Мектепке дейінгі балалардың оқу танымдық іс -әрекетін ұйымдастыруды теориялық тұрғыда негіздеу


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

1. Мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық қызығушылығын арттырудың теориялық негізі

1. 1 Танымдық іс - әрекет туралы түсінік

1. 2 Мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық қызуғышылығын ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері

2. Мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық қызығушылық ерекшеліктері

2. 1 Мектепалды тобындағы балалардың танымдық процестері мен жеке даралық ерекшеліктерін зерттеу

2. 2 Мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық белсенділігін ойын арқылы дамыту жолдары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі: Психология ғылымында балалардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру мәселесі бүгінгі күннің жаңалығы деуге болмайды. Бұл проблеманы көптеген ғалымдар (Я. А. Коменский, К. Д. Ушинский, Н. Ф. Бунаков) өз еңбектерінде қарастырған. Қазіргі зерттеулерде (Б. Г. Ананьев, Л. И. Божович, С. Л. Рубинштейн, Г. И. Щукина, В. Б. Бондаревский, Н. Г. Морозова, Р. Г. Лемберг, С. А. Ананьин т. б. ) танымдық іс-әрекет проблемасына жан - жақты талдау берілген.

Таным, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру проблемасы Қазақстандық ғалымдардың бірқатар зерттеулерінде, мәселен Т. Сабыров, Б. Тұрғынбаева, Ж. Т. Дәулетбекова балалардың танымдық іс - әрекетін, ізденімпаздығын әр түрлі қырынан қарастырған.

Жалпы мектепке дейінгі балалардың танымдық іс-әрекетін дамыту өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Себебі қоғам мүшелерінің білімдарлығы, түрлі жағдайларға бағдарлануы, алдына койған міндеттерді шешудің қолайлы тәсілдерін таңдай білуі көбінесе олардың дайындығына байланысты болады .

Алайда тәжірибеде мектепке дейінгі жастағы балалардың оқу танымдық іс - әрекетін ұйымдастыруда тәжірибешілердің кәсіпқойлық, шығармашылық тәжірибелері толық қамтылмай отыр. Сондықтан балалардың оқу танымдық іс- әрекетін дамытуда жеке тұлғаның бітімінің қарастырылмауы, танымдық іс- әрекет компоненттері толық ашылмауы арасында қайшылықтар кездеседі.

Зерттеу обьектісі: М ектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылық ерекшеліктері.

Зерттеу пәні: Мектепке дейінгі балалардың танымдық іс - әрекетін қалыптастыру процесі.

Зерттеудің мақсаты: М ектепке дейінгі балалардың оқу танымдық іс - әрекетін ұйымдастыруды теориялық тұрғыда негіздеу және практика жүзінде іске асырудың жолдарын айқындау.

Зерттеудің міндеттері:

1. Психологиялық, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді оқып, талдау;

а) таным туралы түсіндіру немесе оның мәні мен мағынасына тоқталу;

ә) Таным, танымдық іс-әрекет ұғымдарының өзара байланысын және айырмашылығын қарастыру

2. Мектепке дейінгі балалардың танымдық іс - әрекетінің мазмұны мен мүмкіндіктерін анықтау.

3. Мектепке дейінгі балалардың ана тілі сабағында танымдық іс-
әрекетін ұйымдастырудың тиімді жолдарын айқындау.

Зерттеу әдістері:

1. Зерттеу проблемасы бойынша психологиялық, педагогикалық әдебиеттермен танысу, талдау.

2. Озат педагогтар тәжірибесін жинақтау, талдау.

1. Мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық қызығушылығын арттырудың теориялық негізі

1. 1 Танымдық іс - әрекет туралы түсінік

Мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық қызығушылығын арттыру туралы мәселе, тамырын тереңге жіберіп, көне заманнан бастау алады. Ал Ежелгі Рим философтарының түсіндірулерінде білімді игеруде шәкірттердің белсенді танымдық іс-әрекеті айтарлықтай рөл атқарады деген пікір айтылады. Оқытуды күшейту құралы ретіндегі балалардың танымдық ізденімпаздығы туралы пікір ұлы чех педагогы Я. А. Коменскийдің еңбектерінде, сонан соң И. Песталоцци мен А. Дистервегтің еңбектерінде тереңдетіледі. К. Д. Ушинскийдің еңбектерінде балалардың танымдық ойлануын жандандыратын оқыту әдістемесі айтарлықтай ілгерілетіледі. М. Н. Скаткин, Давыдов, Н. Ф. Талызина қалыптастырудың түрлі жолдарын көрсетеді. Қазіргі педагогикада оқыту адамның танымдық қызығушылқ түрінде сипатталады. Оқушы әрбір сабақта, кез-келген сыныпта адамзаттың қоғамдық тәжірибесін зерттейді, қоршаған әлемді таниды. Оқушылар берік және ықпалды білімді ұжымдық қоғамдық пайдалы іс- әрекетте өз қабілеттерін қалыптастыру мен қатар алады. Сонымен таным шындықты танудың мүмкіндігі, мақсаттары, жолдары және кұралдары жөніндегі философиялық ілім. Таным теориясы таным деген не оның негізгі түрлері қандай, білмеуден білуге, үстірт білімнен терең білімге көшудің заңдылықтары қандай, мұның белгілері не, бұған кандай жолдармен және әдістер мен қол жетеді және тағы басқа сұрақтарға жауап береді.

Философия тұрғысынан танымға мынандай анықтама берілген. «Таным -ойдың білмеуден білуге қарай дәл емес, білуден неғұрлым толық дәл білуге қарай ұмтылатын ой - өрісінің күрделі үрдісі.

Мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық қызығушылығының жүйелі түрде қалыптасуының психологиялық негіздеріне сәйкес оқытудың тиімді әдіс -тәсілдерін қолданудың жолдары айқындалады:

Оқыту қоғамдық құбылыс. Оның міндеттері мен мақсаттары және мазмұны қоғам өмірінің дамуына байланысты өзгеріп отырады. Оқыту тәрбиенің басты құралы болып табылады. Оқыту арқылы жастарға біліммен қатар, белгілі бағытта тәрбие де беріледі. Білім беру ісін өмірмен, еңбекпен ойдағыдай байланыстыруды керек етеді. Оқыту -таным процесі. Өйткені онда ілгері қарай қозғалыс болады, оқушы білмеуден білуге қарай ұмтылады . Мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық қызығушылығын, белсенділігін қалыптастыруда олардың қабілеттерін дамытуға, танымдық жан қуаттарының оянуына ықпал етіп, ізденісіне, талабын ұштауға білім деңгейін жетілдірудің маңызы ерекше. Мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық қызығушылығы - күрделі процес. Ол іс-әрекет мақсатын, мазмұны мен қорытындысын, түрлері мен әдістерін, мотивтерін, деңгейлерін қамтиды. Оқу-танымдық іс-әрекет - шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл-ой әрекеті. Ол танымдық қажеттіліктен, мақсаттан, таным қисындарынан және әрекетті орындаудың тәсіл-амалдарынан тұрады.

Оқу үрдісі оқушылардың оқу-танымдық әрекеті негізінде жүзеге асады, ал оқу-танымдық, әрекеті негізінде оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасады. Белсенді танымдық іс-әрекеттің көздейтін ісі, білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету қажеттілігіне негізінде дамиды. Белсенділіктің жоғары көрінісі оқушылардың алған білімдерін өмірде пайдалана білуі болып табылады.

Мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық қызығушылық жеке тұлғаның танымдық қызығушылығы қажетсінуін, белсенділігі мен ізденімпаздығын қамтитын танымдық, еріктік сезімталдық үрдістер мен мотивтері бірлігі нәтижесінде оқушылардың интеллектуалды, жеке қасиеттерін және кәсіби біліктерін дамытатын оқу материалының мазмұны мен қажетті көлемін игеруді көздейтін жан-жақты оқу жұмысы. Демек - оқу танымдық қызығушылық-балалардың негізгі іс-әрекеті болып табылатын күрделі құбылыс. Ол оқу шешіліп, мақсаткерлік мотив, танымдық ақпаратты қабылдаудан бастап күрделі шығармашылық үрдістің қалыптасуымен аяқталатын түрлі сезімдік көріністермен және т. б. сипатталады.

Нәтижесінде, мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық іс-әрекеті - жеке тұлғаның танымдық қызығушылығы мен қажетсінуін, белсенділігі мен ізденімпаздығын қамтитын танымдық, еріктік, сезімталдық үрдістері мен мотивтері бірлігі нәтижесінде балалардың интеллектуалдық, жеке қасиеттерін және кәсіби маңызды біліктерін дамытатын, оқу материалының мазмұны мен қажетті көлемін игеруді көрмейтін жан-жақты оқу жұмысы - деп анықтама беруге мүмкіндік болды.

Берілген анықтама негізінде, оқу-танымдық іс-әрекет - балалардың негізгі іс-әрекеті болып табылатын күрделі үрдіс бола отырып, ол оқу міндеттерінің шешіліп, мақсаткерлік, мотив, танымдық ақпаратты қабылдаудан бастап, күрделі шығармашылық үрдістің қалыптасуымен аяқталатын түрлі сезімдік көріністермен т. б. сипатталады деген тұжырым жасауға болады.

Оқу-танымдық іс-әрекет күрделі үрдіс болғандықтан, мұғалім мен оқушының бірлесіп жасайтын тиімді, сапалы әрекетін керек етеді. Егер педагог оқыту жұмысын ұйымдастыруға, ғылыми білімді жүйелі түрде баяндауға, тыңдаушылардың белсенділігін арттыруға күш-жігерін жұмсайтын болса, оқушылар білімді терең мағынада қабылдап меңгеруге, ұғынуға, өздігінен ізденіп, білімін толықтыруға байланысты белсенді түрде іс-әрекет жасауға міндетті. Мысалы, сабақ барысында мұғалім оқу материалын жүйелі түрде баяндап түсіндірсе, оқушылар оны мұқият тыңдап, өздігінен қосымша әдебиеттер мен оқу құралдарын оқып, өтілген материалдарды терең және сапалы түрде меңгеруге әрекеттенуі тиіс.

Оқу-танымдық белсенділік - оқушының оқуға, білуге деген ынта-ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Мысалы: мұғалімнің баяндап тұрған жаңа материалын түсінү үшін, оқушының оны зейін қойып тыңдауы, алған білімін кеңейту үшін өздігінен кітап оқып бақылау тәжірибе жасау сияқты жұмыстар жасауы қажет. Өйткені өтілген материалдарды саналы қайталауда, жаңадан білім алуда, оның жолдары мен дағдыларына үйренуде белсенділіксіз мүмкін емес. Яғни оқушының белсенділігі оқу үрдісінің барлық кезеңінде орын алуы қажет.

Сабақ барысында оқушының бойында танымдық белсенділік пайда болса, сонда оқушыларды ақыл-ой қабілеттерінің мынадай элементтері дамиды: зеректік, зейінділік, байқағыштық, ойлау және сөйлеу дербестігі т. б.

Оқу-танымдық іс-әрекет белсенділігі проблемалық сұрақтың жауабын іздестіруде, өзіндік жұмыс орындауда жүзеге асады. Оқушылар өздерінің игерген білімі негізінде пікір алысады, сөз жарыстырып, өзара сынға дайын болады, жеке фактілер мен бақылаулардан ой тұжырымдауға, талқылауға жетеді, өз бетінше шешім қабылдаудың жолдарын, әдістерін қарастырады, практика барысында алынған шешімдердің дұрыстығын тексереді.

Сонымен оқу-танымдық белсенділікті қалыптастыру проблемаларының пайда болуы мен дамуын талдай отырып, төмендегідей қорытынды жасалады:

- танымдық белсенділікті қалыптастыру, түрлі пәндерді оқыту барысында оны дамыту идеясының пайда болуы мектептердің даму бағыттарының түрліше болуымен байланысты; өзіндік жұмыс, өзіндік ізденіс арқылы сан қырлы білім алуы ретінде қарастырады;

Оқу-танымдық іс-әрекет белсенділігінің көрсеткіштері ретінде мыналарды бөліл көрсетуге мүмкіндік береді:

1. Білімді өз бетінше алуы және оны түрлі нақты жағдайда қолдана білуі.

2. Іргелі білімдерге қол жеткізу.

3. Танымдық тапсырмаларды шешу біліктері.

4. Өз бетіндік оқу әрекетіне қызығушылығы, әрекет тәсілдерін білуі.

5. Тұтас педагогикалық үрдісте мұғалімнің оқуы мен мақсатты өзара әрекеті.

6. Әрекетке бейімделуі мен өзін-өзі бақылау.

Оқу-танымдық белсенділік пен жалпы танымдық іс-әрекет проблемасына арналған көптеген еңбектер мынадай қорытынды жасауға әкелді: танымдық ізденімпаздық пен белсенділік жеке тұлғаның алуан қырлы болмыс-бітімі болып табылады, ол сезімталдық, танымдық және еріктік үрдіс нәтижесі, танымдық мотив пен өзбеттілік әрекет тәсілдерінің жиынтығы, танымға деген тұрақты құлшыныс болып табылатын танымдық әрекетке бейімделуімен сипатталады.

Олардың кейбіреуін нақтырақ қарастырайық.

а) Оқудағы жетістікті қамтамасыз ету. Жетістік - адамның белсенді іс-әрекетінің ең маңызды қозғаушы күші. Бұл психологиялық феномен балалық және жасөспірім шақта-басқа себеп-сылтаулар мен ынталандырушылары әлі тұрақсыз немесе тиянақсыз болғанда ерекше көрініс табады. Үлгерімі нашар, өз қатарынан артта қалған баланың оқуға деген ынта-ықыласы тез жойылады, оның сабақтағы танымдық белсенділігі төмендеп кетеді.

ә) Оқушылардың артта қалуының алдын алу, қиыншылықтарға тап болғандардың бәріне көрсетілетін әртүрлі көмек-оқу процесінің нәтижелілігін арттырудың айқын бағыты. Қазіргі мектеп үлгерімі нашар оқушыларға көмектесуде жеке-жеке шараларды қолданудан гөрі барлық оқушылардың оқудағы, танымдық белсенділігінің шарты ретіндегі жетістіктерін қамтамасыз ететін тұтастай бір жүйе қалыптастырады.

б) "Қауіп-қатер балаларының" диагностикасы және олардың оқудағы қиыншылықтарын болдырмау. Ұзақ уақыт бойы оқу процесі балалардың екі категориясының есебінде құралып келген, бірінші категогрия - "қалыпты балалар" категориясы, яғни баланың дамуы өз жасына сәйкес; және аномалды балалар - дене және психологиялық дамуында айқын ауытқулары бар балалар. Соңғы он жылдардағы ғылыми зерттеулер балалардың осы екі категориясы арасында аралық буын бар екенін дәлелдеді, осы аралық буынға оқудағы қиыншылықгары және мінез-құлығындағы ауытқулары бар балалар жатады, оларды көбінесе "қауіп-қатер балалары" деп атайды.

Олардың бойында дене және психологиялық дамуында кезге көрінетін аномалиялары жоқ. Алайда жағымсыз жанұялық және әлеуметтік жағдайлар салдарынан бұл балалардың, мектеп жасына жеткен кезде, мектепте жақсы оқу үшін қажетті қасиеттері мен дағдылары жоқ. Денсаулығының әлсіздігі, жұмыс қабілетінің төмен болуы, өз құрдастарынан психикалық дамуы жағынан артта қалуы қауіп-қатер факторы, үлгермеушілік, мектепке үйрене алмаушылық, тәртібінің нашарлығының себептері болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша "қауіп-қатер балаларың бастауыш мектеп оқушыларының 20%-ға жуығын құрайды.

"Қауіп-қатер балаларымен" жұмыс кезінде баланың даралық ерекшеліктерін ескеретін әртүрлі әдістер қолданылады. Осы әдіс негізінде бірнеше негізгі принциптер жатыр: баланың дамуындағы мықты деген жақтарына сүйену; мақсатты және оқушының оны орындай алуын нақты анықтау; үздіксіз кері байланыспен қамтамасыз ету; баланың жеткен нәтижелерін ғана емес, сондай-ақ оның оларға жетуғе деген талпынысы мен ыкыласына әрдайым оң баға беру.

Басқа да әлеуметтік қауымдастықтар жүйесіне балалардың араласуы, олармен әрекеттесуі, дербестенуі оқу-тәрбие процесінде жүзеге асырылады. Микрожүйе ретінде оқушы өзінің қалыптасуында өзіндік дамуының қарама-қайшылықтарына кездесіп отырады. Алайда, өзінің ішкі дүниесінде қандай да қарама-қайшылық өз шешімін табуы мүмкін емес (Э. В. Илентков) . Қарама-қайшылық "оқушы (адам) " жүйесінде пайда болып "адам-адам" жүйесінде, яғни педагогикалық процеске қатысушылардың өзара әрекеттесуі арқылы шешіледі. Оқу-тәрбие процесі жағдайында оның негізгі қарама-қайшылықтарын оқушыларды оқу-танымдық біліктерге үйрету арқылы шешу қиыншылықтарды, кедергілерді жою үшін оқушыларға мұғалім көмегі мен құрбылармен қарым-катынас жасау қажет болғандықтан мұғалімнің өз оқушыларымен, ал оқушылар бір-бірімен ынтымақтастықта болуын талап етеді. Сонымен бірге оқушының өзін-өзі бағалау мен басқа да тұлғалық қасиеттерінің тиімді қалыптасуы және оның толыққанды дамуы үшін мұндай өзара әрекеттестік өте қажет. Осылайша іс-әрекет пен танымның субъекті болып табылатын микрожүйе ретінде тұлғаның дамуының қарама-қайшылықтарын шешу қажеттігі оқу процесін оған қатысушылардың қарым-қатынас, өзара әрекеттестігі және ынтымақтастығы ретінде ұйымдастыруды қажет етеді.

«Интерактивтік» деген сөз энциклопедиялық сөздікте көрсетілгендей, интеракция деген ұғымнан келіп шығады. Ал интеракция жеке индивидттердің, топтың, жұптың өзара біріккен әрекетіне бір-біріне алма-кезек өтуі.

Ғалым Т. Левандовский интеракцияны қарым-қатынас жасау үрдісінің сининонимі ретінде сипаттайды. Бұл әдіс әсересе, сұхбат құруда оқушылардың белсенділігін арттырады. Бірігіп жұмыс істеуге үйретеді. Олардың ізденуін, шығармашылық пен әрекет етуін қамтамасыз етеді.

«Интеракция» термині әлеуметтік психологияда бар. Ендеше бұл термин ертеден бері қарастырылып келеді деуге болады. Алайда, кейбір социолог-ғалымдар оны адамдардың өзара бірлескен әрекеті көп көрсетсе, кейбіреулері қарым-қатынас деп түсіндіреді. Енді бір социологтар интеракцияны қарым-қатынастың бір түрі деп біледі. Адамдар арасындағы қарым-қатынастың бір түрі деп біледі. Адамдар арасындағы қарым-қатынас, бірікке әрекет қоғам мүшелерінің өзара ой, пікір, идея алмасуы арқылы жүзеге асатын болса, интеракция қарым-қатынас кезінде оқушылардың істі ұйымдастыра білу қабілеттері көрінеді. Интерактивтік әдіспен сабақ өткізу кезінде оқытушы-кеңесші, серіктес ролін атқарады. Ал топ белсенді түрде әрекет ете отырып бірін-бірі қолдау, толықтыру арқылы сұхбат құруға үйренеді. Екі оқушының сұхбатына үшіншісі араласуына болады. Ол қарсы топтың оқушысы болуы да мүмкін. Қарсы болғандықтан ол сұхбатқа өзінің сұрағымен немесе екі оқушының сұхбатында айтылмаған тақырыпқа барысында үйреніп жүрген өзге тілді меңгеруді жеделдетеді, өзге тілді үйрену кездескен қиындықтарды жеңуге көмектеседі және әдет-дағдылары қалыптасады. Олар, мына әдет-дағдылар.

  1. Оқушы өзін-өзі батыл, еркін сезінеді. Үйреніп жатқан тілге деген қызығуы артады.
  2. Өзіне бөлінген тақырып бойынша сөйлеу барысында ізденуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге, тіпті өзінің бүкіл түйсігін, сана-сезімін белгілі бір мәселеге жұмсауға үйренеді.

Оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық, әдіс-тәсілдерін пайдаланғанда оқушыны субъект тұрғысынан қарастырғанды оқытудың нәтижелі, білімнің сапалы болатындығы және ең бастысы, оқушылардың пәнге деген жауапкершілігі, қызығу күшейеді, оқушынң өз бетінше жұмыс істеуге ынтасы оянып, оның ізденушілік-шығармашылық, зерттеушілік қабілеттері артады.

Интерактивтік әдіс - күрделі құрлымды тәсіл және бір тұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады.

Интерактивтік әдістің дәстүрлі оқытудан айырмашылығы: көздеген мақсатында, мазмұныда, дамытудың негізгі факторында мұғалімнің ролі мен атқаратын қызметінде, әдіс-тәсілдерінде оқушының білім алу белсенділігінің түрінде; оқу үрдісі мүшелерінің әрекеттестік ерекшеліктерінде, олардың қарым-қатынас сипатында, танып-білу үрдісін ұйымдастыру түрлерінде, т. б.

Қазіргі күнгі ғылым психикалық даму қоршаған ортаның санада сәулеленуіне, яғни танымдық тәжірибені және әрекетті меңгеруіне, меншіктенуіне байланысты деп қарайды. Бұл - оқу білім алу деген сөз.

Оқу - адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез-келген оқыту белгілі бір мөлшерде адамды дамытады. Біз бұдан ары қарай дамудың алдында жүретін, дамуда шешуші роль атқаратын оқыту жайлы сөз етеміз .

«Даму ұғымы философиялық сөздікте» мөлшерлік өзгерістердің белгілі бір өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістерге айналуы, » - деп түсіндіріледі.

Диалектика - заңы бойынша кез-келген құбылыс өзінің жеткен дәрежесіне қанағаттанып тұрып қалмай, оларды жоққа шығару арқылы жаңа сапаға көшеді.

Терістеу - дамудың қозғаушы күші. Терістеу белгілі бір зат пен құбылыстың қайшылықтарын ашу, олардың шешу жолдарын анықтау, жаңа сапаның болуына мүмкіндік туғызады.

«Даму» ұғымының психалогиялық анықтамасы - жаңарту процесі, жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны береді. Ғалымдардың зерттеулері баланың даму процесіне 3 түрлі күш пен 3 түрлі фактордың қатысатындығын дәлелдейді. Олар:

  1. Биологиялық фактор
  2. Әлеуметтік фактор
  3. Баланың өз белсендігі.

Бұл мәселе төңірегіндегі жазылған ойлар, тұжырымдамалар, көзқарастар, еңбектер баршылық.

Ежелден-ақ ұлы ойшылдарымыз Ж. Баласағұни, Әл-Фараби, Абайды ерекше толғандырды, сондықтан еңбектерінде адамның жеке басының қабілеттерінңі дамуын қарастырып жолдарын көрсетті.

Кеңестік психологтар мен ғалымдар Л. С. Выготский, В. В. Давыдов, Б. Г. Ананьев өз республикамыздың көрнекі ғалымдары Ж. М. Әбділдин, Қ. Б. Жарықбаев, М. М. Мұқанов, Т. С. Сабыров т. б. еңбектерін жеке тұлғаны дамыту мәселесінің теориясы мен практикасында қосқан үлесі деп білеміз .

Баланың даму процесі, оның қоғамның белсенді де пайдалы мүшесі, азамат ретінде қалыптасуымен қамтамасыз етіледі. Ең бастысы осы факторлардың бірде-бірі, қандай да бір кемеліне келген болса да басқа екеуінен ерекшелініп жеке әсер ете алмайды. Барлық іс осы үш басты күштін өзара әрекет етуінде.

Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланы бар екенін психология ғылымы жеткілікті дәрежеде дәлелдеп берді деп айтуға болады. Бұл мәселені түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың ролін, алар орнын анықтаған көрнекті психолог Л. С. Выготский.

Ол дамуды оқытумен тең, керісінше оқу мен даму екі бөлек процесс деген көзқарастарды қатты сынға алды. Ең алғаш рет бала дамуының төмендегідей екі аймағы болатындығы жайлы теория ұсынды.

  1. Бала дамуының жақын аймағы - болатын тек үлкендердің көмегі арқылы атқарылатын істері.
  2. Бала дамуының қол жеткен аймағы - баланың үлкендердің көмегінсіз істей алатын істер.

Баланың дамуы бірінші аймақты меңгеру арқылы жүзеге асады. Дамудың қол жеткен аймағы жақын аймақпен өзара қызметтесе отырып, оны игерген кезде дамуға өріс ашылады. Бұдан әрі психиканың бүкіл саласының қалыптасуы, адамның белсенді қызметті өрістетуі мүмкін болады. Бұл процесте ол бір жағынан өзінің іскерлігі мен қабілетін нығайтып жетілдіреді, жаңа дағдыларды игереді, екінші жағынан өзінің материалдық және рухани байлықтар жасап, осы арқылы адамзат мәдениетіне өз үлесін қосады. Баланың потенциалдық мүмкіндіктері неғұрлым жан-жақты үйлесімді, толығырақ дамыса, есейген кезде, оның қызметі соғұрлым мазмұнды, жан-жақты табысты болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Қарапайым математикалық ұғымдары қалыптастыру әдістемесі»
Өзіндік жұмыс арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру
Мектепке дейінгі мекемелерде оқыту үдерісінің мәні оның міндеттері мен құрылымын нақтылау
Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке баулудағы
12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚТЫҢ ҒЫЛЫМИ- ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ПЕДАГОГИКА ТУРАЛЫ
Танымдық құзыреттілік сипаттамасы
Мектеп жасына дейінгі балалардың таным белсенділігін арттыруда көрнекі құралдарды қолданудың тиімділігі
Ойын арқылы мектепке дейінгі балалардың танымдық белсенділігін арттыру жайлы
Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу–танымдық әрекетін қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz