М.Әуезов өмірінің шығармашылығына әсері


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1. М. Әуезов өмірінің шығармашылығына әсері . . . 5
1. 1. М. Әуезов әңгімелерінің зерттелу тарихы . . . 7
1. 2. М. Әуезовтың тырнақалды туындылары . . . 9
М. Әуезов әңгімелерінің мазмұны мен идеясы . . . 11
М. Әуезов әңгімелеріндегі аяушылық көрінісі . . . 14
М. Әуезов әңгімелерінің тарихпен ұштасуы . . . 15
М. Әуезов әңгімелерінің тақырыптық ерекшеліктегі . . . 17
М. Әуезов ………. . шығармаларындағы әйел бейнесі . . . 24
Қорытынды . . . 26
Кіріспе
Әр ұлттың ұлы тұлғалары болады. Олар қаншама ғасырлар өтсе де сол ұлттың мөрі секілді санаға соғылып, адамзаттың ортақ құндылығына айналады. Ағылшындар үшін - Шекспир, француздар үшін - Бальзак, орыстар үшін - пушкин, үндістер үшін - Тагор, өзбектер үшін - Науаи, түрікмендер үшін - Мақтымқұлы, әзербайжандар үшін - Низами, қазақтар түшін, әрине, Абай. Ал сол Абайдың ұлылығы мен данагөйлігін ашқан Мұхтар Әуезов те өткен ғасырдағы қазақ әдебиетінің алыбы.
Мұхтар Омарханұлы Әуезов қазақ әдебиетінің алтын ғасырының бастауында тұр. Ол қазақ өркениетінің жаңа болмысын ашқан жазушы, ғалым, ұстаз, драматург, сыншы. Бір сөзбен айтқанда, энциклопедиялық ұшан-теңіз білім дариясының кемеңгері әрі ұлы қайраткері.
Мұхтар Әуезов - қайта жаңару мен өрлеу ауқымындағы тұлға. Мұндай алып тұлғалар қоғамның рухани өмірінің көптеген салаларында жарқырап жарық жұлдыз кейпінде көрінеді. Олар, тұтас алғанда, бүкіләлемдік мәдениетке күшті ықпал жасайды. Қайта өрлеу дәуірінің биік міндеттері оларды әрі қоғам қайраткері, әрі жазушысы, әрі ғалымы, әрі ұстазы болуға ұмтылдырады. М. Әуезов - тұңғыш режисері әрі ұйымдастырушысы, ол-тұңғыш журналисттер мен прозашылар санында, тұңғыш әдебиеттанушы, абайтанушы, республика Ғылым академиясының толық мүшесі болған тұңғыш жазушы.
- М. Әуезов өмірінің шығармашылығына әсері
Тоталитарлық замандағы идеологиялық күрес, таптық тартыс, жағдайында жарық көрген жас Мұхтар туындылары- біздер үшін өте құнды мұра. Сондықтан, әуезовтану ісін дүниетанымдық тұрғыдан алғанда да көңіл аударуға тұрарлық іс.
М. Әуезов, ең алдымен, ғалым-жазушы, көркем ойдың, сол арқылы көркем идеяның алыбы. Бұл ой мен идея асқақ міндет, мұрат-мақсат ретінде оның бүкіл саналы өміріне, құлшыныс-құштарлығына қанат беріп, өзекті тақырыбының арқауын анықтап берді. Ал Әуезов сынды ғұлама-жазушы өзі үшін мұны бүкіл өмір жолының ең басында-ақ айқындап алған болатын. Ол-Абай тақырыбы. Жас Мұхтар Абай өлеңдерінің қолжазба жинақтарын оқып сауатын ашты, бала кезінен-ақ оның ақындық әлемінің құдіретті қуатын бойына сіңірді, сонан соң өзінің өлшеулі өмірін түгелдей ұстазының шығармашылығы мен мұрасын зерттеп, оны тануға, насихаттауға, басқаларға танытуға арнады. Бұл күндері Әуезовтің табандылығы болмаса оқырмандардың бүгінгі ұрпағы Абайды, ол арқылы сол замандағы қазақ қоғамының даму динамикасын танып біле алмаған болар еді деуге біздің толық хақымыз бар. Ғұламаны тек ғұлама ғана түсінеді және таниды. «Абай» журналында да ғылымның, саясат пен өнердің мейлінше әр алуан тақырыптарына арналған мақалаларымен қатар Абай шығармашылығы туралы да жазылған мақалалары кездеседі. 1923 жылы Мұхтар Омарханұлы «Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі» деген тарихи-әдеби сынжазады, онда Абайға едәуір орын берілген. Бұл еңбек кезінде барынша танымал болды, жалпы ұлттық бас ақын ретіндегі Абайға деген қоғамдық көзқарасты қалыптастырады.
Бұрынғы Кеңес үкіметі тұсында орыс совет әдебиетінің 20-30 жылдардағы даму кезеңі белгілі дәрежеде жақсы зерттелген. Осы кезде оларда түрлі әдеби бағыттар мен мектептер де өркен жайғаны белгілі. Бұл жылдарда ұлт республикалары да творчестволық жалынға толы болды. Біздің Қазақ Республикасы да солардың қатарында еді, мұнда да Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов тағы басқалар сияқты жарқын таланттар жарқырай көрініп, қайталанбас тұлғалар халқына қызмет етуді алдарына ұлы мақсат тұтып еді. Әттеген-ай, қазіргі қазақ зиялылары да өз халқына осындай қызмет жасаса, нұр үстіне нұр болар еді.
Әйтпесе, Мағжан Жұмабаев:
Азамат! Анау қазақ қаным десең,
Жұмақтың суын апар, жаным десең.
Болмаса, ібіліс бол да у алып бар,
Тоқтатам тұншықтырып зарын десең!. . деп ашына жазып, Міржақып Дулатов: ! «Оян, қазақ!» деп жар салып, ал Ахмет Байтұрсынов ұлтын ояту үшін «Маса» болып шығар ма еді.
Бірақ күні кешеге дейін еліміз тәуелсіздік пен егемендік алғанша біз олар жайында үзік-үзік мәліметтерге қарап қана бағамдай алғанбыз. Бұл күндері олар жайлы жүйелі деректерді жүрегің сыздап отырып оқисың.
Дәл осы жылдарда Абайдың бүкіл шығармашылығын, әсіресе, ұлттық философиясын «буржуазиялық қоқыс» деп тұрпайы-социологиялық тұрғыдан сынап жатты. Бірақ М. О. Әуезов Абай өмірін табандылықпен терең жырлай берді. Болашақ роман-эпопеяның алғашқы беттері, Татьянаның Онегинге хатын аударуға арналған тарау дәл сол 1937 жылы жазылған еді. Алайда, осындай аумалы-төкпелі әлеуметтік кезеңде М. Әуезов алаңсыз творчестволық жұмыспен айналыса алмады. Тіпті романға біріеші дәрежелі Сталиндік сыйлықтың берілуі де сұмдық байбаламнан қорғай алмады. 1951 жылы шабуылдың жаңа толқыны басталып, М. Әуезов пен Қ. Сәтпаев Мәскеуге кетуге мәжбүр болды. М. Әуезов онда МГУ-де СССР халықтарының әдебиетінен сабақ берді. Тек 1954 жылы ғана отанына оралуға, алаңсыз шығармашылық жұмыс істеуге, өзінің ғаламат еңбегін аяқтауға тұңғыш рет мүмкіндік алды. Сөйтіп бұл еңбекке 1959 жылы Лениндік сыйлық берілді. Екі жылдан кейін Мұхтар Омарханұлы дүние салды.
М. О. Әуезов тоталитаризмнің зардабынан айтайын дегенін айта алмай арманда кетті. Бірақ ол миллиондаған адамдардың санасында қазақтың ұлттық энциклопедиясы саналған ұлы ақын Абайдың жарқын бейнесін қалдырды, оны бүкіл түп-тамырымен дәстүрлі халық мәдениетінің қалың қойнауына бойлаған алып тұлға ретінде бейнелей отырып, өз үлтының сана-сезімін жаңа сатыға көтерді, қазақ әдебиетін дүниежүзілік мәдени процеске қоса отырып, бүкіл Шығыс халықтарының, соның ішінде түрік әлемінің көркем ойына үлкен әсер етті. Шыңғыс Айтматов роман туралы былай деген болатын: «Бұл роман- бүкіл түркі тілдес халықтардың, оның ішінде өткендегі көшпелі халықтардың да адамзат мәдениетіне қосқан зор үлесі. «Абай» эпопеясы - біздің көркемдік және әлеуметтік энциклопедиямыз. Бұл - біздің ортақ мандатымыз, біздің ұлан-байтақ Еуразия кеңістігіндегі бүкіл бастан кешкен заманымыз тура келген бүкіл тауқыметіміз үшін, өз қазынамыздың жүйесін, өзіміздің көркемдік және адамгершілік дүниемізді, өзіміздің ұлы поэтикалық сезімімізді жасап, қол жеткізе алған бүкіл игіліктеріміз үшін берілген есеп . . . Әуезов бізді осы мағнада алғанда жалпы жұрт үшін маңызды көркемдік- тарихи ой-пікірдің дүниежүзілік деңгейіне көтерді. Дүниені көз алдыңа келтіру үшін, басқалардың көзіне түсу үшін, адам рухының қадір-қасиетін асқақтата көтеріп, жар салу үшін өз биігің- Мұхтар Әуезов сияқты асқар шыңың болу керек. Біздің өзіміз жайында Мұхтар Әуезов көтерілген биікте тұрып ой түйеміз және басқа халықтармен сол биік арқылы араласамыз».
- М. Әуезов әңгімелерінің зерттелу тарихы
Суреткердің көркемдік әлеміндегі алғашқы тәжірибелері, шығармашылық ізденісі мен суреткерлік даралығы ХХ ғасырдың 20-жылдарында-ақ жазылып, айтыла бастады. Жазушының өзі жайлы баспасөзде жарияланған еңбектің басы «Сарыарқа» газетінде басылды, «Игілікті іс» деп аталатын мақалада Ойқұдықта «Еңлік-Кебек» пьесасының қойылып, оны М. Әуезовтің ұйымдастырғаны айтылған. Бұл мақала жазушы жайлы жазылған талай толымды еңбектің төлбасы болуымен де аса құнды Мақала жазылған уақыттан бүгінгі күнге дейін Әуезов шығармашылығы турасындағы ғылыми еңбектер тізімі артып, әуезовтану саласы кең қанат жая өркендеді.
Жазушы шығармасына қатысты баспасөз арқылы Ж. Аймауытов, Ж. Орманбайұлы, Д. Ысқақов, С. Сәдуақасов, М. Қаратайұлы, Ғ. Тоғжанов сынды сол тұстағы әдебиет қамқоршылары өзіндік түйіндеулерін ортаға салған. Қазақ сынының басы, М. Әузовтің «Бәйбіше-тоқал» пьесасына талдау жасалған «Қорғансыздар» мақаласының авторы Д. Кәкітайұлы шығармаға ой кезімен қарап, орнықты пікір білдіреді. «Турлі ұсақ кулық, жіңішке айла, екіжүзділік, опасыздық, қиянатшылдықтардың жасырын ішке тыққан найзалардың бақталас, бәсекелердің түрлі тарау байланыстарын ашық түрде кестелей шешуден һәм тілмен айтылған әсерлі суреттерден көреміз. Қолға алған мәселесін жете тексеріп, түзу уғынып, жарыққа салғанын байқаймыз» деп пьесаның мазмұнын қуаламай, көтерген жүгіне, көркемдігіне баға берген.
Әдебиетті таптан бөлмеу идеясы тұрғысында байлам жасаған Ғ. Тоғжанов: «Мұхтар жаңалықты, үлгіні өткеннен іздейді, қазақтың баяғы батыр, шешен биі, сал серісі, ерке қызы, міне, Мұхтардың үлгілі адамдары осылар» деген сын айтады.
Көркем әдебиет, әдеби шығарманың қоғам тіршілігін қырағы байқап, байыпты зерделеп, терең сезіне білу және тілек етуден гуындайтыны айқын. Қазақ әдебиетінде М. Әуезовтің салған сүрлеуі - реализм. Жазушы өз ортасының бар шындығынан алыс кете алмаған, заман ақиқатын әсіре боямадан қорғай отырып, дәлдігімен, шындық өлшемімен берген.
XX ғасырдың 20-жылдары әдебиетке бір табан жақын жүргендердің сын айтуды машық көріп, асыра сілтеп, сынап қарағаны жегігіартылған. «Біздің осы күнгі жазушы, сылшыларымыз көркем әдебиетті сынай қалса жүлып алғандай белден қос аяқ салады. Орта белінен келіп бастайды. Көбіне айтаіындары осы күнгі көркем әдебиетіміз қандай болуы керек. Қалайша басталуы жөн, ана ақын неге өткенді көксей береді, мына ақын неге әлдеқашан артта қалған, қазақ ұлтының көрген кемшіліктерін зарлайды» деген түйін сын айтушылардың профессионалдық жақтан толыспағанын, рухани, ұлттық сана орнын кеңестік идеологиямен алмастырғанын аңғартады. XX ғасыр басында әдебиеттің дамуына үлес қосуға ниет еткендер легі артқанмен, олардың өзі сыңар пікір ұстанды. Кейбірі кеңестік идеологияны қуана қуаттап, жаңа әдебиет жасаудың негізі ескіні түп-төркінімен жоюда санаған және ғасырлар бойы қордаланған әдеби-мәдени мұрамыздың енді қажеті болмасына сенген. Бұларға ескі әдебиеттің құнарлы тұсынан үлгі алмайынша жаңа әдебиеттің пайда болмасына кәміл сенгендердің пікірі қайшы келді. М. Әуезовтің шығармалары төркінінде де «ескіні аңсау бар» деген айып тағылады. Жазушы шығармаларына мұқият үңілсек, кейіпкерлері арасында астамшылық жасап, әдемі, жеңіл өмір сүргені жоқ. Басымы - өзгенің илеуінде кетіп зар-мұң арқалағандар, екінші бірі - кеңес қызметіндегі қарапайым адамдар. Түртпекке негіз боларлық өрескелдік көрінбегенімен, қалайда сүріндірудің амалын іздеушілер де жоқ емес. Дегенмен, тек «түрі ұлттық», «мазмұны социалистік» шығармалар жазуға ден қойылған тұста Әуезовтің көркемдік қуаты күшті туындыларын жоғары бағалаушылар тағылған мінінен арши отыра, өз деңгейінде талдауға негіз қойған.
М. Әуезовтің шығармашылығы жөнінде жазылған еңбектің саны 1917-40 жылдар аралығында 140-тан асқан, олардың басымы драмалық шығармаларын талдауға арналды. М. Әуезов әдебиеттегі алғашқы қадамын өлеңмен бастайды. Алайда бұл жөнінде естеліктерде ғана айтылғанымен, толымды дерек жоқ. Өмірбаяндарының бірінде өзі де балалық шақта ақындыққа әуестенгенін жасырмаған. Өлең жазуды қай уақыттан бастады және ол қандай тақырып қозғап, нені өзек етті - бұл әлі күнге дейін зерттеушілердің алдында тұрған түйіні қиын сұрақ, басы ашылмаған мәселе.
М. О. Әуезовтің әңгімелерінің зерттелу тарихын қарастыра келе, ұлы жазушының әңгімелері қазақ әдебиетінің ең бір шоқтығы биік шығармалар болып табылатынына анық көз жеткіземіз.
- М. Әуезовтың тырнақалды туындылары
Осынау ұлы тұлғаның әсерлі әңгімелері, мазмұнды мақалалары мен ғылыми еңбектері әлі талай ғасыр қазақтың мәңгілік мұрасы болып қала бермек. Курстық жұмыстың негізгі бөлігі М. Әуезовтың әңгімелерінің тақырыбы, идеясы мен мазмұн даралығы жайлы болмақ. Жазушының барлық әңгімесіне тоқталу үшін қайтадан Мұхтар болып дүниеге келіп, Әуезов болып әңгімелеу керек! Сондықтан да болар курстық жұмысқа жазушының тек өзімнің жаныма жақындары мен мазмұны жағынан оқыған жүректі елеңдетпей қоймайтын ерекше идеялы әңгімелерін таңдап, талдауға тырыстым.
Жазушының алғашқы прозалық шығармасы - 1921 жылы жазылған «Қорғансыздың күні» әңгімесі. Асыраушысы, сақтаушысы, қорғаншысынан айырылған жас Ғазиза, оның кәрі әжесі мен соқыр шешесінің тағдырлары. Әңгіме Ақан болыстың жас бала Ғазизаға жасаған зорлығы, қиянат атулының шегі жоқ дегенге сендіреді, жан түршіктіреді. Жазушы табиғат суретін, Күшікбай жайындағы әңгімені тарата отырып, психологизм, символдық бейнені шебер жымдастырады. Кейіпкерлерді суреттеуінде де олардың ішкі жан дүниесімен үйлесімділік табады. Жазушының алғашқы шығармаларының бірі «Оқыған азамат», «Кінәмшіл бойжеткен» т. б. әңгімелері әлеуметтік теңсіздік, қоамдық әділетсіздік қана емес, адамдардың қым-қиғаш, қиын өмірі бір-біріне өздері жасайтын озбырлық пен қиянаттан дегенді айтады.
М. Әуезов әңгімелері терең психологизмнің, нәзік лиризмнің, сондай-ақ қазақтың шешендік тілінің үлгісі десе де болады.
Жазушының «Шатқалаңда», «Бүркітші» тағы басқа әңгімелері - саясат ықпалымен колхоз құрылысын, социалистік қоғамды көрсетуге арналған шығармалар.
«Кім кінәлі?», «Сөну-жану», «Қыр суреттері», «Жетім» әлеуметтік тақырыптарды қозғайды. Жазушының «Қыр суреттері», «Барымта» шығармалары құлашты суреткерлігін, баяндау тәсілінің кеңдігін, кейіпкер сомдау шеберлігін көрсетті.
Жазушының табиғат, табиғаттағы тіршілік иелерінің өмір үшін күресі, айқасы «Көксерек» повесіндегі қасқыр бейнесімен берілген. Адам мен жыртқыш аң арасындағы айқас, суретіне басқа көзбен баға беруге мәжбүр етеді. Құрмаштың бөлтірік кезінде қолға түскен асыранды Көксерегінің әрекеттері айтылады. Қанша қолдан тамақ беріп, түнде қойнына алып жатқанымен де, тағының бәрібір жыртқыштығын қоймайтыны, оның әр қимылынан, әр айла, әрекетімен көрінетіні көркем жазылған.
- М. Әуезов әңгімелерінің мазмұны мен идеясы
Дарын мен даналықты тұлғасына тоғыстырған сыршылдық пен сыншылдықты суреткерлік шеберлігінде шендестірген М. Әуезов сөз майталманы болды десек артық айтқандық емес. Ол өз әңгімелерінде әлеуметтік, тұрмыстық, өмірлік мәселелерді тақырыптық арқау етіп, оны көркемдік және шынайылық ерекшеліктер аясында жарасымды үйлестіре білген. Халық мұрасын, қоғам игілігін тоғыстырған қазақ әдебиетінің қарқынды қарыштауына талмай еңбек етуді мақсат тұтқан сөз майталманы, ұлы суреткер өзінің туындыларында көркемдік деген шешім мен шынайылық деген талаптық мүддесінен шыға білген. Қазақ прозасының даму, өсу жолына көз жүгіртсек, ХХ ғасыр басындағы М. Әуезов әңгімелері көркемдік полотносымен, шынайылық ракурсымен ерекшеленген. Сонысымен де әңгімелерінің халықтық тұғырнамасы өз оқырманын асқақтығымен тартады. Әңгімелеріндегі көремдік және реалистік талабымен ашылатын халықтық идеясын айқындау үшін әлем әдебиеті полотносында қарастырудың маңызы қашанда зор. Әуезов әңгімелері түп негізі, асыл тамыры ұлттық ауыз әдебиетінен бастау алған. Осы бір асыл негіз Әуезов әңгімелерінің шындықты берудегі әдеби дәстүр мен шынайы шеберлігінің кілті іспеттес.
М. Әуезов шығармалары қазақ әдебиетіндегі кешелі-бүгінгі шығармалардың қай-қайсысымен қатар қойғанда мазмұны мен көркемдігі, тарихилығы жағынан басымдық танытып, халықтық сипатымен ерекшеленеді, көркемдігін әлемдік әдебиет аясында қарастырғанда ғана шығармашылық құдіретінің сыры мен мәнін ашу мүмкін болады.
М. О. Әуезовтің әңгімелерінде ел тағдырын жан-жақты толғайды, қоғам өміріндегі қайшылыққа, тартысқа толы сәттерді баяндай отыра, өмір тәжірибесіндегі оқиғаларды да қалтарыс қалдырмайды.
XX ғасырдың 20-жылдары әдебиеттің теориясы мен методологиясы жөнінде салиқалы еңбек жазған А. Белецкий көркем әдебиет шығармаларын екі түрге бөле қарайды. Оның біріншісі, автобиографиялық нұсқадағы, беллетристиқаға ұқсас шығармаларда көбіне автордың өз өмір тәжірибесінен алынған деректер пайдаланылған мемуар немесе ақындар күнделігі. Мұны Руссо, Гете, Жорж Санд, Диккенс, Толстой шығармаларынан көруге болады. Көркем шығармалардың тағы бір қатарының сюжеті сыртқы ортадан, автордың жеке өмірінен шеткері жатқан оқиғаларға құрылады.
М. О. Әуезовтің алғашқы шығармаларында осы екі құбылыс та корініс тапқан. «Қорғансыздың күні», «Қайғылы жетім», «Жуандық», «Қаралы сұлу», «Қыр әңгімелерінде» қазақ өміріндегі болған оқиға шындығы көрініс тауып, автор өмірінен тыс оқиғалар көркемдік реңк алса, «Үйлену», «Ескілік көлеңкесінде», «Кінәмшіл бойжеткен», «Сөніп жану», «Оқыған азамат» сынды әңгімелер желісі тікелей автордың өзі араласып, қатысқан оқиғаларға құрылған.
Әуезов шығармаларында терең психологизм, лиризм басым, адам жанының сан алуан құбылыстарын, нәзіктігін суреттеп, ішкі әлеміне терең уңіледі. Жазушы қаламынан туған әр шығармада халықтың тек өзіне ғана тән қасиеті, өмірлік ерекшеліктері, адамгершілік-рухани құндылықтары бой көрсетеді. Алып сөз зергері елінің тағдырына аянышпен қарап, жетістігіне қуанып, кемшілігіне қайғыра білетінін ұзақ шығармашылық жолында дәлелдеді.
М. Базарбаев: «Сонау алғашқы әңгіме, повестерінен бастап, драмалық шығармалары, атақты «Абай жолы» романы - бәрі де алған кейіпкерлерінің онымен сезімін терең меңгеріп, солардың жүрегіне жол таба білудің, тағдыр мен жеке бас аралығындағы дәнекер арқаудың үзілмеуін, меңзеген мақсатын солардың қан тамырының соғуына қарай дәлелдегенін байқатады» деген тұжырым жасаған.
М. Әуезов қазақтың шүрайлы тілінің мол қорын шеберлікпен пайдалана отырып, мазмұны мен мәні өзгеше, шынайы, кұдіретті шығармаларын өмірге әкелді. Солардың бірі - болашақ жазушының қаламгерлік қасиетін танытқан, 20-жылдардағы шоқтығы биік шығармасы Қорғансыздың күнін 1921 жылы Қызыл Қазақстан газетінде жарияланған еді. Жиырмадан жаңа асқан жас қаламгердің төлтума шығармасына С. Мұқанов: «1921 жылы жазған «Қорғансыздың күні» атты алғашқы әңгімесімен Мұхтар шын мағынасындағы европалық прозаның дәрежесіне көтерілді» деп баға берген.
Қ. Сыздықов «Қорғансыздың күні» жөнінде: «Осы әңгімеде тек құрдымға кеткен қайғы-мұң ғана емес, мұнда білінер-білінбес болса да булқынып жатқан қайсар күш бар, қарауытып тунжыраған мылқау ағыстың астында жатқан табан толқын бар сияқты» дейді.
З. Қабдолов: «Задында шын мәніндегі нағыз үлкен талант өзінің өнер өрісінде жаттығу жасап, онша ұзақ күйбендемейтін болса керек. Әуезовтің осынау алғашқы әңгімесінің өзінде өзгеге ұқсамайтын өзіндік мәнер-машығы бар, кібіртіксіз көсіле жөнелген жорға қаламның ізі сайрап жатыр» деген орнықты пікір білдіреді.
Алғашқы шығармасының өзі жазушының сойы бөлек. соқтасы ерекше даралығын аңғартады. М. Серғалиев: «Адам, азамат ретінде Мұхтар Әуезовтің сәби, балауса, балғын, өспірім, жігіт кездерді басынан кешкені сөзсіз. Ал жазушы Әуезовтің бала балдырған шағының болмағаны, хас шебер ретінде бірден көпшіліктің назарын аудартқаны әдебиет сүйер қауымға жақсы мәлім» деген түйіндеуге келеді.
- М. Әуезов әңгімелеріндегі аяушылық көрінісі
М. О. Әуезов әңгімелері өзіндік драмалық табиғатымен, сондай-ақ, тарихилық сипатымен дараланады. Жалпы, қай жанр болмасын, қоғам дамуының әр түрлі кезеңдеріндегі тарихи-эстетикалық сұраныстарға орай туады. Яғни, көркем туынды тарихи-эстетикалық сұраныстың нәтижесі десек, онда тек қана тарихтың ғана сұранысы емес екен. Ал эстетикалықтың ауқымы кең. Эстетикалық - ол, мегакатегория. Басқаша айтсақ көркемдікті бедерлейтін барлық идея, бейнелеуіш құралдар, стиль, поэтика элементтері одан көрініс табады. Тарихи шындық - көркемдік шындыққа айналады: «Әдеби шығармадағы тарихи шындық - көркемдік бейнелеу тәсілімен берілетін өмір шындығы, яғни көркемдік шындық. Тарихи шығармада өмірде болған уақиғалармен қатар ойдан шығарылған жайлар да аз болмайды, тарихи тұлғалармен бірге көркем қиялдан туған кейіпкерлер араласып жүреді. Мәселе, шындап келгенде, оқиғаның, кейіпкерлердің өмірде болған, не болмағанында емес. Шығарманың барлық мазмұны, оқиғалары, кейіпкерлері көркем ой көрігінен өтіп, жинақталып, өзгеше бейнелілік сипат алып шығатындығында. Әрине, тарихи шығармада айтылмақ уақиғаның өзегі негізінен өмірде болған уақиғалардың аясында алынбақ. Сондықтан жазушы маңызды тарихи жайларды, көп нақтылы деректерді анық білуі қажет».
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz