Клиникалық практикада дәлелділік менеджментінің халықаралық тәжірибесі


Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік
Медицина Университеті
Студенттің өзіндік жұмысы
Тақырыбы: Клиникалық практикада дәлелділік менеджментінің халықаралық тәжірибесі
Кафедра: Биологиялық статистика негіздері және дәлелді медицина
Дисциплина: Биологиялық статистика негіздері және дәлелді медицина
Факультет : Стоматология
Топ: 202
Орындаған: Кушмагамбетов Т. Д
Тексерген: Кенжалина Н. К
Ақтөбе 2018
Жоспары
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім:
1. Дәлелді медицинаны жалпы практикалық дәрігердің қолдауы
2. Дәлелді медицинаны оқыту әдістері
3. Дәлелді медицинада және медициналық көмектің сапасын жоғарылатудың болашағы
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер
I. Кіріспе
Қоғамдық денсаулық сақтауды ұйымдастыру және халықтың денсаулығын нығайту, сол сияқты белгілі бір жағдайларда медициналық көмек көрсету, оны алдын алу өз мақсатына жеткен жоқ. Осы қызметтер денсаулық сақтау жүйесінде ең қажетті бөлімдер болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы қоғам денсаулығының ахуалын жақсарту жөніндегі міндеттерді тиімді шешуге қабілетті және қоғамдық денсаулық сақтау саласы бойынша ХХI ғасырдың талабына сай болуға қабілетті мамандардың жаңа буынын дайындау.
Көптеген мемлекеттердің денсаулықты қорғау «Денсаулық барлықтары үшін XXI ғасырда» саясаты бойынша ДДҰ қабылдаған әдістемесінде, халық денсаулығын қалыптастыру. негізгі құрамдас бөлігі болып: материальды-техникалық базаларды нығайту, салаларды бекіту, біріншілік медико-санитарлық көмекті халықтың кең қабаттарына жеткізу.
II. Қазақстан Республикасындағы қоғам денсаулығының ахуалын жақсарту жөніндегі міндеттерді тиімді шешуге қабілетті, адамзаттардың сауығуына және қаржыландыру база саласын дамыту, азаматтардың әлеуметтік қорғауын жоғарылату, психологиялық және адам ресурстарының дамуы мемлекеттің негізгі басымдылығы болып келеді, сонымен қатар ғасырдың талабына сай болуға қабілетті мамандардың жаңа буынын дайындау негігі мәселе ретінде білім беруді жақсарту, оны іске асыру. Ғылыми зерттеулерді жүргізуге қабілетті және қоғамдық денсаулық сақтау саласы бойынша педагогакалық қызметін ғылыми превенция негізінде іске асыра алатын мамандарды дайындау, кәсіптік біліктілікті меңгеруі, қоғамдық денсаулық сақтау саласы мамандарының теориялық және жеке практикалық дайындығын тереңдету мамандардың толық және сапалы ғылыми-педагогикалық білім алуы, дайындықтан өткен мамандардың білімі мен икемділігінің деңгейі қоғамдық денсаулық сақтау жүйесінде ғылыми-зерттеу және білім беру бағдарламаларын әзірлеуде және іске асыруда олардың басым орынды алуына жеткілікті болуы тиіс. Оқыту мен зерттеу қызметі арасындағы оңтайлы теңгерімді қамтамасыз ету, қоғамдық денсаулық сақтау саласы бойынша ауқымды ғылыми, білім беру және әдістемелік дайындықты іске асыру. Оқытушылар мен ғылыми қызметкерлердің академиялық икемділігін қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесінде денсаулықты нығайту, кадрларды дайындау сұрақтары бойынша негізгі кілті болып есептеледі. денсаулық сақтау жүйесінде адам ресурстарының дамыту мемлекеттің негізгі басымшылығы болып табылады.
Қазақстан Республикасында тұрғындарға медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру жөнінде жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы №1113 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы аясындағы денсаулық сақтауды реформалау бойынша іс-шаралар өткізу клиникалық нұсқаулықтар мен клиникалық хаттамаларды әзірлеу тәртібін белгілеп отыр. Соңғы 20 жылдағы «медициналық қызмет көрсету сапасы ұғымы» едәуір өзгеріске ұшырады. Медициналық көмектің жақсаруы дегенге жалпы көзқарас осы қызметті көрсететін ұжым деңгейінен адамдар командасы деңгейіне дейін, жалпылық деңгейінен жалқылық деңгейіне дейінгі қарқынды даму бағытына айналды. Алғаш рет клиникалық нұсқаулық туралы 2000 жылдың қараша айында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Сараптамалық кеңесінің мәжілісінде сөз болды. Сол мәжілісте сарапшылар Қазақстанда да алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибелеріне негізделген клиникалық нұсқаулықтарды да әзірлеу қажеттілігі туралы сөз қозғады. Дәлелді медицина қағидалары тұрғысында сырқаттарды диагностикалау, емдеу және сауықтыру бойынша ұзақ мерзімді клиникалық нұсқаулықтарды қалыптастыруда ішкі ауруларды, балалар ауруларын, акушериялық және гинекологиялық аурулар, хирургиялық ауруларды қамтыған назологиялар таңдалды. Дәлелді медицина - әрбір науқасты тексеру мен емдеуде қазіргі заманғы жетістіктерді қолдана отырып, халықаралық және отандық стандарттар талаптарын мүлтіксіз орындау. Сондай-ақ қазіргі кезде жан-жақты ақпараттандыру мен компьютерлік технология дамуының негізінде интеграциялар жүруде. Осы орайда, Қазақстан Республикасындағы медициналық қызмет сапасын арттыруда медициналық тәжірибеге дәлелді медицинаны енгізу басым бағыттардың бірі болып табылады. Бұл бағытта дәрігерлерді, ғылыми қызметкерлері, жоо оқытушыларын, клиникалық ординаторлар мен студенттерді дәлелді медицина қағидалары бойынша оқыту жүйелі түрде жүргізілуде. Жалпы
алғанда денсаулық сақтау сапасындағы қордаланған мәселелерді түрлі елдердің медициналық көмек сапасын басқару жүйесінде қалыптасқан тәжірибені қолданып шешу халықаралық кеңесшілердің күшімен зерделенуде.
Клиникалық нұсқаулық - тәжірбиелі дәрігерге белгілі клиникалық жағдайларға медициналық көмек көрсету кезінде шешім қабылдауға жәрдемдесетін жүйелі түрде әзірленіп отыратын ереже. Нұсқаулық та хаттама секілді алгоритмдерге негізделеді, бірақ араласулардың әрбір кезеңін толық баяндамайды. Нұсқаулықты әзірлеуге барынша көп уақыт жұмсалғанымен, ол іргелі зерттеу болып табылады. Әзірленетін нұсқаулықтардың басты талабы - дерек көздеріне сілтемелер көрсетілген нақты ұсынымдардың дәлелділік деңгейі. Клиникалық нұсқаулықтағы әрбір арнайы алынған ұсыным қолда бар сенімді дәлелдерге негізделуі тиіс. Клиникалық нұсқаулықтарды әзірлеу мақсаты - дәлелді медицина қағидаларына негізделген медициналық көмек көрсету үдерістерін стандарттау. Клиникалық нұсқаулықтардың негізгі міндеттері:
• Клиникалық тәжірибелерге қазіргі заманғы ғылыми мәліметтерге негізделген стандарттарды енгізу;
• Шешім қабылдау барысын жеңілдету;
• Жұмыс сапасы мен кәсібилік деңгейді бағалауға қызмет ететін негіз болу;
• Денсаулық сақтаудағы шығындардың тиімділігін арттыру;
• Клиницистердің күнделікті қызметі денсаулық сақтау органдары басшыларынан өз қызметіне деген асқан жауапкершілікті талап етеді. Бұл бір жағынан тұрғындарға жаппай қызмет көрсету сапасын арттырумен қатар, клиникалық диагноз шешімін қабылдауға да барынша ықпалды.
Клиникалық нұсқаулық пен клиникалық хаттама пациенттерге медициналық көмeк көрсетуде жалпы танылған әдіснамалық құрал және қазіргі заманғы ең таңдаулы мәліметтерді пайдалана отырып әзірленеді, содан кейін заңнамалық тәртіпте бекітіледі. Хаттамалар Денсаулық сақтау министрілігінде талқылаудан өтіп, бұйрықпен бекемделеді. Біз жоғарыда құжаттардағы ақпараттардың мәліметі пациенттерді емдеуде тәжірибеленуші дәрігерлерге ең қауіпсіз және шығыны аз емдеу әдісі болып табылатынын айтқан болатынбыз. Клиникалық хаттама мен клиникалық нұсқаулық клиникаға жаңа келген жас дәрігердің пациентті емдеудегі бағасыз құнды көмекшісіне айналды. Сондай-ақ, тәжірибелі дәрігерлердің де үздіксіз кәсіби білім беруде сенімді ақпарат көзі болады және қарастыру мен толықтыру қажет болған жағдайларда жаңартылып отырады. Осы жағдайда нұсқаулық немесе хаттама күнделікті клиникалық тәжірибеден туындайтын нақты клиникалық сұрақтарға жауап бере алатын ақпарат көзінің қызметін атқарады. Медициналық көмек көрсетуде қажетті клиникалық хаттамалар және оның негізінде әзірленген алгоритмдер дәрігерлікке дейінгі жедел және шұғыл медициналық көмек көрсетудің өмірлік маңызды шешімі екені анық табылады. Кейде осы құжаттардағы ұсынымдар емдеудің ескіәдістерін қолдануға үйреніп қалған дәрігерлерге күтпеген соққы болды және олар өз тәжірибелерінде клиникалық хаттамаларды пайдалануға немқұрайлық танытады. Алайда, асылында хаттамалар көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсартуға қабілетті және пациенттің бөлімшеде болу мерзімін қысқартады. Сондай-ақ емдеудің ұсынылған әдістерін қолданудағы беделді білім көзі екені ақиқат. Клиникалық хаттама және клиникалық нұсқаулық медициналық көмек көрсетуде базалық құжат және дәрігердің қызметі сапасын сараптау, кейбір даулы мәселелерді шешуде маңызды құрал. Себебі клиникалық хаттамалардағы ұсынымдар нақты яғни өлшенбес сипатқа ие.
Жанұялық медицина кафедрасы 1996 жылдың ақпан айында Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институтының базасында құрылды.
Кафедра меңгерушісі Д. С. Нұғманова Wonca Бүкіләлемдік кеңесінің мүшесі болып табылады.
2005 жылғы тамыз айында ТМД және Еуропа елдерінде алғашқы болып Әлем жанұялық дәрігері номинациясына ие болды. С. Нұғманова дәлелді медицинада және медициналық көмектің сапасын жоғарылату және алғашқы медициналық-санитарлық көмек жөніндегі сарапшы ретінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, Бүкіләлемдік банк, ЮСАИД, Wonca және басқа да халықаралық мекемелер жобалары арқылы Қазақстан, Орталық Азия, Монғолия, Әзірбайжан сияқты елдерде кеңес беру жұмыстарын жүргізу ісіне тартылды. Сонымен қатар халықаралық форумдарға (АҚШ, Болгария, Өзбекстан, Қырғызстан) қатысып, баяндамалар оқыды.
Кафедра 1963 жылы құрылған терапия кафедрасының қалыптасқан дәстүрлерін сақтай отырып, үнемі алға жылжуда. Кафедра қызметкерлері батыстағы алдыңғы қатарлы елдерде (АҚШ, Ұлыбритания, Австрия, Канада) Ресейде және ТМД-ң бірқатар елдерінде стажировкадан өтті. Кафедраның 1996-1998 ж. ж. аралығындағы әріптесі Ұлыбританияның Бристоль университетінің алғашқы медициналық-санитарлық көмек факультеті болды. 2000-2003 ж. ж. оқытушылардың көп бөлігі DFID және Бүкіләлемдік банк жобасымен оқытудың жаңа технологиялары және жанұялық медицина бойынша білім алды. Оқуды Лондон қаласындағы Император медициналық колледжі мен Бристоль университеті дәрігерлері өткізді. АҚШ-ң отбасылық дәрігері Дэвид Кютер 1999 жылдан бастап дәл қазіргі кезге дейін кафедраның кеңесшісі болып табылады. Ол қызметкерлерге арнап сабақ өткізеді, курсанттарға дәріс оқиды, клиникалық ординаторлармен жұмыс жүргізеді, базалық емхана дәрігерлерімен және клиникалық ординаторлармен бірге науқастарға кеңес беру жұмыстарын жүргізеді. Кафедра үлкен беделге ие. Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан елдерінің отбасылық медицина кафедраларымен, Ресей Федерациясының, Украинаның, Балтық елдерінің жетекші кафедраларымен ынтымақтастықта жұмыс жасап келеді. Кафедра қызметкерлері 2003-2005 ж. ж. аралығында Қазақстанның, Қырғызстанның, Өзбекстанның, Тәжікстан мен Түркменстанның ФИМС-ң, Денсаулық сақтау министрліктерінің, жоғары оқу орындарының, ҒЗИ-ң 200-ден астам қызметкерін дәлелді медицина бойынша оқытты. Кафедра мәскеулік дәлелді медицина орталығы өткізген дәлелді медицина курсы мен Императорлық колледждің ДМ курсы негізінде стандарт ретінде «Клиникалық тәжірибедегі дәлелді медицина» атты 2апталық курсын жасады және бекітті. Кафедра Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Нидерланд мемлекетіндегі Гренинг университетінің рационалды фармакотерапия курсының негізінде «Дәлелді медицина. Дәрілік рационалды терапия» атты 3 апталық курсты жасап, оны оқу процесіне енгізді. 1998 жылы кафедра қызметкерлері 2003 жылы Wonca World Бүкіләлемдік отбасылық дәрігерлер ұйымының толық мүшесі болған Қазақстанның отбасылық медицина дәрігерлері ассоциациясын құрды. 2006 жылғы мамыр айында кафедраның екі қызметкері Қазақстанның отбасылық медицина дәрігерлері ассоциациясы (ҚОДА) Leonardo da Vinci Еуропалық одағының жанұялық медицина оқытушыларына арналған бағдарламасы бойынша оқыды. Оқу EURACT (Еуропалық жалпы тәжірибелік практика академиясы) тренерлерімен ағылшын тілінде жүргізілді. Кафедра қызметкерлері Еуропадағы жанұялық медицинаның үздік оқытушыларымен кәсіби ынтымақтастық жасауға негіз қалады. EURACT басқармасы оқытушылардың Қазақстанда оқуына техникалық қолдау жасауға мүдделі екендіктерін білдірді. 2008 жылғы сәуір айында кафедра ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырысы бойынша ҚР барлық медициналық жоғары оқу орындарының жанұялық медицина кафедраларының 30 оқытушысына арнап 4 апталық курс өткізді. Қызметкерлер ағылшын тілін меңгерген. Бұл кафедраның уақыт ағымынан қалмастан алда жүруіне, курсанттарды нақты ақпараттармен қамтамасыз етуге және дәрістер мен тәжірибелік сабақтардың мазмұнын үнемі жаңартып отыруына жағдай жасайды. Кафедра қызметкерлері елімізде және шет елдерде халықаралық курстардан өтіп, халықаралық кредит-сағаттарын және сертификаттар ала отырып, өздерінің кәсіби деңгейін үздіксіз жоғарылатып отырады. 2009 жылғы маусым айында кафедра қызметкерлері Қазақстанның жанұялық дәрігерлер ассоциациясымен біріге отырып Қазақстанның жанұялық дәрігерлерінің бірінші съезін ұйымдастырды және оны жоғары деңгейде өткізді. Съезге Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық одағының, ЮСАИД, Америкалық жанұялық дәрігерлер академиясының (АЖДА), Денсаулық сақтау министрлігінің, Capacity (Потенциал), ЮСАИД ЗдравПлюс жобасының, Қазақстанның үкіметтік емес мекемелерінің өкілдері қатысты. Кафедра объективті құрылымдастырылған клиникалық емтихан, тәжірибелік дағдыларды игеруге арналған оқу станцияларын, стандартталған пациенттер әдістері, рольдік ойындар, мультимедиялық CD-ROM, проекторлар мен бейнефильмдерді қолдана отырып дәрістерді интерактивті оқу сияқты білім берудегі жаңа технологияларды оқу процесіне ендірді. Курсанттар кейбір циклдарда Интернетте жұмыс істеу, топтарды презентацияларға дайындау, ақпараттарды іздеу және оларды тәжірибелік түрде бағалау кезінде білім алады. Курсанттар мүмкіндігінше дәрістердің көшірмелерімен, әдістемелік ұсыныстармен, брошюралармен қамтамасыз етіледі. Кафедрада курсанттармен қатар клиникалық ординаторлар (резиденттер) және кафедра қызметкерлері пайдаланатын қазіргі заманғы әдебиеттермен қамтылған кітапхана бар. Кафедра қызметкерлері түрлі республикалық (АСВК, АПСВ, ЕАРО) және халықаралық (Wonca, AAFP, ERS, EAACI, IPCRG) мекемелердің мүшесі болып табылады. Еуропа және ТМД елдерінде өткен халықаралық конференциялар мен конгрестерге (Wonca World, Wonca Europe, ERS, ESC, AAFP, ЕАРО, «Человек и лекарство» ж. т. б. ) . қатысады, баяндамалар оқиды. Кафедра оқытушылары Қазақстанның жанұялық дәрігерлер ассоциациясы мүшелерімен бірге Қазақстанда бүкіләлемдік ӨОСА және Астма күндерін өткізу шараларының бастамашысы болды. Олар 2003 жылдан бастап дәл қазіргі күнге дейін жыл сайын жаңартылып отырған дәрігерлер мен мейірбикелерге арналған балалардағы демікпе, ересектердегі демікпе, ӨОСА бойынша қысқаша басшылық құралдарды, сонымен бірге науқастарға арнап шығарылған және Қазақстанның барлық аймақтарына таратылған брошюраларды орыс тіліне аудару жұмыстарын жасауда. Бұл жұмыс GOLD дипломымен белгіленген. Кафедра қызметкерлері халықаралық ұйымдардармен және Қазақстанның жанұялық дәрігерлер ассоциациясымен бірге Астанада және Қарағанды, Атырау облыстарында жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарына және сапаны үздіксіз жоғарылату жобаларына қатысады, БМСК дәрігерлерін оқытудың дистанциондық курстарын дайындау жұмыстарын жүргізеді. Кафедра қызметкерлерінің 400-ден астам басылымдары бар. Олардың ішіндегі 100 басылым алыс шет елдерде басылған. Батыстың рецензияланған журналдарында басылған жұмыстар да бар
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz