Сілекейдегі лизоцимді титрлеу


Марат Оспанов атындығы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті
Студенттің өзіндік жұмысы
Мамандығы: Стоматология
Группа: 202
Кафедра: Микробиология, иммунология және вирусология
Дисциплина: Микробиология
Тақырыбы: Лизоцим. Қасиеттері. Маңызы. Сілекейдегі лизоцимді титрлеу.
Дайындаған: Кушмагамбетов Т. Д
Тексерген: Атжаксынова Б. С
2017 жыл
ЖОСПАРЫ:
І Кіріспе бөлім
Лизоцимге жалпы сипаттама
ІІ Негізгі бөлім
Лизоцим биологиялық белсенді зат
Тарату материалы
Иммунды статусты бағалау әдістері
ІІІ Қорытынды
ІV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Лизоцим - адам және малдар сілекейлерінде болатын бактериялар клеткаларын оңай ерітетін фермент тектес заттар. Лизоцимді алғашқы рет 1909 жылы П. Л. Лащенко ашқан, 1922 жылы А. Флеминг таза күйінде алып зерттеген. Лизоцим ағзаның табиғи ттөзімділігінде ерекше және зор орын алады. Лизоцим дегеніміз протеолитикалық мурамидаза ферменті(лат. тілінен -murus -қабырға), молекулалық салмағы 14- 16 КДа. Макрофактар, нейтрофильдер және де басқа фагоцитоз жасушаларымен синтезделіп үнемі ағза ұлпасының сұйықтығына дарып отырады. Лизоцимді қаннан, лимфадан, көз жасынан, емшек сүтінен, ұрық сұйықтығынан, жыныс зәр, ас қорыту жүйесінен, ми тінінен табуға болады. Лизоцим тек қана ми жұлын сұйықтығынан және көз алмасының алдыңғы кеңістігінде болмайды. Лизоцим тек қана ми жұлын сұйықтығында және көз алмасының алдыңғы кеңістігінде болмайды. Бір тәулікте оншақты грамм лизоцим қорытылып шығарылады.
Лизоцимнің бактериоциттік және бактериостатикалық қабілеті бар. Бұл қасиет әсер ету механизіміне байланысты. Лизоцим жасуша қабырғасының құрамындағы гликопротеиндерді(муракилпептидаза) ыдыратып жасушаның бұзылуына себепкер болады, сонымен қатар зақымдалған жасушаның фагоцитоздануын жеңілдетеді. Сонымен қатар лизоцим фагоцитоз өтуіне және синтезделуіне әсер етеді.
Лизоцимнің өндірілуі процесі бұзылса, онда ағзаның бөгде затқа төзімділігі әлсірейді. Соның себептерінен ағза ісік және жұқпалы ауруларға шалдығуға икемдеу болады. Ондай жағдайларда емдеу үшін тауық жұмыртқасының ақуызынан немесе биосинтезді жолмен алынған лизоцимдер қолданылады. Соңғы кезде лизоцимнің кейбір микробтардан (Bacillus subtilis) және өсімдіктертер түрінен (шалғам, шомыр, желкек, қырыққабат, т. б. ) табылған. Лизоцимнің химиялық құрамы белгілі болғандықтан оны зертханада жасанды түрде алуға болады
Лизоцим (ақуызтектес фермент) биологиялық белсенді зат болып табылады, ол бұлшықетішілік инъекция түрінде күніне 2 рет 100-150 мг-нан 5-7 күн бойы енгізіледі. Препарат жергілікті 0, 5 % ертінді ретінде қолданады. Бактериолитикалық әсер етеді. Микроб қабырғасындағы полисахаридті бұзғыш қасиетке ие. Препарат улы емес, тіндерді қоздырмайды. Біздің зерттеулеріміздің нәтижесі бойынша, жұмсақ тіндердің іріңді-қабынулық аурулары уақытша иммунажеткіліксіздік фонында дамиды- ол, қандағы, аралас сілекейде және үлкен сөл бездерін катетерлеу кезіндегі алынған сілекейде лизоцимнің төмендеуі. Сондықтан лизоцимді тағайындау патогентикалық ем болады. Жақ- бет аймағының, мойын тінерінің жергілікті арнайы емес иммунитетін көтере отырып, іріңді лимфаденитпен, абцесстар мен флегмонамен ауыратын науқастардың емдік уақытын қысқартамыз. Лизоцимнің антимикробты әсері болуы жедел серозды және іріңді лимфаденттері, сонымен қоса одонтогенді абцесстері бар науқастарға антибиотик тағайындамауына ықпал етті. Флегмон кезінде лизоцимді синергизмге ие және жүргізіліп жатқан емнің эффективтілігін жоғарлататын антибиотиктармен қосып тағайындаймыз
Тарату материалы
Лейкоциттердегі көптеген фагоцитарлы гонококктарды (аяқталмаған фагоцитоз) НСТ тестісінің көмегі арқылы нейтрофильдердің фагоцитирлеуші белсенділігін анықтау. ) Суретін салу.Фагоциттеуші торшалардың бактерицидтік белсенділігі көбіне торшадағы ферменттік жиынтықпен анықталады. Бактерицидтік белсенділік бұзылуының қиғаш көрсеткішін тотығу процесстерін сипаттайтын (пероксидаза) түрлі торша ферменттерін анықтау кезінде алуға болады. Бұл мақсат үшін көбіне тетразолдің нитрокөгін тотықтыру реакциясын қолданады.
НСТ-тесті алғаш рет 1968ж ұсынылды диформазан торшасында шөккен тетразол нитрокөгінің ерітілмеген формасын есептеу, фагоциттердің бактериоцидттік қызметінің қөрсеткіші болып табылады. Позитивтілерге торшадағы диоформазанның айқын қара-көк ауытқуы жатады. Шаң түйіршіктері бар нейтрофилдер активті емес. Дені сау адамдарда спонтанды белсенді нейтрофилдер саны 10%-н аспайды. Стимуляторларды қолданған кезде белсендірілген нейтрофилдер саны қалыпты жағдайда 40-80% болады. . НСТ-тестті клиникасы ұқсас бактериальдық және вирустық инфекцияларды салыстыру үшін қолданады. Вирустық инфекция кезінде НСТ қалпына келтіретін нейтрофилдер саны жоғарлайды.
1. Комплементтің, қанның жалпы бактерицидтік белсенділігін анықтау (ҚББА) . Есептеу. ҚББА жасалған тәжірибиенің нәтижелерін есептеу
Қанның жалпы бактерицидтік белсенділігін анықтауға қойылған тәжірибеде бір қатар гуморальдық қорғаныс факторлары әсерінің жиынтық денгейі анықталады (комплементтің, пропердиннің, лизоцимнің, қалыпты антиденелердің, В-лизиндердің) . Бактерицидтік белсенділікті тест-дақыл колонияларының саны бойынша тұжырым жасайды (көбіне ішек таяқшасы ), яғни қоректік ортада өскені, қоспамен егілген бақылау суспензиясымен сарысуды инкубациядан кейін салыстыра отырып қоспа егеді. Тәжірибе үшін 0, 5 мл микроб қоспасын алады (25 000 микроб торшасы), бақылау үшін 0, 5 мл физиологиялық ерітіндісін және 0, 5 мл сол микроб қоспасын алады. Қоспаны термостатта 60 минут ұстайды, одан кейін ыдыстарға егу жүргізеді: 1 ілмекпен алып шпательмен жаяды. Есепті бір тәулік инкубациядан кейін жүргізеді. ҚББА тест-дақыл колониялар саныны бақылау колониясы санына қатынасымен анықталады.
2. Биологиялық сүйықтықтырдағы лизоцим құрамын анықтау.
Лизоцим көз жасында, сілекейде, қан сарысуында, жүмыртқаның ақ уызында болады. Осы субстраттардағы лизоцим құрамын анықтау үшін олардан екі еселенген өршімелі сұйықтық дайындап оған тест-микроб М. lysodeikticus еңгізіп термостата инкубациялайды. Лизоцимнің барлығын пробиркадағы сұйықтықтың мөлдіренуімен анықтаймыз.
Иммунды статусты бағалау әдістері
Иммунитеттің Т-жасушалық жүйесін бағалау ( жасушалық иммунитет)
1. Лимфоциттердің жалпы санын анықтау.
2. Жетілген Т-лимфоциттердің санын (CD3*) және олардың субпопуляциясын (CD4*) хелперлер және цитотоксикалық Т-лимфоциттер (CDS*) . анықтау
3. ФГА-да Т-лимфоциттердің реакциясын анықтау (Т-митоген) бластты трансформация реакциясында (РБТЛ) анықтау.
4. CD4 + / CD8 + . қатынастарын анықиау.
5. ЖБТ тері сынамасын қою.
6. Қосымша анықтайтын әдістері:
- Т-лим-фоциттерде CD25 (рецептор ИЛ-2) және HLA-DR анықтау;
-цитокин өнімдерін зерттеу (гамма-интерферон, интерлейкин-2, -4, -б және ФНО) ; РБТЛ арнайы антигеніне прполиферативті жауапты анықтау;
Иммунитеттің В-жасушалық жүйесін бағалау ( гуморальді иммунитет)
- В-лимфоциттердің санын анықтау (CD20* және CD19+) .
- Арнайы емес иммуноглобулиндердің санын анықтау (IgA, IgM, IgG, IgE) .
3. қан айналымына қатысатын иммунды кешендерді анықтау.
- Лимфоциттердің белсенділігін РБТЛ көмегімен анықтау В-торшалық митоген.
5. Қосымша анықтайтын әдістері:
- арнайы иммуноглобулиндердің санын анықтау (IgA, IgM, IgG, IgE) .
- интерлейкин-б өнімдерін анықтау;
- секреторлы IgA анықтау.
Қорыта айтқанда, лизоцим - ауыз қуысында және тері сыртында бактерия жасушаларының сыртқы қабықшасын бұзып залансыздандыратын және қорытатын гидролазалар класына жататын ферменттер.
Қолданылған әдебиеттер
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz