Парадонт аурулары дамуында шартты патогенді микроорганизмнің рөлі


Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті
Студенттің өзіндік жұмысы
Тақырыбы: Парадонт аурулары дамуында шартты патогенді микроорганизмнің рөлі. Микробиологиялық анықтау схемасы.
Пән: Микробиология
Факультет: Стоматология
Курс: 2
Орындаған: Қойшыбай Игілік Азаматұлы
Тексерген: Жанаманова Раушан Нурболатовна
Ақтөбе 2017
Жоспар:
1. Кіріспе
2. негізгі бөлім
А) Гингивит
Б) Жабық және ашық кюретаж
В) Кесінділік операция
3. Қорытынды
Пародонт (гр. παρα - жакын гр. ὀδόντος - ) - тісті қоршап тұрған тканьдер жиынтығы. Яғни бұғаң қызыл иек, тіс ұяшығының сүйегі, периодонт және тіс цементі жатады.
Парадонтология
Пародонтология (Қызыл етті емдеу)
- стоматологияның тістерді қоршап тұрған ұлпаларының (пародонт) ауруларының алдын-алу мен емдеу туралы бөлімі.
Қызыл ет пен тісті ұстап тұратын сүйек ұлпалары ауруларының басты себебі -тіс қағы -бактериялар шоғырмалары мен олардың тіршілік ету өнімдері.
Ауыз қуысы гигиенасы жеткіліксіз болған жағдайда қақ тіс тасына ұласады. Әрі қарай инфекция қызыл еттің астына өтіп, тіс-қызыл ет қалталары қалыптасады, оларды тек мамандардың көмегімен ғана тазалауға болады. Егер тіс уақытында емделмесе, қабыну үрдісі жүріп, тістер босап, түсіп қалуға дейін барады.
Пародонт ауруларына тән белгілер -қызыл еттің қызаруы мен қанауға бейімділігі, ауыздан жағымсыз иіс шығып, тістесудің дұрыс болмауы, тістің түптерінің жалаңаштанып қалуы.
Пародонтологияда жиі кездесетін аурулар - гингивит, пародонтит, пародонтоз.
Гингивит
-бұл қызыл еттің беткі қабынуы, катаралдық түрі де болады (шырышты қабығының қабынып, ісінуі) . Бұл жағдайда науқастың аузынан жағымсыз иіс шығып, қызыл еттері қанайды. Ауыз қуысынан қызыл еттің қызарғаны мен шырышты қабығының ісінгені көрініп тұрады. Гипертрофиялық гингивит кезінде қызыл ет ұлғайып, гипертрофияланады. Кей жағдайларда қызыл ет тістерді жартылай немесе жартысынан көбін жауып тұрады. Жара гингивит -бұл жара учаскелері мен қызыл еттің некрозымен (семуімен) қатар жүретін өте ауыр сырқат.
Егер қызыл ет уақытында емделмесе, ол пародонтитке айналады.
Гингивитті емдеу
Гингивитті емдеу ауруды қоздырған себептерді анықтаудан, ісікті, қанауды азайту шараларынан тұрады. Қазіргі таңда тістерді механикалық тазалаумен қатар дәрмек тәсілдері, физиотерапия, тағы басқа әдістер қолданылады.
ПародонтитПарадонтит -бұл қызыл ет пен буын аппаратында жүретін қабыну үрдісі, буын аппараты тісті жақтың шұңқырында ұстап тұрады. Осылайша бұл аурудың келесі белгілері бар: тістердің түптері жалаңаштанып қалады, тістер қозғалыссыз қалып, көлбеу бұрышы өзгереді, қызыл ет қызарып, ауыздан жағымсыз иіс шығып, қызыл ет іріңдейді. Тіс пен шұңқыр (альвеола) арасында патологиялық қалта пайда болып, парадонтит белгілері біліне бастайды.
Парадонтиттің пайда болуына себеп болатын жағдайларды атайық: тамырлардың склерозы, минерал алмасудың бұзылуы, асқазан-ішек жолдарының аурулары, гормондық теңгерімнің бұзылуы, ауыз қуысын дұрыс күтпеу, т. б.
Пародонтиттің 3 ауырлық дәрежесі бары белгілі. Жеңіл дәрежесі кезінде науқастардың қызыл еті қышып, ауыздан жағымсыз иіс шығып, тіске шөгінділер тұрады. Осы кезеңде тіс пен қызыл ет арасында патологиялық тіс-қызыл ет қалталары деп аталатын саңылау тәрізді кеңістік пайда болады.
Пародонтиттің орташа дәрежесі кезінде тіс-қызыл ет қалталары одан сайын тереңдеп, терең сүйек қалталары пайда болады. науқастар тістері, қызыл еті қатты ауыратынын айтып, ауыздарынан жағымсыз иіс шығады. Науқастың жалпы көңіл күйі нашарлайды. Нәтижесінде аузында хрониосепсис басталады -бұл ағзаның ең қатты улануы. Пародонтиттің ауыр дәрежесі кезінде тістер босаңсып, түсіп қалады.
Пародонтоз - бұл пародонттың барлық ұлпаларының дистрофияға ұшырап, созылмалы түрде қан кернеуі. Тістердің түптері жалаңаштанып, температура ауытқығанда ауырсынады.
Пародонтиттің негізгі себептеріПародонтиттің себептері -бұлар ең алдымен тістегі тастар, дұрыс тістеспеу немесе протездің дұрыс орнықпауы. Егер пародонтит уақытында емделмесе, қабыну үрдісі тістердің босаңсып, түсіп қалуына дейін апарады.
Қазіргі заманғы пародонтология қызыл ет ауруларының алдын-алу мен пародонтитті кешенді емдеудің тиімді әдістерін ұсынады. Емдеу табыстылығы пародонт патологиясы мен әр нақты жағдайда тірі ұлпаларға ықпал ету механизмдерінің әрекеттесуін жақсы білуден басталады.
Әр екінші пациент пародонт ауруларымен ауырады.Егер сізде төмендегі белгілер байқалса, дереу стоматологтың кеңесіне жүгініңіз:
- Тістерді тазалаған кезде қызыл еттің қанауы
- ауыздан жағымсыз иістің шығуы
- тістерді қара қақтың басуы
- қызыл еттің ісінуі
- тіс түптерінің жалаңдануы
- тістердің қарысуы
Қызыл етті емдеуді алдымен толық зерттеуден бастайды, өйткені қызыл ет ауруларының себептері стоматологиялық себептермен қатар, ағзадағы басқа да қиындықтарға байланысты болуы мүмкін.
Патологиялар орын алмаған жағдайда стоматолог пародонтты зондтауға кіріседі. Ол тіс-қызыл ет қалталарының тереңдігін өлшеп, оларды орнатылған нормалармен салыстырады. Тіс-қызыл ет қалталары норма бойынша 2-3 мм-ден аспауы тиіс. Бұл шара міндетті саналады, өйткені соның нәтижелерінің негізінде пародонтитті емдеу әдістері құрылады. Егер пародонтит жаңа ғана дамып келе жатқан болса (тіс-қызыл ет қалталарының тереңдігі 5 мм шамасында болса), пародонтолог тек тістегі тастарды алумен шектеледі.
Егер тіс-қызыл ет қалталарының тереңдігі 7 мм-ден асып кетсе, жалаң тіс түбірін өңдеу амалы орындалады. Бұл түбірдің бұдырлы бетіне бактериялар жиналмауы үшін керек.
Түбір өңделгеннен кейін қызыл ет қайтадан тіске иек артады.
Өте терең қалталар қалыптасқанда түбірді тегістеп, қалталарды жою үшін микрохирургиялық әрекет жасалады.
Қабынуға қарсы ем ретінде антимикробты және жалпы нығайту дәрмектері қолданылады. Сонымен қатар ауызды шөп тұнбаларымен шаю және жараны тез жазатын пасталарды қолдану ұсынылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz