Денсаулық сақтау нысандарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар санитариялық ережесі (бұдан әрі - санитариялық ереже) ғимараттар мен үй-жайлардың құрылысына жер учаскесін таңдауға, жобалауға, салуға, реконструкциялауға, жабдықтауға, күтіп-ұстауға және пайдалануға, сумен жабдықтауға, кәріздеуге, жарықтандыруға және желдетуге, жинауға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге, еңбек, тұрмыстық қызмет көрсету, медициналық қамтамасыз ету, тамақтандыру жағдайларына, медициналық мақсаттағы бұйымдарға стерилизациялау және дезинфекциялау жүргізу жағдайларына, денсаулық сақтау объектілеріне санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.
2. Осы ережеде мынадай анықтамалар пайдаланылды:
1) антисептик - жарадағы микробтарды өлтіру мақсатында теріге немесе тінге қолдануға арналған химиялық микробқа қарсы агент;
2) антисептика - емдеуді қамтамасыз ету және инфекциялық процесстің дамуының алдын алу мақсатында терідегі, шырышты қабықшалардағы, жаралар мен қуыстардағы әлеуетті қауіпті микроорганизмдердің тіршілік етуіне бөгет жасау немесе жою әдістерінің жиынтығы;
3) бокс - сырттан науқас келіп түсуіне арналған жеке есігі бар үй-жай. Оның құрамына мыналар енеді: палата, санитариялық торап, ванна және шлюз.
4) санитариялық-көрсетімдік микроорганизмдер - қоршаған орта объектілерінде ықтимал фекальдық ластану және инфекциялық аурулар қоздырғыштарының болуының әлеуетті қаупі жөнінде куәландыратын индикаторлық микроорганизмдер;
5) шлюз - палата, бөлімше және жалпы дәліз арасындағы үй-жай бөлігі.
Денсаулық сақтау объектілерінің жаңадан салынған, реконструкцияланған ғимараттарын орналастыруға, олардың құрылысы мен реконструкциясына жобалық құжаттаманы бекітуге, пайдалануға беруге осы санитариялық ереже талаптарына сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды бар болғанда жол беріледі. Құрылысқа бұрын қоқыстар төгу, ассенизация алаңдары, малдардың өлексесін көметін орын, бейіт ретінде пайдаланылған жерлерге, топырағында органикалық, химиялық, радиациялық сипаттағы ластанулары бар аумақтарда жер учаскесін бөлуге жол берілмейді.Ұйымдар тұрғын үй құрылысының аумағына, көкжелек немесе табиғи аймақтарға, өнеркәсіптік және азаматтық мақсаттағы объектілерден қалалық, кенттік және ауылдық елді мекендерді жоспарлау және салу жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің талаптарына және осы ережеге сәйкес қашықтыққа орналастырылады. Науқастардың ұзақ уақыт болуына арналған қуаты 1000-нан артық төсегі бар арнаулы ұйымдар немесе кешендер, ерекше режимдегі көрсетілген қуаты бар стационарлар (психиатриялық, туберкулезге қарсы, наркологиялық және басқалары) қоныстанған аумақтан кемінде 500 метр (бұдан әрі - м) ажырауды сақтай отырып қала маңындағы аймақта немесе шеткері аудандарда орналастырылады.Қоныстанған аймаққа ұйымдарды орналастырған кезде емдеу және палаталы корпустар құрылыстың қызыл сызығынан 30 м-ден жақын емес және тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимраттардан кем дегенде 50 м алыс және темір жолдардан, әуежайлардан, жүрдек автомагистральдардан және басқа да шу көздерінен алшақ орналастырылады.
Ұйымның аумағы арқылы қалалық (ауылдық) пайдаланудағы магистральды инженерлік коммуникациялар (сумен жабдықтау, кәріз, жылумен қамтамасыз ету, электрмен жабдықтау) өтпеуі тиіс.
Жер учаскесі құрғақ, таза, атмосфералық ауаны ластау көздерінен алыс болуы тиіс.
Жабдықты орналастыру және пайдалану оған қойылатын нормативтік-техникалық құжаттама талаптарына сәйкес жүргізіледі:
1) операциялық, босандыру блоктарында зиянды заттарды жұтатын және жоятын құрылғы болмаса наркоз және басқа да аппараттарды, сондай-ақ герметизациясы бұзылған газ беру жүйесін қолдануға жол берілмейді;
2) емшара, ингаляция кабинеттерінде, таңып-байлау және стерилизация бөлімшелерінде раковинамен және кәрізге ағызумен жабдықталған, уыттылығы жоғары дәрі-дәрмектерді пайдалануға байланысты манипуляцияны орындау үшін сору шкафтары орнатылады.
Үй-жайлар, жабдықтар, медициналық және басқа мүкаммал тазалықта ұсталады. Ылғалды жинау (еден, жиһаз, жабдық, терезе алдылары, есіктер) Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдану арқылы тәулігіне кемінде екі рет жүргізіледі. Терезе әйнектерін сүрту айына кемінде бір рет ішінен, 3 айда кемінде бір рет және ластануына қарай сыртынан жүргізіледі. Барлық жинау мүкаммалы таңбаланады, белгіленуіне сай пайдаланылады, өңделеді және арнайы бөлінген орындарда бөлек сақталады. Палаталы бөлімшелерді және басқа да функционалдық үй-жайларды жуу және дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып күрделі жинау кесте бойынша айына 1 рет, қабырғаларды, еденді, жабдықтарды, мүкаммалды, шамшырақтарды өңдеу арқылы жүргізіледі. Операциялық блокты, таңып-байлау, босандыру залдарын, емшара, манипуляциялық, стерилизациялау үй-жайларын күрделі жинау жабдықтарды, жиһазды, мүкаммалды өңдеу және дезинфекциялау арқылы аптасына бір рет жүргізіледі. Ана мен баланы қорғау ұйымдары, балалар ауруханаларының жаңа туған нәрестелер патологиясы бөлімшесі жылына кемінде бір рет жоспарлы дезинфекция өткізу үшін жабылады. Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша жабылған стационарды ашуға тиісті аумақтағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органының келісімі бойынша жол беріледі. Операциялық, таңып-байлау, босандыру залдарында, реанимация палаталарында, жаңа туған және шала туған нәрестелер мен бір жасқа дейінгі нәрестелер палаталарында, емшара, инфекциялық бокстарда, сүт бөлмелерінде әрбір жинаудан кейін 30 минутқа ультракүлгін сәулелегіштер қосылады. Экрандалмаған жылжымалы бактерицидті шамдар үй-жай көлемінің 1 м[3]-не 2,0-2,5 Вт қуат есебінен орнатылады. Экрандалған бактерицидті шамдар үй-жайдағы адамдарға сәуленің бағытталмауы жағдайында үй-жай көлемінің 1 м[3]-не 1,0 Вт қуат есебінен еденнен 1,8-2,0 метр биіктікте орнатылады.
Шамдардың жұмысы арнайы журналда тіркеледі. Шамдарға арналған ажыратқыш үй-жайға кіреберісте орналасады және мемлекеттік және орыс тілінде Кіруге болмайды, бактерицидті сәулелендіргіш қосылып тұр! деген жанатын тақтамен блокталады. Персоналдың үй-жайға кіруіне бактерицидті қондырғы ажыратылғаннан кейін 30 минуттан соң және үй-жай желдетілгеннен кейін рұқсат етіледі. Науқастардың киімдерін ауыстыру ластануына қарай, бірақ жеті күнде кемінде бір рет жүргізіледі. Науқастардың бөлінділерімен ластанған киімдер тез арада ауыстырылады. Босанған әйелдердің төсек әбзелін ауыстыру әрбір үш күн сайын, іш киімдері, сүлгі және төсем сулықтар күнделікті және қажеттілігіне қарай жүргізіледі. Асептикалық режимдегі операциялық, босандыру блоктарында және басқа да үй-жайларда аруханалық стерильді немесе бір реттік киім-кешек пайдаланылады. Пайдаланылған аурухана киімдерін жинау тығыз арнайы ыдыста (клеенка немесе полиэтилен қаптар не жабдықталған киім-кешекке арналған арбалар) жүзеге асырылады. Бөлімшелерде лас киім-кешектерді бөлуге жол берілмейді. Бөлімшелерде лас киім-кешектерді уақытша сақтау (12 сағаттан асырмай) санитариялық бөлмелерде немесе осы мақсат үшін арнайы бөлінген басқа да үй-жайларда жууға және дезинфекциялауға жеңіл (металл, пластмасса бөшкелер) жабық ыдыста жүзеге асырылады. Лас киім-кешектермен жұмыс үшін персонал ауыстырылатын санитариялық киіммен қамтамасыз етіледі.Таза киім-кешектер арнайы бөлінген үй-жайларда немесе шкафтарда сақталады. Киім-кешек таңбаланады. Киім-кешектерді жуу денсаулық сақтау объектілеріндегі кір жуу орындарында жүзеге асырылады. Жеке кір жуу машинасы бөлінген жағдайда аурухана киім-кешектерін кір жуу орындарында жууға жол беріледі. Инфекциялық, обсервациялық және іріңді-хирургиялық бөлімшелердің киім-кешектері жуу алдында дезинфекцияланады. Патологиялық-анатомиялық бөлімшенің арнайы киімдері мен басқа киім-кешектері ұйымның кір жуатын орнында басқа бөлімшелердің киім-кешегінен бөлек алдын ала зарасыздандырылғаннан кейін жуылады. Таза және лас киім-кешектерді жеткізу оралған күйде арнайы бөлінген көлікте жабық таңбаланған ыдыста (таза немесе лас киім-кешек) жүзеге асырылады. Науқасты ауруханадан шығарғаннан кейін (қайтыс болғанда), сондай-ақ ластануына байланысты матрацтар, жастықтар, көрпелер кейіннен дезинфекциялық камерада өңдеу арқылы ауыстырылуы тиіс. Науқастар стационарға келіп түскен кезде қабылдау бөлімшесінде санитариялық өңдеуден өтеді (қажеттілігіне қарай) және таза іш киімдер, пижама, іште киетін аяқ киім алады. Стационарда науқастардың, жүкті әйелдердің, жаңа босанған әйелдердің және жаңа туған нәрестелердің үй киімімен болуына жол беріледі. Денсаулық сақтау объектісінің персоналы күнделікті ауыстыру қамтамасыз етілетін көлемде ауыстырылатын арнайы киім жиынымен қамтамасыз етіледі. Арнайы киімді сақтау жеке шкафтарда жеке басының киімінен бөлек, жуу орталықтандырылған және науқастардың киім-кешегінен бөлек жүзеге асырылады. Медициналық персонал әрбір медициналық манипуляцияның алдында, лас емшараларды (үй-жайларды жинау, науқастардың киім-кешектерін ауыстыру, дәретханада болу) орындағаннан кейін қолдарын жууы, бір рет қолданылатын сулықпен кептіруі тиіс. Ластану көрінбеген жағдайда қолды тері антисептигімен алдын ала жумай өңдейді. Терінің бүтіндігі және шырышты қабықтар бұзылуына байланысты барлық медициналық қызметтер бір реттік қолданылатын қолғаптармен көрсетіледі. Тамшы инфекцияларымен ауыратын науқастардың палатасына кіру кезінде және тұмау ауруы бойынша қолайсыз кезеңде персонал маска немесе арнайы респиратор киеді. Маскалар ластануына қарай, бірақ әрбір 4 сағаттан жиі емес ауыстырылады. Метициллин (оксациллин)-резистентті алтын түстес стафилококк, ванкомицин-резистентті энтерококк тудырған кез келген жерде орналасқан инфекциясы бар пациенттер оның пайда болған мерзіміне қарамастан жеке палаталарға оқшаулануы тиіс. Палатаға кірер кезде персонал маска, арнайы киім, қолғаптар киеді. Шығар кезде қолғаптар шешіледі, қол құрамында спирт бар тері антисептигімен өңделеді. Күтім заттары мен басқа да медициналық аспаптар тек осы пациент үшін ғана пайдаланылады. Пациенттерді таңып-байлау палатада жүргізіледі. Пациентті шығарғаннан кейін қорытынды дезинфекция, төсек әбзелдерін камералық зарарсыздандыру, ауаны ультракүлгін зарарсыздандыру жүргізіледі.. Анаэробты инфекциясы бар науқас жеке палатаға жатқызылады, шығарылғаннан кейін төсегі, төсек жанындағы тумбасы және барлық беттер 0,5% жуу құралының ерітіндісі бар 6 % сутегі тотығы ерітіндісіне немесе анаэробты инфекцияға қатысты белсенді басқа дезинфекциялық құралға мол батырылған шүберекпен сүртіледі. Төсек әбзелдері камералық дезинфекцияға ұшырайды, жуу алдында лас киім-кешек, ыдыс, жеке күтім заттары бактериялардың споралық түрлеріне арналған режим бойынша дезинфекциялық ерітіндіде зарарсыздандырылады. Палаталарды, операциялық, таңып-байлау бөлмелерін жинау күніне кемінде екі рет респиратор мен қолғапты пайдаланумен 0,5 % жуу құралы ерітіндісі бар 6 % сутегі тотығы ерітіндісін қолдану арқылы ылғалды тәсілмен жүргізіледі. Дезинфекциядан кейін үй-жай ыстық сумен жуылады, ауа 1,5-2 сағат бойы бактерицидті сәулелегішпен зарарсыздандырылады. Пайдаланылғаннан кейін жинау мүкаммалы атмосфераның 2 кгссм (132[0]С +- 2) кезінде 20 минут бойы автоклавталады немесе бактериялардың споралық түріне арналған режим бойынша дезинфекцияланады және арнайы бөлінген орында сақталады. Палаталарда 4 төсек қойылады, тумбалар мен орындықтар төсек санына байланысты. Төсектің бастары арасындағы және төсек бастары мен қабырға арасындағы арақашықтық кемінде 1,2 м, төсектің бүйір жақтары арасындағы арақашықтық кемінде 0,8 м, балалар және қалпына келтіру емі палаталары мен медициналық оңалту палаталарында кемінде 1,2 м болуы тиіс.Әр бөлімше шағын механикаландыру құралдарымен жабдықталады (қоларба, орындық-арба, дәрілер, киім-кешек, тамақ, қалдықтар тасымалдауға арналған арбалар). Киім-кешек сақтауға арналған қоймалар ылғалды жинау мен дезинфекцияға қол жетімді гигиеналық жабыны бар сөрелермен жабдықталады. Жалпы киім-кешек орны стеллаждармен, киім-кешекті іріктеуге және сұрыптауға арналған үстелдермен, қажеттілігіне қарай пандустары немесе көтеру механизмдері бар қабылдау люктерімен жабдықталады. Ағымдағы ақауларды жою (төбе мен қабырғадағы су өтулерді, ылғалдық іздерін, зеңді жою, жарықшақтарды, саңылауларды, ойықтарды жабу, түскен қапталған тақтайды, еден төсенішін қалпына келтіру) тез арада жүргізіледі. Ағымдағы немесе күрделі жөндеу өткізу кезеңінде ұйымның жұмысы тоқтатылады. Денсаулық сақтау объектілерінде жәндіктер, егеуқұйрықтар және тышқан тәрізді кеміргіштер болмауы тиіс. Дезинсекция мен дератизацияны қызметтің осы түріне лицензиясы бар ұйымдар жылына кемінде 4 рет және көрсеткіштер бойынша жүргізеді. Ұйымның аумағы абаттандырылады, көгалдандырылады, қоршалады және жарықтандырылады. Отырғызылған көгал мен гүлзарлардың ауданы учаскенің жалпы ауданының кемінде 60 % құрауы тиіс. Ағаштар ғимараттан 15 м жақын емес арақашықтықта, бұталар 5 м отырғызылады.Аумақты көгалдандыру үшін қауызды, талшықты заттарды және улы жемісі бар мамық тұқымдарды бөлетін тікенекті өсімдіктерді отырғызуға жол берілмейді. Инфекциялық стационардың (бөлімшенің) аумағында бөлек кіретін жолы және кәрізге ағызуды немесе бетондалған су ағызатын орды ұйымдастыру арқылы көлікті дезинфекциялауға арналған алаң болуы тиіс. Туберкулезге қарсы стационарда (бөлімшеде) балалар бөлімшесі болған жағдайда оқшауланған серуендеу алаңдары жабдықталады. Көптеген тұрақтылығымен туберкулез микобактериялары бар науқастардың серуендеуіне арналған аймақ басқа аумақтан көгал жолақтарымен оқшауланады. Кіретін жолдардың, ішкі жолдардың және жаяу жүргінші жолдарының қатты төсемі болуы және пандустармен жабдықталуы тиіс. Жеке автокөліктің уақытша тұрақтары денсаулық сақтау объектілері аумағынан 40 м-ден жақын емес арақашықтықта орналасады. Ұйымның автокөлігін жуу және техникалық қызмет көрсету үшін шаруашылық аймағының аумағында автокөлікке қызмет көрсететін жеке үй-жайлар болуы тиіс. Қоқыс жинауға арналған урналар ғимараттарға кіретін жерлерге, демалыс орындарына және аумаққа әр 50 м сайын орнатылады, күн сайын қоқыстан тазаланады және тазалықта ұсталады. Шаруашылық аймағының аумағында ғимараттан 25 м - ден кем емес арақашықтықта, қатты төсемі және көше жақтан кіретін жолы бар қалдықтарды жинауға арналған контейнерлер орнатуға арналған арнайы алаңдар жабдықталады. Алаңның өлшемдері контейнерлер табанының ауданынан барлық жағы бойынша 1,5 м-ге артық болуы тиіс. Контейнер алаңы қоршалады, қалқамен жабдықталады және бөтен адамның келуінен қорғалады. Аумаққа кіретін жерде жаяу және көлік қозғалысының ағынын көрсете отырып негізгі корпустар мен қызметтердің орналасу сызбасы орнатылады.
Денсаулық сақтау объектілерінің ғимараттары орталықтандырылған суық, ыстық сумен жабдықтау және кәріз жүйелеріне қосылады.
Елді мекенде орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі болмаған жағдайда жергілікті жүйе құрылғысына жол беріледі немесе су объектілерінің қауіпсіздігінің санитариялық-эпидемиологиялық талаптарына сәйкес келуі тиіс әкелінген су пайдаланылады. Ауыз суды тасымалдауға арналған сыйымдылық ыдыстар Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген материалдардан дайындалады, қақпақтары тығыз жабылатын жылумен оқшаулау қабатымен және су ағызуға арналған шүмекпен жабдықталады, тазаланады, жуылады және 10 күнде кемінде бір рет дезинфекцияланады. Сыйымдылықтарды дезинфекциялау Қазақстан Республикасында пайдалануға жіберілген дезинфекциялау құралдарымен жүргізіледі. Сыйымдылықтарды өңдеуге арналған жуу мүкаммалы, жуу және дезинфекциялау құралдары арнайы үй-жайда сақталады. Палаталарда, кабинеттерде, дәретханаларда, емшара, таңып-байлау және қосалқы үй-жайларда қоспалауыштар арқылы ыстық және суық су келіп тұратын қол жуғыштар орнатылады. Балалар мен психиатриялық палаталарда таратушы желідегі ыстық судың температурасы 37[0]С аспауы тиіс. Операция алды, байлап-таңу, босандыру залдары, емшара кабинеттері, нәрестелер палаталары жанындағы мейірбикелер посттары, хирургиялық, гинекологиялық кабинеттер, бокстар, жартылай бокстардың шлюздері, зертханалар шынтақ крандары қондырғысы бар қол жуғыштармен, сұйық антисептикалық сабыны мен антисептиктер ерітіндісі бар шынтақ дозаторларымен жабдықталады. Жаңа туған нәрестелер палаталарында балаларды жуындыру үшін кең тостағаны бар және қоспалауыш арқылы ыстық және суық су келіп тұратын раковина орнатылады. Орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау болмаған жағдайда үздіксіз жұмыс істейтін су жылытқыштар орнатылады. Объектілерді кәрізделмеген елді мекенге орналастырған жағдайда жергілікті кәріздеу құрылғысы болуы тиіс. Шайынды суларды қабылдау жерасты бетондалған су өткізбейтін сыйымдылықта жүзеге асырылады. Ауладағы дәретхана және бетондалған су өткізбейтін сыйымдылық ғимараттан кемінде 25 м арақашықтықта орналастырылады. Денсаулық сақтау объектілерінің шайынды суларын тазалау және зарарсыздандыру жалпы қалалық кәріздік тазалау құрылыстарында жүзеге асырылады.
Инфекциялық және туберкулезге қарсы стационарларда (бөлімшелерде) жергілікті тазарту құрылыстары болуы тиіс.. Балшықпен емдеудің балшық емшаралары мен балшық асүйлері үй-жайларының шайынды суларын ағызу балшық тұндырғыштардағы арнайы жолдар арқылы жүзеге асырылады. Гипс дайындауға арналған үй-жайлардағы қол жуғыштың астына гипс тұндырғыш жабдықталады.
Ас блогының өндірістік шайынды суларын тазалау үшін 1000 және одан көп төсекке арналған денсаулық сақтау объектілерінде май ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz