Кеңестік психология ғылымының қалыптасуы мен дамуы



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ТҰЛҒА ПСИХОЛОГИЯСЫ

Глоссарий (анықтама, сөздік)

Индивид - биологиялық түр өкілі, жеке тірі пенде.

Жеке даралық - адамның психологиялық ерекшеліктерінің үйлесімділігі, яғни оның басқа адамдардан айырмашылығы және бірегей қайталанбастығы.

Тұлға - адамзаттық индивид тұлға аралық және әлеуметтік қатынастар мен саналы іс - әрекет субъектісі ретінде.

Тұлғалық мағына - тұлғаның объективті шындыққа деген субъективті қатынасы.

Тұлға бағыттылығы - тұлға мінез - құлқы мен іс - әрекетіне бағдар беруші тұрақты мотивтер жиынтығы.

Құндылық бағдар - тұлғаның болмыс объектілерін олардың мәнділігі бойынша дифференциациялау тәсілі.

Темперамент - индивидтің оның психикалық іс - әректінің динамикалық ерекшелігі жағынан сипаттамасы.

Мінез - іс - әрекет пен мінез - құлықта қалыптасатын адамның тұрақты жеке даралық қасиеттерінің жиынтығы, яғни тек оған ғана тән мінез - құлық тәсілдерін шарттандырушы қасиеттер жиынтығы.

Қабілеттілік - білімдер, ептіліктер мен дағыларға теңестіруге болмайтын, бірақ оларды тез меңгеруді, бекітіп және практиада тиімді қолдануды қамтамасыз ететін тұлға қасиеті.

Талант - қабілеттіліктердің, ең алдымен арнайы қабілеттердің дамуының еңжоғарғы деңгейі.

Дарындылық - қандай да бір іс - әрекетті табысты орындауға мүмкіндік беретін адамның қабілеттерінің өзгеше үйлесімділігі.

Мотивтер күресі - шешім қабылдаумен байланысты ерік әрекеттерінің сатысы.

Ерік күші - психикалық бейнелеу формасы, индивидтің сыртқы және ішкі кедергілерден өтумен байланысты әрекетті таңдау тәсілінен көрінеді.

Ерік - адамның өз мінез - құлқы мен іс - әрекетін саналы реттеуі, және де мақсатқа бағытталған әрекетер мен қылықтарды жүзеге асырудағы ішкі және сыртқы қиындықтардан өту ептілігінен көрінеді.

1- тақырып. Психологияның жеке ғылым болып қалыптасуы және даму бағыттары.

1.1 Қазіргі шет ел психологиясының негізгі бағыттары және олардағы тұлға мәселесі.

1.2 Кеңестік психология ғылымының қалыптасуы мен дамуы, олардағы тұлға мәселесі.

1.3 Қазақстанда психология ғылымьшың қалыптасуы мен дамуы.

XX ғасырдың бас кезінде ғылыми білімнің ең алдымен дамыған сүраныстарының саддарынан санада интроспективтік психологияның тоқырауы байқалды. Иностроспективтік психология тәжірибелік талдауды талап ететін проблемалардың алдыңда әлсіздік танытты. Капитализмнің тез қарқынмен дамуы анықталатын тәжірибенің сұрақтарын бүрынғы субъективтік әдістермен қанағаттандыру мүмкін болмады.

Психология ғьшымының тарихын зерттеушілердің бірі профессор М.Г.Ярошевскийдің айтуынша, сана психологиясының тоқырауы, әсіресе Францияда тоқырау басталғанға дейін ерекше кең өріс алған невропатология және психиатрия саласындағы зерттеулердің нәтижелері дайындалды. Бұл зерттеулер адам психикасына кейде санасыздық көріністер тән екендігін дәлелдеп берді. Санасыздық саласына клиникалық және эксперименталдік талдау жасалынды.

Жан-жақты зерттеу жұмысын Шарко (1825-1893) жүргізді. Оның жетекшілігімен аса дарынды француз психологі Пьер Жане (1859-1937) және психоанализ бағытының негізін салушы Зигмунд Фрейд (1859-1939) өз жұмыстарын бастады. Көрнекті француз психологі Альфред Бине объективтік әдістерді зерттеп, талдады. Ол балалардың интеллектісінің даму деңгейін анықтау үшін тестілер жасады. Интроспективтік әдіс жаңа объективтік талдау және эксперименттік зерттеу әдістерімен салыстырғанда кейінгі қатарға ығыстырылды.

Сонымен, XX ғ. бас кезінде психиканы эксперименталдік зерттеулер психологияға сана турлы ғылым деп анықтама берудің дұрыс емес екендігін дәлелдеді.

Бұл кезеңде психологияның дамуына Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімі ерекше рөл атқарды. Дарвиннің эволюциялық ілімі бойынша, психикалық қүбылыстарды қоршаған ортадан, тірі организмнің бейімделу іс-өрекетінен бөліп алып қарауға болмайтындығын дәлелдеді. Эволюциялық теорияның әсерімен бала психикасы мен жануарлар психикасын зерттеулер жан-жақты қолға алынады. Онда интроспекция әдістерінің қолдану мүмкіншіліктері шектеліп, адам психикасын зерттеуге генетикалық және салыстырмалы түрде қарауға ерекше мөн берілді. Осындай қалыптасқан жағдайдан, тоқыраудан шығудың жолдары іздестіріліп, әртүрлі теориялар мен бағыттар қалыптасты. Соңдай теорияларға бихевиоризм, гештальпсихология және психоанализді (фрейдизм) жатқызуға болады. Олардың барлығы бір кезеңде жан туралы ғылымның жалпы тоқырауы негізінде дүниеге келді.

Бихевиоризм -- XX ғасырдың бас кезінде жоғарыда келтірілген себептерге байланысты қалыптасқан психологиялық бағыттардьщ бірі. Бихевиоризм теориясьның негізгі зерттеу нысаны сана емес, адам мінез-қүлқы болып табылады. Мінез-қүлық психологиясы АҚШ-та ерекше дамыды. Бихевиоризм бағытының көрнекті өкілі америка ғалымы, әрі психологі Джон Уотсон (1873-1958) болды. Ол дәстүрлі психологияның пәнін, жан қүбылыстарын жаңа мінез-қүлық психологиясымен өзгерту қажеттігін үсынды.

Бихевиоризм behavior -- деп аталатын ағылшын сөзінен шыққан, қазақшалағанда мінез-құлық мағынасында қолданылады. 1913 жылы америка психологі Джон Уотсон психологияны мінез-қүлық туралы ғылым ретінде қарастырды. Жаңа бағытгың пайда болуы "Психология, оны бихевиорист қалай көреді" атты мақаланың шығуымен ерекшеленеді.

Бихевиоризм психологиядағы прагматистік бағыт, оның пайда болуы тез қарқынмен дамып отырған капиталистік экономиканың сұраныстарьша байланыстьі. Бихевиористердің мақсаты - психологияны мінез-құлықты басқаруға қабілетті білімнің саласына айналдыру. Д.Уотсонның түсіңдіруінше, бихевиоризмнің түпкі мақсаты -- адам мінез-қүлқын түсіндіру. Бүл үшін 3 жағдай жеткілікті деп есептеді: мінез-құлықтың өзін суреттеу, организмге әсер ететін ішкі, сыртқы дене стимулдарын және оған жауап беретіп мінез-қүлық реакциясын байланыстыратын заңдарды тану. Адам жануарлардан тек мінез-қүлық реакцияларының күрделілігімен, оларға жауап беретін стимулдардың әртүрлілігімен ерекшеленеді.

Бихевиористердің дәлелдеуінше, негізгі ғылыми үғымдар болып табылатын стимул -- сыртқы ортадан келетін тітіркендіргіш, реакция -- тітіркендіргішке ағзаның жауабы жөне стимул мен реакцияның байланысы -- ассоциация. Сонымен, Уотсон санадан ғылыми категория ретінде бас тарта отырып, өзінің еңбегінде И.П.Павловтың шартты рефлекстер туралы әдістемесіне сүйенеді.

30-жылдардың өзінде бихевиоризм идеясьшың өміршеңдігі, оның мәнділігі бірте-бірте шайқала бастады. Америкада кезекті экономикалық тоқырау басталды, жаппай жұмыссыздық, халықтың жағдайы одан әрі нашарлай түсті. Корнекті америка психологі Роберт Вудворте функционалдық психологияның негізін салушылардың бірі (1869-1962) болды. Ол бихевиористердің ұсынған "стимул -- рекация" үлгісін жоққа шығарып, оның қүрамына аралық буын -- ағза мен ұүстанымды енгізді, түрткі туралы ілімді таддады. Сонымен, бихевиоризм қатты сынға алынып, мінез-қүлық психологиясының реформасы басталды. Ол реформаны Эвард Толмен және Кларк Халл сияқты ғалымдар басқарды, ал жаңа бағыт "необихевиоризм" деп аталды. Олардың айтуынша, психологиядан дәстүрлі ұғымдарды: образ, түрткі және т.б. шығарып тастау мүмкін емес, олар реакция мен стимулдың арасында түрады деді.

Сонымен бихевиоризм барлық өз тарихының барсында психологияны мінез-қүлық ағзасы туралы жаратылыстану ғылымына айналдыру ұранымен шұғылданды. Бихевиоризмнің және необихевиоризмнің барлық нұсқаларының негізгі кемшілігі -- олардың әдіснамалық негізі позитивизм және адам механикалық философиясы. Бірақ, нәтиже көрсеткендей, осы екі әдіснамалық ұстаным негізсіз болды.

Тоқырау кезінде пайда болған екінші бағыттардың бірі психоталдау (фрейдизм) болып табылады. Оның негізін қалаған австриялық психиатр және психолог Зигмунд Фрейд. Психоталдау бағыты өкілдерінің бахевиористерден, гештальтпсихологтардан айырмашылығы психологияда ғьглыми білімді құрудың үлгісі ретінде дәл және жаратылыстану ғылымдарьша бағдарланған жоқ, ал олар тоқыраудан шығудың жолын медицина және психологияның өз шеңберіңде табуға ұмтылды.

Фрейдизм, оның негізі мынада -- адам туралы психологиялық білімді жаңа өмір шыңдығымен толтыруға, практикалық психологиялық, ең аддымен психотерапевтік міндеттерді шешу үшін пайдалы теорияны құруға және ақпаратты қабылдауға ұмтылды.

Фрейд өзінің ғылыми ізденістерін психотерапевтік тәжірибені талдаудан және жинақтаудан бастауы кездейсоқ емес, содан кейін жинақтаған тәжірибені психологиялық теорияға айналдырды.

Фрейдизм үшін негізгі ұғымдарға "сана" жөне "санасыздық" жатады. Психоталдау ілімінің болашақ тағдыры жөне оған көзқарас әртүрлі елдерде түрліше қалыптасты. Алғашында Фрейдтің ең жақын шәкірттері мен ізбасарлары және психиатор-дәрігерлердің кейбіреулерінен басқалары оған өте салқын қатынаста болды. Кейіннен психоталдау бағытын жақтаушылар Германия мен Австрияда, Еуропа мен АҚШ-та күні бүгінге дейін кеңінен таралды.

Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында кеңес психолог-ғалымдары оған қызығушылық танытты. Сол кезде үстемдік еткен субъективтік идеалистік психология бұл ілімнен материалистік балалықтың бірден бір мүмкіншілігін көре білді. Кейін, 30-жылдары, психологиялық зерттеулерді шектеумен бірге ("Халық ағарту комиссариаты жүйесінде педологиялық бұрмалаушылықтар туралы" белгілі қаулыда) З.Фрейдтің ілімі қатты сынға алынды. Осы қаулыдан кейін біздің елімізде Фрейдтің еңбектерін аударуға және баспа бетінде жариялауға тиым салынды. Соңғы жылдары әлемде кеңінен таралған Фрейдтің психологиялық іліміне қызығушылық қайтадан өсіп отыр.

XX ғасырда психологтардың ішінде австрия дәрігері Зигмуңд Фрейдке ерекше орын берілді. Оның негізгі еңбегі "Түс көруді талқылау" 1900 жылы жарық көрді. Сол кезден бастап, психологияда бір-бірін әртүрлі ғылыми беделді тұлғалар ауыстырды. Олардың ішінде бірде-бірі бүгінге дейін Фрейд және оның ілімі сияқты ынта туғызған емес.

Адам мінез-қүлқының басты реттеушісі сана екеңдігі белгілі. Зигмунд Фрейд (1856-1939) -- австрия невропатологі, психиатры және психологі, психоталдау бағытының негізін салушы. Фрейдизмнің концепция ретінде қалыптасуы XX ғасырдың бас кезіне жатады. Психоталдау бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін, 20-жылдары кең өріс алды. Жеке тұлғаның құрылымында Фрейд санасыздыққа ерекше көңіл бөлді жөне зерттеу нысанына айналдырды. Оның айтуьшша, ауру адамдар өз іс-әрекетінің түрткілерін түсіндіре алмайды: Фрейд негізін салған психоталдау әдісі санасыздықты зерттеу үшін психикалық ауру адамдарды емдеу мақсатында қолданьглады.

Фрейд тек ауру адамдардың ғана емес, дені сау адамдардың көңіл-күйі мен мінез-құлқын түсіндіретін теорияны негіздеді. Бұл теория Батыс елдерінде кеңінен тарады, үлкен беделге ие болды. Фрейд теориясы көптеген шет елдерде психология, психотерапия, психиатрия оқулықтарына берік енген. Фрейдизм бағыты адам туралы басқа ғылымдарға -- социологияға, педагогикаға, антропологияға, этнографияға,' сонымен қатар өнер мен әдебиетке ерекше ықпал етті.

Фрейдтің еңбектерінде күрделі психологиялық проблема ретіңде адамның сексуалдық өмірі туралы мәселе қойылды. Фрейдтің түсіндіруінше, жас жеткіншек балалардың әртүрлі жағымсыз іс-әрекеттерге бейімділігі оларды жыныстық инстинктердің билеуінен деп түсіндіреді.

Гештальтпсихология (немістің gestalt деген сөзінен шыққан, қазақшалағанда бейне, құрылым, түр деген мағынаны білдіреді). Егер бихевиоризм психологияның тоқырау жағдайынан шығудың жолдарының бірі ретінде АҚШ-та пайда болса және өз дамуында бұл елден тысқары таралған жоқ. Ал гештальтпсихология -- психологиялық бағыт ретінде Германияда пайда болды және XX ғасырдың бірінші жартысында көптеген Еуропа елдерінде жүргізіліп жатқан психологиялық зерттеулерге ерекше әсер етті, оның ішінде біздің елімізде (соғысқа дейінгі жылдарда) кеңінен тарады. Егер де бихевиоризм өз дамуында физиология және биология ғьглымдарына жан-жақты негізделсе, ал гештальтпсихология физика мен математиканың ерекше ықпалында болды.

Бұл бағыттың көрнекті өкілдерінің ішінде М.Вертгеймердің, В.Келердің, К.Левиннің және т.б. есімдерін атауға болады. Гештальтпсихология өкіддерін интроспективтік психологияға тән психикалық құбылыстарды талдауға жөне зерттеуге жеңілдетілген атомистік тұрғыдан қарау негізінен қанағаттандырмады. Бұл интроспективтік психология барлық күрделі құбылыстарды қарапайым құбылыстарға бөлді, олардың тіркесінен күрделі тұтастық заңын қалыптастыруға ұмтылды.

Гештальтпсихологтар психикалық құбылыстардың қиын да тұтас жүйесін қалыптастырудың өзіндік заңының өмір сүруі және жүмыс істеуі туралы айтқан болатын. Гештальтпсихологтардың зерттеулерінде күрделі құбылыстардың элементтері және оның байланыстары бойынша зерттеу осы байланыстардың құрылымын анықтаумен ауыстырылды. Осы себептерден ғылымдағы бұл бағытты кейде "құрылымдық психология" деп атайды (гештальт деген сөздің қазақша мағыналарының бірі "құрылым" деген мағананы береді)

Гештальтпсихологияның көптеген өкілдері психологиялық білімнен, басқа жаратылыстану ғылымдарының салаларының бірінен базалық білім алды, бұл олардың психологиялық көзқарасьша ерекше ықпал етті. В.Келер, мәселен, физиканы оқып, үйренді және қабылдау мен ойлау үрдістерін түсіндіруде қажетті білімді пайдаланды. Кез-келген құбылыс пайда болады және белгілі бір жүйенің бөлігі ретінде өзіндік ерекшелік сипаттамасын алады деп жазды В.Келер.

Гештальтпсихологияның ұстанымдары мен қағидалары тұлға мен тұлға аралық мінез-құлыққа қолдануды өзінің теориялық және эксперименталдік зерттеулеріңде КЛевин іске асырды. Орта, Левиннің айтуьшша, физикальгқ бірлікте емес, психологиялық тұрғыдан анықталуы қажет, демек, адамдардың оған әсер ететін субъективтік қабылдауы арқылы беріледі.

Гештальтпсихологияның идеялары психологияның көптеген негізгі проблемаларын талдауда жағымды роль атқарды.

Болашақ гештальтистер екі зертханада тәрбиеленді: Ф.Брентанонның шәкірті - К.Штумпда (Берлин) жөне Геттинген университетінде Г.Мюллерде тәрбиеленді. Олар өздерінің мақсаты -- психологияны емес, логиканы реформалау мәселесін қойды. Олардың айтуынша, логика феноменологияға айналуы тиіс. Осы мақсатты орындау үшін бүрынғы интроспективтік әдіс жарамсыз деп табылды. Оны жетілдіру негізінде феноменологиялық әдіс қалыптасты. Бүл бағыттың түсіндіруінше, бейненің негізгі қасиеті константтылық немесе қабылдаудың өзгерген жағдайдағы түрақтылығы, сонымен қатар егер қабылданатын зат түтас түрінде қабылданбайтын болса, қабьглдаудың түрақтылығы бүзылады. Гештальт психология өкілдері фигура және фон, екі жақты бейнелеу, қабылдау туралы зерттеу жүмыстарын жүргізді.

Қазіргі шетел психологиясына талдау жасағанда психиология ғьглымында генетикалық бағыттың ең көрнекті өкілдерінің бірі, швейцария ғалымы, психологі Жан Пиаженің генетикалық психологиясына сипаттама беруден басталады. Әлемдік психологияда баланың интеллектісін дамыту саласында өлшеусіз еңбек сіңірген ғалымды кездестіру қиын.

Құрылымдық -- жүйелік талдауды пайдалана отырып, психологиялық зерттеулердің басшылыққа алатын әдіснамальгқ қағидасы ретіңде Пиаже генетикалық әдіс туралы ілімді ұсынады.

Баланың интеллектісін қалыптастыруға негізгі көңіл бөле отырып, Пиаже ғылыми психологияда кез-келген дамуды зерттеуден бастау керектігін атап көрсетті. Пиаженің пікірі бойынша, тек жекелеген ғылымдар емес, сонымен қатар таным теориясы да генетикалық негізде қүрьглуы қажет деп көрсетті. Бүл идея Ж.Пиаженің генетикалық эпистемология ғылымын жасаудың негізіне жатты, демек, адамда әртүрлі білімнің, үғымның, таным операцияларының түрлері мен типтерін қалыптастыру тетіктері мен жағдайлары туралы ғылым.

Пиаженің негізгі міңдеті адам интелектісінің қүрылымын зерттеу болып табылады. Пиаженің алғашқы кітаптары 20-жылдары жарық көрді: "Баланың сөйлеуі мен ойлауы" (1923), "Түсінуі жөне ой қорытындысы" (1924), "Баланың дүние туралы түсінігі"(1926).

30-жылдары Пиаженің психиканың даму проблемаларына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пихология гылымының қалыптасуы мен дамуы
Психологияның жеке ғылым болып қалыптасуы және даму бағыттары жайлы
Психологияның жеке ғылым болып қалыптасуы және даму бағыттары
Психологияның жеке ғылым болып қалыптасуы және даму бағыттары жайында
Психология ғылымының тарихы
Педагогика-психология ғылымы
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫ ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
Индивид ­биологиялық түр өкілі, жеке тірі пенде
Жан, тән және мән туралы психологиялық түсінік
Психология ғылымының кеңестік кезеңдегі даму тарихы
Пәндер