Ж.Жабаевтың өмірі мен өнер жолы жайлы
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Жамбыл - қазақ әдебиеті ғана емес, әлем әдебиеті тарихында орны бар ірі тұлға. Жүз жылдық ғұмырының тоқсан жылын өлеңге арнаған ақын,тоқсан мен жүз арасында әлемді таңдандырған суреткер әдебиет қана емес, өнер тарихында да көп кездеспейді. Сондықтан әдебиетшілер оған айрықшы назар аударып келеді.
Жамбыл - өлеңдерінің поэтикасына айрықша назар аудару қажеттігіне көп көңіл бөлген ғалымдардың бірі Н.Смирнова болатын. Ол ауыз ауыз әдебиеті дәстүрінен нәр алған ақынның жаңа заман туралы жырларында осы ықпалдың әсері қандай болуы керек деген мәселені қозғайды. Алайда, түрлі объективті, субъективті себептерге байланысты ол ойларын терең, түбегейлі зерттеулермен дәйектей алған жоқ.
Бұл мәселе Е.Исмайылов, Ә.Тәжібаев зерттеулерінде де қозғалады.Е.Исмайлов замана мүмкіндік берген деңгейде ақын жырларының көркемдігіне қатысты пікірлер айтады.НегізіненЖамбыл жырларындағы саяси-әлеуметтік мәселелер төңірегінен ұзамайды. Поэтикалық талдаулардан гөрі тақырыптық, идеялық талдаулар, шығарма мазмұнындағы саяси-әлеуметтік ойларды көрсету, осы мақсатта Жамбыл қолданған образ теңеулерге тоқталады.
Отан сүйгіштік, советтік патриотизм идеяларының Жамбыл шығармашылығында жырлануы, Октябрь мен оның көсемдерінің бейнесінің жасалуы, Ұлы Отан соғысы кезіндегі оның басшыларының халықты жауға қарсы ерен істерінің ақын шығармашылығында бейнеленуі Қ.Бейсембиевтің еңбектерінде жан-жақты айтылған. Әрине, зерттеушінің бастыназары ақын жырларына негіз болған саяси-әлеуметтік идеяларға арналғандықтан, көркемдік мәселелері тиіп-қашты ғана сөз болады. Онда да саяси, идеологиялық сипатты теңеулерге арналады.
М.Базарбаев зертеулеріндегі көңіл аударатын маңызды өзекті бір мәселе - қазақ поэзиясындағы Жамбыл дәстүрі. Оның қандай дәрежеде болғанын 1936-1950 жылдар арасындағы қазақ поэзиясының жалпы бағытымен таныс жандардың барлығы да біледі. Зерттеуші осы әсердің қазақ әдебиеті үшін екі ықпалын атап көрсетеді. Бірі, Жамбыл жырларының қазақ поэзиясын шын мәнінде айрықша дамытқаны. Жамбыл үні - халық үні болып естіліп, қабылданды. Заман ахуалы сондай болды. Оған миллиондар сенді, ерді. Оны тарихымыздан алып тастау түгіл, сызып тастау да мүмкін емес. Екіншісі, қазақ поэзиясының даму жолында Жамбылға еліктеушілер аз болған жоқ. Әрі бұл отызыншы-елуінші жылдардағы қазақ поэзиясындағы басты бағыттарының бірі болды. Бұл айтылғандар курстық жұмыстың өзекті мәселесі болып отыр.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті. Жамбыл поэзиясына жазба әдебиеттің әсері арқылы пайда болған өлеңдерге назар аудару. Жамбыл жырларындағы жазба поэзия бейнелеу құралдарына тән белгілерге, әдіс-тәсілдерге осы үлгіде жырланған шығармаларға жан-жақты талдау жасау.
Ж.Жабаевтың дастандарының тарихи мәні, маңызын, қазақ поэзиясынан алатын рөлін айқындай түсу. Жамбыл поэзиясының өзіндік ерекшелігі поэтикасын ғаламат шебер пайдаланғанын және оны сонша жасқа келгеніне қарамай табан астында суырып салып айтқан өнерпаздығын жеткізе білу.
Курстық жұмыстың нысаны: ретінде қазіргі қазақ поэзиясының көш басында тұрған Ж.Жабаев дастандарын оқытудың практикалық мәні ерекше.
Бұл айтылған тұжырымдардың дені біздің зерттеу обьектіміздің практикалық мән-маңызын одан әрі айқындап, бекіте түседі. Ж.Жабаевтың жалпы әдеби шығармашылығын жаңа көзқараспен оқытудың практикалықмаңызы зор екеніне осы іздену барысында анық көз жеткіздік деп айтуға болады.
Курстық жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, негізгі екі тараудан, қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.
І. АҚЫНДЫҚ ӨМІР
0.1. Ж.Жабаевтың өмірі мен өнер жолы
Жүз жасаған бәйтерек Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылық өнері ғибратты. Есмағанбет Ысмайыловтың жиырма бес жылдан аса уақыт үздіксіз зерттеген тақырыбы ХХ ғасырдағы халық ақындарының шығармашылығы еді. Ол әсіресе, жыр алыбы Жамбылдың поэзиясына айрықша назар аударды. Халық ақындарының традициясын сақтаған аұын (Социялистік Қазақстан 1938ж.20 мамыр), Халық жүрегі (Лениншіл жас 1938ж.№5), Ортақ ақын (Қазақ әдебиеті 1938ж. 10 сәуір) атты мақалалары бір жылдың ішінде жарық көрді. Одан бергі жылдары да ғалым Жамбыл шығармашылығын зерттеуден қол үзген жоқ. Ұлы ақынның өмірі мен шығармаларын жан-жақты талдағанекі монографиясын Ақындар (1950), Ақындық өмірі (1965), жарыққа шығарды.
Жамбыл Жабаев 1946 жылы ақпан айында қазіргі Жамбыл облысы Шу-Көктерек ауданының жерінде Жамбыл тауының бауырында туған.Ұлы жүз Шапырашты ішіндегі Екей руынан делінген. Әдебиетші М.Жолдасбеков, С.Садырбаев, Н.Төреқұловтар да өз еңбектерінде осылай келтірді.
Жамбылдың өсіп-өнген топырағында ән-күй, ақындық - жыраулық өнер айрықша биікке көтерілген. М. Әуезовтың қазақ халқында ерекше дамыған айтыс өнері ХІХ ғасырдан бергі жерде өзге жерлерде саябырсып, Жетісу, оңтүстік өлкелерінде шоғырлана бастайды деуінде үлкен тарихи себеп бар. Біріншіден, Қазақстанның өзге өңірлерін ертерек шарпыған отаршылдық ел ішінің дәстүрлі қалпына өктемдігін жүргізіп, шырқын бұзып үлгергенде, Жетісу алабы әзірше қағаберісте еді. Екіншіден, бұл өңірдің ертеден тамырын тереңге жайған өнерпаздық дәстүрі шын мәнінде ХІХ ғасырдан бергі жерде айрықша биік өреге көтеріліп еді. Осы кезеңде Жетісуға сонау Арқадан ұлы Абайдың келуі, Біржан, Шашубай, балуан Шолақ сияқты дауылпаз әнші-ақындардың келуі, Таластан - Жалайыр Түбектің келуі, оңтүстіктен - Майкөт пен Майлықожаның келуі, Атыраудан - Құрманғазының келуі, сөз жоқ, ең алдымен олардың алыстан жаңғырығы жеткен ұлы өнер мектебіне деген ұмтылыстарына байланысты еді.
Жамбыл Жабаев туған кезде орыс әскерінің алды, шолғыншылары Қаратал бойына, 1848-49 жылдары Іле өзені бойларына жетіп, 1852-53 жыдары орыс әскерлері Алматы, Талғар, Қаскелеңге келеді. Әрі қарай жетісу еліне жақындайды. Қоқан хандығының қанаушылық озбырлығынан ығыр болған еңбекші халық - орыстың қол астына қараса аз да болсын бұрынғы көрген қорлығымыз жеңілденер деген үмітте болды. Осы мақсат, үмітте Жетісу елінің Сұраншы, Сарыбай сияқты басты батырлары орыс әскері қатарында қызмет етті.
Жетісудің еңбекшіл халқы Ресейдің қол астына қарағанда Қоқан хандығының қатал үстемдігінен құтылғанымен, жалпы қоғамның таптық езушіліктен құтыла алған жоқ. Керісінше кедейлердің тұрмысы күн санап ауырлай берді. Бір жағынан қазақ еңбекшілері өзінің ішінде бай, феодал сұлтандардың қанауын көрсе, екінші жағынан, отаршыл патша әкімдерінің зорлығын, әкімшілік-саяси, рухани қысымын көреді.
Е.Ысмайылов Елінің Қоқан талауына, Қоқан шапқыншылығына ұшырағанын естіп, шет жағасын көзі көрген. Сондай-ақ патша әкімшлігі мен феодал, сұлтандардың халықты қалай қанағанын білген Жамбылдың еңбекші халық өміріне байланысты болған.[1,48б]
Жамбылдың балалық шағы қатал мінезді әкеден гөрі ақындыққа бейім шешесі Ұлданның тәрбиесінде көбірек өтеді. Ұлданның өзі ақын болмағанмен өлең-жырды, ескі күйлерді аса жақсы көріп, құмартып тыңдайды екен. Ұлданның нағашысы Қанадан атақты қобызшы болыпты. М.Жолдасбеков Жүз жасаған жүрек атты зерттеуінде Қанаданның шығу тегіне толық тоқталып өткен. Ал Н.Төреқұлов Жүз жасаған бәйтерек еңбегінде Қара қобызды Қанадан.-деп Қанадан жайында сөз етеді екен. Жамбылдың домбыра тартып, ақындық жолға түсе бастаған кезінде Ұлдан үнемі - Балама ғана нағашысының өнері қонған.-деп отырады екен.
Жамбыл Жабаевты әкесі жас кезінде молдаға оқуға берген, бірақ ол қанша оқыса да араб, парсы тілі арласқан ескі пәнін оқуынан ешнәрсе өндіре алмайды. Есіл-дерті молдадан, әкесінен жасырып домбыра тартып, өлең айтуға талпыну болады. Сондықтан ақын өзі туралы:
Он жаста ойнап жүрдім бала болып,
Өлеңге бөлдім көңіл алаң болып. - дейді.
Әке тәрбиесінен өзінше бір ұстап қалғаны жылқы малын бағып, қағуға, асауды үйретіп мінуге икемділігі, қайраттылығы. Жамбыл жас кезінен домбыра мен өлеңге қандай үйір болса, мықты,асау ат, құнандарды үйретіп, жаратып мінуге, жылқыны бағуға да аса құмар болады,[1,56 б] - деп Е.Ысмайыловтың көрсеткеніндей, сол сияқты С.Мұқановтың еңбегінде жазылған: Жакең 97 жасына дейін атына салт мініп жүрді.1942 жылға дейін салт атпен алатаудың биігіндегі Құлансаз деген жайлауға да шықты. Машинаға мініп жүрміз ғой, - деді Жәкең 1938 жылдың жазында, үйіне сәлем бере барып отырған үкімет адамдарына, - бірақ оның тас жолға, құрғақ жолға, жазық жолға жүйрік екен. Мен өзім таудың биігін жайлап өскен кісімін. Оған шықпай көңілім көншімейді. Машина бергендеріне тәңірі жарылқасын. Енді маған бір жақсы ат тауып беріңдер, өзі жорға, өзі жуас ат болсын. - Сол жылы өкімет сатып әперген күрен жорғаны Жәкең 1944 жылға дейін мініп жүрді [2,97б] деуі дәлелдей түседі.
2.ЖЫР АЛЫБЫ - ЖАМБЫЛ
2.1. Жамбыл өлең жырларының көркемдігі
Жамбыл жырларының кезіндегі Кеңес одағы әдебиетіне орасан зор әсері барлық зерттеулерде де айтылып келеді. Әрине оның бәрі аударма арқылы, тіпті жүз жасаған ақынмен кездесулер үстіндегі әсерлерден туындаған, аңыз тәрізді әңгімелер арқылы да таралды. (Тихонов,Ландау т.б) СССР халықтары әдебиетіндегі Жамбыл атты кандидаттық диссертация қорғаған Г.Нұрымгереева еңбктерінде Жамбыл жыры арқылы қазақ поэзиясының өзге халықтар әдебиетіне ықпалы кеңінен қозғалды. Жамбыл өмірбаяны мен шығармашылығына арналған ғылыми зерттеулер арасында Жамбыл және оның ақындық дәстүрі атты М.Жолдасбековтың докторлық жұмысының орнының айрықша екенін айтамыз.
Жамбыл жырлары мен өлеңдері, толғаулары туралы зерттеулер арасында бүгінгі күн талабына сай пікір айтып еңбектер жазған ғалымдар шығармалары нақты зерттеулердің де арнайы объектісі болуға лайық деген ойдамыз. Осылардың арасында Жамбыл аудармалары туралы арнайы зерттеу жасаған Ж.Ахметжанованың еңбегінің орны айрықша екенін айтамыз. Жамбыл аудармаларының түпнұсқаға сай болуы өте қиын. Оның алуан түрлі объективті, субъективті себептері бар. Мыңдаған жылдарға созылатын қазақ тілінің көркем бояулары мен алуан түрлі реңктерін еркін меңгерген ақын өрнектерін өзгертпей аудару мүмкін емес тәрізді. Алайда соған ұмтылуға тиіспіз. Шығарманың мазмұны мен көркемдігінің нобайын ғана жеткізуді мақсат қылу бүгінгі талапқа мүлде сай келмейді. Бұл болашақтағы үлкен істердің басы ғана. Осы жолдың басында көркем аударманың басты табыстары мен қиындықтарына нақты талдаулар жасап, болашақ істерге қатысты батыл байламдар айтудың аса қажетті іс екенін ескеруіміз қажет.
Жамбыл поэзиясының көркемікі туралы елуінші жылдардан бастап орнықты ой айта бастаған ғалымдардың бірі М.Базарбаев болатын. Әсіресе, соңғы сексенінші жылдардағы еңбектерінде ұлы ақын мұрасына дәуір замана талаптары тұрғысынан қарау мен халыққа қымбат қазынасындай жырлар қалдырған ақын шығармашылығына поэтикалық тұрғыда талдаулар жасауға ұмтылу байқалады. М.Базарбаевтың қай еңбегін алсақ хылық поэзиясының алыбына айналған амбылдың көркемдік ізденістеріне ден қою, өлең толғауларындағы түрленіп тұрған сөз сырларына үңілу басым түсіп отырады.[3;142]
Жамбылдың қазақ елінің жаңа ғасырдағы әр қадамына үн қосу ресми иделогия тапсырыстарына ғана емес, оның дүниетанымдық түсінігі мен әлеуметтік белсенділігінен екенін көрсете отыра, жалпы адамзат баласының адалдық пен адамдық, бостандық пен биіктік жолындағы ерліктерін жырлау, өмір мен табиғат құбылыстарының сұлулығын мадақтау Жамбыл поэзиясының табиғатында қашан да болғанын көрсету талабымен ұштасады.
Әрине, ғалымның ертеректе жазылған еңбктерінде Жамбыл шығармашылығының көркемдігі мен мазмұны Ленин идеялары мен комунистік партия басшылығынан деген тәрізді пікірлердің барлығын да ескеруге тиіспіз.
Жамбылдың ел бостандығын, халық бақытын мәнгі армандағаны белгілі. 1936 жылдан кейінгі көргендерін осы арманының жүзеге асқанындай саналғаны да белгілі.
Сондықтан да халық мақтанышы тәрізді айтыла бастаған әр құбылысқааза жеңіске Жамбылдың мадақ, мақтаныш жырларын арнағаны шындық. Алайда, осы жырлардың өзегіндегі азаматтық әуен мен Отаншылдыққа толы сезімдер суретінде зорлана сөйлеу мен жасанды әуездердің байқалмауы зерттеушіні ойға қалдырады.
Жамбылдың табиғат, адам, өмір құбылыстарын бейнелейтін лирикалық жыр, өлеңдеріне талдау жасайды: Алатау, Жаз, Көктем даңқы ,- Май т.б өлеңдерін талдау, арқылы адамның рухани әлеміне сыртқы орта сұлулығының әсері қанша болса, осы қатынасты сақтауда адамның рөлі де соншама зор болуға тиіс деген ойларына тоқталады.
Жамбыл өз жырларында ұйқас, ырғақ, өлең өлшемдерінің сан алуан түрлерін асқан шеберлікпен пайдланған ақын екенін зерттеушілердің көпшілігі айтып келеді. М.Базарбав зерттеулерінде де осы ойлар нақты талдаулармен дәйектеледі және Жамбыл ұйқастарының өлең, жыр көркемдігін дамытудағы қызметі көрсетіледі. Мәселен, оның өлеңдеріндегі асқан шеберлікпен қолданылатын шұбыртпалы ұйқас өлеңге иннотациялық өткірлік, әуезділік береді деген ой айтады. Осы ұйқасты өлеңдерде ой тасқыны мен сөз тасқынының үндестікке келуінің де көркмдікке ықпалы аз емес екені көрсетіледі. Жамбыл өлеңін аударушыларға кездесетін үлкен қиыншылықтың бірі де осы өріліп жатқан ой тасқыны мен сөз тасқыны үндестіінде болса керек.
Жамбыл өлең тілінің халыққа түсінікті, жатық, әуезді, үнді болуын қалаған ақын. Оның өлеңді домбыраға қосып шығаруы мен айтуы арасында ғаламат үндестік бар. Ақын ішкі сезімдерінің ағыны мен әсерлерін осы үндстікті сақтай отыра шегіне жеткізіп айтып бере алған. Жамбыдың байымдауынша өлеңдегі маңызды нәрсе сөз. Сондықтан оны қодануда сақ болған жөн. Түрлі қосындылар мен бұралқы сөздерден өлеңнің таза болғаны дұрыс. Зерттеуші Жамбылды әрбір сөздің орнын тауып қолдануда тендесі жоқ ақындықтың, шеберіктің үлгісі деп біледі. Онда кездесетін архаизмдер әдетте ежелгі заманалар ұғымын, түсінігін, әсерін әкелсе, кейде мүлде жаңа мағынаға да ие боып отырады.
Ақынның ақындық шеберлігі туралы зерттеулерінде М.Жосдасбеков оның өлеңдері мен толғауларының көркемдігі, тақырыптық-идеялық бағыттары мен өзіндік ерекшеліктері туралы ойлар айтады.
Ақын Менің өмірім шығармасында он жастан өлеңге көңіл бөлгенін, он бес - он алтыда ауыл таныған ақын болғанын, он жеті жасында жаңа биікке самғап шыққанын айтады.
Той десе он жетіде тартынбадым,
Семсердей майдандағы жарылқадым.
Ақынды ауылға ермек басып озып,
Жұлдызай көзге түсіп толқындадым.
Осы жолдарды оқығаннан кейін, ақынның Әкеме өлеңін айтатын болсақ, онда он жетісінде Семсердей майданда жарқылдаған, Жұлдызай көзге түсіп толқындағанақынның айтқаны деп ойлауға, танымға қайшы болар еді. Әкеме өлеңі Семсердей майданда аузынан шықты деуге лайықты емес, бұл - ақындық жолды батыл қалап алғанмен, әлі де шеберлігі таңыла қоймаған жасөспірім ақынның өлеңі деуге лайықты шығарма. Осы жайларды ескере отырып, біз Жамбылдың Әкеме өлеңінің он төрт-он бес жасар шағында, Сүйінбай мен Сарыбайдан бата алғанға дейін шығарылған деген К.Әзірбаевың пікірін шындыққа жақын деп білеміз.
М.Жолдасбеков Жамбылдың 1917 жылдан бұрыңғы шығармаларындағы шындықты айту мен ұнамсыз міңез-құлықтарды көрсету, ел билеген ұлықтар мен болыстардың әлсіз жандарды зорлық пен қанаушылыққа ұшыратуы жайлы айтады. Ғалым Жамбылдың Шағым, Кедей күйі, Сәт сайланарда, Мөңке туралы, Шалтабайға, Қалиға, Көкімге т.б өлеңдерінде Сүйінбай әсері анық байқалады дейді. Шындыққа сүйене, адам бойындағы мін, кемшілігін бетіне айту ақын поэзиясынан мұраланған асырларды жаңа жағдай мен дәуірге орай жаңалай және нақты жағдайға сай қолданылатын аңғаруға болады. Алайда, көптеген зерттеушілер осы пікірді айтқанмен оның шеберлік тұрғысынан зерттеле қоймағанына ғалым назар аударады. Ал, ел қорғаған батырлар мен тарихи қайраткерлерді бағалауда Жамбыл халықтық көзқараста болған. Жамбыдың Кеңесары бастаған қозғалыс туралы ойлары оның Сыздық сұлтанға деген өлеңінде тамаша бейнеленгендігін көрсете отыра ғалым ұлы жыраудың Кенесарыға деген құрметі анық көрінеді деген пікір айтады. Алайда, Жамбыл поэзиясының көркемдігі туралы талдауларын ғалым Кеңес үкіметі тұсындағы жырларына арнайды. Көптеген шығармаларды көркемдік тұрғыдай талдай келе оарды идеялық - тақырыптық көркемдік мақсаттарына орай топтап көрсетеді.Және олардың өзегіндегі басты көркемдік ізденістерді талдайды
Қарт жыраудан таса қалған тақырып жоқ десе де болғандай: кедей өмірі, жастық шақ, қайта жасару, туған ел, Коммунистік пария қайраткерлері, келбеті өзгерген өмір, жер дәулеті, ел сәулеті, халқтар достығы, табиғат тамашасы, Отан қорғау патриотизм, кәрілік т.б. [3:150]
Жамбыл кеңес үкіметіне дейін қай тақырыпты жырласа да басты назары кедей өмірінде, олардың мұңы мен зарында болды.
Зерттеуші Жамбылдың Қазан мен Коммунистік парияны, оның көсемдерін жырлағанын көрсете келе ондай жырларды халық поэзиясынан келген оқи-жаза алмайтын Жамбыл түгіл саяси сауатты барша қаламгерлердің жазғанын айтады.
М.Жолдасбеков Жамбыл жырларындағы әлеуметтік тақырыптардың молдығын халықтар достығы мен еңбек адамдарына, Ұлы Отан мен Москваға т.б. жырлаудағы ақын қолданған әдіс-тәсілдерді айта келе басты назарды адам өміріне, табиғатқа арнаған жырларына назар аударады. Жамбыл жырларында туған жер Жетісу табиғатының алатын орны ерекше. Оның небір сұлу көріністерін Жамбылдың басқа тақырыптық жырларындағы, теңеулер мен психологиялық егіздеулерге негізделетін шумақтарды кездестіруге болады. Жамбыл өлеңдерінде Асқар Алатау бейнесі ерекше. Ақын табиғат құбылыстарын жырға қосқанда кейіптеуге жиі барады. Адам таң қалатын жанды бейнелерді өмір туралы өз ойларымен ғана емес, әлеуметтік тақырыптармен де қалыптастырып айрықша әсер тудырады. Сол арқылы өлең толғауды үнемі халықтың көңіл-күйімен, замана әлеуметтік өмір ахуалымен байланыстырады.
Зерттеуші Жамбыл өлеңдеріндегі небір асыл сөздер мен ажарлы тіркестердің қайнар бұлағы қазақтың төрт түлікке байланысты сөздері мен сөз тіркестерімен ұғымдарынан екеніне тоқталады. Көптеген өлеңдеріне көркем талдау жасау арқылы Жамбылдың ол сөздерді әр кез жаңа сипатта, жаңа ұғымда қолданатынына көз жеткізеді.
ЗадындаЖамбыл - қазақ жырына тұнықтан тартқан маржандай сымбатты образдар, көптеген қымбат, жаңа тіркестер, ырғақ ұйқастар қосқан, сөйтіп сөз өнерін байытқан жанашыл, байтақ ақын, - деген зерттеуші байламдары Жамбыл поэтикасының негіздерін дөп басып тұр.
Табиғатынан ақындық дарыған жас талаптың көкірегін өлең кернеп, он төрт-он бес жасында біржолата ақындық жолына түседі. Әрине, жас ақынның алғашқы қадамы өзі қалаған өнердің оң-солын бағамдау, үйрену кезеңінен басталады. Жамбылдың туа бітті алғырлығы, тапқырлығы, өжет-өткірлігі, тілге шеберлігі мен әзіл-оспаққа бейімділігі, сондай-ақ бір естіген өлең-жыр, ұзақ толғауларды есінде сақтағыш зерделілігі ел өмірінің кез келген тақырыбына еркін баруына жол ашады. Сондықтан арынды талант ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz