: балалрға сұрақтар беріп, пікірін тыңдау барлық балалардың пікірін білу және қысқаша қорытынды жасау.
3. Алынған мәліметтердің ішінен ең мәндісін бөліп көрсету.
4. Жалпы қорытынды жасап, әрбір баланың мақсатқа сәйкес пікірталас жасауда қосқан үлесінің аталып өтілуі.
Ойын - пікірталасқа 30 минут уақыт беріледі. Тренингтік сабақтың мақсатына орай, ойын пікірталас тақырыптары іріктелді. Соларға тоқтала кетейік.
Қандай сөздерге мен қуанамын? тренинг жүргізуші тақырып сұрағын балаларға айтып, сол сөздерді іздестіруге кіріседі. Біреуі: рахмет деген сөз деп қосса, жүргізуші оны ары қарай тиянақтай түседі. Ол сөзді қалай әдемі айтуға болады? Жауаптардың жиынтығы: асықпай. Адамға жақындап келіп, бетіне тура қарап айту керек. Адамның есімін атап барып рахмет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тренингтік сабақтарды тиімді ұйымдастыру әдісі
Туристік өнімді зерттеудің проективті тәсілі
Психодиагностика әдістер сұрақтамалары
«Бала мазасыздығына ата-анамен бала қарым-қатынасының әсері»
Тренингтік топтардың психологиялық маңыздылықтары
Психотерапевтік өызметтің мәні
Проективті әдістердің қолданылуы
Студенттердің білімдермен алмасуы
Бастауыш сынып жасындағы балалардың эмоционалдық қиыншылықтары және көріну жағдайы
Дамуында кемістігі бар жеткіншектермен педагогикалық-психологиялық жұмыс
Пәндер