Ұлттық өндірістің нақты деңгейі


№1-ші есеп.
Кестені толтырамыз (фирма жетілген бәсеке нарығында әрекет етеді, ал
FC=16) :
Есептің шарты бойынша алдымен бізге белгілі және белгісіз шамаларды анықтаймыз.
Q - тауарға сұраныстың көлемі;
TC - Жалпы шығындар - фирманың өнімді өндіруге және оны сатуға жұмсайтын барлық шығындарының жиынтығы: TC = FC + VC;
Орташа шығындар АТС - бұл шығарылған өнімнің бірлігіне жұмсалатын жалпы шығындар:
АТС = TC / Q;
Шекті шығындар МС - бұл өнімнің қосымша бірлігін өндіру үшін қажет қосымша шығындар.
MС = ΔTC / ΔQ;
P - тауардың бағасы.
TR - түсім, Түсім дегеніміз - тауарлардың бағасы мен сатылған тауар мөлшерінің көбейтіндісі: TR = P*Q;
MR - өнімнің әр қосымша бірлігін өндіру жалпы шығындарды өсіреді (МС шекті шығындар көлеміне) және жалпы ақшалай түсімді (MR шекті ақша түсімінің колеміне) арттырады. Осыған байланысты шекті табыстармен (MR-marginal revenue) шекті шығындардың (MC-marginal costs) айырымы, яғни пайда, (P2-provit) өседі:
P2 = MR - MC; Осыдан MR=P-MC;
PR=TR-TC=P*Q-(FC+VC) ;
Осы мәліметтерді пайдаланып кестені толтырамыз:
№2-ші есеп.
Кестеде берілген мәліметтерді пайдаланып, жалпы ұлттық өнімді, таза ұлттық өнімді және ұлттық табысты есептеңіз.
Алдымен экономикалық терминдердің экономикалық мағынасын анықтайық:
Жалпы Ұлттық Өнім (ЖҰӨ) - макроэкономикалық жиынтық көрсеткіш. Бір адамға шаққанда нақты ЖҰӨ-нің өсімі халықтың тұрмыс деңгейінің басты көрсеткіші болып табылады. ЖҰӨ бір елдің нарықтық баға бойынша есептелген, жыл бойы шығарған дайын өнімін құрайды. Басқа елдерде көптен бері кең қолданылып келе жатқанымен, отандық тәжірибеге 1988 жылдан енгізілген. Бір адамға шаққанда нақты ЖҰӨ-нің өсімі халықтың тұрмыс деңгейінің басты көрсеткіші болып табылады. ЖҰӨ бір елдің нарықтық баға бойынша есептелген, жыл бойы шығарған, дайын өнімін құрайды. Оған сол елде және сол елдің иелігіне жататын, шет елдерде шығарылған өнім құны да кіреді. ЖҰӨ-нің жалпы ұлттық табыстан айырмашылығы - оған өндірістік және өндірістік емес негізгі қорлардың амортизациясы және өндірістік емес жүйелер мен сыртқы экономикасы қызметтен түсетін табыстар да қосылады.
ЖҰӨ-ді есептеудің бірнеше әдістері қалыптасқан:
- Қосымша құнды, шығынды және табысты қосу арқылы;
- Барлық кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің, халық ш-нда материалдық игіліктер өндіретін халықтың еңбекақысы мен басқадай табыстарын, әлеуметтік қамтамасыздандыру төлемдерін, пайда мен басқадай табыстарды, сондай-ақ, амортизациялық төлемдерді қосу арқылы.
Таза ұлттық өнім - өндірілген өнімнің өнім шығару барысында тозған өндіріс құрал-жабдығын ауыстыру (амортизация) үшін қажет бөлігін шегеріп тастағандағы жалпы ұлттық өнім. Демек, жалпы ұлттық өнім - брутто болса, Таза ұлттық өнім - нетто. Жалпы ұлттық өнім капиталдың тозымпұлын шегеріп тастағандағы жалпы ұлттық табысқа тең, ал таза ұлттық өнім таза ұлттық табысқа тең. Таза ұлттық өнім - өнім көлемінің неғұрлым жетілдірілген көрсеткіші, өндірістің осы жылғы таза көлемінің өлшеуіші.
Ұлттық Табыс (ағылш. national income ) - елдің халық шаруашылығында немесе материалдық өндіріс саласында белгілі бір кезең (әдетте бір жыл) бойына жаңадан жасалған күннің макроэкономикалық көрсеткіші, жалпы қоғамдық өнімнің оны өндіруге жұмсалған шығынды шегергеннен кейін қалатын бөліп, елдіңәлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылаушы көрсеткіші.
Жалпы ұлттық өнімді табыстар және шығындар бойынша есептейміз.
ЖҰӨ(табыс) =ЖҰӨ(шығын)
ЖҰӨ = С+G+І+Х; Мұндағы: С - жеке тұтыну шығындары; G - мемлекеттің сатып алуы; І - жалпы инвестициялар, Х - таза экспорт. 2. Табыстар бойынша есептеу шаруашылық іс-әрекеттер субъектілерінің табыстарын бөлу және табыстар төлемімен байланыссыз бөлінетін қаржылардың құрылу тәртіптерін сипаттайды: ЖҰӨ =W+R+I+P; Мұнда: W- жалдамалы жұмысшының жалақысы; R - ренталық төлемдер; I - жинақ капиталының пайызы (%) ; P- фирма мен корпорацияның пайдасы.
ЖҰӨ(табыс) =194 + 0 + 40 + 0 + 12 + 15 + 12 = 273.
ЖҰӨ(шығын) = 164 + 52 + -3 + 60 = 273.
ТҰӨ = ЖҰӨ - А; ТҰӨ =273 - 12 = 261.
ҰТ = ТҰӨ - ж. с. Мұнда: ж. с. - жанама салықтар. ҰТ=261 - 15 + 0 = 246.
Жауабы: ЖҰӨ= 273, ТҰӨ=261, ҰТ=246.
№3-ші есеп.
Ұлттық өндірістің нақты деңгейі қалай өзгеретінін анықтаңыз, егер:
А) номиналды ЖІӨ 10%-ға артса, ал бағалар деңгейі 7%-ға артса;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz