Ж. Жабаев творчествосын зерттеудің қазіргі жай-күйі мен маңызды мәселелері



Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

Тіл және әдебиет теориясы кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Ж. Жабаев творчествосын зерттеудің қазіргі жай-күйі мен маңызды мәселелері
Пән: ХХ ғ. екінші жартысындағы қазақ әдебиетінің тарихы
5В020500 - Филология мамандығы

Орындаған: Шохтыбаева Д. Р., күндізгі оқу
бөлімінің 4 курс студентті

Ғылыми жетекші: Тасмағамбетова З.Ж., филология
ғылымдарының магистрі,
аға оқытушы

Курстық жұмыс қорғауы
болған күні ___ _______2017ж.
бағасы_________________

Қостанай, 2017
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 Жамбылдың өмірі мен өнер жолының сабақтастығы ... ... .4
1.1 Ж. Жабаев творчествосын зерттеудің қазіргі жай- күйі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
1.2 Жамбыл шығармаларындағы өзекті мәселелер ... ... ...12
2 Жамбылдың шығармашылығы туралы зерттеулер ... ... ...15
2.1 Жамбыл Жабаев шығармашылығының ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
2.2 Жыр алыбы Жамбылдың айтыс өнеріндегі орны ... ...20
2.3 Жамбылдың жұмбағы мен құдіреттілігі ... ... ... ... ... .. .22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Кіріспе

XX ғасырдың Гомері атанған әйгілі суырыпсалма ақын Жабыл Жабаевтың шығармашылығы әр кез әр алуан зерттеу объектілерінің нысаны болып келе жатыр.
Е. Ысмайылов өзінің саналы ғұмырында ақындар шығармашылығын өте көп зерттеген ғалым, соның ішінде халық ақындары, әнші-ақындар, ең бастысы, біздің өзіміздің зерттеу нысаны етіп отырған Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығын өте көп зерттеді деуге әбден болады. Сондай сүбелі зерттеулердің нәтижесінде Ақындар, Жамбыл және халық ақындары, Ақындық өмір атты зерттеу кітаптары дүниеге келді. Бұл еңбектердің қай-қайсысы болса да кезінде зор бағаға ие болған, халық ілтипатына ерекше бөленген бағалы еңбектер, ақынға атақ - абырой, ғылыми дәреже алып берген бұл кітаптардың дені әлі күнге дейін өз маңызын жойған жоқ деп айтуға әбден болады. Жамбыл Жабаев шығармашылығын бір ғана Е. Ысмайылов зерттеді десек қателесеміз. Жамбыл шығармашылығы жөнінде М. Әуезов, С. Мұқанов, М. Қаратаев, М. Жолдасбеков, С. Негимов, С. Садырбаев, т.б. зерттеулері жамбылтану ғылымына қосылған мол үлестер деп санаймыз. Әсіресе соңғы уақыттарға дейін осы салада жемісті еңбектеніп келе жатқан С. Садырбаев зерттеулерінің алар орны ерекше. Сол еңбектерінің ішінде Фольклор және Жамбыл деп аталатын монографиясының ғылыми мәні зор, жамбылтанудың жаңа бір белесі деп атауға болады. Сондай-ақ Н. Төреқұловтың Жамбыл және Кенен (1978), Жүз жасаған бәйтерек (1982), Алатау асқарынан жыр асырған (1996) деп аталатын кітаптарының қай-қайсысы болса да құнды, мәнді, ғылыми және әдеби тұрғыдан тағылымы өте мол еңбектер екені сөзсіз.

І Жамбыл Жабаев ғұмырнамасындағы негізгі мәселелер

Жүз жасаған бәйтерек Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылық өнері ғибратты. Есмағамбет Ысмайыловтың жиырма бес жылдан аса уақыт үздіксіз зерттеген тақырыбы XX ғасырдағы халық ақындарының шығармашылығы еді. Ол әсіресе, жыр алыбы Жамбылдың поэзиясына айрықша назар аударды. Халық ақындарының традициясын сақтаған ақын (Социалистік Қазақстан 1938ж., 20 мамыр), Халық жүрегі (Лениншіл жас 1938ж., №5), Ортақ ақын (Қазақ әдебиеті 1938ж., 10 сәуір) атты мақалалары ббір жылдың ішінде жарық көрді. Одан бергі жылдары да ғалым Жамбыл шығармашылығын зерттеуден қол үзген жоқ. Ұлы ақынның өмірі мен шығармаларын жан-жақты талдаған екі монографиясын Ақындар (1950), Ақындық өмірі (1965) жарыққа шығарды. Е. Ысмайылов бұл еңбектерінде Жамбылдың өмірі, ақындық ортасы, өнер салты туралы мәселелерге кеңірек тоқталды.
Жамбыл Жабаев 1846 жылы ақпан айында қазіргі Жамбыл облысы Шу-көктерек ауданының жерінде Жамбыл тауының бауырында туған. Ұлы жүз Шапырашты ішіндегі Екей руынан делінген. Әдебиетші М. Жолдасбеков, С. Садырбаев, Н. Төреқұловтар да өз еңбектерінде осылай келтіреді.
Жамбыл Жабаев туған кезде Жетісу елі Орта Азияда қатал үкімін жүргізіп тұрған Қоқан хандығының қол астына қарайтынын көрсетеді. Ол кезде Орта Азиядағы Қоқан-Бұхар хандықтарына таяу үстемдік етуші ағылшын отаршылдарының ықпалы бар екендігін, сондай-ақ Қоқан хандығының қазақ халқына айрықша қатал үкім жүргізуінің екі түрлі себебін айтады. Оның бірі - қазақтың негізгі рулары кіші жүз бен орта жүз XVIII ғасыодан бері ерікті, еріксіз түрде Ресей қол астына қарап, онымен шаруашылық сауда-саттық қарым-қатынасын күшейтіп, ол экономикалық әсер XIX ғасырдың орта кезінде оңтүстіктегі қазақтар арасында да жайыла бастады. Ресейден келген капитализмнің күшті әсері оңтүстіктегі қазақ арасына жайылуына Қоқан хандығының бөгет жасағысы келді. Екіншіден, XIX ғасырдың 30-40 жылдарында Ресейдің саяси шаруашылық ықпалы қазақ даласына, Орта Азияға күшті жайылып жатқан кезде Қоқан хандығы Ресей әскерінің алдынан өзіне тіректі қорғану орындарын сайлап алмақ болды. Осы жағдайда Жетісудағы қазақ руларының, соның ішінде Жамбылдың руы Шапыраштының XIX ғасырдың 40-50 жылдарындағы тіршілігі өте ауыр еді, дей келе ғалым Е.Ысмайылов Жамбыл туған жылы қыс ішінде, боранды күнде, елдің үркіп, үдере көшуінің себебін түсіндіреді. Көшіп келе жатқан бір бөлек ауыл Екейдің Жапа сияқты жалшы кедейлерімен қатар Әшекей деген Дулаттың белгілі байынікі еді. Жапа соның әрі қоңсысы, әрі жалшысы. Артынан қуып келе жатқан жаудың бетінде, ұйтқып соққан боран астына да, көш жөнекей түйе үстінде Жамбылдың шешесі Ұлдан толғатып, ықтырма күркеде босанады, көш ертеңінде тағы жүріп кетеді деп, - Ысмайылов Жамбылдың дүниеге келген сәтін баяндайды. Әдебиетші Нысанбай Төреқұлов Жүз жасаған бәйтерек атты еңбегінің Боранды күні туған бала тарауында бұл сәтті кеңірек жазады. Бұл Жамбылдың әке-шешсінің де, өзінің де өміріндегі де аса бір ауыр кезең еді. Жамбылдың өзінің туған кезі туралы айтқан өлеңі оны дәлелей түседі:
Қақаған қар аралас соғып боран,
Ел үрей-көк найзалы жау торыған.
Байғара, Жамбыл, Ханда мен туыппын,
Жамбыл деп қойылыпты атым сонан.
Ел үркіп жүрген кезде күні-түні,
Қар қауып, мұз түскен Жамбыл екем,
Жұтынып суық ауа шыққан үні.
Сары аяз кө жөнекей боран күні,
Мен емес, суық демді ел де алыпты,
Тарылтқан қысаң заман кең жарықты.
Қара күн хан билеген қанды жорық,
Дегендей ел аузында сөз қалыпты... [1, 320 б.].
Жамбыл Жабаев туған кезде орыс әскерінің алды, шолғыншылары Қаратал бойына, 1848-49 жылдары Іле өзені бойларына жетіп, 1852-53 жылдары орыс әскерлері Алматы, Талғар, Қаскелеңге келеді. Әрі қарай Жетісу еліне жақындайды. Қоқан хандығының қанаушылық озбырлығынан ығыр болған еңбекші халық - орыстың қол астына қараса аз да болсын бұрынғы көрген қорлығымыз жеңілденер деген үмітте болды. Осы мақсат, үмітте Жетісу елінің Сұраншы, Сарыбай сияқты басты батырлары орыс әскері қатарында қызмет етті.
Жетісудің еңбекшіл халқы Ресейдің қол астына қарағанда қоқан хандығының қатал үстемдігінен құтылғанмен, жалпы қоғамдвқ таптық езішіліктен құтылған жоқ. Керісінше кедейлердің тұрмысы күн санап ауырлай берді. Бір жағынан қазақ еңбекшілері өзінің ішінде бай, феодал сұлтандардың қанауын көрсе, екінші жағынан, отаршыл патша әкімдерінің зорлығын, әкімшілік-саяси рухани қысымын көреді.
Е. Ысмайылов Елінің Қоқан талауына, Қоқан шапқыншылығына ұшырағанын естіп, шет жағасын көзі көрген. Сондай-ақ патша әкімшілігі мен феодал, сұлтандардың халықты қалай қанағанын білген Жамбылдың ой-пікірі еңбекі халық өміріне байланысты болған, [2, 144 б.] - деп көрсетеді.
Жамбылдың балалық шағы қатал мінездіәкеден гөрі ақындыққа бейім шешесі Ұлданның тәрбиесінде көбірек өтеді. Ұлданның өзі ақын болмағанмен өлең-жырды, ескі күйлерді аса жақсы көріп, құмартып тыңдайды екен. Ұлданның нағашысы Қанадан атақты қобызшы болыпты. М. Жолдасбеков Жүз жасаған жүрек атты зерттеуінде Қанаданның шығу тегіне толық тоқталып өткен. Ал Н. Төреқұлов Жүз жасаған бәйтерек еңбегінде Қара қобызды Қанадан, - деп Қанадан жайында сөз етеді. Жамбылдың домбыра тартып, ақындық жолға түсе бастаған кезінде Ұлдан үнемі - Балама ғана нағашысының өнері қонған, - деп отырады екен.
Жамбыл Жабаевты әкесі жас кезінде молдаға оқуға береді. Бірақ ол қанша оқыса да, араб, парсы тілі араласқан ескі пәнін оқуынан ешнәрсе өндіре алмайды. Есіл-дерті молдадан, әкесінен жасырып домбыра тартып, өлең айтуға талпыну болады. Сондықтан, ақын өзі туралы:
Он жаста ойнап жүрдім бала болып,
Өлеңге бөлдім көңіл алаң болып - дейді.
Әке тәрбиесінен өзінше бір ұстап қалғаны жылқы малын бағып-қағуға, асауды үйретіп мінуге икемділігі, қайраттылығы. Жамбылдың жас кезінен домбыра мен өлеңге қандай үйір болса, мықты, асау ат, құнандарды үйретіп, жаратып мінуге, жылқыны бағуға да аса құмар болады, [3, 56 б.] - деп Е. Ысмайыловтың көрсеткеніндей, сол сияқты С. Мұқановтың еңбегінде жазылған: Жакең 97 жасына дейін атына салт мініп жүрді. 1942 жылға дейін салт атпен Алатаудың биігіндегі Құлансаз деген жайлауға да шықты. Машинаға мініп жүрміз ғой, - деді Жакең 1938 жылдың жазында, үйіне сәлем бере барып отырған үкімет адамдарына, - бірақ оның тас жолға, құрғақ жолға, жазық жолға жүйрік екен. Мен өзім таудың биігін жайлап өскен кісімін. Оған шшықпай көңілім көншімейді. Машина бергендеріңе тәңірі жарлықасын. Енді маған бір жақсы ат тауып беріңдер, өзі жорға, өзі жуас ат болсын. - сол жылы өкімет сатып әперген күрең жорғаны Жәкең 1944 жылға дейін мініп жүрді [4, 97 б.] деуі дәлелдей түседі.

1 Жамбылдың өмірі мен өнер жолының сабақтастығы

Жамбылдың туған мекені бұрынғы Әулиеатаның маңайы, Шу өңірі. Тегі - кедей шаруа, жасында діни мектеп есігін ашқанымен, шала молданың шатпағына шыдамаған Жамбыл оқуды тастап кетеді.
Талантты жас Жамбыл, оқу оқып, білім ала алмаса да, қаршадайынан өлең-жырға, шешендік сөзге әуестеніп, өзінің суырып салма ақындық өнерге икемділігін таныта бастайды.
Жас Жамбылдың алғашқы өлеңдері негізінен адамдар жөнінде, олардың іс-әркеттері мен түрліше ауыл оқиғалары жайында болады. Байлар мен кедейлердің арасындағы қайшылықтар да оның сана-сезімінен сырт қалмайды. Жамбылдың алғаш ақындық атын шығарған өлеңі - Шағым. Бұл кезде ол небәрі он бес жаста екен. Өлеңінде діни оқудың жас буынға зияндылығын айтады. Таяқтың астына алып, дүрелеп оқытатын молдалардың жаттанды діни оқуын өткір сынға алады. Өлеңнің әр жолы келекеге толы:
Оқымаймын молдадан
Не оқытпақшы ол маған?
Бала келсе сабаққа.
Жем дәметкен дорбадан,
Ақ сәлдесін төңкеріп,
Көзін жұмып теңселіп,
Күн ұзынға боздаған.
Ақынның келесі өлеңі - Кедей күйі. Бұл өлеңінде феодалдық патриархалдық өмір болмысын, кедейлерді қанау арқасында ғана өмір сүріп отырған байларды батыл санайды. Ел ішіндегі кесапаттың барлығы байлардың қорқаулығы мен өкімет билігін түгелдей өз қолдарына алған би-болыстардың озбырлығынан деп біледі.
Жас Жамбылдың алғашқы өлеңдері бүкіл Жетісу өңіріне даңқы жайылған Сүйінбай ақынға ұнайды. Кейін қарт Сүйінбай жас Жамбылдың ақын ретінде қалыптасуына көп ықпал еткен. Жас ақынның талантын байқап қалған Сүйінбай Аронұлы оған мынадай кеңес береді: Балам, өлеңің жүректің терең түкпірінен жарып шығатын болсын. Жырларың жекелеген адамдарға ғана емес, бүкіл халыққа жағатын болсын. Сенің өлеңдерің адамдарға ақиқат пен әділдікті айтатын болсын. Жырлардың ел ішіне кең жайылып, ауыздан-ауызға таралып жүрсін. Сенің өлеңдерің өзіңнің айналаңда болып жатқан оқиғалар жөнінде болсын. Балалардың әбден жауыр қылып, таптап кеткен жеңіл жолын іздеуші болма [1, 105 б.].
Жамбыл содан бастап өлең шығару кейбіреулердің ойлайтынындай ерікеннің ермегі немесе тойынғанның толғауы емес екенін жақсы түсінеді, өлең шығару деген ең алдымен халық өмірін, оның тұрмыс халін көрсету, олардың көңіл күйін білдіру өнері екенін анық аңғарады. Алғашқы өлеңдерінде-ақ бай-манап, би-болыстарды әжуалай бастайды.
Жамбыл қазақ әдебиетінің мол қазынасынан көп нәрсені үйреніп тоқиды, өзінің төкпе ақынға лайық шеберлігін жетілдіре береді. Жамбыл айтыс кезінде көптеген ақындарды жеңіп отырған. Олардың ішінде айтыста ысылған Сарбас, Досмағанбет, Құлманбет сияқты атақты ақындар да бар еді. Бұл кезде суырып салма ақындық өнерін дамыта отырып, үлкен топшылаулар жасай алатын дәрежеге көтерілді, өмір шындығының көкейкесті мәселелеріне батыл бара білді, бұл жай оны өз заманының озық адамдарының қатарына қосты.
Жамбыл шығармашылығынң революцияға дейінгі кезеңінде айтыс үлкен орын алады. Ақындық шеберлігі мен әлеуметтік тақырыптың ұштасуы оның айтыстарын терең мазмұнды етеді. Мұның өзі айтыс кезінде оның өз қарсыластарын жеңіп шығуының алғы шарты есепті болатын. Жамбылдың ақын ретіндегі кемелдігі мен тапқырлығы, әсіресе, аты шулы Құлманбетпен айтысы үстінде көзге түсті:
Жақсылық жамандықты тексереді,
Кім жүйрік, кім шабаны екшеледі.
Елімннің ерлігімен мақтанамын,
Сырт дұшпан бізді көрген сескенеді.
Жалғыз-ақ сен болмасаң таз Құлманбет,
Қай ақынға бұл Жамбыл дос береді.
Батыр Саурық, Сұраншы жауда өлген,
Халық үшін шәйіт болып, жанын берген.
Елді қорғап өлгеннің арманы не?
Қылң қазақ құрметтеп соңына ерген.
Мақтанған байларыңнан оңғаны жоқ,
Төңіректің төрт бұрышын жалман өлген. [5, 46 б.]
Жамбыл қарапайым халық атынан сөйлейді, оның ой-пікірлері мен арман тілектерін білдіреді. Ақын жырының бұл ерекшеліктері оның Досмағанбетпен айтысы кезінде айрықша көрінеді. Тек хандар мен байларды ғана мақтап, оларды басына көтерген, қарапайым халықтың қайғысын көре білмеген Досмағанбетті Жамбыл екі жүзді деп айыптайды.
Жамбылдың ақындық серпіні әсіресе, айтыстағы ерен жүйрікті үлкен әңгіме. Оның ұстанған дәстүрі, шайырлық ерекшелігі, тапқырлығы біраз зерттеліп айтылған. Ұлы ақынның туғанына 100 жыл толуына арналып жасалған Жамбылдың айтыстағы өнері деген баяндамасында М. Әуезов айқынның айтыстағы шеберлігін, тапқырлығын терең талдап көрсетті. Айтыста ылғи жеңіске ие болып отыруының негізгі себептерін келтіріп, М. Әуезов былай дейді: Бар айтысында Жамбыл ел қорғаны болған азаматты арман етеді. Ел бағына туған ұлы азамат шықса, ел көзіндегі жасты тыйса екен, қиял мекеніне жеткізсе екен, жаңа күн туса екен дегеннің арманы. Ол арманның екінші жағы өз заманындағы байға, ұлыққа, қажы-молдаға, төре тілмашқа, болыс-биге ызалы, кекесін болу. Құлманбеттің байларын, Сарбастың жуандарын, Досмағанбеттің дін үгітін, Шашубайдың Байбұландай саудегерін, Бақия, Барлыбектей шенді төрешіктерін Жамбылдың кісі құрым көрмейтіні сол.
Айтыста осындай түйінді ұстап, түбінде сонымен жеңу Жамбылдың айтыстағы негізгі тәсілі, кілті болады. Мұндай дәстүрді бойына дарытқан Жамбыл, әрине, сөздің де асыл маржанын тереді, өткір, жетімді сөздерді іздейді.
Халық арасынан шыққан ақын-таланттарды тұншықтыруға тырысқан байлар мен мен патшаның әкімшілік өкімет орындарына Жамбыл батыл қарсы шығады, олардың арам пиғылдарын әшкерелеуге шақырады. Мұның айқын мысалы ретінде 1913 жыл Романовтар әулетінің 300 жылдығына байланысты өлең айтуды талап еткен Верный уездік әкімшілігінің бұйрығын орындаудан оның бас тартуын келтіруге болады.
Патшалықты дәріптеуге арналып, Верный (қазіргі Алматы) қаласында көрме ұйымдыстарылады. Қазақ байлары той құрметіне көптеген ақ үйлер тіктіріп, оның ішін әбден жиһаздайды. Байлардың және соларға ұқсас басқа да үстем тап өкілдерінің жағымпаздықтың әшкерелеп, Жамбыл сол жерде Өстепкеде атты өлең шығарады. Ол өзінің бұл өлеңінде былай дейді:Үсін, Найман саңлағы
Өстепкеде жиылдың,
Жолдың ұшып шаңдағын
Алматыға құйылдың,
Желді күнгі қамыстай.
Жапырылып иілдің,
Келтірдіңдер намысты,
Бек қорланып күйіндім,
Бүйтіп қызық көргенше,
Өзі жақсы үйімнің.
Шұлғымаймын сендерше,
Керегі жоқ сыйыңның,
Қор болмаймын өлгенше,
Өлеңіме-ақ сыйындым [3, 37 б.].
Қазақ кедейлері мен шаруаларының аянышты ауыр тұрмысы, олардың үстем тап өкілдері тарапынан езіліп, қаналып, азап шегуі Жамбылдың жанына қатты батады. Ол өзінің алдына еңбекші халыққа қызмет етуді, оның арман-тілектерін жырлауды асыл мұрат, қасиетті парыз етіп қояды.
Жамбылдың Құдайберген болысқа берген жауабы, Шағым, Әкеме, Пұшықтың ұрыға айтқаны, Жылқышы, Сыртың бір сұлу жан екен, Қуғын, Кедей күйі, Сәт сайланарда, Мәмбетке және басқа өлеңдерінде үстем тап өкілдерін аяусыз сынай мінегенін, оның әр уақытта еңбекші бұқараның ауыр өмірін жырлағанын көреміз.
1916 жылғы көтеріліс кезінде Жамбыл халықпен бір сапта болып, майданның қара жұмысына адам алу жөніндегі патша әміріне қарсы үгіт-насихат жүргізеді. Патша әкімдері халықтың наразыллығын байқағаннан кейін, қулыққа көшіп, айла-шарғы жасап, еңбекші халықты үгіттемек, алдамақ болады. Бұған қазақ ақындарын, олардың өлеңін, жырын пайдалануды көздейді. Патша әкімдері осы мақсатпен бір топ ақынды (оның ішінде Жамбыл да бар) Верный қаласындағы сарайлардың біріне алып келіп, қазақтардан қара жұмысқа адам алу жөніндегі патша әмірін мадақтап өлең айтуды талап етеді. Бірақ Жамбыл бұл жерде олардың өздерін әшкерелеп, масқаралайтын жыр шығарады. Сонымен жергілікті әкімшіліктің Жамбыл бастаған ақындар тобына деген бұйрығы іске аспай қалады. Патшаның жалдамалы күзетшілері әлгі ақындарды апта бойы қамаса да, оларды көндіре алмайды, ақырында босатып жіберуге мәжбүр болады.
Патша өкіметі халықтың ұлт-азаттық көтерілісін аяусыз жаншып басқаны, оған қатысқан адамдарды, әсіресе басшыларын ұстап жазалағаны тарихтан белгілі. Осы қаралы, ауыр күндердің куәсі болған Жамбыл Зілді бұйрық, Патша әмірі тарылды деген өлеңдер шығарады.
1916 жылғы халық-азаттық қозғалысы кезінде Жамбыл қуғынға ұшырайды. Жамбылдың революцияға дейінгі шығармашылығына тереңірек үңілетін болсақ, біз халық өміріндегі әрбір маңызды оқиғаға оның үн қатып, өзінің көптеген шығармаларында сол тұстағы терең әлеуметтік мәселелерді қозғап отырғанын көреміз. Бұл ақын туындыларының таптық мәнін аңғартады.
Бір жағынан патша әкімдерінің, екінші жағынан жергілікті бай-манаптардың қыспағына түскен халық үнемі қуғын көріп, зорлық зомбылыққа ұшырайды. Осы кезде, яғни жасы жетпіске келген шағында, Жамбылдың ақындық шабыты сарқылғандай болады.
Ұлы октябрь социалистік революциясының жеңісі Жамбылды рухтандырып, оған қайта қанат бітірді. Бұл жөнінде Менің бақытым атты әңгімесінде былай дейді: Мен шыңыраудан шығып, тамаша гүлдерді, жұпар иісті шөптерді, қыруар малдарды, сымбатты үйлерді көрдім. Мен нағыз күндерді көрдім, таудың асыл тасындай таза ауада тем алдым. Менің жаным да алма ағаштай гүлдеді, көзім жұлдыздай жайнап, кеудемді шаттық кернеді, өлеңдерім көктемдегі Іле өзеніндей тасыды, мен жасардым. Он сегіз жасар жігіттей шағыма келдім. Ұлы октябрь революциясының жеңісі арқасында қол жеткен теңдік пен азаттық тек Жамбылдың ғана қуанышы емес, сонымен бірге бұрын езіліп, қаналып, жаншылып келген барлық еңбекші халықтың жалпы қуанышы болғаны айқын.
Жиырмасыншы жылдардың басында Жамбыл бастаған халық ақындары қазақ ауылдарын социалистік жолмен қайта құру ісіне белсене араласты. Олар кеңестік жаңа өмірді асқан шабытпен, зор қуанышпен жырға қосты [6, 431 б.].
Жер ортасынан асып, егде тартып қалған, әрі тұрмыстың тауқыметін көп тартқан Жамбылға Октябрь шексіз қуаныш, мұқалмас қайрат және асқан шабыт берді. Ол қайта жасарғандай болды. Өлең шығаруды көптен бері қойып кеткен Жамбыл домбырасын қолға қайта алды. Ол Ұлы Октябрь социалистік революциясынан кейін халықтардың тең праволы, жаңа, жарқын өмірін асқан ынтамен жырлады. Революция мен еңбекші халықтың кемеңгер көсемі В.И.Ленин туралы өлеңдер шығарды. Ол өзінің көлемі жағынан үлкенді-кішілі өлеңдерінің көпшілігінде өз замандастарының жасампаз бейбіт еңбегін жырға қосты. Отаншылдық сезімге толы туындыларымен еңбекші халыққа жаңа құрылыстың мән-маңызын паш етті, оқушыны рухани жағынан байытып, олардың Кеңестік Социалистік Отанға деген сенімі мен сүйіспеншілігін арттыруға ат салысты.
Ақынның туған жері - Қазақстанның өз алдына отау тігіп, жеке, ерікті республикаға айналған күнінен бастап, Жамбыл ел өміріндегі әрбір тарихи оқиғаға үн қосып отырды. Мәселен, бай-кулактармен күрес, ауыл шаруашылығын ұжымдастыру, алғашқы бесжылдықтар, Кеңестік конституцияның қабылдануы, Ұлы Отан соғысы - осының барлығы ақын шығармаларынан көрініс тапты, бір сөзбен айтқанда, ол совет халқының еңбектегі және майдандағы ерлігін асқан шабытпен жырлады.
Кеңес дәуірі кезіндегі Жамбыл шығармаларының тақырыбы алуан, мазмұны терең, жоғары идеялы болып келеді [1, 12 б.].

1.1 Ж. Жабаев творчествосын зерттеудің қазіргі жай- күйі
Қазақ халқының ақындық өнерінің даму тарихында Жамбыл Жабаевтың алатын орны айрықша зор. Жамбыл және қазіргі халық поэзиясы немесе Жамбылдың асқан ақындық өнері, оның тамыр тартқан тереңі мен даму, жалғасу жолдары - қазіргі әдебиеттану ғылымының үлкен де күрделі, маңызды да мәнді мәселелерінің бірі.
Қазақ халқының көп ғасырлық тарихи-қоғамдық дамуына байланысты туған ақындық өнердің аса бір қиын және өте бір қызықты түрі - қынаптан қылыш суырғандай, табан аузында ойдан шығарып айтатын, суырып салма ақындық өнері еді. Осы бір таңғажайып, тамаша өнер ғасыр бойы атадан балаға мұра болып, күні бүгінге дейін сақталып келеді.
Қазақ ақындарының осындай өнерпаздық мектебінің қайталанбас дәстүрін еске алғанда Жамбылдың аты ерекше құрметпен аталады. Ақын деген қасиетті атты халық нағыз өнерпазға, табанына шаң жұқпайтын шын жүйріктерге ғана берген. Жамбыл - осы құрметті атаққа жастайынан ие болған ақын. Ол бұл өнердің халық бағалаған шын мағынасында майталман шебері болды. Жамбыл ғұмыр бойы ең басты тақырыпты - адамдардың достығын, бірлікті, өзара көмек пен махаббатты арқау еткен.
Жамбылдың ақындық дүниесі үлкен бір қазына. Данышпан ақынның туғызған құдіретті жырлары тыңдаушысы мен оқушысын әрдайым тамсандырған; әдебиет пен мәдениет әлемінде тың үн болып естілген, айта қаларлықтай жаңа оқиға болған-ды. Осы күні Жамбыл есімі әдебиетіміздің үлкен бір белесі, биігі болып тарихқа енді. Жамбыл еліміздің, кемелденген Қазақстанның баламасы ретінде шет жерлерде де танымал. Жыл өткен сайын сол мол қазынаны бір ақтарып, қайта бір оқып, қанағат тапқың келеді. Сондықтан да Жамбыл дүниесі әрдайым қайта басылып, қалың оқушы қауымға қайта ұсыныла бермек.
Қазақ әдебиетінің осы уақытқа дейін ескірмей, өзіне тән ерекшелігімен сақталып келе жатқан бір саласы - аса бай ауыз әдебиеті, әсіресе суырып салма ақындық өнер. Бұл бір сарқылмас бұлақ. Жамбыл сол бұлақтың қайнар көзі іспеттес.
Жүз жыл ғұмыр кешкен қарт ақын XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бірінші жартысында ел басындағы, халық өміріндегі әр алуан оқиғаларды, ұлы өзгерістерді көріп, жырына өзек еткен. Табан аузында, таудан аққан бұлақтай, төгілте айтатын ақын ғасыр бойы домбырасын қолдан түсірмей жырлағанын еске алғанда, оның қаншама өлең-жыр, дастандар селін ағытқанын шамалау қиын емес! Ақынның революцияға дейінгі шығармаларының көбі бізге толық жеткен жоқ. Ал, жеткендеріне назар аударса, шебер ақынның кер замандағы теңсіздікті күйіне жыр еткенін байқауға болады. Жамбыл еңбекші халықтың ауыр тұрмысына аяныш білдірді. Әділдікті, адалдықты, адамдықты, оған қоса ерлікті, бірлікті уағыздады. Жалғандық пен опасыздықты, халық мүддесіне жат нәрсенің қандайын болсын ащы әжуа, алмастай кесіп түсетін мысқылмен аяусыз шенеп отырды. Сөйтіп, ол демократиялық идеяны, озат гуманизмді жыр туы етіп ұстады.
Қазақ әдебиетінің алыбы Жәкеңді көзінің тірісінде қай елге барса халық зор ыстық ықыласымен қарсы алып, қабылдап отырды. Ақынның 1936 жылы қазақ әдебиеті мен өнерінің Мәскеуде өткен онкүндігіне, 1937 жылдың аяғында Шота Руставелидің Жолбарыс терісін жамылған батыр дастанының 750 жылдығына байланысты Грузияға барған сапары, 1938 жылы май айында өзінің шығармашылық өмірбаянының 75 жылдығына орай Қазақстанда өткізілген мерекелер тұсындағы күллі Кеңестер елі атынан көрсетілген риясыз құрмет, қуанышты қарсы алулар тарих парағына жазылды. Ақынды қай жерде де кездестірген халық Жамбыл, Жамбыл! Жәке! деген ерекше шаттанған дауыспен ұрандата қошеметтеген. Ақынның сол шығармашылық мерекесіне Алексей Толстой, Микола Бажан, Павло Тычина, Тоғалақ Молда, Ғафур Ғұлам, Қалық Ақиев, тағы басқа сол кездегі көрнекті сөз өкілдерінің келуі, өзіміздің Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Әбділда Тәжібаев, Тайыр Жароков, Қасым Аманжолов, Ғали Орманов, Дина Нүрпейісова, Күләш Бәйсейітова, Кенен Әзірбаев, Мәриям Хакімжанова, Қалибек Қуанышбаев секілді әдебиет, өнер саңлақтарының сол тойды ұйымдастыруы, дүние жүзінің барша елінен, сол елдердің қалам қайраткерлерінен құттықтау, 23 жеделхаттардың қарша борауы да Жамбыл есімінің төрткүл әлемге мәшһүр болғандығының айғағы [7, 43 б.].

Жамбыл шығармаларындағы өзекті мәселелер
Жамбыл ақындық айтысқа 17 -- 18 жасында араласып, көптеген өлең-жырларын Көрұғлы, Өтеген сияқты дастандарын да сол тұстарда жырлай бастаған:
Он жеті мен он сегіз,
Тал шыбықтай бұралған.
Жас ақын Жамбыл атақты,
Он үштен бастап сыналған.
Жүйесін тапқан жел сөзді
Үйсін, Найман құп алған,
Көрұғлы сұлтан, Өтеген,
Шежіресін тыңдаған.
Оның алғашқы ақындық жолы теп-тегіс тақтайдай болмаған. Талай қиындықтарға, жоқшылық-тапшылық, кедергіге ұшырап күншілдіктің, мергеніне кезігеді:
Жиырмаға жасым келгенде,
Ор текедей желгенде,
Алдымнан шыққан кес-кестеп,
Жолықтым талай мергенге.
Бұған Жамбыл жасымайды, қайта өршелене күресе түседі, ақындық өнері бүрынғыдан да тасқындай береді:
Асылдан соққан ақ семсер,
Келемін мен де қайыспай!
Тот баспадым, сынбадым,
Өзімді-өзім шыңдадым.
Қырғыз-қазақ жиылса
Топты жарып жырладым.
Бұл -- ақынның өмір өткелдері жайындағы алғашқы туындыларының бірі. Өз ғұмырнамасын Жамбыл 1938 жылы да жырлаған. Жамбылдьң ақындық жолға түсуінін, ең әдепкі адымы өзінің алдындағы белгілі ақындардың өлеңдерін, ел аузындағы өлең-жырларды жаттап айтудан басталады. Жас ақын Жетісу елінің, ертедегі салтымен бәдік, жарапазанды да көп айтады, көбіне күлдіргі, әзіл-қалжың, өлендер шығарады. Жарапазанды сылтауратып жас ақын бірде әйгілі Сүйінбайдың аулына келіп, Сүйекеңннің үйінің сыртынан ат үстінде өлеңді ағытып қоя береді. Жамбыл ұзақ жырлайды, Сүйекен жалықпай тыңдайды:
Ей, өлеңім келді жол шегіп,
Осынау елге алыстан.
Түн болды, үйге ен дейтін
Табылмай тұр таныс жан.
Ардақты үйдің иесі,
Рұқсат ет кіруге.
Бата бер менің жырыма
Куат бітіп үніме,
Кеділін тапсын елімнің,
Жар бол да, өзің жәрдем ет,
Жібер мені бір демеп...
Алдына келіп, бата сұраған талапкерлердің көбін көрген, бірақ дәл мынадай тұнық жырды көптен естімеген Сүйінбай жастықтан басын жұлып алып, ақын баланы үйге шақырады.
-- Шапыраштыда бір жыршы бала бар деуші еді, сол екенсің ғой, жоғары шық! -- деп Жамбылды төріне шығарады. Атағы алыс-жақынға бірдей тараған ақиық ақын мен жас қыран шын көңілмен ұғысып табысады. Ұлы ақынның өз өнеріне деген шын бейілін таныған Жамбыл неше алуан өлең-жыр тасқынын тасытып айтады. Келген қонағының жасы кіші болғанмен, өнері, ақындығы үлкен екендігін таныған, өз айналасынан осындай өнерпаздың өсіп келе жатқанына қуанған әрі риза болған қарт жырау: Осы шабысыңнан тайма! Өлең-жырыңды дауылдата бер! Жолың болсын! Бақытың ашылсын, балам! Шындықты айт, әділдікті жырла! Көне, тозығы жеткен жолға түспе, жаңа жол, даңғыл жолға түс! Өлеңің бүкіл халық сүйсініп көңілімен иіліп тьндайтын өлең болсын! Сенің көңіліңнің асылы патшаның қазынасынан да бай болсын! -- деп бата береді. Бұл Жамбылдың он бес жастағы кезі еді.
Сүйінбайдың өз тұсында аса ірі тұлғалы шешен, алғыр ойлы, парасатты ақын болғаны белгілі. Оның өлең, толғау, айтыстарынан реалистік, демократиялық, халықтық сипаттар айқын аңғарылады. Сүйінбай өз заманының, әділетсіздерін шен дәрежесіне, бедел-бедеріне қарамастан сынап отырған. Еңбекші бұқараны, оның арасынан шығып, қорғаны болған Сұраншы, Саурық, Сыпатай сияқты батырларды жырлаған, халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған [8, 19 б. ].
Жамбыл өз бойына Сүйінбай ұстазының ақындық, азаматтық өмірінің осы қасиетін дарытады. Оның Өтеген, Сұраншы, Саурық, Жабай батыр туралы дастандарын және Тезек төремен, қырғыз жыршысы Қатағанмен айтысын үйренеді. Шәкірттің жаттап алғыштық қабілеті бүл кездері аса ересен болса керек. Бір жолы Сүйінбай өзінің алдындағы жүйрік, ділмәр ақындарды еске ала отырып, Жанкісі жыраудан сөз қозғайды. Бұған Жамбыл жасымайды, қайта өршелене күресе түседі, ақындық өнері бүрынғыдан да тасқындай береді.
Жамбылдың ақын-жырау ретінде қалыптаса бастаған кезі Ресей отаршылары - бір жағынан, Қоқан қандығы - екінші жағынан, жергілікті жандайшаптар - үшінші жағынан қазақ халқын әлеуметтік - саяси қыспаққа алған шақ еді. Жаны сергек, санасы өрелі Жамбыл өзінің Шағым, Жылқышы, Шәбденге, Сәт сайланарда, Өстепкеде, Патша әмірі тарылды, Зілді бұйрық, сияқты өлеңдерінде елдің әлеуметтік - саяси өмірін ақындық шыншылдықпен, азаматтық жауапкершілікпен бедерлейді.
1941 жылы 22 июнь күні герман фашизмі Совет Одағының шекарасына опасыздықпен басып кірді. Ел басына ауыр күндер туғанда Жамбыл барлық көпұлтты совет халқының ақсақал - абыз атасы ретінде: саспаңдар, үрейленбеңдер деп ақыл айтты.
Жамбыл совет жауынгерлеріне арнап Москваға, Майданға хат, Алынбас қамал, Отан әмір деген өлеңінде қызыл қырандарға бұйрық тектес мынадай жігермен қайрат айтылады:
Аянбаған жауды алар,
Аянбаған мұндайда,
Дей көрмеңдер, жан қалар!
Шегінбе! - деп Отан тұр,
Шегінбе!- деп халық тұр,
Халық үшін бас тігу -
Партия айтқан жарлық бұл [2, 101 б.]!
Жамбыл ақындығы Ұлы Қазан социалистік революциясынан кейін Кеңес үкіметі тұсында мейлінше шарықтады. Оның поэзиясына жаңа идея, жаңа сөз, жаңа сыр берген социализм заманы, Сталин дәуірі болды.
Жамбылдың Қазан революциясынан бергі 28 жыл ішінде шығарған өлең, жыр, дастандары жалпы көлемі жағынан өте көп қазына: ақынның революциядан бұрынғы ақындық құрған 54 жыл бойы шығарған өлең, жырларындай екі, үш есе келеді; тақырыбы жағынан көп алуан: Жамбыл жырламаған тақырып жоқ деуге болады; ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әдебиет сабағында қолданылатын әдіс - тәсілдер жүйесімен танысу
Жамбыл және оның ақындық ортасы
Әдебиет сабағында көрнекіліктерді қолдануың тиімді жолдары
Мектепте Жамбыл Жабаев өлеңдерін оқыту жолдары
Жамбылдың Жабаевтың дастандары
Әдебиет сабақтарында көрнекілікті пайдалану жолдары
Сүйінбай Аронұлы туралы
Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақ әдебиеті туралы еңбектері мен сын мақалалары
Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақ әдебиетінің даму ерекшелігі
Қозы Көрпеш - Баян сұлу жырының Шөже орындаған нұсқасы
Пәндер