Мектепке дейінгі жастағы балалардың еңбекке деген дұрыс көзқарастарын, еңбек етуге даярлықтарын, мамандықты саналы таңдауларын қалыптастыру


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

I. Кіріспе.

1. 1 Мектепке дейінгі жастағы баланың еңбекке деген көзқарасын дамыту . . . 1-3

II. Негізгі бөлім.

2. 1 Мектепке дейінгі жастағы баланың еңбек тәрбиесінің маңызы мен міндеттері, түрлері . . .

2. 2 Еңбек тәрбиесі арқылы балаларды шығармашылыққа баулу жолдары . . .

2. 3 Мектепке дейінгі жастағы баланың еңбек іс - әрекетінде физиологиялық дамуы . . .

Қорытынды.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе.

Адамның адам болып қалыптасуының құралы еңбек. Еңбектің нәтижесі әрбір адамға, оның еңбекке саналы, шығармашылық көзқарасына байланысты. Олай болса бүгінгі таңдағы қоғам қажеттілігі - жас ұрпақтың бойында еңбекке ынталандыруды тәрбиелеу, болашақ еңбек жолын дұрыс таңдауға баулу. Баланың жеке басының еңбекке бейім болып өсуі оны еңбек тәрбиесіне баулуға тікелей байланысты.
Тәрбие тек адамның ақылын дамытып және белгілі бір мағлұматтар беріп қана қоймай, қайта саналы еңбекке деген ынтасын арттыра түсуі керек, мұнысыз оның өмірі ардақты да, бақытты да бола алмайды. Қейбір жағдайдың, әсіресе адамның балалық және жастық шақтарында алған әсерінің салдарынан еңбекке деген ынтасы өсіп те, өшіп те қалуы мүмкін, сондықтан баланы мектепке дейінгі кезеңде ұқыптылықпен баулу, еңбекке деген дұрыс ынта-ықыласын қалыптастырған дұрыс .

“Бүгінгі таңда ұрпақ алдында “Қазақстан 2030” бағдарламасындағы: “Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеу қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы” деген ұзақ мерзімдік міндетті үшінші мың жылдықта іске асыру жауапкершілігі тұр.

Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында: “Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады” деп айтылған. Осы тұрғыдан Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасында: “Орта білім берудің мақсаты-жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдыларының негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілеттері жеке тұлғаны қалыптастыру” деп көрсетілген. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қазіргі даму кезеңіндегі қоғамының түрлі сфераларының құрылуы мен тұлғаның белсенділігінің жоғарылауы арасында байланыс айқындала түсуде. Осыған байланысты бүгінгі балабақшада берілген тәрбие мақсаты мен мазмұны қазіргі заман талабына сай анықталуы керек. Балабақшада берілген тәрбие - барлық тәрбиенің бастамасы әрі жан-жақты тәрбиемен дамыту ісінін түпкі негізін қалайтын орын. Ұлттың болашағы, тәуелсіз мемлекеттің ертеңгі ұрпағының рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты.

Актуалдығы. Осы курстық жұмыста «Мектеп жасына дейінгі баланың еңбекке деген көзқарасы» тақырыбы қаралады. Еңбек - бір-бірімен байланысты бірнеше жеке үрдістен тұратын күрделі психологиялық үрдіс. Психология саласында еңбек адамға қажет. Ол оған өмірлік тәжірибені жинақтауға, еңбектенуге, жауапкершілікке сақтауға және кейін де пайдалану мүмкіндігін береді. Білім мен дағдыларды бекітудің бәрі еңбек саласына жатады. Осыған сәйкес психологиялық ғылым алдында мектепке дейінгі жастағы балалардың еңбекке деген үрдісін зерттеу бөліміне енетін бірқатар күрделі мәселелер тұр.

Бүгінгі күнде ғылыми еңбек зерттеумен түрлі: психология, медицина, генетика және тағы басқа да ғылым өкілдері айналысады. Осы ғылымдардың әр қайсысында бала еңбегі атты теориялары бар: психологиялық (Г. Эббингауз, К. Левин, П. Жане), биогенетикалық (И. П. Павлов, И. М. Сеченов), (Л. С. Выготский) . А. А. Смирнов пен П. И. Зинчеконың зерттеулері баланың еңбекке деген үрдісі ретінде қарастырып, еңбекке деген баланың көзқарасының мағыналы қызметі ретіндегі жаңа және маңызды заңдарды ашты. Балалардың еңбегі қандай да бір жеке функциямен емес, ол тұлғамен, оның ішкі дүниесі, шығрмашылығымен, қызығушылықтары, ынтасымен тығыз байланысты. Сондықтан даму мен жетілу баланың еңбегімен қатар жүреді.

Еңбектің адам өмірінде маңыздылығы өте жоғары екені белгілі. Еңбек арқылы баланың ойы мен талпынысын қалыптастырады. Еңбекке деген қызығушылық балада дамыту мен қалыптастыру өте жас кезінен қадағалануы қажет. Болашақ ұрпағымыздың саналы да ақылды, білімді де білікті болуы үшін тәрбиелеуіміз қажет. Осы мезетте Ушинскийдің «Еңбек адам санасында қорытылып, онда өтетін әр түрлі ойларды аңғартатын адам жанының жалғыз ғана есігі», деп айтқан өте ұтымды тұжырымдамасын айта кеткім келеді.

Мектеп жасына дейінгі баланың - еңбегі және тәрбиесі барлық жағдайда дамыту қолайлы кезең болып табылады.

Қазіргі уақытта көптеген елдер, оның ішінде АҚШ, Жапония, Англия, Канада, Германия, Венесуэлла білім беру жүйесіне қомақты жаражат жұмсайды, тілдік теорияны үйрету үрдісінде еңбек деңгейін арттыруға арналған күрделі құрылғылар мен жүйелер ойлап табуда.

Еңбек тәрбиесі зерттеумен Г. Эббингауз, З. Фрейд, А. Бине, К. Бюлер, А. Н. Лентьев, А. Р. Лурия, С. Л. Рубинштейн, Б. В. Зейгарник, Л. С. Выготский және т. б. көптеген шетел және отандық ғалымдар айналысқан.

Біз зерттеу тақырыбын мәселенің актуалды болуына байланысты таңдадық.

Психологиялық әдебиетті зерттеуде біз мектеп жасына дейінгі баланың еңбек және тәрбие қажеттілігі және тілдік теорияны үйрету үрдісіндегі мектеп жасына дейінгі баланың қызығушылығын және еңбегін дамыту бойынша әзірлемелер саны аз болуы арасында қарама-қайшылықты айқындадым.

Курстық жұмыстың мақсаты - мектепке дейінгі жастағы балалардың еңбекке деген дұрыс көзқарастарын, еңбек етуге даярлықтарын, мамандықты саналы таңдауларын қалыптастыру.

Курстық жұмыстың міндеттері:

  • мектепке дейінгі жастағы балаларды еңбек іс - әрекетінің әр түріне мақсатты бағыттайтын жалпыға пайдалы еңбек қажеттілігін қалыптастыру;
  • белсенділік, іскерлік, еңбекті құрметтеу сияқты қасиеттерді дамыту;
  • тұлғаның қайсарлығын, ұқыптылығын, тапқырлығын, ептілігін және баска да жігерлік қасиеттерін дамытатын қажетті дағдыларды бекіту;
  • мектепке дейінгі жастағы балаларға кәсіптік бағдар беру, окушыларды еңбек іс - әрекет түрлерімен уақытылы таныстыру;
  • мектепке дейінгі жастағы балалардың ұйымдастырушылық қабілеттерін, ұжымдық еңбекте ынтымақтастық және өзара көмектесу, өзара жауапкершілік сезімдерін дамыту.

Зерттеу нысаны: Балабақшада психология оқыту үрдісі.

Зерттеу пәні: Балабақшадағы балалардың еңбек тәрбиесінің маңыздылығы, мектепке дейінгі жастағы балалардың тәрбиесінде алатын орны.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер, мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек тәрбиесі оқу - тәрбие үрдісінде ізгілік қасиеттерін қалыптастыру теориялық тұрғыдан негізделсе және құрылымдық - мазмұндық моделі жасалып, өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлері анықталса, оны іске асырудың ғылыми - әдістемелік кешені белгіленсе, оларды тәжірибелік- эксперименттен өткізіп, қорытындысы шығарылып, ғылыми негізделген ұсыныстар берілсе, онда, балалардың еңбек тәрбиесін қалыптастыру нәтижелі болар еді.

Зерттеудің жетекші идеясы: мектеп жасына дейінгі балалардың еңбекке деген көзқарасын және оқу- тәрбие үдерісін адамгершілік құндылықтар негізінде ұйымдастыру еңбек тәрбиесін қалыптастырудың басты тетігі болып саналады.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: философиялық таным теориясы, жеке тұлғаның дамуы және өзін - өзі дамытуы жөніндегі ғылыми тұжырымдар, ізгілік қасиеттерді қалыптастырудың, рухани - адамгершілік және өзін - өзі тәрбиелеудің теориялық қағидалары, жоғары оқу орындарына енгізіп отырған «Өзін - өзі тану» педагогикалық,

психологиялық пәндер кешені арқылы тәжірибелік жұмыстарының тұжырымдамалары, жалпыадамзаттық құндылықтар негізіндегі тәрбие тұжырымдамаларын анықтайтын құжаттар болып табылады.

Зерттеу көздері: философтардың, психологтардың, педагогтардың таным, тұлға туралы, танымдық әрекет, ізгілік қасиеттерді қалыптастыру, өзін - өзі тану теориясы мен тәжірибесі, рухани- адамгершілік құндылық туралы шетелдік және отандық зерттеулер, білім беруді демократияландыру мен ізгілендірудің нормативті құжаттары, Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңы» «Қазақстан -2030 » стратегиясы, Мемлекеттік «Білім» бағдарламасы, «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту» тұжырымдамалары, «Қазақстан Республикасы жастар саясаты тұжырымдамасы», озық тәжірибелер, сондай - ақ педагогикалық және зерттеушілік тәжірибесі.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық мәнділігі:

  1. Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек тәрбиесі білім беру жүйесін ізгілендіру мақсатында тұлғалық - ізгілікті теорияның негізі айқындалды.
  2. Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек тәрбиесін қалыптастырудың құрылымдық - мазмұндық моделі жасалды және психологиялық шарттары айқындалды.

1. 1 Мектепке дейінгі жастағы баланың еңбекке деген көзқарасын дамыту.

"Еңбек" - өзінің тұтынушылығын қамтамасыз етуге қажетті бүкіл заттар жиынтығын жасайтын адам әрекетінің негізгі формасы. Еңбек адамның өзінің қалыптасуында, оның сана, сөйлеу тәрізді қатынасқа қабілетті ететін қасиеттерін қалыптастыратын шешуші күш. Адам еңбек арқылы табиғатқа әсер етеді. Еңбектің техникалық жарақтану дәрежесі, оның дағдысын, әдетін, еңбек сүйгіштікті қалыптастыру жеке тұлғаның дамуында ерекше маңызды. [15]

Мектепке дейінгі баланың еңбекке деген көзқарасы - негізінен ойын кезеңі болғандықтан, еңбектің бала өмірінен алатын орны тым аз. Әдетте еңбек әрекетінің қарапайым элементтері көрініс тауып, бірте-бірте еңбек ойыннан бөлініп, айрықша сипатқа ие болады.
Н. К. Крупская мен А. С. Макаренко баланың мінез-қүлқындағы еңбекке бағыт алу мектептен кеп бұрын, отбасы мен балабақшада тәрбиеленуі тиіс деп есептеген. Бала ойластырып ұйымдастырылған еңбек тәрбиесі арқылы дұрыс әрекет жасап, қоршаған орта жайында алғашқы мағлұматтар алып, айналадағының бәріне қызыға қарайды, еңбекті жақсы көруге әдеттенеді.
Еңбек балалардың жауапкершілік сезімін тәрбиелеумен қатар анализаторларын (көру, есту, түйсіну, сезіну, иіс, дәм) дамытуға мәнді ықпал етеді.
Қазіргі психология ғылымы еңбек әрекетінде бала ағзасы дамуының ішкі механизмін аша келіп, баланың денесі мен психологиясының дамуындағы бірлікті негіздейді. Бұлшықет қимылының бала денесі мен ақыл-ойының дамуына, тынысы мен жүрек жұмысы ықпал ететіндігі дәлелденген. Мектепке дейінгі балалардың еңбек қызметін ұйымдастыруда адамгершілік тәрбиесі міндеттерін шешуге зор көңіл бөлінеді. Психология балаларға олардың орындап жаткан ісінің коллектив үшін маңызды екенін ұғындырады, өз жұмысын уақтылы атқарып шығуға, маңайындағыларға қамқорлық жасауға ұмтылатын етіп тәрбиелейді .

Мектепке дейінгі жастағы баланы еңбекке тәрбиелеу - бүгінгі заманның басты талабы. Еңбек негізгі және оның тәлім - тәрбиелік маңызы туралы құнды ой - пікірлер туралы қазақ даласындағы ұлы ғұламалар әл- Фараби, Махмұд Қашқари, Жүсіп Баласағұни, Қ. А. Ясауи және т. б ағартушылар Ы. Алтынсариннің, Ш. Уәлихановтың, А. Құнанбаевтың, қазақ зиялылары Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев т. б болашақ ұрпақты адалдық, парасаттылық, шыншылдық сынды қасиеттерге тәрбиелеудегі халық даналығын жоғары бағалағандығы және соған талпынғаны да аңғарылады.

Мектеп жасына дейінгі балаларға тәрбие беру мәселесін зерттеуде Ш. Амонашвилидің ауқымды үлесін және тұлғаны тәрбиелеу мен оның психологиялық жағы Л. М. Божович, Л. С. Выготский, С. Т. Шацкий, С. Л. Рубинштейн, А. С. Макеренко, В. А. Сухомлинский, Л. И. Рувинский, Ю. Азаров және т. б ғалымдардың еңбектерінде баяндалған. [15]

Мектепке дейінгі жастағы баланың еңбек тәрбиесі туралы көлемді зерттеу жұмыстарын жүргізіп, өздерінің зерттеулерінде ізгілік қасиеттердің, қарым - қатынастардың қалыптасуы мен дамуы, олардың заңдылықтары мен қалыптасу әдістерін қарастыру психология - ғалымдардың назарынан тыс қалмады. Балалардың еңбек тәрбиесі мәселесіне қатысты А. А. Бейсенбаева балабақша өмірінде балабақша кеңесін ізгілендіру іс - әрекеттері, М. Таубалдиева дүниетану арқылы балалардың еңбек тәрбиесін қалыптастыру, өзін- өзі тәрбиелеудің педогикалық шарттары бағытындағы ғылыми - зерттеуде рухани - мәдени дамуымыздағы тәлім - тәрбиенің мәні ғылыми тұрғыда қарастырылған.

2. 1 Мектепке дейінгі жастағы баланың еңбек тәрбиесінің маңызы мен міндеттері, түрлері .

1 . Тарихты білмей тұрып қазіргінің қадіріне жету, болашақты болжау қиын дейтін ғылымның өз қағидасы бар. Ол - өмірлік өсиет, ұлағатты сөз. Бұл тарих тағылымының тәрбиелік үлгісі, еңбек етудің алғы шарты болса керек. Өміріміздің даму барысын дұрыс түсініп оның ішінде ғылымның, тәрбиенің, бүгіні мен ертеңін танып, бағдарлап отыруда тәрбие мен еңбек бөлінбестей берік, маңызды да мәнді рөл атқарады. Расында, адамзаттың жинақталған материалдық байлықтары қандай ұшан-теңіз болса, оның рухани байлығының қоры да сондай көп. Еңбек тәрбиесінің теориясын жасауда басты рөл атқарған К. Д. Ушинский болды. Ол өзінің еңбегінде адамның жан-жақты дамуы үшін еңбектің маңызының зор екендігін көрсетті. К. Д. Ушинский өзінің "Еңбектің психологиялық және тәрбиелік мәні" деген мақаласында еңбек тәрбиесінің мәнін арнайы қарастырады: Ал "Балалар әлемі", "Ана тілі" оқулықтарында осы тәрбие жөнінен балаларға арнап сан алуан материалдар жазды. [21]
К. Д . Ушинский талаптарының ең бастыларының бірі - еңбек-сүйгіштікке, еңбек ете білуге және еңбекке ынталы болуға тәрбиелеу. Кімде-кім пайдалы еңбекпен айналысса, сол адам қоғамның лайықты азаматы бола алады деп білді . Ушинский баланың санасына сәби кезінен-ақ, еңбек етудің қажеттілігі мен маңыздылығын ұялатуды, пайдалы іс істеуге тырысушылыққа және қандай істе болса да шын ниетпен және ұқыпты орындауға тәрбиелеуді ұсынды.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың тәрбиесінің ең басты да, негізгі міндеттерінің бірі -жасөспірімдерді қоғамдық пайдалы, ауыл шаруашылығының жетістіктерін жете түсіну және оған өздері тікелей араласу, өндірісті білу, онымен жұмыс істеу тәжірибесін бойына сіңіріп отыру дейді. Сондай-ақ, ол "Балалар жұмыс істейтін бағы, бақшасы, аз да болса жері жоқ мектеп шын мәніндегі мектеп бола алмақ емес", - деп атап көрсетті. Сонымен бірге Ушинский ой еңбегі мен дене еңбегінің алмасып отыруына да ерекше мән бер-ді. "Ой еңбегінен кейін дене еңбегімен айналысу жанға жайлы ғана емес, ол өте пайдалы тынығу" - деп есептеді.
Қазақ ағартушыларының бірі Ы. Алтынсарин психологиялық тақырыптағы өлеңдері мен әңгімелерінде, аудармаларында өнімді еңбек - еңбек тәрбиесінің құралы деп тұжырым жасады.
Абай нағыз пайдалы еңбек деп әр түрлі қолөнерді, егіншілікті және білім алуды, оқуды есептеді. Ақыл-білім алу күрделі еңбек арқылы келеді деп философиялық тұжырым жасады.
Ол жастарды ең алдымен отбасында, мектепте және әдебиет арқылы тәрбиелеуді маңызды рөлін ерекше бағалады.
2. Еңбектің бейнеті мен зейнетін басынан өткізген халқымыз баланы еңбекке тәрбиелеуді отбасынан бастаған. Ер бала мен қыз бала тәрбиесін бөлісіп алған.
Еңбекті дәріптеп жастарға еңбек адамын үлгі-өнеге ретінде ұсыну "Аяз би" ертегісіндегі Аяз би "Кер құла атты Кендебайдағы" Кендебай, т. б. бейнелері арқылы беріліп отырған.
Қазақ халқы жастарды еңбекке баулығанда күнделікті кәсібіне, тұрмыс тіршілігіне байланысты төрт түлік малды бағып-қағуды, аң аулап кәсіп етуді ойластырған.
Халқымыз еңбек пен өнерді егіз санаған. Жүн иіріп, өрнек тоқу, киіз басып, үй жабу, ою ойып, сырмақ, түс киіз өрнектеу, тері илеп, бас киім тігу қыздар, әйелдер үшін ерекше өнер санаған.
Ал тері, ағаш, темірмен байланысты кәсіптерді ер адамдар атқарған. Аяқ киім (етік, мөсі, кебіс, шоқай, шәркей тігетін етікшілік, қайыстан жүген тартып, өмілдірік, қүйысқан, қамшы, шідер секілді әбзел істейтін өрімшілік үлкен өнер болып есептелген.
Ағаштан - ашамай, арба, шанажасайтын балташыларды темірден - құрал-сайман еңбек құралдарын немесе әшекей зергерлік бұйымдар жасаушы ұсталарды халық жоғары бағалаған.
Халық психологиялық орын алған еңбек және еңбекке тәрбиелеу қазіргі психология теориясы принциптерімен ұштасып жатыр. Еркін еңбек барысында өзінің және бүкіл қоғам мүшелерінің қажеттілігін қанағаттандыру үшін адам материалдық және рухани құндылық жасайды. Шығармашылық еңбек барысында адам өз күшінің шамасын және қабілетін анықтайды. Қоғамның басты талаптарының бірі - әр азаматтың өмірде өз орнында толық күш-жігерін жұмсап, қоғамдағы байлықты еселей түсуге еңбек үлесін қосуы, еңбекке адал, саналы қатынасу болып табылады.
3. Мектепке дейінгі жастағы балаларды еңбекке тәрбиелеу - тәрбиенің жалпы жүйесінің құрамды бөлігі. Еңбекке тәрбиелеу, баулу және кәсіптік бағдар, мектепке дейінгі жастағы балалардың қоғамдық пайдалы өнімді еңбекке тікелей қатысуы оқуға деген саналы көзқарасты тәрбиелеудің, азамат болып өсудің жеке адамды адамгершілік және зиялылық жағынан қалыптастырудық негізгі көзі болып табылады, осымен қатар мұны еңбек тәрбиесінің мақсаты деп түсінуіміз қажет.

Еңбек тәрбиесі - жасөспірімдерді еңбекқорлыққа, еңбекті құрметтеуге, еңбек мәдениетін үйренуге бейімдеп, олардың еңбек ету шеберлігі мен дағдысын қалыптастыруға бағытталған тәрбиенің бір саласы.
Еңбек тәрбиесінің негізгі мақсаты - жас жеткіншектерге еңбек туралы тәрбие беру және жеке адамды жан-жақты дамыту.
Еңбек тәрбиесінің мақсаты еңбекке даярлау ғана емес, сонымен қатар жас жеткіншектерді біліммен, іскерлікпен және дағдымен мен қаруландыру қабілеттілігін дамыту, мамандық таңдауға көмек беру болып табылады.
Осы сияқты шарттарды, талаптарды еңбек процесінде ұтымды пайдалану мұғалімнен іскерлік пен педагогикалық шеберлікті талап етеді. Еңбек тәрбиесі - қашан да ең маңызды қоғамдық міндеттердің бірі болып табылады. Сондықтан жас жеткіншектің жан-жақты өсіп дамуы үшін бірден-бір қажетті нәрсе - еңбек екендігін айқын аңғарамыз.

А. С. Макаренко «Балаларды еңбекке қай жастан тәрбиелеу керек?» деген сұраққа «мүмкіндігінше ертерек бастау керек» деп көрсетті. Ал баланы еңбекке тәрбиелеудің бастапқы ұясы - отбасы, сосын балабақша. Бұл ретте ата-ананың, балабақша тәрбиешілерінің орны бірінші кезекке қойылады. Бала кез келген сәтте үйдегі адамдарға, алдындағы тәрбиешісіне еліктейтін болғандықтан, олар өздерінің бала алдындағы іс-әрекет, қимылдарына ерекше мән беруі керек. Балалар сол үлкендерден көргенін жасауға талпынады. «Өзім киемін», «өзім істеймін» сияқты дамылсыз әрекеттеріне мүмкіндік беріп, қолдап отырған дұрыс. Өйткені, дәл осының өзі еңбек нышанының алғашқы бастамасы. [32] Тәрбиешінің айқын ұстанымының бірі - балаға белсенді және өзіндік тәжірибені жинақтау үшін және белгілі бір еңбек дағдыларын жетілдіруге көмектесу (баланың жас ерекшелігіне сай) . Баланың еңбек тәрбиесін ұйымдастыруда басты бағыт болып ойын қала береді, ол мектеп жасына дейінгі баланың логикалық өзіндік дамуына әсер етеді. Психологиялық іс-әрекеттерде ойын тәсілдерін қолдану барысында өзіндік қызығушылық пайда болатыны бізге мәлім. Ойын барысында бала мен тәрбиеші арасында қызығушылықтары түйіседі. Баланың өзіндік дамуында міне, сондықтан да ойын арқылы оқыту тиімді болып табылады. Бала мен тәрбиеші арасындағы қатынас формасы қызметтестік болып табылады. Бағдарлама бала тәрбиесінде еңбекті ойлау құралы ретінде қарастырады, себебі еңбек тәрбиесі баланың ойлауына, зейініне, тапқырлығына, шығармашылық қиялына, өз жұмысын жоспарлауына септігін тигізеді. Тәрбиеші ойын арқылы балада еңбек тәрбиесінің сұрақтарын қарастыруға, қоршаған ортадағы сұлулықты көруге, адам қолымен жасалып шыққан туындыларды байқап, бағалауға және кемшіліктерін жойып ұмтылуға үйретеді.

Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбегі туралы айтатын болсақ, күнделікті өмірде кездесетін көзге көріне бермейтін, өзіміз мән бермейтін қарапайым еңбек түрлері өте көп.

2 - 3 жастағы баланың өздігінен тамағын ішіп-жеуі, ойыншығын, киімін жинауының өзі олар үшін үлкен еңбек. Баланың өз-өзіне қызмет қыла білуінің өзі еңбекке жатады.

Еңбекке баулу арқылы баланың есте сақтау, көру, сезіну қабілеттері арта түседі. Мысалы: шұлығын, қолғабын, бас киімін, көйлегін киетін кезде оны қай жерге киетінін, ойлау, көру, есте сақтау қабілеттері арқылы жасалады.

Баланың әр жасаған еңбегін, қылығын мақтап отыру қажет. Мысалы: Ой, жарайсың, бәрекелді, өте жақсы, керемет деген сөздер баланы еңбек етуге деген қызығушылығын оятады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ ЕҢБЕК ТӘРБИЕСІ ЕҢБЕК ТӘРБИЕСІНІҢ НЕГІЗДЕРІ
Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеудің әдістемесі
Мектеп оқушыларының жеке басының азаматтығын қалыптастырудағы қоғамдық еңбек және кәсіптік бағдар берудің жолдары
Тәрбиенің жеке тұлғаға бағытталуы
Еңбек тәрбиесі арқылы мектеп оқушыларын шығармашылыққа баулу жолдары
Бала тәрбиесінің педагогикалық негіздері және еңбек тәрбиесінің зерттелуі
Еңбек тәрбиесі
Мемлекеттік балабақшада тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктерінің теориялық негіздерін анықтау және әдістемесін жасап, оның тиімділігін тәжірибелік эксперимент арқылы тексеру
Тәрбие жұмысының нәтижесін бағалау
Мектепте еңбекке тәрбиелеу - тәрбиенің жалпы жүйесінің құрамды бөлігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz