Түркия Республикасының әлеуметтік-экономикалық жағдайы


Түркия, Түркия Республикасы (түр. Türkiye, Türkiye Cumhuriyeti ) - Азия мен Еуропа құрлықтарында орналасқан мемлекет. Жер көлемі жағынан 37-шы орын алады (783, 562 км²) . Жұрт саны - 72, 600, 000 адам. Тәуелсіздігін 1923-жылы алған. Осман империясының ыдырауының нәтижесінде пайда болды. Кіші Азия түбегінде орналасқан, оны Қара, Жерорта, Эгей мен Мәрмәртеңіздері жан-жақтан қоршайды. Шығысында Грузия, Әзірбайжан, Иранмен және Армениямен, батысында Болгариямен, Грекиямен, оңтүстігінде Ирак және Сириямен шекаралас.

Жағрафиялық орны, табиғат жағдайы. Түркия дүниенің екі бөлігінде орналасқан мемлекет. Жерінің 97 % -ы Азияда, ал 3 %-ы Еуропада жатыр. Батысы мен шығысы 1600 км-ге, солтүстігі мен оңтүстігі 550 км-ге созылған. Жағалауын солтүстігінде Қара теңіз, батысындаЭгей теңізі, оңтүстігінде Жерорта теңізі сулары шайып жатыр. Жағрафиялық орнының ерекшелігі Еуропа мен Азия құрлықтың тоғысқан жерінде орналасқандығы. Боспор бұғазы үстінде салынған көпір Азия мен Еуропа құрлықтын жалғастырып тұр. Көпір 1973 жылы қазан айының 30-да Түрік Республикасының 50 жылдық құрметіне ашылған. Ұзындығы 1074 м, биіктігі 64 м. Оның құрылысында түріктермен қатар ағылшындар, немістер, жапондықтар еңбек етті. Қазір бұл көпір жаңа Түркияның нышаны сияқты.

Босфор, Дарданелл бұғаздары мен Мәрмәр теңізі халықаралық маңызы бар су жолы. Боспор, Дарданелл бұғаздары тек Азия мен Еуропа арасындағы шекара емес, сонымен қатар Қара теңізді Дүниежүзілік мұхитпен жалғастырып жатқан су көлігі жүйесі. Түркияның «Анадолы» деп аталатын бөлігі Кіші Азия түбегінде, қалған бөлігі Еуропаның Балқан түбегінде. Боспор бұғазының жарлауытты жағалауларында Түркияның үлкен ірі портты қаласы Ыстамбұл орналасқан.

Елдің астанасы Ыстамбұлдан Анкараға көшірілді. Түркияның құрлықтағы шекарасының ұзындығы 618 км, шығысында Армения, Грузия, Әзірбайжан, Иранмен оңтүстігінде Ирак, Сириямен, батысында Грекия, Болгариямен, солтүстігінде Қара теңіз арқылы Румыния, Украина, Ресей Федерациясымен шектеседі.

Жер бедері

Түркияның Еуропадағы Шығыс Фракия немесе Румеслей деп аталатын бөлігі биіктігі 1000 м-дей үстіртті төбелі болып келеді. Азия бөлігін ( Кіші азия немесе Анадолы ) түгелдей Кіші азия таулы қыраты алып жатыр. Елде ойпатты жерлер аз, тек теңіз жағалаулары мен өзен птырауларында онша үлкен емес жерлерді қамтиды. Қара теңіз жағалауына қатарласа ұзындығы 1000 км-ге созылған Понти таулары алып жатыр. Понти тауларының орташа биіктігі 2500 м., шығысындағы Качкар тауының биіктігі 3931 м. жартасты болып келетін альпілік шатқал тармақтарын асып өтетін тау аңғарларының болмауы елді мекендердің қарым-қатынасын қиындатады.

Түркияның оңтүстігінде Жерорта теңізі жағалауында Тавр күрделі тау жотасы орналасқан. Тавр таулары Батыс, Орталық және Шығыс Тавр жоталары болып бөлінеді.

Батыс Тавр таулары. Анталья бұғазы мен ойпатын доға тәрізді қоршап жатыр. Ең биік жері Бедағ ( 3086 м. ) тауы. Тау жоталары арасында тұщы көлдерден Бейшехир, Эгридир, Сугла, ал тұзды көлдерден Аджиғөл, Ақшекер бар.

Орталық Тавр тау жоталары Батыс Тавр тауларына қарағанда жер бедері альпілік және биік болып келеді. Көптеген тау жоталарының биіктігі 3000 м-ден биік батысында Жерорта теңізіне жарасты болып құлай енеді. Мерсин тауының оңтүстігінде Адана аллювиальды ойпаты орналасқан.

Шығыс Тавр. Тау жоталары Мұрат өзені мен Ван көлінен Шығыс шекараға дейінгі аралықта жатыр. Осы аралықта Джило тау торабының биіктігі 4168 м. Тау жоталары Фыратт және Джиле өзендерінің аңғарымен тілімделген. Шығыс Таврдан оңтүстікке қарай кең алқапты Диярбақыр қазаншұңқыры алып жатыр. Шығыс Анадолының табиғаты әсем, теңіз деңгейінен 1720 м биіктікте Ван көлі орналасқан.

Елдің солтүстік шығысында Әрменстан Республикасымен шекаралас ауданда Түркия Республикасының ең биік шыңы Үлкен Ағры тауы орналасқан. Ол сөнген жанартау, оның биіктігі 5165 м. Үлкен Ағры тауының қасында тағы бір сөнген жанартау Кіші Арғы ( 3925 м. ) орналасқан. Түркия аумағының көп жер бөлігі сейсмкалық аймаққа жатады. Эгей теңізі аумағы мен елдің шығысында жер сілкіну жиі болып тұрады.

Пайдалы қазбалары

Түркия жерінде 100 түрлері пайдалы қазбалар кездеседі. Олар: хром, мұнай, тас көмірі және т. б. Елде темір, қорғасын, мырыш, сынап кен көп. Тұз көлінде көп тұз кендер бар.

Климаты

Түркия - тау елі, сондықтан осы жерде Континентік климат болып тұр. Орталық елдін жерде климаты шұғыл-континенттік. Қыста суық болады, ал жазда ыстық. Тек-ғана теңіз жанында климат Субтропикалық болады. Жерортамен Эгей теңізде ауа райы өте ыстық болады. Осы жерде Жерорта климат болып тұр. Жаздын орташа температурасы + 29-31 С° құрайды. Қыста жауын-шашын көп жауады. Ауа температурасы +15 С° құрйды. Ашық күн болмайды. Ауасы салқын болу-мүмкін. Қар өте сирек жауады. Жерорта теңіздің орташа температурасы +18 С°. Эгей теңізде ауа-райы салқын тек-ғана қыс айларында болады. Жазда өте ыстық. Орташа Ылғалдырық 60% жетеді. Қара теңізде климаты қоныржай-теңіздік. Мұнда көп жаын-шашын болады. Жазда ашық күн көп болады, ал қыста жиі-жиі жауын-шашын жауады. Оңтүстiк-шығыста Тропикалық климаты тұр. Мұнда жауын-шашын өте аз болады және жыл бойы ыстық болу-мүмкін.

Ішкі сулары

Түркияның жер бедерінің әр түрлі блуына байланысты ішкі су да әркелкі келеді.

Республика аумағында ішкі сулар бірнеше түрге бөлінеді. Олар: өзендер, көлдер, жер асты суы, мұздықтар және бөгендер мен каналдар.

Өзендері

Түркия аумағында ірілі-ұсақты көп өзен бар. Олардың ішінде 1 өзен (Қызылырмақұзындығы 1000 км-ден асады. Басқа өзендер: Ефрат, Сакария, Мұрат, Қарасу, Тигр) .

Республиканың барлық өзендері Қара теңізге және Эгей теңізге құяды.

Көл мен бөгендері

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/8/82/Lakevanlandsat.jpeg/200px-Lakevanlandsat.jpeg

http://bits.wikimedia.org/static-1.23wmf16/skins/common/images/magnify-clip.png

Ван көлі

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/3/38/Lake_Tuz.jpg/200px-Lake_Tuz.jpg

http://bits.wikimedia.org/static-1.23wmf16/skins/common/images/magnify-clip.png

Тұз көлі

Түркияда аз және айдын шалқар көлдер және бөгеттердiң жиыны бар болады. Елдiң 11% аумақтары Көл және батпақтарда орналасады. Бұл көлдердiң көпшiлiгi Мәрмәр және Жерорта теңiздер, Орталық және Шығыс Анатолийына өлкелердегi жұмылдырған. Өзi елдiң iрi Көлдерi - бұл Эрчек, Чылдыр және хазар 451 Көл мi шақырым 3173 шаршы аудан Шығыс Анатолийына Ван көлі тереңдiк Түркия өлкесi өзi бай Көлдерде орналастырған - Шығыс Анатолийына. Ауданның негiзгi суаттары Бейшехир, Эгирдир бұл тұщы Көлдер Көл аудандарымен деп атайтын Батыс Мұз құрсау, сонымен бiрге Аджигёль және Бурдурдiң соры. Сапанджа, Изник, Улубат, Маньяс, Теркос, Кючюкчекмедже және Бююкчекмедже Көлдер Мәрмәр теңiзiнiң өлкесiнде орналастырған. Орталық Көл Анатолийына майда және өте тұзды. Түркия Көл екiншi мәнменiне - шақырым 1500 шаршыға тұз, алылатын аудан Көл, Акшехир және эбердi Көлдерде осы жерде болады.

Өсімдіктері мен жануарлары

Түркияда 6 700 түрлері өсімдіктер бар. Үштен екі түрлері тек-ғана осы жерде өседі. Қара теңіз жағасында қалың орман өсіп тұр. Осы жерде Армян емен, сәнді үйеңкі және шамшат өседі. Жерорта теңіз жағасында бұта көп және жерорта қарағайлар өседі. Ал грек жанғақ, бадам және емен сирек кездеседі. Эгей теңізде көп мәңгі жасыл ағаштар өсіп тұр. Ел ортада құрғақшылыққа төзімді бұта мен ағаштар бар.

Елде көп тұрлері жануарлар көп. Тау орманда марал, кербұғы, елік, жабайы шошқа, қабылан мен аюлар кездеседі. Далада бауырымен жорғалаушылар бар.

Тарихы

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/d/d7/Troy1.jpg/334px-Troy1.jpg

http://bits.wikimedia.org/static-1.23wmf16/skins/common/images/magnify-clip.png

Аңызға айналған Троя қабырғалар

XI ғасырдың соңында Кіші Азия түбегіне Орта Азиядан оғыз тайпаларынан бөлінген көшпенді селжүк тайпалары кірді. Сол кездегі ірі, қуатты Византия империясы да оларға тойтарыс бере алмады. 1071 жылы Манцикерт (түрікше Маназкерт) маңындағы шайқаста селжүктер византиялықтарды күйретті. Нәтижесінде селжүктер олардың Кіші Азиядағы, Сүрия мен Палестинадағы иеліктерді тартып алды.

Бірақ та Ирак, Иран, Сүрия, Палестина, Кіші Азияны қамтыған Селжүк империясы біраздан кейін бірнеше бөлікке бөлінді. Оның Кіші Азиядаға бөлігі өзін Конья сұлтандығы деп жариялады оның астанасы Конья (бұрыңғы Иконий) қаласында болды. Крестшілердің жорықтарына, Кіші Азия мен Қиыр Шығыстың корольдіктеріне (Антиохия, Кіші Әрменстан, т. б. ) тойтарыс бере алған Конья сұлтандығын 1318 жылда Хулагу хандығы құлатты.

Соған дейін, XII ғасырдың басында, Шыңғысханның және оның ұрпақтарының шабуылдардан құтылып, Хорасаннан Сүлеймен ханның басшылығымен оғыздар Әрменстанға, одан кейін, оның баласы Ертоғырыл ханның кезінде Кіші Азияға көшіп кетті де, Кония сұлтаны Ала-эд-дин Византиямен соғыста көмектесті, сондықтан ол оғыздарға Ангора(Анкара) мен Брусса (Бурса) қалаларының арасындағы жерлерді берді.

Ертоғырылдың баласы Осман бей Византиямен күресте оның Кіші Азиядағы көптеген жерлерін тартып алды. Содан кейін, 1299 жылы Осман Кония сұлтандығынан тәуелсіздігін жариялап, Осман мемлекетін құрды.

Босфор бұғазы үстінде салынған көпір Азия мен Еуропа материктерін жалғастырып тұр. Көпір 1973 жылы қазан айының 30-да Түрік Республикасының 50 жылдық құрметіне ашылған. Ұзындығы 1074 м, биіктігі 64 м. Оның құрылысында түріктермен қатар ағылшындар, немістер, жапондықтар еңбек етті. Қазір бұл көпір жаңа Түркияның символы сияқты. Босфор бұғазының жарлауытты жағалауларында Түркияның үлкен ірі портты қаласы Ыстамбұл орналасқан. Ертеде Ыстамбұл Шығыс Рим империясының (Византияның) елордасы болған. Қала ол кезде Константинополь деп аталатын, 1453 жылы қаланы түріктер басып алып, жаңадан Ыстамбұл деп атаған. Генерал Мұстафа Кәмәл Ататүріктің басқаруымен түрік халқының ұлт - азаттық көтерілісі нәтижесінде ( 1918 - 1923 ж. ) 1923 жылы қазанның 29-да Түркия Республикасы құрылып, Түркия Республикасының тұңғыш президенті болып Мұстафа Кәмәл Ататүрік сайланды.

Түркияның әкімшілік бөлінуі

Аудандар:

  • Эгей ауданы
  • Қара теңіз ауданы
  • Орталық Анатолия ауданы
  • Шығыс Анатолия ауданы
  • Мәрмәрә ауданы
  • Жерорта теңіз ауданы
  • Оңтүстік-Шығыс Анатолия ауданы

Ірі қалалар

Орыны
Қала
1990
2000
2007
2008
2009
Провинция
Орыны: 1
Қала: Ыстамбұл
1990: 6 629 431
2000: 8 803 468
2007: 10 861 463
2008: 10 878 360
2009: 10 895 257
Провинция: Ыстамбұл (ил)
Орыны: 2
Қала: Анкара
1990: 2 583 963
2000: 3 203 362
2007: 3 842 737
2008: 3 894 182
2009: 3 945 627
Провинция: Анкара (ил)
Орыны: 3
Қала: Измир
1990: 1 758 780
2000: 2 232 265
2007: 2 644 531
2008: 2 672 126
2009: 2 699 721
Провинция: Измир (ил)
Орыны: 4
Қала: Бурса
1990: 834 576
2000: 1 194 687
2007: 1 537 040
2008: 1 589 530
2009: 1 642 020
Провинция: Бурса (ил)
Орыны: 5
Қала: Адана
1990: 916 150
2000: 1 130 710
2007: 1 506 272
2008: 1 517 787
2009: 1 529 302
Провинция: Адана (ил)
Орыны: 6
Қала: Газиантеп
1990: 603 434
2000: 853 513
2007: 1 192 023
2008: 1 235 815
2009: 1 279 607
Провинция: Газиантеп (ил)
Орыны: 7
Қала: Конья
1990: 513 346
2000: 742 690
2007: 973 791
2008: 980 973
2009: 988 155
Провинция: Конья (ил)
Орыны: 8
Қала: Анталья
1990: 378 208
2000: 603 190
2007: 877 945
2008: 911 497
2009: 945 049
Провинция: Анталья (ил)
Орыны: 9
Қала: Кайсери
1990: 425 776
2000: 536 392
2007: 775 594
2008: 781 119
2009: 786 644
Провинция: Кайсери (ил)
Орыны: 10
Қала: Мерсин
1990: 481 459
2000: 633 691
2007: 692 300
2008: 696 518
2009: 700 736
Провинция: Мерсин (ил)
Орыны: 11
Қала: Эскишехир
1990: 413 082
2000: 482 793
2007: 581 408
2008: 599 796
2009: 618 184
Провинция: Эскишехир (ил)
Орыны: 12
Қала: Диярбакыр
1990: 373 810
2000: 545 963
2007: 613 332
2008: 613 821
2009: 614 310
Провинция: Диярбакыр (ил)
Орыны: 13
Қала: Денизли
1990: 237 918
2000: 357 557
2007: 465 947
2008: 479 381
2009: 492 815
Провинция: Денизли (ил)
Орыны: 14
Қала: Шанлыурфа
1990: 276 528
2000: 385 588
2007: 472 238
2008: 468 993
2009: 465 748
Провинция: Шанлыурфа (ил)
Орыны: 15
Қала: Самсун
1990: 322 982
2000: 388 509
2007: 459 781
2008: 461 640
2009: 463 499
Провинция: Самсун (ил)
Орыны: 16
Қала: Эсеньюрт
1990: 70 280
2000: 148 981
2007: 335 316
2008: 373 017
2009: 410 718
Провинция: Стамбул (ил)
Орыны: 17
Қала: Малатья
1990: 270 412
2000: 381 081
2007: 419 212
2008: 411 181
2009: 403 150
Провинция: Малатья (ил)
Орыны: 18
Қала: Адапазары
1990: 272 039
2000: 283 752
2007: 382 226
2008: 390 624
2009: 399 022
Провинция: Сакарья (ил)
Орыны: 19
Қала: Кахраманмараш
1990: 228 129
2000: 326 198
2007: 380 805
2008: 385 672
2009: 390 539
Провинция: Кахраманмараш (ил)
Орыны: 20
Қала: Эрзерум
1990: 242 391
2000: 361 235
2007: 361 160
2008: 359 752
2009: 358 344
Провинция: Эрзурум (ил)
Орыны: 21
Қала: Ван
1990: 155 623
2000: 284 464
2007: 331 986
2008: 342 139
2009: 352 292
Провинция: Ван (ил)
Орыны: 22
Қала: Элязыг
1990: 204 603
2000: 266 495
2007: 319 381
2008: 312 584
2009: 305 787
Провинция: Элязыг (ил)
Орыны: 23
Қала: Батман
1990: 147 347
2000: 246 678
2007: 293 024
2008: 298 342
2009: 303 660
Провинция: Батман (ил)
Орыны: 24
Қала: Султанбейли
1990: 82 298
2000: 175 700
2007: 272 758
2008: 282 026
2009: 291 294
Провинция: Стамбул (ил)
Орыны: 25
Қала: Измит
1990: 190 741
2000: 195 699
2007: 285 470
2008: 287 970
2009: 290 470
Провинция: Коджаэли (ил)
Орыны: 26
Қала: Сивас
1990: 223 115
2000: 251 776
2007: 294 402
2008: 288 693
2009: 282 984
Провинция: Сивас (ил)
Орыны: 27
Қала: Гебзе
1990: 159 116
2000: 253 487
2007: 270 614
2008: 274 271
2009: 277 928
Провинция: Коджаэли (ил)
Орыны: 28
Қала: Маниса
1990: 158 928
2000: 214 949
2007: 281 890
2008: 278 967
2009: 276 044
Провинция: Маниса (ил)
Орыны: 29
Қала: Балыкесир
1990: 170 589
2000: 215 436
2007: 241 404
2008: 247 072
2009: 252 740
Провинция: Балыкесир (ил)
Орыны: 30
Қала: Санджактепе
1990: 46 013
2000: 144 351
2007: 223 755
2008: 227 602
2009: 231 449
Провинция: Стамбул (ил)
Орыны: 31
Қала: Тарсус
1990: 187 508
2000: 216 382
2007: 229 921
2008: 228 471
2009: 227 021
Провинция: Мерсин (ил)
Орыны: 32
Қала: Трабзон
1990: 161 886
2000: 214 949
2007: 230 693
2008: 220 860
2009: 211 027
Провинция: Трабзон (ил)
Орыны: 33
Қала: Чорум
1990: 116 810
2000: 161 321
2007: 202 322
2008: 206 572
2009: 210 822
Провинция: Чорум (ил)
Орыны: 34
Қала: Чорлу
1990: 74 681
2000: 141 525
2007: 190 792
2008: 200 577
2009: 210 362
Провинция: Текирдаг (ил)
Орыны: 35
Қала: Каяпынар
1990: 10 958
2000: 68 150
2007: 166 905
2008: 185 626
2009: 204 347
Провинция: Диярбакыр (ил)
Орыны: 36
Қала: Османие
1990: 122 307
2000: 173 977
2007: 180 477
2008: 189 112
2009: 197 747
Провинция: Османие (ил)
Орыны: 37
Қала: Адыяман
1990: 100 045
2000: 178 538
2007: 191 627
2008: 193 250
2009: 194 873
Провинция: Адыяман (ил)
Орыны: 38
Қала: Кютахья
1990: 130 944
2000: 166 665
2007: 212 934
2008: 202 118
2009: 191 302
Провинция: Кютахья (ил)
Орыны: 39
Қала: Кырыккале
1990: 185 431
2000: 205 078
2007: 193 526
2008: 192 341
2009: 191 156
Провинция: Кырыккале (ил)
Орыны: 40
Қала: Антакья
1990: 123 871
2000: 144 910
2007: 186 243
2008: 188 310
2009: 190 377
Провинция: Хатай
Орыны: 41
Қала: Бейликдюзю
1990: 15 202
2000: 97 985
2007: 186 789
2008: 185 633
2009: 184 477
Провинция: Стамбул (ил)
Орыны: 42
Қала: Бююкчекмедже
1990: 54 475
2000: 97 615
2007: 144 666
2008: 163 140
2009: 181 614
Провинция: Стамбул (ил)
Орыны: 43
Қала: Искендерун
1990: 154 807
2000: 159 149
2007: 177 294
2008: 176 374
2009: 175 454
Провинция: Хатай
Орыны: 44
Қала: Айдын
1990: 107 011
2000: 143 267
2007: 168 216
2008: 171 242
2009: 174 268
Провинция: Айдын (ил)
Орыны: 45
Қала: Ұшак
1990: 105 270
2000: 137 001
2007: 172 709
2008: 173 053
2009: 173 397
Провинция: Ушак (ил)
Орыны: 46
Қала: Арнавуткёй
1990: 42 749
2000: 98 930
2007: 141 143
2008: 156 333
2009: 171 523
Провинция: Стамбул (ил)
Орыны: 47
Қала: Ақсарай
1990: 90 698
2000: 129 949
2007: 153 570
2008: 161 323
2009: 169 076
Провинция: Аксарай (ил)
Орыны: 48
Қала: Испарта
1990: 112 117
2000: 148 496
2007: 184 735
2008: 175 815
2009: 166 895
Провинция: Испарта (ил)
Орыны: 49
Қала: Афьон
1990: 95 643
2000: 128 516
2007: 159 967
2008: 163 207
2009: 166 447
Провинция: Афьонкарахисар (ил)
Орыны: 50
Қала: Инегёль
1990: 73 258
2000: 119 710
2007: 154 698
2008: 158 575
2009: 162 452
Провинция: Бурса (ил)

Туризм

Түркияда туристік сервис өте жақсы дамыған. Елде көп теңіздік курорттар мен көз тартарлықтай орын бар. Ең әйгілі орындар. Олар:

  • Ыстамбұл - (түр. Istanbul) - Ислам мен Византиялық мәдениет мұралары
  • Каппадокия - (түр. Kappadokya) -Түркияның ең ғажап жер. Каппадокия бұл табиғаты мұралары қалыптасуы.
  • Эгей теңізі - (түр. Ege denizi) - Антикалық мұралары және қираған көнегрекиялық мен римдық көне қалалар.
  • Жерорта теңізі - (түр. Ak deniz) - Теңіздіқ курорттар Түркияның оңтүстік жағасы.

және т. б

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туркия және Орталық Азия елдері арасындағы қарым-қатнастың экономикалық аспектілері
Түркия Республикасының Конституциясы және оның ерекшеліктері
ТҮРКИЯ ЖӘНЕ ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚ
Ресей Федерациясындағы қазақ диаспорасы
Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастық мәселелері
Туркия Республикасы және Қазақстан Респубикасы қарым-қатынастар стратегиясы
Қазақ Мемлекеттік Университетінің Ғылыми кітапханасы
Түркияның Орта Азия мемлекеттермен дипломатиялық қарым қатынастары
Қазіргі Түркия мемлекетінің Қазақстандағы қарым қатынас деңгейін көтерудегі рөлін көрсету
Түрік-қазақ саяси және экономикалық байланыстары бүгінгі кезеңде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz