Өсімдік майын алу технологиясы



Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Өсімдік майын алу технологиясы

Өсәмдәк майларын алу технологиясы келесі стадиялардан тұрады:

- Шикізатты алу және сақтау
- Ұрықтарды тазалау және кондиционерлеу
- Ұрықтарды қабығынан ажырату
- Ұрықтарды майдалау.
- Мезгіні бумен өңдеу, қуыру
- Майын алу
- Майды тазалау (рафинация)
- Ыдыстарға орнату және сақтау

Ұрықтарды тазалау және кондиционерлеу. Өндіріске келіп түскен ұрықтарды
тазалап, майлы және басқа қосындыларынан тазалайды. Оларға органикалық,
минералдық, құрастырушылары жатады, ал май қосындыларына май мәденитінің
дефекті дәндері жатады. Тазалуды сито мен ауа ағындары арқылы өткізеді.

Тазалап болған соң ұрықтарды ылғалдығы бойынша кондиционерлейді, яғни, дән
ылғалдығын белгілі бір дәрежеге дейін жеткізеді. Егер ылғалдығы жоғары
болатын болса, кептіреді немесе төмен жағдайда бу арқылы оны
жоғарылатады.Осылайша, мақта дәндерінің ылғалдығын 10 - 12%ға дейін
жеткізеді. Ал ылғалдығын арттырудың негізгі мақасаты - өңдеу кезінде дәннің
шаң – тозаңы аз болуы.

Өңделуге жіберілетін мақта немесе күнбағыс майының ылғалдылығы алдығңы
сақтау кезінен төмен болады, яғни технологиялық жұмыстар сапамен ұштастыра
жүргізілу үшін оны кептіріп алады.

Ұрықтарды қабығынан ажырату. Қосындыларынан тазартылған және
кондиционерленген ұрықтарды ендігі сатдияда қабығынан айырады. Кейбір
өсімдік ұрықтарын тазалау кезінде оның қабығымен бірге көп ядросы кетіп
қалады, сондықтан оларды бөлек тазалайды. Оларға мак, лен және т.б.
өсімдіктер жатады. Сонымен қатар өсімдік майларын алу кезіндегі шикізаттар
қабықты және қабықсыз болып та бөлінеді.
Бірінші топқа пісте және мақта дәндері жатады. Оларды ұру (күнбағыс немесес
пісте), кесу (мақта) немесе бұдыр бетке жыру арқылы қабығынан ажыратады.

Қабығынан айырғанда пайда болған дәндер түрлі өлшемді араласпа болады,
себебі қабығын алу кезінде кейбір дәндер бөлшектеніп те кетеді. Сонымен
қатар онда қабықтар қалдығы, қабығы тазаланбай қалып кеткен дәндер, бүтін
және бөлшектенген ядролары т.б. болады.

Ұрықтарды майдалау. Дәннен майдың шығуын артттыру үшін оның жасушаларының
көбірек ашылуы қажет. Майдалаған кезде бірқалыпты және біркелкі езінде
жақсылап алу маңызды. Бірақ, тым қатты майдалап, ұнға айналдырып жіберген
де дұрыс емес, себебі ол майдың бөлінуін керісінше қиындатады. Оптималды
езінді деп құрамындағы жасуша қабықтарының 70% ашылған жағдайда айтады.
Майдалану сапасына дәннің температурасы мен ылғалылығы әсер етеді. Егер де
дән құрғақ болса, ол ұнтақ ретінде майдаланады. Негізі жақсы сапа материал
ылғалдығы 5 - 6% болған жағдайда алынады. Оларды 5 валды арнайы майдалау
машианаларында майдалайды.
Мезгіні бумен өңдеу, қуыру. Бұл операция май алу операцияларлың неізгісі
болып табылады. Аынған езіндінің құрамындағы дәннің ұрығының плазмалық
гелінен майды бөліп алу – осы термоөңдеулердің неізгі көздеген мақсаты. Май
қабықшасы мен плазма арасына өткен су тамшысы майды тамшылы ылғалды түрге
айналдырады, сонымен қатар бұл кезде плазмалы гел ісінеді. Құрғақ езінді
ылғалдану нәтижесінде форма алғыш қасиет алады.

Майын алу. Майдың максималды түрде шығару үшін, оның алу кезіндегі ұрықтың
құрамындағы барлық қасиеттер толық сақталыну керек, яғни осыған дейін
болған барлық процестер дұрыс жасалынуы – шарт. Майды алудың дәстүрлі
түріне пресстеу жатады, бұл процессте майдың алынуы аса жоғары бола
бермейді, қазірші заманда экстракционды әдісті жиі қолданады, яғни бұл
процессте органикалық ерітінділер пайдалану арқылы, шикізат қалдығына
(шротқа) небәрі 0,8 – 1,2% май қалдырады, бұл өте жоғары көрсеткіш
болғандықтан, дәннен май максималды түрде алынды деп есептелінеді.

Майды пресстеу үздіксіз жұмыс жасайтын шнекті аппараттарда жүргізіледі.
Олардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәнді қоспалардан тазалау
Қамырды қамыр бөлгішке беру
Тәжірибелік өндірістік цехтар
Тағамдық майлар майын өңдеу
Рапс майлы дақылының күздік сұрыптарының Жамбыл облысында бейімделушілігін анықтау
Кейбір майлы дақылдардың дәндеріндегі майдың мөлшері
Еркін майлы қышқылдар
Май құрамын анқытау
Эфир майлы дақылдар
Күнбағысты өсіру агротехникасы
Пәндер