Тұлға әлеуметтенуі
Тұлға әлеуметтенуі
Адамның әлеуметтенуін қарастырмас бұрын адам табиғаты мен адамның даму үрдісіне қажетті шарттарды қарастырып алған орынды.
Тұлға күшінің табиғаты. Күш-толымды өмір, оның көптеген қыры мен мәні деген сөзі.Әскери, саяси, қаржылық, құқықтық дамадар ісінде күш бар. Дегенмен, адамдар мұндай күш иелеріне сене бермейді.
Тұлға күші басқа күш формасынан айырмасы бар.Сайлаушылар еркі мемлекеттік төңкеріс, брижа акциясының төмендеуі, мұғалім мен ата-ана және милиция қиқарлық, нұсқаушылары немесе жоғарылау төменге берге емес. Ол үстемдікке қатысы жоқ. Тұлға үстемдігі осалдардың көрінісі, олардың үрейі мен өззімшілдігінің белгісі.
Тұлға күші-білімге, бабылдық пен ынтымақтастыққа негізделеді.Тұлға күші-ақыл-ойды жүрегімен сезген және іске асырған даналығы мен тәжірибе
Тұлға күшін-молшылық, билік, даңқ және қызметтік жағдаймен салыстыруға болмайды.Мұндай күштілік уақытша қызмет жағдай, мәртебеге байланысты сағымда болумен тең. Қызмет жағдайы тоқтағанда мұндай тұлғалық күш жойылады. Сондықтан, мұндай тұлғалық күш көз баямалық сипатқа ие болады. Тұлға күші кедей, бай немесе білімді, білімсіз деп талғап барып келмейді және сонымен бірге ол кездейсоқта берілмейді. Ол адамның тырысуынан туындайтын ішкі қуат. Тұлға күші-адамның өзбетінше ойлануы, ниет шынайлығы мен тереңдігі, адамның өз өмірінде жинақтаған табиғи даналығы.
Тұлға күші-ақыл-ой, жүрек және дене саулығы мен еркінің (синтезі) бірлігі тұлға күші сыртқы қоғам жағдайына емес, тікелей тұлғаға қатысты күш. Ол уақыт және кеңестікте туындап жинақталады және ол олардан тыс өмір сүреді. Тұлға күші бүкіл ғұмырында бір кезеңнен екінші кезеңге өткенде жинақталып отыруы және ерік, ықылас және қиялына байланысты дамып, беки түседі.
Тұлға күші күнделікті тәжірибеге байланысты жинақталып, төрт ықыластан тұрады.
1.Қиындықты жеңіп шығу.
2.Өзін-өзі бақылау.
3.Үндестікте болу.
4.Мұраттылық.
Қиындықтарды жеңіс шығу ықыласы-бұл тұлға күшінің негізгі болып келеді. Күресіп көрмеген адам, ешуақытта өзінің күшінің мөлшерін тани алмайды. Сондықтан, мейлі әйел, не ер адам болсын өз өмірлік сынақтарында өздерінің шығармашылық мүмкіндіктерін байқайды. Сынақ пен күрес жолынан өту үшін, жасанды жау жасаудың қажеті жоқ. Күнделікті өмірде қиыншылық пен сынақтар жеткілікті ол үшін алысқа барудың да қажеті жоқ. Ол сіздің жаныңда және бойыңызда. Бақылау оттбасы, жағымсыз қызметтес немесе ұнамсыз бастық қиын бала. Нашар денсаулық қызғаншықтық, тітіркену, ұялшақтық-міне, мұның бәрі жеңіп шығатын бөгеттер. Күнделікті біз аялдамшы тынышқықта ұстайтын мұның астарында үлкен айдаһар жатыр. Кез келген адам мейлі президент, не етікші болсын өз өмірінде қиыншылықтар мен сынақтар кездеседі. Осы қиыншылықтарды жеңуге деген ниеті мен оны жеңіп шығуға арналған күресі, оның бабыр етіп көрсетеді. Сынақ дегеніміз-алдамшы, жалғандық яғни, басқа сөзбен айтқанда кез-келген өтіріктен күшті, сондықтан осыларды жеңіп шығу керек, шынайылық кез-келген өтіріктен күшті. Соған қарамастын сол қиыншылықты және оған қатыстыны дұрыс тағалай білу керек. Білімсіздік, батылсыздық және жалған абырой бізді өмірлік қиыншылықтарға алып келеді.
Адамның өзіне мүмкіндігіне деген сенімділігі күнделіктегі өмірлік тәжірибелі қамқорлық пен қиыншылықтан, кей уақытта қайғы-қасіретпен бел-буып кірісулердің нәтижелерін біртендеп жиналады.
Тұлғалық күшті көңіл көтеру, өзінің өзімшілдігі арқасында жетуге болмайды. Өмірлік қиыншылықтарда батылдық пен табандылыққа, өзіне сеніммен қарауға үйренеді. Мысалы индияның бір ел билеушісінің ұлы принц Сиддхартханы мұрагер ретінде ешқашан хан сарйын да өсіреді. Ол күндердің күнінде ер жеткенде уақытында сол хан сарайынан жасырын шығады. Міне, нақ осы кезде ол шындықпен кезігеді. Осы кездегі хан сарайынан тыс болып жатқан халық аштығы, жағдайлары, елдегі жайлаған аштық, ауру-сырқау, әділетсіздіктерді ол өзінің малайынан өмірдің нақты шындығын сұрайды. Өмірдің нақты шындығымен бетпе-бет кездескен мұрагер, хан сарайындағы өзінің мұрагерлігін да тастап кеткісі келеді. Міне, ол осы уақытша елді
Адам сана иесі ретінде, еңбектену нәтижесінде материалдық игіліктерді өндіреді, өзіне берген тамаша қасиет-ойлау мен сөйлеу арқасында қатынас жасап, өзінің қоршаған ортасына белсенді түрде ықпал етеді. Яғни дүниенің сырын танып білуде субьектіге айналады. Адам бойындағы даралық өзгелермен қарым- қатынасынан байқалады. Жаңа туған бала индивид (жеке адам) деп саналады. Қалыпты дамыған өмір тәжірибесі мен өзіндік қасиеті әлеуметтік ортада өз орын бар адамды жеке адам деп аталады.
Жеке адамның азаматтық, кісілік, тұлғалық қасиеттері болады. Адамның түрлі қатынасы арқасында іс-әрекеттеріне сәйкес жеке адамның тұлғалық сипаттары сомдалады, қадір - қасиеті қалыптасады. Жеке адамның кісілік қасиеттері мен даралық ерекшеліктері оның іс -әрекеттегі белсенділігінің өрістеуіне ықпал етеді. Адамның белсенді қимыл әрекеті оны мінез-құлқынан, ниет-тілегімен бағыт-бағдарына айқын байқалады. Ниет-тілектердің мәні адамның тіршілігінен, іс-әрекет түрлеріне, әлеуметтік ортада атқаратын қызметі мен ісінен айқын көрінеді. Сөйтіп, жеке адамның ішкі дүниесінің сыры, жан сарайы психикасының даралық ерекшеліктері сыртқа білініп тұрады. Әлеуметтік жағдай жанама түрде әсер етеді де оның психикасын дамытады. Адамның тіршілік ортасы үнемі өзгеріп тұрады. Жеке адам бойындағы сапалық ерекшеліктер мен оның психологиялық дара өзгешеліктерін-темперамент, мінез, іс-қимыл, сезім жүйелері, қабілеті мен еркі білдіреді.
Міне бұл даралық сапалар тарихи қалыптасып, жеке адамның кісілік қасиеттерін құрайды. Әрбір адамның мінез-құлық ерекшеліктері әлеументтік ортада өсіп жетіледі. Жеке адамның тұлғалық сипатын екі түрлі ерекшелігін байқауға болады. Ол: әрбір адамның құрылымы мен жеке басындағы даралық сипаттар; типтерден туандайтын және жеке басқа бағынышты азаматтық ерекшеліктер.
Бұл екеуі де биологиялық және әлеуметтік факторларға негізделіп қарастырады.
Биологиялық фактор - адамға туа берілетін табиғи анатомиялық және физиологиялық қасиеттер.Әлеуметтік фактор адамның дамып жетілуінде тіршілік ортасының қоғамның, тәлім-тәрбиенің әсері. Бұл екі яғни екі фактор адамның психикалық дамуында бірін-бірі толықтырып отырады. Өткен тақырыпта бұдан 30-40 мвң жылдай бұрын Homo sapiens (ақыл-ойлы адам) қалыптасқаннан кейін адамның биологиялық эволюциясы мүлдем дерлік тоқтады дедік. Мұның себебі неде ?- деген сұрқ туады.
Адмның эволюциясы, жалпы алғанда, оның өмірінің барлық кезеңдрінде тоқтамай жүріп жатады. Бірақ қазіргі эволюция адам өмірінің әлеуметтік жағына қатысты, ал биологиялық эволюцияға келсек, адам жануарлардан бөлініп шықаннан кейін ол шешуші рөл атқармйтын болғаны сөзсіз. Енді адамның эволюциясына оның өмірін мәдени жағынан ұйымдастыру, яғни қоғамдық өндірістің тәсілі, еңбек қызметінің дамуы, тұрмыс жағдайлары тағы басқа шешуші әсер ететін болды. Тіпті денсаулығы әлсіз адамдарда медицинаның көмегі арқасында қоғам өміріне белсене қатыса алады.
Табиғи сұрыпталудың күші қоғам өмірінде барған сайын әлсіреуде, өйткені денсаулық мекемелері және басқа әлеуметтік институттар жеке адамдардың биологиялық жағынан өзгергіштігін ұдайв әлсіретеді. Мысалы, Еуропада адамның құрт ауруынан өлімі 1840ж. 1млн адамнан 4000 адам болған болса, қазір 1млн адамның 13-і ғана өлетін болды, ал бұл құрт ауруының емдеуге қарсыласуы бойынша сұрыпталуы мүлдем дерлік тоқтады деуге болады. Мұндай мысалдарды басқа аурулар бойынша да келтіруге болады.
Бүгін таңда, бір жағынан, сұрыпталудың салдарынан болатын генетикалық өзгерістің өте баяулауы және адамның түрліше топтарының арасындағы генетикалық ұқсастықтың күшеюі байқалса, ал, екінші жағынан, мәдиниетпен тұрмыс жағдайларының алуан түрлілігі, әлеуметтік өзгерістердің аса жылдамдауы байқалады- мұның бәрі адамзат қоғамында жүріп жатқан мәдени эволюцияның көрсеткіші болып табылады. Сондықтан қазіргі адамның эволюциясында мәдириет шешуші рөл атқарады деп сенімді түрде айтуға болады, өйткені көптеген елдерде саяси, экономикалық және әлеуметтік өзгерістер адамдардың тұрмыс жағдайларын жақсартып, денсаулығының нығаюына алып келді, ал бұл адамның табиғи сұрыпталу процесінен тәуелсіздігіне себепкер болды. Егер жануарлар үшін табиғи сұрыпталу эволюцияның басты факторы болса, адам үшін оның рөлі- генофондыны (геннің қорын) сақтауда және денсаулыққа теріс әсер ететін мутациялық өзгерістерді болдырмауда ғана.
Табиғи сұрыпталу адамда негізінен ұрықтық клетка деңгейінде болады. Балалар негізінен генетикалық тұрғыдан денісау клеткалардан туады. Мұның дәлелін ата-аналардың жыныстық клеткаларының ірі генетекалық бұзылысқа ұшырауы салдарынан көп жағдайда ұрықтанған тұқым клеткалары даму басталған алғашқы кезде-ақ өліп кететін фактілерінен көруге болады.
Адамның әлеуметтік бейнесінің өзгеруімен бірге оның биологиялық табиғатыда, сырт кейпі де, ақыл-ой қабілетіде өзгере ме? Денесі мен ақыл-ойы жағынан адамның жаңа ұрпағы бұрынғыларынан гөрі дамығандайә болама?- деген сұрақтар тууы мүмкін.
Алдымен дене құрылысы жағынан алып қарасақ, Homo sapiens түрінің даму тарихы барысында оның дене құрылымы мен денсаулығы айтарлықтай жақсарғаны анық: халықтың орташа өмір жасы өсті. Ертедегі дүние азаматтың орташа жасы 20-22жыл болған болса, XVIII ғасырда 30 жасқа деиін өсті. XIX ғасырдың аяғымен XX ғ. Басына қарай Батыс Еуропа елдерінде ортша жас шамамен 56 жылға жеткен болса, бүгін таңда 75-78 жасқа жетіп отыр. Ал социологиялық және медицинлық зерттеулерге қарағанда, қазіргі адамның "қалыпты " орташа жасы 80-90 жыл болуы тиіс екен.
Тағы бір мысал. Социологиялық зерттеулерге сүйенсек, XX ғ. 50-60 жылдары өскен жастардың бойы 30-40 жылдарда өскен жастардың бойынан, орташа алғанда, 6-8 см. Ұзын, ал 80-90 жылдардағы жастардың бойы одан бұрынғы 60-70 жылдардағы жастардың бойынан 5-7 см-дей ұзын көрінеді. Бұл, әрине, ең алдымен әлеуметтік тұрмыс жағдайымен жақсаруының алдары деуге болады.
Енді адамзаттың ақыл-ой қабілетінің дамуы туралы мәселні қарастырып көрелік. Евгеника (адамның тұқым қуалаушы денсаулығы және оны жақсарту туралы теория) деген ілімнің негізін салушылардың бірі, ағылшын психологантрополыгы Ф. Гальтон қазіргі адамның ақыл-ойы барған сайын төмендейді деп сендіруге тырысады, өйткені дейді ол төменгі таптарының өкілдері ақыл-ой коэфицент көрсеткіші төмен ал олардың отбасы әдетте көп балалы болады, олай болса қоғамдағы адамдар саны негізінен төмен сол еңбекші топтарының балаларының есебінен өсетін болғандықтан, адамдардың ақыл-ой деңгейінің төмендеуі де табиғи нәрсе деп қорытындылайды Ф. Гальтон. Бұл пікір XX ғ-ң 60-жылдарына басына қарай адамның ақыл-ой коэфиценті әлеуметтік жағдайы және балаларының саны арасында тікелей тәуелділік бар деген пікір жалған деп мойындалды.
Қазіргі балалар бұрынғы ұрпақтан гөрі ақыл-ой жағынан дамығандай ма, қалай?- деген сұрақ бүгін таңда талас мәселе деп есептеледі. Кейбір зерттеушілер айтқандай, балалардың ақыл-ой дамуы бас миының эволюциялық дамуымен генетекалық байланысты деп пайымдауға негіз болатын мәлеметтер бүгін таңда жоқ. Туғанынан немесе жастайынан көру есту мүмкіндіктерінен айырылып, қолмен ұстап көрүден басқа сыртқы дүниемен байланыс мүшелерінен жұрдай болған балалар алғашында жануарлардың даму деңгейінде болды. Алайда, оқытудың арнаулы жүйесін, әдісін қолданудың нәтижесінде олар ақыл-ойы дұрыс адамдардың қалпына келді, ал кейбіреулері МГУ-дың психология факультетін бітіріп шықты.
Сонымен бірге ойлаудың басты органы болып табылатын мидың эволюциясын растайтын мәлеметтерде бүгін таңда жоқ. Мидың эволюциясының тоқтағанын тікелей негіздейтін дәлел болмағанымен, бірақ Homo sapiens пайда болғаннан бергі 30-40 мың жыл ішінде оның мөлшері өзгермей келе жатқаны жанама дәлел бола алады, ал оғандейінгі адам тектес маймылдардың эволюциясы кезінде олардың миы үнемі дамып, өсіп отврған болатын. Мысалы: австралопитектің миының мөлшері 500-600 см3 болған болса , питекантроптың миы 900см3 , синантроптардың миы 1000 см3 - ге дейін болады. Ал қазіргі адам миының орташа мөлшері ересектерде-1400см3 , әйелдерде-1270см3 . Сонымен қатар адамның жеке басының дарындылығы оның миының мөлшеріне тікелей тәуелді бола бермейді.
Қазіргі заманғы биологтар мен антропологтардың пікірінше, адамның түр ретіндегі биологиялық эволюциясы Homo sapiens пайда болғаннан бері тоқтады деуге болады. Мұның дәлелі ретінде сол уақыттан бері адам миының өзгермегендігін, оның морфологиялық өзгерісінің аяқталғанын келтірсе де болады. Бұған қарама-қарсы пікір айтуға жеткілікті негіз жоқ.
Сонымен антропогенез процесінің дамуы адам түрінің қалыптасуының аяқталуымен тоқтайды. Ал ол бұдан 30-40 мың жылдай бұрын болған. Сол уақыттан бастап адам эволюциясының шешуші факторы ретінде топтық сұрыпталудың әсері де тоқтайды. О сы кезден бастап эволюция әлеуметтік өмірмен байланысты іске асып, адамның болашағы мәдиниеттің деңгеіне тәуелді бола бастады. Эволюцияың негізін адамның ақыл-ойы және саналы іс-әрекеті құрады. Сондай-ақ адам мен қоғамның пайда болуына байланысты генетикалық информация адамның өмірінде жетекші маңызынан айырылып, оның орнына әлеуметтік инфомация келгенін атап айту қажет.
Адамзатты қандай болашақ күтіп тұр, яғни түрдің даму тұрғысынан қарағанда, адамзаттың болашағы қандай деген сұраққа кейде кейбіреулер геномның әлсіреуі салдарынан жануарлармен өсімдіктердің барлық түрлері біртіндеп өледі деген пікірді айтып жүр. Бірақ көпшілік ғалымдардың пікірінше, басты қауіп түрлердің қартаюында емес, биосфераның түрліше қалдықтармен барған сайын көп ластануында, радиациалану деңгейінің барған сайын өсуінде, экологиялық себептерінде болып отыр. Генетикалық ауытқуларының салдарынан кесел нәрестелердің тууының көбеюі , ақыл-есі нашар адамдардың сананың артуы, генетикалық ауытқулар адамзаттың болашақ өміріне төніп басты қауіп-қатер ең алдымен біздің ьәдени дамуымыздың төмендігінде екендігін көрсеткді.
Адам, индивид, тұлға, даралық ұғымы мен мүмкіндіктеріне сипаттама беріп көрейік.
Адам-жоғарғы психикалық қызметті арқасында меңгеру, жасау, өзгерту қабілетіне ие саналы биоәлеуметтік тіршілік иесі, қоғамдық-тарихи дамудың жемісі әрі сол қо,амдық өмір жемісі болып табылатын сананы таратушы. Өзіндік сана-сезімі адам сана дамуының филогенездік, онтогенездік дамуының шыңы. Адамда: биологиялық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік сияқты құрылымдары бар. Ол құрылымдармен адам болмысы өлшенеді және олар бір-бірімен өзара байланысты. Олар: адамның жеке басына тән қайталанбас ерекшеліктерінің болатыны; адам бойындағы кісілік (тұлғлық) қасиеттердің болатыны. Ол аға ұрпақ жасаған мәдениетті меңгеруде қалыптасады. Егер адам жас кезінде қоғамнан тыс қалса, онда оның санасы, тілі, ойлауы, және вертикалда аяқ алысып болмайды. Адам әр түрлі еңбек және түрлі формадағы қоғамдық іс-әрекетке қатысу арқылы адамзатта қалыптасқан қасиеттерді ол өзінде өзіне тән адамдық қабілетерді дамытады. . Адам түсінігі көп жоспарлы. Адам қоғамда өмір сүреді. Ал адам бос өмір сүруі ешбір мүмкін емес. Оның тәні де жаны да айналасындағылармен қарым қатынас жасау үстінде тек әлеументтік әсер жағдайында ғана кісілік мәнге ие болады. Адамның санасының дамып, өсуі тікелей өзінің өмір сүріп отырған ортасына байланысты. Сондықтан адам психологиясын дұрыс ұғыну үшін: әлеументтік жағдайын білу керек; оның қандай ортаның өкілі екенін айыру; оның көзқарасы мен наным- сенімін бағыт- бағдарын білімі мен тәжірибесіне икем биімділігін анықтау керек. Міне, тек осы айтылғандардан кейін ғана, нақты мәліметтерден соң сол адам туралы пікір білдіруге мүмкіндік туады. Психология адамның даралық сипаттарын қарастырып, оның кісілік қасиеттерін өрістетуді мақсат тұтады.
Индивид (жеке адам)-тұқымқуалаушылық қасиеттердің жалпы генотипін тасымалдаушы, биоәлеуметтік тіршілік иесі. Адам дүниеге келгенде индивид болып туылады. Ол қоғамдық қатынастардың объектісі, әрі субъектісі. Қатынастар ықпалын сезіну мен бірге қатысушы, әрі оны терең бойлаушы. З.Фрейд ілімі бойынша, үнемі қоғам ішінде болып оның ықпалын сезінуші, әрі оған қарсы тұрушы биологиялық тұйық жан.
Тұлға-адамның қоғамдық санасы мен мінез-құлықты, адамзаттың қоғамдық-тарихи тәжірибесін меңгеруде қалыптасқан адамның әлеуметтік-психологиялық мәні. Тұлға қоғамдық қатынасты обьектісі мен жемісі ғана емес, сонымен бірге іс-әрекет, қатынас, сана, өзіндік сананың белсенді субьектісі. Тұлға болып туылмайды, ол әлеуметтік, мәдени даму нәтижесінде туындайды. Тұлға мақсатқа талпынушы ғана емес, сонымен бірге өзін-өзі ұйымдастыратын жүйе. Оның зейіні мен іс-әрекетінің обьектісі: сыртқы орта мен өзінің Мендік сезім болады. Осыған байланысты өзін -өзі реттеу, өзін-өзі ұстай білу, қабілеті мен қасиет көрсетеді. Тұлға болу дегеніміз-белсенді түрде өмірлік позицясы бар және ішкі қажеттілікке байланысты таңдау жасай білу, келген шешімінің зардабын бағалау және өзі қоғамның алдында жауап беру, үнемі өзін-өзі және өзгелерді құруға түрлі әдіс, тәсілдерді меңгеріп өз мінез құлқын реттеуші.
Тұлғалық қасиеттер үш дәрежеде болады:
1. Әрбір адам ең алдымен адамзат қауымының мүшесі ретінде шыққан нәсілінен, ұлтынан, туысынан, туған жерінен тәуелсіз есті адамның барлық өкілдеріне ортақ жалпы қасиеттерді иелену. Олардың қатарына: қуану, қайыру, болжамдық, елді сүю, арамдық - зұлымдарға, әділетсіздіктерге, әділеттікке және т.б. көптеген рухани-психологиялық қасиеттер жатды.
2. Әр адамның физикалық ерекшеліктерінен жоғары жүйке жүйесінің қызметінен туындайтын және тек өз басына тән психологиялық өзгешеліктер. Бұлар, оның мінез-құлықында, сезім көрінісінде, темперментінде, қимыл мен жүріс тұрысында, сөйлеу ерекшелігінде, сыртқы әсерлерге қайтаратын жауаптарында, басқа адамдармен қарым-қатынсында т.б. тіршілік әрекеттерінде байқалады. Осы қайталанбайтын ерекшеліктерінің арқасында әр адамның басқаларға ұқсамайтын өзіндік қырлары туады. Бұл қырларының негізгі физиологиялық ерекшеліктерінде жатқанмен оған әрине өмір сүру ортасының да қатысы бар.
3. Адам белгілі бір елде, рухани дәстүрде белгілі дәрежеде жеткен материалдық және рухани мәдениет жемістерін сусындап өседі. Сол дәуірдің тарихи ортаның жемісі осының бәрі адамның жан-дүниесінде өзінің ізін қалдырады.
Тұлғаны анықтайтындар қатарыны: нені және қалай білетіндігі, нені және оны қалай бағатыны, нені және оны қалай жандандырады, кіммен және қалай қатынас жасайтыны, оның көркемдік қажеттілігі жән оны қалай қанағаттандыратындығына байланысты.
Ең негізгісі өзінің әрекетіне, шешіміне, тағдырына деген жауапкершілігіне сай өлшемі тұлғаны толық көрсетеді.
Даралық - түрлі тәжірибе, білім, пікір, сенім, мінез-құлық, темпераменттермен көрініс береді. Даралық негізгі параметрлері: себеп, темперамент, қабілет, мінез.
Эмоциялық, белсенділік темпераменттің екінші функциясы. Белсенділік пен өзін-өзі реттеу қабілетінің сипаттамасы. Даралықта-тұлға мен организм бірлікте қарастырылады.
Адам мүмкіндіктері. Адамның 5 түрлі мүмкіндіктері бар. Олар: гнесологиялық, аксиологиялық, шығармашылық, комуникативті, Көркемдік мүмкіндіктер.
1.Гнесеологиялық (танымдық) мүмкіндік алынған мәліметің көлемі, сапасымен өлшенеді. Бұл мәліметтер сыртқы ортаға қатысты оның табиғи және әлеуметтік жағдайына және өзіндік танымына байланысты жинақталады.
2.Аксиологиялық (құндылық) мүмкіндіктер- тұлғаның әлеуметтану процесінде болатын адамгершілік, саяси, діни, эстетикалық бағыттарға қатысты құндылықтар жүйесіндегі мақсатқа талпыну мен көзқарастарына байланысты туындайды. Бұлар психологиялық және идеологиялық жағдайлар бірлігінде болып, тұлғаның санасы мен өзіндік санасының эмоциональдық-еріктік, интелектуальдық механизмдерінің анықталуымен және өмірлік дүние танымының, көзқарасының, талпынушылығының ашылуымен болады.
3.Шағармашылық мүмкіндіктер-өз бетінше анықталған білігі мен дағдысы, продуктивті және репрокуктивті, құру жасау немесе бұзудағы әрекеттік қабілетімен, оларды орындаудағы еңбек жемісімен көрінеді.
4.Коммуникативтті мүмкіндіктер-басқа адамдармен байланысқа түсу формасы, өлшемімен белгіленеді. Тұлғааралық қарым-қатынас әлеуметтік рольдер жүйесінде көрініс береді.
5.Көркемдік мүмкіндіктер-көркемдік қажеттіліктің деңейі, мазмұны, үдемелі және оны қанағаттандыруымен белгіленеді. Тұлғаның көркемдік белсенділігі шығармашылықта, кәсіпте, өзіндік іс-әрекеті мен өнер туындыларын пайдалануда ашыла түседі.
Тұлғаның шығармашылық ізденісі
Қазіргі кездегі өміріміздегі таң қанарлық есті шығарлық өзгерістердің болуына адамның тұлғалы назарын тыс қалады.Әлеуметтік проблеманы туындауы мен оны шешуге байланысты күнделікті түрлі жүйелер өрістету мен ұйымдастырлар болып жатады, дегенмен барлық осы проблема мен шешімдердің негізі адам тұлғасы екенін естен шығарып жатамыз.Әлеуметтік тар құбылыстың тереңуіне байлай отырып, одан тәжірибелік олжа табуға қабілетті, бірақ адам тұлғалығы осы тордың ұялары арқылы жеңіс түсіп қалып отыр.Қоғам дамуы бір жағынан, оның жүгенсіз мүмкіндіктері екенші жағынн, оның үкіметінің орталықтандырылуы тұлға жауапкершілігінің төмендеуіне әкеледі.Соның нәтижесінде сенімсіздікпен қараушылық пайда болды.
ХХ ғасырдағы ғылыми және техникалық жетістіктер адамға жеңілдік әкелгенімен қоса бақытсыздықтыда ала келді.
Мысалы, дүкен сатушысының шынай кучсісімен гөрі шаттана тұрған кедей-шаруа жағдайы сізді таңдалдырады.Англияның белгілі актері Рекс Харрисонды дүние жүзінде ең мемлекет тұйық болып көрінсе, ал ең кедей - қайыршы индияның халқы ашықта, мейрімділігіне таң қалған.
Тұлғаның шығармашылық ізденісі
Өндірістік және техникалық революция арқылы ХХ ғасыр адам баласына көптеген пайда әкеледі, адам байыды, дегенмен адамның шығырмашылық сұранысын қанатағаттандыра алмады десе болады.Адам өзінің энергетикалық, ойлағыштық және шығармашылық қабілетін дамытпаса, адам өмірінің мәні жоғалады, оның тұлғалық күш-мазмұндылық, айқындылық, мақсаттылық, мәнділігі жоғалады.
Тұлға күші дегеміз-бұл тағдырдың құбылмалылығын жеңіп шығу қабілеті кей жағдайларда өзі пайдалы үшін өзіне қатынасы біліктілігі
Қазіргі кезде адамның шығармашылық қабілетін шындыққа айналдыру үшін ресурстар мен технология жеткілікті Бізге тек ерік, қиям, мен мейірімділік керек.Адам өзінің дарындылығы қашан туатынын, қалай туындайтынын білмейді.Әрбір адам қоғам жақсы тұрмысы үшін өз үлесін қосады.
Әрбір адам осы өмірде белгілі бір миссиясы бар.Көптеген шешілмей қалған проблемалар өзінің қабілеті мен потенциялдық мүмкіндіктерін анықтай алмаушылық нәтижесімен туындайды.тек кейбір санаулы адамдар ғана өзінің өзі белгілеп қойылған нәрселермен айналысып және өз өмірінде соған сүйенеді.
Бұл адамдар бақытты және тұлғалық шығармашылық күшке ие болған адамдар.
Тұлғаның әлеуметтік-психологиялық құрылымы.
Тұлға құрылымын К.К.Платонов төрт құрылымшадан тұратынын белгіледі:
1) Тұлға бағыты мен қатынасындағы құрылымша: ниет, қызығушылық, бейімділік, идеялары, көзқарас, дүниетанымы, сенімі, құштарлығы жатады.
2) Тұлғаның жеке әлеуметтік тәжірибесі. Оған адамның білімі, дағдысы, білігі мен әдеті жатады.
3) Адамның психикалық процестердегі жеке ерекшелігі - яғни, ес, қабылдау, түйсіну, ойлау, қабілеттерінің жеке көріністері.
4) Құрылымшадағы биологиялық негізділік - тұлғаның типологиялық,жас ерекшеліктік, жыныстық өзгешеліктері енеді.
Платонов пікірінше, құрылым құрылымшаларының өзіндік үлес салмақтары бар. Биологиялық,психологиялық процесс,әлеуметтік тәжірибе сияқты үш құрылымша жалпы психологияға топталған,тек бағыттылық қана әлеуметтік психология үлесіне қалған.
А.Н.Сухов, А.А. Деркач тұлғаның әлеуметтік-психологиялық құрылымына мыналарды, жатқызды:
* ментальдық, құнды-мәнділік өрісі, себептілік өрісі (бағыттылық, өмірлік мақсат, жоспар, өмірлік жол);
* когнитивтік сипат (әлем суреті);
* Мен сипаты (Мен тұжырымы, Мен - образы, өзіне қатынасы, өзін бағалауы);
* тексеру локусы;
* тұлғаның статусты-рольдік сипаты;
* тұлғаның эмоциональді психикалық күйі мен әлеуметтік сезімі.
Осылардың кейбірін ғана қарастырайық.
Мен - бұл тіл мен ойлау негізінде қарым-қатынаста қалыптасумен болатын тұлғаның өзіндік санасы.
Мен-образ - біздің өзіміз туралы біліміміз, өзіміз туралы не ойлайтынымыз.
Өзіндік баға саналы сипатында өзін-өзі сыйлау формасы болады. Өзіндік баға шындыққа сай болғанда Мен-образ өзін-өзі бекіту мен өзіндік жетілуге жақын болады. Имидж - бұл Мен-сырты: адамның өзін сыртқа көрсетуі, айналасындағыларға қандай әсер қалдыруы.
Тексеру локусын (латынша Lokus - орын) американ ғалымы Д.Роттер ұсынған. Мұны түсінудің екі типі бар. Олар:интернальді және экстремальді .Интернальді типтегі адам өз ісінің нәтижесі жеке сапалығы: жетік білушілік, мақсатқа талпынушылық, жеке қабілеттілікке байланыстылығына сенімд.Экстремальді типтегілер - жеңісі (сәтсіздігі) сыртқы күш көмегі немесе айналадағылардың қысымы деп есептейтіндер.
Тексеру локусы ерекше жеке сипаттама болып табылады. Нәтижесінде адам әлеуметтік проблемаларды дұрыс құбылыс ретінде қарап, оған бейімделеді немесе керісінше де болады. Әлеуметтену мазмұнын бағалағанда, тұлғаның нақты жағдайға бейімделуімен емес, өркениет пен мәдениет, жалпы адамзаттық образбен өмір сүру сияқты әлемдік стандартпен қараған жөн.
Тұлғаның әлеуметтік психологиялық типологиясы.
Американ психологы А.Маслоу өзінің Мен өзін жүзеге асыру `(самоактуализация) жөнінде деген еңбегінде адамның өзгелерге қатынасы жөнінде былай деп жазған: Өзгеге өзіңе қарағандай қара, ал екінші өзін айналаны қалай қабылдаса, өзгені солай қабылдайды.
Американ ғалымы Э.Шостром А.Маслоудың бірінші типтегі адамын - актуализатор, екінші типті - манипулятор деп атайды. Осы екі типті зерттей отырып, актуализатор типін - әділ, ашық, қызығушылығы тұрақты, өзіне ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz