Тұлғаның даралық психологиялық ерекшеліктері
2-тақырып. Тұлғаның психологиялық сипаттамасы
2.1 Тұлға туралы жалпы түсінік.
2.2 Тұлғаның психологиялық қүрылымы.
2.3 Тұлғаның бағыттылығы.
2.4 Тұлғаның қалыптасуы.
2.5 Тұлғаның әлеуметтенуі.
2.6 Тұлғаның өзіндік санасы.
Адам -- бұл, бір жағынан, биологиялық құбылыс, санасы бар жануар, қоршаған дүниені тануға және оны белсенді өзгертуге қабілетті. Жоғары ұйымдасқан жануар ретінде адамға денесімен тік жүру, дүниені тану жөне өзгерту құралы ретінде қолдың дамуы, ерекше дамыған ми сияқты дене ерекшеліктері тән.
Екінші жағынан, адам-қоғамдық құбылыс. Бұл оның негізгі сипаты, себебі қоғамдық өмір және қоғамдық қатынастар, ұжымдық еңбек адамның биологиялық, дене құрлымын өзгертіп және өзіне бағындырды. Адам туралы айтқанда, психология және философия ғылымдары "тұлға" ұғымымен түсіндіреді.
Психологияда "адам" және "тұлға" ұғымдарымен қатар "даралық" ұғымы да қолданылады. Әрбір адамның мәні, оның өмірі мен қызметі жағдайларының өзіндік қайталанбайтын ерекшелігі бар.
Даралық дегеніміз жеке тұлганың психологиялық ерекшеліктерінің қайталанбас қиысуы түріңде байқалатын нақты өзгешелігі айтылады.
Тұлға - тек тарих, философия, социология, этика, эстетика, психология, педагогика және т.б. сияқты қоғамдық ғылымдардың зерттеу нысаны.
Тұлғаның 3 ерекшеліктерін атап өткен жөн: Біріншіден, тұлғаның қасиеттерінің тұрақтылыгы. Екіншіден, бұл- тұлғаның бірлігі, психикалық үрдістерінің, психикалық қалыптың және психикалық қасиеттердің тығыз байланысы мен өзара тәуелділігі. Тұлға біртұтас бірлікті білдіреді, әрбір қасиет басқалармен тығыз байланысты.
Үшіншіден, бұл - тұлғаның белсеңділігі, қоршаған дүниені өзгертуге, түрлендіруге бағытталған көптеген және жан-жақты іс-әрекетте бейнеленеді.
Кез-келген құбылыс сияқты тұлғаның психикалық өмірі белгілі құрылымнан тұрады. Адамның дара психологиялық ерекшеліктеріне байланысты және тұлғаның өзіне тән құрылымын белгілеуге болады.
Тұлғаның қүрылымының бірінші бөлігі оның бағыттылығын сипаттайды немесе адамның шындық дүниеге таңдамалы қатынасы. Бағыттылық әртүрлі қасиеттердің өзара байланысты қажеттіліктер мен қызығулардың, идеялар мен тәжірибелік ұстанымдардың жүйесін қамтиды.
Тұлғаның психологиялық құрылымының екінші бөлігі қабілеттіктерді қамтиды. Қабілеттіліктер өзара байланысты және бір-бірімен өзара әрекет етеді. Тәртіп бойынша қабілеттіктердің бірі үстемдік етеді, жетекшілік етеді, басқалары оған бағынады.
Тұлғаның құрылымының үшінші бөлігі мінез болып табылады немесе әлеуметтік ортадағы адамның мінез-құлық стилі. Мінез күрделі синтетикалық құрылым, адамның рухани өмірінде мазмұны мен түр бірлігінде аңғарылады. Мінез түлғаны тұтас көрсете алмағанмен, бірақ оның қасиеттерінің, бағыттылығы мен ерік-жігерінің, интеллектуалдық жөне эмоциялық сапаларының, темпераментте байқалатын типологиялық ерекшеліктерінің күрделі жүйесін білдіреді.
Төртінші бөлігі өзіндік сана болып табылады, көп жағдайда "мен" деген ұғымды біддіреді. "Мен" - тұлғаның өзіндік сапа құрылымы, ол өзін-өзі реттеп отыруды іске асырады.
Психикалық үрдістер - психикалық қүбылыстардың әртүрлі түрлерінде шындықты динамикалық түрғыда бейнелеу. Психикалық үрдістер тұлғаның шындықпен байланысын қамтамасыз етеді. Олар арқылы тұлғаның қасиеттері қалыптасады.
Психикалық қалып дегеніміз жеке түлғаның көтеріңкі немесе түсіңкі белсенділігі түрінде көрінетін психологиялық іс-әрекеттің тұрақты деңгейін айтады.
Демек, тұлғаның психикалық құрылымы өте күрделі, жан-жақты және сан-қырлы. Оның барлық компоненттері өзара байланысты және өзара тәуелді. Тұлғаның дамуымен оның құрылымы да өзгеріп отырады.
Тұлғаның негізгі сипаты оның бағыттылығы болып табылады. Бағыттылық адам алдына қойған мақсатты анықтайды, сол мақсатты орындауға ұмтылысы тән, түрткілер арқылы адам іс-әрекеттер жасайды, қызығуларды адам іс-әрекетте басшылыққа алады.
Белсенділік -- тұлғаның басты жалпы қасиеті, ол іс-әрекетте, қоршаған ортамен қарым-қатынас үрдісінде байқалады. Қажеттілік адам тарапынан белгілі бір затқа мүқтаждық, бір нәрсенің жетіспеуі, белгілі бір нәрсеге қанағаттанбау түрғысында іске асады, ал тұлғаның белсенділігі қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталады.
Адамның нақты қылығы, ісі, белгілі іс-әрекеті туралы айтқанымызда, түрткілері (мотивтері) немесе нақтылы қылығы, іс-әрекетті итермелейтін себептері туралы деп түсінеміз.
Түрткілер -- қажеттіліктің нақты көрінуі.
Түрткілер (мотивтер) - бұл қажеттіліктерді қанағаттандырумен байланысты іс-әрекетке итермелеу.
Тұлға адамның қоғамдық, тарихи-нақтылы жағдайында, оны оқыту жене тәрбелеуде қалыптасады. Тұлғаның дамуының, сонымен қатар барлық психикалық сапалар мен үрдістердің қозғаушы күштері не?
Психология тарихында бүл мәселені шешуде екі бағыт қалыптасты: биогенетикалық және социогенетикалық. Биогенетикалық бағыттың түсіндіруінше, тұлғаның дамуы биологиялық, тұқым қуалау факторымен анықталады. Социогенетикалық көзқарас бойынша тұлғаның дамуы қоршаған әлеуметтік ортаның тікелей ықпалының нәтижесі ретінде қарастырылады.
Жеке түлғаның дамуы туралы шет елде қабылданған белгілі теориялардың қателігі жеке түлғаның дамуыңда түқым қуалау мен ортаның мәнін түсіндіруде емес, онда жеке түлғаға әртүрлі ықпалдарды механикалық түрде түжырымдайды, ол "ойыншық" ретінде қарастырылады. Соған сәйкес жеке түлғаның белсенділігі жоққа шығарылады.
Жеке түлғаның психикалық дамуының қозғаушы күштері адамның өзгермелі іс-әрекетіндегі қажеттіліктермен және қанағаттандырудың шын мүмкіншіліктерінің арасындағы қарама-қайшылықта анықталады.
Егер де іштей тұлға ортаға мәнді тәуелді болса, әлеуметтік психологияда суреттелетін және түсіндірілетін адамдардың қарым-қатынасымен және өзара іс-әрекетімен байланысты оның мінез-қүлқының түрлеріне жатады.
Әлеуметтік психологияда кең тараған теориялардың ішіңде әлеуметтік үйрету теориясы жатады. Ол әлеуметтік психологияның бөлімі және пәні ретінде тұлғаның әлеуметтенуін қарастырады.
Әлеуметтенуді қоғамдық тәжірибені индивидтің меңгеру және белсенді өндіру үрдісі, соның нәтижесінде ол тұлға болып қалыптасады және өмірге қажетті білімді, дағдыны, ептілікті меңгереді. Демек, белгілі міңдеттерді шешу барысында олармен қарым-қатынас және іс-әрекет жасау қабілеттілігі деп түсінеміз. Әлеуметтену - бұл адамның қоғамдық өмірдің тәжірибесін меңгеруінің жан-жақты үрдісі.
Әлеуметтенудің басқа да факторлары -- еліктеу, сендіру, әлеуметтік фацилитация, басқаның айтқанына көнгіштік (конформизм).
Еліктеу -- бұл басқа адамдардың тәжірибесін тұлғаның саналы немесе санасыз қайта жаңғыртуы, оның ішінде мұның қозғалысы, қылығы, сырт пішіні және іс-әрекеті.
Сендіруді үрдіс ретінде қарастыра отырып, оның нәтижесіңде адамның қатынас жасайтын басқа жолдардың ішкі тәжірибесін, ойларын, сезімдерін, психикалық жағдайларын санасыз қайта жаңғырту іске асады. Сендіру тетігі арқылы басқа адамдардың көңіл-күйін білеміз, дұрыс түсінеміз.
Әлеуметтік фацилитация -- бұл бір адамдардың мінез-құлқының басқа адамдардың іс-әрекетіне ынталандырушылық ықпалы, оның нәтижесінде іс-әрекет ерікті, белсенді және интенсивті іске асады (фацилитация -- жеңілдету мағынасында қолданылады). Еліктеу және сендіру фацилитациямен бірге жүреді, ол көптеген жағдайда таныс, жақын адамдардың төңірегіңде көрінеді.
Таныс емес, шет адамдардың арасында қолайсыздық, берекеті кету сияқты балаларда қарама-қарсы құбылыс -- әлеуметтік ингабиция анғарылады (ингибиция -- тежелу деген мағынаны біддіреді).
Әлеуметтік ингибиция тұлғаға жаңа әлеуметтік тәжірибені меңгеруін кедергі келтіреді және әлеуметтенуге қарсылық білдіреді.
Әлеуметтік психологияда басқаның айтқанына көнгіштік (конформизм) сияқты әлеуметтену тетігіне ерекше мән беріледі. Конформизм дегеніміз адам мінез-құлқының бір түрі. Ол саналы түрде қоршаған ортадағы адамдардың көзқарасымен алшақтық байқағанына қарамастан іштей олармен келісімге барады. Конформизм -- басқаның айтқаньша көнгіштік, қоршаған ортадағы адамдармен қарым-қатынастың өзіне артық қиындық туғызбау үшін басқаның айтқанына көну, келісімге келу.
3-тақырып. Тұлғаның даралық психологиялық ерекшеліктері. Темперамент.
1.
Темперамент туралы жалпы түсінік
2.
Темпераменттің физиологиялық негіздері
3.
Темперамент туралы теориялар
4.
Темпераменттің түрлері және оның сипаттамасы
5.
Темпераментті қалыптастыру және тәрбиелеу
Темпераменттің төрт түрін кездестіре аламыз: сангвиникалық, флегматикалық, холерикалық және меланхоликалық.
Темперамент туралы ілім ерте кезде пайда болған. Ертедегі грек медицинасының көрнекті өкілі Гиппократ (б.з.д. V ғ) және оның шәкірттерінің айтуынша, адам ағзасының жағдайы негізінен адам ағзасында болатын шырындардың немесе сұйық заттардың сандық арақатынасына байланысты (қан, шырын, өт). Осы сұйық заттардың араласу пропорциясы грекше "красис" деп аталады. Рим дәрігерлері жүздеген жылдар кейін жұмыс істеген бұл ұғымды латын тілінен алынып, кейіннен келіп "темперамент" термині шықты. Белгілі адам анатомы және дәрігері б.з.д. II ғ. өмір сүрген Гален алғаш рет темпераментті жан-жақты жіктей отырып, сипаттама берді. Ол темпераменттің санын 13-ке дейін жеткізді. Кейіннен бүл темпераменттің саны төртеуге дейін жинақтадды. Олардың әрқайсысы белгілі бір сұйық заттың басымдығына қарай сипатталды.
Ағзада сұйық заттардың бірігуінде қанның пропорциясы басым болса, сангвиникалық темперамент деп аталды (латын сөзі "сангвик" - қан); сүйық заттардың бірігуінде шырьшның пропорциясы басым болса, флегматикалық темперамент деп аталады (грек сөзі "флегма" - сөл); сары өттің пропорциясы басым болса, холерикалық темперамент деп аталады (грек сөзі "холэ"-сары ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz