Қойлардың азықты қорту жүйесі бойынша биологиялық ерекшеліктерімен толыққанды азықтандыруды ұйымдастыру және азық қажеттілігін есептеу



Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім Министрлігі
Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай Мемлекеттік Университеті
Мал азықтарын өңдеу кафедрасы

Курстық жұмыс
Тақырыбы: Қойлардың азықты қорту жүйесі бойынша биологиялық ерекшеліктерімен толыққанды азықтандыруды ұйымдастыру және азық қажеттілігін есептеу.
Пәні: Мал азығын өндіру және азықтандыру
Мамандығы: 5В120100- Ветеринарлық медицина

Орындаған: Шохтыбаева А. А.,
негізгі бөлім, 2 курс студенті Жетекшісі: Габдуллин Ш.С., аға оқытушы
______________

Курстық жұмыс қорғалды
___ ___________ 2017 ж.

Бағасы_________________

Қостанай 2017ж.
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

Мал азықтарын өңдеу кафедрасы

Мамандығы:5В120100- Ветеринарлық медицина
Оқу нысаны және бағдарламасы:негізгі білім беру бағдарламасы
2 курс
Курстық жұмысты орындау үшін
тапсырма

Студент: Шохтыбаева Ардак Руслановнаға

Тақырып: Қойлардың азықты қорыту жүйесі бойынша биологиялық ерекшеліктерімен толыққанды азықтандыруды ұйымдастыру және азық қажеттілігін есептеу.

Мақсаты: Қойлардың азықты қорыту жүйесі бойынша биологиялық ерекшеліктерімен толыққанды азықтандыруды ұйымдастыру және азық қажеттілігін есептеп, нормалап азықтандыруды қамтамасыз ету.

Әзірлеуге (зерттеуге) арналған негізгі сұрақтар:
1.Қойларды азықтандыру және бордақылау
2. Қойларды бордақылау және оларды жайып семіртудің ерекшеліктері
3. Еркек тоқтыларды көктемгі жайылымда бағып семірту кезіндегі өсуі және сойыс өнімдерінің өзгерістері
4.Тоқтыларды жазғы жайылымдарда жайып семірту кезіндегі ет өнімділігінің өзгерістері
Негізгі әдебиет: (қосымшаға сәйкес)
Курстық жұмыстың көлемі: 25 беттен кем емес
Курстық жұмысты әзірлеу жолы туралы жетекшіге баяндама жасау мерзімі:
1)___.__________20__ж. дейін, курстық жұмысты әзірлеуге жинаған материал туралы баяндама
2)___.__________20__ж. дейін, курстық жұмысты жазу туралы баяндама

____._________20__ж. дейін, курстық жұмысты тапсыру мерзімі

Курстық жұмыстың жетекшісі______________ Ш. С. Габдуллин
қолы
_____.___________2017ж.

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

Кафедра ___________________________________ _______________________
Мамандығы ___________________________________ ____________________
Оқу нысаны және бағдарламасы ___________________________________ ___
Курс___________________________________ ___________________________

Курстық жұмысқа (жобаға)
ПІКІР

Студенттің А.Ж.Т. ___________________________________ _________________
Оқу пәні ___________________________________ __________________________
Жұмыс (жоба) тақырыбы ___________________________________ ___________
Пікір мазмұны ___________________________________ _____________________
___________________________________ ___________________________________ _______________________ ___________________________________ _______________________ ___________________________________ _______________________ ___________________________________ _______________________ ___________________________________ _______________________ ___________________________________ _______________________ ___________________________________ _______________________ ___________________________________ _______________________ ___________________________________ _______________________ ___________________________________ _______________________ ___________________________________ _______________________ ___________________________

Пікір беруші__________________________ __________________
қолы аты-жөні

Жұмыс (жоба) қорғауға жіберіледі ___ ___________2017 ж.

МАЗМҰНЫ
І. КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2
1.1.Әдебиетке шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Қойларды азықтандыру және бордақылау ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..9
2.2. Қойларды бордақылау және оларды жайып семіртудің
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 2
2.3. Еркек тоқтыларды көктемгі жайылымда бағып семірту кезіндегі өсуі және сойыс өнімдерінің өзгерістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
2.4.Тоқтыларды жазғы жайылымдарда жайып семірту кезіндегі ет өнімділігінің өзгерістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
2.5. Қозыларды жайып семірту, ет өнімділігі және сапасы ... ... ... ... ... ... ... . ..22
2.5.1.Биязы жүнді қозыларды қыс мезгілінде үдемелі бордақылау және ет өнімділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
2.5.2. Қозыларды бордақылауда өндірілген еттің қауіпсіздік көрсеткіштері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
2.6. Жарамсыздыққа шығарылған саулықтарды бордақылау , ет өнімділігі және өндірілген қой етінің қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31

І. КІРІСПЕ БӨЛІМ

Қазақстан - қой шаруашылығы өркендеген мемлекет ТМД елдеріндегі бүкіл қой санының 28%-ті бізде шоғырланған, қой етінін төрттен бірі бізде өндіріледі, жүннің бестен бірі, барлық қаракөл елтірісінің үштен бірі Қазақстанда өндіріледі.
Қой басқа малға қарағанда шөл, шөлейт, құмайт, таулы-тасты жерлердің жайылымдарында жақсы жайылады. Ал Қазақстанда ондай жайылымдар көп.
Бірден-бір арзан және ең бағалы негізгі азықтың көзі жайылымдағы жасыл шөп болып табылады. Қысқы және жазғы жайылымдарды тиімді пайдалану, қойды қалыпты азықтандыруға мүмкіншілік туғызады.
Қой шаруашылығы ата-бабамыз ежелден айналысқан ата кәсіп, елімізде ежелден дамыған мал шаруашылығының саласы. Ғасырлар бойы қой өсіріп, қоймен тіршілік еткендіктен, бұл саладан халқымыздың тұрмысына қажетті көптеген өнім өндіріледі. Қой еті мен сүті тағамға, жүні мен терісі киім-кешекке, қиы отқа, түяқ пен мүйізі түрлі түйме сияқты бұйымдарға, құйрық майы емге, елтірісі жағаға, асығы мен тобығы ойынға пайдаланылады.
Қойдың өте көп жерге тарап, кез келген халықтың өсіретіндігінде себеп-салдар жоқ емес, соның ең бастысы қойдың алуан-алуан табиғи жағдайларға төзімділігі, бейімділігі.
Жалпы қой шаруашылығының өнімділігін, қазіргі қол жеткен зоотехния ілімі мен технологиясын жақсы қолданумен, ерекше жаңалық жасамай-ақ, көп қаржы шығармай-ақ, едәуір жақсартуға да көбейтуге де әбден болады.
Нарықтық экономика жағдайында, өндірістің экономикалық тиімділігі өнімнің бәсекелестігі, ең алдыңғы меже болып тұрғанда ғылыми дәйектелген жаңа алдыңғы дәрежелі технологияны жасау, ендіру, сала ісін жүргізуде қой етін және жүн өндіру үшін, қойдың толық биологиялық мүмкіндігін пайдалану кезек күттірмейтін мәселе. Сондықтан сапалы қозы және жас қой етін өндіру кезінде, қозылар мен еркек тоқтыларды олардың жас ағзасының өсу қуаттылығын толық пайдалануға негізделген, жайып семірту және бордақылаудың қарқындылығын арттырудың маңызы зор.
Азықтандырудың қолайлы жағдайын жасау және өсіру кезіндегі күтімі, жайып семіртумен, бордақылауға жұмсалатын азықты, жұмыс күшін, неғұр-лым үнемдеуді қамтамассыз етеді және өндірістің тиімділігін жоғарылатады. Қазақстан Республикасында оның кең байтақ жері мен табиғи климаттылық жағдайының алуан түрлілігі, экономикалық және басқа себептерге байланысты қарқынды технология жергілікті жағдайлары мен қорларды терең білуге құрылғаны жөн.
Курстық жұмыстың мақсаты - қойларды бордақылаумен және жайып семірту әдістерімен танысу. Ауыл шаруашылық малдары пәнінен алынған білімді тереңдету.
Курстық жұмыстың міндеттері - қой бордақылау және жайып семірту ерекшеліктері, қой етін өндіру және ет сапасын жақсартудың, қозы жүнін, терісін көбейтудің басты ерекшеліктерімен таныстыру. Бордақылау түрлері туралы түсінік беру.

1.1.Әдебиетке шолу
А. Н. А. Воробьев (1959), С. И. Боголюбский (1961) жүргізген зерттеулерде әр түрлі жүнді, салмағы ауыр қошқарлар мен ірі саулықты будандастырғанда болмаса, енелерінің салмақтары орташа не ұсақтау болған жағдайларда қандай қозы туатындығын байқай отырып селекциялық шешімге келді.
П. Н. Кулешов (1888), А. Доромыслов (1895), С. Н. Боголюбский
(1929), М. Ф. Иванов (1936), М. А. Ермеков, А. В. Голоднов (1977), Қ. Ұ. Медеубеков, А. Г. Племянников, т. б. (1977) құйрықты қой тұқымдарынан түсетін өнімдердің халық мұқтажына пайдалануда маңызы ерекше зор екені барлық деректерде толық келтірілген. Әсіресе, құйрықты қойдан алынатын ет өнімі, оның сапасы, қой дың бордақылау немесе жайылымда семірту кезіндегі биологиялық ерекшеліктері жайлы еңбектерінен жан-жақты мағлұматтар алуға болады.
П.Данилюктің(1984) зерттеулері бойынша қаракөл елтірі қойы жайылы
кезінде тәуліктін, 50,6%-тін жайылуға, 41,6%-тін де-малуға, 3,5%-тін суатқа баруға, 1,4%-тін су ішуге жұмсайтындығы анықталды.
Бордақылаудағы тоқтыны ашытқыланған жемшөп қосындысыме Бордақылау да тиімді. Алматы облысы Панфилов ауданының қой бордақылау кешендерінде Н. Омарқожаұлы, Т. Дәулетбеков (1977) жүргізген тәжірибелерде жалпы қоректілігі бойынша 23 -- 25% ірі, 55 -- 56% шырынды, 5 -- 10% құнарлы азықтан тұратын жемшөп қосындысын алдын ала ашытқылап (дрожжевание), жергілікті жемшөпте жетіспейтін минералды элементтер (фосфор, күкірт, мыс, кобальт, йодтың) қосындыларымен байытып бергенде еркек тоқтылардың орташа тәуліктік салмақ қосымы 175-200г болып, 120 күнде 18-24кг қосымша салмақ қосып, 1кг қосымша салмағынf 4,5 -- 5,а.ө. шығындаған.
Аса ірі ғұлама ғалымдар П.Н.Кулешов, М.Ф.Иванов, С.Н.Бололюбский, В.А.Бальмонт, М.Ш.Ермеков, Ә.Е.Елеманов және басқалары-қой шөлейт жайылымның өрісіне жайылуға әбден көндіккен, өте үнемді де жоғары пайдаланатын мал деп талай рет айтқан болатын.
ВАСХНИЛ академигі И.В.Ларин соңынан К.Ә.Асанов бастаған Қазақстан ғалымдарының ғылыми ізденулерінің озат практиканың арқасында, республиканың күллі дерлік табиғи-географиялық аймақтарының жағдайында лайықты етіліп, шабындықтар мен жайылымдардың шөбін жаөсартудың негізгі мәселері жасалып шықты.Жайылымды дұрыстап пайдалану негізіне алатыны-совет ғалымдары (ВАСХНИЛ академигі И.В Ларин, Түтікпен ССР Ғалым академигі Н.ТНечаев және басқалары), академик Қ.Ш.Асанов бастаған қазақстан ғалымдары ашқан өте бір қызықты құбылыс бар,ол мынау; мал өрісін тиімді етіп пайдаланған шақта оның шөбі нашарлап кетпейді, қайта табиғи жағдайдағы күймен салыстырғанда, шөп одан әлдеқайда жақсарып, өңі кіріп шығады екен.Ауыл шаруашылығы ғылымының докторы П.Н.Коршаковтың зерттеулері жүннің беріктігі,созылғыштығы, серпімділігі сияқты қасиеттері осы микроэлементке тікелей байланысты екенін дәлелдеді.
А.В.Модяновтың(1989) мәлеметтеріне қарағанда, қой буаздығының екінші жартысында коректік заттарды көбірек жұмсайды, организімнің негізгі қызметіне жұмсалатын азық өлшемінің мөлшері 30-40%,қорытылатын протеин 40-50%,кальций мен фосфор екі есе арттырылады.
О.А.Дупенко, Н.В.Сабанова және В.Г.Попов қойларға таңба салуға қолайлы бояудың рецептісін ұсынады.
Қ.Сәбденовтың(2008) мәлімдеуінше, азықтандыру - қойдың ет өнімділігін сан мен сапасын әсер ететін негізгі факторлардың бірі. Малды дұрыс, толық құнды азықтандыру үшін рациондағы азық өлшемімен таратылатын протеиннің мөлшеріне көңіл аудару керек. Олар белгіленген қалыптан кем болмауы тиіс. Бордақылаудағы еділбай қойларының азықтандыру деңгейі жоғарылаған сайын бір өнім өлшеміне жұмсалатын азық шығыны төмендей түседі де бір килограмм қосымша салмаққа еңбек пен қаржы аз жұмсалды.Азықтандыру деңгейі бордақылау ісінің экономикалық көрсеткішіне ғана әсер етіп қоймайды, сонымен бірге еттің сапасына ды ықпалын тигізді.
М.Абдулаевтың(1982) айтуынша, қойды жайып - семірту Қазақстан жағдайында қойдың еті мен жүні басқа да өнімдерін арттырудың және олардың сапасын жақсартудың ең арзан әрі тиімді тәсілі. Мұның өзі табиғи мол жайылымдарды неғұрлым толық және тиімді пайдалануға, тәулігіне орта есеппен қосымша салмақты көп алуға, малдың тірілей салмағы мен қоңын арттыруға мүмкіндік береді.
Б.Құлатаевтың (1985) зерттеуінде, көп жылдық тәжірибеге сүйенсек, ірі қой күніне 6 - 8 кг қозылары бар саулық (қоса есептегенде) 12 - 15 кг шамасында шөп жейді. Егер жайылымдық қойға қосымша жем берілсе, бұл нормалар тиісінше 15 - 30% кемітіледі. Қой жаю үшін жайылым көлемін анықтағанда осының барлығы ескерілуі тиіс. Мысалы, 700 бас қой отарына, жазғы мезгілінде, қой басы 7 кг көк шөп жейтін болса, сонда барлық отарға күніне 49 ц шөп керек, ал жайылым маусымы 4 айға 5880ц шөп керек болып шығады.
А.П Данилюктің(1988) зерттеулері бойынша қаракөл елтірі қойы жайылым кезінде тәуліктің 50.6%-тің жайылуға, 41.6%-тін демалуға, 3,5%-тін суатқа баруға,1.4%-тін су ішуге жұмсайтындығы анықталды.
Б.Әкімбековтың(1987) мәлімдеуінше, қойды азықтандыруда мүйізді ірі қара малды азықтандыруға кететін барлық жем - шөп түрлерін қолдануға болады. Оның үстіне, қойдың биологиялық және ас қорыту ерекшеліктеріне байланысты қорегіне өсімдік түрін анағұрлым көп пайдаланатындықтан, көптеген жем - шөп түрін жеп, жайылым оты мен басқа да азықтарды басқа малдан жоғары игереді. Сондықтан да олардың осындай жайылым оты мен ең арзан азықтарды ұтымды түрде молынан пайдаланса, өндірісімен өнімінің өзіндік құны арзан болмақ. Мұның шаруашылық экономикасына тигізер пайдасы көп.
Т.Күлтебаевтың(1984) зерттеуіне қарағанда, туған шағынан бастап 30 күндігіне дейін қозының өсу қарқынының коэффициенті-4.56, екі айға жуығында 1,21-139 болған. Ұрғашы тоқтылармен салыстырғанда тұқымдық еркек тоқтылардың азыққа деген мұқтаждығы біршама жоғары болады.
Б.Медеубековтың (1998) зерттеулерінде, сапалы сүрлем қойдың асқазан қызметін, организмде зат алмасуын жақсартады, дені таза төл алуына, витаминдердің көбейтіп, сүт құрамының жақсаруына септігін тигізеді. *Сүрлем азықтың дәмін кіргізеді, қысқы азық рационын түрлендіреді, ондағы қоректік заттың жақсы қорытылуына әсер етеді. Дұрыс салынған сүрлем көп азықтың бағасы қасиетін өзінде сақтайды. Көк азықтың сүрленуі сүт қышқылы бактерияларының өсімдіктерді тез ашуы әсерінен болады. Олар сүрленетін шырындағы қантты пайдаланады және сүт қышқылын бөліп шығарады, бұл қышқыл азықты қышқылдандырады да шіріткіш бактериялардың дамуына және әрекеттеріне кедергі жасайды. Сүрлеу процесі кезінде азықта сүт қышқылының біраз мөлшері жиналады, ол сүрлемге жақсы иіс пен дәм береді, мұның өзі қойдың сүрленген азықты сүйсініп жеуіне себеп болады.
Әр түрлі азықтың құрамындағы қоректілерінің мөлшері де түрліше болады, сондықтан бір азық жақсы, екіншісі нашар сүрленеді. Мысалы, республикамыздың қай аймағында болса да қошқарлар қыс айларында қолда - қорада бағылады. Сондықтан да олардың рационы бұл кезде әр түрлі жоғары сапалы, жеңіл қорытылатын, жақсы желінетін азықтардан құралады. Қыста, шағылыстырылмаған кезеңде тоқтылардың рационына тәулігіне есептегенде 1,5 - 2,0 кг сапалы шөп, 2,0 - 2,5 кг сүрлем немесе пішендеме, 1,0 - 1,5 кг тамыр жемістілер, 0,7 - 1,9 кг құрама жем енгізіледі. Көктем, жаз айларында тоқтылар шөбі шүйгін жақсы жайылымдарда бағылып, қажет болса үстемелеп беріледі.
Сарбасовтың А.Б.(1980) мәліметтерінде, ет өнімділігінің саны мен сапасына әсер етітін негізгі факторлардың бірі малды дұрыс толық құнды рационмен азықтандыру болып табылады. Азық рационын құрғанда, ең алдымен ондағы азық өлшемі мен қорытылатын протеиннің мөлшеріне көңіл аудару қажет. Рационда азық өлшемі нормаға сәйкес мол болады, сондықтан бордақылаудағы қойдың азықтандыру деңгейі жоғарылаған сайын, бір өнім мөлшеріне жұмсалатын азық аз жұмсалады.
Азықтандыру жағдайы бордақылау процесінің экономикалық көрсеткішіне ғана әсер етіп қоймайды, сонымен қатар еттің сапасына да ықпалына тигізеді. Мысалы, көп уақыт бойы суыққа жарымаған арық малды бордақылауға қойса, онда оның салмағының басым бөлігі май болып кетеді де ет, яғни белокты ет, аз болады. Ұшаның төмен сапалы болып келуі қойды бордақылаудың бастапқы кезінде жақсы азықтандырып каеліп соңынан азықтандыру деңгейін төмендетіп жіберуден де болады. Сондықтан да биологиялық жағынан бағалы ет алу үшін қойды әр уақытта да жақсы азықтандырып, дұрыс күтіп - бағу қажет.
Бордақылаудағы сақа қойдың протеинге деген қажеттілігі аса жоғары болмайды. Ал өсіп келе жатқан қозылар үшін протеин мөлшерінің ерекше маңызы бар.
Академик Е.Ф. Лискуннің (1959) айтуынша, қойдың қай бағытта өсірілетіне қарамастан, олардың ірі болғаны тиімдірек, себебі физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты ірі қойлар мал азығын тиімді пайдаланады. М.В. Юдин мен М.И.Котовтың (1951) пікірінше сақа ааулықтардың қозылары тұсақтардікіне қарағанда ірі, тірілей салмағы жоғары болып туылады да, әрі қарай тез өседі. Көптеген еңбектердің негізінде И.Н. Дьячков, В.Н. Погодин және В.Р. Поломошников, К.Е. Елемесов, М.А. Ширинсий және басқалары әр түрлі ертірілік типтерге бөліп, солтиптерге байланысты қаракөл қойлары тұқымын ылдандыру жолға қойылды.
Н.Омарқожаұлының(1977) келесі зерттеулерінде, ең алдымен рационды малдың кіретіндіктен олардың да қой рационында қажетті деңгейде болғаны дұрыс.сүйсініп жейтін, үйреншікті жем - шөбінен құрастырады. Олар шаруашылықта өндірілетін арзан азық көзі болуы керек. Өйткені азық шығынының мал шаруашылығы өнімінің өзіндік құнын құрастырудағы үлесі басым азықтары жақсы қорытылып, мол өнім беруге бағытталуы керек. Мәселен, жем - шөп қорытылуы үшін шырынды азықтардың белгілі көлеміне ірі азықтар берілуі шарт. Өйткені шырынды азықтар басым болса, клетчатка көзі болып табылатын ірі азықтың аздығымен ас жолдарының қызметі бұзылып, клетчатка жетіспеушілігінен туатын зиянды құбылыстар орын алады. Керісінше тым мол берілген ірі азық рационындағы клетчатка деңгейін көтеріп, оның өзінің және де басқа қоректік заттың қорытылуын нашарлатады
Елімізде зоотехникалық ғылымның негізін қалаушылардың бірі академик М.Ф.Иванов: шопандар қойдың қасиетін, жылдың бір мезгілінде қойлар қандай жайылым шөбін жақсы жейтінін білулері керек ден атап көрсеткен болатын.
П.Н.Кошкаровтың тәжірибелеріне қарағанда, бір қойға тәулігіне 2,5 миллиграмнан хлорлы кобальт бергенде,қосымша 230гжун қырқылған, әрі оның сапасы да жақсарған.
Зерттеулердін нәтижелері бойынша қазақтың биязы жүнді қой тұқымының бір саулығы наурыз айында күніне 2,9, сәуірде -6,5 және мамырда-7,5килограмм жайылым шөбін жейді. Ол шөптің 1килограмында наурызда -0,24 азық өлшемі және 28грамм қорытылатын протеин, сәуірде және мамырда тиісінше -0,25-0,29және 33-40 грамм болады.
Қазақ технологиялық қой шаруашылығы ғылыми зерттеу иниститутының аға ғылыми қызметкері А.Г.Племянниковтың жургізген тәжіриесінде - қазақтың құйрықты тұсақ саулықтары (Орташа тірілей салмағы-58кг,көктемде қырқылған жүн 1,8кг )гемпшир типіндегі етті биязылау жүнді және жақсартылған жартылай қылшық жүнді етті-майлықарғалы және еділбай қойларының жоғары өнімді тұқымдық қошқарларымен будандастырылады.
Тәжірибиенің нәтижесінде етті-майлы еділбай,қарғалы және гемпшир типіндегі етті жартылай биязы жунді қошқарларының орташа тәуліктік қосымша салмағы бір жарым айға толғанға дейін тиісінше 437,452 және 426грамм, саулықтардан бөлген кезде,яғни 4,0-4,5айға толғанда 292,309және
286грамм болды.
Тәжірибелік топтағы будан қозыларды 4,5-5айға толғанда бөлген кездегі еттілік сапасы мынадай көрсеткіштермен сипатталады: еділбай қошқарларының будан қозыларының тірілей салмағы орта есеппен - 37,7, қарғалы қошқарларының будан тоқтыларынікі 40 және гемпшир типә қозылардың будан тоқтыларының салмағы 36,5 кг болады.

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Қойларды азықтандыру және бордақылау
Қойды бордақылау, әсіресе жас еркек тоқтылармен қозыларды бордақылау қой етінің сапасын жақсартудың, өндірісін жоғарылатудың мол қоры болып табылады.
Бір ай жайып семірткеннен кейін қозылар ең соңғы бордақылауға қойылды. Сонымен қозылар екі топқа бөлінді. Бақылау тобындағы қозылардың жем-шөп мөлшерінде алғашқы кезеңде (30 күнде) 0,9 кг жоңышқа, 0,1 кг сабан, 0,65 кг құнарлы жем, (60% бидай дәні қалдығы + 40% арпа дәні), ал сонан кейін мәрелі кезеңде (30 күн) - 1,0 кг жоңышқа, 0,2 кг сабан және 0,75 кг құнарлы жем берілді. Тәжірибе тобындағығылардың азық құрамының тәуліктік үлесінен жоңышқаны 300 г азайтып (30%), ал оның орнына ұрығын жинап алынғаннан кейінгі қалған мақсары қалдығы берілді. Мәрелі кездегі азық құрамының қоректілігінің құндылығы бақылау тобындағыларда 1,15, ал тәжірибе тобында-ғылардікі 1,17 азықтық өлшемді құрады.
60күндік бордақылау кезінде бақылау және тәжірибе тобындағы қозылардың тірілей салмағы тиісінше 24,9 және 25 кг- нан 33,7 және 34,7 кг- ға жоғарылады, болмаса 8,8 және 9,7 кг-ға артты. Бұл уақытта тәжірибе тобындағы қозылардың салмағының өсуі бақылау тобына қарағанда жоғары болды және орташа тәуліктік өсімі салмағы тиісінше 162 және 147 граммды құрады. 1кг тірі салмақ өсіміне 7,2-7,8 азықтық өлшем жұмсалды. Тәжірибе тобындағы қозылардың 1 кг тірілей салмақ өсіміне 7,2 азықтық өлшем жұмсалды, бұл бақылау тобындағы қозыларға жұмсалған азықтық өлшемге қарағанда 0,6 азықтық өлшемге аз, болмаса 7,8% пайызға кем. Бордақылау кезінде тәжірибе тобындағы қозылардың салмағының өсімі жедел түрде жүрді және олардың орташа тәуліктік өсімі 162 г жетті, бұл бақылау тобындағы тұрғыластарынан 15 г артық болмаса, 10% пайызға жоғары.
60 күндік бордақылау кезінде қозылардың ұшасының салмағы 10,2 кг-нан 14,8-15,2 кг-ға дейін болмаса 1,45-1,49 есеге өсті. Ұшаның шығымы 41 пайыздан 43,7-43,9 пайызға жоғарылап, жоғарғы қоңдылықтағы қойларға қойылатын талап мөлшерінен едәуір артық болды. Қозылардың ағзасында іш майдың шырлануы біршама жедел түрде жүрді (3,5-3,6 есе), сондықтан сойыс шығымы айтарлықтай 41,9 дан 46,2% пайызға өсті.
Дененің таза салмағына шаққанда тәжірибе тобындағы қозылардың ұшасы-ның шығымы мен сойыс шығымы 52,8 және 55,6%, бақылау тобындағы тұрғыластарына қарағанда едәуір жоғары (50,1 және 53,9 %) болды.
Бордақылау барысында бұлшық еттердің жеделдете өсуі, әсіресе майдың шырлануы (1,40-1,42 және 3,25-3,3 есе), ұшаның қаңқа сүйектеріне қарағанда (1,21-1,23 есе) жоғары болды. Осыған байланысты еттілік коэффициенті, бұлшық ет-сүйек ара қатынасы көрсеткіші 3,64 және 3,19 бірліктерден 4,9-4,93 және 3,70 бірліктерге дейін күрт жоғарылады.
Бордақылау барысында жұмсақ еттегі судың құрамы әжептеуір 68,5 пайыздан 56,1-56,8 пайызға дейін кемиді, ал майдың үлестік салмағы керісінше 13,5 пайыздан 28-28,5% пайызға дейін едәуір ұлғайды.
Майдың жедел шырлануына байланысты ұшаның 1 кг жұмсақ етіндегі қуаттың құндылығы 9,3 мегаджоулдан 14,5-15 мегаджоулге дейін едәуір жоғарылады.
Бақылау тобы мен тәжірибе тобындағы қозылардың ұшасы және ұшаның жұмсақ еті химиялық және морфологиялық құрамы жөнінен айтарлықтай өзгеріске ұшырамады.
Қазіргі уақытта экологиялық таза өнім өндіру күрделі мәселе болып отыр, сондықтан мал ағзасына зиянды қоспалардың, ауа болмаса, азық арқылы түспеуін болдырмаудың және өндірілген етте осы заттардың болуын анықтау маңызды мәселе болып тұр.
Қойды жасына қарай бордақылайды. Бордақылаудағы отарларды ертеңгі салқынмен сағат 5-тен 10-11ге дейін жайып, суарып, 11 -- 12-ден бастагг 16 -- 17-ге дейін желдетілетін биіктеу жерде, мүмкіншілігінше көлеңкеде күйістетіп, кешкі салқынмен 16 -- 17-ден 21 -- 22-ге дейін суарып жаяды. Олардың күнделікті азықтандыру деңгейі орташа тәуліктік салмақ косуына сәйкес келеді (1-кесте). Бордақылау үшін құрамы 75 -- 80% ірі азықтардан, оның 40 -- 45% сабаннан, 20 -- 25% құнарлы жемнен тұратын түйіршіктерді қолдануға болады. Олардың азықтандыру нормасы кестеде көрсетілген.
1-кесте. Сақа қойларды бордақылау нормасы, (тәулігіне бір басқа)

Көрсеткіштер
Жүнді және жүнді етті тұқымдар
Етті-жүнді тұқымдар

Тірілей саламағы, кг

40
50
60
40
50
60

Орташа тәуліктік салмақ қосымы, г

150
160
170
170
180
190
Азық өлшемі
1,3
1,4
1,5
1,5
1,6
1,7
Алмасу энергиясы, МДж
14,8
15,9
17,1
16,5
17,6
18,7
Құрғақ заты, кг
1,6
2,0
2,4
1,9
2,2
2,4
Шикі протеин, г
182
195
210
200
210
225
Қорытылатын прот, г
117
125
135
130
135
145
Ас тұзы, г
15
16
17
16
17
18
Кальций, г
7,8
8,4
9,0
9,0
9,6
10,0
Фосфор, г
5,2
5,6
6,0
4,5
4,8
5,0
Магний, г
0,6
0,7
0,8
0,5
0,7
0,8
Күкірт, г
4,5
4,9
5,2
3,0
3,4
3,8
Каротин, мг
10
11
12
12
13
14
Д витамині, ХӨ
585
630
675
530
550
580

2.2. Қойларды бордақылау және оларды жайып семіртудің ерекшеліктері

Қой өсіру - қазақ халқының ежелден келе жатқан тарихи дәстүрлі мал шаруашылығының бірі. Халқымыздың тұрмыс тіршілігі, күнкөріс көзі момын жануармен тікелей тамырласып жатыр. Мал өсірсең, қой өсір, өнімі оның көл-көсір деген сөздерде терең ұғым бар. Қой егіз тапса, бір түп жусан артық шығады деп қой малының өз несібесін өзі айыратынын айтса, қой анасы -- оннан, жылқы анасы -- бестен деп, қой малының жылдам көбейетінін меңзеген.
Бордақы қойларына берілетін минералды заттардың жеткілікті болуы қажет. Мал шаруашылығы институты ұсынған норма бойынша тірі салмағы 30-32кг, жеделдете бордақылауға қойылған қозылар үшін тәулігіне 4,5г кальций мен 2,5 г фосфор (1 азық өлшеміне шаққанда) беру қажет.
Жемі жеткілікті шаруашылықтарда, рациондағы жем мөлшерін 400-500 грамға дейін жеткізіп қозыларды жеделдете бордақылаған тиімді. Қой шаруашылығы өнімдерін өндіруді күрт ұлғайту міндеттерін ойдағыдай шешуде біздің жағдайымызда қойды жайып семіртуді жөне бордақылауды дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор. Қой етін молайтудың аса маңызды көзі-мал бағудың технологиясын жетілдіру, оларды жайылымда семірту, жедел бордақылау.
Ересек қойды бордақылау үшін бракқа шығарылған саулықтарды пайдаланады. Оларды негізінде жайып семіртеді. Қолайлы жағдай туса, оларды сүрлем, жом т.б. бағасы арзан азық беріп бордақылауға болады. Ересек қойды бордақылау 2-3 айдан аспауы керек. Жем азықтарының ішінен сүйсініп жейтіні жүгері, арпа, күнжара мен шрот және бұршақ тұқымдас дәнді азықтар. Негізінде жемді екі мезгіл берген жөн.
Ересек қойды сүрлем типті рационмен бордақылағанда тәулігіне 5 кг сүрлем, 0,5 кг сабан, 0,5 кг пішен, 0,2 кг дәнді азық береді. Шамамен сақа қойларды 2-3 ай, ал қошақандарды 3-4 ай, салмағы 40-50 кг-ға жеткенше бордақылайды.
Бірден-бір арзан және ең бағалы қорек жайылымдағы жасыл шөп болып табылады.
Жайлауда ұсталатын мал өнімдерін екінші туынды өнім деп есептеу керек. Бірінші өнім-жайылынның өзі. Айталық, қой өнімінің сапасы да, көлемі де сол жайылымның құнарлылығына байланысты.
Жас қозылар мен тоқтыларды жедел өсіріп бордақылап 40 -- 50 кг салмаққа жеткізіп дәмді жас қой етін өндіреді. Сақа қойларды 50 -- 60 кг салмаққа дейін бордақылап, семіз қой етін өндіреді. Ең арзан қой еті табиғи жайылымда жайып семірткенде өндіріледі. Ересек ісек отарларын 1000 -- 1200 бастан, бракқа шығарылған саулықтар отарларын 800 -- 1000 бастан, тоқтылар отарларын 700 -- 800 бастан, ал таулы, орманды және де жлйылым оты кедей жерлерде одан 20 -- 30% аз отарларды құрады. Жаздың ортасына дейін ісектерді, екінші жартысынан бракқа шығарылған саулықтарды және еркек тоқтыларды жайып семіртеді. Тоқтыларда соңғы екі айында қорада бордақылап, 7 -- 9 айлығында жоғары және орташа қондылықта етке өткізеді
Жайып семіртуге және бордақылауға биязы жүнді оңтүстік қазақ мериносы қозылары, тоқтылары және жарамсыздыққа шығарылған саулықтары қойылды. 2003-2008 жылдары жайып семірту және бордақылау барысында әртүрлі жастағы, жыныстағы қойлардың тірі салмағының, ет тәріздес өнімдерінің, іш майының және ұша шығымының, ұшасының еттілігін қалыптастыратын ұлпалардың, өзгеру сипаттары зерттелді.
Жайып семіртуге дайындалған жас еркек тоқтылар топтары сәуір айында, ал қозылар тамыз айында қалыптастырылды, олардың өсіп жетілуін бақылау, көктемгі-жазғы, жазғы және күзгі кезеңдерде, тау етегіндегі, таудағы жайылымдарда жайып семірту барысында жүргізілді. Жайылымнан соң төменгі салмақтағы қозылар, жас еркек тоқтылар және кәрі саулықтар жеделдете бордақылауға қойылды .
2.3. Еркек тоқтыларды көктемгі жайылымда бағып семірту кезіндегі өсуі және сойыс өнімдерінің өзгерістері
Ғылыми негізде ұйымдастырылған жайып семірту, қой етінің сапасын жақсарту мен өндірісін молайтуда маңызды қор болып табылады.
Қойлардың ет өнімінің қалыптасуының көктемгі жайып бағу кезінде жете зерттелмегенін есепке ала отырып, көктемгі жайып семірту кезінде 2005 жыл-дың 5 сәуірінде Қарабау тәжірибе шаруашылығында оңтүстік қазақ мерино-сы еркек тоқтыларынан тәжірибелік қойылу салмағы 31,8 кг (жүнін есептеме-генде) тобы құрылды. Қырқым кезінде жүннің орташа салмағы 3,45 кг болды.
Жас еркек тоқтыларды суғару өзеннен таң ертеңгісін және күнің екінші жартысында жүргізілді.
Биязы жүнді тоқтыларды жаю таңертеңгі сағат 6-700-де басталды. Күндіз сағат 1200-де жайылым тоқтатылып, сағат 1500-ке дейін талдың көлеңкесінде демалыста болды. Сағат 1500-тен қойларды жайылымға шығарып, онда олар сағат 2100-2200-ге дейін бағылды.
20-күндік жайылым кезінде яғни 5-сәуірден 25-сәуірге дейін тау бөктеріндегі жайылымда биязы жүнді қойлардың тірілей салмағы 31,8 кг-нан 36 кг-ға дейін өсті, ал абсолюттік өсімі 4,2 кг болды. Биязы жүнді тоқтылардың бұл кездегі өсуі жедел түрде жүрді және орташа тәуліктік тірілей өсімі салмағы 210 г құрады.
Жайылым шөбінің өнімділігі сәуір айында 35 цга болды, бұл еркек тоқтылардың жедел өсуіне жағдай жасады. Осыдан кейінгі 34 күндік жайып семірту кезінде 29-мамырға дейін тау етегіндегі жайылымда еркек тоқтылардың тірілей салмағы 36 кг-нан 41,6 кг-ға дейін өсті. Бұл уақытта да тоқтылардың қарқынды өсуі жоғары дәрежеде болып, олардың орташа тәуліктік тірілей салмақ өсімі 165 г болды.
Мамыр айында жайылым шөбінің шығымдылығы жоғары болып, 29,5 цга құрады, тоқтылардың жедел өсуіне себепші болды.
Салмағы төмен малды сою кезінде салмағы орташа 11,9 кг болатын қоңдылығы, төмен ұшалар алынды.

2 кесте - Биязы жүнді тоқтылардың бақылау сойысының нәтижелері

Көрсеткіштері
Тоқтылар
Өсу коэффи-циенті

жайып семіртуге қойғанда
жайып семірту-ден кейін

Мал басы саны
3
3
-
Сояр алдындағы тірілей салмағы, кг
30,6+-0,9
38,9+-0,6
1,27
Ұшаның салмағы, кг
11,9+-0,7
16,7+-0,4
1,40
Ұшаның шығымы, %
38,9
42,9
-
Іш майының салмағы, кг
0,25+-0,03
0,62+-0,03
2,48
Іш майының шығымы, %
0,8
1,6
-
Сойыс салмағы, кг
12,15+-0,32
17,32+-0,4
1,43
Сойыс шығымы, %
39,7
44,5
-
Барлық ет тәрздес өнімдер, кг
5,4+-0,05
6,1+-0,05
1,13
Ет тәріздес өнімдер шығымы, %
17,6
15,7
-

Жайып семірту кезінде іш майы мен ұша салмағының өсуі жоғары болып тірі салмаққа (1,27 есе) және ет тәріздес өнімдерге қарағанда (1,13 есе) жедел түрде жүрді. Осыған байланысты іш майымен, ұшаның шығымы жайып семірту барысында тиісінше 38,9 және 0,8 пайыздан, 42,9 және1,6 пайызға дейін жоғарылады, ал ет тәріздес өнімдердің шығымы керісінше 17,6 пайыздан 15,7 пайызға дейін төмендеді. Ішкі ағзалардағы майдың жиналуының күшеюіне байланысты сойыс шығымы ұшаның шығымымен салыстырғанда анағұрлым жоғары болып, сойылғанға дейінгі салмақтың 44,5 пайызын құрады.
Ұшаның сапасы белгілі бір мөлшерде оның морфологиялық құрамымен анықталады. Жайып семіртуге қояр алдында биязы жүнді тоқтылардың ұшасының 74,6% пайызы жұмсақ ет, 70,4% пайызы бұлшық ет, 4,2% пайызы май, 23,4% пайызы сүйек болды.
Көктемгі жайып семірту кезінде тоқтылар ұшасының өсуі, негізінен сүйек бұлшық еттерінің (3,19 кг), майдың шырлануы (0,89 кг) және аз мөлшерде ұшаның қаңқа сүйектерінің өсуі (0,47 кг) есебінен жүрді. Бұл уақыттарда ұшаның еттілігін қалыптастыратын ұлпалардың өсу қарқынымен жиілігі біркелкі болмайды. 54-күндік жайып семірту кезінде майдың шырлануымен сүйек бұлшық етерінің өсу коэффициенті тиісінше 2,85 және 1,40 болса, ұшаның сүйек қаңқасындағысы тек қана ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Егіншілікте мал азығын өндіру
А витаминінің қошқарлардың өніміне тигізетін әсері
Алты айдан асқан сүтті-етті тұқымның ұрғашы бұзауларын күтіп-бағу және азықтандыру
Шаруаларды жемшөппен қамту технологиясы
Мал азығы
Қозылы қойды азықтандыру
Азықтың химиялық құрамын зерттеу
Шөп дайындау курс
Тұқымдық қошқарды азықтандыру
«Сиыр табынын толтыратын ұрғашы бұзауларды азықтандыру»
Пәндер