Түркі руна жазбалары тұңғыш рет тұтастай зерттелінді


Сүйінші
Түркі руна жазбалары тұңғыш рет тұтастай зерттелінді
Белгілі ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Тоқболат Еңсегенұлы көне түркілердің төл жазуымен биік қабырға тастар мен қағазға түсірілген шығармаларын халықаралық деңгейде тұңғыш рет тұтастай алып, ғылыми негізде зерттеп, 5 том етіп шығарып, жария етті. Бұл монографиялық еңбектерде Енисей, Талас, Алтай, Тұрфан, Орхон бойындағы көне түркі шығармалары мүмкіндігінше түгелдей қамтылып, тастағы және қағаздағы негізгі мәтіндер жүйеге түсіріліп, транскрипциясы жасалынып, қазақщаға аударылып, түркі халықтарының тарихы, мәдениеті, әдебиеті, дәстүрі, жазуы, бейне-суреттері, кәсібі, қаһармандық ерлігі, түркілік мінезі, түркілік рухы, түркілік философиясы түгел қамтылып, синтездік тұрғыда тереңдете талдау жасалынды.
Көне түркі руна жазба шығармалары поэзиялық үлгіде жасалынғаны ғылыми негізде дәлелденіп, халықаралық деңгейде мойындалды. Соған орай, осы рухани мұралардың жанры, құрылысы, мазмұны, образы, көркемдік ерекшелігі, дәстүр жалғастығы, шығыстың даналық шығармаларымен сабақтастығы арнайы алып тексеріліп, орнықты тұжырымдар жасалынған. Әсіресе, көне түркі алфавиті Ежелгі Египет, Шумер, Қытай жазуларымен ілесе туғандығы салыстырмалы түрде мәлімденді. Түркі сөзі, түркі атауы қашан, қалай туғандығына ғылыми негізде баға берілді. Көне түркі руна жазба ескерткіштерінің қазақ халқына қатысы қандай деген арнайы сұрақ қойылып, соған тарихи деректер, теориялық түйіндеулер, нақты мәліметтер арқылы орнықты жауап қайтарылды. Сақ, Ғұн, Үйсін, Қаңлы, Қыпшақ және басқа тайпалар қазақ халқының құрамына енгені тарихи деректермен мәлімденіп, қазақ халқының арғы тегі және қазақ сөзінің қай заманда, қалай туғаны тарихи-типологиялық тұрғыда тереңдете зерттелініп шынайылықпен ғылыми байлам жасалынды. Мына көп томдық еңбекте көтерілген құнды мәселелерді түгел тізіп шығу мүмкін емес. Бұл бес томдық монография профессор Тоқболат Еңсегенұлының ұлттық ғылымға қосқан зор үлесі деуге болады. Осы әр еңбектерге жеке-жеке тоқталатын болсақ, бірінші том «Енисей бойындағы көне түркі руна жазба өлеңдері, оған қазақ тайпаларының қатысы» деп аталады. Қысқаша ғана мәлімдесек, бұл томда тақырыпты зерттеудегі тарихи және теориялық негіздемелер, түркі руна жазба шығармалары мен философиясы, қазақ таңба-бейнелері арасындағы үйлесімділік, қазақ халқының арғы тегі, қазақ тайпаларының түркі руна жазуын жасауға қатысы зерттелінеді. Екінші бөлімде Енисей бойындағы тасқа түсірілген көне түркі өлеңдеріне тереңдете талдау жасалынады. Атап айтқанда, жыршы тастардағы түркілік рух, жазбалардың зерттелуі, қазақ тайпаларына қатысты ескерткіштер сипаты. Сосын тілі, дәстүрі, мәдениеті жұтылып қоюға жақындаған Хакас пен Тыва республикалары аймағындағы тастағы жазбалар ерекшелігі, Енисей жазбаларының дәуірі, жанры, көркемдігі тереңдете зерттелінген. Екінші том «Ырқ бітіг» кітабы және қазақ шығыс даналығы» деп аталады. Бұл еңбекте қазақ ұлттық ғылымында бұрын ешқандай сөз болмаған, бар сырын ішіне бүккен күрделі тақырыптар зерттеуге алынған. Біздің бабаларымыз көне түркілер бағзы заманнан мәдениеті, дәстүрі, нанымы, әдебиеті, өнері, жазуы, кәсібі берік қалыптасып, түркі империясын құрып, әлемге кеңінен танылды. Бұған олардың Енисей, Тува, Хакасия, Абақан, Байкал, Солтүстік Кавказ, Византия, Шығыс Еуропа, Шығыса Түркістан, Алтай, Орхон, Талас бойларынан табылған биік қабырға тастарға түсірген жазба ескерткіштері мен қымбат зергерлік бұйымдары, дәу тасқа ойып салған таңбалары мен бейне-суреттері дәлел бола алады.
Көне түркілер руна әрпімен ақ қағаз бетіне де түсіріп, бума-бума жазбалар да қалдырған. Мына еңбекте көне түркі руна әрпімен қағазға түсірілген осы жазбалар мен «Ырқ бітіг» кітабы түркітану саласында алғашқылардың қатарында зерттелініп, негізгі мәтін мен транскрипциясы, қазақша аудармасы жарияланып, оған әдебиеттану тұрғысынан терең талдау жүргізіліп, қазақ халқының және шығыстың даналық шығармаларымен салыстыра қарастырылып, ғылыми орнықты байлам назарға ұсынылды. Бұл күрделі жұмысты атқаруға көп уақыт жұмсалды. Шетелдерден «Ырқ бітіг» кітабының негізгі мәтіні табылды, қосымша мәлімет, тың деректер жиналды., соған сүйеніп бірнеше ғылыми мақалалар жарияланып, арнаулы жинақтарға енгізілді. Одан соң 65 өлеңнен құралған «Ырқ бітіг»−«Алдыңды болжап бал ашатын кітап» атты өлеңдер жинағы «Авеста» шығармасымен Дао, Конфуцзы даналық мұраларымен және Абайдың қара сөздерімен салыстырылып, терең талдау жасалынған. Үшінші том «Алтай, Талас жазбалары: уақыт пен кеңістіктегі көне түркі іздері» деп аталады. Таулы Алтай жоталарынан осы уақытқа дейін 83 көне түркі руна жазба ескерткіштері табылды. Сол мәдени мұралар бірсыпырасының қазір орнын табу да қиын. Біраз уақыт өткеннен кейін басқа мәдени ескерткіштерден де айрылып қалу қаупі бар. Өйткені, көне түркі жазба ескерткіштерінің бәрі дерлік сондағы тау шыңдарының жалпақ беттеріне шоғырландырыла орналастырылған. Кейінгі кезде сол аймақтарда тау кендерін игеру мақсатында жарылыс жұмыстары жүріп жатыр. Соған орай, жанұшыра еңбектеніп бабалардан қалған жазба мұралардың көпшілігін жинап алдық, тастардағы негізгі мәтіндер көшірмесі қолымызға түсті. Ал жоғалып кеткен көне түркі руна жазбалардың көшірмесі сол өңірлердегі мұражайлардан табылды. Әйтеуір, қазіргі жеткіншек пен болашақ ұрпақ алдында онша қысылмай есеп беруге мүмкіндік бар.
Таулы Алтай бағзы заманнан ежелгі түркілердің құтты мекені болған, демек, көне мәдениетіміздің, әдебиетіміздің, өнер, тарихымыздың, жазу, дін, дәстүр-салт, ата кәсіптеріміздің түп-төркінін, шынында, сол аймақтан іздеген орынды. Сондықтан зерттеу жұмысын тарихи-типологиялық, синтездік тұрғыда жүргізіп, адамзаттың Таулы Алтайды қоныстануы және Алтай тілді қауымдар мәдениетінің қалыптасуы, уақыт пен кеңістікті игеруден жазу мәдениетінің туындауы, түрік сөзінің, түркі жазуының түп негізі, түркі дәстүрі, олардың қаһармандық ерлігі, түркі кәсібі, бәрі, бәріне сабақтастырыла терең талдау жасалынып, ғылыми бағасы берілді. Таулы Алтайдағы көне түркі руна жазбалары түгелдей бір кейде екі қатар жолдан тұрады. Бұлардың бәрі философияға құрылған даналық сөздер екені салыстырмалы түрде дәлелденді. Бәрінен қымбаттысы, бұл еңбекте Таулы Алтай өңіріндегі саны аз, мемлекеттігі жоқ түркі халықтарының көне мәдениетін, дәстүрін, төл құндылықтарын тауып, жария етуге барынша көңіл бөлінді. Талас жазбаларына тереңдете ғылыми сипаттама жасалды, өзіндік ерекшелігі, дәуірі, тарихы жан-жақты көрсетілді.
Төртінші том «Күлтегін ескерткішінің сарыны және қазақ тайпаларының іздері» деген атаумен жарық көрді. Орхон бойындағы Күлтегін жазба ескерткіші - ежелгі бабаларымыз көне түркілерден қалған аса қымбат мұралардың бірі. Бұл мәдени ескерткіштің әлем жұртшылығының назарын өзіне аударатын айрықша ерекшелігі бар. Қазір тасқа түсірілген 500-ден астам көне түркі руна жазба ескерткіштер табылды. Соның ішінде осы Күлтегінге арналған жазба ескерткіш Египеттің Хеопс пирамидасындай, өзінің құрылысы, тарихи болмысы, онда жазылған шығарманың көркемдігі, құндылығы жағынан айрықша асқақтап, алға озып, түркі жұртының даңқын жер шарына түгел таратты. Күлтегінге арналған жазба ескерткіш-түркілердің алтын ғасырының куәсі. Осы мәңгілік тасқа түсірілген шығарма көлемінің ауқымдылығы, ондағы жазба мазмұнының тереңдігі барша жұртты таңдандырып, ішіне бүккен құпия сырларымен, философияға оранған ойтолғауларымен шығысты және түркология саласын зерттеген ғұламаларды өзіне тәнті етіп, таңдай қақтырды. Бұл жазба ескерткіш түркі империясын орнатуда даңқы шыққан атақты қолбасшы Күлтегіннің ерен ерлігін шынайы қалпында баяндайды. Осы жазба ескерткіште түркі мемлекетін орнатудағы ұлы жорықтардың көшбасшысы атанған қағандар: Бумын мен Істемі, Елтеріс пен Қапаған, дара туған дана Білге қағандардың ел басқарудағы таланты айшықталып, олардың образдары сомдалған. Сондықтан Күлтегін жазба ескерткішін бірнеше жыр-дастаннан құралған эпопеялық шығарма деуге негіз бар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz