Туристік жорықтар кезінде топты жасақтау



Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Туристік жорықтар - туристер үшін қолайлы туризмнің жұмыс формаларының бірі. Туристік жорық дегеніміз - алдын-ала дайындалған жаңа немесе белгілі маршрут бойынша, әр түрлі танымдық, сауықтыру, спорттық, оқыту жаттығу үшін т.б. мақсатпен жүріп өтуге бағытталған жұмыстар. Туристік жорықтар ұзақтығына қарай бір немесе екі күндік және көп күндік болып бөлінеді. Сонымен қатар туризмнің түрлеріне және қозғалыс түрлері мен құралдарына байланысты жаяу, шаңғы, тау, спелео, су, ат, велео, автомото және т.б. болып бөлінеді. Көп күндік жорықтар категориялық спорттық және категориялық емес болып ажыратылады. Категогриялық жорықтардың туризмнің жеке түрлері бойынша таблицасы төмендегідей. Төмендегі таблицада жеке категорияларға қажетті ұзақтық (күнмен есептелгендегі) және ұзындық (км-мен есептелгендегі) көрсетілген.
Жорықтар күрделігіне қарай категориялары: 1-ден 6-ға дейін болады.
Жорықтар ұзақтығы кемінде күнмен есептегенде: 6; 8; 10; 13; 16; 20.
Жаяу туризмнің км-дегі ұзындығы (кемінде): 130; 160; 190; 220; 250; 300.
Шаңғы туризмі: 130; 160; 200; 250; 300.
Тау туризмі: 100; 120; 140; 150; 160.
Су туризмі: 150; 160; 170; 180; 190.
Велосипед туризмі: 250; 400; 600; 800; 1100.
Автомототуризм: 1000; 1500; 2000; 2500; 3000.
Автотуризм; 1500; 2000; 2500; 3000.
Туристік жорықтардың ерекшелігі біріншіден туристер, саны жорық түріне, өткізілетін ауданға, маршруттың күрделілігіне байланысты. Екінші ерекшелігі түрлі табиғи кедергілерден өту қажеттілігі. Жорықтарды өткізуге ауа-райы жағдайлары әсер етеді. Туризмнің жеке түрлері бойынша жорық өткізу үшін өткізілетін ауданның табиғи ерекшеліктері бойынша белгілі-бір қолайлы мерзім таңдалып алынады.
Егерде маршрут бұрыннан белгілі болса, сол жер туралы кейінгі мәліметтерді алып, іріктеп жорық жоспарына, календарлық графикке түзетулер енгізіледі.
Календарлық график жорық кезінде немесе ол аяқталған соң да жасала береді, жорық жайлы толық мәлімет есепке енгізіледі. Календарлық график құру кезіндегі ең маңызды контролдық және календарлық уақыттардың көрсетілуі.
Жалпы жорықты ұйымдастырып, өткізуді үш кезеңге бөліп қарастыруға болады: дайындық, өткізу, қортынды кезеңі.
Туристік жорықтар кезінде топты жасақтау. Құрамын анықтау. Қатысушылар тәжірибелі және бұрынғы жорықтарға қатысқан болуы тиіс. Жетекшінің тәжірибесінің көп болуы талап етіледі. Жорыққа қатысушылардың дене дайындығы болуы керек. Ол екі түрден тұрады.
1. Арнайы дене дайындығы.
2. Жалпы дене дайындығы.
Жорыққа қатысушылар медициналық тексерілуден міндетті түрде өту керек.
Азық - түлік пен құрал - жабдықтарды дайындау. Азық- түлікті дайындау кезінде туристердің саны жорық өткізілетін күндер ескеріледі. Азық - түлікті дайындау кезінде туристердің саны жорық өткізілетін күндер ескеріледі. Азық - түлік құнарлы және жеңіл болуы тиіс. Жорық кезінде міндетті түрде 3 уақыт ыстық тамақ жасалынады. Азық - түлік тізімін дайындау кезінде осыны ескеру қажет.
Құрал - жабдықтарды дайындау. Құрал - жабдықтарға мысалы: палаткалар, жатырқаптар, рукзактар, жеке адамға қажетті заттар, арнайы құрал жабдықтар жатады.
Жорық шығынын есептеу. Жорық шығынына азық - түлікке кететін ақша, транспорт, прокат, қосымша тамақтанулар, қонақ үй, экскурсиялар кіреді.

Туризмнің белсенді түрлеріндегі тактикалық әзірлену әдістемесі 7, 8 лекция Тактикалық әзірлену. Саяхатты қамтамасыз ету Саяхат ауданын таңдау Саяхат ауданын таңдау саяхат мақсатына, қатысушылар мүдделері мен қызығатындығына байланысты. Саяхат ауданын таңдаған кезде жолдарды, жолға қажетті уақытты, саяхат шығындарын, көптеген басқа да факторларды ескеру қажет. Көмекші, кеңес беруші ретінде әртүрлі ақпарат көздері: кітап, БАҚ, карталар, Интернет, жерлерді аралаған тәжірибелі адамдар болуы мүмкін Топ құрамын анықтау Жас мөлшері, мүдделері, көзқарастары, техникалық, физикалық дайындық дәрежесі жақын болғаны жақсы. Спорттық топ болса, жорықтың күрделілігіне орай қатысушылар мен жетекшісіне қойылатын талаптарға, ережеге сәйкес топ құрамы анықталады. Ереже бойынша, 1-2 күрделілік дәрежесіндегі жаяу, тау, су, велосипед жорықтарының топ құрамы 4 адамнан кем болмауы керек. Шаңғы туризмінің 2 дәрежелік, жаяу, тау, су, велосипед 3 дәрежелік жорықтарының топ құрамы 6 адамнан кем болмауы керек. Топ тым үлкен болса да жорық қиындап кетеді. Саяхатқа қатысушылар мен жетекшісіне қойылатын талаптар Топ жетекшісі бұрын осы күрделілік дәрежедегі саяхатқа қатысып, одан бір дәреже төмен жорықты бұрын басқарған болуы тиіс. Қатысушылардың тәжірибесі жорық күрделілігіне сәйкес болуы крек. Топ ішіндегі міндеттер Алдымен міндеттерді тағайындау қажет. Топ жетекшісі дайындықты, шынығуды басқарады, маршрут әзірлеу мен оның құжаттары үшін жауап береді, саяхатқа ресми рұхсат алады. Жорықта ол басшы, бұйрықтары екі қайталанбай орындалуы міндет. Жетекшінің орынбасары тәжірибесі бар туристердің арасынан таңдалады. Жетекші шешімдеріне сәйес әрекет орындағандықтан, оның да бұйрықтары орындалу қажет. Шаруашылықты меңгеруші(завхоз) тамақ пен жабдықталуға жауап береді, олардың есебін жүргізеді, жүктерді(тамақ пен құралдарды) рюкзактар бойынша таратады, ас мәзірін(меню) жасайды, жолда ас қорын толтыру мәселесін шешеді. Қазынашы жорық алдында ақша жинайды, оны өзі сақтайды немесе сақтау үшін туристердің арасында таратады. Барлық қаржы есебін жасайды.Санинструктор(фельдшер) дәрі қорапшасын қалыптастырады, оны алып жүреді. Санитарлық-гигиеналық ережелер орындалуын қадағалайды, қажет болса, ағашқы медициналық жәрдем береді. Күнделік жүргізуші барлық оқиғаларды, жолдағы мәліметтердің барлығын жазып отырады. Топ күнделігіне топтың басқа мүшелері де өздерінің жазуларын қосады. Фотограф немесе сүретші жорықты толығымен фото немесе сүретпен көрсетеді. Жөндеуші(ремонтник) сайман мен материалдар үшін жауап береді, құрал- жабдықтарды жөндейді. Жорықта бивак жұмыстарын, отын жинау, тамақ пісіру, басқа жұмыстарын кезекшілер орындайды. Қажет болса, түнгі кезек болады. Жорыққа дайындалған кезде де туристер әртүрлі міндеттер орындайды. Апта сайын олар кездесіп, жасалған жұмыс, мәселелер туралы ақпаратпен алмасу керек. Маршрутты әзірлеу Машрутты әзірлеу туризм түріне, мақсатына, жыл мезгіліне, туристер тәжірибесіне, т.б. факторларға байланысты. Маршруттың тактикалық схемалары мынадай болады: - сызықтық(линейная); - айналмалы(кольцевая); - радиалды және оның варианттары; - түйдектелген(комбинированная). Маршрут күрделілігі біртіндеп қиындау керек, мысалы, 1 дәрежелі жорықта қатысқандар 2 дәрежеден өтуді көздеуі мүмкін және т.с.с. Маршрут ауданын зерттеу Туристер алдын ала саяхат ауданының географиялық, тарихи, әкономикалық және т.б. ерекшкліктерін зерттеу қажет. Ол үшін көркем және ғылыми әдебиеткөздерін, географиялық сүреттемелер мен анықтамаларды, метеорологиялық байқауларды, бұл ауданда болған туристік топтардың есептерін оқып, қарап шығу қажет. Туристер ауданның жер бедерін, ауа райы көрсеткіштерін, өзен мен көлдердің лоцияларын, ауа райы болжамын, экскурсиялық нысандардың орналасуын, көрінісі әдемі нүктелерін алдын ала біліп алуы керек. Осымен қатар, барлық қажетті құжаттар мен рұхсаттарды дайындап қою керек. Ауданды зерттеу қаүіпсіздікті қамтамасыз ету үшін де керек. Маршрутты безендіру МКК рұхсатын алу үшін алдын ала арнайы құжаттарды бір ай бұрын беру керек: Саяхат жоспары. Жорық мақсаты, жолдағы жұмыстар, экскурсиялық нысандар, т.б. Қатысушылар тізімі. Жас мөлшері, қызмет орны, құжат туралы мәліметтер, үй мен жұмыс мекенжайы, туристік тәжірибе, дәреже, өтілген маршруттармен олардың ауданы, күрделілік дәрежесі, кім ретінде өтті, т.б. Жетекші, сонымен қатар, нақты қандай жорықтарын басқарғанын белгілейді. Қозғалыс графигі. Аталған топтың ықтимал жылдамдығын, жолдағы кедергілерін, нысандарын, жүк салмағын, физикалық хал-күйін ескере тұра, картада қозғалыс графигін белгілейді. Шаңғы, жаяу 1 дәрежелі жорық графигі шамамен мынадай болуы мүмкін: 1-ші күн - 15км, 2 - 20км, 3 - 20км, 4 - 20км, дневка, 20, 25, 25, 20, 15км. 2 дәреже - 1-2 демалыс жоспарланады: 15, 15, 20, 20км, дневка, 20, 20, 20, 25км, дневка, 25, 25, 25, 20км. 3 дәреже, әсіресе шаңғы жорығы: 10, 15, 20км, дневка, 20, 20, 20, 20, 20, 20км, дневка, 25, 25, 25, 25, 25, 15км. Жалпы ереже: жүктің ауыр болғандығынан және қатысушылардың бейімделмегендігінен бірінші күндері жол онша алыс емес. Бірінші демалыс үш күннен кейін болады, себебі - құрал-жабдықтарды жөндеу және өзіне дәлдеу керек болады. Екінші жартысында жүктемесі үлкен. Соңында километраж төмендейді - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туристік жорықтар
Қазақстанда экологиялық туризмнің дамуы
ТУРИСТІК МАРШРУТТАР ЖӘНЕ ТУРИСТІК ЖОРЫҚТАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ
Қазақстан Республикасында белсенді туризмді дамытудың перспективаларын анықтау
Туризмнің белсенді түрлерінің әдіс - тәсілдер негізі
Таулы аймақтардағы туристік маршруттар мен турлар ұйымдастыру жолдары
Тау туризмі
Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасының негізгі ұғымдары. Жорықтың мақсаты мен міндеттері тактикалық өңдеудің мазмұны мен әдістемесі
Экотуризм - туризмнің алуан түрлі бағыты
Экскурсияның белгілері мен функциялары
Пәндер