Туризм саласының қызметкерлер ұйымын басқарудың әдістері және стильдері



Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
1. Туризм саласының қызметкерлер ұйымын басқарудың әдістері және стильдері.
2. Туризм менеджерінің негізгі атқаратын қызметтері.
3. Туризм саласының қызметкерлер ұйымын басқарудың қағидалары. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазіргі уақытта біздің сөздік қорымызға менеджер, менеджмент сөздері енді. Менеджмент сөзін қазақшаға дәл аударар болсақ, онда басқа біреу арқылы өз мақсатына жету деген мағынаны білдіреді. Яғни кез келген туристік кәсіпорын - ең алдымен адамдар, ал менеджмент - бұл осы адамдардың, дәлірек айтқанда қызметкерлер ұйымының жұмысын түрлі әдіс-тәсілдер арқылы тиімді басқару. Қызметкерлер ұйымын басқару - бұл кез келген туристік ұйымның тиімді әрі қарқынды дамуын қамтамасыз ету мақсатында түрлі басқару міндеттерін шешудің ережелері мен процедураларының жүйесі. Туризмдегі қызметкерлер ұйымын басқарудың басты мақсаты - ұжымда оң әлеуметтік-психологиялық жағдай қалыптастыру, оның салдарынан айтарлықтай мөлшерде ұйымдастырушылық және экономикалық мәселелер шешіледі. Басқаша айтқанда, туристік кәсіпорынның алдына қойған мақсаттарына ұжымды тиімді түрде басқару, дұрыс ұйымдастыру арқылы жету. Туристік кәсіпорындағы қызметкерлер ұйымын дұрыс басқара білу өз кезегінде туристік ұйымдар мен кәсіпорындар үшін нарықта өзінің қызметтерін тиімді өткізіп, туристерге ұнамды да, ыңғайлы қызмет көрсете отырып, өздерінің басты пайда табу мақсатына тиімді жолмен қол жеткізуге мүмкіндік береді. Кез келген туристік ұжымның өркендеуі үшін ең алдымен қызметкерлер ұйымын басқарудың ең тиімді де, қолайлы әдісін таңдай білу өте маңызды.
1. Басқару әдістері дегеніміз - тәсілдер мен адамның іс-қызмет аясындағы қандай да болмасын амалдарының жиынтығы, белгілі мақсаттарға жету тәсілі, белгілі бір міндеттерді шешу жолдары. Тәжірибеде басқарудың негізгі үш әдісі бар: экономикалық әкімшілік әлеуметтік-психологиялық.
Басқару әдістері. Туристік ұйымдағы қатынастарды реттеу сфералары 1 Экономикалық Экономикалық қатынастар
2 Әкімшілік Ұйымдық-құқықтық қатынастар
3 Әлеуметтік-психологиялық Әлеуметтік, психологиялық, т. б. қатынастар Басқарудың экономикалық әдістері - экономикалық құралдарды пайдалана отырып әрбір жұмысшыға және ұжымды ынталандыратын, олардың мүдделерімен міндеттеріне сай келетін экономикалық механизмдер арқылы ықпал жасау. Өз бетімен жұмысқа негізделген жағдайда ғана басқарудың экономикалық әдістеріне көшуге мүмкін болады. Туристік ұжым материалдық қорды, түскен пайданы, еңбекақыны өзі реттеп, басқарады және өзінің экономикалық мақсаттарын жүзеге асырады. Экономикалық әдіс жаңа мүмкіндіктердің және қордың анықталуына себеп болады, әсіресе нарықтық қатынастарға көшу мезгілі маңызды өндірістік процестің барлық қатысушылары экономикалық қызығушылығымен жүйенің материалдық ынталандыруының өзгеруі туралы айтылады. Бұл бағыттағы барлық жұмыстың басты мағынасы басқару іс-әрекеттерінің экономикалық салдарын максималды түрде толық ескеру жағдайына қою. Экономикалық әдісте еңбек ұжымын және оның мүшелерін жұмысқа ынталандыру бір жүйеде болады және әкімшілік қысым нәтижесінде емес (бұйрық, директивалар, жарлықтар) экономикалық ынталандыру нәтижесінде жүзеге асады. Басқарудың әкімшілік әдістері - бұл басшылардың және директивті органдардың ұжымның мақсатына жетуі үшін туристік ұйымды басқаруға, тікелей ықпал жасауға бағытталған ұйымдық-әкімшілік құралдарының жиынтығы. Бұл әдістер айқындылықты және туристік ұйым жұмысының тәртіпке келуін қамтамасыз етеді. Осыған орай бұл әдістер шаруашылық заңдар және еңбек құқықтық актілермен реттеледі. Басқарудың әкімшілік әдістерінің 3 әдісі бар: міндетті жазылым (бұйрық, тыйымдар және т. б.) келісімділік түрі (кеңес, мәмілелердің рұқсаты және т. б.) кепілдеме, тілек (түсіндіру, ұсыныс және т. б.) Әкімшілік әдістер бір жүйеде болады. Бұл жоғары тұрған басқару мүшелерінің бұйрықтары, тікелей тапсырмалар, заңдар және қаулылар. Олар туристік ұйымдағы үрдістерді оптимизациялау мақсатындағы басқарушылардың жарлықтары мен бұйрықтарын сақтауға бағытталған. Тәжірибеде басқарудың әкімшілік әдістері ереже бойынша 3 түрлі бағындыру түрлерімен байланысты: амалсыз және сырттай көндіру - бұл жағымсыз тәуелділік сезіммен қабаттаса жүреді және бағынушылардың түсінігі бойынша жоғарыдан қысым болып табылады. пассивті бағындыру - бұған өз бетімен шешім қабылдаудан босатылуға байланысты қанағат тән. ішкі тұрақталған - бұл жетекшіні де, бағыныштыны да қанағаттандырады. Басқарудың әкімшілік әдістерін қолдану басқарылатын туристік ұйымның дамуына және тіршілігіне жағымды жағдайлар жасайды, басқару обьектісіне мақсатты әсер етеді. Тапсырмалардың қойылуы мен ынталандырушы жағдайлардың тууы арқылы жүзеге асырылатын әкімшілік басқару әдістері өте нәтижелі. Басқарудың әлеуметтік-психологиялық әдістері - жеке тұлғаның және туристік ұжымның әлеуметтік-психологиялық қасиеттерін пайдалану, адамдарға еңбекке деген сана-сезім қатынасын тәрбиелеу жолымен ықпал жасау тәсілі. Бұл әдістерде еңбектің нәтижесі көп жағдайда психологиялық факторға байланысты екендігі айқындалады. Осы факторды ескере білу және осы арқылы мақсатты түрде туристік ұйымдағы жұмысшыларға әсер ету басқарушыға бір мақсатты және шешімді ұжым құруға көмектеседі. Әлеуметтік зерттеулер туристік ұйымды юасқарушының ісінің табысы 15co - оның мамандықты жақсы білуіне байланысты да, 85co - адамдармен жұмыс істей алатындығына байланысты екенін куәландырады. Әр адамның мінезінің ерекшелігін біле отырып, оның мінез-құлқын ұжымға қажетті бағытта болжауға болады. Әр туристік ұйымның жұмысшылар тобына өзіндік психологиялық климат тән. Жапон социологтары мынадай пікірге келді: адамның жұмыс істеуге деген көңіл-күй, тілегі және ұжымдағы өнегелік, психологиялық ортаға байланысты. Осыған орай еңбектің өнімділігі шамамен 1,5 есе көбеюі немесе бірнеше есеге азаюы мүмкін. Басқарудың әлеуметтік-психологиялық аспектілеріне жеткіліксіз назар аудару туристік ұжымдағы зиянды қарым-қатынасқа әкеледі. Бұл өз кезегінде еңбектің өнімділігін азайтады. Әлеуметтік-психологиялық әдістер туристік ұжымда пайда болатын тұлғалық қарым-қатынас пен байланыстарға, сонымен қатар олардың ішінде болатын әлеуметтік үрдістерге әсер ететін спецификалық тәсілдер ретінде таныстырылады. Бұл әдістерді қолданудың негізгі мақсаты - ұжымда оң әлеуметтік-психологиялық климат тудыру. Осыған байланысты тәрбиелік, ұйымдастырушылық және эконкомикалық тапсырмалар жоғары деңгейде шешіледі. Туристік ұжымдағы жұмысшылардың арақатынасы, олардың еңбек құралдарына және қоршаған ортаға қатынасы әлеуметтік-психологиялық басқару әдістерінің негізгі обьектісі болып табылады. Туристік кәсіпорындағы қызметкерлер ұйымын басқаруда басқарудың дұрыс стилін таңдай білу әлеуметтік-психологиялық проблеманың ең өзектісі. Басқару қызметіндегі әрбір басшы тек өзіне ғана тән стильде қызмет атқарады. Адамдардың қарым-қатынасында, соның ішінде басқару қызметін жүзеге асыруда стильге ерекше мән беріледі. Честерфольд стиль - ой дүниесі десе, Бьюфурон стиль - адамның өзі деп тұжырымдайды. Басқарушының жұмыс стилі - оның басқару процесінде пайдаланатын тәсілдерінің, амалдарының, іс-әрекеттерінің жиынтығы. Басшының стилі - бұл шешім қабылдау және қызметкерлерге тапсырма беру әдісі. Туристік ұжымды басқарушының дербес стилі алуан түрлі обьективтік факторлардың ықпалымен қалыптасады: Іс-әрекет сипаты; Басшы мен бағыныштылар арасындағы өзара байланыс; Психологиялық қасиеті; Орындау тәртібінің жағдайы, т. б. Туристік ұйымды басқару стилінің типі түбегейлі қалыптаспаған. Сондықтан да отандық және шетелдік әдебиеттерде оның өзі түрліше жіктеледі. Мәселен, Х. Кох (Германия) басшы стилін былайша бөледі: Бір жақты автократтық стиль; Билікті біркелкі қолдана отырып басқару стилі; Өндіріс процесіне немесе тұтастай жұмыс процесіне біркелкі қатыса отырып басқару стилі; Парламенттік сипаттағы басқару стилі; Бағыныштылар негізінен дербес, жоғарғы басшылардың тікелей қатысуынсыз-ақ әрекет ететін басқару стилі. Автократтық және парламентарлық стильдер туристік ұйымды басқаруда қолайсыз деп саналады. Себебі алғашқысында бағыныштылар тарапынан ешқандай дербестік болмайды, ал екіншісінде жұмыс жоспарсыз жүргізіліп, бағыныштылар мүлдем дербес әрекет етеді. Туристік ұйымды басқарудың ең тиімдісі - кооперативтік стиль, жақсы ынтымақтастықта, ұйымдасқан түрде әрекет ету, қиын жағдайларда өзара бірлесе, ынтымақтаса отырып күш біріктіру. Туристік ұйым басшысы жұмысшыларды мұқият тыңдайды, олардың ұсыныс, пікірлерін ескереді, нақты міндеттер қойып, шешімді жоспарлы түрде қабылдайды. Мұндай стильде қойылған міндеттер іскерлікпен орындалады, өйткені дәл осындай жағдайда әрбір қызметкер өзін іске қатыстымын деп есептейді. АҚШ-та туристік ұйымды басқарудың мынадай стильдері белгілі (басқару жүйесі деп аталады): Қызметті беру стилі; Міндетті бөлісіп басқаруі; Ерекшелеу тәсілімен басқару; Жүйені ретке келтіру арқылы басқару. Тәжірибеде көбінесе туристік ұйымды басқарудың классикалық 3 стилі кездеседі: Либеральдық стиль; Авторитарлық стиль; Демократтық стиль. Либеральдық стильде туристік кәсіпорын басшысы ерекше белсенділік танытпайды, іс-әрекетінде кездейсоқтық басым, жүйелілік болмайды. Мұндай стильді ұстанатын басқарушы принципсіз мәселелердің өзінде де өзінен жоғары қызметтегілерге қарайлайды. Мұндай стильдегі басқарушы тәртіп бұзушыға қатаң талап қоймайды. Туристік кәсіпорындағы қызметкерлерінің білімінің төмендігіне, жұмысты орындауына және еңбек тәртібіне онша мән бермейді. Мәселелерді немқұрайды талқылайды, ашық пікірлесуге, сын-ескертпелерге бара бермейді. Мұндай басшы кез келген келіспеушілікті жағымсыз құьылыс ретінде қабылдайды. Туристік кәсіпорында мұндай басшының беделі онша болмайды, әрі кәсіпорында тиімді жұмыс атқара алмайды. Соның салдарынан жауапсыздық, берекесіздік, тәртіп бұзушылық орын алады. Авторитарлық стильде (батыста мұны тиімсіз деп есептейді) шешімді бір адам қабылдайды. Ол жарлық, бұйрық түрінде келеді. Бұйрық талқыланбайды, күдіктенуге ешкімнің хақысы жоқ. Туристік ұйымды басқарушы автократ бағыныштыларының іс-әрекетін өз жауапкершілігіне алады.Тек қажетті мәліметтер жөнінде ғана ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туризм мамандығы
Туристік фирма қызметкеркерлерін басқару
Туризмдегі HR менеджмент жүйесін дамыту
Басқару функциялары - берілген нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған мақсатты қызметтің нақты түрлері
Қызмет көрсету саласының секторы ретінде қонақ үй шаруашылығының теориялық негізі
Кадрды басқару әдістері
Қр-да қонақ үй бизнесiн басқару
Туристік өнім
Сапаны басқару жүйесінің теориялық негіздері
Нарықтық экономика жағдайында басқару жүйесі
Пәндер