Тусті Металлургия Өнеркәсібі



Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:
1. Тусті Металлургия Өнеркәсібі
2. Тусті Металлургияны алу жолдары
3. Металл құралымдар

Тусті Металлургия Өнеркәсібі - темірден басқа барлық металдарды кентастық шикізатты байытудан дайын өнім алуға дейінгі өндіріс сатысын қамтитын кешен. Тусті Металлургия Өнеркәсібі-нің негізін физик. және хим. қасиеттерімен ерекшеленетін жеңіл
(алюминий, магний, бариллий, литий,т.б.),ауыр (мыс, никель, қорғасын, қалайы, мырыш,т.б.),баяу.балқитын (вольфрам, молибден, ниобий, тантал, хром,цирконий, т.б.),асыл немесе құнды ( алтын, күміс, платина және платиналы металдар),шашыранды (галлий, индий, таллий),сирек.кездесетін (скандий,иттрий, лантан, лантаноидтар).және.радиоактивті (технеций, франций, радий, полоний, актиний, торий, протактиний, уран
Және трансурандық элементтер), жер қыртысында орналасқан металдар құрайды. Сондай-ақ Тусті Металлургия Өнеркәсібіне алмас, электрондар, кейбір хим. қосылыстар (сирек кездесетін элементтердің тотықтары, күкірт қышқылы, тыңайтқыштар, химикаттар, т.б.) өндірісі де кіреді. Азия құрлығының таулы қыратты аймақтарында түсті металдардың, алмастың ірі кен орындары бар. Австралияда Тусті Металлургия Өнеркәсібі қорғасын, мырыш, мыс, алтын, күміс кен орындары аясында дамыған. Африка құрлығы бойынша кобальт пен мыстың аса ірі қоры Замбия мен Конгода, алмас, платина, алтын кендері Оңт. Африка Республикасында, уран Нигерия мен Намибия.жерінде.орналасқан.
Америка құрлығында түсті металдардың бай қоры түсті металлургияның дамуына айтарлықтай септігін тигізді. Мұнда Чили мыс белдеуі (Анд мыс белдеуі) Чили, Перу, Мексика аумағынан өтіп, Солт. Америка кордильерасымен жалғасып жатыр, осыған орай ірі монополистік компаниялар (Анаконда, Кеннеконт, Коппер, Нью Верде) жұмыс істейді. Еуропа құрлығында түсті және сирек металдардың бай қоры Орал, Батыс Еуропа, Кавказ және Скандинавия өңірлерінде Тусті Металлургия Өнеркәсібі-нің дамуына жол ашты. Қазақстан Республикасында Тусті Металлургия Өнеркәсібі ұлттық шаруашылықтың жетекші салаларының бірі. Республика аумағында түсті металдар өндіру ерте заманнан-ақ пайда болған. 3 мың жылдан астам уақыт бұрын Атасу маңында мыс қорытатын пештер болған, ал Алтай тауларында қорғасын, күміс кендерінің қазылған орындары көп кездеседі. Жоңғар Алатауының теріскейінде - Текеліде кен қазылған, мұның өзі сол кездері жергілікті тайпалардың түсті металдар өндірісімен айналысқанын дәлелдейді. Қазақстанда 19 ғ-дан бастап кен з-ттары жұмыс істей бастады. Осы ғасырдың аяқ кезінде кен орындарын молынан игеру мақсатымен күрделі қаржысы бар түрлі қоғамдар құрыла бастады.
1858 ж. күміс, қорғасын кендеріне негізделген Николаевск з-ты іске қосылды. 1889 ж. өнеркәсіптік қоғам үлгісіндегі Воскресенск кен з-ты құрылды. 20 ғ-дың 20-жылдары Жезқазған, Нілді (Успенск), Риддер кен орындары мен з-ттары өнім бере бастады. 1921 ж. Риддер кенішінде алғашқы кен өнімі берілсе, 1927ж. тұңғыш қорғасын алынды. Сол жылдары Қарсақпай мыс қорыту з-ты да қайтадан іске қосылды. Бұл кезеңде түсті металлургия өнімдерін шығару қарқын алды: 1928 ж. 7,3 мың мыс кентасы өндіріліп, оның көлемі 1932 ж. 147,5 мың т-ға өсті, ал жалпы өнім 26,2 млн. сомға жетті. 1937 ж. республикада Тусті Металлургия Өнеркәсібі саласы бойынша 20 ірі кәсіпорын жұмыс істеді. Олардың қатарында Шымкент қорғасын з-ты, Ащысай полиметалл және Лениногор комб-тары болды. Соғыс жылдары Қазақстанның Тусті Металлургия Өнеркәсібі саласы майдан арсеналдарының біріне айналды. Осы кезеңде 25 кеніш, шахта, кенжарма, 11 байыту ф-касының жаңа құрылыстары жүргізілді, сонымен қатар республика аумағына КСРО-ның еур. бөлігінен көшірілген әр түрлі 150 кәсіпорын орналастырылып, Қазақстанның Тусті Металлургия Өнеркәсібі қуатты өндіріске айналды. Бұл кезеңде Мырғалымсай-Березовск кеніштері алғашқы өнімдерін берсе, Текелі қорғасын-мырыш комб-ның 1-кезегі пайдалануға берілді, Белоусовск және Березовск байыту комб-тары іске қосылды. 1943 ж. Ақшатау вольфрам комб. өнім бере бастады. Шымкент қорғасын з-тының қуаты едәуір ұлғайтылды. Қазақстанда соғыс жылдары жауға атылған 100 оқтың 86-сы Қазақстан металынан құйылды. 1955 ж. қызыл мыс қорыту 3,1 есе, тазартылған қорғасын өндіру 5,9 есе өсті. Қазақстанның Тусті Металлургия Өнеркәсібі-нде озық технол. үдерістер мен жаңа техника түрлерін игеріп, өндіріске енгізу кеңінен қолға алынды. 1965 ж. Мырғалымсай кенішінің кеншілері көлбей үңгілеу бойынша шыңтасты 10 м2 кеңдікте тік жарып, 1237,6 м жерді 31 күнде үңгіп шығып, рекорд жасады. Ал өскемен қорғасын-мырыш комб-нда мырыш концентраттарын "қайнаған қабатта" күйдіру әдісін игеру жабдықтардың жұмыс өндірімділігін 3 - 4 есе өсірді.
Жалпы жер асты жұмыстарында өздігінен жүретін жоғары өндірімді жабдықтар кеңінен пайдаланыла бастады. 9-бесжылдық кезінде түсті металлургия саласында жаңа техниканы енгізу жөнінде 500-ден астам өте маңызды шаралар жүзеге асырылып, өндіріске жұмсалатын шығын көлемі 75 млн. сомға кемітілсе, еңбек өнімділігі 7,5%-ға өсті. Осы жылдары кешенді түрде механикаландырылған цехтар саны 5,7 есе көбейіп, автоматты басқару жүйесінің алуан түрі молынан пайдаланылды, 50-ден астам автоматтандырылған телімдер жұмыс істеді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өнеркәсіп. Өнеркәсіп түрлері
Металлургия өнеркәсібі.Молибденге түсініктер
Орталық Қазақстанның табиғат жағдайы
Металлургия өнеркәсібі
Түсті металлургияның салалық құрамы
Өндіруші өнеркәсіп салалары
ҚАЗАҚСТАН РНСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨНЕРКӘСІП САЛАЛАРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ
Қазақстанның металлургия өнеркәсібі
Қазақстанның экономикалық аудандары
Қазақстанның экономикалық аудандары туралы
Пәндер