Сұраныс мен ұсыныстың өзара әрекеттестігі


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Коммерциялық емес акционерлік қоғам

Алматы энергетика және байланыс университеті

Экономикалық теория негіздері

СЕМЕСТРЛІК ЖҰМЫС №2

16 - нұсқа

Орындаған: РЭТк-14-3

тобының студенті

Мұратқызы Жұлдыз

Тексерген: э. ғ. к., доцент

Нұрпейіс Е. М

Алматы, 2016

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

Берілгені . . . 4

1 есеп . . . 5

2 есеп . . . 5

3 есеп . . . 6

Қорытынды . . . 7

КІРІСПЕ

«Экономика» термині екі мың жылдан астам уақыт бұрын пайда болған. Ол гректің «ойкос» (үй, шаруашылық) және «номос» (заң) деген сөздерінен құралған. «Экономия» терминін ең алғаш рет Ксенофонт үй шаруашылығын жүргізудің саналы ережелерін қарастыратын өзінің шығармаларының атауы ретінде енгізген. Экономикалық теория ресурстардың шектелген жағдайында қажеттіліктерді қамтамасыз етуді көздеген адамдар мен топтардың материалдық игіліктері мен қызметттерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтынудағы іс-әрекеттерін зерттеп, талдайтын қоғамдық ғылым.

Экономикалық теорияның зерттеу мәселесіне қарай келесідей екі бөлімі болады:

Микроэкономика жеке өндірушілер қызмет-әрекеттерін, кәсіпкерлік капитал мен бәсекелік ортаның қалыптасу заңдылықтарын зерттейді. Мұнда жеке тауарлардың бағасы, жұмсалған ресурстар, шығындар, кәсіпорынның қызмет атқару механизмі, бағаның құрылуы, еңбекке ынта және т. б. жағдайлар талданады.

Макроэкономика микропорциялардың негізінде қалыптасатын ұлттық экономикалық жүйенің қызмет-әрекеттерін зерттейді. Мұның зерттеу объектісіне ұлттық өнім, бағаның жалпы дәрежесі, инфляция, жұмыспен қамту жатады. Экономикалық теория жалпы ғылымдар жүйесінде белгілі қызметтер атқарады. Олар танып-білу қызметі, яғни ол қоғамдық экономикалық өмірдегі процестер мен көріністерді зерттеп түсіндіре білуі керек. Сонымен қатар, тәжірибелік қызметі, яғни ұтымды шаруашылық жүргізудің принциптері мен әдістерін жасау, экономикалық өмірді реформалаудың экономикалық стратегиясын ғылыми тұрғыдан дәлелдеу, т. б. экономикалық теорияның үшінші қызметі қоғамдық дамудың ғылыми болжамын және перспективасын жасауды қамтиды.

Есептің берілгені

Есеп 1. Сұраныс қисығы (түзуі) Qd=40-2P, ал ұсыныс түзуі Qs=10+3P формулаларымен берілген. Пайданы есептейміз, егер AVC=3, FC=16.

Есеп 2. Жалпы ішкі өнімдерді табыстар және шығыстар ағымы бойынша анықтаймыз, егер несиеге пайыз 12 трлн тенге, жалпы жеке инвестиция - 55, экспорт - 12, жалақы - 218, корпорацияның бөлінбеген пайдасы - 113, бизнеске жанама салық - 22, ренталық төлемдер - 20, корпорацияның пайдасына салық - 50, импорт - 3, мемлекет сатып алулар - 90, таза жеке инвестиция - 45, меншіктен табыс - 21, мемлекет кәсіпорындарға таза субсидиялар - 2, халыққа трансферттік төлемдер - 25, тұтыну шығыны - 310.

Есеп 3. Кәсіпорынның негізгі қорларының орташа жылдық құны 100 млн теңгені құрайды, яғни ғимарат - 20 млн. тг (амортизация нормасы - 7%) ; құрал-жабдықтар 15 млн. тг (10%) ; ЭВМ - 5 млн. тг (12%) ; көлік - 50 млн. тг (10%) ; басқалары 10 млн. тг (12%) . Жыл бойы өндірілген өнімнің құны 120 млн. тг. Сызықты әдіс бойынша есептелетін амортизация сомасын және қор қайтарымдылықты анықтаңыз.

Есептің шығарылуы:

Есеп 1.

Нарықтық экономикада сұраныс пен ұсыныстың бітпейтін өзара әрекеттестігімен сипатталады.

Сұраныс дегеніміз - адамдардың тауар сатып алуға талабы мен қабілеттілігі. Баға мен бағадан тыс факторлар сұранысқа ықпал тигізеді.

Сұраныс қисығы - сұраныс заңының графикалық бейнеленуі.

Ұсыныс дегеніміз - сатушылардың рынокқа тауарларды стау үшін ұсынудағы талабы мен қабілеттілігі. Ұсынысқа баға мен бағадан тыс факторлар әсер етеді.

Ұсыныс қисығы - ұсыныс заңының графикалық бейнеленуі.

Сұраныс мен ұсыныстың өзара әрекеттестігі баға механизмі мен бәсеке негізінде іске асырылады. Бұл сұраныс пен ұсынысты теңестіріп, тепе-тең бағаның құрылуына әкеліп соғады.

Тепе-теңдік бағаны және өндіріс көлемін табамыз

40-2P=10+3P

30=5P

P=6 - тепе-теңдік баға

Qd=40-2*6=28 - өндіріс көлемі

Шығын

TC=AVC*Q+FC=3*28+16=100

Есеп 2.

Жалпы ішкі өнімдерді табыстар бойынша есептеу:

жалақы-218+ меншіктен табыс - 21+ ренталық төлемдер - 20+ корпорацияның бөлінбеген пайдасы - 113+ несиеге пайыз 12 трлн тенге+ мемлекет кәсіпорындарға таза субсидиялар - 2+ бизнеске жанама салық - 22+ корпорацияның пайдасына салық-50+капитал тұтынудың төлемі -10( жалпы жеке инвестиция - 55- таза жеке инвестиция - 45= 464(ақша бірлігі)

Жалпы ішкі өнімдерді шығындар бойынша есептеу:

тұтыну шығыны - 310+ мемлекет сатып алулар - 90+ жалпы жеке инвестиция - 55+ экспорт-12-импорт -3= 458 (ақша бірлігі)

ТҰӨ=ЖІӨ-капитал тұтынудың төлемі=464-10=454

Ұлттық табыс=ТҰӨ(454) - бизнеске жанама салық -22+ мемлекет кәсіпорындарға таза субсидиялар-2=434(ақша бірлігі)

Есеп 3.

«Амортизация» термині тікелей мағынада негізгі қорлардың өлімі жоқтығын, олардың тозуды толтыру, қалыптасу мүмкіндіктерін білдіреді.

Амортизация процесі негізгі қорлардың қызмет ету уақыты ішінде өзінің құнын бөлектеп шығарылатын өнімге ауытыруын және тұтынылған негізгі қорларды өтеу үшін осы құнның келесі пайдалануын айтамыз.

Ажыл=20·0. 7+15·0. 1+5·0. 1+50·0. 1+10·0. 12=9. 7 млн теңге

Фқайтарым=120 млн тг. / 100 млн тг. =1. 2

(яғни, 1 теңгеден 1. 2 тенгеге негізгі фондылық өнімдер аламыз)

ҚОРЫТЫНДЫ

Қорыта келе мен бұл есептік-сызбалық жұмыста есептерді шығарып үйрендім. Бірінші есеп бойынша сұраныс пен ұсыныс деген ұығымдардың мән мағынасын жетік түсініп, тепе-тең бағаны және өндіріс көлемін анықтадым. Ал екінші есеп бойынша жалпы ішкі өнімді табыстар және шығындар арқылы есептеп шығардым.

Үшінші есепте «Амортизация» терминімен танысып, сызықты әдіс бойынша есептелетін амортизация сомасын және қор қайтарымдылықты анықтадым.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Макроэкономикалық тепе-теңдіктің классикалық теориясы
Сұраныс функциясы
Нарық механизмінің негізгі элементтері: сұраныс
Сұранысқа әсер ететін факторлар
Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеті
Ұсыныс және оның факторлары
Экономикалық ғылымда сұраныс пен ұсыныстың арасындағы қатынасты бөлшектеп қарастырғандай басқа сұрақ талданбаған шығар
Тауарлар мен қызметтер құндарының қалыптасуы туралы балама теориялар
Жалақының теңестірілген деңгейі
НАРЫҚТЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ. Нарықтың мәні мен пайда болу жағдайлары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz