ТҰЛҒАНЫҢ АДАМГЕРШІЛІК-РУХАНИ ТӘРБИЕЛЕНУІ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖЕТІЛДІРУ



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ТҰЛҒАНЫҢ АДАМГЕРШІЛІК-РУХАНИ ТӘРБИЕЛЕНУІ ЖНЕ БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖЕТІЛДІРУ

Қазақстан Республикасы өркениетті елдер қатарына қосылу жолында саяси-әлеуметтік, экономикалық өзгерістермен қатар білім саласындағы басты мәселе - келешек ұрпақты заман талабына сай интеллектуалы жоғары, мәдениеттілігі имандылығымен ұштасып жататын елжанды азамат етіп тәрбиелеу.
Тәрбие - халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру.
Тәрбие - ұлағатты іс, - деп ұлы ойшыл Әл-Фараби айтпақшы, тәрбие қызықты қиын өнегелі бала болашағына жол сілтейтін ғажайып жұмыс.
Өнер - адамзат баласының рухани байлығы. Өнердің кәусар туындысы халық өмірінің терең және мөлдір қайнарларынан шымырлап шығады да, сол халықтың өзінің рухани сусынына айналады. Шәкірттің бойында отаншылдық сезімнің оянуына түрткі болып, ұлтжандылықтың ұғымын себетін пән - әдебиет. Әдебиет пәні арқылы оқушылардың рухани дүниесі баийды, туған тілін сүюден елін, ұлтын сүю, адамзатты құрметтеуге дейінгі сезімдері тәрбиеленеді. Әдебиет - рухани, жан байлықты дамытудың пәрменді құралы. Отансүйгіштік, ұлтжандылық, адамгершілік қасиеттердің жас ұрпақ бойынан табылуы ана тілімізбен, әдебиетімізбен даритыны заңдылық.. Әдебиет пәні арқылы берілетін рухани білім тағдырымыздың тынысы болатын төрт тіректің (туған жер, тіл, салт-дәстүр,тарих) негізінде қарастырылады.
Ұлттық мақтаныш қай ұлтқа болса да тән. Оған ешкімнің күмәні жоқ.. Ол мақтаныш көбінесе әдебиет, өнер, мәдениет, ғылым т.б. салалардағы мақтануға тұрарлық дарынды адамдардың еңбегімен өлшенеді. Ұлттық сезім ғасырлар бойы қалыптасып халқымыздың қанына ,тәніне әбден сіңген. Жас ұрпақты ұлттық сезімді қастерлеуге үйрету әрқайсымыздың қасиетті борышымыз деп білемін. Ұлттық сезімді қастерлеу дегеніміз - ұлтыңды, халқыңды жан - тәніңмен сүю, соған шын берілгендік, оның өрлеп дәуірленуіне, көркеюіне күш - жігеріңді, біліміңді, еңбегіңді аямай жұмсап, үлес қосу. Ұлтжандылық - ұлтыңды сүю, туған жеріңді, еліңді аялау, қастерлеу, халықтың мәдениетін, әдебиетін, тарихын, аяулы ұл - қыздарын мақтан тұту, ата салт - дәстүрді қадірлеу, қастерлеу. Қазағым, халқым деп көкірегі қарс айрылған өз ұлтының бостандығын, жарқын болашағын көксеген, сол жолда күрескен бабаларымыздың тағдырын танып білу арқылы тарихымызды таразылау. Атағы алыстарды шарлаған ақиық ақын Мұхтар Шахановтың Төрт ана туындысын тілге тиек ете отырып, төрт тірек туралы толғанып көрейік. Ұлтжандылықтың туған, ата-бабаның кіндік қаны тамған қасиетті мекенді қастерлеуден, аялаудан, жерге деген сүйіспеншіліктен бастау алары анық. Туған жердің өзінің адал перзенті үшін қаншалықты қымбат, қандай ыстық екендігін ақын Қасым Аманжоловтың бір шумақ өлеңінен аңғаруға болады:
О, дариға, алтын бесік туған жер,
Қадіріңді келсем білмей кеше гөр.
Жата алмас ем топырағыңды тебіренбей,
Ақын болмай тасың болсам мен егер.
Ата - бабаларымыз туған жердің әрбір сүйемін жаудың сұқты көзінен қорғау үшін жат жұрттықтармен өмір бойы шайқасып өтті. Қазақ жерінің тауы мен қырқасын, орманы мен тоғайын, өзені мен көлін көзінің қарашығындай сақтады. Халқымыз талай қиын кезеңді бастан кешірді. Жеңіс қуанышын тойлаған қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған шақтар да, туған жерден еріксіз босып, жеңіліс күйігі көкірекке шер толтырған шақтар да болды. Туған жерге деген сүйіспеншілік сезіміне бөлейтін ғұн патшасы Мөде батыр оқиғасының тәрбиелік мәні зор. Ел іргесін бекітіп ала алмай жатқан Мөдеге көрші ел күш көрсетіп: Күніне мың шақырым жүгіретін тұлпарын беріп жіберсін! - дейді. Билерінің намыс қылып, келіспегеніне қарамастан тұлпарды беріп жібереді. Біраздан соң Мөденің ханымын сұратады. Билері: Патшамыздың ханымын сұратқаны қай басынғаны, бермейміз,-дегеніне қарамай, оны да береді. Ақыр соңында: Арада иесіз жатқан жерің бар, соны да бер дегенде, Мөде: Тұлпарымды берсем, ол- менің мүлкім. Ханымды берсем, ол да менікі. Ал, жер халықтікі, оны бере алмаймын, - деп соғысқа шыққан. Жас ұрпақты ұлтжандылық рухта тәрбиелеудің қуатты құралы - тіл. Жастарды тілді құрметтеуге тәрбиелеу дегеніміз - ұлт болашағының тағдырымен тамырлас, қазақ халқының өзгелермен терезесі тең ел болуға талпынған асқақ арманынан туындайтын қазіргі уақыт, заман талабымен үндесіп жатқан құбылыс. Тіл - ұлттың ұлттығын білдіретін көрсеткіштердің ең бастысы. Өзінің ана тілін білмеген кісі, негізінен, өз ұлтының әдет - ғұрпынан, салт - дәстүрінен, ізеттілігінен мақрұм қалған жан деуге болады. Жас ұрпақ ұлтжанды болып өсуі үшін өзінің ана тілін, сол тілде жасалған халқының баға жетпес бай мәдениетін, рухани қазынасын меңгеруі шарт, ата-баба дәстүрінен нәр алуы тиіс. Ұлтымыздың жарық жұлдызындай ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады,- деп бекер айтпаған болар. Көркем сөз - көрікті ойдың көрінісі десек, аса құнды сөз құнарлы ойдан ғана туады. Сөз бен ойдың бірлігі өмірлік нәрлі тіл болып табылады. Сөз өнері адамның ойын өрістетіп,сезімін сәулелендіреді. Осы тұрғыдан алғанда сөз өнерінің жас ұрпақты тәрбиелеуде маңызы ерекше. Сөз өнерінің құдыреті арқылы талғамы биік, ойы ұшқыр ұлтжанды ұрпақ тәрбиелейміз. Сондықтан ұлтжандылық тәрбиеге өнер мектебіндегі терең біліммен іс-тәжірибе арқылы қол жеткізуге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеткіншек жастағылардың психологиялық ерекшеліктері
Қиын оқушыларды этнопедагогика құралдары арқылы адамгершілікке тәрбиелеудің теориялық негіздері
ҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ТҰЛҒАНЫ ДАМЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазақ елінде жастарға ұлттық тәрбие беру идеяларының мазмұндық ерекшеліктері және оларды оқу-тәрбие ісінде қолдану қажеттігі
Мектептегі оқу тәрбие үрдісінде оқушыларды рухани адамгершілікке тәрбиелеу
Қиын бала туралы түсінік
Мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі бағыттары
Білім беру жүйесі
Оқушылардың білімге құндылық бағдарын қалыптастырудың теориялық негіздері
Жастарға білім беру және тәрбиелеу саласында тарихи кезеңнің ерекшеліктері
Пәндер