Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесіне деген психологиялық дайындығының компоненттерін анықтау



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Курс жұмысынң өзектілігі: Кіші мектеп жасының физиологиялық даму сипаттамасы бүгінгі күннің көкейкесті тақырыптарының бірі болып табылады. Себебі, кіші мектеп жасы - балаға спорттық тәрбие жағынан әсер етудің сензитивті кезеңі. Дене тәрбиесі тұрғысынан әсер ету жеке тұлға мен оның интеллектуалдық қалыптасуына ықпал етеді. Іс-әрекет түрі ауысады, бала ойыннан оқу әрекетімен айналысады. Достық қарым-қатынастар пайда болады. Жақсы оқитын балалар басшы-лидер болады. Кіші мектеп жасының негізгі іс-әрекеті - оқу болып табылатыны жайлы және іс-әрекет теориясының психологиялық негізгі мінездемесі туралы психологиялық зерттеулер бойынша талдаулар зерттеу жұмысындағы проблемаларды шешуде маңызы зор болды.
Курс жұмысының зерттеу объектісі: Кіші мектеп жасындағы балаларда гимнастикасы;
Курс жұмысының мақсаты:
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесіне деген психологиялық дайындығының компоненттерін анықтау;
Дене әрекетінің құрылымын теориялық тұрғыдан дәлелдеуді жүйелеу;
Дене әрекеті арқылы кіші мектеп жасындағы балалар міндеттерді шешудің жалпы әдістерінің үлгілерін және оларды қолдану шарттарын анықтау;
Курс жұмысының міндеттері:
Спорттық іс-әрекет қоғамдық - тарихи категория екенін анықтау;
Жеке іс-әрекет қоғамдық іс-әрекеттің тетігі, нақты көріністегі бөлігі ретінде қарастыру;
Зерттеу болжамы: Кіші мектеп жасының негізгі іс-әрекеті - дене қозғалысы болып табылатыны жайлы және іс-әрекет теориясының психологиялық негізгі мінездемесі туралы психологиялық зерттеулер бойынша жасалған талдаулар мен негізгі теориялық тұжырымдарды мектеп психологтары мен оқытушылар тәжірибе жүзінде қолдануға болады, оң нәтиже береді.
Іс-әрекет құрылымы жөніндегі проблема жантану теориясының дамуы мен көптеген практикалық міндеттердің тиімді шешімін табуда үлкен маңызға ие екенін дәлелденді. Іс-әрекет құрылымы жөніндегі алғашқы теориялық пайымдаулар әрекет элементтермен байланыстырылып, бұл қарапайым элементтер ретінде әрекеттің ең жай түрлері: алу, қою, көтеру қабылданғандықтан психологтың кәсіби ережелері талданды. Кіші мектеп жасы - балаға психологиялық-педагогикалық әсер етудің сензитивті кезеңі екені нақтыланды. Педагогикалық әсер ету жеке тұлға мен оның интеллектуалдық қалыптасуына ықпал етеді деген тұжырым жасап, жүйеледік.
Курстық жұмыстың зерттеу әдістері: Зерттеу жұмысында ғылыми- теориялық әдістер, сипаттау, салыстыру, сұрыптау, жинақтау, талдау, қорытындылау әдістері қолданылды.
Курс жұмысының практикалық маңыздылығы: Психологиялық зерттеулер бойынша жасалған талдаулар мен негізгі теориялық тұжырымдарды мектеп психологтары мен оқытушылар тәжірибе жүзінде қолдануға болады,

1. Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің физи-педагогикалық мән-маңызы

1.1. Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің мазмұны, бағдарламасы
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесі - оқушылардың денсаулығын нығайтатын, дене күшін, қозғалыс дағдыларын және моральдық-еріктік қасиеттерін дамытатын дене тәрбиесінің құралы. Дене тәрбиесіндегі маңызды құралдарының бірі - табиғи факторлар: күн көзі, ауа, суға шомылу, душ қабылдау. Табиғат факторларын балалардың денесін сауықтыру жұмысы кезінде пайдалану өте тиімді. Дене тәрбиесінің маңызды мақсаттарының бірі - балалар мен ересек адамдарды дене шынықтыру ісіне жұмылдыру. [1]
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің міндеттері:
- денсаулықты нығайту және шынықтыру, дененің дұрыс өсіп-жетілуіне және ағзаның жұмыс қабілетін арттыруына әсер ету;
- қимыл дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру және жетілдіру;
- қимылдың жаңа түрлеріне баулу және оны теориялық білімдерімен байланыстыру;
- негізгі қимыл-қасиеттерін күшті, төзімділікті, шапшаңдықты және ептілікті дамыту;
- еріктілікке, батылдыққа, табандылыққа, тәртіптілікке, ұйымшылдыққа, достық пен жолдастық сезімге, мәдениет мінез-құлық дағдысына еңбек пен қоғамдьщ меншікке саналы көзқарасын тәрбиелеу;
- әдеттерді қалыптастыру және дене жаттығуларымен үнемі шұғылдануға ынтаны тәрбиелеу;
- гигиеналық дағдыларды сіңіру, дене жаттығулары мен шынықтыру гигиенасы жөніндегі білімді хабарлау. [2]
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесі сабағы әзірлік, негізгі, қорытынды бөлімдерінен тұрады. Әзірлік бөлімі оқушылардың сергек көңіл-күйін, дене шынықтырумен шұғылдану ынтасын арттыру және балаларды сабақтың негізгі бөлігінде күрделі дене жаттығуларын орындау даярлығын жасау үшін пайдаланылады.
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесі сабақтың негізгі бөлігіне оқу бағдарламасындағы дене жаттығуларының түрлері енгізіледі. Жаттығулар, әр қилы ойындар оқушылардың көтеріңкі көңіл-күйін туғызады. Осы көтеріңкі ілікті басып, оқушыларды келесі сабақтарға даярлау сабақтың үшінші, қорытынды бөлігінің міндеті. Сабақ жалпы сап түзеумеи, қорытынды жасаумен аяқталады. [3]
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесі сабақтары процесінде білім беру, тәрбиелеу, сауықтыру міндеттері шешіледі.
Дене шынықтыру сабағының маңызды тәрбиелік міндеті оқушылардың дене шынықтырумен үнемі шүғылдануға ынта-ықыласын дарыту. Бастауыш сыныптағы дене шынықтыру сабақтары жаттығуларының және ойындарының сан алуандылығымен ерекшеленеді.
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс жұмыстардың міндеттері: баланың денсаулығын нығайтуға көмектесу; ағзаны шынықтыру, оқушылардың жан-жақты өсіп жетілуіне, дене шынықтырудық оқу бағдарламасын ойдағыдай меңгеруге көмектесу; балаларды дене шынықтыру және спортпен үнемі шұғылдануға әдеттендіру; қозғалыс дағдысын тәрбиелеу. [4]
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесі мен спорт жөніндегі сыныптан тыс жұмыстың негізгі формалары: секциялары мен үйірмелердегі сабақтар спорт жарыстары, серуендер, туристік жорықтар, дене шынықтыру және спорт мейрамдары.
Серуендер мен жорықтарды балалардың табиғат туралы білімдерін толықтыра алатындай тамаша адамдардық әңгімелерін ести алатындай жерде белгіленген жөн.
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесі балаларды жүйелі түрде дене жаттығуларына үйретудің тиімді жолдарының бірі - олардың өз еркімен дайындалуы. Осыған байланысты оқу бағдарламасына дене тәрбиесінен үйге тапсырма беруді міндетті түрде енгізу керек.
Отбасында өз еркімен орындалатын дене тәрбиесінің бір түрі -таңертеңгілік гигиеналық-бой сергіту жаттығуы. Ол адамның дене құрылысының ұйқыдан соңғы тіршілік қызметіне тез араласуына әсерін тигізіп қана қоймай, адамды сергек жүруге және көңіл-күйін көтеруге көмегін тигізеді. Таңертеңгілік бой сергіту жнттығуы тұлғаны дұрыс қалыптастыруға әсер ете отырып,тыныс алуды жақсартады, қан айналу жүйесі қызметін күшейтеді, зат алмасуға көмектеседі, оқушылардың зеректігін, мақсатқа жету ұмтылысын қалыптастырады, ақыл-ой қызметін арттырады. Ертеңгілік бой сергіту жаттығулары оқушыларды тәртіптілік пен бейімділікке, өзіне деген сенімділік пен белсенді қызмет атқаруға тәрбиелейді. [5]
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесі Порфирий Корнеевич Иванов - уақытты жарты ғасырға басып озған Жан ретінде таныту маңызды. Оның қарапайым әдісі - "Детка" немесе "Иванов жүйесі" деп аталады. Оның нұсқаулары:
:: өзіңді жақсы сезіну үшін күніне 2 рет табиғи суың суға шомыл. Ыстық суға шомылсақ, суық сумен нүктесін қой;
:: шомылар алдында, не шомылып жатқанда табиғат аясына шың, жалаң аяғыңмен жер бас. Ауаны аузыңмен қармап, бірнеше рет дем ал да іштей өзіңе және өзге жұртқа денсаулық тіле;
:: арақ ішпе, темекі тартпа;
:: аптасына кем дегенде 1 рет тамақсыз не сусыз күн кешуге тырыс;
:: қоршаған ортаны сүй. Айналақа түкірме және ештеме тастама. Бұл сенің саулығың;
:: денім сау болсын десең барлық адаммен сәлемдес;
:: бойыңдағы жаман қылықтардан арыл. Жұртқа сен және оларды сүй;
:: адамдарға әсіресе көмек сұрағандарға көмектес. Оның қажетіне бар жан-дүниеңмен көмектес. Ол сенің досықа айналады, соныңмен әлемдік іске ат салысасыз;
:: жексенбі күні табиғатқа жалақаяң шығып, бірнеше рет тыныс ал да, ойлан;
:: ауру, сырқат, өлім жөнінде ойлаудан қаш. Бұл сенің - жеңісің;
:: ес пен ойды бөле қарама. Оны жүзеге асыр;
:: іс жөніндегі тәжірибеңді үлгі-өнеге ет. Біраң ол үшін мақтанба да, өзіңді-өзің өреден жоғары ұстама. " Ұлық болсаң-кішік бол".
Бұл қағиданың оқушының рухани жағынан тазарып, салауатты өмір сүруіне тигізетін рөлі ерекше. [6]
Қоғамның болашағы - оқушы-жастарға ұжымдық тәрбие беруде дене тәрбиесі сабағында ұлттық ойындарды өткізудің рөлі зор. Қазақстанның ұлттық ойындарының ішінде ұжымдыққа, ауызбірлікке тәрбиелейтін ойындарды оқу-тәрбие үрдісінде тиімді пайдалануға болады.
Мектеп жасына дейінгі балалар дене шынықтыру пәніне арналған бағдарлама. Дене шынықтыру және спорт жаттығулары адам организмнің (дене мүшелері мен жүйелерінің) өзара үйлесімді әрекетте болуын қамтамасыз етеді. Сырттан әсер ететін қолайсыз жағдайларға организмнің төзімділігін арттырады. Дене шынықтыру және спорт жаттығулары организмді нығайту мақсатында орындалады. Соның нәтижесінде денеде мынадай сапалық өзгерістер іске асады: 1) сыртқы дене бітімі өзгеріп, әдемілене түседі; 2) қимыл - қозғалыс жасау қабілеті артады, яғни дене икемді, епті бола түседі де, жасаған қимыл- қозғалыстары бір - бірімен өзара үйлесімді, сәнді болып шығады. [7]
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесі және спорт жаттығуларының негізгі бұлшық еттердің қимыл - қозғалыс жасауы болып табылады. Қажет деп есептелген қимыл - қозғалысты орындағанда адамның көңіл куйі ғана көтеріліп қоймай, оның бұлшық еттері де серігіп, рақаттанатын болады. Дене шынықтыру және спорт жаттығуларын орындау адамның жан-жақты өсіп-жетілуіне қолайлы жағдай туғызады.
Адам өмірге келген күннен бастап үнемі қимыл - қозғалыстар жасау арқылы өсіп, жетіледі. Қимыл - қозғалыс арқылы айналасын көріп, естіп, сезіп біледі. Ақылы молығып, білімі артады.
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесі орталық жүйке жүйесі және қимыл - қозғалыстар жасау ерекшеліктеріне қарай ұш топқа бөлінеді:
1) көп қимыл-қозғалыста болатын балалар;
2) орташа қимыл - қозғалыста болатын балалар;
3) қимыл - қозғалыстары онша жетіле қоймаған, яғни аз қимылдайтын балалар.
5-6 жас аралығындағы балалар ұйқыдан басқа уақытта үнемі қозғалыста болады. Ал тәулік ішіндегі белгілі бір уақыттарда олар аса белсенді қимыл-әрекеттер жасайды. Ол - мына уақыттар:
- таңертеңгі сағат 7 мен 8- дің арасы;
- түскі сағат 12 мен 14-тің арасы;
- түстен кейінгі сағат 15 пен 16-ның арасы;
- кешкі сағат 20 мен 21-дің арасы.
Осы көрсетілген уақыттарда баланың табиғи қимыл- қозғалыс жасау мүмкіндігі мол болады. Сондықтан әр оқушы осы ерекше жағдайды жақсы біліп, күнделікті сабаққа дайындалу, ойнау, спортпен айналысу уақыттарын дұрыс жоспарлауы керек. Сонда оның ақыл - ой мен қимыл - қозғалыс жасау қабілеттері бірдей деңгейде дамып - жетіледі. [8]
Мектептегі оқу кезінде қимыл - қозғалыстың аз болуы денсаулыққа зиянын тигізбейді. Бұл уақытта оның есту, көру қабілеттері артатын болады. 5-6 жас арасындағы ұлдар мен қыздар жасайтын қимыл - қозғалыстардың саны да, сапасы да өзгеше болады. Мысалы, ұлдар өз беттерімен көп қимылдап, ұйымдасқан түрде жаттығу жасауға барғысы келмейді. Ал қыздар, керісінше, өз беттерімен қимыл-әрекеттер жасағаннан гөрі дене шынықтыру жаттығуларын ұйымдасқан түрде орындағанды ұнатады. Сондықтан төменгі сыныптарда ұйымдасқан түрде орындалатын жаттығулармен көп шұғылданған қыздарға жоғары сыныптарда спортпен айналысу оңайға түседі.
Егер жасқа дейінгі оқушы өз шама-шарқын жақсы біліп, өзіне лайықты қимыл-қозғалыстарды уақытында орындап дағдаланса, жоғары сыныптарға барғанда дене жаттығуларын мейлінше көп орындау, спорт түрлерімен шұғылдану әрекеттері тұрақты әдетке айналады. Бұл оқушының күш-қайраты мол, ақылды азамат болып шғуына зор пайдасын тигізеді.
Сапқа тұру мен сап түзеп жүру. Мектепке дейінгі даярлық топтарда сапқа тұру мен сап түзеп жүрудің ең қарапайым түрлерін үйренген болсақ, сап түзу түрлерінің әр түрлі фигура жасап орындалатынын уйренеміз. [9]
1. Ұлу жасап жүру. Мұнда балалар бір қатар түзеп сапқа тұрады. Сонан соң оңға не болса бұрылып, сапты бастаушының артынан ұлу жасап жүреді. Ол үшін алдымен ұлуға ұқсайтын үлкен шеңбер, оның ішінен одан кіші шеңбер, оның ішінен одан да кіші шеңбер жасап айналып жүре береді. Шеңберлердің арасы бір-бірінен бір метрдей қашық болуы керек. Осылай бірнеше рет айналғаннан кейін бастаушы балаларды ұлудың түбіне алып барады да, сол ізімен қайта жүріп алып шығады.
2. Жылан жасап жүру. Бір тізбек болып тұрған балаларды сап бастаушы алаңның бір шетінен екінші шетіне дейін бастап жүріп барып, содан соң жылан жасап жүреді. Алаңның бастапқы жағына қайта оралып жеткенде жүріс аяқталады.
3. Екі тізбекті саптың алыстан жақындап жүруі. Мұнда екі тізбекті сап алаңның бір жақ шетінен қарсы жаққа қарай қатар жүріп барып, бір-біріне қарсы бұрылып жүреді. Жақындағанда, алдыңғы бұрылған бағыттары бойынша бұрылып, бастапқы орындарына қайтады.
4. Екі тізбекті саптың жақыннан алыстап журуі. Мұнда екі тізбекті сап алаңның бір жақ орта тұсынан екінші жағына дейін қатар жүріп барып, бірі оңға, екіншісі солға бұрылып жүреді. Алаңның шетіне жеткенде, алдыңғы бұрылған бағыттары бойынша бұрылып, бастапқы орындарына қайтады.
5. Төрт тізбекті саптың алыстан барып, қайта жақындап журуі. Мұнда әрқайсысы екі тізбектен тұратын саптар қарама-қарсы бағытқа бір-бірінен алыстай жүріп, сонан соң алаңның қарама-қарсы қапталын бойлай қатар жүреді. Алаң шетіне жеткенде бір-біріне қарсы бұрылып жүріп, жақындағанда бастапқы орындарына қарай бұрылып, кері қайтады.
6. Төрт тізбекті саптың жақыннан алыстап журуі . Әрқайсысы ек тізбектен тұратын саптар алаңның бір жақ орта тұсынан екінші жағына дейін қатар жүріп барып, екі сап оңға, екі сап солға бұрылып жүреді. [10]
Жалпы бұлшық еттерді жетілдіретін жаттығулар
Бұлшық ет жаттығуларын орындағанда адамның денесі серігіп, көңіл куйі көтеріледі.
Жалпы бұлшық еттерді жетілдіретін жаттығулар негізінен үш топқа бөлінеді:
1) мойын, қол, иық бұлшық еттеріне арналған жаттығулар;
2) дене (кеуде, арқа, қарын) бұлшық еттеріне арналған жаттығулар;
3) аяқ бұлшық еттеріне арналған жаттығулар.
1. Мойын, қол, иық бұлшық еттеріне арналған мынадай жаттығулар орындалады:
1) негізгі тұрыс бастапқы қалпында тұрып, басты оңға бір, солға бір айналдыру (әр жаққа 4 реттен қайталап орындау керек);
2) негізгі тұрыс бастапқы қалпында түрып, 1 дегенде қолдың ұшын иыққа қойып, шынтақты денеге тигәзіп ұстау; 2 дегенде шынтақты жоғары көтеріп дем алу; 3 дегенде шынтақты төмен түсіріп дем шығару (6-8 рет қайталау керек). [11]
2. Дене бұлшық еттеріне арналған мынадай жаттығулар орындалады:
1) аяқты алшақ қойып, екі қолды екі жаққа созып ұстап тұрған бастапқы қалыптан 1 дегенде кеудені солға бұрып, оң қолды сол иыққа, сол қолды белге қою; 2 дегенде бастапқы қалыпқа келу; 3 дегенде кеудені оңға бұрып, сол қолды оң иыққа, оң қолды белге қою; 4 дегенде бастапқы қалыпқа келу. Жаттығуды 4-5 рет қайталап орындау керек;
2) аяқты алшақ қойып, екі қолды екі жаққа созып ұстап тұрған бастапқы қалыптан 1 дегенде алға еңкейіп, оң аяқтың артынан қол шапалақтау; 2 дегенде бастапқы қалыпқа келу; 3 дегенде алға еңкейіп, сол аяқтың артынан қол шапалақтау; 4 дегенде бастапқы қалыпқа келу. Жаттығуды 8-10 рет қайталап орындау керек.
3. Аяқ бұлшық еттеріне ерналған мынадай жаттығулар орындалады:
1)аяқты айқастыра қойып тұрған б. қ.-тан 1-2 дегенде отырып, 3 дегенде қайта тұру. Жаттығуды 5-6 рет қайталау керек.
2) тік тұрған б. қ.-тан 4 рет алға, 4 рет артқа секіруді 5-6 рет қайталау.
Бой жазу жаттығуларының үлгілері
1. Б. Қ.-тан (н. Т.-тан) жүру, жүгіру (30-60 секундтай).
2. Төрт тағандап тұрған бастапқы қалыптан 1-2 дегенде оң қол мен сол аяқты жоғары көтеру; 3-4 дегенде бастапқы қалыпқа келу. Келесі жолы сол қол мен оң аяқты көтеру. [12]
3.Төрт тағандап тұрған бастапқы қалыптан 1-2 дегенде шынтақты бүгіп, денені оң жаққа жылжыту; 3-4 дегенде бастапқы қалыпқа келу. Келесі жолы денені сол жаққа жылжыту. Бұлардың әрқайсысын 5-6 реттен қайталау керек.
4. Төрт тағандап тұрған бастапқы қалыптан 1-2 дегенде оң аяқты жоғары сермей шынтақты бүгу; 3-4 дегенде бастапқы қалыпқа келу. Келесі жолы сол аяқты жоғары сермей шынтақты бүгу. Бұлардың әрқайсысын 5-6 реттен қайталау керек.
5. Қолды шынтақтан бүгіп етпеттен жатқан бастапқы қалыптан 1-2-3 дегенде қол мен кеудені көтеру және басты шалқайтып жоғары қарау; 4 дегенде бастапқы қалыпқа келу. Жаттығуды 6-8 рет қайталау керек.
6. Қолды шынтақтан бүгіп етпеттен жатқан бастапқы қалыптан 1-2-3 дегенде қолды жаза кеудені көтеріп, 3 рет қол шапалақтау; 4 дегенде бастапқы қалыпқа келу. Жаттығуды 6-8 рет қайталау керек.
7. Қолды шынтақтан бүгіп ұстаған бастапқы қалыптан қатарынан үш рет қос аяқтап секіру. Жаттығуды 20 рет қайталау керек.
8. Аяқты сәл алшақ қойып тқұрған бастапқы қалыптан 1-2 дегенде қолды жоғары көтере аяқтың ұшына тұру; 3-4 дегенде тізені құшақтай жүрелеп отыру. Жаттығуды 4-6 рет қайталау керек. [13]

1.2. Мектеп жасына дейінгі балаларды спортқа құлшындыру және дене тәрбиесінің алғы шарттарын игерту

Мектепке дейінгі дене тәрбиесі спорттық элементтері бар гимнастиканың негізгі түрі болып есептеледі. Спорттық гимнастикамен ұлдар да, қыздар да шұғылдана береді. Спорттық гимнастикамен айналысуға әр түрлі құрал-жабдықтар (снарядтар) пайдалынады.
Ұлдарға арналған құрал-жабдықтар мен жаттығулар мыналар: турник; брусья; салбырта ілінген қос шығыршық; үстінен ұзынынан секіруге және жаттығулар жасауға арналған ат.
Қыздарға арналған құрал-жабдықтар мен жаттығулар: бөрене; бір жағы аласартылған брусья; үстінен көлденеңінен секіруге арналған ат; өз еркімен жасайтын жаттығулар. [14]
Қыздар сабақ кезінде және сабақтан тыс кездері құрбыларымен бірге доппен, шығыршықпен сан алуан жаттығулар орындап, оларды орындау әдістерін жетілдіре түсуіне болады. Бұл көркем гимнастикамен шұғылдануға жол ашады. Ал қазірден бастап арнаулы спорт мнектебіне барып көркем гтимнастикамен шұғылданғандар спортта жақсы нәтижелерге қол жеткізеді.
Көркем гимнастика жаттығуларының бір түріне шығыршықпен (обруч) орындалатын жаттығулар жатады. Олардығ түрлері мына төмендегідей:
1) шығыршықты белге салып айналдыру;
2) шығыршықты бастан асыра секіртпемен секірген сияқты секіру;
3) шығыршықты аоға қарай дөңгелетіп жіберіп, қуып жетіп ұстау;
4) шығыршықты аяқпен айналдыру;
5) шығыршықты мойынмен айналдыру.
Акробатика сөзі грек тілінен аударғанда аяқтың ұшымен жүру, жоғары өрмелеу деген мағыналарды білдіреді.
Акробатика - ежелден келе жатқан дене жаттығуларының бірі. Акробатиканы бұрын көбінесе көпшіліктің алдында цирк өнерін көрсететін артистер жиі пайдаланып келген болатын.
Акробатикалық жаттығулар бойынша біздің республикамызда 1949 жылы алғаш рет арнайы жарыс өткізілді. [15]
Қазір еліміздегі жастарды спорт әлеміне тарту, олардығ күш-қуатын арттыру және бітімін әдемі етіп өсіру мақсатында акробатикалық жаттығулар барлық оқу орындарында кеңінен пайдалынып келеді.
Спорттық акробатика жаттығуларына негізінен домалау, өрмелеу, тепе-теңдікті сақтау жаттығулары жатады.
Табиғи жағдайда өрмелеу, мысалы, ағашқа өрмелеп шығудың әр түрлі тәсілдері дененің барлық бұлшық еттері мен адамның қимыл қабілетін жетілдіреді.
Акробатикалық жаттығуларды (домалау, өрмелеу, тепе-теңдікті сақтау) жақсы менгерген оқушы спорттық элементтері бар гимнастиканың кез келген түрімен айналысып кете алады.
Жеңіл атлетика адамзат баласымен бірге жасап, бірге дамып келе жатқан спорттық ең көне түрі болып есептеледі.
Жеңіл атлетиканың жеткен жетістіктері қазіргі кезде басқа спорт түрлерінің үлкен ықпалын тигізіп келеді. Өйткені спорттың барлық түрі де осы жеңіл атлетиканың жүру, жүгіру, секіру, лақтыру сияқты негізгі жаттығулары арқылы жетіліп, дамиды. [16]

1.1. Гимнастика - дене тәрбиесінің құралы. Гимнастиканың міндеттері

Гимнастика - дене тәрбиесінің құралы. Гимнастика (грекше gymnazo - жаттықтырамын)-дене тәрбиесінің құралы, сондай-ақ ол адамның денсаулығын нығайту, күш-қуатын, икемділігін, төзімділігін арттырып жетілдіру үшін қолданылатын әдістер мен арнайы іріктеліп алынған дене шынықтыратын жаттығулар жүйесі. Гимнастика адамды дұрыс жүруге, жүгіруге жаттықтырады, мүсіннің дұрыс қалыптасуына әсер етеді. Гимнастика - жан-жақты дене тәрбиесінің негізгі құралдары мен әдістерінің бірі ретінде анықталатын кең ұғым. Гимнастика - адам организміне жан-жақты әсер етіп, оның негізгі функционалдық процестерін күшейтеді, үйлесімді дамуына көмектеседі, көңіл күйін көтереді. Гимнастикалық жаттығулар жа-сау арқылы өмірлік қажетті қозғағыш дағды, әсемдік пен қозғалыс дәлдігі қалыптасады, дененің негізгі қабілеті - ептілік шапшаңдық, күш, төзімділік, икемділік дамиды. Гимнастика жасау сәби кезден басталып, барлық жас кезеңдерінде жалғастырылады. [17]
Гимнастиканың міндеті денсаулықты күшейту, дене күшін жетілдіру және әр алуан іс-әрекетке адамның дене күшінің жан-жақты әзірлігін жүзеге асыру болып табылады. Оның үстіне гимнастиканың: тұлғаны дұрыс қалыптастыру, дененің әртүрлі өзгеруінің алдын алу және оны түзету, жарақаттан кейін қимыл-қозғалыс апаратының жұмыс істеу қабілетін қалпына келтіру, өзіне тән қимылды меңгеруіне баулу сияқты арнайы міндеттері бар.
Гимнастика - дене тәрбиесі әдісі. Гимнастикада жан-жақты дене тәрбиесінің міндеттерін шешуге жәрдемдесетін мейлінше әр алуан дене тәрбиесі жаттығулары пайдаланылуы мүмкін. Онда педагогикалық міндеттер мен организмнің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес кез ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене тәрбиесінің әлеуметтік - педагогикалық әсерлері
Дене әрекеті дамуының алғы шартының деңгейі
Дене шынықтыру сабағының міндеттері
Дене тәрбиесі бағдарламасы
Мектепке оқуға дайындықтың психологиялық негізі
Дене тәрбиесінің әдістері
Дене тәрбиесінің әдіс- тәсілдері
Тіл бұзылыстары бар балалардың мектепте оқуға психологиялық даярлық деңгейін анықтау
Әдіскер мен тәрбиешілерді аттестациялаудан өткізу жолдары
Баланың мектепте оқуға дайындығы
Пәндер