Мектепке дейінгі жастағы балалардың тұлғалық дамуын теориялық тұрғыда негіздеу және практика жүзінде іске асыру


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

1. Мектепке дейінгі жастағы балалардың тұлғалық дамуының теориялық негізі

1. 1 Тұлға ұғымының мәні мен түсінігі

1. 2 Жеке тұлғаның психикалық қасиеттері

2. Мектепке дейінгі жастағы балалардың тұлғалық даму процесі және қазіргі кездегі мәселелері

2. 1 Мектепке дейінгі жастағы балалардың тұлғалық даму процесі

2. 2 Тұлғаны рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің қазіргі кездегі мәселелері

Қорытынды

Пайдаланылған әдибеттер

Кіріспе

Жаңа туған нәресте «адам» деп аталғанымен «тұлға » деген атаққа көпке дейін ие бола алмайды. Өйткені ер жету үшін бала оң мен солын тану қажет өзінің «менін өзге мендерден ажырата білуі қажет». Сондықтанда нәресте, сәби бөбектерді кісі, тұлға деп айту қиын. Есейіп ер жетіп өз бетінше әрекет ете алатын адамды ғана біз «тұлға» деп атай аламыз. Қандайда болмасын бір іспен айналысатын өмір тәжірибесі бар, білімі бағдары, икемі, дүниетанымы, сенімі мен талғамы мұраты, бағыт-бағдары бар адамды тұлға деуге болады. Мінез, қабілеті бірсыдырғы қалыптасып үлгерген, өзінің іс-әрекетін тізгендей білетін, жаман жақсы қылықтары күшін жауап бере алатын адамды кісі не тұлға атаймыз. Тұлғаның түрлері сан алуан. Оның жақсы, озық, ерен, топжарған түрлерімен қатар жауыз, кертартпа, бұзық т. б түрлері көп.

Тұлға психологияда өзінің өмір жолын белгілей алатын, қайталанбас даралық ерекшелігін сезінетін субъект. Тұлға адам ұғымынан гөрі нақты мағынаға ие. Өйткені адам тұлғалық сипатты иелену үшін өз “менің” өзге “меннен” ажыратып, есейіп, өз бетінше дербес әрекет ету мүмкіндігін ашуы керек. Яғни, белгілі бір мәнді іспен айналысатын, азды-көпті білімі, өмірлік тәжірибесі, дүниетанымы мен сенімі бар адамды тұлға деп атайды.

Әрбір бала жеке тұлға ретінде ашылып, өзінің дара қызығушылықтарын көрсетіп, жеке бастамасын еркін ұсыну үшін ол өзін әлеуметтік және эмоционалдық жайлылық, атмосферасында сезіну қажет. Бұл оның қызығушылықтарына шынайы құрметпен қарау арқылы оның ойында туындаған идеяларды жақсы жағынан қолдап, өз күшіне деген сенімді үнемі күшейтіп отыру арқылы іске асады. Сондықтан, сынып жетекшісі оқушылардың үстінен байқау жүргізіп, мейлінше олардың бойындағы жеке даралығын, дарындылығының, мінез-құлқының ерекшеліктерін анықтап, зерттеп, өзінің зейінін оқушылардың іс-әрекетіне шоғырландырады. Барлық балалардың бірыңғай нұсқаны қабылдауға бет бұрыс жасауы сынып жетекшісін әрбір оқушыны алға басуын жеке бағалауға, оның жетістіктерін тек оған ғана тиісті тұлғалық өсуінің динамикасын көрсететін жеке жетістіктер деп табуға ынталандырады.

Имандылықтың ерекше бір көрінісі халқымыз ерекше қастерлейтін кісілік ұғымы, тұлғаның аса өнегелі түріне жатады. Төл тілімізде «Он үште отау иесі» дейтін аталы сөз бар екені хақ. Халық түсінігінде мінез-құлықтың әр түрлі жағымды жақтары «кісілік» ұғымының төңірегіне топтасады. Кісіліктің басты белгілері: ар-ұятты қастерлеп, намыстылық, мейірімділік пен қайырымдылық, ізеттілік намыстылық, мейірімділік ілтипаттылық пен кішіпейілділік. Қазақ дәстүріндегі үлкенді силау, оның алдынан кесе -өтпеу, оған міндетті түрде сәлем беру, үйге келгенде төрден орын беріп, кісінің күйіне қарап орынсыз сөзге араласпау. Кісіліктің түрліше деңгейі болады. Оның жаман жақсысы, көргенді, көргенсізі, өнегелі, өнегесізі т. б түрлері болады. Жұрт имандылықты дарыта білген пенделерді ғана пір тұтқан, адамгершілігі төмен, не одан жұрдай адамдарды «имансыз», «көргенсіз» деп атаған. Кісіліктің басты белгілерінің бірі ар-ұятқа кір келтірмеу, намысты аяққа баспау. Қазақта «жарлы болсаң да, арлы бол» деген сөз осыған орай айтылған. Халық ұғымында мінез-құлықтың әр түрлі жағымдары жақтары кісілік ұғымының төңірегіне топтасады. Кісіліктің басты белгілері: ар-ұятты қастерлеп сақтау, намыстылық, мейірімділік пен қайырымдылық, ізеттілік, адамдық пен шыншылдық, ілтипаттылық пен кішіпейілділік. Қазақ дәстүріндегі үлкенді сыйлау, оның алдынан кесе өтпеу қажет.

Зерттеу обьектісі: Мектепке дейінгі жастағы баланың тұлғалық дамуы

Зерттеу пәні: Мектепке дейінгі жастағы баланың тұлғалық дамуы процесі.

Зерттеудің мақсаты: Мектепке дейінгі жастағы балалардың тұлғалық дамуын теориялық тұрғыда негіздеу және практика жүзінде іске асырудың жолдарын айқындау.

Зерттеудің міндеттері:

1. Психологиялық, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді оқып, талдау;

а) тұлға туралы түсіндіру немесе оның мәні мен мағынасына тоқталу;

ә) Жеке тұлғаның психикалық қасиеттеріне тоқталу.

2. Мектепке дейінгі жастағы балалардың тұлғалық даму процесі анықтау.

3. Мектепке дейінгі балаларда тұлғаны рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің қазіргі кездегі мәселелерін анықтау.

Зерттеу әдістері:

1. Зерттеу проблемасы бойынша психологиялық, педагогикалық әдебиеттермен танысу, талдау.

2. Озат педагогтар тәжірибесін жинақтау, талдау.

1. Мектепке дейінгі жастағы балалардың тұлғалық дамуының теориялық негізі

1. 1 Тұлға ұғымының мәні мен түсінігі

Жеке тұлғаның маңыздылығы оныңқасиеттерімен іс-әрекеттерінде қоғамдық процестің тенденцияларының әлеуметтік белгілер мен қасиеттердің айқын және спецификалық көрініс табуы арқылы, оның іс-әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы анықталады. Бұл орайда, «адам», «жеке тұлға» деген ұғымдардың қатары «даралық» деген ұғыммен толықтырылуы қажет.

«Даралық» ұғымы бір адамды басқа бір адамнан, бір тұлғадан ажыратып, оған өзіне тән сұлулықпен қайталанбас қасиет беретін жалпы мен жекеден тұрады.

Адам қасиетін түсіндіретін тағы бір ұғым - «индивид». Бұл сөз латын тілінен алынған және оның қазақша баламасы- «жекелік». Индивид - адамзат тұқымының ешқасиеттері ескерілмеген бір өкілін білдіреді. Бұл орайда әрбір адам -индивид.

Психологияда «жеке тұлға» деген ұғымға мынадай анықтама береді:
Жеке тұлға дегеніміз - әлеуметтік қатынастармен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид.

Жеке тұлғаның басты белгісі - оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның әлеуметтік функцияларды атқаруы.

Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері - оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы.

Жеке тұлғаның даму мен қалыптасу мәселесінің көпғасырлық тарихы бар. Жеке тұлғаның қалыптасуының факторлары туралы идеялар келесі дәуірлердің прогрессивті философиялық және психологиялық-педагогикалық пікірлерінде өз жалғасын тапқан (Э. Роттердамский, А. ЯКоменский, К. А. Гельвеций, Д. Дидро, А. Дистерверг, Л. Д. Ушинский, В. Г. Белинский, Н. Г. Чернышевский, К. Маркс, Ф. Эигельс, З. Фрейд, Д. Дью, Э. Торндайк, Н. К. Крупская, Б. Б. Блоиский, А. С. Макаренко, Л. С. Выготский, Э. И. Моносзон, Л. И. Божович, С. Л. Рубинштейн, В. В. Давыдовт. б. ) .

Жеке тұлғаның дамуы дегеніміз оның қасиеттерімен сапасындағы сандық өзгерістер процесі.

«Даму» ұғымының психалогиялық анықтамасы - жаңарту процесі, жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны береді. Ғалымдардың зерттеулері баланың даму процесіне 3 түрлі күш пен 3 түрлі фактордың қатысатындығын дәлелдейді. Олар:

  1. Биологиялық фактор
  2. Әлеуметтік фактор
  3. Баланың өз белсендігі.

Бұл мәселе төңірегіндегі жазылған ойлар, тұжырымдамалар, көзқарастар, еңбектер баршылық.

Ежелден-ақ ұлы ойшылдарымыз Ж. Баласағұни, Әл-Фараби, Абайды ерекше толғандырды, сондықтан еңбектерінде адамның жеке басының қабілеттерінңі дамуын қарастырып жолдарын көрсетті.

Кеңестік психологтар мен ғалымдар Л. С. Выготский, В. В. Давыдов, Б. Г. Ананьев өз республикамыздың көрнекі ғалымдары Ж. М. Әбділдин, Қ. Б. Жарықбаев, М. М. Мұқанов, Т. С. Сабыров т. б. еңбектерін жеке тұлғаны дамыту мәселесінің теориясы мен практикасында қосқан үлесі деп білеміз [4] .

Баланың даму процесі, оның қоғамның белсенді де пайдалы мүшесі, азамат ретінде қалыптасуымен қамтамасыз етіледі. Ең бастысы осы факторлардың бірде-бірі, қандай да бір кемеліне келген болса да басқа екеуінен ерекшелініп жеке әсер ете алмайды. Барлық іс осы үш басты күштің өзара әрекет етуінде.

Тұлғаның түрткілері мен қасиеттері. Адамды әрекетке бағыттайтын, қажетін өтеуге талпындыратын бір түрткі болады. Бұл түрткіні психологияда мотив (себеп) деп атайды. Қандай болмасын обьектінің себебін білмей тұрып, адамның бір мақсатқа жетем деген ойын қалайша тоқтата алатынын және оның мінез-құлқының мән жайын толық түсіну қиын болады. Түрлі жағдайлардың әсер етуіне қарай адам психологиясы әртүрлі өзгеріске түсіп отырады. Осыған орай, оның түрткілері де, мақсатқа жету үшін шаралары да еске түседі. Түрткінің өзгеруі іс-әрекеттің бағыт-бағдарына нәтижесіне әсер етеді. Жеке адамды қандай болмасын әрекетке итермелейтін негізгі қозғаушы мотив оның түрлі қажеттері, яғни бір нәрсеге мұқтаждануы. Адамның қажеттері қоғамдық еңбекте, еңбек ету процесінде қалыптасқан. Сыртқы ортамен байланыс жасауда адамның өмір сүруі үшін ең алдымен ерекше маңызды материалдық қажеттер (тамақ, баспана, киім, еңбек құралдары т. б) болады. Адам баласының тарихи жағдайында туған еңбек әрекеті еңбек дами келе, қажеттердің жаңа тобын -рухани қажеттерді туғызады. Рухани қажеттердің дамуы- материалдық қажеттерінің қанаңаттандырылуна байланысты. Рухани қажеттердің-материалдық қажеттерінің қанағаттандырылуына байланысты. Адам қажеттерінің дамуы -тарихи дамудың елеулі бір кезеңі. Олар адамның алдына әртүрлі мақсаттар қойып отыруына себепші болатын негізгі түрткілер. Адам өзінің қажеттерін өтеу үшін өтеу үшін бар мүмкіндігін пайдаланады. Бұл оны белсенді түрде іс-әрекет істеуге талпындырады. Оның қажеттері саналы әрекетінің нәтижесінде біртіндеп өтеліп отырады. Адам өз қажеттерін өтеу жолында сыртқы ортаны, табиғатты өзгертуге дейін барады. Қажеттердің өтелу өтелмеуі адам психологиясына әсер етеді. Қажеттер орындалу тәсіліне қарай кісіде мазасыздану, не тынышталу, рахаттану, азап шегу сезімтердерін туғызады. Қажеттерді өтеу арқылы адам тиісті құралдарды іздестіріп солардың күшімен, түрлі теориялық, практикалық сипаттағы мәселелерді шешуге мүмкіндік алады. Өйткені қажеттілік адамның ойлау қызметін тудырып, негізгі себептердің бірі болып табылады. Қажеттілік өмір сүрудің, тіршілік етудің арқауы. Егер табиғи қажет өтелмесе, тиісті өмір сүру жағдайлары болмаса жануарлар да өмір сүре алмайды. Қызығу-шындықтағы заттар мен құбылыстарды белсенділікпен танып, білуге бағытталған адамның біршама тұрақты жеке ерекшелігінің бір көрінісі. Сонымен қатар, қызығуда бір нәрсені ерекше таңдап, соған зейін қойылады. Адамды еліктіріп өзіне тартқан нәрсенәі бәрі қызығудың обьектісі болып табылады. Қызығудың физиологиялық негізі «Бұл не?» дейтін рефелекс. Қызығуларда бейімділіктер тәрізді балалардың кездерінде ерекше байқалады. Қызығу құбылысының табиғаты өте күрделі. Ол ең алдымен өзінің көлемі жағынан ажыратылады. Осы те ұрғыдан бір адамның қызығуы кең, жан-жақты болып келеді де, екінші біреудікі керісінше өте тар болады. Қызығуы өте тайар, ой-өрісі тар адамның образын Н. В. Гоголь шығармаларынан көптеп кездестіруге болады. Адамда сан алуан қызығулардың болуы мүмкін. Бірақ осылардың ішінде басты біреуі, ең басыңқы қызығуы болады. Мұндай қызығулар, әсіресе оқу әрекетіне аса қажет. Оқу қызуғуларының әсерлі, күшті, тұрақты мазмұнды болуы сабақ үлгеруіне, білімді терең алуына көмектеседі. Адамда қызығудың жөнді көрінбеуі оның өмірін мазмұнсыз етеді. Мұндайда ол енжар болып, іші пысады, зерігіп берекесі кетеді. Қызығудың мазмұнды кең, өрісті болуы оның басты ерекшеліктерінің бірі. Қызығудың мазмұнды әрі кең, өрісті болуы оның басты ерекшеліктерінің бірі. Мұнсыз адамның өмірі дамымайды. К. Маркс «Адамға лайықтың бәрі маған жат емес» деген екен. Бұл қызығуды жан-жақты дамыған адамның ғана айтатын сөзі. Қызығуы тұрақты қасиетке айналған адам ғана іс-әрекеттен жақсы нәтиже шығара алады. Кейбір адамдар кез-келген нәрсеге қызығады да, сайып келгенде, оның бірде біреуіне тоқтамайды. Мұндай көрсе қызарлық адамды тұрақсыз, тұрлаусыз етеді.

Қызығулар өзінің мазмұны мен бағытына қарай: материалдық, қоғамдық, саяси, кәсіптік, эстетикалық, оқырмандық, спорттық, танымдық, т. б болып келеді. Бұлардың әрқасысы өз алдына бірнеше түрге бөлінеді. Мыс: таным қызығулары оқуға, ғылымға қызығу сан саналы. Адам обьектіге түрлі мақсат көздеп қызығады. Осы қызығу тікелей және жанама болып бөлінеді. Тікелей қызығу айналадағы нәрселердің тартымдылығынан туады. Мыс: футболға қызығуды осыған жатқызуға болады. Жанама қызығу бұл әрекеттің түпкі нәтижесін қажетсіну. Мұндай қызығуда адам мақсатына біртіндеп, сатылап жетеді. Жанама қызығу тұрақты болып келсе, адамның ісі оңға басып, ол нәрсені білген үстіне біле түскісі келеді. Адамдардың қызығу саласындағы ерекшеліктері де әр түрлі. Бұл өзгешеліктер іс-әрекетіне, көзқарасы мен талғамына, мұраты мен мүддесіне қызықса, екіншілері эстетикаға қызығады. Қызығу балаларда алғашқы кезде онша ажыратылмайды. Қызығудың ерекше көрінетін жері мектеп. Мектеп жасындағы қарапайым тану қызығулары басталады. Жеке адам психологиясының неге бағытталғандығын көрсететін негізгі компоненттердің бірі-адамның дүниетанымы мен сенімі. Дүниетаным-адамның табиғат, қоғамдық өмір туралы білімдерінің жүйесі. Нағыз дүниетаным мистика мен идиализмге жат, дәйекті ғылыми-материалистік дүниетаным. Оның басты ғылымға негізделген. Бірден-бір ақиқат дүниенің даму заңдарын дұрыс түсіндеретін ғылымға негізделген психологиясына дүниетаным заңдарын дұрыс түсіндеретін ғылымға негізделген дүниетаным ғана адам дұрыс бағыт береді. Адамдардың дүниетанымы ұжымшылықты, гуманизмді (еңбек адамын құрметтей білу), оптимизмді (жарқын болашаққа сену) дүниені қайта құру жолына баулиды. Дүниетанымның негізі бастауыш сыныпта қалыптасады, бала кәмелетке келгенде оның дүниетанымы біршама қалыптасады. Адамның алдына қойған мақсатының айқын болуы, дүниетанымының өмірімен байланыстылығы берік сеніммен туады. Адамның дүниетанымына берік сенім нақты іс-әрекеті мен тәжірибесіне байланысты бекімеген дүниетаным берік болмайды. Сенім мен дүниетаным қатарласып жүрсе ғана адам санасы нұрлана түседі. Өйткені бұл екеуі, құстың қос қанатындай, адамның ең асыл қасиеттері болып табылады. Берік сенім жоқ жерде тыңғыдылықты дүниетанымда, тұрақты мінез-құлықта болмайды. Сенімі қалыптаспаған адамның шындықтың жай-жапсарын дұрыстап айыруға, өмірден өз орнын таңдай алуына да шамасы жете бермейді. Оны өмір толқыны біресе анда, біресе мұнда соқтырады. Гоголь тамаша көрсеткен: «Қай адамның болсада өзінше бір түсінігі болады. Бірақ осының бәрі дұрыс болып келе бермейді». Адамзаттың сан ғасырлық тарихында адамгершілік пен имандылықтың ұлы қозғаушы күші-сенім. Сенім жоғалған жоқ жерде тіршіліктің мәніде шамалы. Сенім, пікірталас, қөзқарас қақтысығында ынтымақтыққа жол ашылғанда ғана шыңдала түседі. Ол адамға бірден келмейді, сенім өмір көріністерін топшылау, кесіп-пішіп көру, тәжірибе жинақтап соны қорыту арқылы терең тиянақты негіз ретінде қалыптасады. Сенім кісінің еркін білдрген, сезімін қозғаған, бағыт-бағдарына айналған білім жүйесі. Мұндай дүниетанымды қалыптастыру үшін адамға бәрінен бұрын білім негіздерін меңгерту қажет. Жеке адамның психикасын нұрландыратын қасиеттің енді бірі-мұрат. (идеал) . Бұл адамның өзіне өмірден өнеге алуы, біреуді ардақ тұтып қастерлеуі. Мұрат-адамның алдына қойған ең ардақты, ең асыл мақсаты. Адам осыған жету үшін қолдан келгеннің бәрін пайдаланады. Өзін тәрбиелеуге кездеседі. Барлық күш жігерін сарп етеді. Мұрат, дүниетаным, сенім сөзбен істің байланысы бар жерде ғана жүреді. Оқушыларда асыл мұраттар рухында тәрбиелеу- мектепке дейінгі жастағы мекемелердің тәрбиешілерінің де басты міндеттерінің бірі. Жеке адам психологиясынан елеулі орын алатын қасиеттерінің бірі -талғам. Бұл адамның дүниетанымы мен сеніміне өмірлік позициясына, бағыт пен мұратына, бағдарына мақсатына, бағдарына, байланысып жатады. Талғамға адамның білімі, тәрбиесі, ортасы, тәжірибесі де елеулі әсер етеді. Қызығу, сенім, талап, мұрат адамды әр кезде іс-әрекетке итермелеп отыратын ең негізгі қозғаушы мотивтер болып саналады. Бұлар адамның басында айқын да анық сәулеленіп отырады. Бірақ мотивтердің кез-келгені пәрмендей бола бермейді. Адамның қажеті мен мақсатын жөндеп сезіне алмаған жағдайы бағдар деп аталады. Мұндай жағдайды күнделікті өмірде жиі кездестіруге болады. Адам қажетін өтеу үшін неше түрлі жағдайға тап болады. Мәселен бұрын соңды кездеспеген кедергені алуға шамасы келмейтін кездерде адамның жолы болмай, сәтсіздікке ұшырайды не сол көрінбес қамалдай көрінеді. Адамның жолы болмай, босқа әлек болған жан күйзелісін психологияда «фрустрация» деп атайды. Бұл көп жағдайда адамның көңіл-күйіне қолайсыз әсер етіп, оны орынсыз мазаландырады. Егер осындай жолы болмаушылық қайталана берсе, адамды ұнамсыз қасиеттердің орын тебуіне себепші болады. Кейбіреулер сылбыр, немқұрайлы, жігерсіз күйге түседі, енді біреулер орынсыз ызақор, күйгелектілікке салынады. Осындай көрініс жасөспірімдер арасында да байқалады. Балаға үнемі шамасы келетіндей тапсырма беру, оны әлі келмейтіндей тапсырма беру, оны әлі келмейтін нәрсегеорынсыз қинамау, онда фрустрациялық күйдің орнығуына жол бермеу-мұғалімнің психологиялық қырағылын, шебер тактісін қажет етеді. Әрбір адам - ересек болсын, жаңа туған сәби болсын индивид, биологиялық жеке адам. Индивид, индивидуум (латынның - individuum бөлінбейтін) - дербес өмір сүретін организм. Әрбір адамда толып жатқан жеке ерекшеліктері болады, бұлар оны қайталанбайтын жеке өзіндік адам (индивидуалдық) етеді. Индивидуалдық - өзіне ғана тән қасиеттері бар адам.

Ал жануарлардан санасының болуымен айырылытын адам индивид қана емес, сонымен қатар жеке адам болып табылады. Жаңа туған сәби индивид қана болып табылады. Адамдармен қарым - қатынаста болып, ұжымдық еңбекке қатыса отырып, адам қоғамдық, әлеуметтік жан, яғни жеке адам болады. Сонымен жеке адам - қоғамның белгілі бір мүшесі бола отырып, басқа адамдармен белгілі бір қарым - қатынаста болып, оның азды - көпті жинаған іс тәірибесі бар, білімі бар, өзіне тән өзгешеліктері бар. Адам өзінің болашағын жобалайды. Өз болашағын өз көрегендікпен тани білуге қажет адам қасиеттеріне кедергі болатын жан күйзелістері мен түңілулер психологияда - фрустрация деп атаймыз.

Жеке адам санатына көтерілу үшін маңызды факторлар:

Идентификация - дара адамның өзін басқа адамдармен теңестіре, қоғам талабына сай болу ниетімен қалыптасу процесі.

Персонализация - дара адамның өз басының басқа адамдар өмірінде қадірі барын түсіне білуі, сонымен бірге, нақты әлеуметтік топта өзінің кісілік мүмкіндіктерін іске асыра алуы.

Юнг теориясы, барлық адамдарды 2 типке бөлген.

  1. Интроверт - ұжымда өз орнын таба білмейтін, араласуы, қарым - қатынасы жүйесіз, оқшаулықты ұнатады.
  2. Экстроверт - керісінше, кез келген ортамен оңай тіл табыса алатын жалғыздықты, оқшаулықты ұнатпайды.

Павловтың психофизиологиялық типологиясы:

  1. Ұстамды
  2. Ұстамсыз
  3. Инертті
  4. Әлсіз

Шелдон типологиясы:

  1. Эндоорфты тип - денелі, толық адамдар, аяқ қолдары қысқа, ішкі құрылысы жақсы дамыған, көпшіл, оңай тіл табыса алатын адамдар.
  2. Мезоморфты тип - алып денелі, аяқ - қолы балғадай, ұстамсыз немесе агрессивті тип.
  3. Эктоморфты тип - өте арық, жүйке жүйесі жақсы дамыған.

Кречмер типологиясы:

  1. Пикник - өте толық, ұстамсыз, көпшіл адам.
  2. Астеник - көпшілікпен араласуы қиынға соғатын, оңашалылықты жақсы көретін тип.
  3. Атлетик - палуан денелі, ұстамды, кейбір сәттерде тау қопаруға дейін дайын тип.

Адам өзінің сыртқы жағдайларымен қалыптасады. Адамның қалыптасуына әлеуметтік фактор мен қоса биологиялық факторларда ықпал етеді.

Кез келген адам белгілі бір қоғамдық топтарға кіреді. Кіші топ - микро топ - 2-40 адамға дейін. Үлкен топ - макро топ - 100, 1, 1 адамтобы. Ресми топ балалар сыныбы, оқушылар.

Ұйымдасқан топ - студенттер, ұйымдаспаған топ - футбол көруге келген адамдар.

Контакты топ - күнде өздерін көретін, күнде тікелей контактыға түсетін. әр топтың ресми және ресми емес басшылары болады.

Ұжым деп - мақсат мүдделері ортақ, салты бар өзін өзі басқара алатын демократиялық централизм қағидасын тіршілігіне арқай ететін адамдар тобы. (централизм - орталыққа жиналып, өз пікірін, ойын айта алады) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ПЕДАГОГИКА ТУРАЛЫ
12 жылдық білім беру жүйесі
Дене тәрбиесінің әлеуметтік - педагогикалық әсерлері
Қазіргі ауыл мектептеріндегі педагог-психолог қызметі ерекшеліктерінің мазмұны мен әдістемесі
Білім берудегі инновациялар
Ерте балалық шақ педагогикасы пәнінің мақсаты мен міндеттері. Ерте балалық шақ педагогикасы пәнінде, пәнді игеру нәтижелеріне қойылатын талаптар
Мектеп жасындағы балалардың дене шынықтыру және спортпен айналысуға мотивациясын қалыптастыру әдістемесін ғылыми түрде негіздеу және тиімділігін анықтау
Мектепке дейінгі білім беру жүйесі
Ауыл мектебіндегі педагог-психолог қызметінің ерекшілігі
Мектеп жасына дейінгі балалардың көркемдік-шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz